О. НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
I.ТАРАУ
О.НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
1. Ақынның өмір жолы мен шығармаларының зерттелу тарихы ... ..4-17
2. Абай дәстүрі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...18-27
II. ТАРАУ
О.НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ
1. Туындыларының тақырыптық-идеялық мазмұны ... ... ... ... ... ... .28-
37
2. Шығармаларының көркемдік өрнектері
... .: ... ... ... ... ... ... ... . ... ..38-50
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
К і р і с п е
Әр дәуір өз заманының келелі мәселелерін алға тартып, олардың
шешімін өмір таразысынан өткізіп отырады. Тағдырдың соқпағымен, өмірдің
ағымымен айдалған адамдар XX ғасыр басында аз болған жоқ. Бұл ғасырда
ағартушы-демократ ақын, жазушылар өздерінің көтеріліс, төңкерістер
дәуіріндегі шығармаларында заман, сол замандағы әлеуметтік мәселелерді
қозғады. Жалпы елдегі демократтық қозғалыстар, күйзелістер, 1916 жылғы
көтеріліс қазақ халқының ұлт-азаттық саяси белсенділігін арттыруға
себепкер болды. Бұл үлкен өзгерістер жаңа ақын, жазушылардың әдебиет
әлемінің есігін ашуына да жағдай жасады.
“Ақын, жазушылар күрес-көтерілісті бастаған жеке ер азаматтардың
ісін, ерлігін, келбетін бейнеледі. Яғни, халықтың көрген қорлығын,
шеккен азабын, өмір тартысын шебер суреттей білген. Дегенмен де, XX
ғасыр басындағы қазақ әдебиеті – ұлы дәуірдің әдебиеті болып қалады”
[1.29].
Өткен тарихымызға үңілсек, әдебиетіміздің дамуы, өрлеуі, қанатын
жая бастаған кезі деген уақыттардың өзінде де саясаттан соққы көріп
отырғанын енді-енді аңғарып, түсініп келе жатқан сияқтымыз. Бірақ қалай
болған күнде де, қоғамның құлына айналмай, өз жүрегінің үніне ерген
“елім, жерім, халқым” деп өткен ұшқыр ойлы, от намысы жалындаған халық
жанашырлары аз болған жоқ. Әдебиет зерттеуші, филология ғылымының
докторы, профессор Х .Сүйіншәлиев былай деген: “Ел басына түскен
қиыншылықтарды, туған халқының қайғы-қасіретін жанашырлықпен шерлене
жырлап, оған батыл қарсылық білдірген талант иелерін өзі сүйген халқынан
айыру, оларға қара күйе жағып, теріс баға беру енді қайталанбасқа керек.
Ол үшін ақын, жазушылардың мұралары түбегейлі қайта зерттеліп, қазіргі
жариялық пен ақиқаттың талаптары тұрғысында танылуға тиіс. Ол үшін, ең
алдымен сол кездегі ақындар шығармалары түгел баспа бетін көруге абзал.
Оқушы жұртшылықтың жылдар бойы басына орныққан бұрынғы теріс
түсініктерді желпіп тастап, халық тілегін көксеп, жарғақ құлақтары
жастық көрмеген аты шулы ақындарға тиісті бағаны ел-жұрттың өзі берсе,
әбден орынды болмақты. Сонда барып, біраздан етек алып келген, солақай
сынның тамырына біржола балта шабылмақшы” [2.4].
Шынымен де елдің мұң-мұқтажына ыстық ықыласпен қарап, өмірдің
ауыртпалықтарына қарсы келген қаншама атақты тұлғалардың еңбектері жарық
көріп жатыр. Сол кездегі көріністер заман толқынынан, уақыт сынынан өтіп
бізге жетті. Тарихи әділдікті орнатуға үлесін қосқан, өмірдің сырын
жақсы білген, халықтың санасымен санасқен, ел тәуелсіздігі жолында
құрбан болған тарихтағы аяулы азаматтың бірі - О.Нұралыұлы.
XX ғасыр бас кезіндегі қазақ ақындарының саяси-әлуеметтік
көзқарастары мен өмірі, творчествосы жөнінде аз айтылып та, жазылып та
жүрген жоқ.
“Бұл ғасырдағы ақындар творчествосынан анық байқайтын бір нәрсе –
олардағы пікір-ой, көркемдік дәреженің әр түрлілігі, білім дәрежесі
жөнінен де бір еместігі” [3.8]. Әр ақын, жазушы саяси-әлуеметтік, әдеби-
мәдени жағдайларын өзіндік көзқарасымен, дүниетанымымен бағалайды.
Өткен ғасырдың басында жарық көрген қазақ қаламгерлерінің
туындыларының көбі поэзия еді. О.Нұралыұлының ақындық қуатын шыңдатқан,
қанатын биікке қақтырған, халықтың жүрегінен орын алған ол – поэзия
тілі.
Ұлы ғалым, жазушы М.Әуезов ақындардың тұлғасы жайлы былай деген :
“Ер – ел тарихының белі дейміз. Ол өзі тірісінде бір танылады. Өзі өткен
соң, кейінгі ұрпақ қадірін біліп, қасиетін таныған сайын тағы танылады.
Әсіресе, молайып, ұлғайып барған сайын бар жаңалығы бадырая түсіп
танылады. Бір кезде бел көрінсе, келер ұрпақ тарихына: өз тұсында
көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен
бетімен енді бел ғана емес, биік тұрғы боп, асқар тау болып көрінеді...”
[4.203].
Міне, осындай қасиеттерді бойына дарыта алған Олжабай ақын. Өмір
жолын, оның туындыларын талдап зерттейтін мол деректер бар десек
қателесеміз. Бірақ өз ойларын, шынайы пікірлерін білдірген, білдіріп
жатқан зерделі адамдар, жас қауымның бой көрсеткені қуантады.
I ТАРАУ
О.НҰРАЛЫҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨМІРБАЯНЫ
1.1. Ақынның өмір жолы мен шығармаларының зерттелу тарихы
Мен
кеткенмен орынбасар ел келер,
Сені дағы иемденер
ер келер.
Сен керексіз қылсаңдағы, Қоржынкөл,
Мені
дағы жоқтайтұғын күн келер.
(О.Нұралыұлы)
Тарих деген ұлы жолға ой салсақ, адамзат баласы керемет кезеңдерді
бастан өткерген. Тарихтың қатпар-қатпарын парақтамай-ақ, арғысына емес,
бергісіне ғана көз жүгітсек көп халықтың ішінен қазақ елі тіл шырайлығы
жағынан болсын, өнер байлығы тұрғысынан болсын көп жұрттан басым
болғандығы даусыз. Әсірісе, тарихта тіл байлығымен сан қырлы шешендер,
ақын-жыраулар ерекше аталады.
Бір кезде Арқа еліне әйгілі Саққұлақ шешеннің немересі Нұралыұлы
Олжабай Ерейментаудағы Қоржын көлінің жағасындағы ежелден Қанжығалы
Бөгембай батыр, кейін оның немересі Бапан би ауылы деп аталатын елді –
мекенде 1881 жылы наурыздың 8 күні дүниеге келген.
Олжабай ақынның әкесі Нұралы – Саққұлақ бидің жеті ұлының аяулысы.
Нұралы жас күннен-ақ жұрттың көзіне түсіп, ел басқару ісіне ерте
араласқандардың бірегейі болған.
О.Нұралыұлы сегіз айлық кезінде әкесінен айырылады. Жетілмеген жас
сәби анасы Кәмиланың қолында жетім қалады. Сондықтан Олжабайды атасы
Саққұлақ бауырына алады. “Әңгіменің әрісі атадан басталады” деп халық
даналығы бекер айтпаған. Жастайынан атасының тәрбиесін көрген, айтқан
шешендік сөздеріне, нақылдарына, толғауларына құлақ салып бойына
сіңірген
Олжабай жасынан ойлы, тілді болып өскен.
О.Нұралыұлы он алтыдан асқан шамасында поэзия деп аталатын ғажайып
әлемнің есігін ашады. Ақынымыз тырнақалды туындыларынан-ақ оның сөз
қадірін ерекше бағалайтын жан екенін байқаймыз.
Олжабай текті тұяқтан тараған ұрпақ. Ақын“Ата-баба” атты өлеңінде
:
Бөкеңнің Тұраналы – бел баласы,
Би Бапан одан туған – ел данасы.
Бапаннан Саққұлақтай атам туып,
Қазақтың атын білмес қай баласы ?
Сағекеңнен Нұралыдай әкем туды,
Ол дағы ата-баба жолын қуды...
[5.77], -
деп жырлайды да ата-бабаларының жолын ұстанып, қасиетті жақтарын бойына
сіңдіре білген.
Бапан би Қанжығалы қарт Бөгенбай батырдың Тұраналы атты баласынан
туған болатын. Би XVIII ғасырдың алпысыншы жылдары мен XIX ғасырдың
елуінші жылдары аралығында өмір сүрген. Өз тұсында Қанжығалы руының бас
биі болған. Бапан би терең ойлы, зерделі, әділ билердің бірі ретінде
тарихта белгілі. Оның осы қасиетін қыпшақ Байсерке абыз :
Шығарайын кесектеп,
Ішімдегі қапамды.
Салмақтадым тұсымда,
Өр таптан шыққан адамды.
Оқшау жаралған адам ғой,
Ішіме қарай тартайын,
Қанжығалы Бапанды [6.146], -
деп бағалаған болатын.
Шынымен де би – халықтың көмейіндегісін айтқан, жарыққа шығарған
әділет жоқшысы. Бапан би сияқты билердің сөздері ұрпақтан-ұрпаққа
таралып келе жатқаны бәрімізге белгілі. А.Байтұрсынов пікірімен айтқанда
“Әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатын жақсы
дәрі еді” [6.4].
Бапан бидің баласы Саққұлақ шешен, шын аты Сәбелең бұрынғы Ақмола
уезі, қазіргі Ақмола облысы Ерейментау деген жерде 1800 жылы дүниеге
келген. Қазақ халқының тарихында есімі мәлім Қанжығалы Бөгенбай
батырдың шөбересі.
Бірде Кемпірбай ақын Саққұлақ шешенге арнап айтқан өлеңінде былай
деген екен:
Ассалаумуғалейкум, боз арғымақ,
Қол бастап, ата жауға тартқан
садақ.
Бөгенбай, Тұраналы, әкең Бапан,
Ежелден ел қорғаған кәрі аруақ
[6.115].
Саққұлақ шешеннің ұрпағына аманат етіп қалдырған, үлкен тәлім-
тәрбие алатын бірқатар нақыл сөздерін, өсиеттерін қол жеткен
туындылардың бірі деп білеміз.
Саққұлақ баға жетпес киелі дүниесін ұрпақ санасына сіңіріп,
болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің
түп қазығы деп саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгінгі халқымыздың
рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
“Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды” деп, шындықтың туын
көтерген “от ауызды, орақ тілді” шешендерін халық қастерлей білген.
Осындай көптің сыйын алып, Ереймен жеріне, одан қала берді қазақ
даласына даңқты болған О.Нұралыұлының атасы Саққұлақ шешен екендігі
баршамызға аян.
Ақ сұңқар құстың баласы,
Ұяда алтау болмас па.
Ұяда алтау болғанмен,
Оның ішінде біреу-ақ алғыр болмас
па [7.15], -
демекші Олжабай ақын өз алғырлығымен ел-жұртына ерте әйгілі болды. Ел
қадіріне бөленген ақын:
Ел кетті деп екі елі орта түстің
бе,
Мен кетті деп маған еріп көштің бе ?
Сенің орның бір қурай деп, қол
семеп,
Мейірімсіз көл жүрегімді кестің
бе ? [5.76]
Ақынның кіндігінен тараған үш ұлы – Шайсұлтан, Қазыбек, Тұрлыбек
пен жалғыз қызы Гүлсім болды. Шайсұлтан (1904-1978) Ақмоладағы Кәрім
Сәтбаевтің меншікті мектебін бітірген. Әкесіне еліктеп аздап өлең
жазғаны да болған. Ал кіші ұлы Қазыбек көп оқыған, білімі терең, сонымен
қатар әкесі жайлы бірсыпыра деректерді қолтаңба ретінде халыққа ұсынған
болатын.
О.Нұралыұлы 1906 жылы 25 жасында әкесі Нұралы сияқты Қоржынкөл
болысының старшины болып сайланып, 10 жыл болыстық қызметте жүріп, ел
қамын жеген әділ басқарушысы болған.
1916 жыл қазақ жұртшылығына көп қиямет төндірген кезеңнің бірі.
Осы жылы саясат құрбанына тап болған талай зиялылар, қарапайым халық аз
азап шеккен жоқ. Ащы шындықты қазіргі ұрпаққа жеткізе, сездіре білген
ақиық ақындарымыз баршылық. “1916 жылғы төңкеріске байланысты бұқара ыза-
кегін шынайы бейнеленген ұлт-азаттық көтерілісі жайлы өлең, жырлар - XX
ғасыр басындағы поэзияның көлемді бір саласы” [3.21].
Аталмыш кезеңде өмір сүрген ақындар өмір, заман, дәуір туралы
тебіреніс, әлеуметтік тап теңсіздігі, үстем тап өкілдерінің озбырлығы
жайлы өз туыныларында шебер бейнелеген. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің
даму жолындағы сан-салалы идеялық-көркемдік ізденістер көрінісі. Олардың
ең бастысы, халық өмірін терең суреттеп, оның арман-мұратын жыр еткен
Абай, Ыбырай, Шоқандар творчествосы арқылы қалыптасқан ағартушылық-
демократтық, сыншыл-реалистік бағыт. “Қазақ халқының отаршылдық пен
феодалдық мешеулік жағдайндағы халі кейінгі ұрпақ жалғастырған
әдебиеттің де өзекті мәселесіне айналды” [8.41]. М.Жұмабаев,
С.Сейфуллин, Б.Майлин, Ә.Ақылбайұлы, Т.Ізтілеуов, Д.Тілегенұлы сияқты
жас таланттар осы тұста әдебиетке келіп, өздерінің алғашқы шығармаларын
жариялады, отаршылдық езгі астындағы халықтың жай-күйіне көз жіберді,
азаттық идеяларын жырлады.
Қазақтың революценер жазушы С.Сейфуллин төңкеріс жылдарына және
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға арнап “Тар жол, тайғақ кешу”
мемуарлық романын жазды.
Бұл еңбекте Олжабай ақынның есімі алғыш аталып, оның көзі
тірісінде жарыққа шыққан жалғыз кітабы еді. Сондықтан бұл шығарма
Олжабайтанудың бастамасы десе де болады.
Біз білеміз, аталмыш еңбекте О.Нұралыұлы болыстық қызметін
атқарған. 1916 – жылы ел басқару Олжабайға оңай тиген жоқ. С.Сейфуллин
өз романында ақын бейнесін жексұрын етіп көрсетті деуге болмайды. Сол
кездегі саяси-әлуеметтік жағдайға сай авторға “жамандап” жазуға тура
келді. Романның “Дауыл алдында” атты тарауында: “Бұл елдердің санағын
алып болып, Қанжығалы Қоржынкөл еліне келдік. Қоржынкөл Семей
губерниясының Павлодар уезімен шектес. Қанжығалы Қоржынкөл еліне июннің
ақырғы кезінде келдік. Елі болыстыққа таласқан екі партия. Бірі
партияның басы болыс, екінші партияның басы тағы да бір жуан, былқыл
мырза. Болыстар әмірін еліне қаттырақ жүргізіп, тізесін еліне қаттырақ
батырып, көпшілікті өзіне қарсы қылып алған екен” [9].
Автор осы жерде: “Болыстар әмірін еліне қаттырақ жүргізіп, тізесін
еліне қаттырақ батырып, көпшілікті өзіне қарсы қылып алған екен”,- деп
көрсетіп отырған болыстың бірі - Олжабай Нұралыұлы.
“Тарихтың не бір тар жол, тайғақ кешуін өткенде де қазақ халқы ән
мен күйін медеу етіп, жан жарасын жазып жібермесе де, жұбаныш етіп
келді”[10].
Осы жылы ол патша жарлығына наразы болып, өз еркімен болыстық қызметінен
кетеді. Бойына туа біткен дарынның жетегімен ақындық жолға түседі.
О.Нұралыұлының қаламынан аз туындылар туған жоқ. Алайда
ақынның қаламынан туған бірсыпыра туындылары баспа беттеріне шыға қойған
жоқ. Оның ауыздан-ауызға таралған еңбектері ғана қазіргі ұрпаққа жетіп
отыр.
Қайраткер ақын өзі өмір сүрген кезеңдегі ауыр қоғамдық
құбылыстарға ықпал етуге ұмтылды. Өз толғауларында халық тарихы мен
тұрмыс-тіршілігін сәтті жырлайды. Қазақтың өткен-кеткенін терең біліп,
өз бетімен оқып ізденген жан-жақты білімі бар арқалы ақын болған.
Мәселен, “Өмір туралы” өлеңінде:
Сонау өткен өмірді өлшеуге алсақ,
Әділ ақын ісіне зейін салсақ .
Басыңа нелер келіп, нелер кетпес,
Рахат, бейнет жарасып күн өткен
шақ .
Шырылдап сен анадан туғаныңда-ақ.
Өзіңмен егіз туар сор менен бақ.
Басың доп сор мен бақтың арасында,
Екеуі кезек ұрып қылар мазақ.
Сол мазақтан құтылған пенде аз-ақ
,
Бұлдыр сағым қуғызған өмір азап.
Мен білмедім, сен де біле
алмассың,
Алдыңа өмір татар қандай табақ
[5.85].
Мұнда ақын адам өмірінің өмірлік бейнесін суреттейді. Өмірдің қыр-
сырын, ауыр тауқыметін, асыл рахатын, әрқашан көлеңкең болып “соры” мен
“бағың” жүреді дейді. Бұл - өмір заңдылығы.
Ақиық ақынның алғашқы шығармалар жинағы 1995 жылы Алматыдағы
“Шартарап” баспасынан жарық көрді. Бұл жинақтың ішінде көптеген өлең-
толғауларын, балладаларын, аудармаларын, поэмаларын сонымен қатар,
ақынға арналған арнауларды кездестіре аламыз. Жинақты бұқара халыққа
ұсынған ақынның баласы соғыс және еңбек ардагері, ҚазҚСР халық ағарту
ісінің озық қызметкері Қазыбек Олжабайұлы Нұралытегі.
О.Нұралыұлы 1928 жылы кәмпескеге ұшырап, соттың үкімінсіз үш жылға
азаматтық құқығынан айырылып, отбасымен бірге Үйшікке жер аударылады.
Мұндай өзгеріс өзіне де, жанұясына да ауыр тиеді. Сонда ақын “Елім-ай ”
өлеңі арқылы туған жеріне деген қимастығын білдіреді. Онда:
Басқа ауыр ылаң келді, елім-ай!
Сайрандаған жұмақ мысал жерім-ай
Сені тастап, жат боламын кетемін,
Қош -қош, елім, қош-қош, Арқа
белім-ай! [5.74]
Үкіметтің белгілеген жеріне жету үшін ақынның екі жылдай уақыты
өтеді. 1930 жылдың жазын Борсыққұм деген жерінде өткізіп, Үйшікке
шығады. Ауыр да ұзақ жолында Олжабай ақынның 85 жасқа келген анасы
дүниеден өтеді. Одан бұрын 5 жасар ұлы Тұрлыбегінен және 3 жасар қызы
Гүлсімінен айырылған болатын [11.1].
Анасының дүние салуы ақынға қатты батады. Кейін ол “Анама” атты
өлеңінде.
Ана – жаным, сенің орның өзгеше,
Қолға түспес қымбатымсың іздесе.
Сенен қымбат ешбір адам жоқ
маған,
Гауһарымсың жүрегімде сақтаған.
Уа! Дүние, өтерсің де кетерсің,
Ақ тілегің бірге кірер көріме! [5.45], -
деп жан сезімімен жырлаған. Бұл өлеңде анасына деген ықыласын, балалық
парызын, жүректен шыққан жылы лебізін, сонымен қатар өз өмірінің қилы
кезеңдерін көрсетеді.
Туған жерінен қол үзген Олжабай мен Барлыбайдың әулеті 1930 жыл
дың күзінде Үйшік қаласына жетеді. Күн көріп бала-шағаларын асырау
үшін ақын балықшылықты кәсіп етіп, балық аулап күн кешеді.
1932 жылы Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінен арнайы қағаз
келіп, О.Нұралыұлының ісі кешіріліп, Омбы облысының қалаған жеріне көшіп
баруына рұқсат берілді [12].
Ақынның айдауда жүргенде көптеген өлең-толғаулары дүниеге келді.
Мысалы , “Елім-ай”(екі түрі), “Сағындым”, “Елге сәлем” тағы басқа. Сол
қиямет қайым күндерді ақын өзінің 1932 жылы Омбы облысының Шоқпыт
ауылында жазған үш бөлімнен тұратын “Аштық зары” дастанында халық зарын
суреттейді. Онда :
Үзіліп – талып жүрегім,
Іші – даурым өртеніп.
Тамақ болып жерігім,
Көз жаудырап тіленіп.
Құрыды енді амалым.
Тірліктен тұрмын безініп,
Көзге елестеп ажалым.
Бол – болдап тұр кіжініп,
Асықпа ажал барамын.
Тоймадың ба қазаққа?
Ашылды биыл араның,
Халыққа түскен азапқа,
Қазақтан басқа қай жұртты,
Тоятың қанып жарыдың? [12]
Туған топырағын аңсап оралған ақынның қуанышы ұзаққа бармайды.
Өйткені ол онда қазақ халқының басынан қисапсыз қайғы-қасірет әкелген
“ақтабан шұбырындыдан” кейінгі қаралы кезеңі – аштық жылын басынан
кешірген еді. Өмірдің алуан-алуан зардаптарын шегіп, онымен күресіп,
тек алға ұмтылуды көздеген. Демек, мұндай қайраттылықты жер аударылып
жүрген кезінде байқай аламыз.
Қиналған жерден қисынын тауып шығатын, ақиықтай алғырлығы, жұртты
өзіне үйіріп алатын шешендігі мен ақындық дарыны көмескі түскен көңіліне
демеу беріп, жер аударылып барған елдің білікті адамдарымен тіл тауып,
жүруіне септігін тигізген. Сонда ақын:
Өлгенім жоқ кіші жүздей елдемін,
Ойыл, Үйшік деген жердемін.
Құрметінде, есікте емес төрдемін,
Кәмпескеден тәнім аман бауырым !
[11.3], -
деген жыр шумақтарына көңіл бөлгенде, ақынның қандай адам болғанын
аңғарамыз. Тұрмыстың қатты тепкісін көрсе де, ақын қайсарлығынан
қайтпай, сол кездің өзінде-ақ қазақ халқының қырылғанын ашына айтып
кеткен.
О.Нұралыұлының еліне, жеріне, халқына деген сүйіспеншілігі
өлшеусіз. Туындыларының мұраты тек халық, туған жер, заманның өтпелі
тарихы жайлы екендігі белгілі. “Жатпайды алтын пышақ қын ішінде, шықтың
ба қынды жарып жарқыным-ай” деп Шернияз жырлағандай, ақын сырлы да,
мұңды өлеңдері барлық “қыл көпірден” құламай өтіп ақжүзін айқара ашып,
қазіргі ұрпағына жетіп отыр.
Торға түссе қайрылар,
Сұңқардың ұшқыр қиясы.
Бұлбұл құста сайрамас,
Бұзылса бақтан ұясы,-
деп ақынның өзі ойлы тұжырым жасағандай, көп жылдар қапастан шыға
алмаған өлең, дастандарына жарық дүниеге жаңа көріне бастағанда
жанашырлық жасап, сағынып жырға қосқан қазақтың бір топ шоғыр жұлдыздары
Ш.Құдайбербиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж..Аймауытов, М.Дулатов сынды
замандастарының қатарынан орын алуына, өз биігінен жарқырай көруіне
атсалысу баршамыздың парызымыз.
О.Нұралыұлы мен аталмыш замандас ақындарының шығармаларын өз
ішінен салыстырып қарасақ XX ғасыр басындағы тарихи әл-ахуалды шынайы
суреттеген. Негізгі туындылары заман, халық, дүние-тірлік туралы,
халықтың тұрмыстық, әлеуметтік хал-жайы, мұң тілегі туралы. Мәселен,
М.Жұмабаевтың “Алдамшы өмір” өлеңінде:
Алдамшы өмір ылғи ғана у беред,
Өмір шіркін шамдай ақырын сөнеді.
Қара қайғы қалыңдады тым бүгін,
Мөлт-мөлт етіп көзіме жас келеді
[13.104],
десе, Олжабай да өзінің “Алдамшы өмір” туындысында былай деген:
Алдамшы өмір, сұм дүние-ай!
Бір кезде бердің бағыңды!
Бай ғып бердің малыңды,
Адам ғып бердің жанымды [5.64].
Мағжан мен Олжабай ақындардың бұл шығармалары өз ара мәндес болып
келген. Қоғамның кей жағын сынап – мінейді, жақсыны, жаманды дәріптейді.
О.Нұралыұлы 1935 жылы көкек айының 25-і күні жүрек ауруынан қайтыс
болады. Ақынның соңғы деміне дұға айтуға туған елінен көз тірісіндегі
айнымас досы Ахметжар Құлмырзаұлы жетеді. Қайғылы хабарды естіген ақын
достары оған өздерінің күйінішін көңілдерінен туған өлеңдері арқылы
арнайды.
Марқұмның қабір басына келген Сәкен – халфе дұғамен бірге ақынның
басына тас орнатып, досымен мәңгілікке қош айтысқанын, қимас көңілін
білдіруін оның мына өлең жолдарынан байқай аламыз :
Міне қалдың Қызылжар қалсында,
Тапсырдым бір тәңірдің панасына.
Дін жолында арқама таяныш ең,
Достықпен ақыретке барасың да.
Жүрегім сүйіп еді хақтық жолды,
Соңғы өмірің хақ жолында анық
болды.
Гүл едің бақшасында гүлің өскен,
Қуарып мәуелігің міне солды
[5.211],-
деп ішіндегі наз мұңын, қимас достық шағын жырлайды.
О.Нұралыұлының “шығармалар жинағында” Ш.Әубәкір, М.Жабаев
(хаттары), А.Әлжановтың “Олжабай ақынның өлгенін естігенде”, “Олжабай
ақынды еске алу”, М.Құлымбетұлы “Мың шүкір...”, сынды ақынға арналған
арнауларын, аудармаларын кездестіре аламыз.
“Исскуству перевода отдают свои силы наиболее талантливые писатели
и поэты” – деп орыстың ұлы жазушысы В.Г.Белинский айтпақшы, аударма
табиғатын, заңын, қыры мен сырын ұғып,жіті тани білген адам ғана оның өз
сырын аша алады” [14.95]. Әрбір қаламгердің шығармашылық тәжірбиесінен
аудармашылық жұмыс үлкен орын алады.Өйткені, аударма ісі аса
талғампаздықты, білімділікті талап ететіні де айдан анық. Осындай үлкен
талап тілекті бойына сіңіре отырып өзінің ақындық өнерін жетілдіріп,
шеберлігін шыңдай түскен ақын - О.Нұралыұлы.
Аудармалар қатарына “Қояндаркеңесі”, Л.Толстойдан “Солон сөзі”,
“Алтын”, В.А.Жуковскийден “Туған жер”, С.Я.Надсоннан “Тұқымы бірге ағаш”
және “Ақын зары”, “Хазірет Ғалидің сөзі” (арабшадан).
Л.Толстойдың “Солон сөзін” Олжабай ақын сәтті аудармасының бірі.
Орыстың ұлы жазушысыөз туындыларында, әсіресе, аталмыш еңбегінде өмірде
адам басынан өтетін әр түрлі жағдайларды сипаттайды. Сонда ақын:
Бақ-бақсызын келешек тағдыр
шешер,
Өмір – жауыз, кім біледі жүк
аумасын?
Тағдырдың мазағында адам басы,
Бір-ақ қадам бақ пен сор екі
арасы [5.147],-
деген екен.
О.Нұралыұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелу тарихына көз
жүгіртсек, қазіргі таңда көпшілік қауым ақынның туындыларын кең көлемде
біледі деп айта алмаймыз. Біздің ойымызша, Олжабай ақын даңқы
көтерілген, атағы шыққан, туындылары өз өңіріне танылған, мектеп және
жоғарғы оқу орындарының оқулық бағдарламасына енген ақындарымыздың
қатарына әбден қосуға болады деп ойлаймыз. Өйткені ақынның туындылары
тарихи шындыққа толы, ұрпаққа берер тағлым өнегесі кең, сыртқы формасы
жағынан жұм-жұмыр, тақырыбы мен идеясы тұрғысынан терең және мазмұнды.
Зерттеу жұмысымызда біз ақынның өмірі мен ақындық жолына шолу
жасап, баға жетпес қазынасын ғылыми тұрғыдан талдауды, оны зерттеуді
мақсат етіп отырмыз. Негізгі көздеген мақсатымыз Олжабай ақынның әдеби
мұрасына әділ баға беретін көпшілікке таныту.
Ақын шығармаларын араб әрпінде аққа түсіріп, жинастырған
Шайсұлтан Олжабайұлы. Ал, алғашқы жинағын Қазақстан Республикасы Ұлтық
ғылым академиясының Қолжазба қорына тапсырған және жоғарыда атап
кеткеніміздей халық алдына ұсынып, баспаға дайындаған Қазыбек
Олжабайұлы болды.
Аталмыш жинақта көп жылдар бойындағы ойлары мен толғаныстарының,
ізгі жаны тебіренуінің аса бір қымбатты нәтижесіндей еңбектері енді.
Олжабай ақынның алғашқы жинағына 82 өлеңі, 7 аудармасы, 9 арнауы, 19
толғауы мен дастандары топтастырылған. Жалпы ақын туындыларын екі үлкен
кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңдегі өлеңдеріне туған
жерінде жазған шығармалары жатады. Ал екінші кезеңге 1928-1935 жылдар
аралығындаға жазған өлеңдерін енгізуге болады.
Қазір баспа бетін көріп жатқан ақын шығармаларының дені екінші
кезеңде туған. Яғни жер аударылып жүрген аралықтағы туындылары.
Өкінішке орай жоғарыда атап кеткен жинағынан басқа ақынның жарық
көрген кітаптары жоқ. Туындылары мақалалар ішінде, баспа беттеріне
жарияланып жүр. Мәселен, Ақмола облыстық “Арқа ажары” газетінің
1991жылғы 6-наурызында Ілияс Қарағозиннің “Арқаға аты әйгілі Олжабай
ең” атты мақаласында:
Қабыл ал, ұлын сүйер, уа, ағайын,
Тірілді бүгін қайта Олжабайың.
Жарқ етіп бір көрінбей жата ала
ма,
Ақ жүзін бұлт шалғанмен алтын
айың!?
Ақынның өлең-жыры – жан әлемі,
Қалдырған сол арқылы бар сәлемі,
Бір аунап түсер еді қабірінде,
Қуанып,
Қарсы алғанын білсе елі.
Олжабай Нұралыұлының ақындық мұрасы мен өмір жолын “Отарқа”,
“Оқжетпес”, “Көкшетау”, “Арқа ажары” сынды газеттер мен “Жұлдыз”,
“Сарыарқа” журналдарында жарық көрген еңбектерден көре аламыз.
Ақынның өтіп кеткен жолын, сан жылдар бойы үйлестірген ақындық
дүниесі тек баспасөз бетімен шектелмеуі қажет деп ойлаймыз.
Бірақ та, ақынның көпшілікке танылуы оқулық беттерінен басталу
керек. Өкінішке орай ақын есімі, ақындық сарыны бірде-бір арнайы
оқытылатын оқулықтарда жоқ. Сонымен қатар, XX ғасыр бас кезіндегі “Қазақ
поэзиясының антологиясы” атты жинаққа да енбеген [3].
Бұл жинаққа XX ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиетіне елеулі үлес
қосқан көрнекті ақындармен қатар, өлеңдері аз жарияланған әдебиет
тарихындағы өкілдерінің өлең-толғаулары, бұрын-соңды жарық көрмеген
шығармалары енгізілді.
Дегенмен де, шындық шын мәнінде ақтарыла бастаған заман туды. Ел
ауызында жүргенмен, баспа бетіне шыға алмай келген бірсыпыра дарындардың
асыл еңбектері ұрпақтарымыздың еншісіне тиді.
Әр ақын-жазушы өз шығармасында халық тағдырын бейнелейді. Заманның
өлшеміне салынып, халқының болашағын болжай алған тұлғалар аз емес.
Мәселен, В.Г.Белинскийдің А.С.Пушкин жайында айтқан бір пікірінде: “Ақын-
данышпанның қайсысы болса да алдыңғы заманды аша алмайды, бірақ әр кезде
ол келешектің, көпшілік көзіне көрінбестің мазмұны мен мәнін болжай
біледі”, - деген. Әрине, Олжабай да өз халқының болашағын сыншы
Белинский айтқандай болжаған.
1.2. Абай дәстүрі
Олжабай - ақын өз дәуірінің саңлақ ақыны. Халқымыздың теңіздей
тасыған інжу-маржан жырларын ойға токып, еңбегіне арқау еткен, өзі өмір
сүрген дәуірінің мұрат-мүделерінің кәдесіне ұрпақ тәрбиесіне жарата
білген.
Әр пенденің өзіне пір тұтатын тұлғасы болады. Олжабай Нұралыұлының
да шығармашылық жолында өзіне пір тұтқан тұлғасы болғаны белгілі. Ол –
қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы.
Ақын Абай шығармашылығымен жастайынан таныс болып, ұлы ақын
өлеңдерінен рухани нәр алған. Олжабай Нұралыұлының “Абайды оқығанда”
атты өлеңінде :
Мұның өзі білгенге үлкен табыс,
Сөзіне құмар оның жақын, алыс.
Естіп сөзін, далаға тастап кетсең,
Біз сияқты туысқа болар намыс [5.18],-
деп ұлы Абайды ұлт мақтанышы деп бағалайды.
Ақын оқырмандарын өзіне баулып, осы арқылы ұрпағына ұлы тұлғаның
қасиеттерін ашады.
Абайдың шығармашылығы XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ
даласының қоғамдық өмірінде болған үлкен әлеуметтік-экономикалық
өзгерістермен тікелей байланысты. Бұл жөнінде абайтанушы ғалым М.Әуезов
былай деген: “Оның шығармаларында сол кездегі қазақ өмірінің шындығы
әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кең әрі жан-жақты суреттелгені
соншалықты, онда тұтас бір дәуірдің көрінісі айқын берілген” [15.268].
Ойшыл ақынның туындылары сол кездегі қазақ қоғамында үстемдік
құрған патшалық құрылысқа, әртүрлі әлеуметтік топтарға өзінің көзқарасын
айқын білдірген болатын. Ақын өзі ірі феодалдық ортадан шыққанына
қарамастан, сол кездегі ру-билеушілердің зорлық-зомбылықтарына қарсы
бітіспес көзқараста болған.
Ақын бұқара халқының мұқтаждық пен жоқшылықта өмір сүруін әкім,
би, бай, болыстардың озбырлығы мен надандығынан деп түсініп, өз
туындыларында оларды сынаған болатын. Мәселен:
Ынсапсызға не керек,
Істің ақ пен қарасы.
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Сонымен қатар, Абай қарапайым халықтың ауыр да, қараңғы өміріне
немқұрайлы қарай алмайтындығын ашына айтады. Жоқшылық пен аш-
жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты
қиын екенін “Қараша желтоқсан сол бір екі ай...” өлеңінде күйініш
сезімімен бейнелейді :
Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иік жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып
[16.39].
Абай өз дәуірінің білікті болысы болған. Бірақ ол болыс болған
жылдарында патша әкімшілігінің отарлау саясатының мақсаты мен мәнін
түсініп, бұл биліктен бас тартқан болатын. Ақынның бірқатар өлеңдерінде
әкімшілік сайлауда еш әділдіктің жоқтығын, бәрі халықты алдау екенін
ашық айтады. Демек, “Шашты малын, Берді барын Боларында жұртына...”
Осы тұрғыдан келгенде, ақын шынайы халқы үшін, оның тағдыры үшін
аянбай қызмет етіп, қараңғылық пен надандыққа кектеніп қарсы шығып,
халық мүдесін қорғаған ұлы тұлға.
Олжабай да Абай секілді болыс болған. Ол да халық мүдесі үшін,
халықтың болашақ тағдыры үшін, ұрпағының амандығы үшін зор еңбек
сіңірген қайраткер. Сондай-ақ, Абай да, Олжабай да ел басқарған көсемдер
ұрпағы.
Абай мен Олжабай тағдыры бір-біріне ұқсас болып келеді.
Біріншіден, екеуі де өз дәуірінің, өз ортасының болыстары болған. Яғни,
ортақ бір мәселе қозғаған. Бұқара қауымның жағдайын, тарихи-әлеуметтік
ағымын қарастырған болатын. Бұл тараптан, ақындардың би, сұлтан,
болыстарға деген наразылығын ашық түрде өздерінің туындылары арқылы
беруін байқаймыз.
Екіншіден, Олжабай ақынның өлеңдері Абай өлеңдерімен үндес,
мағыналас, идеялық тектес және қоғамның дамуына деген көзқарасты бір
болып келеді.
Үшіншіден, жазушы Х.Асқаров айтпақшы: “Олжабай ақынның өлеңдері
де Абай өлеңдеріндей қазақи ойдың тегінен жаралған, шығыс поэзиясының
стилі мен Европалық орыс поэзиясының игі әсерімен тамырлана дамыған
нағыз классикалық шығарма” [17.8].
О.Нұралыұлы адамның адами қасиетін терең түсініп, оны өз
туындыларында жақсы көрсете білген. Мәселен, ақынның “Содырдың сиқы ”
атты өлеңі Абайдың “Қалың елім, қазағым, қайран жұртым” өлеңімен үндес
келеді.
Абайда :
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Қайдан ғана бұзылды сартша сыртың?[16.13].
Олжабай ақында :
Аты жақсы, іс жаман,
Сырты жақсы, іш жаман.
Бір ұрты май, бір ұрты қан,
Алдап ұтпақ сұм жалған [5.49 ].
Бұл екі үзіндіде ақындардың халыққа арналған шерлі жүректен
толқып шыққан терең де күрделі ойларын байқаймыз.
О.Нұралыұлының махаббат, табиғат, әсемдік тақырыбына арналған
біршама өлеңдерін атауға болады. Мәселен, “Бозбала”, “Қыз келбеті”,
“Мақпал”, “Әліпке”, “Шолпан”. Бұлар А.Құнанбайұлының “Қақтаған әсем
күмістей кең маңдайлы” өлеңіндей “тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін
туындылар. Негізінен бұлар ұлттық салт-сана төңірегінде жазылған.
Әсіресе, Абайдың бұл өлеңіне Олжабай ақынның “Қыз келбеті” атты
шығармасы мағына жағынан жақын болып келеді.
Абай:
Маңдайдан тура түскен қырлы
мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл
байлайды.
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш
қайнайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті һәм
мағыналы,
Күлкісі бейне бұлбұл құс
сайрайды.
Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны
бар,
Үлбіреген тамағын күн шалмайды.
Сорақы ұзын да емес, қысқа да
емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды
[16],-
десе, Олжабай ақын :
Маңдайдан тура түскен қырлы
мұрын,
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл
байлайды.
Сөйлесе, сөзі әдепті, мағыналы,
Күлкісі міне-білде құс
сайрайды.
Суреті ұзын да емес, қысқа да
емес,
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды
[5.14].
О.Нұралыұлының Абайға соншалықты еліктегені, өзіне пір тұтқанын
ақын шығармашылығынан байқай аламыз.
Айталық, қолданған сөз айшықтары, орамдары, стильдік тұғысынан да
үндес болып келеді. Мәселен, Абай “Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды ”
десе Олжабай ақында “Күлкісі міне-білде құс сайрайды ” деген. Бұдан
байқайтынымыз О.Нұралыұылы “бейне бұлбұл” тіркесін “міне-білде” деген
тіркеске алмастырған. Сонымен қатар, “Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы”
деп Абай қолданса, ал Олжабай ақын “Сөйлесе, сөзі әдепті, мағыналы”
деп алған. Байқағанымыздай соңғы сөйлемімізде “һәм” яғни “және”
мағынадағы сөзін қолданбаған болатын. Осы сынды еліктеулерді
О.Нұралыұлы мұрасында көптеп кездестіруге болады. Немесе Абай:
Сұлуды сүйместік,
Пайғамбар сүннәті,-
десе, Олжабай ақынның “Бозбала” өлеңінде:
Жүрегім тамашалап земзем құдық,
Мекеде болмайды екен ешбір бұзық.
Бозбала қияметті ойласаңыз,
Бір зайып алу керек елден таңдап
[5.17].
Демек, ақын зайып аңсаған қаситті хор қызы, мәңгілік махаббаттың
адам тұлғасы, қияметтік досың, деп түйіндейді. Ғашықтық жарды
ойласаңыз, бозбала, жұмақты да, қияметті де ойла! деген тұжырымға
келеді.
Ақын мұрасына баға беруші Х.Асқаров былай дейді: “Олжабай ақын
Абайша тереңнен толғап, ақындық ойды Абайша өреді, өрнектейді,
көркемдейді” [17.1].
Әлемдік тюрколог, ұлы ғалым А.Байтұрсынов Абай өлеңдері туралы
мынандай пікір білдіргені жалпыға мәлім: “1903 жылы қолыма Абай сөздері
жазылған дәптер түсті. Оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес.
Олар сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін
тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Бұрын естімеген адамға
шапшаң оқып шықсаң, азына түсініп, көбінің мағынасына жете алмай қалады.
Кей сөздерін, ойланып дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да
түсіне алмайды”, дейді [18.217]. Ғалымның мұндай сөздерін Олжабай ақын
өлеңдерін зерттеуге де бағыттап қолдануға болады. Мысалы, “Кең баста”
туындысында ақын былай дейді:
Басымыз – жер үсті бітеу
жабылған,
Миымыз – кен қазса асыл табылған.
Ғылым – зауыт асыл тасты
қайнатып,
Тас, топырақ арамынан айырған
[5.19].
Олжабай Абайдың мына өлеңін білген болу керек:
Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл
тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу-қызба кете қалмас,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас
[16.98].
О.Нұралыұылы еңбектерінде де діни тақырыпқа арналған туындыларды
кездестіруге болады. “Хайр шар”, “Алтын аяқ”, “Әр дауам” өлеңдері
аталмыш бағытта жазылған. Онда құран сөздері, шариғатты, табиғатты жетік
білмейтін молдаларды қатты сынаған болатын. “Алтын аяқ” туындысында:
Арабша иман үйреткен,
Мәнісін білмей күйреткен.
Боқтады ма, мақтады ма,
Мағынадан түр кеткен.
Қайдан білсін жат тілді,
Не айтқанын хақ білді [5.22].
Немесе “Әр дауам” өлеңінде :
Несіпті мола - өзі бай,
Дені сап-сау, көңілі жай.
Дін үйретіп, бала оқытпай,
Босқа жейді, “әр дауам!” [5.28].
Олжабай ақынның осы тәрізді діни тақырыптарға жазылған өлеңдері
Абай үлгісімен “Бақ”,“Адамдық” еңбектеріндей философиялық терең
толғаныстарға толы лирикаларына жатады.
Абайда :
Жақсылық ұзақ тұрмайды,
Жамандық әр кез тозбайды.
Үміттің аты еліріп,
Қос тізгінді созбайды.
Қос тепкіні салсаң да,
Уайымнан озбайды...[16].
Олжабайда :
Бақ іздесең,
Еңбек пен істен туар.
Сор іздесең,
Еріншек кісіден туар.
Жақсы табасың,
Еңбек қылсаң.
Терең кәусар бұлағынан
Нәпсің суар [5.21].
Абай да, Олжабай ақын да жеке адамның болмыс бітіміне, табиғи
құбылысқа философиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, жақсылық пен
жамандық, сор мен бақ, үміт, уайым, қайғы, талап секілді ұғымдарға терең
ой жібереді.
О.Нұралыұылы шығармаларының ішінде асқақтаған лирикасы ол –
азаматтық. Бұл жайлы Х.Асқаров “Арқаның саңлақ ақыны” атты еңбегінде :
“Ақынның азаматтық лирикасы қоғамда, адам өмірінде үнемі кездесетін
қуаныш-сүйініштер, қайшылықтар, табиғат жаратылысының көріністерін
тамаша суреттейді. Адамды асыл азаматқа, шын жанашыр достыққа, пайдалы,
жемісті еңбекке, оқу оқып, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырады”[17.1].
Абайда:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша
мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегі мен ақылың екі жақтап
[16.88].
Олжабайда:
Сенесің кімге ?
Сенім жоқ өңге.
Ашық па, жабық па –
Сенбе күнге.
Досың – күнің,
Дұшпаның – түнің [5.29].
Абай өз заманындағы жас ұрпағына үлкен үміт артып, олардың жүрегін
оятып, өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылады. Мәселен,
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз... [16.21].
О.Нұралыұлы да еңбек пен білімге айрықша мән береді. Өз
шығармашылығы арқылы жастарды білімге шақырып, оларға үлгі-өнеге айтып,
баянды еңбекке тартқан.
Абайда :
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағымы кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме
едім ?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім
[16.10].
О.Нұралыұлы “Тұрмыс мысал” өлеңінде:
Қайран білім!
Тата алмадық дәміңді.
Жарқырытып
Жаға алмадық шамыңды.
Есейген соң
Түспей-ақ тұр уысқа,
Енді істей бер
Өз бетіңмен қамыңды! [5.21].
А.Құнанбаев пен О.Нұралыұлы өлеңдеріндей ұқсас тақырыптың бірі –
адам өмірінің кезеңдері. Соның ішінде балаларға арналған туындылары
ерекше орын алады.
“Интернатта оқып жүр...”- Абайдың 1886 жылы жазған өлеңі. Мұнда
ақын қазақ балаларының білім беретін мектептерде оқып, білім нәрін
сусындауы, ғылымға, өнерге тартылуы, халқына адал қызмет етуі жайлы сөз
қозғайды.
Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Атық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге [16.26].
О.Нұралыұлының да жас ұрпақты оқыту жөніндегі талаптары осындай.
Демек, “Балаларға” атты өлеңі білім, еңбек, адамгершілік, ата-анаңды
қадірлеуге, жалпы сыйластыққа үйретеді. Бұл шығармасын Орынбордағы қазақ
интернат-мектебінде оқып жүрген балалары мен туыстарына арнайды.
Қорыта айтқанда, Абайтану – халықтану. Өлеңдері басылған сайын
Абай да көктемгі ормандай жасара бермек. Ал халық бар жерде, оның асыл
өнері де мәңгі жасамақ. Ұлы атамыздың бізге берген еншісі, қалдырған
аманаты – осы асыл сөздері. Біз оны ардақтаймыз да мәпелейміз. Аз өмір
сүріп, азапта өткен Абай бүгін бізбен бірге жасап отыр.
Мендей ғаріп кез болса,
Мойын салсын, ойлансын.
Қабыл көрсе сөзімді,
Кім таныса, сол алсын [16.6].
Олжабай ақынымыз да қара жердің топырағын аз басып, өмірдің
соққысын көп көрген. Шынымен де, Абай мен Олжабай тағдырлары егіз
екендігіне күмәніміз жоқ. Мейрам Құлымбетұлының “Мың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz