БАҚ-ң саясатта алатын орны


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

Саясаттану кафедрасы

Нүрпеисов Ерлан

БАҚ-ң саясатта алатын орны

Диплом жұмысы

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Ахметов Әлібек Қанапияұлы

Қорғауға жіберілді

Кафедра меңгеруші

«» 200_ ж.

Көкшетау 2006

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Тарау - І

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы жалпы түсінік

А. БАҚ-тың шығу тарихына қысқаша мәлімет.

Б. Қазақ баспасөзінің пайда болуы.

В. Тәуелсідік алғаннан бергі уақыттағы басылымдар жөнінде.

1. 2 БАҚ функциялары және саясатта алатын орны.

Тарау - ІІ

2. Бұқаралық ақпарат құралдарының төртінші билік аталуы туралы

А. БАҚ-тың демократиялық қоғамда алатын орны.

Б. Билік жүйесі БАҚ-пен санасуға тиісті.

Тарау - ІІІ

1. Бұқаралық ақпарат құралдары саясаттың қолындағы қаруы.

А. Тоталитаризм мен авторитаризмнің уысындағы БАҚ-тың кескін-кейпі.

Б. БАҚ ежелден белгілі бір саясаттың сойылын соғушы.

2. Демократиялық қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының сипаты.

А. Қазақстандағы БАҚ-тардың әлемдік саяси ағымдарға бейімделуі.

Б. Демократия - ойыңа не келсе, соны жүзеге асыру емес.

Ол - заңға бағыну.

В. Елімізде БАҚ туралы Заңдарды қабылдаудың қиын-қыстау кезеңдері.

Тарау - ІY

Сөз бостандығы үшін күрес - толастамайтын процесс

А. Кез келген саяси жүйе сөз бостандығы желеу етуге шебер.

Б. Бемократиялық қоғамда да сөз бостандығы төңірегіндегі дау-дамай ешбір толастамайтын саяси жарыс.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қандай мемлекет болса да, ол қандай жүйені өз дамуына нысана етсе де саясаттың негізгі құралы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) пайдаланады. Тоталитарлық, авторитарлық, диктаторлық режимдерде баспасөз биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында болып, иесінің қос-қабағын аңдып, соның айтқанымен жұмыс жасайды. Ал демократиялық қоғамда шынайы сөз бостандығы үстемдік жасағандықтан БАҚ еркімен оқырмандардың сұранымын қанағаттандырады. Бірақ қай саяси жүйеде болмасын баспасөз саясатпен шұғылданбай қоймайды. Тіпті шаруашылықтың бір саласының органы есептелетін газетте саясатқа байланысты хабарларды айналып өтпейді. Демек, бұқаралық ақпарат құралдары жеке бір елдің, тіпті бүкіл әлемнің саяси өмірімен тығыз байланысты болады.

Дипломант бұл тақырыптың саясаттану пәніне тікелей қатынасы бар екенін дәлелдеуді өзінің мақсаты етті. Сол үшін көптеген жазба материалдарды қарап шықты. Осы мәселені тура зерттеген іргелі ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Орыс тілінде болуы ықтимал. Бірақ Көкшетау қаласының кітапханаларынан оларды кездестіру мүмкін болмады. «Жоққа жүйрік жетпейді» дегендей қолға түскендерімен қанағаттануға тура келді. Материалдар іздестіруге, ой жүйесін бір ізге шоғырландыруға ғылыми жетекшінің ақыл-кеңесі, көмегі мол болғанынан атап өтуге тиіспіз.

Осы мәселеге кірісуге автордың «Алаш үні» газетінің редакциясында жұмыс жасауды да септігін тигізді. Журналистика саласында еңбек ететін қауым саясатқа өте жақын. Оның үстіне аталмыш басылым саяси партияның органы болып есептеледі. Дипломант политологияны теориялық жағынан ғана емес, практикада, іс жүзіне меңгеруге мүмкіндік алды.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін демократиялық бағытқа бет бұрды. Пікірлер плюрализмі үстемдік ете бастады. Соның нәтижесінде ондаған, жүздеген, тіпті мыңға тақау әртүрлі басылымдар пайда болды. Олардың дені өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Шыны да солай. Мұның өзі еліміздің демократиялануының нышаны екендігіне дау жоқ.

Кеңес жүйесі күйреуінің алдында, сексенінші жылдардың соңында одақтас республикалардың барлығында дерлік, оның ішінде біздің елімізде де жеке-дара билік еткен коммунистік партиядан басқа саяси ұйымдар пайда бола бастады. Өзінің басылымынсыз, газетінсіз саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмыс жасауы мүмкін емес. Өйткені олардың арқа артар негізгі сүйеніші - бұқаралық ақпарат кеңістігі, оқырмандар аудиториясы.

Пікірлердің әр алуандығын демократиялықтың негізгі шарттарының бірі ретінде мойындасақ та, олардың өз ұлтымыздың мүддесіне кереқар келетіндерін айыптауға тиіспіз. Тоқсаныншы жылдардың басынан еліміздің тәуелсіздігіне қауіп төндіретін сепаратистік пиғылдар белең ала бастады. Славян тектілер ұйымдастырған «Русская община», «Истоки», «Лад» саяси ұйымдарымен, қазақ халқының қас жауы орыс казачествосы тікелей арандату әрекеттеріне кірісті. Бұл тұнып тұрған саясат еді. Сепаратистерге Ресейдің шовинистік топтары дем берді. Мәселен, бұрынғы КСРО-ның президенті Михаил Горбачев, жазушы Александр Солжиницын Қазақстанның солтүстігіндегі алты облысты, қазақ халқының «кіндік кесіп, кір жуған» төл жерін Ресей Федерациясына қосуды насихаттады. Бұл сонау Никита Хрущев кезіндегі сандырақ болатын. Ол кезде еліміздің тұтастығын кеудесін оққа төсеп қорғаған халқымыздың батыр да кемеңгері ұлы Жұмабек Ташенов екені тарихтан белгілі.

Міне, осы сепаратизмге қарсы соққы берген қазақ тілінде шығатын бұқаралық ақпарат құралдары пайда болды. Ресми басылымдарда да славянфилдерге тойтарыс беріліп отырды. Ал «Азат», «Орда» тәрізді тәелсіз газеттер сепаратистік идеялардың күлін көкке ұшырды. Мұның өзі арнайы зерттеуді талап ететін ғылыми тақырыпқа жататыны дауысыз.

Диплом жұмысының авторы өзінің осы шағын еңбегінде аталған мәселелер жөнінде де кейбір жеке толғамдарын әңгіме етуді жөн деп есептейді. Әрине, оның қазіргі саясаттың толқынында жүзуіне ғылыми жетекшінің мол әсері болғанын шімірікпестен мойындауды ақиқаттың ақ туын көтерумен іспеттес.

Диплом жұмысы шағын-шағын бес тақырыптарға бөлінеді. Оларды тараулар деп атауға да болады. Біріншісінде бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы түсінік беріліп, олардың шығу тарихына қысқаша тоқталынады. Қазақ баспасөзінің пайда болуынан мағлұмат беріледі. Осы тарауда еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдары туралы жалпы түсінік беріліп, олардың шығу тарихына қысқаша тоқталынады. Қазақ баспасөзінің пайда болуынан мағлұмат беріледі. Осы тарауда еліміздің тәуелсіздік алғанынан бергі жылдардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы сөз болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарын шартты түрде төртінші билікке жатқызып жүр. Екінші тарауда автор осының мәнін ашуға тырысады. БАҚ-тың демократиялық қоғамда алатын орны жөнінде талдау жасайды. Шынайы демократия үстемдік еткен елде билік жүйесі БАҚ-пен санасады. Мұның өзі оның төртінші билікті қолына ұстап отырғанның белгісі іспеттес.

Мәселенің, дәлірек айтқанда, диплом жұмысының негізгі түйіні бұқаралық ақпарат құралдарының саясатпен тығыз байланыстылығы, оның белгілі бір саяси бағыттық қаруы екендігінде. Автор мұны үшінші тарауда талдайды. Тоталитарлық және авторитарлық қоғамдардағы БАҚ-тың биліктің қолшлқпары болып, соның сөзін сөйлейтіндігін кешегі кеңес заманының тәжірибесімен дәлелдеуге тырысады. Осы тарауда бұқаралық ақпарат құралдарының ежелден, тіпті демократиялық билік құрылымында да белгілі бір саясаттың сойылын соғатын құрал екендігі айтылады.

Қазақ даласында демократияның нышаны болған десек те, біздің еліміз қазіргі заманғы шынайы демократияның дәмін енді ғана татып отыр. Әлі де оған, оның қойнауына бүтіндей ене қоғамыз жоқ. Талай ғасырлар бойы отаршылықтың езгісін бастан кешіргеніміз өзінің теріс әсерін тигізіп келді, тигізіп жатыр да. Құлдық психология халықтың санасына мүлде сіңіп, ұрпақтан ұрпақтың бойына тараған дерт екенін түсіндік. Бірақ еліміз тәуелсіздік алған он үш жылда адамдар жаңалыққа бет бұрды. Демек, қазақтар да демократизмнің не екенін аңғарып, түсіне бастады. Тіпті сол жолда табанды күреске де әзір. Бұл игілікті істің дем берушісі бұқаралық ақпарат құралдары. Диплом жұмысының төртінші таруы демократиялық қоғамдағы БАҚ-тың қандай дәрежеде болу керектігін сипаттайды. Автор еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа дәуірге бейімделіп, ой-пікірді ашық айтуға үйрене бастағанын нақтылы мысалдармен дәлелдейді. Бірақ демократия дегенді ойыңа не келсе, соны жүзеге асыру деп түсінуге болмайтындығы баса айтылады. Сонымен қатар елімізде БАҚ туралы заңдарды қабылдаудағы дау-дамайлар де естен шығарылмаған.

Соңғы, бесінші тарауда ой-пікір толғанады. Бұл мәселенің төңірегіндегі айтыс-тартыс демократиялық қоғамда әрі қарай жалғаса береді, ешбір толастамайды. Ал тоталитаризм, немесе авторитаризм «бізде сөз бостандығы бар, түпкілікті орнаған» деп кесіп тастап, үзілді-кесілді тұжырым жасауға бейімделген. Бұл әміршілдік-әкімшілдік жүйенің көтерген туы, соған тән құбылыс. Сөз бостандығы туралы тек демократияға бет бұрған елде ғана қызу пікірталас болатындығын қазіргі Қазақстанның мысалынан көруге болады. Автор бұл мәселені жан-жақты дәлелдеуге тырысып, нақтылы деректер келтіреді.

Әдеттегідей диплом жұмысы қорытындымен тәмамдалады. Онда автор өзінің бес тақырыпта баяндаған ой-пікірлерін қысқаша сараптап өткізіп, еңбегін орындау барысында қандай қиыншылықтар кездескенін, тақырыптың маңыздылығын (актуальность), жұмысты орындау барысында қол жеткен табыстарын атап өтеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен саясаттың арақатынасын жіліктеу оңай мәселе емес. Жоғарыда айтқанымыздай бұл игілікті істі жүзеге асфыруда ғылыми жетекшімнің көмегі ересен болғанын ерекше атап кетуге тиіспін. Негізгі мамндығы бойынша журналист, саясаттану, философия пәндерінен ширек ғасырдан астам дәріс оқыған профессордың дипломантқа айтары да, берері де көп еді. Соның нәтижесінде іске сәттілік тілеп, шағын ғылыми жұмысты бастап кеттім.

1. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) туралы жалпы түсінік

А. БАҚ-тың шығу тарихынан қысқаша мәлімет

Ерте кездердегі қолдан жазылған кітаптарды, тіпті қарапайым, жабайы баспаханаларда терілген басылымдарды да бұқаралық ақпарат құралдарына жатқызуға болмайды. БАҚ 15 ғасырдың ортасында Европада пайда болды 1 . Басқа ақпарат құралдары дүниеге келгенге дейін баспасөз адамдардың хабар-ошар алатын негізгі ошағы еді.

Алғашқыда брошюралар, листовкалар жарық көрсе, 17 ғасырдың басында газеттер, ортасында журналдар дүниеге келді. Ал 19 ғасырдың ортасында баспасөз агенттіктері құрыла бастайды. Европада басталған баспасөз шеруі бірте-бірте әлемге тарады.

Бұдан бес ғасыр бұрынғы түіл 19 ғасырдағы Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының тым қарапайымдылығы қазіргі заман оқырмандары үшін күлкілі оқиға тәрізді. Архивтерде сақталған ескі журналдар мен газеииер өздерінің безендірілуі және мазмұны жағынан бүгінгі адамдардың сұранышын ешбір, алпысыншы жылдарындағы қазақ тілінде шыққан аудандық, кейбір облыстық газеттер біздерді сауатсыздықтың қойнауына жетелегендей.

Тіл мен мәдениет егіз құндылықтар. Ол ееуі де заман талабына сай өзгереді, толығады, ілгері дамиды. Мәселен, бұдан он шақты жыл бұрын қазақ тілінде «егемен», «жанұя», «ұлтжанды» деген сөздер болмағанды.

Олар пайда болған кезде көпшілік бірден қабылдай қойған жоқ. Жаңа сөздерге адамдар бірте-бірте үйреніп, қинала жатыққан еді. Әрине, ойдан шығарып, кейбір «білімпаздардың» құрастырған сөздер ерсілік тудыратыны ақиқат. «Жанұя емес, ойбай!» деп «Ана тілі» газеті зар жылағанды. «Отбасы» түсінігі халқымызда ғасырлар бойы қалыптасқанды. Бірақ әрі жандайшөп, әрі жағымпаз, әрі жәдігөй, әрі жалпақшешей қазақ терминком толып жатқан «арамшөп» сөздерді заңдастырды. Кеңестік идеологияның тақымы батып қалған біздің «ғалымдарымыз» әлі күнге дейін «ұлтшыл» деген терминнен зәреқұры қалмай қорқып, «ұлтжанды» атты арам шөпті тілімізге заңдастырды. Шындықты мойындау керек, қазақ ғалымдары, оның ішінде тіл мамандары келе жатыр. Ұлтшыл болудың елін, халқын, ұлтын жан-тәнімен сүю екенін түсінбейді, түсінгісі келмейді. «Национализм» коммунистік, әсіресе кеңестік, идеологияның бұрмалауынан теріс ұғымға ие болған. Орыс шовинистері «интернационализм» ұғымын

1 БСЭ. 507-508 беттер.

жер шарының алтыдан бір бөлігін өз үстемдігін орнату үшін пайдаланғанды. кеңес дәуірі кезінде өз ұлтына сүйіспеншілігінді ашық білдіру мүмкін еместі.

Сол бір зорлыққа негізделген заманның теперішін көріп, соның басыбайлы құлы болғандар «ұлтжанды» деп мәймөңкелеуді. Әдетке айналдырды. Тілімізді бұзған жаман журналистер «жаңа сөз таптық» деп қуаныштары қойнына симай жүр. Олар «ұлтшыл» ұғымын «нацизммен» қатар қояды. Өз ұлтын ардақтап, оның дәрежесін көтеріп, ал басқа ұлттарға зорлық-зомбылық көрсетпейтін ұлтшылдық-нағыз патриотизм.

Бұқаралық ақпарат құралдары тарихы қазіргі заманға сай дәрежесіне жеткенге дейін талай даму кезендерінен өтті. Оның өркендеуі техниканың жетістіктерімен тығыз байланысты. Ең алғашқы баспаханалар жұртты таңқалдырғандай еді. Бұл істен хабары жоқтар ғажайыпты көзімен көргендей кейіп кешті. Бүгіндер баспа жұмысы түгелдей компьютерге көшіп, бұдан 7-8 жыл ғана бұрынғы техника көнеріп қалғанды. Алдағы уақытта газет шығару қазіргіден дже жеңілдей түсетініне күмән жоқ. Қағаз тапшылығынан да арылып келе жатырмыз. Бұрын Ресейге тәуелді Қазақстан өзінің сапасы жоғары қағазын шығара бастаыды.

«Газет» деген сөздің төркіні итальяндық. Ол венециялық ұсақ күміс ақшанң атауы. Оны «гадзетта» деген. 15-16 ғасыларда Венеция ірі сауда орталықтарының бірі болғанды. Өкімет билігінде отырғандарды сауда-сатық мәселелерімен қатар басқа елдердегі саяси-ахуал да алаңдатқан. Соған байланысты хабарлар тарататын ақпарат құралдарының қажеттігі туғанды. Олар ең алдымен қолдан жазылып, листовкалар ретінде таратылған. Ал бұл парақшалар «гадзетта» деп аталатын ұсақ күміс ақшаларға сатылған. Міне, газеттің атауы осыдан шыққан. Венецияда «Гпадзетино» деп аталатын газет осы күнге дейін шығып тұрады. Бұл атауды әлем қабылдады. Ол орыстың сөзі емес. Біздің кейбір әсіре жаңашылдарымыз «үнпарақ» дегенді тілімізге таңбақшы. Жер жүзі қолданылатын сөздерден қашу дұрыс па? «Үнпарақты» еліктегіш интеллигентсымақтар ғана білімпаздығын таныту үшін өзара қолданып жүрген тәрізді.

«Газет» сөзі өзінің қазіргі заманғыұғымы француз баспагері Ренадо 1631 жылы Парижде «Ла газетте» деп аталатын күнделікті басылымын шығара бастағаннан кекйін әбден орнығып, мүлде бекілді.

Шын мәнінде ақпарат құралы ретінде газет тарихы 15 ғасырдан тым ертерек басталады. Осы заманғы газеттердің ең бұрынғылары сонау римдік император Юлий Цезарь дәуірінен басталды. Гипспен қапталған арнаулы тақтайларға жазып отырыстары туралы, хаттамаларының қысқаша мазмұны, Римде болып жатқан жаңалықтар жайында баяндалатын. Тақталар адамдар көп жиналатын жерлерге ілініп қоятын.

Кейін адамзат папирусты пайдаланып, одан қағаз жасай бастағанда Римде хабарладық мазмұндарын көбейтетін арнаулы мастерскойлар жасалды. Биік тұғырда имәнеріне келтіріп оқып беруші хабарларды дауыстап таратып тұратын. Одан ондаған көшіріп алушылар жылдам қағаз түсіретін. Сөйтіп, бірнеше сағаттың ішінде болған жаңалықтар мыңдаған адамдардың құлағына жететін. Мұны бұқаралық ақпарат құралдарының тұрпайы түрде (примитивно) жарыққа шығып, өзінің негізін қалауы деп түсінген жөн. Газеттің түпкілікті кемеліне келіп, жұртшылықтың құрметіне, ықыласына бөленуі қағаздың көптеп шығарылуымен байланысты.

Европадағы жүйелі түрде шығып тұрған газеттер германдық «Авиза-реляцион одер цейтунг» (1609ж. ), бельгиялық «Ньюве тийдинген» (1616ж. ), француздық «Газетт» (1639ж. ) . Апталық газеттер мына елдерде пайда болды: Германияда «Лейпцигер цейтунг» (1663ж. ), Англияда «Дейли курант» (1702ж. ) және Францияда «Журналь де Пари» (1777ж. ) . Орыс жылнамашалары 18 ғасырдың басында өз елінде де газеттер пайдабола бастағандығын хабарлайды. 1702 жылыдң 16 желтоқсанындағы Петр Біріншінің жарлығымен алғашқы «Ведомости» газетінің бірнеше саны осы айдың екінші жартысында жарыққа шыққан екен.

Әрине, Қытай, Жапония, Индия тәрізді елдер ғылым, мәдениет, медицина салаларында көштен қалмаған. Әрі бірден соң әлемдік цивилизацияны дамытқан ертедегі Шығыс. Өкінішке орай, мұндағы бұқаралық ақпарат құралдарының тарихы туралы қолда ешбір дерек жоқ. Ал шығыс елдерінде жазу-сызу батыстан жүздеген жылдар пайда болғаның археологиялық зерттеулер айқын дәлелдеуде. Ол санатта біздің түпкі тегіміз түріктер де бар. Әйгілі Орхон-Енисей бойынан табылған жазбалар қазақ халқының да мақтанышы.

Бұқаралық ақпарат құралдарының шығу тарихы арнаулы зерттеуді қажет етеді. Дипломант оған қысқаша түсінік берумен ғана шектелуді жөн деп есептейді.

Б. Қазақ баспасөзінің пайда болуы

Жоңғар басқыншыларымен ондаған жылдар бойы жүргізілген елді, жерді қорғау мақсатындағы соғыс, орыс империясының, оның жалғасы болып талыбатын кеңес өкіметінің отаршылығы қазақ халқының еңсесін көтертпеді. Әсіресе, бірнеше ғасырларға созылған бодандық талай құндылықтарымыздан айырылып қалуға әкеліп соқты. Патшалық Ресей кезінде ұлтымыздығ экономикалық және мәдениет салаларында өркендеуіне тұсау салынды. Кеңес жүйесі ең алдымен халқымыздың қақ жартысынан астамын қолдан жасалған аштықтың нәтижесінде қырып салды. Репрессияға ұшыратты. Тың жерлерді игеру, астықты көбейту дегендерді сылтауратып Қазақстанға славян тектілерді миллиондап көшіріп әкелді. Соның нәтижесінде ана тіліміздегі жүздеген мектептер жабылып қалды. Орыс тілін меңгермеген қазақ нан тауып жей алмайтын халге жетті. Елдің, жердің иесі сан жағынан азайған үстіне азая берді. Орыс ұлты Қазақстанда үш еседен аса көбейді. Тіліміздің мүлде жойылып кету қаупі туды. Бұл мәселелер туралы ешкім жұмған аузын ашпады. Қорықты. Бірақ халқымыздың батыр тұлғаларынан мүлде айырылмаған екен. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенов бүкіл кеңес империясын бағындырып, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап тұрған Никита Хрущевке қарсы келіп, еліміздің солтүстігіндегі алты облысы Ресейге қосудан сақтап қалды. Тәшеновты үкімет басшысы қызметінен босатты. Бірақ Хрущев Қазақстанның бір бөлігін Ресейге қосудан тайсақтады, халықтың каһарын қорықты. Сөйтіп, Жұмабек Тәшенов үлкен лауазымды қызметін елі үшін садақа етті. «Жаным арымның садағасы» деген қазақтың данышпандық қағидамын ілгері дамытты, түрлендірді, тірілтті.

Егер Қазақ ССР-ның тарихына 1 сенсек, қазақ журналистикасы, демек бұқаралық ақпарат құралдары бізідң тілімізде 20 ғасырдың басынан өз бастауынан алатын көрінеді. Оның негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Сералин (1872-1929) . Ол қазақ тіліндегі тұңғыш журнал «Айқаптың» редакторы болған.

Қазақтың бұқаралық ақпарат құралдарының заман талабына сай дамуына көрнекті саясаткер, ақын, жазушы, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынов көп еңбек сіңірді. Ол 1913-1918 жылдар арасында «Қазақ» газеті де редакторы болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарды, халық өмірінің сан алуан көкейтестігі мәселелерін көтерді, елді профессор, өнер-білімге үндеді.

Ахмет Байтұрсынов қазақ публицистикасының туын көтерді. Ол заманының сауатты азаматтарының бірі еді. Сталиндік репрессияның құрбаны болған ғұлама журналистика саласына ерен еңбек сіңірді. Оның жазған мақалалары жас ұрпақ үшін үлкен өнеге. Байтұрсынов

1 История Казахской ССР, 3-том, 483-бет

жәй ғана емес, саясаткер-журналист. Ұлы бабамыздың бай мұрасы әлі

толық зерттеген жоқ. «Ахмет Байтұрсынов - саясатшы, ғалым, ел бостандығы жолындағы күрескер» атты тақырыпта ғылыми еңбек тудыру мүмкіндігі бар.

Қазақ поэзиясының ақиығы Сәкен Сейфуллин өзінің әйгілі «Тар жол, тайғақ кешуінде» былай деп жазады:»Әр жерде-ақ газет шыға бастады. Семейде «Сарыарқа» газетіғ Ташкентте «Алаш» газеті, соңынан «Бірлік туы», Бөкейлікте, Астрахань қаласында «Ұран»газеті, Ақмолада «Тіршілік» газеті, Орынборда бұрынғы «Қазақ» газеті.

«Сарыарқаны» басқарған - калел Ғаппасұлы, жазушылары: Ермекұлы, Бөкейханұлы, Туғанбайұлы және басқалар.

«Алашты» басқарған - Көлбай Тоғысұлы.

«Бірлік туын» басқарған - Мұстапа Шоқайұлы, жазушылары: Болғанбайұлы, Төреқұлұлы, Қожанұлы және басқалар.

«Ұранды» басқарған - А. Мұсаұлы. «Тіршілікті» басқарған - Рақымжан Дүйсенбайұлы, жазушылары: Садуақас Сейфуллин (мен), Асылбекұлы, Өмірбай Дөнетайұлы және басқалар. «Қазақты» басқарған - А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлы. Жазушылары: Бөкейханұлы, тағы солар. » 1

Міне, қазақ баспасөзінің алғаш пайда болуынан қысқаша мәліметтер осындай.

Ал кеңес жүйесі кезінде халқымызға жат идеологияның сойылын соққан басылымдардың саны әжептәуір көбейді. Оларға кейін радио мен телидидар қосылды. Бұл да бір үлкен тарихи оқиғалар. Кеңес жүйесі ұлттық басылымдары өз мақсатына шебер пайдалана білді. Қазақтың қас жауы өз тілінде шығатын газет-журналдар болды. Бұл ұзақ әңгіме. Деректі мысалдар да жеткілікті.

Бір желтоқсан көтерілісінің өзі-ақ коммунистік идеологияның сойылынып соққан журналистердің бет-пердесін ашыл-ақ береді.

1 Сәкен Сейфуллин. Тар жол, тайғақ кешу. Алматы, 1960ж. 65-бет

В. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақыттағы жарық көрген басылымдар жөнінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сайлау науқанында саяси маркетинг пен PR-тің қолдану тәжірибесі
Республикалық әйелдер баспасөзінің тұңғышы - Азат әйел
Саясаттанудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Билік - әлеуметтік феномен ретінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттің биліктің жүйесі
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі
Бақ үшін мәліметтер, түрлі ақпарат тасымалдаушыларға қолданылатын цензура
Ресейдегі бизнес Паблик рилейшнз мәнін жетік түсінбей, оның рынокты табысты игерудегі маңызын ескере алмай отыр дейді мамандар
Саяси лидер имиджін қалыптастырудағы саяси технологиялардың ролі: Қазақстандық тәжірибе
БАҚ және саяси сана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz