Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ . . .

І тарау

1. 1. Әлихан Бөкейханның саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі . . .

1. 2. Әлихан Бөкейхан және ұлт зиялыларының азаттық жолындағы күресі . . .

1. 3. Әлихан Бөкейханның саяси тақырыптарға арналған мақалалары . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Әлихан Бөкейханның саяси қайраткерлігінің қалыптасуы және жетілуі

Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының жетінші ауылында өмірге келген. Қазіргі әкімшілік-аймақтық бөлініс бойынша бұл елді мекен Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданы, «Қаратал» совхозына қарайды. Әлиханның әкесі - Нұрмұхамед, анасы - Бегімханым оқу-білімге жақын, парасатты адамдар болған. Әлиханның үлкен атасы - Бөкей, ол атақты көкжал Барақ сұлтанның ұлы. 1816 жылы бес мейрам - арғын Уәли билігін мойындамай, орта жүзде екінші хандық құрады. Хан етіп сексеннен асқан қарт бөкейді сайлайды. Бөкейдің тоғыз ұлының бірі - Батыр сұлтан. Батырдың ұлдары - Мырзатай мен рүстем. Мырзатайдан Нұрмұхамед туады. Бөкейден соң Қарқаралы дуанының билігі немересі Жамантайға ауысқан. Жамантай мен Рүстем Мырзатайлардың арасында әскер және ел билеу ісіне байланысты басараздық болып, соның нәтижесінде Рүстем мен Мырзатай Қаратау жаққа ығысқан. Бірақ олар көп ұзамай қайта оралып, Кенесары қозғалысына атсалысады.

Әлихан Бөкейханның қайраткер ретінде қалыптасуының екі рухани негіздерін бөліп айту артық емес. Біріншіден, Әлихан еркіндік пен теңдікті жоғары бағалаған ортада өсті. Оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің, ұлы Абайдың және басқа ақын, жыраулардың терең ойлы шығармаларының ықпалы болғандығы сөзсіз. Оның 1907жылы тұңғыш рет орыс оқырмандарын Абайдың творчествосымен таныстыруды көздеген материал жариялап, ал 1909 жылы ұлы ойшылдың шығармаларының Петерборда жарық көруіне мұрындық болып, өмірінің соңына дейін Қобыланды, Ерсайын, Қозы Көрпеш - Баян сұлу және басқа көптеген ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеп және насихаттап өтуін, әрине, кездейсоқ жағдай деп айту қиы.

Болашақ қайраткердің өмір жолының қалыптасуына орталық езгіге қарсы Кенесары бастаған жалпыұлттық көтеріліс (1837-1847) туралы ел арасындағы әңгіме, аңыздардың айтарлықтай ерекше әсері болғандығын аңғару қиын емес. Мұны біз Ә. Бөкейханның 1923 жылы Ташкентте жарық көрген кітапшасына алғы сөз орнына жазып, әкесіне арнаған екі шумақ өлеңінен де байқаймыз:

За годом год хромали годы,

Прошло их много с той поры.

Как вольный сын степной свободы,

Казнен батыр Кенесары.

Но дух его бунтарской воли,

Его борьбы кровавый след.

Был маяком киргизской воли,

До дней свободы, дней побед (1)

Екіншіден, ХХ ғасырдың басында озық ойлы Европа мәдениеті мен дәстүрінің ықпалынсыз Ә. Бөкейхан сияқты ірі қайраткерлердің қалыптасуы, әрине мүмкін емес-ті. Оның өмір жолын айқындауда, әсіресе, Ұлы Француз революциясының және орыс азаттық қозғалысы мен гуманистік әдебиетінің орны ерекше болды. 1917 жылдың жазында Уақытша үкіметтің комиссары қызметінде жүріп жазған мақаласында ол: «Бостандық, теңдік, туысқандық 18-ғасырдан бері жарыққа шыққан таза пікір. Мұны майданға салған Франция жұртының саяси ерлері. Осы үш түрдің бәрі біздің тарихтан, інжілден, будда оқуынан, Лев Николаевич Толстой философиясынан табылады. Көзі ашық талапты ер іздесе. Бұл үш ұранна бөлек адам баласының бақыт, махаббатына жол жоқ. Бұл жолдан шыға жайылған хайуандыққа қайтқан болады» - деп жазды (2) .

  1. К. Степняк. Материалы и истории Султана Кенесары Касымова. Под ред. проф. Поливанова и др-ра Досмухамедова Т. 1928, «Қазақ» газеті, 1917, № 234.
  2. «Қазақ» газеті, 1917, № 234.

ХІХ ғасырдың соңында Ресей империясында саясаттан тыс қалған түкпірді табу қиын болар еді. Ә. Бөкейхан сол өткен ғасырдың 80-жылдары империяның шығыстағы ірі саяси орталықтарының бірі Омбы қаласында техникалық училищеде оқыды. Бірақ оның шын мәніндегі үлкен саясаттың не екендігін түсінген кезі, әрине, Санкт-Петербургте орман техникалық институтында оқып жүрген жылдарына тұс келеді. Мұнда ол студенттік қызу айтыстарға қатынасып, ХХ ғ. Босағасынан аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды. Өз ойын да шыңдай түсті. Ә. Бөкейханның бұл жылдардағы рухани ізденістерінен хабардар автор: « . . . В бытность студентом лесного института примыкал к крайней левой. Во время разгара споров о марксизме очень энергично отстаивал тезисы экономического материализма» - деп жазды (1) .

Ә. Бөкейхан институтты бітірген бетте ішкі Ресейден қоныс аударушылар жағдайын зерттеу үшін ұйымдастырылған Полвцев экспедициясына қатынасу үшін 1895 жылдың жазында Омбыға келіп, экспедиция жұмысына рұқсат берілмеген соң сонда қалып қояды. Омбыдағы орман шаруашылығы училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасқан ол, тура осы мезгілде социалистік бағыттағы «Степной Край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласа бастайды.

«Степной Край» газетін бұл кезде шығарушы қызметкерлер негізінен түрлі бағыт ұстанған социалистер болды. Ол басқа Сібір газеттерінен де сонысымен айырмаланды. Ә. Бөкейхан Севастьянов, Соколов сияқты халықшылдармен, Беляков сияқты марксистпен бірге газеттің редакция алқасы құрамына енді. Оның осы кезеңдегі көзқарасынан жақсы хабардар ескі досы, проф. С. П. Швецов былай деп жазды: «Никакой «радикальной интеллигенций», как представителя особого направления, в составе «Степного Края», как думает Т. Виноградов, не было. А. Н. Букейхан, которого

  1. «Семипалатинский листок» газеті, 1906, 5 маусым.

Он относит именно сюда, представлял собою марксистское направление в газете и был, несомненно, наиболее ярким его выразителем. Я бы сказал даже единственно ярким. Не случайно было то обстоятельство, что Якубович-Мельшин и Гоц-Рафаилов, желая вплотную примкнуть к «Степному краю», нашли нужным предварительно вступить в переговоры и соглашения не с кем другим, а именно с ним. Со своими единомышленниками-народниками им не нужно было никаких предварительных переговоров, так-как и без переговоров, так-как и без переговоров все было ясно. Иное дело -представители другого, чуждого им течения социалистической мысли-марксизма: здесь нужна была ясность и полная договоренность в отношениях». (1)

1896 жылы үкімет орындарының шешімімен Ақмола, Семей және Торғай облыстарындағы жер жағдайын зерттеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедийия ұйымдастырылды. Ә. Бөкейхан экспедиция жұмысына қатысуға мүдделілік танытқандардың бірі болды. Оның ойы бойынша бұл жұмыс сол тарихи кезеңде қазақ жұрты үшін ең зәру мәселеге айналған - жер қатынастарын тереңірек түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Экспедиция алдына мынадай міндеттер қойылды: 1. Көшпелі шаруашылықтың жер пайдалану әдіс-тәсілдерінің заңдылықтарына көз жеткізу; 2. Қазақтарды ауылдық қауымға бөліп, оларды шаруашылық жүйе бойынша жіктеу; 3. Сол жеке шаруашылықтарға қажет төрт түлік малдың көлемін есептеп шығару; 4. Әр түліктің керекті жайылым мөлшерін яки жер нормасын анықтау; 5. Этникалық жағынан жағрапиялық ерекшелігі мен тарихи даму тұрғысынан зерттеу (2) .

Жұмыс мерзімі 1896 және 1903 жылдар аралығын қамтыған Щербина

  1. «Северная Азия» журналы, 1930, № 1-2, 110-б.
  2. «Северная Азия». «Общество изучения Урала, Сибири и Дальнего Востока» журналы, 1930, № 1-2, 112-113-б. б.

экспедициясы шын мәнінде қыруар шаруа бітіріп, аталған облыстарда он екі уездерден жиналған материалдардың негізінде 13 томнан тұрған ғылыми зерттеу еңбегін бастырып шығарды. Экспедиция жұмысына қатынасу барысында Ә. Бөкейхан қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқады.

ХХ ғасырдың басы, анығырақ айтқанда, 1905-1910 жылдары Ресейдің переселен саясатында, сол арқылы Оралдың шығыс бөлігін отарлау саясатында жаңа кезең болды. Оған мынадай фактілер арқылы көз жеткізу қиын емес. Егер 1864-1885 жылдар аралығында Оралдың шығыс жақ бетіне қоныс аударушылардың саны 300 000 адам болса, бұл сан 1885-1910 жылдары - 2, 5 миллионға өсті (1) .

ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығының орта тұсында империя көлемінде қоныстандыру ісі белгілі бір жүйеге түсті. 1904 жылы Петербургте Қоныс аудару және Жерге Орналастыру бас басқармасы құрылды. Келесі бір-екі жылдың ішінде бұл басқарманың мекемелері губерния, облыс және уезд деңгейінде барлық қазақ жерлерінде құрылды. Мемлекет тарапынан үлкен және нақты қолдау алған бұл мекемелердің құқықтық статусы да жоғары болды және олардың негізгі міндеті «артық» жерлерді анықтап, ол жерлерге ішкі Ресейден орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуына жағдай жасау еді.

Белгілі бір жүйеге түскен, ұлы державалық бірге отарлау саясатының басында патшаның өзі, Мемлекеттік Дума және өкімет орындары тұрды.

Сондай-ақ, бұл іс жақсы қаржыландырылды.

Міне, осындай жағдайда патша өкіметінің отарлау саясатымен күрес жүргізуге жеңіл-желпі іс емес-тін. Жалпы саяси деңгей төмен, оқыған азаматтары саусақпен санарлық қазақ қоғамы үшін бұл ауырдың ауыры «Вопросы колонизации», 1912, № 11, с. 36.

еді. Студенттік жылдары және омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде марксистік бағытта тұрған Ә. Бөкейханның саяси платформасының біртіндеп өзгеріске ұшырау себептерін, мейлінше, осы жағдайдан іздеу орынды болатын сияқты. Басқаша айтқанда, қазақ даласын ашықтан-ашық отарлау саясатына білек түрініп кіріскен патшалық жүйемен пәрменді күрес жүргізу үшін, әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді көздеген әрекеттер жасап, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы оппозицияда тұрған саяси күштердің қолдауына сүйену керек еді. Ал мұндай сипаттағы іске, біріншіден, жалпыұлттық мүддені түсінуге көтеріле алмаған қазақ жұртын таптық негізде бөлшектейтін, екіншіден, Ресей жағдайында ашық, ресми саяси күшке айналмаған марксистік партия бағытын ұстану тиімсіз болды.

Қалай болғанда да Ә. Бөкейханның көзқарасының Щербина экспедициясына қатысқанын кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейхан сияқты қазақ оқығандарының саяси көзқарасының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне тұңғыш орыс революциясы ерекше ықпал етті. Патшалық отарлау аппараты өзіне қызметке даярлаған түрлі мамандық иелері арасынан шыққан қазақ зиялылары елде жаңа сипат, жаңа өрлеу ала бастаған ұлттық қозғалысқа саналылық, ұйымдасқан сипат беру жолдарын қарастырды. Осы бағытта газет шығару, күреске шақыратын кітаптар бастырып тарату, көкейкесті қоғамдық саяси талаптар қойған петициялар ұйымдастыру сияқты бұрын қазақ тарихында болмаған саяси күрес құралдарын игере бастады. Сан жағынан аз, әлеуметтік саяси күресте жинаған тәжірибесі марымсыз ұлттық интелегеция үшін бұл жеңіл-желпі емес істерді көтеріп алып кету ойңаға түспегендігі анық. Осы тарихы кезеңде ол атқарған жұмыстар арасынан мыналарды бөліп айтуға болар еді. Олар: белгілі Қарқаралы петициясын ұйымдастыру және өлкеде Россиялық конституциялық демократиялық партияның жергілікті филиалын құру жолында жасалған әрекет. Сол тұста жалпы қазақ қоғамының саяси өмірінде жаңалық есебінде болған бұл рқиғалардың Ә. Бөкейхан қызметіне тікелей қатынасы болғандықтан, олардың тарихи және қоғамдық-әлеуметтік астарына қысқаша тоқталып өтейік. 1905жылы маусым айында Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясында қазақ қоғамының негізгі ұлттық мүддесі есебінде мынадай талаптар қойылды: діни сенімдерді атқаруда, оқу-ағарту жүйесін ұйымдастыруда жергілікті халықтың еркіне қайшы келетін шектеулерді жою; ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу; қазақ халқының мұң-мұқтажын талқылауға қажет құрал-цензурасыз газет шығаруға және баспахана ашуға рұқсат беру; жаппай қоныстану қарқынның күшейіп құнарлы жеррдің қоныстанушыларға өтуіне байланысты қазақтар орналасқан жерлерді олардың заңды меншігі екендігін мойындау; мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде де жүргізу, олардың жұмысында қостілділікті жолға қою, т. с. (1)

Қарқаралы петицичсы тарихи маңызы сапалы жаңа даму сатысына аяқ басқан қазақ азаттық қозғалысының ең негізгі талап-тілектерін тұңғыш рет тұжырымдап қалыпқа салып, патшалық биліктің алдына қойып, сол арқылы қазақ елінің өз еркіндігі үшін табиғи күрес жолына түскендігін ашық-анық білдіруіндееді. Бүкіл елдік наразылықтың қазақ қоғамына бұдан бұрын тән емес петиция түрінде көрінуіне түрткі болған тұңғыш Россиялық революцияда, ал оны жазған азаттық қоғалыстың басына келген жаңа әлеуметтік күш-ұлттық интеллигенция өкілдері еді. Деректік материалдардағы көрсетулерге қарағанда петиция авторларының қатарында Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов және басқа сол кезеңдегі белсенді қазақ интеллигенттері болған. Ол турасында М. Дулатов кейінірек «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп, ұлт пайдасын қолға ала бастады. Сол бостандық жылдарында Семей облысының оқыған басшылары көзге көрікті іс

Брайнин С. Шафирош. Очерки по истории Алаш-Орды. Алматы. Москва, 193-б., с. 94-96.

қылып, жұртқа көсемдікпен жол-жоба көрсеткені үшін алды абақтыға жабылып, арты айдалып, қалғандары сенімсіз болып қалды, - деп жазды (1) .

Жандарм орындары шамамен петиция авторы деген кісілерді сепираттық насихат, билікке қарсы әрекет жасау сияқты түрлі айыптармен қуғынға алып, абақтыға жапты. Бұдан былайғы кезеңде қазақ даласындағы патша жандармериясы басқа революциялық күштермен бірге қазақ демократиялық интеллигенциясын қуғынға ала бастады, сөйтіп қабырғасы қата қоймаған ұлттық демократиялық интеллигенция халық тарихындағы азаттық күрестің жаңа бетін ашты.

Саяси күрес жолына енді түсе бастаған ұлттық интеллигенцияның осы кезеңдегі саяси-әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде Ресейдің радикалдық-буржуазиялық партиясы - кадеттердің ұстанған бағытымен тоғысқандығы да шындық. Өзінің бастапқы саяси күрес кезеңінде самодержавиялық билікті ұтымды сынға алып, оған қарсы оппозицияда болған конституциялық-демократиялық партияның қазақстанда бөлімін ашуға ынта білдіргендер қатарында Ә. бөкейхан да болды. 1905 жылдың соңында басқа да қазақ интеллигенттерімен бірге Оралда бес облыстың делегаттық съезін өткізіп, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру шарасына қатынасады.

Ал келесі 1906 жылы маусым айында осындай жиылыс Семейде де болып өтті. Ол туралы жергілікті газет: «10 маусымда сағат 12-де Семейде қазақ сайлаушыларының бірінші съезі болып өтті. Оған 150-ден астам адам қатынасты . . . Әңгімені Ә. Н. Бөкейхан бастап, ол жиылысты «Народная свобода» партиясының программасымен таныстырып, отырғандар оған қосылу турасында қаулы қабылдады» деп жарыссөзде ол партия туралы Шәкәрім Құдайбердиев және басқалар сөйлегендігін келтірді (2) .

  1. «Қазақ» газеті, 1913, № 28.
  2. «Семипалатинский листок» газеті, 1906, 13 маусым.

Қазақ газеттерінің бағдарламасымен таныса отырып, оның жалпы ұлттық мәселелерді саяси мақсат ретінде күн тәртібіне қойғандығын байқаймыз. Партия бағдарламасы сол кезде Оралда Камиль Тухлатуллиннің басқаруымен шығып тұрған «Фикер» (Пікір) газетіне жарияланған. Онда қазақ жерін бүтіндей сол елдің меншігі етіп жариялайтын заң қабылдау, ішкі Ресейден көшіп келіп қоныстану толқынын тежеу, кедей жұмысшыларға еркіндік, теңдік беру, оларға пайдалы заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу, т. с. с. талап-тілектер айтылған. Бұл мақсаттардың сол кезде іске аса қоймағаны мәлім, дегенмен 1905 жылдың өзінде алдына осындай міндеттер қойған саяси партия нұсқасы пайда болуының өзі қазақ қоғамы үшін ілгері басумен тең еді. Біз қарап отырған мезгілде империя өмірінде үлкен саяси оқиға болған Мемлекеттік Думаның жұмыс жасай бастауы еді. Қазақ зиялылары алғашқы кезеңде Дума белгілі дәрежеде, қазақ елінің өзекті мәселелерін шешуге көмегін тигізеді деп түсінді. Ә. Бөкейхан І Мемлекеттік Думаға Семей облыстары қазақтары атынан депутат болып сайланды. Осы оқиғаға орай «Семипалатинский листок» газеті: «Редакция қазақ халқын нәтижелі сайлау қорытындысымен құттықтайды. Ә. Бөкейхан Мемлекеттік Думада ұлт мүддесін қорғай алатын, қазақтың жоғын жоқтап, тілегін жеткізетін бірден-бір адам екеніне халқы сенсе керек», - деп жазды.

Ә. Бөкейхан І Мемлекеттік Дума жұмысына қатынаса алмайды. Өйткені, ол Дума өз жұмысын бастаған кезде Омбы генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен соттың тергеуінсіз үш ай Павлодар абақтысында отырады. Ал абақтыдан шығып, Петербургке жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выбор қаласына жүріп кеткен еді. Ә. Бөкейхан да солардың артынан аттанып, Выбор үндеуіне қол қояды.

Сонымен, бірінші орыс революциясынан кейінгі кезеңде қазақ оқығандарының алғашқы ізденіс нәтижесінде жасаған тұжырымы - қазақ қоғамын орта ғасырлық мешеуліктен алып шығатын жол Ресей арқылы жеткен дамудың батыстық нұсқасы, басқаша айтқанда, буржуазиялық қатынастарға жол ашу еді. 1910 жылы жарық көрген мақаласында Ә. Бөкейхан ол туралы былай деп жазды: «Таяу болашақта да далада қырғыз арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай екі саяси партия құрылуы ықтимал. Олардың бірі ұлттық діни атанып, мақсаты қазақтарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі, батыстық бағытт . . . Алғашқысы үлгі ретінде мұсылман-татар партияларына алса, соңғысы орыс оппозициялық, мәселен «халық еркіндірі» партиясына алуы мүмкін» (1) .

Ә. Бөкейхан қазақ жұртын батыстың озық мәдениетінен үйренуге шақыруын бұдан кейінгі жылдарда да қойған емес. 1933 жылы марксизм институтының қазақ филиалында өткен дискуссияда сөйлеген сөзінді С. Асфеньдияров бұл мәселеге қатысты мынадай естелк айтқан болатын: « . . . Алаш орда лидерлерінің «батысшылдығы», «түрікшілдігі» жөнінде де басын ашатын нәрсе баршылық. Менің есімде 1912 жылдың күзінде Петербургтағы қазақтар өзбек студенттері арасында Балқан соғысына байланысты Түркияны қолдаған үлкен қозғалыс болды. Болгар студенттері бізбен жұдырықтасудың сәл алдында тұрды». Сол кездері болып тұрған бас қосулардың бірінде Бөкейханға «біз Түркияға барамыз», «нағыз ұлтжандылықтың белгісі осы болмақ» сияқты ойларымызды айттық. Ол Түркия құлағалы тұр, оған ешқандай да үміт артудың қажеті жоқ дегенді айтып, бізді батысқа бағыттады.

Әрине, бұл арада ешқандай талдаусыз жалпы Батысты меңзеумен шектелсек, ағаттық болар еді. Егер Бөкейханның «Қазақ» газетінде жарияланған публицистикалық мақалаларына зер салсақ, оның батыстың, Ресейдің демократиялық дәстүріне жақын болғандығын ажырату қиынға соқпайды. Осы басылымда В. Г. Короленконың алпыс жылдық мерейтойына байланысты қазақ оқушысына жолдаған ашық хатында Бөкейхан былай деп жазды: «Балқан соғысы алғаш басталғанда болгар патшасы бұл соғысты

Букейхан А. Киргизы - форма национального движения в совр. Гос-х (Под. Ред. А. Костелянского) 1910, 529.

Крест пен ай соғысы қылмақ болды, осы ант ұрған сөзді орыстың, балалардың талай газеті көтеріп алып кетіп, соғыс хайуандығын осылайша паналамақ болды. Сонда Короленко хат жазды, «Крест һәм жарты ай» деп. Бұл хаттың әдемілігі менің жаман қаламыма сыймайды . . . Қысқа сөз мынау: қай соғыс болса да хайуандық, крестпін деп түрік қаласын алғанын, қатын, бала, кемпір, шалды өлтіріп отырған жоқ па? Бұл хайуандық емес пе? Болгарға, түрікке қай патшаның қол астында болса бақытты болғаны керек. Соғысты қылып отырған жұртты бастап жүрген ант ұрғандардың не керегі бар? Түрік те, болгар да ағайын, дос болатын адам баласы емес пе?. . » (1) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханов ұлы тұлға
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
XX ғ. басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, ерекшелігі
ХХ ғасырдың ұлы жаршысы - Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық саяси көзқарасы
Әлихан Бөкейханұлының саяси көзқарастарының қалыптасу шарттары
Мұстафа Шоқай жайлы жалпы мағұлмат
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1870-1937)
Мұстафа Шоқай қоғамдық саяси қызметі. Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Мұстафа Шоқайдың Түркістан Автомиясын құрудағы қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz