Абылай ханның тұрақтануы


Жоспар.
Кіріспе.
I-бөлім. Абылай - Ұлы тұлға.
- Абылай ханның тұрақтануы.
- Абылай дәуіріндегі қазақ елі.
- Абылай және қазақ мемлекеттілігі.
II-бөлім. Абылай хан - саясаткер.
- Абылай ханның ішкі саясаты.
- Абылай ханның сыртқы саясаты.
Қорытынды.
Сілтемелер.
Қолданылған әбебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Әр халықтың тарихында есімі мәңгі өшпестей ел жадында сақталатын тарихи тұлғалар болады. Қазақ халқының тарихындағы сондай киелі тұлғалардың бірі ғана емес, бірегейі - Абылай хан. 1
Абылай хан - XVIII ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Ресей үшін Петр немесе Германия үшін Бисмарк қандай болса, Қазақстан үшін ол да сондай тұлға. 2
Қазақстанның ұлы ханы Абылай ханның өмірі мен қызметіне байланысты қисса - дастандардан бастап замандастары айтып кеткен, кейінгі ұрпақтарының жазып қалдырған жәдігерлері аз емес. Тіпті еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жазылған еңбектердің өзі бірталай. Оларға Абылайдың жастық шағы, жау түсіріп батыр болғаны, ел билеп салиқалы - салмақты ішкі - сыртқы саясат жүргізгені көптеген еңбектерге арқау болды. Кезінде орыс, қытай жылнамашыларының, зерттеушілерінің берген бағасы өзінше бір төбе.
Абылайдың есімі тұңғыш аталатын Бұлқайыр сұлтанның Ресей патшасы I Петрге 1718 ж. 10 желтоқсандағы хатынан бастап, Абылай ханның қайтыс болуына байланысты Қытай патшасының 1781 ж. 25 шілдедегі жарлығына дейін тұтас дәуірдің деректі шежіресіне дейін бар. 3
Әсіресе хан Абылай туралы қолжазбалардың көбі орыс архивтарында орналасқан. Олар сенаттың, шетел істер коллегиясының, орыс патшаларының жарлықтары мен грамоталары. «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. » атты екі жинақта 500-дей құжат көрсетілген. Бұл құжаттардың қомақты бөлігі Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына арналған.
XVIII ғ. бастап Сібірді және Қазақстанды игеруіне байланысты, Ресей империясы бұл аймақта мекендеген халықтардың экономикасы мен өмірін зерттей бастады. Бұл себепті елдің әртүрлі аймақтарына көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Бұл экспедициялар әртүрлі зерттеулер жүргізді. Осы экспедицияларға ғалымдар да қатысқан болатын, олар: П. С. Паллас, И. Георги, И. Фальк, Н. П. Рычков, А. Н. Левшин, В. В. Радлов, Г. Спас-ский, В. В. Бартольд, Н. А. Аристов, П. П. Семенов-Тян-Шанский, А. Н. Хару-зин, В. В. Вельяминов-Зернов және т. б. Бұл ғалымдардың еңбектерінде хан Абылай туралы өте құнды мәліметтер бар. Сонымен қатар Абылай хан туралы мағлұматтарды Ресейде революцияға дейінгі және революциядан кейінгі кезеңде шыққан энциклопедиялық сөздіктерден кездестіруге болады.
Абылай хан туралы өте құнды материалдарды XIX ғ-ң 60 ж-ң басында жарық көрген Ш. Ш. Уәлихановтың мақаласынан таба аламыз, және1910 ж. Қазан қаласында басылып шыққан Құрбанғали Халиданың кітабы көп мәлімет береді. Бұл кітапқа араб, парсы, түрік және қытай деректері арқау болды.
1964 ж. Қазақ КСР Ғылым Академиясы шығарған «Казахско - русские отношения в XVIII -XIX вв. (1771-1867 годы) сборник документов и материалов» деген тарихи жинақ кітап бар. 4
Қазақ хандығы мен Қытай қатынастары туралы 1989 ж. шыққан «Исторические исследования» атты еңбегін Н. Мухамбетқанұлы жазған және де Абылай хан туралы С. Сейфулин, М. Әуезов, И. Есенберлин және т. б. ғалымдар зерттеулерін жүргізген.
Ресей империясы кейін Кеңес үкіметі кезінде ғалымдар Абылайды зұлым, екі жүзді, қу деп бейнелеген. Олар: Н. Г. Апполова, С. Е. Толыбеков, В. Я. Басин, Б. П. Гуревич, Б. С. Кузнецов, Т. Ж. Шойынбаев.
Кеңес дәуірінде идеологияландырылған тарих ғылыми хан тұтқымынан шыққан құба қалмақтарға ұлт-азаттық күресті ұйымдастырған Абылайды тіпті батырлар санатынан шығарып тастады. Біздің отандық тарихнамаға Абылайдың Ресей мен Қытайдың ортасында өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген қайраткерлігі ұнай қоймады, ол орыс-қазақ қарым-қатынасына көоеңке түсіретіндей көрінді. Орыс мемлекетіне бодан болған Әбілхайыр ұлттық батыр саналды да, ал тәуелсіз Абылай «екі жүзді болып көрсетелді. 1944 жылы ВКП Орталық Комитетінің хатшылары Г. М. Маленков, А. С. Щербаков атына тарихшылар мәслихатын шақыруға байланысты арнайы хат түсірілді. Бұл документте Абылай хан туралы М. Әбдіхалыков, А. Панкратова редакциясымен шыққан Қазақ ССР тарихымен концепциясы «Ленин және Сталин іліміне ревизия» деп танылды. «Бұл кітапта, -делінген документте, -орысқа көзбояу бодан бола тұра, қытай императорына боданмын деп мойындаған Абылай дәріптеледі. Ол екі күшті мемлекеттің арасында қалып, дұрыс бағдарламалар алмады, екі жүзді және қайшылығы мол саясат жүргізді. Бұл саясат қазаққа кеселден басқа ештеме әкелмеді».
Зерттеуші В. С. Кузнецов «Амурсана» атты кітабында Абылайды қу, алаяқ, зұлым, адамзат мәдениетінің надан қаскөйі ретінде суреттейді, Зерттеуші Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Р. Б. Сулейменов өзінің бір еңбегінде В. Кузнецовты әділ сынға алды.
Абылай туралы мәліметер халық ауыз әдебиетінде де баршылық. Жалпы Абылай хан туралы жыр - дастандар, аңыз - әңгімелер басқа хандармен салыстырғанда мейілінше көп сақталған. Аңыз - әңгімелердің бәрінде де Абылайдың түр - түсінен тегін де жай адам емес екендігі, ішінде «уыт» бар екендігі білініп тұрады. Абылай ханға байланысты шығармалар жайлы ой - пікір, ғылыми тұжырымдар да аз емес.
Жыр - дастандармен қатар Абылай хан туралы шағын тарихи өлеңдер туғандығы белгілі. XVIII ғасырдағы Абылайға байланысты тарихи өлеңдерді негізінен даңқты жауынгер, ақылгөй, дана жыраулар Бұқар, Үм-бетей, Тәтіқара, Ақтанберді, Көтеш, Шал ақын айтқан.
Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі - қазақтың ерлігі мен серілігінің ғасыры. 5
XVIII ғасырдағы тарихи өлең-жырлар «Ақтабан шұбырынды» оқиғасынан бастап, Абылай хан және оның батырларының ерлік істерімен жалғасқан қазақ өмірінің күрделі кезеңін сипаттап береді. Осы үлкен әдеби арнада бірнеше тарихи белгілі қайраткерлердің әр-алуан бейнесі жасалған. Олар Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Олжабай, Баян т. б. ел үшін еңіреп туған ерлер еді. Осылардың ішінде не тікелей, не жанамалай тақырыптық арқауы, бейнелі кейіпкері болып отыратыны - Абылай хан.
Жыраулар поэзиясының ең бір тарихи нақтылығы, көркемдік мәнділігі - Абылай бейнесі шежірелік - өмірбаяндық арнадан бастау алып, ірі қоғамдық, халықтық алып тұлғаға дейін өрбіп өскен.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Абылай хан қазақ халқының тарихында аса кемеңгер мемлекет қайраткері, әрі көсемі ретінде ұрпақтарына кеңінен таныла бастады. Ресей және Кеңес империалары үстемдік еткен үш ғасыр бойы Абылай тұлғасына қазақ тарихындағы айбынды рөліне тиісті баға берілмеді. Ең алғаш бұл жайға М. Әуезов назар аударды, оның сөзімен айтқанда: «Ескі қазақ елдігін, ескі жұрт тілегін, ту көтеріп бір араға жинаған Абылай болатын» деп, жазған. Бұл кітапты 1927 жылы баспадан шығарып, таратуға дайындағанда большевиктер тиым салып өртеп жіберген. Кеңес үкіметі Абылай ханның есімін туған халқының жадынан мүлдем шығарып, оны атаусыз қалдыруға тырысты. Коммунистік идеология Абылай туралы ғылыми ізденістерге мүлдем тиым салды, сол жылдары баспадан шыққан зерттеусымақтарда Абылайды құбыжық етіп шығару міндеті қойылды.
1991 ж. Абылай ханға 280 жыл толды. Осыған байланысты біздің қаламызда ғылыми конференция өткізілген болатын. Абылай хан туралы: У. М. Султанғазин, Ж. М. Абдильдин, М. К. Қозыбаев, Р. Б. Сулейменов, Г. С. Сапарғалиев, В. А. Моисеев, У. Жанибеков, Шот - Аман, Н. Ыбыраев, Ч. Әбутәлипов сияқты ғалымдар өз баяндамаларын оқыды.
Абылай ханды зерттеуде көп еңбек сіңірген Қ. Қ. Абуев, менің курстық жұмысыма арқау болған оның мынадай еңбектерін атап өтуге болады: Хан Абылай и его время; Көкшетау: Исторические очерки; Абылай и некоторые вопросы историографий; Қазақстан тарихының «Ақтаңдақ» беттерінен.
К. Данияров, Қасымбаев, Жанұзақ, О. Смағұлұлы, М. Қожаев, А. Оразаққызы, А. Әбсадық, Жамантаев, М. Құлмұхаметов, Ә. Тарақ сияқты ғалымдар Абылай хан туралы өз еңбектерін жазған. Сонымен қатар Абылай хан туралы мәліметтерді газет-журналдардан табуға болады.
I-бөлім. Абылай - Ұлы тұлға.
Есімізді енді ғана жиып, іргелі, егеменді ел бола бастаған қазіргі тұста қиян-қилы заманда халықтың бірлігін, елдігін сомдай түсіп, үш жүздің басын қосып, қазақ еліне ашкөзін тіге, қанды қолын созған қас дұшпан - Жоңғар шапқыншыларына қарсы, бүкілхалықтық қозғалыстың ұйымдастырушыларының бірі болған хан Абылайдың тұлғасы, оның тарихта алған ролі жайында көп айтылып жүр. « Қазақтың аңыз-жырларында, - деп жазған Шоқан Уәлиханов, - Абылай есімі өте әсерлі мәнге ие болған. Жұрт Абылай дәуірін қазақ қаһармандығының кемелденген тұсы деп сезінеді. Абылайдың жорықтары, батырларының ерлігі тұрмыстық-салттық дастандардың аркауына айналған».
1. 1 Абылай ханның тұрақтануы.
Абылай ханның бүкіл өмірі бір ғана мақсатқа бағынды. Ол ен далада еркін өскен қазақ халқын аман сақтап қалу үшін барлық ақыл-ойы мен қажыр қайратын сарқа жұмсады.
Осынау ұлы мұрат жолында Абылай хан пенделіктің бәрін тәрік етіп, шын мәнінде иісі қазақтың бір туар көсемі бола білді. 6
Абылай өмір сүрген XVIII ғасыр - Қазақстан тарихында өзгеше, ерекшеленіп көрінетін, қазақ қоғамының сілкініп оянып, канатын қомдап, оң-солына жіті қарай бастаған тұсы. Мұның өзі ең алдымен ол жүргізгенү ішкі және сыртқы саясатпен, оның қазақ рулары мен тайпаларының басын қосып, іргелі ел етуге тырмысқан іс-қаратетімен, өзі орнақтырған ошақтың ұланғайыр кеңістігінде шаруашылық-экономикалық, этно-мәдени және этно-саяси байланыстардың негізінде қалыптасқан аймақтық бірлестіктер, жүздерді аға билер арқылы басқару жүйесімен жандана бастаған егіншілікке, сауда-саттыққа, колөнерін дамытуға жасаған қамқорлығымен, тағы басқалармен тікелей байланысты. Сол кездегі ел басынан кешкен отаншылдық каһармандык оқиғалардың қай-қайсысы да Абылай есіміне қатысты. Қазақ жасактарын жауға қарсы жұмылдыра отырып, талай-талай шайқастарда сөзсіз ерлік көрсеткен, жеңіске жеткен Абылай ел арасында зор беделге ие болған. Жұрт оның есімін жауға шапқанда айтатын ұранға, басына іс түсіп, нар тәукелге бел байлаған шақта, қиналғанда сиынатын ұранға айналдырған.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екінің бірі есте қала бермейтіні де белгісі ғой. Жымысқы жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп тиген талайларды көнекөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен, затын ілтипатқа ілмейді. Демек, ақыл-парасатына, қажыр-қайраты сай, дегдарлығы мен білімдарлығы бірдей, мінезі маңғыз, жүрегі мейірбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне, екі ғасырдан астам атақ-даңқы аңыз-әнгімелер арқылы-ақ ұрпактан ұрпаққа жалгасып, үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болса керек.
«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан» кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басқыншыларына ойсырата соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емес пе. Сындарлы саясатшы, сарабдал мәмлегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашықтықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы. Абылай есімі қазақ тарихында ең көп аталып, ардақталған тұлға. 7
Уәлиұлы Абылай хан (1711-1781жж. ) қазақ халқының әйгілі ханы. Шыңғысханның тікелей ұрпағы, төре. Шежіре деректері бойынша: Шың-ғысхан - Жошы хан -оның төртінші ұлы - Тоқайтемір - Қожа - Бадақұлан - Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан - Әз Жәнібек - Жәдік - Шығай хан - Ер Есім хан - Жәңгір хан - Уәли - сұлтан -қанішер Абылай сұлтан - Көркем Уәли - Абылай ( Әбілмәнсүр ) хан болып таралады. 8
Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен. Қазақ халқының азаматтағы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан аты аңызға айлаған талай батырлар, басы Қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай болып соның ақыл-кеңесіне жүгінген, қажет жерінде жігер-күшіне сүйенген. Небір күрмеу қиын күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасында салып кеңінен кеңесіп, кемел байлам жасаған. Төле мен Әйтеке, Қаздауысты Қазыбек сияқты кең толғар кемеңгер билердің, Бұқар жырау сияқты от ауызды, орақ тілді, данагөй ақындардың ақылына жүгініп, болашақ ісіне бағдар алып отырған. Осының өзі-ақ оның халақтың қайнаған ортасынан шығып, соның мұның мұндап, жоғын жоқтап, сойылын соққан қайраткер екенін қапысыз аңғартса керек.
Асылы, Абылайға бақ та, тақ та оңайлықпен келген жоқ. Оның атасы атышулы Абылай Түркістан әмірі болған. Кемшілікке кеңшілігі жоқ, екіжүзділікке қаны қас ол досқа да дұшпанға да қатал ымырасыз кісі болған сияқты. Жоңғарларға қарсы отыз мың қолды бастап барып ұрысты ойдағыдай ұйымдастыра алмай, жеңіліп қайтқан Қайып ханды жа кінәсін кешіре алмай өлтіріп жіберген. Сол үшін өзі де қанішер атнып, елден аласталды деген сөз бар. Оның орнын ұлы Көркем Уәлі басады. Бірақ оның бақыты ұзағынан сүйіндірмей, Түркістанға тұтқиылдан басып кірген жау билеушінің отбасын түгел қырып тастайды. Бір төлеңгіттің тапқырлығы мен адалдығы арқасында он бір жасар ұлы Әбілмәнсүр ғана аман қалып, қаладан қашып шығады.
Бала сол бетімен атақты Төле бидің ауылынан бірақ шыққан тәрізді, Беймәлім жетім бала алғаш түйе баққаны, одан жылқышы болғаны да анық. Алғаш қауіп ойлап атын айтпай «сіз қалай атасаңыз есімім солай болсын» деген соң би шашы өскен, жүдеубас баланы Сабалақ атап кеткен.
Баланың жілік алмақ мінезінен емес пе, елгезек те әдепті, маңғаз да мейірбан жеткіншек ұзамай, осы үйдің туған ұлындай бола кетеді.
Қанжығалы Бөгенбай батырдың хабарлағындай, келесі көктемде Әбілмәмбет хан қазақтан қол жиып, қалмақтан кек алуға аттанғалы жатыр деген хабар тарайды. Осыны естіген ер жігіт биге келіп, майданға жіберуін өтінеді.
- Балам, саған соғысқа барудан гөрі жылқы баққан жақсы емес пе?!- дейді Төле би.
- Желіккен дудан, жерқайысқан қолдан қалғанша ер азаматтың өлгені артық қой, - дейді жігіт. Сөзден тосылған би рұқсат береді.
Жау тілеп екі көзі шоқтай жанған жылқышы келгенде қазақ пен қалмақ екі ошарылып, ортада Галдан Цереннің жиені, әскербасы Қонтәжінің ұлы, Шарыш жекпе-жекке батыр сұрап тұр екен. Іркіліп қалған елдің ішінен суырылып шыққан Сабалақ ханнан бата алады да, «абылайлап» Шарышқа қарай тұра шабады. Әудем болмай қостай боп қоқиып тұрған қалмақ батыры төңкеріліп түседі. Қайтар жолда қазақ каһарманы қарсыласының басын кесіп алып, «жау қашты» деп қалмақтарға қайтадан ат қояды. Не керек осы ұрыста ол «Абылайлап» ұран сап, « кірген жерін тесік қып, шыққан жерін есік қып» дұшпанның іргесің айрандай ірітіп, тозандай тоздырады. Жұрт ұранына қарап, оның төре тұтқымы екенін біліп, төбеге көтерліп құрмет көрсетеді. Мәнжайды білген Әбілмәмбеттің ұсынысы мен үш жүздің тоқсанға тарта игі жақсылары жиылып, Әбілмәнсүрді Абылай атымен хан сайлады. Бұл 1734 барыс жылы еді, дейді шежіре, ал ақиқатына келсек, Абылай ағасының көзі тірісінде тағына отыруды ыңғайсыз көріп, хандықтан бас тартқан сияқты. Әуелі Орта жүздегі Атығай-Қарауылдың сұлтаны болса керек. Бұл жайында кей деректерде былай жазылады: Атағы жер жарып шыққан хан Абылай XVIII ғ-да дүниеге келіп, Көкшетау деген жерде қазақ жұртына 48 жыл хан болып тұрыпты. 9
Ел ауызында Абылайды алғаш Атығай-Карауыл хан көтеріп, алты отау тігіп берген деген сөз бар. Оның қырық жыл бойы Көкшетаудан табан аудармай, әлгі екі тайпаның арасында тұруы да тегін емес. Дегенмен ол осы екі руға ғана емес, исі Орта жүзге билік жүргізіп тұрған. Яғни, ресми түрде Әбілмәмбет хан атанғанымен, бар билік Абылайдың қолында болған. Оны Нәйла Бекмаханованың « Көзбаушы келіншек» атты кітабындағы мына жолдары да нақтылай түседі: « Екі ірі шонжар Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан бастаған, 1740 жылы Ресейдің бодандығын қабылдаған Орта жүз байларының арасында да әжептәуір алауыздық бар еді. Патша үкіметі Орта жүз қоныстанған ұлан-байтақ аймаққа Абылайдың ықпалы күшті екенің ескерліп, оған хан боп ресми бекітілуін ұсынды. Алайда, Абылай Әбілмәмбет ханмен және рубасыларымен ара-қатынасын ушықтырғысы келмей, әрі орыс үкіметіне тәуелді болмас үшін бұл ұсыныстан бас тартты.
Орыс үкіметі халқына ықпалды Абылайдан қайтсе де көзжазбауды ойлады. Оның пайдасы 1741 жылы ол қалмақтың тұтқынына түскенде тиеді.
Галдан Церен «Қайдан болса да Абылайды тірі ұстап алып кел, Шақырыштың орнына оны өз қолыммен өлтіремін» деп отыз мың қолмен Жалбы деген батырын аттандырады. Ұлытауда аң аулаға шыққан Абылай құмырсқадай құжынаған жаудың қолына ұйықтап жатып қапияда түсіп қалады. Қазақтардың тілегі бойынша Галданға жүз салып Абылайды босатып алу үшін генерал-губернатор Неплюев Миллер деген майорды жіберді. Өз тарапынан өтіну үшін қазақтың үш жүзінен ел жақсылары барады.
Галдан Церен сұлтанның серіктеріне қыруар сый-сияпат беріп, өзіне Күндебауырдан (Үзілмес достық) өзімен нәсілдес бір қызды қосып құрметтеп аттандырады.
Ал кей деректерде екіжүз сарбазы бар барлаушы топпен жүрген Абылай қоршауда қалып, тұтқынға түседі делінеді. Ол қалмақ тұтқынында болған 2 жыл ішінде олардың тілі мен жазуын үйреніп, Жоңғар мемлекетінің ішкі саяси жағдайын жете бақылап, мықты және осал жағын зерттей жүреді. Абылай Жоңғар мемлекетінің күштілігі - мықты орталықтанған билікте және бірлікте екендігін түсінеді. Осы жағдайды ол кейіннен өз саясатында кеңінен қолданылады 10 делінген
Кейін аспанасты империясымен келісімге келіп, саяси, сауда және мәдени байланыстарды өрістету арқылы қазақ шаруалары өз ата мекені Алтай, Іле, Тарбағатай тәрізді шұрайлы өңірлерге қайта қоныстана бастайды. Қытайлар тоқсан мың қолмен жоңғарларға қайтып бас көтере алмастай күйрете соққы берген соң өріс тіпті кеңиді. Осы тұста саудамен қатар егіншілікті өрістетуге де көп күш салынады. Ресейден кісі жалдап әкеп, егіншіліктің қырсарын үйренуге ден қойылады.
Абылай ыңғайына қарай біресе орыс үкіметіне, біресе қытай үкіметіне бағыныштымыз деп жүрді, -деп жазады орыстарихшысы А. Левшин. - Ал шын мәнінде бұлардың ешқайсысына да бағынбады, өзінеше билік, өзінше саясат жүргізді. Айтса айтқандай XVIII ғ-ң 60 - 70 ж-ры Абылайдың қайраткерлік кемелділігі шырқау шегіне жетіп, билігі үш жүздің үшеуне де жүре бастаған кезеңі еді. Осыдан қауіп ойлаған Ресей үкіметі одан тағы да шекараға келіп ант беруін, хандық атағын бекіттіріп алуын талап етті. Бұндай басыбайлыққа барғысы келмеген Абылай: « мені хат етіп, халық сайлап, «Көктіңұлы» пәрменімен әлдеқашан бекітіп қойған» деп онша-мұншаға оңайлықпен мойын ұсынбайтынын анғартты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz