Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Информатика және информатика пәндері оқыту әдістемесі кафедрасы

Тақырыбы: Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту
әдістемесі

Орындаған:Сыздыкова М.
ИК-41 студенті
Тексерген: Дамекова С.К.
аға оқытушы

Көкшетау 2007 ж.

Мазмұны
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Компьютерлік оқытушы жүйесіне қойылатын негізгі педогогикалық –
психологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
3. Оқу себептерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды
қарастырастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
4. Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процесті компьютерлердің негізгі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
5. Компьютерді оқу процесінде пайдаланудың бір жолы ... ... ... ... ... .17
6. Жоғары оқу орнының ақпараттық білім ортасын қалыптастыру ... ... .18
7. Болашақ педагогтар дайындау жаңа ақпараттық технологиясын ... ... 22
8. Компьютерлік оқу құралын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... 24
9. Информатика пәнінің оқу-әдістемелек кешендері ... ... ... ... ... ...27
10. Информатикаға қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
11. Оқу жүйесінде автоматтандырылған жұмыс орнын жасаудың негізгі
принціптері мен талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
12. Телекоммуникация тақырыбын модемсіз оқыту әдістемесі ... ... ... .31
13. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
14. Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе
Компьютерлік оқу құралы деп білім берудің компьютерлік технологиясын
кемінен пайдалануға негізделген электрондық оқып – үйрену құралдарын айтады
. өз функционалдық мүмкіндіктеріне қарай компьютер кәзіргі кезде оқытудың
ең керекті жабдығына айналды, бірақ оны тиімді түрде пйдалану жолдарының
әлі ашылмаған тәсілдері, күнделікті сабақтарға қолдану үшін әлі де
айқындалатын жақтары көп екенін ғалымдар да, мұғалімдер де жиі айтып
келеді. Осы бағыттағы мәселелермен білім саласының мамандары алғашқы дербес
пайдаланылатын компьютер шыққан кездерден бастап айналысып келеді, соңғы
кездегі компьютерлердің көптеп қолданысқа енуі бұл проблеманың өте өзңекті
мәселеге айналғанын тағы да дәлелдеп отыр.
Оқу жүйесінде информациялық технологияны жалпы қолданудың маңызынан
гөрі оны пайдалану ісі білім беру жүйесіндегі қойылған талаптарға
қаншалықты жауап бере алатыны маңыздырақ болып табылады.
Комппьютермен оқыту әдісн жүзеге асыру жалпы білім беру ісін жетілдіру
тәсілдерімен бірге сонымен тығыз байланысты белгілі бір пәннің өз
ерекшеліктерін де есепке алуды талап етеді. Мұнда бірнеше мәселені қатар
шешуге тура келеді, олар :
- компьютерді оқыту ісінің қай жақтарын жетілдіру үшін баса
пайдалануға болатынын анықтау;
- оқу процесін компьютерлендірудің қажетті деңгейін анықтау;
- әр пән мұғалімдері мен әдіскерлерінің талап – тілектеріне
сәйкес келетін компьютерлік оқу құралын жасау .
Компьютерлік технологияны қолдану кезінде оқу материалының негізгі
көлемі мұғалім емес, компьютер арқылы беріледі. Оқыту процесін жүргізіп
отырған мұғалім көбінесе компьютерлік оқу құралын жасауға қатыспайды.
Сондықтан мұндай компьютер арқылы оқытуға арналған ақпараттық – оқу
материалдарын жасауда оның аттары мен оқыту процесінің алшақтығы білім
берудің негізгі принціпі деп айтуға болады. Бұл принціптің негізінде
берілген материалдарды оқып – үйрену процесі оның авторының кенесі қажет
етілмейтіндей болып ұйымдастырылуы жатады, яғни оқу құралы жана материал
беріп қана қоймай, оны толық түсіндіре алатындай дәрежеге жасалуы тиіс:
- таратылып берілетін оқу материалдары;
- бақылау және тестен өткізу материалдары;
- жаттығулар;
- сыныппен немесе жекелеп оқытуға және өздігінен оқып үйренуге
арналған әдістемелер;
- әрбір материалды немесе олардың бірнешеуін қатарластыра
пайдалану тәсілі, яғни оның стратегиясы мен тактикасы және
оларды бір – бірімен алмастыру жолдары;
- экраннан берілетін барлық ақпараттық – оқу материалдарын
компьютердің мультимедиялық мүмкіндігіне және сабақтарды сол
арқылы беру тәсілдеріне қарай бейімдеу.
Компьютерлік оқу құралы жалпы оқу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес
жасалады, ал оның ақпараттық - әдістемелік негізін жоғарыда айтылған
материалдар құрайды. Ол алдын ала жоба бойынша анықталған компьютерлік
технология негізінде жасалған білім беру мәселелерін шешіп, оқыту – үйрету
функциялары мен оқу процесін басқару істерін жүзеге асыруы тиіс.
Оқыту жүйесіне арналған программалық жабдықтама ретінде жасалатын
компьютерлік оқу құралын дщаярлау көп жакты мәселе болып саналады, оны
жүзеге асыру үшін әр түрлі салаларда істейтін мамандарды пйдалана білу
қажет. Төменде осындай шығармашылық топтың мүмкін деп саналатын бір
нұсқасының функционалдық құрамы көрсетілген, онда пән мұғалімінен бөлек
компьютерлік оқыту әдіскері, білім сапасын тексеру жағының мамандары,
суретшілер, бағдарламашылар болуы тиіс.

Компьютерлік оқытушы жүйесіне қойылатын негізгі педогогикалық –
психологиялық талаптар

Компьютерлік техниканың барлық салаға екпінді енуі, соның ішінде
білім беру саласында енуі компьютерлік оқыту технологиясын және
компьютерлерді білім беру саласында қолданудың психологиялық –
педагогикалық негізін іргелі зерттеуді талап етеді. Компьютермен
сұхбаттасудың интерактивтік процесін және компьютердің көрнектілік
мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көтеретін жаңа ақпараттық технологиялардың
бірі мультимедиа құралы екендігі белгілі.
Оқытушы программалардың ішінде имитациялық – моделдеуші программалары
өмірде, табиғатта болатын құбылыстар мен процестерді көрнекті бейнелей
алатындығы белгілі. Оқыту процесінде компьютерлік оқыту программалары,
ақпаратты іздеу және ақпаратты анықтамалық, оқу процесіне арналған
оқытушы орта- эксперттік жүйелері қолданылады.
Осы күнде белгілі компьютерлік программаларды зерттей келе
компьютерлік оқыту жүйесі оқытушы программалардың жеке дара түрінен ғана
емес, комплексті, көп функционалды болу қажеттігі, сонымен қатар,
компьютерлік оқытушы жүйеде қойылатын негізгі талаптар анықталады.
Психологиялық – педагогикалық талаптарды қарастырайық.
Психология көз қарасы тұрғысынан қарағанда компьютерлік оқытушы жүйелерге
қойылатын ең негізгі талаптарға:
• Кері байланысты ұйымдастыру;
• Оқытудың мативациясын қалыптастыру;
• Компьютерлік оқыту жүйесі негізінде жеке оқыту;
• Сұқбаттасуды жүргізу жатады.

Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға қойыатын
талаптарды қарастырайық.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектілеуде оны
симметрия параметірі бойынша бағалау маңызды. Компьютердің функциясына оқу
бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды қарастыруды жатқызсақ,
сұхбаттасу ассиметриясы компьютердің пайдасына шектееді. Оқушыдан тек қана
пасивтік жауап қайтару талап етіледі. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп
санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерде тең
мүмкіндік берілуі керек. Оқушының сұхбаттасуды кез келген уақытта бастауға
мүмкіндігі бар, ал компьютердің кез келген уақытта сұхбаттасуды бастауға
мүмкіндігі жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбатасуға
мұқтаждығы сонымен бірге, компьютердің сол сәтте сұхбаттасуды жүргізу
мүмкіншілігі сияқты факторлар іске қосылады.
Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзінің іс-әрекеттерінің толық
жарамдылығын түсініп, өз іс-әрекеттерінің субъектісі ретінде сезінетіндей,
орындайтын іс-әрекеттерін кенінен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық
соңына жеткізе алатындай, немесе ойын қандай да бір критикалық нүктеге
жеткізіп, үйреншікті деңгейде өзін бағалай алатындай болуы керек.
Оқушыны сұхбаттасуға тарату мәселесін шешуді міндетті түрде оқушыда
сол сәтте сұхбаттасу қажеттілігі бар ма екендігін анықтап, сұхбаттасу оның
ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушның
дайындық деңгйі ескерілуі қажет. Оқушының дайындық деңгейі тапсырманы
орындаудың қандай кезеңінде болғандығымен анықталады. Оқушының сұхбатттасуы
өзіндік мақсат емес, оның шектен тыс жиілігі өзін - өзі ақтамайтындығын
ескеру керек.
Оқытушы жүйелерде сұхбаттасуда өзара байланысты ұйымдастырудағы
келесі ескерілмеген жағдайлар кездеседі:
- компьютердің шеткі тыс көмек беруі, яғни оқушыға қате
жібергенде шешу жолын толық көрсету;
- жеткіліксіз көмек, яғни түсініктеменің және көмектің оқушыға
түсініксіз болуы.
Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегі жағдайларда ескеру
керек:
- кездесетін қиыншылықтың ерекшелігін анықтап, оқушыны ескерту;
- оқытушы программаның көмек беру мүмкіндігімен оқушыны
таныстыруды іске асыру қажет.
Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысынбұзататын негізгі
есептердің бірі – бағалау пікірлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың
жоқтығы оқытушы программаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтері. Егер
оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мактаса, оқушының
жұмысқа жауапкершілігі төмендейді.
Оқушының компьютерге беретін жауабына қойылатын негізгі талаптардың
лингвистикалық аспектілерін қарастырайық.
1. оқушының жауабы неғұрлым қысқа болып, оның клавиатурадағы жұмысы
азаюы керек, тышқан манипуляторының көмегімен жауапқа қажетті
объектіні белгілеу “drag and drop” арқылы іске асырылу қажет.
2. оқытушы программаның барлық фрагменттеріне бірдей қысқартулар,
синтаксистік таңбаларды қолдану, хабарды беруді шектеудің
аспектілері анықталады. Бұл шектеулерді оқушылар жақсы
премичание меңгеруі керек. Қысқартулар оқушыға түсініксіз
болғанда, жылжыма көмек іске асырылуы орынды.
3. жауаптарды кодтау рұқсат етіледі. Бірақ, бұл кодтар табиғи және
тұрақты болулары керек. Қысқарту мүмкіндігін ескере отырып,
олардың қолдануы және үндестірілуі мүмкіндіктерін нақты дәл
айтып кету қажет.
4. барлық форматтық ережелер алдын ала толық ескертіліп, айтылуы
керек.
Оқушы мен компьютердің сұхбаттасуын проектілеуде дизайн теориясы
ескерілуі керек.
Проекция принципі объектілердің өлшемдері мен олардың кеңістіктегі
орналасуының ара қатынасына байланысты болады. Мәліметтерді дисплей
экранында ұйымдастыруда отырып, логикалық байланысқан мәліметтер айқын
топталып, басқа мәліметтер катигориясынанерекшеленуіне ұмтылу қажет.
Мәліметтерді ретті крсету үшін топтау қолдану, табуляция, бос пернесін
қолдану мүмкіндіктері бар.
1-сурет.

Рет деп, көздің қозғалысын ескеретін дисплей экранындағы объектілердің
ұйымдастырылуын айтамыз. Оқуға әдеттенген көз, әдетте, қозғалысты сол жақ
жоғары бұрыштан, экран бойынша, экран бойынша, оңға қарай оң жақ төменгі
бұрышқа дейін жылжиды. Сондықтан, бастапқы қабылдау нүктесі экранның сол
жақ жоғары бұрышында орналасуы керек. Ал, жылдам көретін тізімдер сол
жағына келтіріп вертикаль бойынша тегістелуі керек.

Акцент деп, бірінші қабылдану керек ең маңызды объектіні ерекшелену
принципі. Бұл принципті сақтағанда оқушының көз – қарасы акцент зонасына
бағытталады. Мұндай акцент жасау үшін әр түрлі құралдарды пайдалануға
болады: ең мңызды мәліметті центрге орналастыру, оларды бос кеңістікте
басқа ақпараттан бөлек орналастыру, ашық түстерді қолдану. Артық
әшекелеуден, түстерді қажеттен тыс көп пайдаланудан, артық кодтаудан және
енгізілетін ақпараттық көлемі өте үлкен болуынан аулақ болып, экранның
анықталған бір бөлігінде түрлі – түсті бояудың көмекті арнайы ажыратқан
дұрыс.
Критикалық ақпаратты, ерекше мәліметтерді, өзгерісті талап ететін
элементтерді, жоғары приоритетті мәліметтерді, енгізу қателерін, команданың
салдары жайлы ескертулерді, есепті шешуге арналған нұсқауларды, ережелерді
белгілеу қажет.
Негізгі обьектіге оқушылардың назарын аудару үшін түсті дақты қолдану
орынды, яғни ең ашық түспен негізгі объект, ал қосымша түспен оның қалған
бөліктері белгіленеді. Егер түстер гаммасы суретті қабылдау психологиясын
есепке алма құрастырылса, бұл негізгі бөлікте белгілеуді қиындатады, көзді
талдырады. Ашық түстер жабық фонда көрерменге жақындатылып, ал жабық
түстер, ашық фонда алыстатылып көрінеді. Эвристикалық ұсыныстар болған
жағдайда түсті кәдімгі бейнелеумен сәйкестендіру керек.

Тұтастық принціпі бейнелердің өзара байланысты болуын, өлшемі,
формасы,түсі бойынша дәл сәйкес келуі талап етеді. Олар тізбекті,
функционалды, мәні бойынша және тағы басқа ұйымдастырылуы мүмкін. Мұнда
оқушыларды мәліметтердің орналасуы принциптерімен таныстырып өткен дұрыс.
Біркелкі мәліметтер дараланған түрде, әр жоспарлы мәліметтер әр түрлі
көрсетулері керек. Шек қою үшін қарама – қарсы түстерді, ал ұқсастықты беру
үшін ұқсас, бірақ әр түрлі түстерді қолдану қажет. Берілетін ақпараттар
дараланған және логикалы болуы керек.

Тепе –тендік (баланс) принціпі бейнелердің оптикалық салмағының
біркелкі таралуын талап етеді. Кейбір обьектілер көзге ең ауыр болып, ал
кейбіреулері ең жеңіл болып көрінгендіктен, бейнелеудің екі жағына бұл
оптикалық салмақты тең қылып бөлу керек. Ақпарат экранның бір жағына
жинақталмау керек, ақпараттық логикалық топтары кеңістікте дұрыс
орнластырып, тақырыптары центрленген болуы керек. Кері байланысты
ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қарастырайық. Компьютерлік оқыту
программаларында кері байланыстың негізгі функциялары: оқушыны жіберген
қатесі жайлы хабарлар ету: қатені түзету үшін қажет көмек беру; оқушының
жұмысының нәтижесін бағалай отырып, оның мотивациясын арттыру функциялары
жатады. Бұл функцияларды іске асыру үшін обьектілі – бағытталған
программалауда кері байланысқа келесі талаптар қойылады:
1. қате жіберілгеннен кейін міндетті түрде кері байланыс болуы
керек, қатежіберілгеннен кейінгі жайлы хабардан дұрыс жауап
жіберілгеннен кейінгі жайлы хабарды дұрыс жауап бергеннен
кейінгі хабарға қарағанда үлкен педагогикалық маңызы бар.

2-сурет.
2. кері байланыстың тиімділігі оқушыларға қатені тауып, оларды
түзетуге көмектесетін қаншалықты ақпараттын бар екендігімен
анықталады. Сондықтан әдетте хабарландырудың мынабай типі дұрыс
емес немесе шешуде қате жіберілген тиімді емес. Мәліметтер
жеткілікті болу керек, жауаптың бұрыс еместігін түсіндіру керек,
және сонымен бірге соншалықты қуатты болмауы керек.(2-суретті
қараңыз).Сұхбаттасуды программалауда төменгі программа үзіндісін
қолдануға болады.
... .
Var s:integer;
Begin
S:=Message Dlg (‘Жауап дұрыс емес.’)+#13
+’Ойлан.’, mtinformation, [mbOK],0);
End;
... .
3. оқушы жаңа дұрыс емес жауапты еңгізгенде ғана немесе көмек
сұрағанда ғана қосымша мәлімет беру керек.
4. оқушыға жіберген қатесі жайлы мәлімет бермесе бұрын оны өз
бетінше түзетуге ұсыныс жасау тиімді.
5. кері байланыс арнасы бойынша мәлімет оқушының жас ерекшелігі мен
жеке бас ерекшелігіне сәйкес болуы керек.
6. жаңа материалды оқудың алғашқы кезеңі кейіңгі кезеңіне
қарағанда кері байланысты оқытуға үлкен әсер етеді.
7. кері байланысты артық пайдалану оқушының өздік жұмысын азайтып,
оның іс - әрекетін шектен тыс регламентпен, шығармашылық ізденіс
диопозоны азайтады.
8. өздік бағалауы төмен оқушылар, өзіне сенімді оқушыларға
қарағанда кері байланыстың жиі болуы қажет етеді.
9. кері байланыс арнасы бойынша мәлімет бірнеше секунд бойы берілуі
керек. Мәліметті 30с кешіктіру және одан да көп кешіктіру
оқытудың қорытындысына және оқушылардың компьютердің көмегіне
көзқарасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Бұл талапты іске асыруда
Timer компонентін және оның қасиеттерін қолдануы керек.
3-сурет.
10. сол мезеттегі және кешігіңкіреген байланыстың әсері
шығарылатын есептің типіне және шешу кезеңіне байланысты болады.
Еске сақтау есептерін шешкенде сол мезеттегі кері байланыс тиімді
ал, ұғып түсінуге берілген есептерді кешігіңкіреген байланысты
қолдануы тиіс. Шығарылатын ескптің құрылысын жасауда сол мезеттегі
кері байланыс, есептің шығарылуын жоспарлағанда және оның
дұрыстығын тексергенде кешігіңкіреген байланысты қолдануы тиіс.
11. егер есеп күрделі болмаса немесе дұрыс жауап алар алдында
көп қателері болса, оқушылардың біліміне қатысты
хабарландыруларда оларды көп мақтамау керек.
12. дұрыс амалдарды бекіту амалдары болады тек сонда ғана егер,
біріншіден оқушыға қиын есептер берілсе, екіншіден есептердің шешуі
оқушылар үшін жетістік деп қабылданса.

Оқу себептерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды қарастырайық.
Компьютерлік оқытушы программаларға қойылатын негізгі талаптардың бірі
– мақтау мен ұялту ара қатынастары психологиялық дұрыс болуы керек.
Оқушының іс - әрекетін бағалаудың шешуші мәні бар. Оқушының мотивациялық
сферасына оқудағы жетістіктер мен сәтсіздіктер үлкен әсер етеді.
Оқу есептерін дұрыс шешу оқушы үшін үлкен бір жетістік болып қабылдана
бермейді. Егер ол қиыншылықты жеңумен байланысты болса және ол сәтсіздік
жағдайды сезінсе, оқушылардың мотивациялық сферасының дамуын игілікті әсер
етеді. Сондықтан, тапсырмаға берілген дұрыс жауапқа мақтау қиыншылықты
туғызбайды дегенге негіз жоқ. Ол кейбір кезде оқуға кері әсер ету мүмкін.
Әіресе, оқушы жауапты бірден бермей, тек бірнеше қате жіберіп, оған сәйкес
көмек көрсетілгеннен кейін ғана дұрыс жауапты бергенде мақтаудан сақ болуы
керек. Алайда , оқушыны қатесі үшін шектен тыс ұялтуға да болмайды. Ол
оқушылардың танымдылық белсенділігін тежеуі мүмкін. Әсіресе, бағалаудағы
дәстүрлі – бір немесе екі деген баға қоюдан аулақ болуы керек.
Оқушының беделіне нұқсан келтірмей отырып, егер мүмкіншіліктер көп болса
жіберілген қателерді көрсету керек және оларды жою үшін көмектесу керек.

Компьютерлік оқытушы программа көмегімен жеке оқытуды қарастырайық.
Казіргі кезде компьютерлік оқытуды ұйымдастыруды жеке оқытудың үш түрі
бар:
Бірінші – дәстүрлі оқыту, ерекшелігі: оқытушылық әсер етуді таңдау
компьютермен анықталады.
Екінші - оқушылардың өзі өздеріне ұнайтын оқыту басқаруын таңдайды .
Бұл жол оқушылар өдеріне көмек керек, қанша есеп шығару керек және қандай
қйыншылықтарды жеңу керек және т.б.компьтерлерге қарағанда жақсы анықтайды
деген ұйғарымға негізделеді.
Үшінші жол – аралас басқару: оқушылардың өздерінің үйрену стратегиясын
белгілейді. Егер оқушылар оқу тапсырмаларын нашар орындаса, онда оқыту
басқару процесін компьютер толығымен өзіне алады.
Оқушылардың өздеріне шешім қабылдауға мүмкіндік беру: мысалы, жаңа
материалды оқуға кірісу немесе жаттығуларды өткен тақырып бойынша
жалғастыру, сонымен бірге түсіндірудің күрделігі және көмектесудің түрі
жайлы шешім материалды дұрыс түсінуге мүмкіндік туғызады. Оқыту жолын
таңдау оқушыға берілген адаптивті программаны іске асыруға жеңіл. Сонымен
қатар мынадай жағдайларды ескеру қажет: оқушының өзі жайлы ойы адекватты
емес,өздік бағасы көбінесе не төмендетілген, не мүлдем жоғары болуы мүмкін.
Оқушылар оқытудың мақсатын дұрыс интерпретациялық алмауы мүмкін және
өздеріне оқытудын тиімді стратегиясын тандай алмауы мумкін. Олардың
көпшілігі барлық күшімен жұмыс істеуі мүмкін. Кейбір оқулықтарды
материалды беру реті қатал сақталғандықтан оның мазмұны беру ретін бұзбауға
болмайды.
Жоғарыдағы жағдайларды тұжырымдай келе ескеру қажет:
- оқушылардың дайындығы өте жоғары болған сайын, олардың қабілеті
де күшті, оқу процесін басқарудың көп функцияларын оларға
жүктеуге болады және оданда күрделі оқу мақсаттарын қоюға
болады;
- егер оқушылар оқытудың жеңіл жолын жүйелі таңдаса, бұл олардың
күрделі оқу тапсырмаларын орындай алмайды дегенді білдірмейді,
бұл жағдайда аралас басқаруға өту тиімді, берілетін есептерді
біртіндеп қиындатып, көмек беруді азайту керек,
- егер оқушылар күрделі жоғары жолды таңдап берілген есептерді
шығара алмаса, аралас басқаруға көшулері керек, оқытушы
программанын қадам өлшемін азайтып. Көмекті молайтуы керек.
Компьютерлік оқытушы программа әсерлі емес, тиімді болуы керек. Ол
үшін программа:
1. педогогикалық психологиямен дидактиканың негізгі принціптерін
ескере отырып оқытудың мазмұнын құруға мүмкіндік береді;
2. бір жағынан компьютерлік оқытушы программаны жасаушылардың
теоретикалық танымымен, екінші жағынан оқытудың мақсатымен
қамтамасыз етілген оқытудың басқару әдісін рұқсат ету керек;
3. негізгі алыс немесе жақын оқу мақсаттары қажет оқушылардың
продуктивтік, танымдылық белсенділігін арттыру керек;
4. компьютерге деген қызығушылық есебінен емес, оқушылардың оқу
мотивациясын дамытуға жағдай жасау керек;
5. оқу материалының мазмұны мен оқу мақсатында оқушылардың алған
білімдерін, бірліктерін, икемділіктерін ескеру керек;
6. сыртқы және ішкі сұхбаттасуды қамтамасыз ету керек, оның
ішінде сұхбаттасудың келесі функцияларын орындау керек:
оқушыларды ойлауға кірістіре отырып, танымдық белсенділігін
арттвру керек; үйлесімді әрекеттерді белсендеу және модельдеу;
тексті түсіндіруге жағдай жасау; оқу пәнінің мазмұнын
адекваттылығын қамтамасыз ету және жеке оқу есептерін
оқушылардың жас ерекшеліктерін және жеке басының бейімділігіне
байланысты қамтамасыз ету; педагогикалық дәлелденген кері
байланыспен қамтамасыз ету жіберілген қателер жөнінде мәлімет
беру, олардың қателерін түзейтін мәліметтерді сақтау; жеке
оқыту мақсатымен оқушыларға диагностикалық жасау, сонымен
қатар, қажет көмекті көрсету; жауаптпрды енгізуде арнайы
білім мен арнайы күш салуды талап етпеу керек;
7. оқу есептерін шешуде педогогикалық негізделген көмек беруді
қамтамасыз ете отырып, есепті шешу үшін жеткілікті көмек
көрсету және олардың шешу жолдарын меңгеру;
8. оқушыларды оқу мақсатымен, оған жетуде қаншалықты алға
жылжыды, оның негізгі кемшіліктерін қайталанатын қателердің
түрлері жайлы хабардар ету;
9. оқушыларға көмектесу кезінде оларға достық ықылас таныту;
10. жеке оқытуға рұқсат беру, оқу стратегиясы, көмектесу түрі және
т.б. жөнінде оқушыларға шешім қабылдауға мүмкіндік береді;
11. ақпаратты текс, грфик, бейне, соның ішіндегі қозғалыстағы
бейне, дыбыс және түс түріндегі берілу тәсілдерін адекватты
қолдану;
12. тек компьютерге ғана сұхбатты жүргізуге мүмкіндік бермей,
оқушыға да сұрақ қоюға мүмкіндік беру;
13. оқушыларға программаның кез – келген нүктесінде оған кіруге
және шығуға мүмкіндік туғызу, бұрынғы өткен материалдардан
мағлұмат алуға жағдай жасау;
14. оқытушы программада экономикалық талаптардың орындалуына
жағдай жасау.

Жоғарғы оқу орындарындағы оқыту процесті компьютерлердің негізгі
жолдары

Әлемдік дамудың қазіргі замандағы басты айырмашылығы қоғамдық еңбекті
бөлуде ауырлық центрлерінің материалдық өндіріс аумағынан ақпаратты алу,
өңтеу, тарату, сақтау, көрсету қолдануға ауысуында болып табылады. Бұл
процестің обьективті сипаттамасы қызметтердің интелектуалды түрлері
әсерінің дәрежесі мен ролінің адам өмірінің барлық жағынан жоғаруына
байланысты. Ақпарат дәстүрлік материалдық немесе энергетикалық ресурстар
сияқты қоғам мен мемлекеттік бағыттық ресурс болып табылады. Ақпаратты
жинау, сақтау, өндеу, тарату, бейнелеу әдістемелерін тұратын жаңа
ақпараттық технологиялар жасауда.
Бұларды таратудың аспаптық базалары (ЭЕМ) електрондық есептеуіш
машиналар болып табылады.
Осыған байланысты білім беруді ақпараттандвру қоғамды ақпараттандыру
процестерінің қоғамдық дамуы, адамдық толық мәнді өмірге даярлау және
ақпараттық қоғамды қажеттіліктердің негізгі шарттары ретінде жан – жақты
дамуды талап етеді.
Жоғары мектептегі ақпараттандыру концепциясы ақпараттың технология
негізінде бастапқы процесті тарату және оны қайта құруға мүмкіндік бере
отырп, мақсаттарды, мәселелерді, негізгі бағыттарды, оларды шешу сатыларын,
сондай – ақ қажетті материалдық ресурстарды анықтайды.
Жоғары айтылғандарды қортындылай келе жоғары мектепті
ақпараттандырудың мақсаттары мынадай болады:
- мамандарды толық мәнді өмірге және ақпараттық қоғамдағы
мінднттеріне даярлау;
- педогогикалық процесті кешенді түрде қайта құру, оның маңызын
жоғарылату, өз бетінше оқуға ауыстыру;
Жоғары мектепті ақпараттандыру мәселелерінің төмендегілерден көрінуі
керек:
- ақпараттарын меңгеретін ғылым , техника салаларының дамуына
байланысты жедел жанартуда;
- оқыту және тәрбиелеуді ұйымдастыруды дифференциалды мүмкіндік
беретін;
- әрбір оқытатын адамның жеке ерекшеліктері жөнінде жедел ақпарат
алуда;
- оқытудың ғылыми мазмұнын адекватты және оқытатын адамның жеке
ерекшеліктеріне сай оларға берілген ақпараттарды көру
тәсілдерінде;
- тиісті өзгерістерді жедел енгізу мүмкіндігін беретін;
- педогогикалық процестің нәтижелігі жөнінде ақпарат алуда.

Бірінші аспект – педагогикалық процесті ақпараттық қамтамасыз
ету. Бұл қажеттілік үнемі болды. әйтсе де бүгін де осындай қамтамасыз
етудің сапасы жаңа деңгейі жөнінде айтамыз. Бір жағынан, әрбір оқытушы
мен оқытатын адамның ақпараттық ешқандай шектелмеген бөлігін алуға
және оны аналитикалық өңдеуге сондай – ақ, ақпараттық мәдениетке
қоғамды тікелей тартуға, мүмкіндігі болуы керек. Басқа жағынан көлемі
мен мазмұны осыны қамтамасызете алатындай ақтараттың жедел келіп тұруы
қажет.
Педагогикалық процесті ақпараттың қамтамасыз етудің
мүмкіндіктері жоғары оқу орындарды сыртқы компьютерлік инфроқұрылымдық
құрылуынан көрінеді.
Екінші аспект – кез – келген пәнді оқытуда ЭЕМ – ді тікелей
үйретудің тиімді құралы ретінде пайдалану. ЭЕМ мүмкіндіктері оқытушы
енгізген оқытушыға арналған мәліметтерді өзгертуден ешқандай шектеу
қоймайды. Оқушылардың білімдеріне қарай оны өңдеуге, қайта жазуға
болады. Нәтижесінде жаңа ақпараттар алынып, білім жаңарып отырады. ЭВМ
техникалық мүмкіндіктерінің өсуіне қарай олардың адаммен өзара ақпарат
алмасуда мәні арта түседі. әйтсе де, нені танудың мақсатын өзгерту,
шығармашылық ойлау, яғни адамға тән қасиеттер ЭВМ үшін мүмкін емес.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе жоғары мектептерді
ақпараттандыру концепциясын былай тұжырымдауға болады: ақпараттық
жетілдіру, компьютерлік сауаттылық студенттің жеке интелектуалдық және
шығармашылық мүмкіндіктерін компьютерлік оқыту негізінде дамыту.
Жоғары мектептерді ақпараттандыру тек жаңа және тиімді, кезекті
техникалық құрал ретінде ЭЕМ – ді пайдалануды ғана емес, болашақтағы
мамандықпен жұмыс істеуінде есептеуіш техникамен жұмыс істеуді білу
мен тәжірбие жинақтауға да әсер етеді. Оны анағұрлым әлеуметтік және
жалпы мәдени аспект көре және түсіне білу қажет. Ақпараттық
технологиялар деген танымдық - зерттеу қызметтеріндегі әмбебап
құралдар, мағынасы жағынан қажетті міндеттерді атқаруды жедел ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін дәстүрлі жазба құралдарынан кейінгі екінші
орынды алады.
Жоғары орынды ақпараттандыру ұзақ және күрделі процес екені өз -
өзінен белгілі. Ол жұмысшыларды және жаңа буын педагогтарын қайта
дайындау, қажетті материалдық – техникалық базаны дамыту,
педагогикалық еңбентің жаңа мәдениетінің қалыптасуын, озық ғылыми -
әдістемелік қызметтерді құруды талап етеді.
Бұл процестің жүруін аймақтық ерекшеліктерге және жоғарғы оқу
орындарының дамуының біркелкі еместігі сияқты әртүрлі даму
мүмкіндіктерін қарай төменде келтірілген үш сатылық тізбегі арқылы
сипаттауға болады:
Бірінші саты . обьективті қажеттілік пен ақпараттандыру
процесінің негізін білу, жаппай компьютерді меңгеру, зерттеу
жұмыстарын оларды педагогикалық игеруге айналдыру, білім беру
мазмұнының жаңа құрамдарын іздеу, оқыту тәсілдері мен ұйымдастыру
формаларын анықтау;
Екінші саты. Ақпараттық технологияларды екпінді түрде меңгеру
және оны педагогикалық процеске жекелеп ендіру. Бұл мәселенің
практикалық қойылымы - оқу жұмыстарының формасы, тәсілдері және
дәстүрлі мазмұны радикалды қайта құру. Комплексті ақпараттың және ЭЕМ
базасында оқыту жүйелерін игеруді бастау және құру;
Үшінші саты.Ақпараттық технологиялар негізінде оқытуды
ұйымдастыру мен оның тәсілдерінің мазмұнын радикалды қайта құру.
Жоғары оқу орындары жинақтаған тәжірбиелерді талдау
педагогикалық процесте ЭЕМ – ді пайдалануды негізгі бағыттарын
анықтауға мүмкіндік береді.
Біріншіден, ЭЕМ – ді негізгі ұйымдар мен оқу пәндерінің негізгі
заңдылықтар, теориялық жағдайдың практикамен байланысты обьектілерін
көрсету және көрнекілеуде пайдалану т.б. ЭЕМ мұндай мақсаттарда
қолдану электрондық графика деп аталатын әдістемелік пәнгі жатады
және ЭЕМ – ға орнатылған телевизор мен дисплей экранда уақыт
маштабында, түстерді т.б. әртүрлі көрнекіліктерді бейнелеуге мүмкіндік
береді. Сондай – ақ , басқа тәсілдермен мүлде көрсету мүмкін емес көп
нәрселер орындалады.
Мысалы:
- әртүрлі құрамдар сонын ішінде өте күрделі радиолокациялық
сигналдар, процестер мен олардың кедергілер фонындағы өндеулер;
- сигналды тиімді өндеу нәтижесінің, оның параметрлерімен өңдеу
құралдары параметрлері сияқты байланыстар;
- әртүрлі мақсаттарға арналған жүйелерді іске қосу және құруға,
жүйелер құрылымы мен оларды іске қосу тәртібіне арналған ойлар
т.б.
ЭЕМ – ді бұлай пайдалану жалпы жағдайда кез – келген сабаққа, атап
айтқанда лекцияға дайындалу, сондай – ақ өз бетінен жұмыс істеу үшін керек.
Екіншіден, ЭЕМ техникалық құрылғыларды зерттеуде, оларды іске қосуды
пайда болатын физикалық процестерді көрнекі көрсетуді және модельдеуді
пайдалану. Физикалық процестерді әсіресе басқа тәсілдермен бейнелік түрде
бақылау мүмкін емес жағдайларды модельдеу, күрделі технологиялық
мәселелерді неғұрлым тереңірік меңгеру, зерттелетін процестердің әртүрлі
факторлары байланыстығын игеру мүмкіндігін береді.
Әрбір оқушы әрекеті үшін жоғарғыда айтылған модельдердің үздіксіз
машиналық бақылау ендіру оқытушыға керекті оған көмектесуін оқыту
материалын сапалы меңгеруге мүмкіндік береді, оқытуды автоматтандыруды
жүзеге асырады.
Үшіншіден, ЭЕМ – ді оқытуды автоматтандыру үшін қолдану.
Мұндай оқытудың мәні оқушуға берілетін оқу ақпаратының тізбектілі мен
шамасын қатаң сипаттап, оны меңгерумен үйгеру нәтижесінің сәйкестілігін
басқарып отыратын құрал арқылы оқушылар арқылы өзіндік таным қызметінің
басқарып отыру брлып табылады. Казіргі кездегі Автоматтты оқыту жүйелерінде
(АОС) мұндай басқарудың бірнеше түрлері бар:
- берілетін оқу материалының реттілігі мен мазмұнының оқыту
программасымен сәйкестілігін анықтау, басқару ақпараттарын беру; бақылау
тексеру тапсырмаларының берілу реттілігі мен мазмұнын анықтау;
- оқушының қойылған сұрақтарға берген жауаптарын талдау;
- оқушыға танымдық қиындықтар туындаған жағдайда көмек беру;
- әрбір оқушының жұмыс тиімділігін бағалау және есеп жүргізу;
Мұндай оқытудың тиімділігі программасының құрылуына байланысты болады.
АОС қолдануды практикалық сабақтарда және өз бетімен жұмыста пайдаланған
тиімді.
Төртіншіден, ЭЕМ – ді жобаны автоматтандыру үшін қолдану. ЭЕМ – ді
қолдануда күрделі техникалық құралдарды жобалауды автоматтандыруда, мысалы
радиотехникалық және элентрондық схемалар мен түйіндерде пайдалану.
Жоғары оқу орындарының есептеу базасын құруда ең бастысы жоғарғы оқу
орны неғұрлы кейігі шыққан болашағы бар есептеуіш техниканы алуы қажет.
Бұлай болмаған күнде біз ертеңгі емес кешегі күнгі мамандарды даярлаймыз.
Жоғары оқу орнындағы оқу процесі өз табиғатынан ауқымды екендігін
ескере отырып, оның есептеуіш базасы соған сәйкес кең көлемді болуы қажет.
Оқу процесін қамтамасыз етудің анағұрлым болашағы көп кең таралған
кафедраларда, кішігерім ЭЕМ базасындағы дисплей кластары және вуздық
деңгейдегі үлкен ЭЕМ базасындағы кластар жиынтығы қамтылған есептеуіш
желілер болып табылады. Мұндай желілерді пайдаланып, әртүрлі көрнекіліктер
үшін лабороториялық қондыларға кірістірілген автаномды және жеке есептеуіш
құрылғылар болуы керек.
Жоғарғы оқу орындары оқу процесін компьютерлендірудің негізгі жолдары
осындай. Осы айтылғандардың оқытушы қолына оқытудың жаңа қуатты құрылымын
беріп қана қоймай, білімнің тереңіне байлай отырып, оқытудың бүкіл
мазмұнының өзгеруіне мүмкіндік беретіндігіне көз жеткіземіз.
Бұл оқу пәнін оқытудың әдістемесіне де әсер етпей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйелік бағдарлау
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
Жалпы білім беретін орта мектепте информатика пәнін кәсіптік оқыту
«Информатиканың теориялық негіздері» пәнін оқыту үрдісінде электронды оқу құралын қолдану
Жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда ком-пьютерді пайдаланудың алғышарттары
Информатика курсының компьютерлiк оқыту құралын оқу процесiнде пайдалану
Информатика курсы бойынша электрондық оқулықтың нұсқасын жасау
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
Модель және модельдеу ұғымдары
Электрондық оқулық ұғымы
Пәндер