Орташа жалақыны есептеу тәртібі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Еңбектің және оның төлем ақысының есебі
1. Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі
2. Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны
2. Орташа жалақыны есептеу тәртібі
2.1 Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдем ақы
2.2 Демалыс ақысын төлеу
2.3 Еңбек қызметімен байланысты, еңбеккерлердің денсаулығының және басқа
да сәтсіз оқиғаның есебі және оны тексеру
2.4 Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу есебі
Қорытынды
Қолданылған әдебиет

Кіріспе

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс – түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі (кадрлар
жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір
адам) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдылық
бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгері себептерін,
жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын,
мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін
есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға,
еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбекерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім шарттарын жасадйы.
Жеке еңбек келесім шарты – жұмыс беруші мен еібекерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақысының деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке
еңбек келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісім-шарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті,
құқықтары белгіленеді.

1 бөлім
Еңбектің және оның төлем ақысының есебі
1. Еңбекерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі

Жеке еңбек келісім-шартында өндіріс саласының ерекшеліктері, нақты
міндетті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір сөзбен айтқанда, шарттың
мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-шартқа ҚР-ның еңбек туралы
заңыңның 7, 8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез келген 16 жасқа толған
азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал егер де ата-анасы
рұқсат берсе онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан еңбек ету мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар өарастырылады:
- белгісіз мерзімге;
- белгілі мерзімге;
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысың уақытша атқаруға.
Заңда келісім-шарттың максимальді және минимальді мерзімі
белгіленбеуі мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса,
онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім-
шартта екі данадан жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта қол қойлыда.
Оның бір данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі.
Еңбеккер өз қызметіне келісім-шарта күннен бастап кіріседі, онда оның
нақты жұмысқа шыққан күні есептеледі. Женке еңбек келісім шарттың жасау
үшін жұмыс беруші жұмыскерден (қызметкерден) еңбек кітапшасын, жеке төл
ұүжаттың, жеке әлеуметтік кодың, зейнеткерлік келісім-шартың, білімі туралы
ұүжаттың талап етуге қүқылы. Жеке еңбек келісім-шарты не қол қойлыған соң,
жұмыс беруші бұйрық шығару тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылғандарды Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен
(өкімімен) құжаттайды; кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға
жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың өкімінің жобасы қажетті жағдайларда
келісөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін
құрылымдық бқлімшелерге жіберетін рүұсат қағаз болып табылады.
Құрылымдық бөлімше бастығы (мастері) оны жұмысқа қабылдауға болатындығы
туралы тұжырым жасайды: бұйрық (өкім) жобасының сыртқы жағында жалданушының
қандай жұмыска қабылданғаны көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы
да көрсетіледі. Қызметкердің жұмыс жағдайларымен келісісі, келіссөз,
дәрірелік тексеріс нәтижелері, техникалык кауіпсіздік, өрттен алдын алу
шараларының минимумы бойынша нұскаулар берілгендігі туралы белгілер және
басқа да белгілер үлгінің жағына соғылады (немесе жазылады). Жұмыска алу
туралы бұйрықтың (өкімнің) жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы
белгіленеді, бос тұрған қызмет орны және штат кестесі бойынша белгіленген
айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол қойган бұйрық (өкім).
қызметкерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар бөлімі жұмысқа
қабылдау туралы бұйрықтын (өкімнің) негізінде жеке карточкасын толтырады,
жұмысқа қабылдағаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал бухгалтерия
дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
Жұмысқа қабылдануы, баска бip тұракты жумысқа ауысуы және жұмыстан
босатылуы туралы бқйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізетін әрбip
жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті
жерлеріне қол қойғызып отыруга міндетті.
Еңбек кітапшасы не жумыс берушіге, не қызметкерлердің өзінде сақталуы
мүмкін.

2. Еңбек төлемінің жүйесі мен нысаны

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек
келісім шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай
еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап
айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері Жумыс беруші нақты жағдайын
ескере отырып, Еңбек ақы төлеу туралы ережесін дербес әзірлей алады,
сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібі
Қызметкер туралы ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушімен
еңбек тәртібін ұйымдастыру мен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес,
сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке
және (немесе) ұжымдық еңбек нәтижесін бойынша жасалуы мүмкін.
Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгілеген жалақысынын, денгейін заңда
белгілеген ең төменгі жалақының деңгейінен тө мен болмау керек.
Іс жүзінде еңбек ақыны ұйымдастырудың eкіi негізіг нысаны
пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді
(істеген күніне қарай төлеу).
Мерзімді еңбек ақысы деп, накты icтеген уақыты үшін еңбек ақының
(айлғгының) мөлшері немесе тарифтік мелшерлемесі бойынша еңбеккерлерге
есептелетін жалақының нысанын атайды. Мерзімдік еңбек ақының нысаны жай-
мерзімділік және сыйақылы-мерзімділік болып бөлінеді.
Жай мерзімділік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік
мөлшерлемесі немесе нақты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбек ақы
есептейді. Енді осы жүйеге сандық және сапалық көрсеткіштері үшін қосымша
еңбек ақы сыйақылы-мерзімдік төлем болып табылады.
Жұмыс мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядка дейін
жікеледі, ал қызметкерлердің екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай
тарифтік сетка бойынша тарификацияланады. Бірынғай тарифтік — мамандырылған
(квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандырылған анықтама (МА)
бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.
Тарифтік мөлшерлемесін және әртурлі машықтық — мамандандырылған
топтарындағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең
төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне
сүйене отырып бірыңғай тарифтік сеткасында белгіленген тарифтік —
мамандандырылған коэффициенттер бойынша анықтайды.
Тарифтік — мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын
тарификациялауға және оларга әртүрлі өндіріс пен жұмыс түpi бойынша разряд
беруге пайдаланылады.
Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделігіншгш,
мамандығының деңгейін бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар
бірынғай және салалық болуға келеді. Олардың негізінде нақты өндіріск
еңбеккерлердің үшін жергілікті анықтамалар әзірленіп және белгіленуі
мүмкін.
Ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбек ақы туралы мәселесінің
ұжымдық келісім-шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Ал тарифтік —
мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.

1. бөлім
Орташа жалақыны есептеу тәртібі
2.1 Жұмыс берушінің есебінен төленетін жәрдем ақы

Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысы сақтау көздлеген
(ақшалай нысанындағы төлемі) олардың заңмен арнайы есептеу тәрптібі
белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына
келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін
орындау кезінде) кезде:
– ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай – ақ
еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде босанғандарға
компенсация есептеу үшін:
- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерледі армияға
шақырғанда:
- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс
ақысын есептеу үшін;
* қызмет бабымен іс-сапарга барған уақытына төлем жасау үшін;
- шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уақытына төлем жасау
кезінде;
- басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.
Орташа жалақы — бұл белгілі бір уақыт кезеніне еңбеккерлердің
жалақысынан алынған орташа жалақының денгейі (сағатка, күнге, айға, жылға).
Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі
төлемдер алынады. Бұл кезенді есептік кезеннің ұзақтығы деп те атайды.
Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу
үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация
есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу
үшін жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.
Барлық жағдайда есептік кезеннен Қазақстан Республикасының, заіымен
белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:

Мемлекеттік мерекелер:
1-2 қаңтар Жана жыл
8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні
22 наурыз Наурыз мейрамы
1 мамыр Қазақстанның Халықтарының бірлестік күні
9 мамыр Женіс күні
30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата заңының күні
25 қазан Республика күні
16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні

Бүл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс
күні болып саналады.
Еңбеккерлерден. орташа жалақысын есептеу ұшін орташа күндік, не орташа
сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем
жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені,
қосымшаны және баска да марапаттау төлем түрлері ескереді.
Орташа жалақы есептік кезендегі нақты істеген уақытынан да анықталуы
мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның, біріншісінде
өткен кезендегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен
кезендегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.
Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жұмыс істесе, онда орташа жалақысы
нақты істеген уақытынан анықталады.
Егер де енбеккерлердің ұзақ уақыт бойына жалақысы болмаса (жиырма төрт
айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бұл
жағдайда еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға
қарауына және басқа да орынды себептерімен байланысты болуы мүмкін.

Орташа жалақыны есептеген кезде мына төлемдер есепке алынбайды:
- жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген компенсация;
- еңбекке уақытша жарамсыздығына, екіқабат және бала табуына, бала
асырап алуына байланысты берілген жәрдем ақылар;
- денсаулықты жақсартатын шараларға берілген жәрдем ақылар;
- қызмет бабы бойынша ic сапарға берілген компенсациялар және оларға
қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлемдер;
- дала жұмыстарымен шуғылданатын еңбеккерлердің алатын үлестері;
- баска жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде алатын
компенсация;
- тараптардың келісімі бойынша, өндірістік мақсат үшін жеке транспорт
пайдаланған кезде төленетін компенсация;
- арнайы берілген киімдер, аяқ киімдер, алғашқы медициналық көмектер,
сабын, сүт т.б. құндылықтардың құны;
- материалдық көмектер;
- бip жолғы берілетін мақтау (көтермелеу) сыйлығы;
- жалақыны кешіктіріп төлегені үшін жұмыс берушінің еңбеккерлерге
төлеген eciмі;
- еңбеккерлердің мамандығын көтеру үшін оқумен байланысты шығыстары;
- конкурста және басқа да жарыстарда жүлделі орындарды алғаны үшін
төленетін ақшалай наградалар.
Сыйлықты және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді есептеген
кезде нақты уақыты бойынша алынған жалақысы емес, тоқсандық, жарты жылдық,
жылдық табыстары алынады, сондай-ақ материалдык мақтау (көтермелеу) кезінде
де 13, 16, 112 мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар — сол
айлық деңгейінде беріледі.
Егер де сыйлық және басқа да ынталандырушы сипаттағы төлемдерді
есептеген кезде еңбеккерлердің жалақысы толық болмаса, онда оның денгейі
толық болған тоқсандарына пропорциональды алынады.
Орташа күндік жалақы барлық жағдайда, тек пайдаланбаған демалысы үшін
төленетін компенсация мен демалыс ақыдан басқа есептік кезінде есептелген
жалақының сомасынан заңмен белгіленген аптаның алты күндік немесе бес
күндік календарлық жұмыс күні бойынша анықталады.
Орташа сағаттық жалақы да, орташа күндік жалақы сияқты анықталады.
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем. Жұмыс беруші №731
11 маусым 1999 жылы Республика үкіметінің қаулысымен бекітілген Жұмыс
берушінің есебінен әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеу мен
тағайындау туралы нұсқау талаптарымен сәйкес еңбекке уақытша жарамсыз
күндері бойынша әлеуметтік жәрдем ақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті.
Ал олардың қатарына:
- жалпы ауруы (сырқаты) бойынша;
- жұмыста мepтiгуі және кәсіби сырқаты үшін;
- тұрмыстық (күнделікті зақым (жарақат);
- екіқабат және босану.
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне еңбеккерлердің сырқатымен (ауру
ымен), протез коюымен, жанұяның бipi ауырып қалған жағдайда оларға қараумен
және басқа да жағдайлармен байланысты жәрдемақы тағайындалып, содан соң,
төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыз парағы белгіленген тәртіпте беріледі, ал ол
әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша жәрдем ақыны төлеудің негізі болып
табылады, ал егер де парақты жоғалтып алса, онда оның көшірмесі (дубликаты)
беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыз парағы бойынша төленетін жәрдем ақы
бipiнші күнінен толық жазылып кеткенге дейін немесе медициналық -әлеуметтік
эксперттік комиссияның (МӘЭК) мүгедектік белгілеуіне дейін төленеді.
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем ақысы мына
жағдайларда төленбейді:
- қылмыс жасау кезінде алған зақымына;
- сот шешімі бойынша анықталған, мәжбурлік түрде емделген уақытына;
- алкаголдің, ecipткінің, ұлы заттардың салдарынан алған зақымдарына.
Сонымен, еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жәрдем
ақыны есептеу (біз жоғарыда көрсеткеніміздей) орташа айлық жалақыдан
алынады, бipaқ орташа айлық жалақы он есе еселенген МЕК-тің денгейінен
аспауы керек. Жерлеуге, бала тұған кезде берілетін жәрдем ақы жергілікті
бюджеттің есебінен беріледі, оның мөлшері әpбip қаржылық жыл үшін
маслихаттың шешімдерімен анықталады. Мысал. Қызметкер 10 мамырдан 27
мамырға дейін ауырып қалды делік (2002 ж), яғни 12 жұмыс күні бойына. Осыны
есептеу үшін біз мына мәліметтерді пайдаланамыз:

Айлық есептік Жұмыс аптасының Нақты жұмыс Нақты есептелген
кезең бес күндік графигіістеген күні жалақы, теңге
бойынша жұмыс
уақытының
ұзақтылығы, күн
2001 ж.
Мамыр 21 21 20000
Маусым 21 21 20000
Шілде 22 22 20000
Тамыз 22 22 20000
Қырқүйек 20 20 20000
Қазан 22 22 20000
Қараша 22 22 20000
Желтоқсан 20 20 20000
2002 ж.
Қаңтар 21 21 20000
Ақпан 20 20 20000
Наурыз 19 19 20000
Сәуір 22 22 20000
Есептік кезеңнің 252 252 240000
жиыны

Орташа күндік жалақыны есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын жұмыс
аптасының бес күндік календарі бойынша алынған жұмыс санына бөлу жолымен
анықтайды, ол кәсіпорында былайша белгіленген: 240000:252=952,38 тенге.
Жәрдем ақының жалпы сомасы мынаған тең: 11782,56 тенге (952,38х12 күн).
Заңға сәйкес, жәрдем ақының сомасы мына деңгейге дейін шектелген:
10 МЕК (823х10=8230 тенге), сондықтан жәрдем ақы есептелген деңгейде
емес, тек 8230 мөлшерде төленеді.
Екіқабат және босану бойынша, сондай – ақ әйелдер босанатын үйінен
тікелей баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетін жәрдем ақы,
екіқабат және босану бойынша берілген демалысының барысында, баланың туған
күніне бастап 56 күн өткенше төленеді, бірақ ол 10 МЕК аспауы керек. Ал
жұмыс істеп жүрген әйелдерге 126 күнге жәрдем ақы төленеді, егер де әйелдер
екі және одан да көп балалар тапса, онда жәрдем ақы 140 күнге төленеді.
Сондай – ақ, екіқабат әйелдер, балары үш жасқа жеткенше, айлығын
сақтамайтын демалыс алуына болады, бірақ ол кезең төленбейді. Гер де, әйел
осы үш жылдың ішінде тағы да бір бала көтерсе, онда оған аталған демалыс
біткеннен соң, оның бірінші күнінен бастап төленеді.
Мысал. Екіқабат және босануы бойынша парағы жұмыс істеп жүрген әйелге
126 календарлық күнге берілді, оның ұзақтығы 10 қаңтардан 16 мамырға дейін
жалғасады. Жәрдем ақы әр айға жеке есептелінеді. Екіқаьат әйел аптасына бес
күндік график бойынша жұмыс істеген, оның орташа жалақысы 733 тенге құрған.

Екіқабат болуына байланысты әр айда жұмысқа шықпаған күні мынаны
құрайды.

Айлық есептік Жұмыс аптасының Нақты жұмыс Нақты есептелген
кезең графигі бойынша істеген күні жалақы, теңге
жұмыс уақытының
ұзақтылығы
2001 ж
Мамыр 21 21 2000
Маусым 21 21 2000
Шілде 22 22 2000
Тамыз 22 22 2000
Қыркүйек 20 20 2000
Қазан 22 22 2000
Қараша 22 22 2000
Желтоқсан 20 20 2000
2002 ж
Қаңтар 21 21 2000
Ақпан 20 20 2000
Наурыз 19 19 2000
Сәуір 22 22 2000

Есептік кезеңнің 252 252 240000
жиыны

10 МЕК деңгейін ескере отырып, еңбекке уақытша жарамсыз күнінің санын
орташа күндік жалақыға көбейту жолымен жәрдем ақының жалпы сомасын
анықтаймыз:
Қаңтар - 733х16=11728 тенге
Ақпан - 733х20=14660 тенге
Наурыз - 733х19=13928 тенге
Сәуір - 733х22=16126 тенге
Мамыр - 733х10=7330 тенге.
Қаңтардың мамырға дейін ЕББП есептелген сома емес, 10 МЕК бойынша
төленеді, ал мамыр үшін есептелген сома төленеді, өйткені ол МЕК – тен
аспайды.
Сонымен, жәрдем ақының жалпы сомасы мынаны құрады: 40250 теңге
(8230+8230+8230+8230+7330).
Жеке еңбек шартын бұзу. Жұмыс беруші келесі себептер бойынша еңбек
қатынасын тоқтатқан жағдайда орташа айлық жалақының мөлшерінде компенсация
төленуі тиіс:
- заңды тұлға жойылған кезде, жұмыс беруші өз қызметін тоқтатқан
кезде (жеке тұлға) (Еңбек туралы заңның 26,б,1т);
- еңбеккерлердің штатын немесе санын қысқартқан кезде (Еңбек
туралы заңның 26,б,2т);
- үш күннің ішінде ұсынған құжаты бойынша еңбеккерлерармияға
шақырылған кезде (Еңбек туралы заңның 30,б,1т);

2.2 Демалыс ақысын төлеу

Белгіленген тәртіп бойынша, жыл сайын жұмыс орнын сақтай отырып және
еңбек шарты бойынша әрбір жұмыс істеуі төөленетін демалысқа шығуы құқылы.
Еңбек деалысына шығуға барлық қызметкерлердің құқы бар, олардың арасына
жеке келісім – шарт жасалса да, жасалмаса да.
Бұндай заң Еңбек туралы заңның 12 б,5 т.қарастырылған
Еңбек демалысының ұзақтығы әртүрлі болады, егер де еңбеккер бірінші
жыл жұмыс істеп жатса, онда оған демалыс 12 ай өткен соң беріледі.
Демалысқа шығатын күніне мереке күндері қосылмайды, яғни еңбеккерлердің
демалыс күні 24 жұмыс күніне мереке тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні
болатын болса, онда қызметкер 25 күн демалуына болады.
Демалысқа шығу кезінде оның алдын ала жасалып қойған кезектілігі
сақталады. Демалыс аванс ретінде келесі қызмет категориясына бөлінеді.
- Ұлы Отан соғысына қатысушыларға;
- Орта және бастауыш оқу орындарының мұғалімдеріне, сондай – ақ
жоғарғы оқу орнының оқытушыларына;
- Екі және одан да көп балалы әйелдерге (14 жасқа және
мүгедектердің 18 жасқа дейін балалары бар болса);
- Медициналық қорытындының негізінде емделуге берілген жолдамасы
бар еңбеккерлерге;
Еңбек демалысы аванс ретінде берілетін жағдай еңбек шартында
қарастырылуы керек.
Еңбектің стажын есептеудің барысында тәртібі Еңбек туралы заңының
61 бабына сәйкес жүргізіледі, ал ол өзіне келесі кезеңдерге енгізеді:
- есепті жылдың барысында нақты істеген уақыты;
- заңсыз жұмыстан шығарылған, яғни емдеуде жүрген уақыты;
Жалақысы сақталмаған кездегі аоған демалысы стажға кеткен уақыты жұмыс
берушінің келісімімен жасалса және құжаттармен дәлелденсе, мемлекеттік
міндеттемені орындаса, онда олар стажға кіреді.
Сондай – ақ қызмет бабымен іс – сапарда болған кездері, жұмыс
уақытының қысқартылған тәртібімен жұмыс істеген кездері, яғни жыл сайынғы
еңбек демалысына құқұқ беретін кезеңдері мтажға жатады. Енді біз нақты
мысалда еңбек стажын есептеудің тәртібін қарастырылып көрейік.
Мысал.15ақпан 2001 жылы үш айға, яғни 14 мамырға дейін келісім шарт
бойынша маман әйел жұмысқа қабылданды, ал 15 мамырдан бастап онымен жеке
еңбек шарты шектелмеген (ұзақ) мерзімге жасалды .
Жұмыскер әйел маусымда қызмет бабы бойынша іс-сапарда болып келді
.шілдеде жұмыс берушінің келісімі бойынша толық көлемде емес жұмыс күйіне
ауысты . тамызда оған екіқабат және босануы бойынша демалыс берілді, ал
2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап, айлығы сақталмайтын үш жылдық демалысқа
шығуына өтініш білдірген. 1 сәуір 2002 жылы маман әйел қайтадан жұмысқа
түскен, содан соң 1 маусымнан бастап демалыс беруіне өтініш жазған.
Еңбек стажын есептеу жыл сайынғы еңбек демалысы үшін келесі болады.
Жұмыс істеген әйелдің еңбек стажына 1 қаңтар мен 1 сәуір айларының
арасындағы кезеңнен басқасы кіреді.
Жыл сайынғы пайдаланбаған еңбек демалысын есептеу үшін, яғни
компенсациясын жасау үшін орташа күндік жалақы, есептік кезеңдегі нақты
есептелген сомадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақының теориялық негізі
Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Жалақы түсінігі мен басқа төлемдер
Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері жайлы
Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі. Еңбекақы бухгалтерлік есебі
Еңбеккерлердің (қызметкерлердің) құрамының есебі
Жеке кесімді еңбекақы
Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу аудитінің нәтижелері
Еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Пәндер