Мәміленің жарамдылық шарттары


Жоспар :
Кіріспе.
І Тарау. Мәміленің ұғымы, оның түрлері . . . 5 бет.
1. 1. Мәміле туралы түсінік . . . 5 бет.
1. 2. Мәміле түрлері . . . 8 бет.
1. 3. Шарттың ұғымы мен оның маңызы . . . 9 бет.
1. 4. Шарттың мазмұны . . . 13 бет.
1. 5. Шарт жасасу . . . 14 бет.
ІІ Тарау. Мәміленің жарамсыздығы . . . . . . 19бет.
2. 1. Мәміленің жарамдылық шарттары . . . 19 бет.
2. 2. Жарамсыз мәмілелер . . . 19 бет.
ІІІ Тарау. Шарттың бір түрі рента және өмір бойы асырауда
ұстау . . . 27 бет.
3. 1. Рента және өмір бойы асырауда ұстау шарттарының
жалпы түсінігі . . . 27 бет.
.
Қорытынды . . . 34 бет.
Библиография . . . 36 бет.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 147-ші бабына тоқтала кететін болсаңыздар, мәміленің қандай салада жұмыс атқаратынын байқаймыз.
Осы бастап жатқан жұмысымызда біз Қазақстан Республикасының Азаматтық жағдайларында мәмілелердің алатын орны, оның түрлері, нысандары және де оның аяқталу жағдайларын айта кетеміз.
Әрірек айта кететін болсақ, мәміле бойынша мемлектіміздің көптеген азаматтық іс-әректтері жасалып қана қоймай, сонымен соған байланысты шарттар жасалады. Яғни, шарт бұл мәміленің аса үлкен бір түрі болып табылады. Шарттың мағынасын осы жұмысқа ары қарай көз жүгіртсеңіздер түсінуге болады.
Мәмілемен шарттың түсінігіне тоқталу үшін Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексіне тоқтала кету қажет. Өйткені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қоғамдық қатынастардың аса тиімді реттеушісі ретінде бағалау қажет. Оның нормаларының мазмұны барынша айқын болып табылады. Оған уақыт сынынан өткен көптеген заңдардың және заңға тәуелді нормативтік актілердің ережелері енген. Бұны онды құбылыс ретінде бағалауға болады, дегенмен азаматтық кодексті тым толықтата айыптайтын көзқарастар да кездеседі. Себебі онда сатып алу-сату, мүлік жалдау және тағы басқа да шарттар көптеген түр-түрлерімен қарастырылған. Мысалы, тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату шарты жеке көсетілген, онда тұтынушылар құқығын бекітуге артықшылықтар бекітілген. Кәсіпкрлік шарттардың еркше сипаттары тауар жеткізілімі шартына арналған нормаларда көрініс тапқан. Кез-келген қазіргі заманғы мемлект жағдайы үшін сатып алу-сату шартының энергиямен жабдықтау сияқты түрі маңызды мәнді иемденеді, бұл да азаматтық кодексте және соған сәйкес қабылданған заңға тәуелді нормативтік актілерде ескерілген.
Жекешелендірілген, мемлекттік, сонымен бірге жаңадан пайда болған жеке кәсіпорындар нарығының пайда болуына кәсіпорындарды сатуды құқықтық реттеу сәйкес келеді.
Бұрын әрқашан реалды болып келетін сыйға тарту шартына қазір өзгеше сипаттар берілген, енді бұл шарт консенсуалды да болуы мүмкін. Сыйға тартуға тыйым салу анық бекітілген.
Ренталық қатынастар бұдан бұрын тек өмір бойы асырауда ұстау жағдайы қарастырылған сатып алу-сату шартымен ғана негізделетін, қазір рента институтына оның (белгілі бір мәмілелері болғанымен), өзіндік мәні берілген.
Қатынастарды реттейтін (банктік есеп шот, ақша аудару, банк салымы), шарттар туралы нормалар жатады. Сақтау шарттары бойынша тауар қоймасында сақтау туралы нормаларды енгізу туралы айтуға болады. Сенім меншігі жөніндегі ұзаққа созылған пікірталастар Азаматтық кодекс нормаларында мүлікті сенімгерлікпен басқару қатынастарын бекітуге әкеледі. Сонымен бірге кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты қарастырылған, бұл шарт та бұрынғы заңда болған жоқ.
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығында оның негізгі ережелері құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген жағдайларда зиян келтірілгенде жүзеге асатын толық құнды деликтілік құқық қалыптаса бастады. Шарттық және деликтілік жауапкершілікті қарастыратын ережелердің (нормалардың) бірге әрект етуі анық көрінеді, сонымен бірге келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы тағайындауды, құқыққа сәйкес келетін әрекеттермен келтірілген зиянды өтеуді қарастыратын нормалар да жетілдірілуде (әрине соңғыларын біз деликтілік құқыққа шартты түрде қосамыз)
Өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған тұлғаларға зиянды өтеу туралы жалпы мазмұндағы нормалар пайда болды, тауарлардың, жұмыс пен қызмет көрсетудің кемістіктерінің әсерінен келтірілген зиянды өтеуге жататын нормалар одан әрі дамытылуда. Барлық мемлекттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әректтерімен келтірілген зиян үшін мемлекттің жауапкершілігі кеңейтілген.
Интеллектуалдық меншік құқығы барынша ретке келтірілген, аталған тәуелді саланың құрамына интеллектуалдық меншік құқығының объектілерінің, соларға құқықтар пайда болу негіздерін және оларды қалыптастыру және пайдалануға байланысты шарттық қатынастарды, сонымен бірге оларды құқықтық қорғауды қарастыратын (реттейтін) нормалар енгізілген.
Мұрагерлік құқықта айтарлықтай елеулі өзгерістерге ұшыраған, ол қазір меншік құқығы және басқа да заттық құқықтардың тәуелді саласымен қамтамасыз етілетін меншікке билік ету мүмкіншіліктеріне негізделеді.
Жаңа Азаматтық кодексте мұрагерлікке, мұра құрамын анықтаудың, ортақ бірлескен мүлік болып келетін мүлікті мұраға қабылдау, мұрагерлер және лайықсыз мұрагерлерді мұрагерліктен
алыстату туралы және тағы басқа ережелерге көңіл көп аударылмаған.
Жоғарыда айтылғандарға(меншікке билік ету мүмкіндіктерінің
толықтылығы туралы) өсиет бостандығын кеңейту негізделген,
шарт қойылып жасалатын өсиеттүсінігі пайда болған, мұрагерлердің мұрадағыміндетті үлесі төмендеген, өсиет құпиясына талап күшейтіліп, құпия өсиет мүмкіндігі қарастрылған.
Мұрагерлік құқықта толығымен жекелеген бастаулар үстем бола бастаған, сонымен қатар әдеттегі құқықтық нормаларды да есепке алу бар.
Біз жоғарыда айтып кеткендей, сыйға тарту шарты шарттың бір түрі болып табылады. Жазып отырған жұмысымның бірінші тарауынды біз сыйға тарту шартына қысқаша тоқтала кетеміз. Яғни біз бұл шарттың мақсаты, оның бұзылмай орындалуын, оның
тоқтатылуын нақтылап айта кетеміз. Біздің бұл шартқа тоқталу себебімі, жоғарыда айтқандай шарттар бір-бірімен тығыз байланысты.
Ю. Г. Басин айтқандай:»Әр шарт -бұл мәміле, ал әрбір мәміле-бұл шарт емес «- дегендей біздің жұмысымыздың мақсаты мәміленің барлық тұрғыдан қарап, оның жалпы түсінігі, оның түрлері, жасалу-жарамсыздығы және де жарамсыз мәмілелерді айқындай білу.
Әрине мәмілетуралы жаза келгенде шартқа тоқтала кету артық болмайды деп санауға болады. Яғни шарттың түрлері, оның жасалуы барлығы бір тараптан мәміле болып келеді. Мәміле жасасу біздің түсінігіміз бойынша күрделі іс-әрекет.
Әрбір шарттың өзінің айрықша ерекшелері болады. Соның ішінде рента және өмір бойыт ғұмырлық асырауда ұстау шартына да тоқтала кетеміз.
Рентаны сатып алған кезде рентаны төлеуші рентаны алушыныасырау үшін жұмсалған шығындардың өтелуін(сатып алу бағасының есебіне жатқызылуын) талап ете алмайды. Заңнамадағы осы шешім, рента(өмір бойы асырауда ұстау) шарты рентаны сатып алу жолымен тоқтатылатын реттерге қатысты соның заңды негіздеріне мұқият қарауды талап етеді. Барлық орын алған жағдайлар (фактілер) да бағалануы қажет. Бұны жасамаса, онда рента алушының тарапынан құқықтарын теріс пиғылмен пайдалануына жол берілуі мүмкін.
Осы мәмілелермен шарттардың рента және өмір бойыасырауда ұстау шарттары төменде толықтай айта кетіледі.
ІТарау. Мәміленің ұғымы және оның түрлері.
І. І. Мәміле туралы түсінік.
Азаматтық кодекстің 147-ші бабына сәйкес мәміле азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері деп белгіленген. Оның мақсаты азаматтардың құқықтары менміндеттерінің бұзылмай орындалуы(мысалы, мүлікті сыйға тарту, яғни өз меншігінің, сыйға тартушыдан сыйды алушыға бағытталғанын көрсетеді), сондай-ақ осындай құқықтардың өзгертілуі меноның міндеттері, сонымен қатар оның тоқтатылуы(несие берушінің борышкерді өз қарызын өтеуден босатуы)
Мәмілелерге мынадай белгілер тән:
- тұлғаның (тұлғалардың) ерік(тілек немесе ниет) білдіруі;
- рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа қайшы әрект;
- қандайда бір заңды құқық жасауға бағытталған(азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы;
- мәміле әрқашанда құқықтық салдарды туғызады.
Мәміленің тараптардың еркі мен ерік (ниет, тілек) білдіруінен тұрады. Ерік білдіру ауызша, конклюденттік әрекеті арқылы жазбаша(жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіріледі. Бұл мәмілелер түрлеріне кейіннен оралармыз.
Алдымен мәмілені қандай азаматтарға жасауға болатынына тоқтала кетелік.
Әрекет қабілеттілігі жоқ азаматтар мәміле жасауға қатыса алмайды, ал әрекет қабілетсіздігі шектеулі азаматтар тек Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 22-ші бабында көрсетілген мәмілелерді жасай алады. Яғни, Азаматтық Кодекстің 22-ші бабына тоқтала кететін болсақ:
- Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс.
- Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасасуға құқылы.
- 3. Жеткілікті негіздер болған жағдайда қорғаншылық және келкңсіз қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз басына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған
интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше
билік ету құқығын шектеулі немесе ол құқықтан айыруы мүмкін.
4. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар осы
баптың ережелеріне сәйкес өздері жасаған мәмілелер бойынша
дербес жауапты болады және өздерінің әрекеттерінен келтірілген зиян үшін осы Кодекстің ережелері бойынша жауап береді
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының А заматтық кодексінің 148-ші бабына сәйкес, мәміле екі түрге бөлінеді:
- Бір жақты мәмілелер;
- Келісім шарттар;
Бір жақты мәміле дегеніміз, заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәміле. Бір жақты мәміле, мысалы, өзіне тән қандай-да бір құқықтан бас тарту, берілген сенімхаттың тоқтатылуы және де тағы басқалар.
Бір жақты мәмілелердің анағұрлым жиі кездесетін түрі- өсиет қалдыру. Әдетте, бір жақты мәмілелер тым көп бола бермейді. Азаматтық айналым көбінесе өзара мәмілелерден құралады. Шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың клісілген ерік білдіруі қажет.
Мәмілелердің сонымен қатар: ақылы және ақысыз ; нақты және конценсуалды ; казуалды және абстрактылы ; шартпен жасалған ; биржалық түрлері болады .
Егерде тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алса немесе тараптар бір-біріне бір нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы мәміле болып табылады. (мәселен, оған затты, ақшаны тапсыру жатады) .
Сондай-ақ бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе еш нәрсе бермей бір нәрсені, затты ұсынуды міндетіне алған мәміле ақысыз болып есептеледі.
Аталған мәміле түрлерінің әр қайсысына тоқтала кететін болсақ, онда мәміленің келесі түрі нақты мәмілені жүзеге асыру үшін(латынша res-зат) келісімінің бір өзі жеткіліксіз, оған қоса затты тапсыру қажет. Ал, конценсуалды мәмілелер (латынша concensus-келісім) келісімге келген сәттен бастап азаматтардың құқықтары мен міндеттері туындайтын мәмілелер.
Мәмілелерді азаматтық құқықтану ілімінде казуалдық(себепті және
абстракциялық) деп те бөледі. Әрбір мәміле тараптардың алға қойған мақсатына орай құқықтық негізбен құқықтық мақсатты еншілейді. Бірақта бір жағдайда мәміленің жарамдығы онң негізіне байланысты болса, екінші жағдайда оған байланысты болмайды(абстракциялық) . Абстракциялық мәмілелер өзінің негізінен қол үзгендей көрінеді(abstrahere-қол үзу, бөліну), (мысалы, вексельді тапсыру. Айталық, сатып алушы өзі сатып алған тауардың құнына тәуелді вексельді сатушыға берді делік. Кейін тауардың сапасы төмен екендігі айқын болған жағдайда, вексель қайта вексельді берушіге оралмайды) .
Шартпен жасалған мәмілелер қандай да бір нәрсеге тәуелді болып кледі. (оқиға немесе үшінші тараптың әрекеті), ондай жағдай болуы да, болмауы да мүмкін. Мәселен, егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән- жағдайларға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгеқалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. (Азаматтық кодекстің 150-ші бабы, 1-ші тармағы) . Ал, Азаматтық кодекстің 150-ші бабының 2-ші тармағына сәйкес, егер тараптар құқықтармен міндеттемелердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күшіжойылатын шартпен жасалды деп саналады.
Егер шарттың басталуы өзіне тиімсіз деп есептейтін тарап, шарттың басталуына теріс пиғылмен кедергі жасаса, шарт басталды деп танылады, ал шарттың басталуы тиімді болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, онда шарт басталмаған деп танылады.
Азаматтық колексте (156-бап) биржалық мәмілелер қаралған. Биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттемелерді өзара беру туралы келісімдерді биржаға қатысушылар тауар, қор және басқа биржалар туралы заңдарда жәнебиржа жарғыларында белгіленген тәртіп бойынша жасасады. Бирдалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тікелуі тиіс. Биржалық мәмілелер жасасуға байланысты даулар тиісті биржа жанындағы биржа төрелігінде қаралады, оның шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін.
Сонымен қатар Азаматтық кодекстің 150-ші бабына сәйкес мәмілелер «талап» қою арқылы жасалады. Мәселен, айталық, егер екі тарап жеңіл көлікті сатып алу-сату келісімін жасасып, жеңіл көлікті сатушы егерде
осы сатып алушының қойған талабы бойынша жеңіл көлікті басқа
түске бояған жағдайда ғана жеңіл көлікті сатып алушы сатып алады.
Бұл мән-жай(басқа түске бояу немесе боямау) талап болса, ал сатып алу-сату-шартты болады.
Мәміле ұғымын жаза бастаған жағдайда біз мәміленің маңызы тараптардың еркі мен ерік (ниет, тілек) бідіруінен тұрады деп жазып кеткен болатын едік.
Ерік білдіруші ауызшы, конклюденттік әректі арқылы жазбаша(жай немесе нотариалдық) және үндемей қалу жолымен білдіреді.
Мәмілеге қатысушылардың ерік білдіру әдісін мәміленің нысаны деп атайды. Егер мәмілеге қатысушылар өздерінің еркін ауызша айтқан болса, онда бұл ауызша жасалған мәміле болады. Мысалы, телефонмен жасалған мәміле ауызша жасаған болып есептеледі. Айталық, ауызша жасалған мәміле орындағанын растайтын құжат берілуі мүмкін (тауарчекі, затты сатып алғанын айқындайтын құжат және тағы басқалар) сондай-ақ жетон, билет сияқты растайтынбелгілер ұсынылады. Бірақ бұдан ауызша жасалған мәмілеге келіп кетер ештеңе жоқ.
1. 2. Конклюденттік әрект(латынша concludere-жасау) -сол арқылы тұлғаның мәмілеге қатысуы ниет білдіру әрекеті. Мәселен, азамат автоматқа ақша салу арқылы, ондағы тауарды алуға деген еркін білдіреді.
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып табылады. (Азаматтық кодекстің 151-ші бабының 4-ші тармағы) . Мысалы, егер мүлікті жалға алушы шарт мерзімі бітіп кетсе де, жалға берушінің тарапынан қарсылық болмаса, онда жалға алушы бұрынғы шартқа сүйене отырып мерзіміне қарамай-ақ пайдалана беруіне болады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 152-ші бабына сәйкес мәміленің жазбаша түрі бұл орайда мәмілелерді жасасу кезінің өзінде орындалатындарынан басқа жүз есптік көрсеткіштен жоғары сомаға жасалуы тиіс.
Азаматтық кодекс мәміленің жазбаша түріне қатысты бірқатар маңызды шарттарға мән бергенін айта кетуіміз керек. Азаматтық кодекстің 152-ші бабына сәйкес, егер іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан өзгеше туындамаса, жазбаша түрде жасалған мәмілеге тараптар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс.
Мәміле жасау кезінде қол қоюдың факсимелік көшіме құралдарын
пайдалануға жол беріледі, мұның өзі заңға немесе қатысушылардың
бірінің талабына қайшы келмесе ғана жүзеге асады.
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен қосымша талаптар белгіленуі мүмкін, оларға мәміле нысаны, атап айтқанда, ьелгіленген нысанды бланкіге жазу, мөрмен бекіту, сәйкес келуге және оларды осы талаптарды орындамау салдары көзделуге тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсысына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасауы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайп жазба, факс немесе субъектілерді және олардың ерік білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдармен немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасалған мәмілеге теңестіріледі.
Егер адам дене кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан өзі қол қоя алмаса, оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Соңғының қойған қолын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, нотариат немесе сондай нотариалдық әрекет жасау құқығы бар басқа лауазымды адам, мәміле жасаушының өзі қол қоя алмаған себептерін көрсете отырып, куәландыруға тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші тараптан оның орындағанын растайтын құжат талап етуге құқылы.
Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарын басқа, ауызша кәсіпкерлік мәмілені орындаған тараптың да осындай құқығы бар(Азаматтық кодекстің 152-ші бабы) .
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Алматы 2001 жыл, 63 бет.
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін ғана жасалды деп саналады. Мұндай талапты сақталмау Азаматтық кодекстің 157-ші бабының 3-ші тармағында көзделген салдармен мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.
Азаматтық кодекстің 155-ші бабына сәйкес кейбір мәмілелер заң құжаттарында көрсетілуіне сәйкес мемлекеттік немесе өзгетіркелуге жатады. Бұл мәмілелер тек оларды тіркелгеннен кейін жасалды деп саналады. Тіркеу мүдделі тараптың тіркеуші органға табыс еткен немесе почта арқылы жолдаған арызы бойынша жүргізіледі.
Тіркеуден бас тарту жазбаша түрде рәсімделуі тиіс және заң талаптарының бұзылуына сітеме жасалғанда ғана мүмкін болады. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса, сот екінші тараптың талап етуіменмәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы. Бұл ретте
мәміле соттың шешіміне сәйкес тікеледі. Тіркеуден бас тартқан эақ сот арқылы мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы.
1. 3. Шарттың ұғымы мен оның маңызы .
Жоғарыда атап көрсеткендей, біз мәмілелердің бір жақты мәміле және шарттарға бөлінетінін жазып кеткен болатынбыз.
Мәміленің бір түрі «шарт» азаматтық айналымда аса зор көлемде тараған. Осыған орай біз осы шарт ұғымына тоқтала кетсек.
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада : құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-ші бабына сәйкес, екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-ші тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: « шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзнеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, аыторлықнемесе өзге құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәніне өзгеше туындамаса, жалпы шарттардың ережелері қолданылады.
Азаматтық заңның негізгі бастауларының бірі Азаматтық кодекс айқындаған шарт екендігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz