Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
1. Кескіндеме
1.1. Кескіндеме түралы мәлімет
1.2. Пейзаж дербес жанр ретінде
1.3. Қазақстанда кескіндеменің дамуы
1.4. Қазақстан пейзажисттері
2. Әдістемелік бөлім
2.1. Әдістеме
2. Мұғалімнің өз алдына қоятын талабы
3. Пейзаж тақырыбына сабақ берудің әдістемесі
2.3. Пейзаж сабағын өткізу жоспары
3. Түс және композиция
3.1. Түсті қабылдау
3.2. Композиция
4. Майлы бояумен жұмыс істеу
4.1. Этюд салу үстіндегі жұмыс
4.2. Картина салу үстіндегі жұмыс
4.3. Майлы бояумен ұзақ уақыт жұмыс істеу техникасы
5. Шығармашылық бөлім
5.1. шығармашылық ізденіс

5.1. Бурабай

Қорытынды

Қолданылған әдебиет
Кіріспе

Бейнелеу өнерінің көп тараған басты түрлерінің бірі – кескіндеме.
Өнердің күрделі де маңызды түріне айналу үшін ол ұзақ жолдардан, қилы
кезеңдерден өтті. Сурет салу ермек емес, адамды табиғат көріністерін,
маңайымды қоршаған неше түрлі оқиғаларды жазақтықта бейнелеу, шым-шытырық
өмір, жайнаған табиғат құбылыстарын екі өлшем бойынша қылқалам арқылы ғана
шағын жазықтықта бейнелеу оңай міндет емес. Сызық, жарық пен көлеңке, түс
болу т.б. тәсілдерді пайдалану арқылы суретші болмыстағы сан алуан
оқиғаларды тізбек-тізбек етіп көз алдымызға келтіреді, ерекше эстетикалық
толқу, ой сенімін туғызады. Ұлы суретші Илья Репиннің : Кескіндеменің жаны
бояу емес, идея, тек идея! - деген1 пікірді бұл өнер түрінің негізгі
әлеуметтік мәнін дұрыс түсінуге көмектеседі.
Көне заманнан бері келе жатқан сурет салу өнері сызықтан (графикадан)
басталады. Графика дегеніміз грек тілінен аударғанда сызамын, жазамын,
сурет саламын деген мағынаны береді.
Бірте-бірте графика техникасы күрделене түсті де, кескіндемеге жол
ашты. XV-XVI ғасырларда Еуропада сурет салудың негізгі материалдары әр
түрлі ағаш тақтайлар болды. Шығыста шұға, пергамент (бұзау терісі),
күріштен жасалған қағаз пайдаланылды. Қазіргі суретшілер қалың
қолданылады. Шығарманы жазуға кіріспес бұрын шебер оның жоспарын, құрылысын
(композиция) мұқият ойластырады, қағаз бетіне алдын-ала шағын суреттер
(эскиз) салады. Ірі туындылар қажырлы еңбекті, ұзақ уақытты талап етеді.
Мысалы, Ренессанс дәуірінің алыбы Леонардо да Винчи өзінің әйгілі “Мона
Лиза – Джокодасын” жасауға бір жылдан астам уақытын сарп еткен. Сәл ғана
езу тартқан, бет әлпетінде күлкі өзі ойнаған уыздай жас келіншектің
бейнесін салу үшін майталман шебер лайықты кеіпкерлер іздеп, Италия
қалаларын аралады, көп аам жиналған сауық кештеріне, жәрмеңкелерге, шөп
сататын базарларға барып тұрды. Демек, Леонарданың кескіндеуді бейнелеудің
басқа түрлерінің бәрінен жоғары қойып, “өнердің атасы” деуі өте орынды
сияқты. Мұндай құнды еңбек ұзақ уақыт ізденуден туады. Ол айна бетіне
шағылысып түскен бейнеден анағұрлым терең, мазмұнды әрі көркем болуы тиіс.
Италия өнерінің тағы да бір кемеңгер қайраткері Рафаэль Санти осындай
творчествалық азаптарды еске ала отырып: “Мен бір сұлудың салу үшін бірінен-
бірі өткен жүздеген сымбатты арулармен жақын танысып, оларды көз алдымнан
өткізуім керек”, - деген екен. Осы бір ғана сөйлемде қаншама терең сыр
жатыр. Ал орыс суретшісі Александр Иванов өзінің Третьяков галереясындағы
“Мессияның халыққа көрінуі” деген атақты туындысына қайта-қайта оралып, оны
толық аяқтауға жиырма бес жыл өмірін арнаған.
Көптеген суретшілеріміздің кескіндемелік шығармалары тұрмыс-салтты,
әдеп-ғұрыпты, халықтар дәстүрін баяндауға арналған. Мысалы, Әбілхан Қастеев
салған революциядан бұрынғы қазақ елінің тарихын бейнелейтін туындыларды
еске алайық. Оның Сатылған қалыңдық және Қыз алып қашу деген еңбектері
көптеген ғасырлар бойы мықтылардың отымен кіріп, күлкімен шыққан, күң
болған қазақ қыздарының революциядан бұрынғы қайғылы да зарлы өмірін көз
алдымызға елестетеді.
Бізді қоршаған жаратылыс адам үшін тек өмір сүретін орта ғана, оған
күнделікті әсер ететін құдыретті күш. Сондықтан да табиғат көрінісін
бейнелеген орыс суретшілері Левитан, Шишкин, Васильев, Куинджи туындыларына
таңырқамай қарау мүмкін емес!
Туған еліміздің ақ қайынды ормандарын, тұнық сұлу көлдерін, сылдырлап
аққан мөлдір бұлақтарын поэзияға, жырға айналдырған суретшілер Грабаль,
Сарьян, Герасимов, Пименов, Рылов және тағы басқа пейзаж жанрына мол үлес
қосқан қылқаламның көрнекті шеберлері. Демек, дүниеүзілік өнер өнер және
мәдениет мұраларымен жан-жақты танысу ізгі міндет. Ол бүгінгі күнді,
өткендегі қилы-қилы оқиғалар мен өмір құбылыстарын түсіну үшін қажет. Бұл
ретте, рухани өмірімізге кескіндеме айрықша орын алады. Бейнелеу өнерінің
тарихында әлі күнге дейін өзінің көркемдік, қоғамдық маңызын жоғатпаған
живописьтік туындылар аз емес. Мысалы, Рафаэльдің Сикс мадоннасы, Брюллов
салған Помпейдің соңғы күні, Суриков қылқаламынан туған Барыня Морозова
және тағы басқалары.

Мен көп жылдар бері Бурабайға барып жүрмін. Бір қарағанда төңіректі
қоршаған сулулыққа әлдеқашан көзім де, көңілім де тояттағандай.
Бірақ, таңертен екі мезгілде біртүрлі ғажап коріністерге ұдайы таңдануым
таусылар емес: ақбалтырлы қайындар шыққа малынып, оның сәулесі күмістей
жалтыраған. Айнакөлге түскен сәтті корсеніз қой! Бұл бір таусылмайтын
жыр... Бұл- бұл ма, алыстан келген демалушыларға халық аузындағы Бурабай
туралы аңызды айтып беру мен үшін өте бір ғанибет. Әуел баста тәңірі мына
әлемді жаратқанда қазақтарға қалық қыртысты, кең жазықты ғана сыйлаты- мыс
. Осы азсыңған қазақтар жаратушыға базыналық айтқан деседі. Сонда ол
қоржынына қол салып, қолына түскенін осы атырапқа шошып жіберген екен
дейді. Бүкіл Көкше, Бурабай сонда пайда болған сілемдер болса керек.
Бәрібір енді бүгін оның сәнін айтып, жеткізе алмайсын...
1.1. Кескіндеме түралы мәлімет

Живопись атауын қазақ тіліндегі әдебиеттерде кескіндеме деп
аударып жүр. Ол негізінен силуэт, сыртқы пошым (бейне), яғни табиғаты
жағынан графика түсініктеріне жақын. Ал бұл жерде кескіндеме бейнелеу өнері
ретінде қолданалып отыр. Кәсіби өнер түсінігіне келетін болсақ
(Профессиональное искусство), әдейі академиялық білім алған суретшілер
шұғылданатын өнер. Оның бұл түріне айналысатын адамның академиялық
машықтылық пен академиялық позициялық принциптері қоятын талап-тілектері
кәсіби деңгейде меңгеру тиіс. Осыған байланысты Кәсіби кескіндеме өнері
деген тұжырымды анықтап айтатын болсақ академиялық позициялық
принциптерінде қалыптасқан бейнелеу өнері. Қазақстанда Ұлы Қазан
төкерісінен кейін пайда болған Республикалық мәдени өнеріне түбегейлі әсер
еткен академияның позициялық принцип негіздерін анықтайтын Еуропалық
классикалық реализм. Бізге Москва, Ленинград секілді орталық қалаларда
орналасқан Кеңес Үкіметінің көркем өнер орнындарынан енген еді. Біз
бейнелейтін өнердің оның басқа түрлері секілді адамның көңіл-күй сазы мен
сезімі тереңдеудің дамытуда, яғни эмоционалды тәжірибені арттыруда қосатын
үлесіне рухани мәдениетімізді меңгеруге этикалық, эстетикалық тәжірибенің
тиімді жолын ашуға табиғи жағдайда жасайтын құрал ретінде қарастырамыз.
Дегенмен бейнелеу өнерінің негізгі критерилері.
Бейнелеу өнері деген түсінік атауының өзі білдіріп тұрғандай ол
затты, тұлғаны, табиғатты бейнелеу деген сөзден пайда болады. Яғни,
көркем құрал-тәсілдер (бояу түсі, жағыз, штрих, нақыштау, ою, шекімдеу)
және материалдар (қағаз, кенеп (холст), саз, тас) арқылы табиғи объектінің
образы бейнесі сомдау. Ол шындықтың образды көшірмесі болғандықтан ұқсас,
ұқсас емес деген критерилермен бағаланады. Бейнелеу өнерінің реализм
түсінігіне қатысты айқындау сипаты осыған байланысты. Бейнелеу өнерін әр
кезеңде, әр жағдайда түрліше айтады. Өнердің осы түріне енетін шығармаларда
көзбен қарау арқылы түсініп, бағалап, кеңістікке қабылдаймыз. Осыған
байланысты кеңістік немесе кеңістікті бенелеу, яғни визуальді өнер
түсініктері бейнелеу өнеріне синоним бола алады. Орысша айтқанда ол
профессиональное немесе визуальное искусство.
Сызық пен жазықтық үшін масштабтылығымен пласстикалық икемділікке
қатысты оның пласстикалық өнер деп қалыптасты.
Бейнелеу өнеріне тағы бір синонимі - әсем өнер. Мұндай шығармалар
сазды нақыш пен әсем бедерлік, айшықты бояу түсімен ырғақты сызық әуендері
мен таңбалар кереқарлығымен анықталатындықтан және оның басты көркемдік
бейнесі – сұлулық, әсемдік болғандықтан да, ол осылай аталады. Дегенмен осы
түсініктердің ішінде жиі пайдаланатын термин – бейнелеу өнері. Ол заманның
рухани мәнін, саяси философиялық көркем мәдени эстетикалық адамгершілік
идеяларын мағыналы мазмұнға айналдырады. Осыған эмоционалды психологиялық
сипат береді. Бейнелеу өнерінің түрлеріне живопись, графика, мүсін, көркем
фото т.б. жатады. Сонымен бірге сәулет өнері, қол өнері, дизайн үшін
кеңістікті, пластиканы, визуальді әсем деген секілді түсініктерде ортақ
екені белгілі. Қолөнер туындылары, дизайн бұйымдары, архитектуралық
ғимараттар нақтылы ешнәрсені бейнелегенмен, олардың образы, пішіні,
құрайтын көркем пластикалық құрылымдары мен ырғақты тізілімше және синтезді
сипатына қарай өнердің осы түрлерінде бейнелеу өнерінде жанаманы
жатқызамыз. Ал живопись пен қол өнер арасындағы айырмашылық біз бейнелеу
өнері деген түсінікті өзінің атауына сәйкес реалистік өнерімен синони
ретінде қарастыру тәжірибесіне байланысты анықталады. Жалпы айтқанда
бейнелеу өнерінің өткеніне зер салып қазіргі таңдағы көрінісіне талдау
жасасақ және оның болашағына көз жүгіртер болсақ бейнелеу өнері жөнінде
қалыптасқан өзіміздің білетін классикалық пікір мен қазақтың әстүрлі
шығармашылығы және осы шығармашылық негізінде пайда болған дәстүрлі халық
өнері мен дәстүрлі өнер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды,
олардың өзара әсері мен жүйелі даму заңдылықтарын да ескеруіміз керек. Ол
үшін біз бір жағынан бейнелеу өнердің өрбу аумағын қамтитын заңдылықтарына
назар аударуымыз керек. Оның реализм шеңберінде көріністері мен даму
тарихында орын алған көркемдік, стильдік, жалпы халықтың сипаттағы бет-
бейнесін анықтап алуға тиіспіз.
Осы айтылған мәселені екінші бір бейнелеу өнерінің жалпы халықтың
сипаты мен бірге оның ұлттық ерекшелігі болатыны дауыссыз. Ал ұлттық
белгілердің қалыптасуы өнердің синтездік болмысы мен анықталатын күрделі
құбылыстарымен байланысты. Алдымен бейнелеу өнерінің табиғи сипатына
байланысты қалыптасқан реализм түсінігіне тоқталайық, бұл түсінік бұрынғы
мектеп және жоғарғы көркем оқу орындарында жетекші орын алып келеді. Өнер
тарихында реализмнің басты ұғымы мен табиғатымыз жоғарғы тас дәуірі
кезеңінен бері қарай дамытамыз. Бұл кезең өнері қуатты және өміршең
болатын. Одан кейінгі ежелгі Қосөзен өмірі, Мысыр, Қытай, Жапон, Үнді
секілді елдердің ішкі мәдениетіндегі ұлттық ерекшелік пен реалихзм
арақатынасындағы көркемдік римдерге әлемдік мәдениет тарихы үшін көкейкесті
мәселелердің бірі.

2. Пейзаж дербес жанр ретінде.

Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз
осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңап алады.
Пейзаж (“Paysade” деген француз сөзінен шыққан) – бұл ландшафтты,
табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және
басқа Шығыс елдерде (VII-X ғасыларда) Еуропадағыдан ертерек қалыптасты.
Еуропаық живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда болды, ал содан
кейін Голландияда ерекше жоғарғы дамыды. Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
XIX ғасырдың соңына түспе-түс келді (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және
басқа да көптеген суретшілер).
Пейаж – қайсібір жерлерді жай айнытпай бейнелей салу емес, онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүкіндіктері жатыр. Адам
өмірімен салыстырып қарағанда аспан, теңіз толындары, ормандар мен таулар
жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде қалады. Бірақ
осы бір өгермейтін табиғатты алуан дәуір суретшілері түрліше көріп, түрліше
бейнеледі.
XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз үнемі дерлік
романтикалық сарынсыз болып келеді, олар табиғат сұлулығын іңкәрлікпен
қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз-сауда мен жұмыс орны, тіршілік
әрекетін іздстіретін кеңістік.
Атақты маринист Айвазовскийде теңіз әрдайым дерлік үрейлі дүлей күш,
мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан зор толқындар қия жартастарға лап
қояды. Адамдар, тіпті көшелердің өзі де осынау қаһарлы, өлшеусіз қуатты
стихияда өте кішкентай әрменсіз де қорғансыз. Оның картиналары әсем
стихияға деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөлінген.
Бір табиғи мотивтың өзі суретшінің қыл қаламына мүлде басқа толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл-күйін
береді.
Оның үстіне, “мәңгілік” табиғат тіршілігіне уақыт өтуімен бірге жаңа
әуендер енеді, табиғат адамның әсерімен өзгеріп отырады. Темір жолдар,
автомобиль жолдары, жоғарғы вольтті электр желілерінің діңгектері мен
сымдары, аспанда ұшқан реактивтік самолеттің будақтаған ізі – осының бәрі
бүгінгі күннің көрінісі. Мұны қазіргі заманғы суретші аңғара тұра аолмайды.
Пейзаж және натюрморт, әдетте, тақырыптық картинаның құрамдас бөліктері
де болуы мүмкін. Бұл жерде олар көркем образды жасауда белсенді қосалқы
роль атқарады.
Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын
көрсететін қандай да бір шын мәніндегі немесе фантастикалық көріністі
бейнелейтін картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы
замандардан өз бастауын алады – жартастар мен үңгірлерде алғашқы қауым
адамның аң аулау сәтін және бақа да іс әрекет түрлерін бейнелеген суреттер
көптен табылуда. Ежелгі Египет, Греция, Рим заманынан қабырғаға салынған
живописьтің тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.
Бірақ станоктық тақырыптық картина тек Ренессанс дәуірінде ғана пайда
болды, кең өріс алды. Тақырыптық картина дамуы оңаша сараптай алады.

1.3. Қазақстандағы кескіндеменің дамуы.

Кескіндеме – туындылары арнаулы материалдың бетіне бояу арқылы
салынатын бейнелеу өнерінің бір жанры. Суретші кескіндемелік шығармасы
арқылы заттың сипаты, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен
көлеңкесі, қысқасы кең дүниенің сұлулыққа толы таңғажайып байлығын ашып
бейнелеуге ұмтылады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік
дамуын бейнелеумен қатар, идеологиялық және танымдық қызмет атқарады. Ол
тарихи, тұрмыс салт, соғыс, пейзаж, портрет, натюрморт тәрімізді негізгі
жанрларға, сонымен қатар орындау сипатына арналуына, бейнелеріне қарай –
монументті сәндік (қабырға өрнек, плафондар, панно), қондырғылы
(архитектуралық үйлесуге қатысты жоқ суреттер, яғни картиналар) және сәндік
суреттер (театр мен кино көріністері, ондағы киім үлгілерін бейнелейтін
суреттер), икон салу, миниатюра тобына бөлінеді.
Кескіндеме тағы бір түрі диорама мен панорама. Сондай-ақ, белгілі бір
монументті туындының шешімін табуда мозпйка мен витраж да кескіндемемен
ұштасып жатады. Суреттің өңін келтіретін бояу түрлері мен ойын сауық
әдістеріне қарай да кескіндеме туындылары майлы бояулы кескіндеме, фреска
(кеппеген сылаққат сулы бояумен салынады), темпера (әр түрлі қосындыдан,
яғни жұмыртқаның сарысы мен өсімдік шырынының қосындысынан, немесе желім
мен майлы су ерітіндісін араластыру арқылы т.б.), елімді бояумен,
балауызбен, сырлы бояумен, керамикалық бояумен (тез балқитын әйнексыруды
күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын суреттер
болып жіктеледі. Кескіндемелік шығармаларды салуда акварель, гуашь,
пастель, тушь қолданылады. Суреттің мазмұнына қарай бояу түсін құбылту
кескідемедегі негізгі әдіс болып саналады. Әр түрлі бояулардың үлесімін
тауып, түсін құбылтудан бар кескіндеменің суретші қалаған нақышы шығады.
Бір ғана түстегі бояу мен реңнің құбылту арқылы салынатын кескіндеменің
түрін – монохромды кескіндеме деп атайды. Профессионалды кескіндеменің туып
қалыптасуы мен даму жолы ХХ ғасырдың 30 жылдары басталады. 1933 жылы алғаш
рет Алматыда Қазақстан Суретшілер Одағының ұйымдастыру комитеті құрылса,
1935 жылы Қазақстан Мемлекеттік көркемсурет галереясы, ал 1938 жылы
Театркөркемсурет училищесі ашылды.
Суреті Н.Г.Хлудовтың “Киіз үй” (1891), “Тайынша мінген бала” (1907),
“Тау өзені” (1933) атты шығармаларында қазақ халқының өмір тіршілігі,
тұрмыс-салты мен мекен-жайының көркем табиғаты өз бейнесін тапты. Алғашқы
ұйымдастыру жылдарындағы көптеген қиындықтарға қарамастан, қазақтың
бейнелеу өнері елімізде болған маңызды өзгерістерді бейнелеуге ат салысты.
30 жылдардағы кескіндемелердің салған суреттерінде жаңа дәуірдің жарқын
бейнесі Ф.И.Блокоевтың “Қазақ қыздары” мен “Ертістегі көпір құрылысы”,
В.И.Антощенко-Оленевтің “Станокшы қыздары” т.б. көрінді. Қазақстандағы
бейнелеу өнерінің дамуы реалистік кескіндеме заңдылықтары мен тәсілдерін
меңгеруге ұмтылған жас суретшілердің қатарын молайтты. Мысалы, А.Ташбаев
“Автопортрет” (1930), Б.Сәрсенбаев “Бай” (1934) атты картиналарын салды.
Осы жылдары қазақ бейнелеу өнеріне өзіндік үлес қосқан Ә.Қастеевтің
акварельдік туындылары (“Мектепте”, “Қызды еріксіз аып қашу”, “Сатып
алынған қалыңдық”, “Колхоз той”: 1930-1938) өмірге келді.

1.4. Қазақстан пейзажисстері

Кескіндеме Қазақстан территориясындағы ежелгі өнердің бір түрі болып
саналады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде оның алғашқы элементтері
былғарыдан, сүйектен, ағаштан, тастан, металлдан, матадан жасалған
бұымдарды нақыштаудан көрінеді. Орта ғасырларда архитектура құрылыстардың
безендірілуі мен халықтық қолөнерде сурет кең қолданылды. Ахмет Иассауи
мешіт-кесенесінің (14 ғасыр Түркістан) нақышталуында, беіт үстіне қойылған
құлпытастар мен бекістастарда (геометриялық көрініс, жануар бейнелері),
кілемдерде (текемет, сырмақши, алаша, басқұр, т.б.), ыдыс аяқтар мен үй
жиһаздарында суреттер елеулі орынға ие болды.
Қазақтың тұңғыш суретшілерінің бір – ұлы ағартушы, ғалым Ш.Уәлиханов.
Ол өзінің саяхаттары кезінде туған жердің пейзаждарын, ежелгі
ескерткіштерін, тұрмыстық заттарын, киімдерін өмір көріністерін, адам
портреттерін (Сырымбет, Шақырымдық бағана тұсындағы табиғат көрінісі,
1850; Сартайдың портреті, 1856) қағаз бетіне түсірді. Қазақстандағы
бейнелеу өнерінің дамуына суретші Н.Г.Хлудовтың тигізген әсері зор болды.
Ол ұйымдастыған тұңғыш көркемсурет студиясынан бірінші профессионал қазақ
суретшісі Ә.Қастеев бастауыш білім алды. Н.Хлудов қазақтың тұрмыс-салт
дәстүрін, табиғат көріністерін бейнелейтін (Әйелдің портреті 1885, Тау
өзені, 1886, Салт атты, 1902) біраз еңбектер тудырды.
Қастеевтің ұлттық нақышқа толы, өткір бейнеленген (С.Құсықбаевтың
портреті, 1930; Кітап ұстаған қазақ қызы, 1932; Абай, 1934) біраз
суреттері бар.
1945-1956 жж. Қаз КСР-і Суретшілер Одағы басқармасының төрағасы болды.
1931 жылы бірінші рет көшпелі көрмеге қатысты. Оның Мектепке,
Автопортрет, Қарындасымның портреті (1930), Көгілдір көйлекті қыз
(1931) және де басқа портреттік туындылары көркем шеберліктің үлгісі әрі
олар бейнелеген қаһармандарының жан дүниесіне терең бойлай білудің айғағы.
1937 жылдан табиғатты бейнелеу жанрында жемісті еңбек етті. Бірқатар
шығармаларында қала болмысы (Кіші станица көрінісі, Медеуде, Тау
көрінісі, т.б.) бейнеленді. Туған жерге деген махаббатты Жайлауда
(1938), Үй жанында (1940), Күзгі табиғат (1942), !Айдынды мұз (1951),
Биік таудағы мұз айдыны (1954), Гүлденген алма ағашы, Қыс (1958),
Суретші шеберханасында (1962), деген туындыларында анық байқалады.
Түрсиб (1932), Егін орағы (1934), Жаңа мен ескі тұрмыс (1937-41),
трихтиптарында қазақ ауылының төңкеріске дейін және одан кейінгі өмірі мен
тұрмысы шынайы бейнеленеді. Ә.Қастеев Азамат соғысы тақырыбына арнап
Қазақстанда Қызыл Армия ұйымдастыру (1940), Амангелді сарбаздары (1970)
сияқты картиналар салды. Жайлаудағы автодүкен (1963), Қапшағай ГЭС-і
(1972) монументті полотнолардың, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің
портреттерін (Сәбит Мұқанов, 1945, Сауранбаев Н., 1943).
Қазақстан жерінде, Тың туралы, Қазақстан байлығы сияқты
акварельдік топтамалардың авторы ә.Қастеев қаламынан туған мыңдаған
картина, акварель, суреттер республиканың бейнелеу өнеріндегі жылнамасы
іспетті.
Салған суреттерінің көркемдік дәрежесі жоғарғы, дербес шығарма болып
есептелетін аға буын суретшілердің қатарына Е.А.Говорованы Өзен
жағасындағы қарағай, 1940; Мәжнүн тал, 1958; Ымырт, 1965), Р.В.
Великанованы (Қарағаштар, 1942; Табиғат құшағында, 1964), Қ.Қожықовты
(Абай өлеңдерінің иллюстрациялары, 1944-48), Л.В.Гербановскидің (Атты
қазақ, 1933), П.Я.Залцманды (Жорық, 1967), Ә.Ысмайловты (Қарағанды
шахталарында, 1932; Шахтерлер, 1932) т.б. атауға болады. Сурет жанрында
1950-60 жж. белгілі суретшілер Сахи Романов, Е.М.Сидоркин, Г.М.Ысмаилова
жемісті еңбек етті.
Негізінде Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі, Қарағанды
облысында Бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з., б. 10-8 ғ.), атақты
Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з., б. 2ғ. Мен б.з. 2 ғ.)
т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша Бибі кесенесі,
Ахмет Иассауи мешіт-кесенесі, Бабаджа Хатун күмбезі қазақ халқының атадан
балаға мұра боп келе жатқан ою-орнек, әшекей түрлерінің бәрін Ұшыратуға
болады. Бұл күнде кәсіби дәрежеге жеткен қазақ бейнелеу өнерінің түрлері –
кескіндеме, мүсін өнері мен графика, халықтық қолтаңбалы өнер дамудың сара
жолына түскен. Оның барлық түрлері мен жанрлары өркен жайды. Қазақстан
шеберлерінің шығармалары шетел галереясынан ҰМ.С.Кенебаев, С.Ә.Мамбеев,

2.1. Әдістеме

Мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері пәні арқылы бала бояу түрінің
байлығын ашады. Бала осы пәннің жүргізілуіне айналасын қоршаған дүние мен
оқиғаны, табиғат пен құбылысты, жалпы алғанда, өмір шындығын қабылдауына
және оны образды түрде қайта жасауына болатын ерекшіліктерді біледі.
Өйткені бұлар бейнелеу өнеріндегі көркемдігіне күштің қуатты болуын
арттырады. Сондықтан мектепте жүргізілетін бейнелеу өнері жас ұрпаққа
эстетикалық тәрбие берудегі мықты құралдың бірі ретінде оқушыларға осы
ерекшеліктерді білгізугеь тиіс. Сонымен қатар, бейнелеу өнері пәні
мектептегі білімдік, тәрбиелік ролін толық, дұрыс іске асыру үшін жас
ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілуі керек. Оқушы мектепте өтетін барлық
пәндермен қатар бейнелеу өнері пәнінен де өзінің психикалық қабілетін
жетілдіру мүмкіндігіне ие болады, қиялдау қабілетін дамытуға мүмкіндік
алады. Өйткені, төменгі сыныпта оқушыға берілетін мәлімет пен әртүрлі
хабарлар мектепте мұғалімнің айтуы, оқулықтағы жазылған сөз арқылы
беріледі. Яғни, сөздік сипаттама немесе сурет, схема түрінде көрсетіледі.
Оқушы солардың бәрінің шындық бейнесін өзі әрқашан көз алдына келтіріп,
қайта құруы керек (ерлік көріністерді, өткеннің оқиғасын, геометриялық
фигураны, не белгілі бір кеңістікті, т.б.). Мұндай қайта құру, қиялдау,
елестету қабілеті балада бірден бола бермейді. Оған мектепте жүргізілетін,
сабақтардың барлығында үйретіледі. Солардың ішінде, әсіресе, бастауыш
сыныптағы жүргізілетін еңбек сабағы мент сурет сабағында, әдебиетте бұл
мүмкіндік басым болады. Ал мектептегі сурет немесе бейнелеу өнері сабағының
бұл мүмкініктерінің жемісті болуы, оқушының көркемдеп қабылдай алуына
байланысты. Сол себепті баланың көркемдеп қабылдай білуін қалыптастыру өте
қажет. Бұл қалыптастыру оның түп тамырында жатқан теориялық негізді
білгенде ғана мүмкін.
Оқушының айналасындағы өмір шындығын көркемдеп көруі, шын мәніндегі
сұлулық пен әдемілікті жете білуі, оны бағалай алуы, мүмкіндігінше өмірде,
тұрмыста әдемілік пен сұлулықты жасауға ұмтылуы оның белгілі бір білім
дәрежесін меңгеруін талап етіп, білімділікті керек етеді. Яғни, түр, түс
және жарық пен көлеңке, дыбыс ерекшеліктері мен ырғақтарды білуді қажет
етеді. Айталық, көркем сөздегі әнерлі де сиқырлы, сырлы сөз болуы, жанрлық
ерекшелік пен өнерге тән әдістерді, олардың тарихи шарттылығы дегендерді
керек етсе, сурет салу бояу түсін, бір нәрсені не оқиға мен құбылысты
көрсетуде белгілі бір тұтастық сақтау, оны көрсету жолдарын жетік меңгеру
талап етеді. Осы айтылғандар арқасында адамда талғампаздық пайда болады,
эстетикалықбелсенділік туады. Ал мұның бәрінің іске асуы бала көркемдеп
қабылдай алғанда ғана мүмкін. Бейнелеу өнері – адам баласының адам болып
жаралғалы заманнан заманға оның эстетикалық байлығы, мұрасы ретінде ұласып
келе жатқан өнер саласы. Сурет тікелей өмірдің өзімен өзектес өнер. Сурет
ғасырлар бойы адам басынан кешкен дүние тарихын бүгінге жеткізіп отыр.
Кеңес Одағы тұсындағы, одан бергі де археолактардың жер астынан, небір
үңгірлерден тапқан ертедегі өнер туындылары дәлел бола алады. Небір құпия
сырларды шертер, жалпы, ғылым атаулының әр саласында өзіндік үлес қосар жер
астынан табылған суреттер, әдемі әшекейлі заттар немесе Шоқан жазған
күнделіктері мен оған қосылған суреттері, тек жәй таңырқап қоя салатын
заттар емес. Ол – біздің бұрынғы жасап өткен ата-бабаларымыздың мәдениеті,
тарихы, олардың бейнелеу өнеріндегі қабілеті. Сонықтан да бейнелеу өнері –
көркемдікке, адамдыққа тәрбиелеудің ерекше жолы. Оған тағы бір дәлел –
баланың сурет салуға ерте ұмтылуы. Жазу-сызуды білмеген кішкентай бала
қағаз алып, қаламмен өзінше сурет салады. Онысы жәй шимай болуы мүмкін.
Бірақ, осының өзінде баланың түсінігі өзіндік көзқарасы болатыны мәлім.
Сондықтан да оны дамытуға арнайы жүргізілетін тәрбиелік жұмыс болуы керек.
Сол арқылы, яғни білімділікпен жетекшілік ету ғана баланың алғашқы
ұмтылысындағы жай шимайдан бірте-бірте арылып, бейнелеу өнеріне керекті
білім негізімен қаруландырады. Ал, бұл айтып отырғанымызды іске асыру тек
маманданған суретті дайындауға ғана керек емес, бұл жалпы балада әдемілік
пен көркемділікті тану және өмірді тани-білуде талғампаздықтың болуы үшін
қажет. Олай айналадағы дүниені тану есігі қабылдаудан басталатын
болғандықтан және біз зерттеп отырған мәселенің өзі осы қабылдауға үйрету
болғандықтан да, бұл бағытта философия, психология, педагогикалық негізге
жүгенелік. Адам баласы айналадағы дүниені сезінуі арқылы біледі. Мәселен,
жарықты көреді, дыбысты естиді, қатты мен жұмсақты етіне, денесіне тигеннен
сезеді. Сондықтан да адамның айналасындағы дүние мен құбылыс туралы әртүрлі
мәліметті сезім мүшелері арқылы алатынын философия да, психология да,
педагогика ғылымдары да айқын ашып көрсетеді. Бұл ғылымдар дүние танудағы
олардың ерекшеліктерін және баланың жас ерекшеліктеріне сәйкес болатын
өзгерістерін айқындап береді. Диалектикалық және тарихи материализм,
философия оқулықтарында атауға болады. Бұларға қоса кеінде психология,
педагогика ғылымдарымен шұғылданған Мағжан Жұмабаевтың еңбектері бізге
тірек болатыны мәлім.
Бейнелеу өнері пәні бойынша суретші өнеріне керектінің бәрінің негізін
бастауыш мектепте қалайды. Айталық, бейнелейтін затты, ия құбылысты қағаз
бетіне орналастыру жөнін, оның көлем көрінісін көрсетуге, олардың ара
қатынасын, оларға жарық пен көлеңке түсуін, сурет салудағы сәйкестікті т.б.
жасай алу немесе сол туралы алғашқы түсінікті осы бастауыш сыныпта алады.
Бұлардың әрінің де өзіндік атауы, яғни термин түрінде берілген сөздері бар.
Олар: композиция, натюрморт, перспектива, пропорция, пейзаж, эскиз,
акварель, гуашь, фон және т.б.
Оқушыларға көркемдік білім беру олардың өнерге деген қабілетін
арттырады, оларға салауатты сурет салуды меңгертуді, оқушылардың қоршаған
өмір шындығына деген эстетикалық қатынасын, көркемдік дүниетанымын
қалыптастыруды көздеуіміз қажет.
Бейнелеу өнерін теориялық білім беру әр жанрмен терең таныстыру,
нақтылы бейнелеуге жаттықтыру ісімен тығыз байланыста жүргізіледі. Бейнелеу
өнері туралы әңгіме жасағанда оқушыларды көркем бейнелеудің аса маңызды
құралдарын ұғынуға үйреткен орынды. Сабақ барысында әр алуан әдіс-тәсілдері
кеңінен пайдаланған жөн. Қажетті жағдайда мұражайлар мен көркемөнер
галереяларына экскурсия жасау да пайдалы болмақ.
Бейнелеу өнерінде қолданылатын термин сөздерді өз кезегінде түсіндіріп
отыру қажет. Оқушылардың ойын, қиялын кеңейтуге, көркемөнерге деген ынта-
жігерін арттыруға күш салу керек.
Әрбір сабақ қызықты және әсерлі өту үшін, әр түрлі бейнелеудің әдіс-
тәсілдерін игеру, үйрету, дағдыландыру талап етіледі. Графикалық
тәсілдердің бірнеше түрін меңгеруге, көркемдік мүсіндеуге және әртүрлі
табиғи материалдарды қолдануға ықпал жасалып, сонымен қатар әр алуан
материалдарды үлгілері көрсетіледі.
Суретшінің әрбір бағытта бейнелеген шығармаларының көркемдік
ерекшіліктері ұғындырылады. Әр түрлі шығармалар заман ағымына, уақыт
талабына сай айқындалады. Өнердің танымдық, идеялық, тәрбиелік және
эстетикалық қызметтерінің бірлігі түсіндіріледі. Көркем шындықты қабылдау
бөлімінде туған өлкенің өнерін шеруге аса мән беріледі.
Практикаық жұмыс істеу барысында бейнелеу қызметін бірнеше түрге бөлуге
болады. Мысалы, живопись, графика және мүсін өнері, дизайн, сәндік
қолданбалы өнер. Әр сабақ қуаныш пен шаттыққа, эстетикалық ләззатқа толы,
қызықты да әсерлі болуы тиіс. Ұстаз әрдайым шәкіртті ынталандырып отыру
үшін шығармашылық ізденіс үстінде болуы тиіс. Шәкірт бойындағы кейбір
жаттанды, құрғақ білім алу дағдысын жаятын жағдай туғызу қажет. Әрбір
оқушының жеке көзқарасына, дүниетанымына тікелей әсер ету керек.
Көркемөнерге деген ләззаттық сезім шәкірт жүрегінде терең ұялауы тиіс.
Сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады.
Оқу тапсырмаларын орындауда суретшілердің шығармашылық қызметін жете
меңгеру қарастырылады. Дер кезінде әр оқушының еңбегіне талдау жасалып,
тиісті баға берілуі керек.

2.2. Мұғалімнің өз алдына қоятын талабы

Бұл сөздердің айқын мағынасы көбіне көмескі қалып, көп жағдайда
мұғалімдер түсіндіруге алмай әлек. Сондықтан да ілгеріде айтылған
принциптерді басшылыққа алып, осы терминдік атауларды меңгерту бағытында
сабаққа ойын элементтерін енгізіп, ұтымды жұмыс жүйесі – жаттығуларды
жүргізіп отырдық.
Оқушыны бейнелеу өнеріндегі көркемдеп қабылдауға үйрету, оның
байқағыштығын тәрбиелеуді керек етеді. Осы орайда бейнелеу өнеріне “кіріспе
сабақ” деген атпен айналаны, табиғатпен түрлі құбылысты байқауға арнайы
сағат жұмсау ұсынылады.
Сайып келгенде, сурет салудың ең басты және негізгі заңдылығы мен
талабына үйрету дегеніміз мынаны білгізу:
1. Бейнеленгелі отырған затты қағаз бетіне орналастыру тәртібінің
(композиция) заңдылықтары.
2. Бояу түрі, түсі және олардың қолданылуындағы талаптарды білу.
3. Бейнелейтін заттың формасы, көлемі туралы.
4. Кеңістік пен уақыт туралы.

Осы айтылғандардың меңгерілуі дүниені, айналаны дұрыс көркемдеп
қабылдауға байланысты.
Бейнелеу өнерінің өзегінде жатқан философиялық, әлеуметтік,
адамгершілік идеялар; бейнелеу өнері айналада өмір көрінісі мен құбылысын
көрсететін болғандықтан да, диалектикалық-материалистік қағиданың іс-
әрекеттегі іздемпаздық мәні туралы айтқандарына, көркемдік пен сұлулық
туралы, оның қабылдау, ойлау тұтастығындағы көрінісі туралы, көркем өнер,
адамның өмір, өнер мен айналасындағы сұлулықты тану туралы айтылғандар -
әдістемелік негізіне жатады.
Әр мұғалім, педагог өз алдына талап қояды.
Кешегімізден керегіміз қайсы, одан нені алып, нені тастау керек?
Неміз жеткіліксіз, немізді жаңартып-жаңғырту керек легенге зер салып,
ойнау мен бойлауды қажетсінеді. Осы тұрғыдан оқу-ағарту ісінің барысында
нені қалдыру, нені қайта қарап өзгерту дегендерді де анықтау керектігі туып
отыр. Олай болса осы айтылған – аясында кезегі күтіп тұрған, ендігі жерде
ел болуымызға мейлінше қажеттілігі айқын бір нәрсе – мектепте жүргізілетін
сурет сабағы, немесе бейнелеу өнері. Бұл сабақтың жас ұрпаққа берері ұшан-
қиыр. Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді көркейтуге, жалпы алғанда өмірге
сұлулық пен көркемдікті тану, талғай алуға үйретуде, бүгін мектепке
жүктеліп отырған оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі жүргізудегі рөлі зор. Сонымен
қатар баланың тумасына табиғатында бар таланты болса, оның көзін ашып,
жетілдіруге көмектеседі. Баланың өсіп-өнуінде, оның жеке тұлға болып
қалыптасуында осындай үлкен мәні бар бейнелеу өнер пәніне бүгінге дейін зер
салынып, көңіл аударылуы жеткіліксіз болып келген.
Бейнелеу өнері сабағын, ондағы баланың айналаны қабылдап, бейнелей алуы
дегенге көңіл қойып, зерттеу жұмысына оны тақырып етуіміздің бірінші себебі
осы болады. Мектеп өмірінде басталған мұғалім ретіндегі жұмысымызда
сабақтың нәтижесі болуы, сурет салудың дұрыс жолын меңгерту, баланың
көркемдеп қабылдауына байланысты екндігіне әбден көз жеткендік екінші себеп
болды.
Бала өзін қоршағаны дүниені өнер арқылы таниды десек, сол өнердің бірі
– осы бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері пәнін оқытуда кезделетін мақсат - өмір
шындығының сұлулығын дұрыс тани, оны көре білуге, талғампаздыққа және
оқушылардың практикалық білімі мен көркемдік түсінуін үйлесімді ұштастыра
білуге үйрену. Өнерге деген ықыластығы мен қызығышылығын арттырып,
дүниетанымына жағымды ықпал ету және оқушыларды еңбекке ынталы етіп
тәрбиелеу, қарапайым тұрмыстық және өндірістік заттарға эстетикалық биік
талғам тұрғысынан қарауға, табиғат пен адам өміріндегі сұлулықты қорғай
білуге баулу. Бір сөзбен айтқанда, балаға эстетикалық тәрбие беру
көзделеді. Ал эстетикалық тәрбиенің жеке тұлға қалыптастырудағы рөлі
ерекше.

2.3. Пейзаж тақырыбына сабақ берудің әдістемесі

Пейзаж суретінің техникасын меңгеру кәсіби болашақ дизайнды
дайындағанда маңызды және базалы қасиеттерінің бірі. Бағдарламада сурет
жұмысына пейзаж тақырыбына көп көңіл бөлінеді. Студенттер барлық курста
табиғатты және сәулетті жанрлық эскиздеріне барлық бөлшектерімен
бейнелейді.
Композициялық тақырыптық пейзаждың мақсаты – студенттерді
шығармашылық жұмысқа даярлау, оларды дағды және әдет қабілеттерін
қалыптастыру, бейнелеудің әр түрлі жүйелігін қолдануға, сонымен қатар
студентті біртіндеп шығарманың эскизінен бітіруге үйрету.
Композициялық тақырыптық пейзаждың жұмысында студенттердің оқу-
шығармашылық міндеттері.
– Кеңістік орпентациясын дамыту, кеңістікте натураны үлкен масштабта
қабылдаудың кәсіптік қабілетін дамыту.
– натураны түстік, жарықтылық, фондық қасиеттерін ескере тұтас
қабылдауды дамыту.
– натураны аконстантты тұтас қабылдауды дамыту.
– бейнелеуде пропорционалды қатынастардың заңын қолдануға
қабілеттерін дамыту.
– моторлық координацияны дамыту және нақты көзбен жұмыс істеу,
қолмен, саусақпен жұмыстың оптималды және нақты қозғалыстарын дамыту.
– тәжірибелік әдет және дағдыларын графикада қолданылатын материалдар
(қарындаш, сангин, көмір, соус, пастель, фломастер, туш, бояужаққыш.
– шығармашылық қиялын дамыту – сурет арқылы шығармашылық образдар
жасау.
Мастерскойда пейзаждың композициясымен жұмыс істеу, үлкен тәжірибені,
көмекші эскиздік материалды талап етеді. Пейзаждың композициясын
ойластырғанда, студент әр түрлі варианттарды ойлаған композициясында байқап
көреді. Натурадан тез салынатын суреттердің (нобайының) мақсаты: моделді
тұтас қабылдау қабілетін қалыптастыру, бейнелеуде образдық негізін табу,
объектіні тез бейнедлеуге дағдылану. Композициялық тақырыптық пейзажды
шығарғанда, студент натурадан бейнеленген пейзаждың бөлшектерін
шығармашылықпен өңдей алады.
Пейзаждың бөлшектері транспорт түрлері, ағаштар, адамдар бола алады.
Негізгі модель сәулет пропорциясында пейзаж композициясында адамның
фигурасы болады, пейзажды толықтыратын оған масштабтық қасиет беретін.
Түсі, формасы, материалы әр түрлі объектілі пейзажбен жұмыс
істегенде, студент натураның формасына, құрылысын тек қана түсініп қоюды
талап етпейді, ол әр объектінің дара қасиетіне, құрамына тиянақты, мұқият
көңіл бөлуі керек. Пейзажды бейнелеу студентке мына проблеманы қояды –
терең кеңістіктің шешімдері. Кеңістік тереңдігінің мәселелерін шешкенде,
сәулет құрылыстарын, ағаштарды, үйлерді, малдарды, құстарды транспортты
натурадан пейзажға параллельді кіргізу керек. Пейзажбен жұмыс істегенде
мынаған көңіл бөлу керек – жарық ауа ортаға, натурадан жасалған объектінің
бастапқы және түстік қасиеттерін қосады, осының бәрі сурет салушының
алыстау дәрежесіне және көзқарасына байланысты.
Пейзаждың композициялық шешімдерін шешкенде, өзінің көргендерін,
толғандырған образдарының қосындысын, натурадан бақылауларын және тәжірибе
жұмыстарын – пейзаждың нк\егізі қылып алуы керек.
Пейзажды бейнелеудің тақырыптары.
1. Қалалық пейзаждың суреті.
2. Ауыл пейзажының суреті.
3. Индустриалды пейзаждың суреті.
4. Сәулет пейзажының сюжетті композициясын монохрамды шешу.
5. Пейзажда бір фигуралы композицияның суреті.
6. Пейзажда екі-үш фигуралы композицияның суреті.
7. Сәулет пейзажының көппланды композициясының сюжеті.
8. Пейзаж – суретте көпфигуралы сюжетті – тақырыптық композиция.
9. Пейзаждың көппланды композициясының графикалық стилизациясы
(панорама).
10. Сәулеттік әуендердің қоршаған ландшафтпен байланысы.
11. Сәулет әуенінің қарсылас кеңістік жоспарының суреті.
12. Бір бейнелеуде сәулет құрылысының әр түрлі композициясы.

2.4. Пейзаж сабағын өткізу жоспары (6-сынып).

Сабақтың жоспары (1-сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Қыс.

Сабақтың түрі: Пейзаж.

Сабақтың мақсаты: Қысқы табиғат әсемдігін көре білуге баулу. Қыс
айларындағы табиғат өзгерістерін, құбылыстарын
бейнелеуге үйрету. Оқушылардың байқағыштық
қабілетін дамыту, бейнені ойлауға дағдыландыру.

Сабақ қажетті

көрнекі құралдар: Қыс көрінісі туралы суреттер, суретшілердің еңбегі
слайдтар.
Оқушыларға: сурет салу альбомы,
қарындаш, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар,
қылқаламдар.

Уақыт жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин.)
3. Сыныптағы жұмыс (30 мин.)
4. Қорытындылау (3 мин.)

Сабақтың барысы: Амандасу. Сынып тізімін белгілеу. Оқушыларды қызықтыру
мақсатында қыс көріністері бейнеленген шығармалар мен фотосуреттерді қойып,
әңгімені бастаймын. Шығармалардағы қыс көріністеріне және ондағы бояу
реңктеріне, қандай бояумен орындалғандығына көңіл бөлу қажет. Оқушылар қыс
көрінісін, қыстағы қар, күн, ағаштарды бейнелегенде көгілдір қағазды фон
ретінде алса, ақ кар мен қарайған ағаштар айқын да әсем көрінетігін ұғынуы
тиіс.
Оқушылардың қыс жайындағы әсерлі ойларын толықтыру, байыту мақсатында
ақын-жазушылардың өлең-жырлары оқылады. Мысалы, қыс қызықтарына арналған
Қосжан Мүсіреповтың “Қыс” деп аталатын өлең оқылады.

Қыс.

Бір топ бала сырғанап,
Барады, әне жарысып.
Қалды артында қыр, алап,
Іздерінен қар ұшып.

Қырау қашып жағаға,
Аяз беттен өбеді.
Бірі мініп шанаға,
Бірі шаңғы тебеді.

Осы өлең оқылып болғаннан кейін, оқушылардың бейнелі ойлау қабілеттерін
қалыптастыру мақсатында сұрақ қойып, жауап алады.
- Ақын қай жыл мезгілін айтып тұр?
- Өлең шумақтарында бір топ баланың қандай ойындар ойнап жүргені
айтылады?
- Балалар қандай жерде шана, шаңғы теуіп жүр?
Жауаптары толықтырып, әр бір оқушыдан қыс туралы қысқаша, үсерлі
әңгімелеп беруін сұраймын. Немесе қыстағы табиғат әсемдігін бейнелеу
үшін қыс айларының қатайған аязын, суық жерлерін елестету үшін Абай
атамыздың өлеңі көмектесер.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр-мылқау танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.

Демалысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі қудаң қыс келіп, әек салды.
Ұшпадай бөркін киген өңшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.

Бұлттай қарсы жауып екі идік,
Басын сілкісе қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқ-сарқ етіп далданғанда,
Алты қалат ақ орда үй шайқалды.

Сонымен, оқушылар қыс жайындағы әңгімеден кеін сурет салуға кіріседі.
Салынатын сурет тақырыбын олардың өздері таңдап алуға мүмкіндіктері бар.
Қыс көрінісін жоғарыда айтылғандай көгілдір және сұр қағаз бетінде
орындаған дұрыс. Суық түстерді көбірек қолданған жөн. Табиғат көрінісін
бейнелеуде алыс, жақын, астында, үстінде, жанында ұғымдарын қалыптастыратын
перспектива заңдылықтарын міндетті түрде оқушылардың білуі қажет. Бірінші
зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол соғұрлым кішкентай болып көрінеді.
Перспектива латынның тасадан көру деген сөзінен шыққан. Қазақша
ұғымы көрініс дегенге келеді. Перспектива ұғымын дұрыс білмесек,
алыстан жақындағы заттар бірдей салынған болып шығады. Алыс орналасқан
заттың түсі де анық көрінбейді.

Қорытындылау: Оқушылар салған суреттерді қарап шығып, өз пікірімді
айтамын. Дұрыс-бұрыс жақтарын көрсетіп, түсіндіремін.

Үйге тапсырма: Қыс тақырыбына арнап сурет салу, өздері салған шығармаға
ат қою.
Осымен сабақ аяқталады. Қоштасу.

Сабақ жоспары (2-сабақ)

Сабақтың тақырыбы: Пейзаж- табиғатты бейнелеу .
Сабақтың түрі: Пейзаж.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғатты қабылдауға үйрету, оған
сүйіспеншілікпен қарауды қалыптастыру, суретті таза
салуға дағдыландыру, бейнелі ойлау қабілетін дамыту.
Сабаққа керекті
құрал-жабдықтар: Мұғалімге: акварель бояумен салынған пейзаж
суретінің бірізділігі.
Оқушыға: қағаз, акварель бофуы, жұмсақ
қылқалам (тиін)
Уақыт жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі (2мин.)
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин.)
3. Сыныптағы жұмыс (30 мин.)
4. Қорытындалау (3 мин.)

Сабақтың барысы:
Амандасу. Оқушыларды түгендеп, сынып тізімін белгілеу. Жаңа
тақырыпқа көшу.
Алдыңғы бейнені жоспарлау.
Алдыңғы бейнедегі көлеңкелер композицияны теңдестіруге көмектеседі.
Салынып біткен сурет бір –біріне қайшы келетін (горизонтальді) түстермен
бөлініп тұрады: ашық аспан, топтасқан ағаштардың қою түстері, күн сәулесі
түскен алаңқайлар (луг) және көлеңкеленген бірінші бейне. Бұл тәсіл
көрерменді суретке тарта түсу үшін суретшілермен жиі қолданылады. Бұл
сахнаның күннің сәулесі көп бөлігіне шақыру сияқты болып тұрады.
Арам шөптер мен гүлдерді бейнелеу.
Еркін түсірілген бояулар алдыңғы көріністі байыта түседі. Жылулық
сезілетін сары және сұр түстер биік арам шөптер мен кепкен шөптердің
бейнесін келтіреді. Ал бояуды көрсетпей тұратын сұйықтықты алып тастағанда
көрінетін гүлдер сары кадмимен боялған.
Жаңадан қосылған гүлдер суреттің бірінші көрінісіндегі арам шөптер мен
бұталардың сұр түсін айқындай түседі. Бұл гүлдер қызыл және ақ гуашпен
еркін салынады. Бұл бяу түссіз емес және басқа бояуларды көрсетпей, жауып
тастайтын қасиеті бар. Гүлдердің орналасуын тәртіпке келтірмей ақ салу,
оларды топтарға жинап әртүлі қылып өзгертіп салу керек.
Алдыңғы көріністегі көлеңке.
Жолға түскен көлеңке арнайы қою қылып салынбаған. Егер де ол көлеңке
қою болатын болса, онда ол ортаңғы көріністегі ағаштардың бейнесімен
таласып, суретте көрсетілген тереңдік илюзиясын бұзған болар еді.
Суреттегі түс сары охранның француз ультрамаринмен араласқан ашық түсті
қоспасын үш рет салу арқылы кезеңмен қалыптасады. Бұл суретшіге суреттегі
түсті жақсы сезінуге көмектеседі.
Күшті күн сәулесін қалыптастырғыңыз келмесе, көлеңкенің нақты шеттерін
слмаңыз. Көлеңкені қою қылып көрсету үшін қара түсті қолданбаңыз. Қою көк
және күлгін түстер сондай нәтиже береді, бірақ мұнда қара мағынасыздығы
жоқ.
Суретті жасау.
Дәстүрлі акварель бірқатар жоспарлау мент алдынала ойластыруды қажет
етеді.
Түстері жартылай реңсіз қабаттардан (ақ түске қара түсті), ақ түстің
үстіне қара түсті жабыстырудан тұрады және бұл процессті қайтадан жасау
мүмкін болмағандықтан, акварелистер бұл жағдайда жүйелі жолды қолданады.
Маңызды жағдайлардың бірі – ол ақ реңдерді жасау үшін қағаздың кейбір
жерлеін бояусыз қалдырады. Бұл жағдайды суретші алдынала ойластыруы керек.
Алғашқы қабаттарды түсіру.
Бірінші жай қарындашпен салынған суреттің үстіне жұқа реңсіз қабаттар
түсіріледі. Композицияның негізгі бөлімдері аспанды қоса алғанда, еітілген
сары охрамен белгіленеді. Ауреалин-алтын сары бояу алдыңғы бейнедегі
(лугты) салуға қолданылады.
Аспанның және ортаңғы бейненің құрылымы.
Аспан көк монастролмен араластырылған француз ультрамариннің
қабаттарынан құралады. Реңсіз сары түсті қылқаламнан тамыза отыра, суретші
көк аспанның кейбір жерлеріне әртүрлі бейнелерді суретші көк аспанның
кейбір жерлеріне әртүрлі бейнелерді қалыптастырады. Аспандағы топтасқан
бұлттар бейнесін көрсету үшін мақтаны пайдалана отыра, бояу кеппей тұрғанда
ақ қағазды және алғашқы реңсіз сары түстің кейбір жерін көрсете отыра,
бояудың кейбір жерін алып тастайды.
Тауларға жұқа қабатпен реңсіз, ақшыл түспен кармин салынады.
Алаңқайлар аз ғана көк моностлмен салынады, ал жол – сары охрамен
көрсетіледі.
Ортадағы ағаштар карминнің және аз ғана мөлшердегі көк моностролдің,
сары охраның, реңсіз сары кадмидің және ауреалиннен жасалған қоспамен
салынады. Сары және көк түстер жапырақтар үшін, ал ақшылт қызыл кармин
суретке жылылық енгізеді, ол өсіп тұрған орманмен ерекше теңеуге түседі.
Ағаштардың және (орман алдының бейнесі) бұлттардың бейнесі.
Бұл кезеңде жапырақтар күңгірт (қара) және басқа да түстермен
толықтырылады. Олар суретті тереңдете көрсетіп, көлеңкені қалыптастырады.
Негізгі діңгектер мен бұтақтар пейннің сұр түсімен, ал ұсақ бұтақтар
акварель толтырылған темір (перо) қанатпен салынады. Бұларды салу үшін
бояуды ағаштардан еш тәртіпсіз бірнеше рет жағуға болады.
Бұл жерде бейтарапты жасыл түсті алу үшін, сұр пейннің аз мөлшерімен
араласқан әртүрлі интенсивті индиго, ақшылт-сары кадмий және аурсолин
қолданылады.
Бұл қабаттар кепкенде, алтын күздегі жапырақтардың бейнесін көрсету
үшін жасыл бұталардың үсті-түссіз емес сары охрамен жеңіл ғана боялады.
Аспан бейнесі.
Аспан бйнесін күшейту керек. Оны еркін жазып, әртүрлі түсті суық бояуды
және суды көп қолданыңыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тау бөктерінде
Орта мектеп оқушыларына бейнелеу өнері пәнінде пейзаж жанры туралы және оның салу тәсілдерін үйрету
Мектептегі натюрморт сабағының өткізу әдістемесі
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Бейнелеу өнерінің түрлері
Қазақ гобелен өнерінің қалыптасуы
Кескіндеме туралы ұғым және оның тарихы
Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Қазақстандағы кеңестік мәдениет ошақтарының қалыптасуы
Пәндер