Академиялық кітапхананың сипаттамасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1-Тарау Қазақстан Республикасы кітапханаларының ақпараттық -библиографиялық қызметі.
1. 1 Кітапханалық-библиографиялық қызметті зерттеу және кітапхананың бәсекелестілікке қабілеттілік жолдары.
1. 2 Кітапханаларда ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету
әдістемесін ұйымдастыру.
1. 3 Саралаған ақпараттық -библиографиялық қызмет
1. 4 Ақпаратты іріктеп тарату жүйесі.
2-Тарау Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасындағы кітапханалық-библиографиялық қызметті зерттеу.
2. 1 Ұлттық Академиялық кітапхананың сипаттамасы.
2. 2 Кітапханалық-библиографиялық жұмысты ұйымдастыру және жақсарту жолдары.
2. 3 Құқықтық ақпарат-қызметі.
2. 4 Кітапханаға автоматтандыру процесін енгізу.
3-Тарау Қазақстан Республикасы кітапханаларының келешекте дамуы.
3. 1 Оқырмандармен жұмыс істеу жолдарын жақсарту.
4-Тарау Кітапханаларда еңбек орынын ұйымдастыру және қауіпсіздікті сақтау жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар
Кіріспе
Кез келген мәдениеттілік дәрежесінің өлшеуіші секілді анықтауыш сөздер болады. Мәселен, алмандар (немістер) ; «Халықтың мәдени деңгейін су мен сабынды пайдалану мөлшерімен есептеуге болады», - дейді екен. Өздерінің тприхи даму ерекшелігіне сәйкес, әрбір ұлт мәдениеттілік дегеннің баламасын түрліше пайымдауы, тпбиғи нәрсе. Ал, 5асырлар бойы білімге шөліркеген қазақ ұлтының қасиет тұтар ең үлкен қазынасын-кітап, кітапхана десек, ағат кетпейміз.
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени- ағарту қызметінің негізі болып табылды.
Жаңа мыңжылдықта кітапханалардың қайта жанданып, өзгеруінің арқасында кітапханалар мәдени мекемелер арасында жоғары дәрежеге ие болуда.
Егемендігімізге қол жеткізіп, мемлекет болып қалыптасу жылдар кезеңінде ақпараттық технологиялық қатты дамуы арқылы, әлем мәдениеттер саласындағы кітапханаларымыздың бір-біріне әсерін тигізіп күшейген заман десем артықшылығы жоқ.
Себебі, Отанымыздың есігі әлемге айқара ашылып, жақсы-жаман ақпаратты халықымыздың құлағы есітіп, көзімен көріп, және оқып әр адам өзінше қабылдауда . Бірақ, қоғамға оның қандай әсері болып тұр? Ол, меніңше, үлкен сұрақ. Бұл да, жаңа-жаңа тәй-тәй басып қаз тұра бастаған мемлектімізге үлкен сын.
Мысалы: Қаталап, шөлдеп келе жатқан адамды бірден суға қоя берсең, өліп кетуі мүмкін. Қазіргі уақытта бұрынғыдай цензура жоқ. Қарапайым халық осы деңгейді білсе де жеткілікті-деп артығын қырқып, шығартпай қоятындарда бар. Дәуірлеген «Демоератия». Ал, бабалар өсиетіне қарасақ «Заманың түлкі болса, тазы болып шап»-деп тегін айтпаған болар.
Қазақ деген текті халық, сонау ежелден кең-байтақ жерді ұстап, өзінің том-том кітапқа жететін, өзге елдер ғибрат алып, өнеге тұтатындай дәстүрі бар. Сөз өнерін пір тұтқан батыр, намысты халықпыз. Ұл-қызын мәпелеп өсіріп, тең көрген. Туа біткен ұлын ұлағатты, қызын инабатты болуға баулыған қазағымыздың бекзаттылығы кешегі күнге дейін, Қадыр ақын жазғандай абақтысы болмаған. Барлық істі сөзбен шешкн. Кезінде бабаларымыздың басы компьютер, кеуделері алтын, шежірелерді жүрегінде ұстап, суырып салып айта бергенін десем артық айтпаймын. Адамды абақтыға жаппай, ұрып-соқпай, жанына уытты сөз тауып, тезге салып отырған халқымыздың тілінің соншалықты бай, құдіреттілігі, ұлтымыздың даналығы ұлылығының белгісі.
Еліміздің осы қасиеттерін, сөзіміздің басында айтылған тасқын ақпараттар арасынан әлем ақпараттарының озығы мен өрнектеп, халықымызға бұл күндері жан-кештілікпен қызмет жасап отырған біздің кітапханаларымызды Латын-американдық жазушы Борхес «Ваше представление о рае?»-деген сұраққа «Это-библиотека»-деп жауап беріпті [4, 3 б] . Шын мәнінде жазушы дұрыс баға берген. Кітапханаларымыз өзінің дәстүрлі жұмысын сақтай отырып, басқ да қызметтерімен байыта түсіп, халықымызға еңбек жасауда:
Осы күндері кітапхана қызметкерлері Егеменді Қазақстанның ілгерілеушілік саясатына, мемлекетіміздің нығайа түсуіне Қазақстанды мекендеген бүкіл ұлттарды мәдениетінің өркендеп өсуіне, тілдерінің дамуына, ұлтаралық татулықты орнықтыра түсуі ерелі еңбек етуде. Сондай ақ қазақтың арғы мұрасы насихаттауға, орыстанған ұрпағымызға тоқтау салуға, дәстүрлі мәдениетімізді бүкіл әлем мәдениетінің озық үлгілерімен өрнектеп жаңғыртуға да кұш жігерін аяанбай қызмет көрсетіп отыр. Оқырмандарымыздың қоғамдық санасы мен, рухани ахуалының қалыптасуына, ұрпақ тәрбиесіне, білімділігінің арттыруына, ұлт мүддесін үйлестіретін тарихи жазбалармен жұмыста, ғылыми және әдебиайналымдағы құнды кітаптарды жинастыруда, кітапханалардағы бай мұраларды халыққа жүйелі, кәсіби түрде жеткізуде де еңбектері зор айтсам артықшылығы жоқ;
Сондай-ақ «Елдестірмек-елшіден» деп бабаларымыз айтқандай елшіліктермен мәдени, әдеби байланыстардың жандануына. Мемлекет тарапынан берілетін қаржыдан басқа, қаржы көздерінде табу мақсатында көркейіп, кітапханаларының нығайтуына бірлесе қызмет жасауға баулуда. .
Кітапхананың атқарып отырған қызметі ұшан-теңіз. Бұл жұмыстар, өте күрделі істер және бір күндік шаруа емес, әрі баяулылықты да ұнатпайтын игі істер.
Елімізде кітапханларға күніне мыңдаған оқырмадар келіп, өздерінің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі кітаптар, мерзімді басылымдар, басқа да ақпараттық құжаттар алып отырады. Олардың баспасөз шығармаларына деген сұранымдарымен талап-тілектері, оқыған кітаптарды түсіну қабілеттері мен кітапханалық-библиографиялық білім дәрежелері әр деңгейде екендігін кітапхана мамандары еркін айыра біледі.
Осы себепті, кітапханаларымыздың қазіргі кезеңдегі орнына ресми статусын байланыстырып, тек бір жақты қарап баға беру орынсыз деп түсінемін.
Ал, кітапханаларымыздың бүгінгі күн талабына сай болуы, біріншіден, тұрақты және жігерлі ізденушіліктің арқасында жұмысты табысты түрде қамтамасыз ету болса, екіншіден, тиянақты, шындық және жедел түрде ақпарат беру мақсатында, пайдаланушыларды қанағаттандыру деп есептеймін.
Себебі, қазіргі заманның кітапханалар жүйесі- бұл тек мәдени-демалу мекеме ғана болмай, әрі іскерлік ақпарат орталығы болу керек. Бірақта, осы түсінікті сөзді біле тұра кейбір «демократияшылдар»: Неге? ақпараттық қызмет бірінші орында тұрады», - деген сауалдар айтып жүргені бәрімізге мәлім.
Осы тұрғыда, менің түсүнуімше, бүгінгі нарықтық демократиялық жедел даму жүйесінде ақпаратсыз экономиканың, ғылымның, білімнің дамуы, нәтижелі саясаттың болуы, тіпті ақпаратсыз өмір жоқ екендігін мойындай білу, ақпаратсыз жұмыс істеу дегеніміз-бұл бір білмегендігмізге жатады. Бұған, бір ғана мысал. Қазіргі пайдаланушылардың мақсаты, кітапханадан тек библиографиялық әдебиеттер тізімін алу ғана емес, керісінше сұрақтарына тиісті, әрі тиянақты түрде дұрыс жауап алу болып есептеледі.
Сондықтан, ілгергі уақытта кітапханаларымыздың беделін арттыру, әрі әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекттің кітапханалар қатарына кіру, бәсекелестілікке қабілеттілігін жетілдіру мақсатында кітапханалық-библиографиялық қызметте кездесетін өзекті, әрі күрделі мәселелерді аналитикалық пен болжам, әлеуметтік зерттеу мен талдау, басқа да мүмкіндігі бар жолдар арқылы шешуді осы дипломдық жұмысымда ұсынып отырмын.
Екіншіден адамзат өмірінің табалдырығын атаған ХХІ ғасырымыз жаңа технологияның қарқынды дамуымен ерекшеленген уақытында кітапханалардың алдында жедел даму, белсенділікті арттыру, әрі бірнеше басымдықтар арқылы халықаралық экономикалық жобаларған белсене қатысу жолымен кітапханаларымызды халықаралық стандарттар тобына енгізілсе, кітапханаларға деген көз қарас өзгеріп пайдаланушылар тобының көбейуі сөзсіз.
1-Тарау Қазақстан Республикасының кітапханаларының ақпараттық-библиографиялық қызметі.
1. 1 кітапханалық-библиографиялық қызметті зерттеу және кітапхананың бәсекелестілікке қабілеттілік жолдары.
Ақпараттық-библиографиялық қызмет әмбебап ғылыми кітапханалардың негізгі қызметтерінің біріне жатады. Отандық және шетелдік басылымдардың барлығы ғылым салаларынан үлкен қор жинақтап, соған сай, сан-салалы анықтама-іздену аппаратын жасап, олар ғылымға республиканың халық шаруашылығы, әдебиеті мен мәдениетіне қызмет етуіне арналған ақпараттық және кітапхана-библиографиялық жұмыстың негізін құрайды. Қазақстанның әмбебап ғылыми кітапханалары алғашқы күндерінен бастап аймақтардағы ақпараттық- библиографиялық жұмысты ұйымдастырушы орталық болып келеді.
Қазір ғылыми- ақпарат қоғам өмірінде жаңа мәнге ие болып отыр. Өйткені, ғылымның қарқынды дамуы, оның жаңа салаларын, соған сай жаңа пәндерді дүниеге келтірді. Сөйтіп, баспа, өнімдері көбейіп кетті. Бұл қажеттілікті қанағаттандыруды әрі күрделендіріп, әрі қиындатып жіберді. Соған қарамастан, ғылыми- техникалық прогресстің әрі қарай даму үшін сан-салалы мамандарды дайындап шығару басты шартқа айналды.
Әмбебап ғылыми кітапханалардың қоры мен анықтама аппаратының және барлық салалық мамандарға, кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын бірыңғай ғылыми кітапханалар желісінің ұйым буыны болып саналады. Сөйтіп, қызметінде олар жетекші буыны бір түрі болды. Қызмет атқару барысында олар кітапханалардың салалық шектелуін ұшырамауына, әрі олардың өзара байланысының нығайуына күш салады.
Әмбебап ғылыми кітапханалардың басты оқырмандары -ғылыми қызметкерлер, халық шаруашылығының, әдебиет пен мәдениеттің мамандары. Айталық, Республикалық Ұлттық кітапхананың бірінші жылғы оқырмандар құрамын талдасақ, осыған көз жеткізер едік. Ал, облыстық кітапханаларда маман оқырмандар орта есеппен 30-35 пайыз. Олардың ішіндегі басым көпшілігі инженерлік-техникалық қызметкерлер- орташа 30 пайыз және мұғалімдер 27 пайызды құрайды.
Жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттерімен оқушылары оқырмандардың басты тобын құрайды. Олардың саны 35-50 пайыз шамасында. Ал, жұмысшылар оқырмандардың 10-20 пайызын құрайды. Бұл соңғы топ өзінің құрамы-білімі, мамандығы, шеберлігі, жасы т. б. бойынша да біркелкі еместігін аңғардым.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының орталық кітапханасының оқырмандары-ғылыми қызметкерлер, жоғары оқу орындарының оқушылары, аспиранттар, инженерлік-техникалық қызметкерлер. Кейбір деректерге қарасам, республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың оқырмандарының басым көпшілігі инженерлік-техникалық қызметкерлер мен өнеркәсіптік мекемелердің жұмысшылары екендігне көзім жетті.
Олар, кітапханаға конструкторлық және жобалық талдауларына сай, өндірістік мәселелерді шешуге орай, жаңашылдық пен өнертапқыштыққа байланысты сұраныммен келеді.
Оқырмандар санының үздіксіз өсуі және олардың талап-тілектерінің әр алуан болуы кітапханалардың қызмет көрсетуді ұйымдастыруының жаңа жолдарын іздестіріп, бұл жұмысты бүтіндей дифференциациялдауды қажет етеді. Бұл принцип, әсіресе, Республикалық Ұлттық кітапхананың жұмыс барысында көрінді. Олар, жаңа талапқа сай қызмет саласын тереңдетіп, әрі мамандандыра жүргізу үшін арнайы бөлімдер, оқу залдарын, кітап беру кафедраларын ұйымдастырды. Оқырмандарға арналған мұндай оқу залдарының саны 20-ға жетіпті.
Олардың екеуі әмбебап: бірі ғылым докторлары мен профессорларға және әкімшілік қызметкерлеріне, екіншісі 1, 2 курс студенттеріне, колледждер мен мектептердің оқушыларына қызмет көрсетуге арналған. Сонымен қатар, арнаулы бөлімдердің оқу залдарыда бар, оларда өнер кітаптары, шет елдік әдебиеттер, сирек кітаптар мен қолжазбалар, ғылыми-әдістемелік (кітапханаьану әдебиеттері) әдебиеттер шоғырланған. Бұған қоса мерзімді шығармалар, анықтама-ақпараттық библиография басылымдары, топтап-өңдеу материалдары, диссертациялар, жаңа түскен әдебиеттер залы бар.
Оқырмандар тілегіне орай оқу залдарында қосымша қор ұйымдастырылған. Шетел тілдерінде оқып үйрену мақсатымен қажетті техникалық бұйымдармен жабдықталған лингофондық зал ашылған.
Өнер бөлімінде оқырмандар әдебиеттерді оқумен қатар арнайы кабинеттерге кіріп, музыкалық жазылымдарды тыңдауға да кабинеттерге кіріп, музыкалық жазылымдарды тыңдауға да мүмкіндік туғызылған. Осы жерде музыкалық шығармаларды ұлттық жәнне басқа аспаптарда орындауға болатындай арнайы бөлімдер жабдықталған.
Сонымен қатар сан алуан оқырмандар пайдаланатын ғылыми кітаптардың абонементі, кітапханалық және халықаралық абонемент бөлімдері жұмыс істейді. Көпшілік жұмыстар бөлімінің қызметкерлері конференц залда үзбей баспасөз конфернециялары, жаңа кітаптардың тұсаукесерін, әртүрлі кездесу кештерін өткізіп отырады.
Қызмет көрсетудің негізгі процестері механикаландырылған және автоматтандырылған. Әдебиеттерге тапсырыс, кітап сақтау бөліміне пневматикалық почта арқылы 7 секундта жетеді. Кітаптарды тасымалдау үшін көтерме-транспорттық механизмдер пайдаланылады. Залдардағы жарық таблосының көмегімен оқырмандар өз талабының орындалуы туралы хабар алып отырады.
Оқырманның іздеген материалдары кітапханада болмаса, анықтама жүйесіне жүгінеді. Бұл бюроның міндеті, іздеп отырған әдебиет қаладағы қандай кітапханада бар екені туралы анықтама береді және оқырманды сол кітапханаға жібереді, немесе кітапхана арқылы, абонемент арқылы сұрау салады.
Репрография мен микроильмдер бөлімі оқырмандар тілегіне сай жинақтардағы журнал мен газеттердегі мақалалардың, чертеж т. б. материалдардың фото көшірмесін дайындап береді.
Қызмет етуді осылайша ұйымдастыру, ғалымдардың және халық шаруашылығы мамандарының кітаптарға, мерзімді басылымдар мен шығармаларға, авторфереттарға, ноталарға, граммпластинкаларға және басқа ақпарат көздеріне деген сұранымдарын толығымен, әрі уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Орталықтың кітапханаларда оқырмандарға дифференцияалды қызмет ұйымдастырылады. Оларда арнайы бөлімдер құрылып, ақпараттық және библиографиялық, кітапханалық абонемент қызметі көрсетіледі.
Қазіргі кезде саралап қызмет етудің мейлінше прогресшіл формасы-ақпаратты іріктеп тарту жүйесі. Кітапхана ең алдымен әкімшілік қызметкерлеріне, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларына, ғалымдар мен жетекші мамандарға, өндіріс озаттарын ақпаратты қызмет көрсетеді. Осы бағыттағы жұмыстар барлық облыста да жүргізіледі.
Өнеркәсіп орындарының, транспорт, ғылыми-өндірістік бірлестіктердің мамандарына ақпараттық қызметті Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, ал вуыл шаруашылығы мамандарына республикалық ғылыми ауыл шаруашылығы кітапханасы жүргізеді. Бұл кітапханалардың қызметтерінің көрнекті жүргізілуі туралы ақпаратты Ұлттық Академиялық кітапхананың дереккөздерінен көруге болды. Сондай-ақ, кітапханалардың қызметінде көрнекті орынды анықтама-библиографиялық жұмыстарға қатты назар аударылады. Қазақстандағы ғылыми-зерттеу мекемелерінің, ғалымдардың, мамандардың талабына сай анықтамалар, көрмелер, ақпарат күндерін ұйымдастырады.
Ғылыми-техникалық революция жағдайында кітапханалардың, әсіресе ғылыми-техникалық кітапханалардың жұмысында бағалы ақпараттарды оқырмандарға дер кезінде жеткізудің маңызы зор. Бұл міндетті орындауда кітапханалар дәстүрлі (библиографиялық анықтама, кеңес, көрме, шолу т. б. ) әдістемелер, он күндіктер мен айлықтар, сондай-ақ «Мамандар күні» мен «Ақпарат күнін» ұйымдастырады, радио, теледидар, баспа арқылы хабарлап отырады.
Республика бойынша жаңа түскен әдебиеттерге тақырыптық, салалық, ақпараттық тізімдер, бюллетеньдер шығару, әдебиеттерді насихаттаудың негізгі құралы болып отыр. Оның көп тараған формаларының бірі-ақпараттық бюлетеньдер шығару. Әдетте, бұл бюллетеньдерде жаңа кітаптар туралы мәліметтер беріледі, алайда көптеген арнаулы кітапханаларда өзге құжаттар (патенттік және нормативтік-техникалық әдебиеттер және т. б) туралы да мәліметтер енгізілген.
Ірі ғылыми кітапханаларға түсетін әдебиет көлемінің көп болуына байланысты білім саласы бойынша маңызды кітаптарды хабарлайды. Мысалы, Республикалық Ұлттық кітапхана «Қазақстан туралы жаңа әдебиеттер», «Мәдениет және өнер саласы бойынша жаңа әдебиеттер», «Жаңа қоғамдық-саяси әдебиеттер» атты бюллетеньдер шығарады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Орталық кітапханасы «Орталық кітапханаға түскен жаңа кітаптар» атты бюллетень шығарып отырады.
1. 2 Кітапханаларда ақпараттық- библиографиялық қызмет көрсету әдістемесін ұйымдастыру.
Білім ордасы -кітапханаға бүгінгі таңда қойылып отырған талаптар мынадай: экономика, озық тәжірибе жөніндегі, еңбек ерлері туралы, халық шаруашылығындағы жаңалықтар туралы әдебиет оқушыға жетіп, пайдалы болуға тиіс.
Ғылыми-техникалық жедел даму өзгерістері жағдайында кітапханалардың жұмысын, әсіресе ғылыми-техникалық кітапханалардың жұмысын бағалы ақпарат өз адресатына дер кезінде жететіндей етіп құру қажеттілікті талап етеді. Бұл міндетті барлық типтегі және барлық жүйедегі кітапханалардың ақпараттық-библиографиялық қызметті жүзеге асыруы керек.
Ал, ақпараттық -библиографиялық қызмет көрсету-кітапхананың библиографиялық жұмысындағы жетекші бағыттардың бірі, әрі қоғамдық практиканың әр түрлі сфераларын ақпаратпен қамтамасыз етудің жалпы жүйесіндегі маңызды буыны. Оның негізгі мақсаты-оқырмандарға ғылыми және өндірістік қызмет үшін қажет болатын жаңа шыққан құжаттар туралы үнемі хабарлап отыру болып есептеледі. Қазіргі уақытта ақпарттық -библиографиялық қызмет көрсету әр түрлі типтегі кітапханаларда (соның ішінде бұқаралық кітапханаларда да) кең дамуда.
Ақпараттық-библиографиялық қызметтің сипатын, ауқымы мен мазмұнын тек кітапхананың типі ғана емес, сонымен қатар тұтынушыларға көрсетілген өндірістік және ғылыми ақпарат қызметінің өндірістік және ғылыми ақпарат қызметінің ерешелігі, кітапхананың материалдық және кадрлар жөніндегі мүмкіндіктері анықтайды.
Мысалы, бұқаралық және арнаулы кітапханалардың жұмысында тым елеулі айырмашылықтар бар. Бұқаралық кітапханалар оқырмандарының алун түрлі құрамы, қызмет көрсетілетін аймақта сан салалы кәсіпторындар мен ұйымдардың (соның ішінде өзінің ақпарат қызметі мен кітапханасы барларының ) болуы, материалдық және кадрлар жөніндегі мүмкіндіктерін анықтайды.
Мысалы, бұқаралық және арнаулы кітапханалардың жұмысында тым елеулі айырмашылықтар бар. Бұқаралық кітапханалар оқырмандарының алуан түрлі құрамы, қызмет көрсетілетін аймақта сан-салалы кәсіпорындр мен ұйымдардың (соның ішінде өзінің ақпараттық қызметі мен кітапханасы барларының) болуы, материалдық және кадрлар жөніндегі мүмкіндіктерінің біршама аз болуы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметіне елеулі әсер етеді.
Бұқаралық кітапханалардан өзгешелігі сол, арнаулы кітапханалар (ғылыми-өндірістік бірлестіктердің, ғылыми-зерттеу институттарының, өнеркәсіп орындарының және басқаларының кітапханалары) тікелей нақты ұжыммен байланысты болды, ал ол ұжымдық ақпарат қажеттерін шешетін ғылыми және (немесе) өндірістік міндеттер шеңбері шектейді.
Бір жағынан, мұның өзі ақпараттық -библиографиялық қызметті ұйымдастыруды жеңлдетеді, өйткені оның ауқымы абоненттерінің саны мен тақырыптық диапозоны тұрғысынан ақпараттық қажетті тарылтады.
Екінші жағынан, ақпараттық жұмыстың терең мамандырылуын, ол жұмыстың зерттеулерін, конструкторлық талдамаларын учаскеде жаңа техника мен озық технологияның енгізілуімен қарай байланыстырылуын талап етеді.
Кітапханалардың жұмыс практикасында ақпараттық- библиографиялық қызметтің негізгі 2 түрі қалыптасқан, олар мыналар:
- сараланбаған (жаппай), тұтынушылардың белгілі бір тобын бағдарланбаған және олардың нақты ақпараттық қажеттерін ескермейтін түрі ( басқаша айтқанда, сұрақсыз қызмет көрсету) ;
- сараланған (жеке немесе топтық), жеке оқырманың немесе белгілі бір мамандар тобының үнемі жасалып отыратын (ұзақ мерзімді) талап -тілектеріне, немесе қажеттеріне сәйкес жүзеге асырылатын түрі.
Жаппай ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету. Жаппай библиографиялық ақпарат кітапхана қорына түсетін әдебиетті насихаттау құралдарының бірі болып табылады. Оның көп тараған формаларның бірі -ақпараттық бюлетеньдер шығару, бұл бюллетеньдер кітапханаға түскен басылымдар туралы мәліметтердің белгілі бір тәртіппен (көбінесе жүйелі түрде) орналасады.
Әдетте, бұл бюллетеньдерде тек кітаптар туралы мәліметтер беріледі, алайда көптеген арнаулы кітапханалар өзге құжат түрлері (патенттік және нормативті-техникалық әдебиет, есептер және т. т. ) туралы да мәліметтерді енгізеді. Көтеген кітапханалар библиографиялық (саралау) схемасының индексін қояды, яғни оны оқушылар сұрағанда іздеп табуды жеңілдетеді. Бюллетеньдерге қойылатын маңызды талаптардың бірі- оларды жедел басып шығару және ақпарат интервалын (әдебиеттің кітапханаға түсуі мен оның кезекті бюллетеньде көрсетілуінің арасындағы уақытты) мейлінше азайту. Бюллетеньдерді арасына бір жарым айдан аспайтын ақпарат интервалмен ай сайын шығарып тұру мейлінше дұрыс деп саналады.
Жаңа түскен әдебиетті бюллетень шығару арқылы хабарауды қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу мекемелерінің, әдетте, өзінің полиграфиялық базасы бар кәсіпорындардың кітапханалары жүзеге асырады.
Бюллетеньдер тиісті мекемелердің ішінде (бөлімдер, кафедралар, йехтар бойынша), сондай-ақ ғылыми-өндірістік бірлестіктер мен фирмалардың құрамына кіретін кәсіпорындарға таратылады.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің орталық кітапханалары да бюллетекньдер шығарады. Оларды орталық кітапханалар өздерінің филиалдарына және қызметкөрсететін аймағындағы кейбір ұйымдар мен мекемелерге жібереді. Өкінішке орай, орталықтандырылған кітапханалар жүйелерінің көбінде өзінің полиграфиялық базасы жоқ болғандықтан, жергілікті баспаханалардың қызметіне жүгінуге мәжбүр болды. Мұның өзі, басылымдардың дер кезінде шығуына теріс әсер етуде. Дегенмен, кейбір орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің тәжірибесіне назар аударуға лайық, олар өз бюллетеньдерін аудандық газетке қосымша ретінде шығарып, таратуды меңгерген. Бұл басылымның жедел шығуына және ақпарат берілетін адамдар тобын (іс жүзінде газетті жаздырып алушылардың бәрі) едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді.
Бюллетеньдер шығаруға мүмкіндігі жоқ шағын кітапханалар да жаңа түскен әдебиеттер тізімін машинкаға басып, әдетте, берілетін үстел жанына іліп қояды.
Кейде тізім орнына картотека жасап, әдебиет берілетін үселге немесе каталогтардың жанына қойылады.
Ірі ғылыми кітапханаларға түсетін әдебиет көлемінің көп болуы бюллетеньдер шығаруға едәуір еңбек жұмсауды талап етеді. Сондықтан, көптеген әмбебап ғылыми (облыстық, өлкелік, республикалық) кітапханалар осы кітапхана үшін, білім саласына қажетті неғұрлым маңызды кейбір әдебиеттердің ғана түскенін хабарлайтын бюллетеньдер шығарумен шектеледі. Бірқатар кітапханалар басқа да арнаулы (медициналық, ауыл шаруашылық) кітапханалармен бірлеіп салалық бюллетеньдерде шығарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz