Қазақстандағы сауатсыздықты жою мәселесі


Мазмұны.
Кіріспе.
1тарау. Қазақстанда білім беру жүйесінің даму жолындағы
«Қазақстан мектебі» журналының қызметі.
1. 1. « Қазақстан мектебі» - педагогикалық әдістемелік ілім көзі.
2 тарау. Қазақстандағы білім беру жүйесін жақсартудағы
көтерген мақалалардың тарихи даму кезеңі.
2. 1. Қазақстандағы сауатсыздықты жою мәселесі.
(1920-1939ж)
Қортынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Ұстаздардың ұстазы - «Қазақстан мектебі»
Тәлім берді нұсқады, көкейдегі нәрі кетпейді,
Әр парағы әдіскер, үлгі өнеге бастауы,
Ұстаздарды дәріптер, ғалымдық содан басталды.
Қайым Қаблідрашид.
80 - жылдық тарихы бар ұлттымыздың зиялы қауымның зор ықыласына бөленген «Қазақстан мектебі» журналының ұлттық бсапасөздегі ұланғайыр орнына бүкіл халықтық мәртебесі жоғары - Білім ордасының қара шаңырағы болып отыр.
Қазақстан білім беру саласы мен біте қайнасып, ұлттық, халықтық, мемлекеттік деңгейдегі ең басты тұғыр, рухани, әлеуметтік интелектуалдық дамудың іргетасы - мектептің еліміздің әлемдік даму кеңістігіне енуіне, өркениетті елдер деңгейіне көтерілуіне, сайып келгенде, білімдегі бәсекелестік жағдайына жетудің бұл журналдың үлесі өлшеусіз.
Сонау 1925 жылдың тамызындпағы тұңғыш санынан - ақ қазақ, даласын нұрлы шапағатына бөлеп, білім нәрі мен сусындатқан бұл басылым бүгінгі күнге дейін Қазақстанда білім беру, педагогика саласының өркендеуіне ден қойып, ір кезеңінің ең өзекті мәселесін ту етіп көтерген, білім беру дамуы жолы бірге жүріп өткен, бас қасында жүрген - журнал. Журналық асқан асқар асуы, ол жүріп өткен сексен жылдық жемісті жолы республика тарихы мен тығыз байланысты.
Қазақ халқы тәуелсіздік алғанға дейінгі оқу - білім саласындағы қол жеткен жетістіктерінің мақтанарлық жақтары аз емес. Осы жетістіктердің негізінде тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқы бүгінде экономикалық реформалармен қатар саяси - әлеуметтік, мәдени өмірде де, халыққа білім беру мен өскелің ұрпақты тәрбиелеу саласында да өзгерстер мен жаңы бағыттар қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан қазіргі ұлттық сананың жаңғырған кезінде Отанымыздың тарихын, оның мәдени - рухани өмірін объективтік тұрғыдан қайта қарау қажеттілігі артып отыр.
Ел басы Н. Назарбаев халқымыздың басынан өткен қиыншылықтарды сипаттай отырып, бүгінгі жетістіктеріміз білім мен ғылымның дамуына байланысты екенінне назар аудара келіп, алдыңғы уақытта үлкен үміт артады: «уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты оқиғалар бүгінде тарих бетеріне айналып үлгереді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуін азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Ең қиын жылдар артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін».
ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдени ағарту міндеттерді жүзеге асыру үшін Қазақстанда мәдениет пен ағарту орындары ашыла бастады. Ағарту мен мәдениетінің жаңа ұйымы өз қызметін таптық бағыт пен ағарту саласында дінге қарсы саясатпен бастады.
Өткен ғасырдың басында Қазақ АКСР - ның құрылуына байланысты халық ағарту камисариаты құрылды. Бұл қазақстанның барлық облыстарында халық ағарту ісін жаңғыртуға қолайлы жағдай туғызды. Соның нәтижесінде 1917 жылдан бастап халық ағарту ісінде көптеген игі бет- бұрыстар жасалды.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін шаруашылықты қалпына келетіру, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, экономика мен мәдениетті ілгері дамытудағы басты міндеттердің бірі - жаппай сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей білім беру болады. қазақ жерінде аралас мектептердің ашылуы, негізінен прогрессивті рөл атқарып, оның жергілікті халық үшін пайдалы жақтары болғанымен қазақ халқы үшін ана тілінде жұмыс жасайтын мектептердің қажеттілігі туды. Мұны сол кезде - ақ А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сынды қазақтың көрнекті қайраткерлері жақсы түсінді. Ахмет Байтұрсынов қазақ мектертерінде бағдарлама, оқулық әдістемелік құралдардың, білікті мамандардың қажеттілігін баса айтты.
1930 жылы 14 тамызда СССР -де жер - жерде бәрінде жалпыға бірдей бастауыш төрт кластық сегіз жастан бастап білім алуды, ал өнеркәсіп орталықтары мен ірі қалаларда жеті кластық білім алуды енгізу туралы заң қабылднады. Осының нәтижесінде Кеңес үкіметінің 20-39 - жылдар ішінде сауатсыздық мүлде дерлік жойылып жалпыға бірдей бастауыш оқу енгізілді. 1949 жылы бастауыш мектепті бітірген оқушылардың бәрі барлық жерде 5 кластарға көшірілді. Жалпыға бірдей 7 жылдық білім алуға көшу басталды партияның ХІХ съезі 1952 жылы жалпыға бірдей орта білім алуды енгізуге көшуге әзерлену қажеттілігі туралы мәселеге қайта оралды.
Сонау елуінші жылдары Қазақ ССР министрлер кеңесінің «орыс мектебінде қазақ тілін міндетінен босату» туралы қаулысы жарты ғасырдай уақыт бойы басқа ұлт мектептерінде қазақ тілік оқып үйрету дағдарысқа ұшыратты. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерге қазақ тілі пәнінің жүргізілудің міндеті болмауына, сондай - ақ шынайы мемлекеттік қамқорлыққа іліге алмауына байланысты көптеген жылдар бойы арнайы зерттеу нысанасы бола алмады, соның салдарынан оқулықтар мен оқу құралдары басты талаптарға сай болмады, олар теориялық, практикалық жағынан да сын көтермеді.
1958 жылғы мектепте қайта құру және оның өмірі мен байланысын нығайту туралы заң қабылданғаннан кейін, әуелі жалпыға бірдей міндетті 8 жылдық оқуды енгізу міндеті қойылды. Бұл міндет 1962 - 1963 жылынан былай енгізіле бастады. 16 жастан 30 жасқа дейін жұмыс істейтін барлық жастарға жалпыға бірдей 8 жылдық, білім беруді ұйымдастыру жөнінде орасан зор жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс кәсіби білім жоқ жастар арасында ұйымдастырылды. ХХІІ съезде қабылданған КПСС бағдараламасында білім беру және тәрбиелеу саласындағы негізгі міндет ретінде жалпыға бірдей міндетті орта білім алу парызы алға қойылды. Жалпыға бірдей білім беру туралды заңды іске асыру ең алдымен оқудың тегіндігі, ұзық күн бойы оқытатын мектептер мен топтар және интернатар желісінің ұлғаюы, оқушыларды мектептерге жеткізіп салу, ауылдық жерлерге оқушылардың мектепке транспорттың барлық түрімен тегін баруы, науқас балаларға сабақты үйінді оқыту және бсақа бір қатар шаралар арқылы қамтамасыз етілді. Кімде кім бір қатар себептерге байланысты күндізгі мектептерде оқи алмай, жұмысқа орналасуына тиіс болса, оған кешкі мектептер арқылы 8 жылдық білім алуына мүмкіндік берілді.
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан кейін - ақ Коммунистік партия мұғалімдер қауымын кеңес өкіметі саясаты рухында қайта тәрбилеу жолындпағы күресті басқарды. Мұғалімдерді жаңа социалистік мектеп құраламын жаңадан бастауға щақырды. Бұл жұмысқа күнделікті басшылық жасап отырды.
Қазақстандық білім беру жүйесін дамыту оның әлемдік білім беру кезең - кезеңіне енуіне жеткіліксіз болып келген бұрынғы білім беру әдіснамасының құрылымы мен мазмұны жағдайда өтіп жатыр. Білім беру саласының жай - күйі бір жастан бес жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламасымен нашар қамтылғанын көрсетеді.
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытуға жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамынң ашықтығы оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуын білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесін білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болырп табылады. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістер мен онша үйлеспей отыр. Қазір педагогикалық үндестіктің алдына білім берудің жаңа моделін құрудың, сыныптан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр, оның жүйесінің негізгі ұстамдары «Қазақстан республикасының 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасында» көрсетілген.
Қазақстан республикасының тәуелсіздік алысымен қызу қолға алған ауқымды іс - шаралардың бірі - жеткіншек ұрпақтың мүмкін болған жаңа қағидалар негізінде тәрбиелеп оқыту мәселесі. Бұл тұрғыда еліміздік білім саласы саясаты республикамыздың конституциясының қағидиларна, ел Президентінің халыққа арналған - «Қазастанның 2030» жолдауына, ЮНЕСКО- ның, ОЭЕР - дің халық аралық білім саясатының материалдарына, «Білім заңы», « Білім стандарттары», «Білім беру тұжырымдамалары» сияқты құжаттар қағидаларына негізделіп жүргізіледі.
І тарау. Қазақстанда білім беру жүйесінің даму жолындағы
«Қазақстан мектебі» журналының қызметі.
1. 1 «Қазақстан мектебі» - педагогикалық әдістемелік ілім көзі.
Білім ордасы - жас ұрпаққа саналы білім, саналы тәрбие берумен қатар халықтын биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізіп отыратын мәдени орын. Ұлттық тәлім - тәрбие орталығы. Ұлттық мектеп тағдыры қай уақытта да, қай ұлттық болмасын көзі ашық, көнірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғап келген өзекті мәселердің бірі болып саналады. Білім мен тәрбие негізі ұлттық болуға тиіс. Бір кезде Шоқан, Абай, Ыбрай көтерген ағартушылық қозғалысты 20 ғасырдың басында Байтұрсынов, Х. Досмұхаметов, М. Дулатов, Ж. Аймаұтов, М. Жұмабаевтар жалғастырады. Қазақ тілінің іргелі ел болуы үшін олар ұлттық тілі мен әдебиеті, мектеп пен баспасөздің аса қажет екеніне жұртшылықтың назарын аударады. Тек сонда ғана “Мұндай балалар мектеп бітіргенінен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де сүйегіне сінген ұлт рухы жасымайды, қайда болса да, тіршілігінде қандай ауыртпалық өзгерістер көрсе де ұлт болып қалады”, - дейді М. Дулатов. Заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет-халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркенниетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті ел-дерсанына қосылуға ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы-жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп. Қазақстан Республикасының Білім беру мәселелеріндегі тәрбиеніңкешенді бағдарламасында атап көрсететіндей, тәр-биенің негізгі принцептерінің бірі-мәдениеттілігі. Мәдение-адамзат баласының ұлт, халық болып қалыптасуынан бергі жинақталған ұлы байлығы. Біз егеменді еліміздің дамуына негіз болатын бір-ақ нәрсе, ол-білім. Білімсіз ғылым дамымайды. Ғылымсыз ел экономикасы өркендемейді. Халықтын әлеуметтік-экономикалық тұрмыс дәрежесі де дамымайды.
Жас ұрпақты оқыту тәрбиелеу ісінің басы қасында жүрген оның қиындығы мен құрметін қатар сезіне білген «Қазақстан мектебі» журналы біздерге ел балашаға үшін аса жауапты саланың жауынгенрі сияқты көрінеді. Басылым өзінің 80 жылдық тарихы жолында бар күш-қуатың, шығармашылық мүнкүндігін ұрпақ тәрбиессі үшін бақыттап білім беру ісін басқару мен ұйымдастыруда, педагогикалық психологиялық зерптеулерді жариялауда, оқыту, тірбиелеу ісіндегі озық тәжірбиелерді таратуда, озат ұстаздармен таныстыруда. Білім санасының ғана емес мәдениетіміздің, әдебиетіміздің, өнеріміздің, жалпы алғанда аумалы - төкпелі болып келген заманымыздың шежіресі. Өйткені білімге қатысты емес дүние жоң. Білім мен мәдениет майданы мәнгілік.
Журнал Қазақстанда кеңес ұкіметі оқу-ағарту ісін жаңа бастаған кезде сонау 1925 жылы тамызда «Жаңа мектеп» деген атпен дүниеге келіп - қазіргі «Қазақстан мектебі» . Кенестік дәуірдің 80 жыл ішінде оқу-ағарту, мәдениет майданының әр саласында үн қосып келсе, кейінгі Егеменді Қазақстанның 14 жылында да, жаңа қарың заманы талабына сай ғалыми-әдістемелік, ағартушылық санадан ұстаздар қадымына ақылшы, кеңесті болудан жалықпай келеді. Журнал өзінің 80 жылдық өмірінде Қазақстандағы оқу-ағарту істері, мектептер тарихы, озат мұғалімдер тәжірбиесі, педагогикалық ойлардың дамуы, психология, педагогика ғылыми қайраткерлерінің еңбектері жайында әлденеше құнды маңалалар жариялап, заман талабына нақтылы іспен жауап беруде. Журнал бетінде әр жылдарда жарияланып келген қазақстандық педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесінің ғылыми негіздері мен практикалық іс-тәжірбиелері, халқымыздың көне мәдениет тарихы мен әдебиеті, ұрпақ тәрбиесінің халықтық, негіздері мен дидактикалық әдістемелік мәселері жайындағы маңалалардың ұстаздарға, ата-аналарға, оқу-ағарту қызметкерлеріне көрсететін көмегі өлшеусіз.
Өткен ғасырдың 20-30-40 жылдарында саяси басылымдарға шыға бермейтін мәдениет, әдебиет, сәулет, жаратылыстану тағы сол сияқты таңырыптарға байланысты материялдар “Жаңа мектеп”, “Ауыл мұғалімі”, “Халық мұғалімі” деп аталған қазіргі “Қазақстан мектебі” журналы беттерінде көп жарияланады. Сол себептен болар А. Байтұрсынұлы бастаған алаш арыстары С. Сәдуақасұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймаутұлы, М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Габдулин, Е. Омарұлы, Есқали Мұқанұлы, М. Жолдыбайұлы, Сейдоллаұлы, Шоқанұлы, Мойлыұлы, Сүлейіұлы, Молдабаұлы Біләл. Ермекұлы Әліхан, Саматұлы Мұхтар, Мырзаұлы Мұхтар, Бокейханұлы, Тырнай Темір, Жүсіпбек ұлы Камызда, К. Жұманұлы, Ә. Марғұланұлы, Қ. Сәтбайұлы сынды ғұламмалар сиясы көптеген еңбектерін осы журналға ұсынып отырды. Мұнда жазылған әр есім туған Қазақ елі үшін отқа түсіп, сол жолда жанын теде етпен қазақтың асыл ұлдарын еске түсіріп, жүрек шымырлатады. Олар туған халқының болашағы оқу-білімсіз көгермейтін-дігін терең түсініп “Жаңа мектеп” журналына жарыса жазып, білім жолындағы жалпы халықтың нағыз күрес майданың ашады.
20-30 жылдары жарық көрген жариялымдардың мазмұны аясы өте кең. Олардың көпшілігінің құндылығы бүгінгі күнге дейін жойылмаған. Білім берудегі олқылықтар мен бірінші кезде қолға алатын істер жайында мәселелер көтерілетін көп мақалалар дәл қазіргі кездегі қазақ мектебі жағдайына қатысты жазылғандай. Мысанға “Жаңа мектеп” журналының 1925 жылы бірінші номірінде шыққан “Халық ағарту мәселері” мақаласында Сымағұл Садуақасұлы мектепте оқитын тұралы даярлауда, жайбрақаттың, бейғамдық орын алып отырғандығын қынтыла сөз етеді. Қазіргі уақытта да бұл мәселе күн тәртібінен түскел жоқ. Сол бейғамдық, сол жайбраңаттық салдарынан оның шешімі жылдан-жылға созылып келеді. Қазақ мектептерінің оқытылатын барлық пәндер бойынша қазақ тіпіндегі саналы оқулықтарға, қосымша оқу құралдарына қашан-қолы жететіні әлі де беймағұлым.
Ахмет Байтұрсыновтың аталған нөмірінде жариялаған “Баулу мектеп” маңаласында ата-тіліндегі оқудың шәкірттердің еркіен дамуында, олардың сана сезімін, оқыл-ойын, дүниеге көзқарасын қалыптастыруда алатын орны жайында тағылымда әнгіме болады. Бүгінгі танда ғалымдар тәрбиеші қауым, жалпы жұтшылық бұл тақырыпқа қайтадан ынта қойып отыр. Соңғы жылдары қазақ мектептерінің көптеп ашылып қазақ қауымының өзінің қазақы тұп тамырынан қол ұзіп алмауына ұмтылуы Ахмет ағаның сонау жирмасыншы жылдарда көтерген тақырыптың ұлттың ұлт болып сақталуы үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. «Жаңа мектеп» журналының қай нөмірінен болсын бүгінге дейін құндылығын жоймаған көптеген жариялымдар табуға болады. Жас басылым жарық көрісімен-ақ оқырман қауым көкейінен шығып, кең қолдауға ие болып, халыққа білім беру ісінің шынайы жанашырына қазақ мектебінің кәсіби білікті жәрдемшісіне айналады.
1961 жылдан бері “Қазақстан мектебі” деп аталатын журналдың мақсаты да осы
Даму жолы бұралан тағдыр тауқыметі мол қазақ мектебі - бүгінгі таңда нәсиби көмекке айрықша зәру. “Қазақстан мектебі”журналы редакция жұмысын айрықша күрделеніп келе жатқан шешімі қиын мәселенің ең үлкені -журналистік күштің жетіспеушілігіг Педагогикалық кәсіби басылымдар үшін арнаулы жоғары білімді маман журналистер дайарланбайды. Сол себепті әрі педагогикалық білікті, әрі журналистік қаламы төгілген мамантабу оңай шаруа емес. Дегенмен қарап отыру тағы болмайды, -деп жазады “Қазақстан мектебі” журналының 1987 жылынан бері бас редакторыболып келе жатқан Сайраш Әбішқызы. (32)
Туған Отанымыздың - Қазақстан Республикамыздың бірнеше ғасырға созылған бодандық бұғауынан сытылып шығып, тәуелсіздікке қол жеткізу, қазақ мектебіне де азаттық әкелді. Еркін даму айдынына бет бұрған қазақ мектебі қазіргі таңда өзіндін жаңаша қалыптасу жолына бағыт алды. Осы жолда көмек көрсету, ақылшы, кеңесші болу - Қазақстан мектебі журналының биік борышы. 1925 жылдан бүгінге дейін қазақ тілінде және дара шығып келе жатқан көп салалы “Қазақстан мектебі” журналының педагогикалық нәсиби басылым ретінде арналап келе жатқан жүгі едәуір ауыр.
Білім беру ісін басқару, үйымдастыру мәселелері, педагогика, психологиялық педагогика ғылымы мен мектеп байланысы, оқыту, тәрбиелеу ісіндегі тәжірбие тағылымдары және ұстаздардың өзіндік шығармашылық талпыныстары, табыстары, оқу бағдарламалары мен оқыту мазмұнындағы, оқу жоспарындағы жаңалықтар, педагогтердің теориялық жұмыс әдістемелік білім көтеру мәселелері, мамандар даярлау ісі - журналдың мазмұндық басты бағыттары.
Мұның бәрі журналға үлкен мәртебе, әрі елеулі жүк болғаны, оның кешегі Кеңестік заманда Қазақстандағы қазақ тіліндегі жалғыз ғана педагогикалық журнал ретінде орыс тіліндегі 20 шақты журналдың місіндетін ашқоруы “Қазақстан мектебінің” жан-жақтылық сипатын айғақтайды. Енді міне, тәуелсіздік заманында бұл журналдың бұрынғы бір-бір бөлімі, айдарлары жеке-жеке салалық, пәндік журналдарға негіз болып отыр. Бауырынан түлеп ұшқан педагогикалық журналдардың көш басшысына айналған “Қазақстан мектебі” журналының қосымшалары болып ашылған “Русский язык и литература в казахской школе” журналы 1977 жылдан, 1990 жылы араға 31 жыл салып “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы қайта ашылса, 1972 жылы шыққан “Бастауыш мектеп” қосымшасыжәне 1991 жылы “Отбасы және балабақша” 1992 жылы “Қазақ тарихы”, 1996 жылы “Биология, география және химия” қосымшалары шыға бастады.
1925 жылы тұнғыш редакторы болған Молдағали Жолдыбаевтан бастап, Т. Кәрім, Қ. Ілияс, М. Нұғыман, М. Аманбайұлы, Әлжанұлы Шафари, Баймаханов Сәдуақас, Есенбаев Қалел, Мағзұмов Жұмат, Сайпиев Ж., Исабеков Бөгенбай, Саматов Б., Ысқақов Амади, Нұрманбетов Исабай, Еркебаев Б., Жолышев Тұхбат, Үйықпайев Иманбек, Аманов Шәпір, Сәрсекеев Мұқаш, Әдімқызы Сайран редакторлардың журнал тарихылдағы ролі зор.
1975 жылы 50 жылдық мерейтойында “Қазақстан мектебі” республика журналдары арасында бірінші болып “Құрмет белгісі” орденімен, 60 жылдығына қазақ КСР жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады, 70 жылдығына Елбасы құттықтауын алды. Бүгінде 80 жылдық тарихы бар “Қазақстан мектеі” журналы және оның қосымшалары “Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде” деген ұранмен тәуелсіз Қазақстанның білім ғылым, педагогика саласын өрнендетуге өзіндік үлесін қосып келеді қоса бермек.
“Қазақстан мектебі ” журналының халыққа білім беру саласының қызметкерлері үшін сіңірген елеулі еңбегі көпке мәлім. Ол муралы ұдайы айтылып та, жазылып та жүр. «Құрмет белгісі » ордені де осының айғағы.
Республикамыз тәуелсіз ел болып, саяси әлуметтік жағыдайлар өзгеріп жатқан сәтте Ы. Алтынсарин атындағы ғылыми - зерттеу институты ұжымының халыққа білім беру жолындағығылыми ізденістері мен сонғы жаңалықтарын көпшілікке таратуда аталмыш басырымның үресі зор. Институттың теория зертқанасының педагогикалық жаңалықтар мен ғылыми- зерттеу жұмыстарын үйлестіру секторының білім беру жүйесіедегі инновациялық үрдістерді басқару мәселесі, ғылым мен мектеп тәжірибесінің өзара байланысын уағыздайтын еңбектерді де осы журнал беттерінде басылып келеді. Бүл орайда, педагогика ғылымының кандидаты, аға ғалым қызметкер Ш. Таубаеваның ғылыми- әдстемелік еңбектері оқырман қауымның көңілінен шыққандығын айта кеткен жөн.
«Мектепке дейінгі тәрбие » зертханасының қызметкерлері Б. Баймұратова, М. Сәтімбекова, Ғ. Дүкенбаеавлардың «Қазақстан мектебі» журналында, кейінірек «Бастауыщ мектеп », «Отбасы және балабақша » қосымшаларында мектеп жасына дейінгі бөбекткрді балабақшада және отбасында тәрбиелеу, баланы ойлау, сөйлеу тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу, баданы оқыту проблемалары жөніндегі мақалалары жиі жарияланып тұрды. Жарияланған мақаладар негізінде мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту туралыең алғаш бағдарламалар және оқу әдістемелік құралдары басылды. 1994жылы «Отбасы және балабақша» қосымшасы жеке шанырақ болып, өз алдына отау тікті.
Аталған журналдың «Таным және тәрбие», « Тәрбиешілерге көмек» «Тәрбие алмасайық» деген айдарлары аясында бала тәрбиелеу мәселелері жайында ғылыми - әдістемелік мақлалар жарияланып, мектепке дейінгі бөбектерді тәрбиелеу ісіне айналуы үлес қосқан дүниелер жарық көрлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz