Қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеудің негізі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

І - тарау. Құқықтың ұғымы мен нормалары .

1. 1. Құқықтың ұғымы мен маңызы.

1. 2. құқықтық нормалар түсінігі.

1. 3. Құқыққа діннің әсері.

ІІ -тарау. Қылмыс пен жазаның жалпы түсінігі.

2. 1. Қылмыстың ұғымы мен мәні.

2. 2. Жазаның мақсаттары мен міндеттері.

2. 3. ҚР ҚК қылмыс пен жазаның көрінісі.

ІІІ - тарау. Қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеудің негізі.

3. 1. Дін мен қылмыс байланысы.

3. 2. Жазалаудың діни негізі.

Қортынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Адамзат өз тарихының өң бойында екі басты мәселені: адамдар қалай өмір сүру керек, олар не істеуі не істемеуі керек, деген мәселелер төңірегінде ойланумен келеді. Оның бәрі адам өмір сүріп отырған ортамен қоса мемлекеттің заңдарына да байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 - бабына сәйкес ҚР - сы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Сонымен Қазақстан өзін әлемге құқықтық мемлекет ретінде танытып жатыр.

Бірақ “ құқық ”, “ құқық ” деп жүріп адамгершілік мараль сынды құндылықтарды артқа тастағысы келген елдің ертеңі бұлғыр болатыныеда дау жоқ.

Бұл диплподық жұмыстың тақырыбын мен “ жаза мен қылмысқа байлданысты құқық және дін ” деп алуымның себебі қазіггі кезднгі діннің жазаға қылмысқа әсері бар ма? Деген мәселені қарау еді. Біз қанша жерден дамып әлемге басқа жағынан әйгілі болып көрінгіміз келгенімен өз дінімізді қолға алмай аласқа бара қоюымыз мүмкін емес сияқты.

Осы дипломдық жұмыстың мақсаты: дінге құқықтың, жазаның, қылмыстың әсерін, дінсіз мемлекет пен қоғамның қандай нәтижеге қол жеткізуі мүмкін, ол мемлекетте қандай тәрбие бюолады дегенднрді көрсету.

Мемлекеттің идеологияға және дінге көзқарасы негізгі заңымыздың 5 - бабында, ҚР -да идеологиялық және саяси алуандылық танылады делінген.

Бәздіңше бұл қандай қоғамға болсын опа бермейтін қағида. Өйткені мқндай мемлекетте ресми идеология жоқ деген сөз. Идеологиясы жоқ ел ескексіз қайық сияқты. Дариядағы ескексіз қайықтың қай жағаға апарып соғары белгісіз. Тіпті ол аударылып судың түбіне кетуі де ықтимал. Оның қайдан шығарын Алладан басқа ешкім білмейді. Сол сияқты ресми идеологиясы жоқ мемлекетке әркім өз сөзін өткізу үшін жанталласса ше? Өз саясатын, үстемдігін Қазвқстанға жүргіземін деп әркеттеніп жатқан АҚШ, Ресей, Қытай басқа мемлекеттердің әс - қимылынан осыны түйюге болады.

Бұл жерде Қазақстандық патриотизм ұлттық идеологияны алмастыра алмайтынын айтсақ керек. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері талай үкімет ауысты, талай бағдарлама жасалды. Бірақ солардың ешқайсысының идеологиялық жағы қарастықылмаған.

Жоғарыдағылардан туатын қортынды: идеология түзеймейінше нақтырақ айтсақ, мемлекеттің дамуы дінге негізделмейінше маральды басқа құндылық категориялардан жоғары қоймайынша біздің еңбегіміз - еш, тұзымыз - зая.

Осы жерге пайғамбарымыз Мұхаммедтің мына бір хадисін келтірейін: әр - бір адам терең ойланып, әдепті болуы - жақсы істерді өзіне лайықты ету адамгершілік болады, - деген.

Осы диплом жұмысын жазу үшін мен көптеген әдебиеттерден қарадым, бұл тақырыптың мәселесін қазақ елі өзі қарамағандықтан, әлебиеттері де аз болып келеді, сондықтан да маған бұл тақырып үшін әр саладағы жіне де басқа елдердің де әдебиеттерінен мысалға алдым. Бқл жерде құқыққа түсінік беру үшін “ мемлекет және құқық негіздері ”, қылмыс пен жазаға түсінік беру үшін “ қылмыстық құқық ”, ал дінге әсерін түсінігін қатынастарын түсіндіру үшін Құран, Мұсылман құқығы, Шариат тағы басқадай әдебиеттерді қолдандым.

1 - тарау. Құқықтың ұғымы мен нормалары .

1. 1. Құқықтың ұғымы мен маңызы.

Құқық әлуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп басқарып отырады. Олар қоғамның обектиытік даму процессінің талабына сәйкес қалыптасты.

Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес, құқық пен мемлекеттің нысаны әрө түрлі, мазмқны бірдей болады. Бұл жерде құөыө пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, таптардың арасында күрестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.

Құқық деген термин латын тілінде “ jus ” - право, осыдан келіп “ justitia ”

әділеттілік дегенді білдіреді. Мұның өзі басқа сөздермен бірігіп түбірлі болуы, мысалы: ” құқықшығармашылық” “ құқылы ” не бөлшектеніп те келуі мүмкін, айталық құқықтық тәртіп, құқықтық сана т. б. Екінші мағынасында әділеттілік ретінде қолданылатынын ұмытпуымыз керек. Сөитіп, құқықты әділеттілік деп ұғынуымыздың мәні, ол бізді әділетсіздіктен, озбырлықтан, и өтіріктен, сақтайды. Озбырлық- бұл құқыққа қарсы, құқыққа жат көрінетін кең көлемді жалпы ұғым.

Демек құқық пен озбырлық бір- бірімен сиыспайтын құбылыс. Озбырлықты кім жасайды? Әрине ең алдымен, бір - біріне қарсы тұратын адамдар.

С. А. Табанов құқық - бұл қоғамдық тұрақты сақтауға, әр түрлі өмір сфераларындағы (экономикалық, саяси, әлуметтік) тұлғалардың құқықтарымен бостандықтарын, мемлекет билігін құру мен қызмет пәрменділігін анықтауға бағытталған, мемлекет танитын жалпыға міндетті мінез- құлық жүйесі- дtп анықтама берген.

Құқықтың сан қырлы түсінігі мен мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге диалектикалық даму процессінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып байып отырады. Ғалымдар құқықты зерттегенде бірөекі қырынан мазмұнын анықтап, ірөтүрлі қортынды жасап отырады. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттілік - деді, орта ғасырдың ғалымдары құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо- құқық қоғамдық билік- деп түсіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

Құқық адамның өмірімен тығыз байланысты дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез- құлқына, іс- әрекетіне, тәртібіне, сана- сезіміне, жан- жақты әсер етеді, мүдде- мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды.

Адамның жекелік топтық және қоғамдық қарым- қатыныстарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ құқықтың мазмұны, түсінігі- адам қоғамын басқаруға құқық нормасының ішкі тұрақты, саналы мәні, маңызы.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал;

  • құқық қоғамды бостандықты, әділдікті, теңдікті, адамгершілікті, қалыптастыратын негізгі құрал;
  • құқық мемлекеттік билікті қоғамның саяси - экономикалық, мәдени әлуметтік даму процессінің бағыттарын анықтап, отыратын негізгі құрал;
  • құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртәпті бақылап отыратын, мемлекеттің ішкі- сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал болып табылады.

Бұл пкірді жалғастыруға болады. Құқық- қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени- рухани сипатына байланысты.

К. Маркс “ Гота програмасына сын ” деген еңбегінде: “ құқық еш уақытта да экономикалық құбылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес”- деді.

Қоғам дамуын құқық арқылы реттеу процессінде әр- түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелерінің, мемлекеттік мекемелер қоғамдық ұйымдар, құқық нормаларының талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым -қатынастарға түсіпү заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі тірегі болып, негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбек тағы басқа. Мемлекетке қажетті қоғамдығ тәртәп құқықтық қатынасытар негізінде ғана орнай алады.

Бұл- құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты

Заң ғылымында “ құқық ” термині бірнеше мағынада қолданылады.

1-ден, “ құқық” деген ресим түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.

Құқықтың топтық мәні қоғамдағы рөлі, мазмұны мен нысаны сайып келгенде қоғамның экономикалық, рухани мәдени, сипатына байланысты. Құқықтың дамуына күресімен бірге саяси әлуметтік ұлттық қатынастар, идеология, қоғамның мәдени өсу дәрежесі де үлкен әсер етеді.

К. Маркс “ Гота програмасына сын” деген еңбегінде: “ құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және де қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмақ емес ” деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының экономикалық мұұтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процессінде әр- түрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер құқықтық нормалардың талаптарын іс- жүзіне асыру үшін өзара қарым- қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады.

Құқық - мемлекет шығаратын немесе бекітетін, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалдпыға бірдей тәртіп ережелерәнәң жиынтығы- деп әдебиеттерде түсініктеме берген. Құқықтың түсініктері әр - түрлі, бірақ мазмұндары біреу- ақ. Құқықтың екі түрлі ғылыми түсінігі болады: біріншісі - құқықтың объективтік түсінігі, қоғамның объективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтың субъективтік түсінігі, объективтәк қалыптасқан қатынастарды

реттейтін, басқаратын, нормативтік актілерді уақытында қабылдап, бекіту. .

К. Маркс. Энгелс Ф. 2 томдық таңдаулы шығармалар., Гота програмасына сын. 2 - томы.

Құқықтың негізгі қағидалары:

1. Қоғамдағы әр- түрлі мүдде мақсаттарды нормативтік жүйемен реттеп- басқару;

2. Адамдардың, ұйымдардың ара- қатынастарындағы келіспеушілікті шешудің реттеудің негізгі түрін белгіреп отыру;

3. Адамдардың ұйымдардың бостандығының іс- әрекетінің денгейін, шеңберін норма арқылы реттеп отыру;

4. Мемлекеттік органдардың қабылдаған бекіткен, нормативтік актілерінің орындалуын бақылап отыру.

“ Құқық ” терминінің көптеген белгілері бар. Ол заң ғылымында күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандығтан, әр-бір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз. Заң ғылымында “ құқық ” термині бірнеше мағынада қолданылады.

1- ден, “ құқық ” - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғадардың заңға сүйене отырып әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы: азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, менгшік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың құқықтық мүмкіндіктері субъективтік құқық деп танылады, ол - тұлғаның мүддесін қанағаттандыру мақсатында құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез- құлқының шегін айқындайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық мңндеттер пайда болады. Мысалы: әр адамның оқып білім алуға, құқығы бар. Ол құқықты пайдаланып, оқуға түскенен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

2- ден, “ құқық ” дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл- объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен объективтәк мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін тұтас құбылыс болып табылады.

Құқық туралы Конституцияда былай делінген: “ Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның соған сәйкес зағдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелердің, сондай - ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сот нормативтік қаулыларының нормалары т, б, ” ( 4-бап) .

3- ден, “ құқық ” термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәні түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, азаматтық, отбасы т. б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Мысалы. Азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқық нормадарының жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға жазаға байланысты қатынастарды реттеитін нормалардың жиынтығы.

4- ден, “ құқық” термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Құқық пәнін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адамның оның мағынасы дәл әрі түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың күрделі әлуметтік құбылыс екендігінің белгісі. Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Нгеізінен, топтық және жалпы әлуметтәк тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келеді. Маркістік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек топтық тұрғыдан зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайтын құрал болып табылады. Қандай ілім болса да құқықтың әлуметтік мәні бар екендігін айтады. Қазақстан заңдары барлық әлуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқыққа әлуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама береді: Құқық жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін, зағда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелерінің жиынтығы.

Құқық бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құбылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлуметтәк құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға қорғауға, қамтамасыз етуге, бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында “ Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімднің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ ”(15 бап) .

Құқықтық теңдік жалпылама түрде айтылады, әс жүзінде қатынастың субъектісі нақты белгілі болмағандығтан теңдік нормалар да абстракты түрде жазылады. Құқықты дұрыс орындамаса кінәлі субъектілер жауапқа тартылуы керек. Міне осы кезеңнен бастап заңның кезеңі, мемлекеттің жұмысы басталады.

Құқық - үстем таптың және қоғамның заңға айналдырылған мүддесі. Бүл мүддені заңға айналдырушы және оны орындаушы мемлекеттік аппарат. Мемлекет құқық арқылы өзінің жоғарғы және жергілікті органдарының жүйесін, құзырын өзара қарым- қатынастарын бекітпей ішкі және сыртқы міндеттерін ісек асыруы мүмкін емес. Міне осы мәселелерді мемлекет құқық арқылы, нормаға сүйене отырып іске асырады. Құқықтың тірегі оның күш - қуаты, абыроиы мемлекет. Құқық нормалары адамға бостандық беріп қоймай, сол бостандықты қамтамасыз ететін күшке сүйенеді,

Сонымен құқық дегеніміз- адам мен қоңамның объективтік құрылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда формальды түрде анықталған, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін нормалардың жиынтыға. Қоғам өмірінде белсенді рөль атқаратын құқықтың функциялары. Оның бағыттары толып жатыр. Ең күрделі бағыты мемлекетпен бірлесіп жұмыс жасау. Өиткені мемлекеттің жұмысының бағыты нормативтік актілерде, көрсетіліп анықталып отырады.

1. Қоғамның әр саласына сәйкес құқықтың экономикалық, әлуметтік, мәдениеттік, тәрбиелік, экологиялық, қаржылық т. б. функциялары болады.

2. мемлекеттік биліктің үш түріне сәйкес құқықтың да үш функциясы болады: заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау. Құқықтың бұл екі топтағы функциялары мемлекеттің функцияларымен сәйкес келеді. Сонымен бірге құқықтың өзіне тән екі міндеттері болады: қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, орындалуын тездету және қатынастардың байланысын бақылау, қорғап отыру. Міне осы міндеттерге сәйкес құқықтың өзіне тән екі функциясы болады: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актірер арқылы қоғамдық қарым- қатынастарға ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу. Бұл функциялардың әдіс- тәсілдері- қоғамдағы қатынастардың дүрыс орындалуын бақылау,

  • құқықтық нормада тиым салудың себебін көрсету;
  • жауапкершіліктің түрін көрсету;
  • жасаған қателікткері үшін субъектілерді жауапқа тарту;

Сонымен құқықтың функциясы дегеніміз- адамның іс - әрекетіне, мінезіне. тәртібіне нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері, сол арқыры қатынастың дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз етеді.

Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі- нышандарына, функцияларына, қағидаларына жан - жақты түсінік бере отырып, құқықтың қоғамдағы құндылығына, қысқаша тоқтала кетейік.

Құқықсыз қоғам дұрыс, прогрестік жолмен жақсы дами алмайды. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдырысқа ұшыратпай дұрыс басқарып, дамытып келеді. Бұл объективтік процесс

Құқықтығ әлуметтәк құндылығы :

1. Құқық адамның іс- әрекетінің, жұмысының нақты келісімді, тұрақты жақсы орындалуын қамтамасыз етеді. Құқық қоғамдық тәртіпті дамытып нығайтып, қоғамдық мүдде мақсаттардың жақсы дамуына мүмкіншілік жасайды.

2. құқық адамның өзара қатынасын дұрыс реттеп, дұрыс басқарып, олардың мінезінің сана - сезімінің, іс- әрекетінің жақсаруына мүмкіншілік жасап сол арқылы қоғамның дамуын жақсартып отырады.

3. құқықтың құндылығы адамның бостандығын, теңдігін қалыптастырып, қорғауында.

Құқық пен бостандық бір - бірімен тығыз байланысты. Құқық бостандықтың, теңдіктің шеңберін шекарасын үнемі анықтап, бақлап отырады.

4. құқық қоғамдағы әділеттікті жақтап, бақылап отырады. Сондықтан, халық арасында кең тараған мақал бар:” Құқық қағаз жүзіндегі әділеттілік, босандық, теңдік”- құқық пен әділеттілік байланысының бірлігі сонда, егер қоғамдағы барлық жүйелер әділеттікке қатаң бақылау жүргізсе.

5. Құқық қоғамдағы барлық прогрестік дамудың негізгі құралы. Адамзаттық қоғамдағы, демократиялық мемлекеттерді құрудың бірден- бір даңғыл жолы. Бұл дүние жүзі мемлекеттерінің тәжірибесінен қалыптасқан шындық.

6. Құқық халықаралық прогрестік қатынастың, байланыстың қайнар көзі бұлағы. Дүниежүзілік экологияны жақсартудың негізі. Сонымен құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық саласына, жеке адамның өміріне өзіне тән әдістермен дұрыс жағымды әсер етедә. құқықтың саяси қызметі мемлекеттік органның қалыптасу, қызмет істеу, атқару тәртібін анықтаудан саяси партиялардың, бірлестіктердің ұйымдардың ұйымдастырлуына жол ашудан, азаматтардың құқықтарын пайдалануына мүмкіндік туғызудан байқалады.

Құқық қоғамдағы барлық кәсіпорындардың жұмысын тікелей реттеп, жөнге салып отырады. Демек, құқық саяси, әлуметтәк, экономикалық, мәдени, тәрбие құрылысының барлық салаларын реттеп, жөнге салып отыратын құрал болып табылады. Құқық қоғамды мемлекеттң, азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. Осыларға қосы құқық заңды бұзудың, алдын- алу қызметін де жүзеге асырады.

1. 2. құқықтық нормалар түсінігі.

Құқық нормалары- қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын әлуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін саясатын іс - жүзіне асырудың құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез- құлқына, іс- әрекетін арнайы ережелермен реттейді.

Жеке дара норма не нормалардың бір жүйесі құқық бола алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін, іс-жүзіне асыруды қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара құқық нормаларының маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді біріктіреді. Қоғамдық мүддені саясатты, мемлекеттік билікті тәртіпті, ғылымды, білімді, рухани сананы, халықтың әлуметтік жағдайын, денсаулығын т. б. демократиялық іс- әрекеттерді қамтиды.

Құқық нормаларының құндылығы:

  • құқықтық нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы адамдардаң заңды тұлғалардың қарым-қатынастарына дұрыс бағыт беріп отырады.
  • Құқықтық нормалар қоғамдағы құрылыс жүйесін қорғаудағы ең сапалы құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс- әрекеттерге жауапкершілікті күшейтіп отырады.
  • Құқықтық нормалар қоғамда әділеттікт, теңдікті, бостандықты, т. б. демократиялық қағидаларды қалыптастырады.
  • Құқықтық нормалар халықаралық, мемлекетаралық, байланысты қатынасты жақсартудың құралы.

Құқықтық норма- құқықтың бір клеткасы. Қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының, үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің жүмыстарының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым- қатынасын реттеп басқарып отырады. Адамның бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырылады: біріншісі- адамдардаң өздерінің, өз істерінің өз тәртәбән жобалау- жоспарлауы ( ішкі бостандық) ; екіншісі- өз мүдде мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге асыруы.

Қоғамдағы барлық процесс, барлық қарым- қатынастар құқық нормалары арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлуметтәк және мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп қоғамның дұрыс жағымды дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.

Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым- қатынастарды реттеп- басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты, әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті, және қоғамның экономикалық саяси, әлуметтік, рухани, мәдени т. б. даму бағыттарын қамтып, қағидаларды Конституцияда және заңда көрсеткен.

Норма көп қатынастардаң мазмұнын, орындау бағыттарын, әдіс- тәсілдерін алдын - ала анықтап, көрсетіп отырады. Болашақ қатынастардаң оны реттеудің орындалуының “ үлгісін” жасайды. Міне осы “ үлгілерді” зерттеу арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс пен жазаның жалпы түсінігі
Қылмыстық саясат
Ұзақ мерзімдерге бас бостандығынан айырудың құқықтық және әлеуметтік салдары
Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасына және арнайы зерттеу әдебиеттеріне талдау жасау
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық құқықтың әдісі мен жүйесі
Қылмыстық құқықтық қатынастар және қылмыстық жауаптылық
Қылмыстық жауаптылықтың ұғымы
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz