Лидер өндірістік аясындағы шығындар құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

Лидер туристік кәсіпорынның миссиясы.
1. Бөлім. Лидер туристік кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері.
1.1 Лидер туристік кәсіпорынның дамуымен тарихи
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.2 Нарықтық
орта ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Ресурстар (қаржылық, табиғи, кадрлық, бәсекелестік
орта) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. ..8
1.4. Лидер ЖК-тің негізгі бағыттары және
басылымдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2. Бөлім. Негізгі экономико-қаржылық көрсеткіштері.
2.1 Лидер өндірістік аясындағы шығындар
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
2.2 Өндірістік емес саладағы шығындардың құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12

2.3 Кірістер мен шығындардың
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 12
2.4 Пайда мен шығындар
құрлымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... . 12

3. Бөлім. Еңбек ресурстардың негізгі көрсеткіштері.
3.1 Туристік мекеме бөліміндегі қызметкерлер санын талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
3.2 Лидер туристік кәсіпорынның қызметкерлеріне қойылатын талаптар:
біліктілік, іскерлік этика, медициналық талаптар,
униформа ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу процесінде қоғам өзінің іс - әрекетінің
барлық салаларында – саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік
салалаларында жүйелік өзгертулерді басынан кешіріп жатыр. Нарықтық
реформаларының мінездемесі осыдан бұрын айнымас, тұрақты көзқарастарды
жаңадан қарастыруға бел буады. Экономикалық тұрғыдағы мәселелерге
Қазақстандық экономикасының өсуінің маңызды факторы бола алатын және болуға
тиісті кіші бизнестің дамуы мен оны қолдау мәселелерін жатқызуға болады.
Қызмет көрсету сияқты күрделі және алуан түрлі саладағы Кіші бизнестің
дамуы ерекше қызығушылық көрсетеді.
Қазіргі кезде демалысты ұйымдастыру өз алдына бизнес болып табылады:
біреулер үшін негізгі, біреулер үшін жанама, бірақта табыстар құрылымында
айрықша орын алады.
Қазақстан нарығында туризм секілді сала көп
Туризм – бұл адамдардың олардың жұмыс орны мен тұру жерлерінен көшуі,
сонымен қатар осы көшулер арқасында туындайтын қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін құралған қызмет көрсетулер саласы. Туризм экономиканың
саласы ретінде нарықтық ұсыныс пен сұраныс категорияларына сәйкес болуға
тиіс өнімді шығарады.
Біз өмір сүретін дәуір бізге өмірде қажетті түрде орнығуға және оған
сәйкес табыстарды алу үшін кең ауқымды мүмкіндіктер береді. Қазіргі заманғы
адам өзі неге ие болғысы келсе соған төлей алады. Сондықтанда көптеген
адамдар қай жерде демалғысы келетін жерде демала алады. Осы үшін тур
индустриясында тур агентіктер көрсететін көптеген туристік қызмет
көрсетулер бар. Туристік индустрия орналыстыру, көлік, ойын - сауық
құралдары мен объектілерін, іс, денсаулық сауықтыру, спорттық және басқа да
бағыттағы объектілерді, сонымен қатар экскурсиондық қызмет көрсетулер мен
аудармашылар гидтерінің қызмет көрсетулерін көрсететін мекемелерін қамтиды.

2020 жылға дейінгі ВТО болжамдары бойынша келу бойынша бьірінші орында
Қытай болады. Екінші қарқынды дамып келе жатқан ел болып Турция болады.
2020 жылы туризмнен түсетін табыс 2 миллион долларды құрайды. Осы мерзімге
Әлемде туристердің саны 1 миллиард 6 миллион адамға жетеді. Ең үлкен өсу
ырғағы Азия елдерінде күтіледі.
Қазақстан осы салады жаңа ғана айналымдарды алады, тек қана жаңа дамып
келе жатыр, соның ішінде Астанада өз қызметтерін көрсететін көптеген
туристік мекемелер бар. Турдар (баға бойынша өндіру, құрамына келесі
келтірілген қызмет көрсетулердің ең кемінде дегенде екеуі кіретін
дамытылған, комплексті тур қызмет 1. Тасымалдау 2. орналыстыру 3. Туризмнің
басқа қызмет көрсетулері), орналыстыру, тасымалдау, тамақтандыру,
экскурсиондық қызмет көрсету және туристі, және де басқа да туризм
мақсатына байланысты көрсетілетін қызметтер. Бұл – шоп – турлар, сафарилер,
экзотикалық, тарихи, спорттық, курорттық, істік, қажылық турлар. Осылардың
барлығы туристің саяхатының мақсатына байланысты болып табылады.
Бұлардың барлығы Қазақстанның экономикалық құрылымына аз емес табыс
әкеледі. Мекеменің рентабельдігін анализдеу, дамуы үшін, шаруашылық іс -
әрекетін жоспаралу үшін, көрсетілетін қызметтер тиімділігін көтеру үшін
жүзеге асырылатын шаралардың жоспарларын дамыту үшін жоғары мамандырылған
менеджерлер экономистер қажет.
Орналасу жері: Лидер Жеке Кәсіпкерлігі 1992 жылы жеке кәсіпкер Фадеев
Валерий Михайловичпен құрылған еді. Қазіргі таңда Фирманың 3 филиалы бар.
Олар Көкшетау, Петропавл және Макинск қалаларында орналасқан, негізгі офис
Щучинск қаласында, Аблайхан көшесі 33 үй ғимаратында орналасқан. Ол
көптеген шетел туристік фирмалармен, отелдермен, ұйымдармен бірлесіп жұмыс
атқарады. Сонымен қатар Ресейдің Новосибирск қаласындаға, сондай ақ
Қазақстандық жәрмекелерде қатысып, Новосибискте халықаралық жәрмеңкеде
жоғары орынды иеленді.
Фирманың негізгі қызметіне шет елге баратындарға виза дайындау,
Солтүстік және Ақмола облысында балалар лагелерге путевкаларды дайындаумен,
сонымен қатар авиа билеттерді тапсырыспен, экскурсиялық қызметпен, авто
көлікпен тасмалдау, қайық станциялардың қызметін ұсынады және тур
операторлық қызметпен айналысады.
Негізгі түсетін түсім Щучье-Бурабай курорттық зонасында туристерді
орналастыру, экскурсиялық қызметті көрсетуден және шет елге визаларды
дайындаудан келеді.
Фирма Қазақстанның көптеген жетекші отелдерімен, балалар лагерлермен
демалыс парктермен, демалыс базалармен қызмет етеді. Дәлірек атап айтсақ:
- Алмаз отелі
- Глория отелі
- Нұрсат отелі
- Әлем отелі
- Парк Отель Кокшетау
- Ботагөз демалу үйі
- Лесная сказка балалар сауықтыру орталығы
- Простор балалар сауықтыру орталығы
- Континент балалар сауықтыру орталығы
- Восход балалар сауықтыру орталығы
- Заря балалар лагері
- Ласточка лагері
- Самал демалу базасы
- Тұрпан демалу базасы
- Ардагер демалу базасы және т.б.

1. Бөлім Туристік мекеменің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
1.1.Лидер ЖК-нің дамуымен тарихи қалыптасуы

Лидер Жеке Кәсіпкерлігі 1992 жылы жеке кәсіпкер Фадеев Валерий
Михайловичпен құрылған еді. Қазіргі таңда Фирманың 3 филиалы бар. Олар
Көкшетау, Петропавл және Макинск қалаларында орналасқан, негізгі офис
Щучинск қаласында, Аблайхан көшесі 33 үй ғимаратында орналасқан.
Қазіргі кезде Лидер туристік қызмет көрсетулердің барлық түрлерін
көрсетеді:
Іс сапарларын ұйымдастыру.
Әуебилеттерін брондеу және сату
ҚР территориясында және шет елдерінде брондеу
Трансферлерді ұйымдастыру
әртүрлі класстағы автомобильдерді жалға алу
билеттерді және басқа құжаттарды әкелу
Семинарларды, конференцияларды, презентацияларды ұйымдастыру мен қызмет
көрсету
Мамандырылған аудармашылар мен ассистентердің қызметтері
Транспорттық қызмет көрсетулер
Лимузиндік сервис
Автобустық сервис
Бизнес, кіші және представительдік класстағы автокөліктері
Трансферлер
Әуежайда гидпен кездесулер, қоштасулар
Туризм
Халықаралық туризм
Экзотикалық және VIP турлар.
Орнитологиялық турлар.
Шет елдік қонақтарды қарсы алу
Шет елдерінде және ҚР-да емдеу және сауықтыру бағдарламалары
Визалық көмек
Визалық көмек көрсету
Шет елдерінің азаматтарын тіркеу
Визаларды ұйымдастыру
Лидер агенттігі өзінің қызметшілерін таңдауға және олардың кәсіби
дайындылығына аса назар аударады. Туризм саласында үлкен тәжірибені есепке
ала отырып, әрбір клиентті тек қана VIP жүйесінде қызмет көрсету. Клиенттің
фирмаға бірінші келгеннен бері оның демалыстан үйіне қайтуына дейін ол
кіршіксіз сервиске ие болады. Сервистің жоғары санатына ие және мықты
репутацияға ие тасымалдаушылармен, тур операторлармен және қонақ үйлерімен
тікелей қарым - қатынастар осының барлығы клиенттердің ақшаларын біраз
үнемдеп, қолайлы жағдайлар туғызады. Қызмет көрсетулердің барлық түрлеріне
бір жерде тапсырыс беру уақытты үнемдейді. Агенттік қызмет көрсетулердің
кең ауқымды түрлерін көрсетуге, тапсырыс бойынша нақты және өзуақытылы
жұмысты және бизнестің этикалық және кәсіби нормаларына сәйкес келетін
сервис көрсетуге дайын.
Лидер қол жеткізген табыстарында тұрып қалмай келешекте демалыс
үйінің құрылысын жоспарлап отыр. Онда Щучинск қаласының тұрғындары мен
қонақтары қала ның ішінде демала алады.
Тәжірибе өту кезінде мен мекеменің ұйымдастырушылық құрылымын
зерттедім.
1992 жылы Лидер фирмасы ЖК (Жеке кәсіпкелігі) ретінде тіркелді.
Және осы жылдан бастап осы күнге дейін фирма директоры Фадеев В.М.
болып отыр.
Лидер ЖК-нің ұйымдастырушылық басқаруы тікелей болып табылады.
Лидер ЖК-нің ұйымдастырушылық құрылымын келесі түрде көрсетуге болады:

Директор

Тәжірибе өтуімнің бірінші күнінде мені Лидердің ішкі тәртіп,
қауіпсіздік және қауіпсіз еңбек ұйымдатырудың тәртіптерімен таныстырды.
Фирманың барлық бөлімшелерінің жұмыстарымен таныстым. Өйткені объектівті
сараптау үшін мекеменің құрылымы туралы толық ақпарат алу керек. ең
біріншіде мені менеджмент бөлімшісіне бағыттады.
1. Туризм бойынша менеджер мені құжаттармен, электронды
поштамен таныстырды, қонақ үйлердің каталогтарын көрсетті.
Лидер ЖК-інде тәжірибе өту кезінде мен индивидуальды
турды есептеуді үйрендім. Осы үшін клиенттің сұранысы
бойынша қонақ үйдің номерінің класының байланысты құнын
күндер санына көбейту керек, сонда тұру құны шығады. Соған
тағы да ұшу, трансфер мен турагенттіктің комиссиясының
сақтандыру құның қосу керек.
Турды дамытуға үйрендім және де маған Таиландқа турды құрастыруға
көмектескен бастауыш тур агент үшін тоғыз алғышартты дамыттым.
Клиенттермен туристік қызмет көрсетуге келісім шарт жасадым. Олар бірге
жұмыс істейтін TEZ – TOUR халықаралық туристік компаниясына броньдауға
тапсырыстарды толтырдым. Кетушілер үшін сақтандару полюстерін толтырдым.
Телефон шалушаларға жауап бердім, билеттерді сатып алуға бардым.
Клиенттергі Египетке виза алу үшін ақпаратты бердім. Менің байқауымшы
туристер арасында жыл бойындағы Египет, Таиланд, Турция және таушаңғылық
турлар ең үлкен сұранысқа ие.
2. Лидер фирмасында арнайы маркетинг бөлімшесі жоқ, бірақта барлық
функцияларды фирманың менеджерлері мен басшылық атқарады. Туристік
бизнестің алға жылжуы үшін өзі туралы ақпарат берудің маңызы зор, ал ол ең
алдымен жарнама болып табылады. Жарнамаға деген ең үлкен шығындар
туроператорларда. өздерінің қызметтері туралы жарнамалық қағаздары тарату
бұл үшін жеткіліксіз. Бірге жұмыс істейтін партнерлер үшін танымдылық
турларды ұйымдастыруға тура келеді. Клиенттерге олардың жетістіктері
ұсынылатын қонақ үйлерінде олардың менеджерлері барып көргенше бір де бір
агенттік туроператорлармен жұмыс істемейді. Осылай Лидер ЖК-і де өз
менеджерлерін өздерінің клиентерін жіберетін елдерге жібереді. Осылайша
олар барлығын өз көздерімен көреді, суретке түсіреді, қонақ үйлермен
шарттар жасасады. Бұл клиенттер арасында үлкен сенімділікті туғызады.
Мамандардың бағасы бойынша клиенттердің 25 пайызын әдемі маңдайша әкеледі.
Көптеген агенттіктер маңдайшысыз жұмыс істейді (маңдайшаны тіркеу керек
және ол үшін қосымша ақша төлеу керек), бірақ бұл жақсы емес деуге болады.
Бірақта бір ғана кірудің алдында маңдайша немесе стендердің бар болғаны
жеткіліксіз. Лидер ЖК тегін газеттерге және арнайы басылымдарға жарнама
береді, соның ішінде эксклюзивті модельдер түрінде және ірі операторлардың
жарнамасының қатарында орналысу түрінде беріледі. Бірақта мамандардың
пікірі бойынша бүкіл жарнама ең соңында сарафандық радиоға келіп
тіріледі: агенттік бірте бірте тұрақты клиенттерге ие болады да, олар
өздерінің таныстарына ұсыныстарын береді. Осыдан, ең жақсы жарнама бұл –
кәсіпқойлық болып табылатыны анықталады.
Туристік агенттіктерде бизнестің мезгілдігі болады. Жазда демалатын
адамдардың саны қыста демалатын адамдар санына қарағанда едуәір көп.
Сатудың шыңы сәуірдің екінші жартысына (мамырлық демалыстарда адамдар дем
алады), шілде- тамыздың басына (жанұялық демалыстардың қызу шағы), қыркүйек
(курорттарға бала – шағасыз жанұялар және жастар барады), қараша соңы –
желтоқсан басы (жаңажылдық турлар). Сонымен қатар көптеген жаңадан бастап
жатқан турагенттіктерге жұмыс істеуге жол бермейтін жаман айлар да бар.
Олар қазан, қантар және ақпан. Барлық берілгендерді қарастырып мен
маркетинг бойынша сараптама жүргіздім.

1.2. Нарықтық орта

Нарық – тауар сатып алушылардың тіршілік пен потенциалдық орта.
Нарықтар бәсекелестікпен құрылған, адам затына эффективті жағдай
өндірісті ресурсқа бөлінетін және олардың көмегімен құрылған.
Нарықтық өлшемі адамдарға байланысты, өздерінің ойларымен, сөлемдерімен
ауыстыру арқылы халықты қызықтыру.
Кез келген фирма, кез келген кәсіпкерлік функциялайды, нарықпен
байланыс жасау арқылы: оларға өздерінің қызметтерін көрсету арқылы, соның
ішінде туристік қызмет көрсету және сатып алушыларды ақпаратпен қамтамасыз
ету.
Нарықтан фирма ақша және ақпарат алады, бәсекелестерінің тауарларын
сату мәліметтерін алады, осылай тұйық жүйе құрылады, біртұтас функция пацда
болады.
Нарықтық орта фирмада ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі ортаға қозғалу және дайын заңдар жатады, сонымен бірге бүкіл
экономикалық жағдай, ғылыми-техникалық жетістігі және басқада жағдайлар
жатады.
Сыртқы ортаға фирма өзінің күшімен, фирманың іс-әрекетіне қатысы бар
және шамасы келгенше клиенттерге қызмет көрсету.
Сол сияқты ішкі ортаға білікті кадрлар кіреді. Олардың дұрыс
қолданылуы, хабарды бір-біріне дұрыс жеткізуі, нарықтық жағдайының
өзгеруіне де көңіл бөлу.
Нарықтық механизмінің әр сатушы сатыпалушыны қызықтыру, сөйтіп сатушы
өзінің табысына жетеді. Сонымен қатар сатып алушыда сатушымен есептескені
жөн болады, өзінің жоспарлаған жеріне виза ала-алады.
Адам Смит айтқандай: әр адам өзінің пайдасын ойлайды, бірақ ортадағы
адам оны дұрыс бағыттаса, дұрыс нәтижеге әкеледі, өзі ойламаған уақытта да.
Лидер туристік фирмасы көптеген мемлекеттік және мемлекеттік емес
кәсіпорындарымен және Қытай, Ресей, ОАЭ елдерімен қызмет етеді. Фирма
банктермен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасайды. Қазақстан бойынша және шетел
елдердегі серіктестерімен жұмыс істейді.
Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық.  Халықаралық
ынтымақтастықтың маңызды аспектiсi Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен (ЮНДТҰ)
өзара iс-қимыл болып табылады. Қазақстан ЮНДТҰ өткiзетiн iс-шараларға
белсендi түрде қатысады. Туризмдi дамытудағы және әлемдiк туристiк
қоғамдастық елдерi арасында ынтымақтастық орнатуда бұл ұйымның рөлiне баға
жетпейдi және оның үстiне ЮНДТҰ Бiрiккен Ұлттар Ұйымының арнаулы мекемесi
болып аталған ұйымның өз кезегiнде әлемдегi туризмдi белсендi алға жылжыту
мен тұрақты дамыту жөнiндегi позициясын күшейтiп отырған кезде оның барлық
мүшелерi үшiн маңызды.
Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен ынтымақтастық шеңберiнде Қазақстанға
1997 жылы елдiң туристiк әлеуетiн алдын-ала зерттеуде техникалық көмек
көрсетiлдi, ол Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасының негiзi болды. Республикада "Экологиялық туризм - ТМД, Қытай
және Монғолия елдерiнiң өтпелi экономикасы үшiн тұрақты даму құралы",
"Әлемдiк туризмнiң даму үрдiстерi мен әдiстемелерi" атты ЮНДТҰ-ның өңiрлiк
семинарлары өткiзiлдi.
Халықаралық туризмдi дамытудағы басты бағыттар халықаралық туристiк
байланыстарды кеңейту және туризм саласындағы үкiметаралық келiсiмдердi
iске асыру болып табылады.
Бұл ретте:
туризм саласындағы бұрын жасалған үкiметаралық келiсiмдердiң iске
асырылуын қамтамасыз ету;
республикаға келетiн негiзгi туристiк ағынға күш берiп отыратын
елдердегi Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң жанынан туристiк өкiлдiктер
ашу жөнiндегi мәселенi пысықтау;
Қазақстанда iрi халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен
семинарлар өткiзуге бастамашылық ету және өтуiн қамтамасыз ету;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйым Бас ассамблеясының XVIII сессиясын 2009
жылы Астана қаласында өткiзу мәселесiн пысықтау;
iргелес мемлекеттермен шекаралық ынтымақтастық шеңберiнде туристер
үшiн бiрлескен туристiк бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден
бақылауының оңайлатылған рәсiмдерiн енгiзу жөнiнде жұмыс жүргiзу;
трансшекаралық туристiк бағдарларды дамыту жөнiнде Орталық Азия
мемлекеттерiмен, бiрiншi кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөл өңiрiмен өңiрлiк
ынтымақтастықты дамыту;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы Кеңесiне 2007 жылы Қазақстанды
шығару жөнiндегi шараларды iске асыру қажет.

1.3. Ресурстар (қаржылық, табиғи, кадрлық)

Қаржылық ресурстар – бұл өзіндік ақшалай пайдалардың жиынтығы, фирманың
қаржылық шығындары мен ағымдағы шығындарды қаржыландыру, туристік қызмет
көрсетулерді өңдеуді дамытуымен байланысты.
Қаржылық ресурстар фирмада мекемелік және инвестициялық іс-әрекет
процесінде қолданады. Олар әр уақытта қозғалыста және коммерциялық банк пен
фирманың кассасында ақшалық қаржының қалдығы ретінде ақша формасында келіп
түседі.
Қаржылық ресурстар қайнар көздің құрылуына байланысты бөлінеді жеке
және әртүрлі жағдаймен қызықтыру, қаржылық нарықта мобилизациялау және
тәртіп бойынша қаржыны бөлу.
Жеке қаржылық ресурстар өзіне қосады: кіріс, пайда ең негізгі іс-
әрекет, пайда қосалқы іс-әрекеттен.
Қызықтыру және ішкі қайнар көздің құрылуы қаржылық ресурстарды былай
бөлуге болады: жеке, тәртіп пен түсушілерді бөлу және бюджеттік
ассигнования.
Лидер туристік фирмасы өзінің қаржылық ресурсын уақыт бойынша және
нарықтық ортада орындары тиянақты болу үшін бөледі және өзінің қаржылық
қатаңдығына қамқор жасайды.
Кадрлық ресурстар – бұл турфирманың іс-әрекетіне жұмыс атқаратын
адамдар: директор, менеджерлер, есепші, юристер және т.б. Лидер туристік
фирмасында 8 қызметкерлер жұмыс істейді: олар фирманың директоры,
генеральный директор және 6 менеджер.
Лидер туристік компанияның қызметкерлері – жас, штаты жоғары білкті,
прогрессивті, осы замаңға сай жаңа көзқарастарымен қайда және қай жерде
қызықты демалуға болатынын айтып және таңдауға көмектеседі.
Қызметкердің сапалы істеген жұмысы оның біліктілігі, жауапкершілігі
жатады, басқару жұмыстарына жиі қатысу және қызығушылықпен коллективті
еңбек етудің нәтижесі.
Қызметкерлерді таңдағанда критерилерге көңіл аударылады: біліктілік,
білім және өндірістік тәжірибе, профессионалдылық, өзіндік сапа,
интеллектуалдық қабілеті.

1.4. Лидер ЖК-тің негізгі бағыттары және басылымдылықтары

Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi-iшкi туризмдi дамытудың және туристiк
мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
Бала жастан туризмнiң әр түрiмен айналысу азаматтық сезiмге, туристiк
мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi, iске асыру
кезiнде туризм экономиканың пәрмендi секторы ретiнде табиғат пен қоғам үшiн
ең төмен салдарлар әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты дамуын қамтамасыз
етуге ықпал ететiн болады.
Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi туризмнiң белсендi түрi бола отырып:
өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмiр
салтына баулуға, жiгер мен руханилыққа тәрбиелеуге;
туған өлкенi iс-жүзiнде тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет
ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi.
Балалар мен жасөспiрiмдер (мектеп жасындағы) туризмiн дамытуды
мектептiк бiлiм беру жүйесiндегi он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар
мен жасөспiрiмдер мекемелерiн қалпына келтiру, көптеген пәндер бойынша оқу
бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешендi түрде жүргiзу
қажет:
оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристiк техника мен
дайындық, Қазақстанның тарихи объектiлерiн, бiрегей табиғи ескерткiштерi
бiлiмдерiн, жердi бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын
қалыптастыру жөнiнде сабақтар енгiзу арқылы туристiк бiлiмнiң жалпы бiлiм
беру деңгейiн жетiлдiру;
балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс туристiк мекемелерiнiң
желiсiн: балалар мен жасөспiрiмдер туризмi станцияларын республикалық
буыннан аудандық буынға дейiн, туристiк клубтарды, балаларға арналған
туристiк базаларды қалыпқа келтiру және кеңейту.
"Менiң Отаным - Қазақстан" жобасын iске асыруға, сондай-ақ туризмнiң
белсендi түрлерiн ұйымдастыру кезiнде гидтер және экскурсияшылар ретiнде
жастарды кеңiнен тартуды қамтамасыз ету.

2бөлім. Негізгі қаржылы-экономикалық көрсеткіштер

2.1. Лидер ЖК - тің өндірістік аясындағы шығындар құрылымы

Лидер турфирмасындағы өндірістік саладағы шығындар учеттік құбылыс
бойынша топтастырылады, яғни өнімнің бірлігіне жатқызу әдісі бойынша және
шығындардың бір тектілігі дәрежесі бойынша.
Есте алу қасиеті бойынша фирма шығындарын үйлестіру қызмет етуші
заңмен анықталады және заң беруші базаның негізі болып табылыды . Мемлекет
белгілі бір принциптерді және ережелерді бекітеді, яғни олар бойынша салық
төлеушілер өнімнің өндірісіне және жүзеге асырылуына кеткен шығындарға есеп
жүргізуге тиісті, сонымен қатар олардың өтелу көздерін қарастырады. Олардың
аударылым тәртібін реглоиентациялайды.
Туристік фирма шығындары өз сипатына, шарттарына және бағыттарна
байланысты келесілерге бөлінеді: қызметтің дағдылы түрлері бойынша
шығындар; операциялық шығындар; жүзеге асырудан тыс шығындар;
Қызмет көрсетудің дағдылы түрлері бойынша олардың келесі элементтер
бойынша топтамасы болуы керек: материалды шығындар, еңбек ақыға кеткен
шығындар, әлеуметтік қажеттіліктерге аударылымдар, амортизация, т.б
шығындар жатады.
Шикізатты сатып алуға, материалдарды және т.б материалдарды
элементтерге кеткен шығындар тек ғана өнімнің жүзеге асырылуына кеткен
шығындарды қалпына келтірілуі мен жүзеге асырылады, берілген жағдайда тур
жолдамалар сатумен.
Басқада шығындар өзінің мазмұны бойынша әр-түрлі болып келеді.
Олардың құрамына командировкалық, өкілділік шығындар, жарнамаға кеткен
шығындар, қысқа мерзімді банктік несие бойынша пайыздарды өтеу.
Осы шығындар үшін өтеудің екі жақты өтеу әдісі сай. Осындай шығындар
құрамына жеке салықтар, жинақтар және төлемдер, арнайы бюджеттік емес,
қорларға аударалымдар, жалға берушілік төлемдер, әкімшілік шығындар,
жөндеушілік қорларды құруға кеткен шығындар, материалды емес активтер
бойынша амортизациялық аударылымдар және т.б жатады.
Операциялық шығындар болып табылыды: басқа ұйымдардың бастапқы
капиталдарымен байланысты шығындар; сатылумен , шығарылумен және т.б
активтермен байланысты шығындар; несиелік ұйымдармен байланысты қызмет
көрсетулерді өтейтін шығындар; басқа да операциялық шығындар.
Реализациядан тыс шығындар болып табылатын: айыпқұл, өсім, келісім
шарттардың шарттарын бұзғаны үшін жайғаспаушылық; ұйыммен келтірілген
шығындарды қылпына келтіру; отчеттік жылда табылған бұрыңғы жылдардың
шығындары; дебиторлық қарыздар соммасы, яғни талғағыштық мүмкін емес
искілік жарамдлық мерзімі өтіп кеткен басқа да қарыздар; курстық
айырмашылық активтерді бағалау соммасы; т.б реализациялық емес активтер
шығыны.
Сонымен қатар басқаларға төтенше шығындар жатады. Шұғыл шығындар
құрамында шаруашылық қызметтің шұғыл анықтамасы нәтижесінде пайда болатын
шығындар көрсетіледі.
Шығарылытын өнім бірлігіне кеткен шығындардың әдісін тұрақты және
ауыспалы шығындар деп бөледі.
Тұрақты шығындар шығарылатын өнім көлемінің өзгеруіне байланысты
емес, бұл әкімшілік- басқарушылық шығындар , уақыттылық жалақы,
амрортизация, шаруашылық шығындар, жалға берушілік бағасы және т.б .
Ауыспалы шығындар өндіріс көлеміне тура пропорционалды. Бұл
электроэнергияны және коммуналды қызметтерді тұтынуға кеткен шығындар;
уақытша қызметкерлердің жалақыларының шығыны.

2.2. Өндірістік емес саладағы шығындардың құрылымы.

Турфирманың айналымдағы құралдарының бөлімшемесі едәуір ірі болып
келеді, яғни ол оның өндіріс процессіндегі орналасуынан немесе функционалды
қасиеті бойынша анықталады. Ол айналымдағы құралдар бір бөлігін өндіріс
процессіндегі айналысып жатқан айналымдағы өндірістік қорлар түрінде, ал
екінші бөлігін реализация процессіндегі қызмет етіп жатқан айналым қорлары
түрінде көрсетеді.
Айналымдағы өндірістік қорлар өндіріске қатысуы негізінде өндірістік
қосымша құралдарға және өндірістік процесстегі құралдарға бөлінеді, ал
реализациядан өзге қатысуларда олар өзінің құрамы дайын өнімді (туристік
қызмет көрсетеді ), қаржылық құралдарды, дебиторлық құралдарды қосады.
Өндірісте айналымдағы қорлардың құрамындағы негізгі пайыз
аяқталмаған құрылысқа келеді.
Айналымдағы қор – бұл міндетті түрде өндіріс процессіне қатыспайтын,
бірақ айналым процессін және кәсіпорын құралдарының айналымын ресурстарын
қамтамасыз ететін құралдар.
Айналым қорының құрамы біртекті емес. Оның негізгі бөлігін дайын
өнім құрайды, яғни жинақталған туристік қызметтер.
Айналым қорының басқа құрамдас бөлігі – қаржылай құралдар және
дебиторлық төлемдер. Қаржылай құралдар болуы мүмкін: біріншіден - қаржылық
құралдарда – несиелік– банктік мекемелерде және шоттарда , құнды
қағаздарда; екіншіден – туристік фирма кассаларында және есептеулерде.

2.3 Кірістер мен шығындардың балансы

Мекеменің кірісі - бұл турфирманың экономикалық пайдасының көтерілуі,
осы фирманың капиталының үлкеюіне әкеледі.
Турфирманың кірісі алу және бағытталу кірістеріне бөлінеді:
Кәдімгі іс-әрекет түрі, реализациядан тыс, төтенше.
Кәдімгі кірісті іс-әрекет түрінен алынған табыстан, туристік қызметтен,
түскен, жасалған жұмыстан, орындалған қызметті айтады.
Сатудан алынған табыс – ол туристік қызметтің бағасы, соның ішіне
комиссиондық және делдал операциясы, салық және т.б төлемдер.
Реализациядан тыс кіріс – оның құрамына кіретін: пени, өткен жылдың
пайдасы, мекеменің шығыны, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
“Алси” фирмасын басқарудың қалыптасуы мен дамуы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы
Нарықтық экономиканы реттеудегі экономиканың ролі
Шағын топтың әлеуметтік психологиялық феномені
Диплом алдындағы тәжiрибе есебі
БТА банк АҚ мен оның кредит жүйесіндегі ролі
Өнім өндіру мен өткізуді талдау
Жаңа тауарға баға белгілеу
Қазақстандағы баға саясаты
Пәндер