Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың,,Ғасырлар тоғысы атты кітабының саяси мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігі

Көкшетау университ

Саясаттану кафедрасы

Қорғауға жіберілді

,, “ 2004 ж

Кафедра меңгерушісі :

Базаров Қ. Т, аға оқытушы.

Диплом жұмысы

Тақырыбы : Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың,, Ғасырлар тоғысы“

атты кітабының саяси мәні.

Орындаушы:Саясаттану бөлімінің

4- ші курс студенті: Ахметова Айнур

Ғылыми жетекшісі : Саясаттану

профессоры Қажыбай Қабыл-Фазыл

Көкшетау - 2004

Жоспар.

Кіріспе. . 3

1. Өткенге қысқаша шолу6

1. 1 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құлау

себептері жайында . . . …. 6

1. 2 Тәуелсіздік жолындағы алғашқы саяси қадамдар . . . 11

1. 3 Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын (ТМД) құру үлкен саяси жеңіс…. . 16

2. Ғасырлар тоғысына сәйкес келген екі дүние айырылығында. 21

1. 1 Ескі мен жаңаның арасындағы тайталас . . . 21

1. 2 Өктемшілдіктен демократияға бет бұру . . . …24

1. 3 Саяси жүйені жаңарту жолында. . 27

3. Шығыс пен Батыстың аңсарында. . 32

1. 1. Шетелдерге алғашқы қадамдар . . . 32

1. 2. Қытайды тану және оған өзімізді таныту . . . 35

1. 3. Тәуелсіз Қазақстан атынан Европа есігін ашу . . . 39

1. 4. Ислам дүниесімен төс түйістіру . . . 43

1. 5. Мұхиттың арғы жағына сапар. 47

Қорытынды. . 51

Пайдаланылған әдебиеттер. . . 53

Кіріспе

Қазір,, аңсаған ”армандаған “ тәуелсіздікке қол жеткіздік деп жүрміз. Шыны солай ма? Ғасырлар бойы Ресей, онан кейін кеңес империясының тізгінінде болған қазақ халқы бостандық таңының ататынынан бейқам еді. Ұрпақтан ұрпақтың қанына, психологиясына әбден сіңіп кеткен бодандық әркім үшін үйреншікті жәйт те. Мыңнан біреу болмаса, көпшілік отаршылдық қамытын заңды құбылыс ретінде қабылдады. Тіліміздің, дініміздің, діліміздің, әдет-ғұрпымыздың, салт-санатымыздың, ұлт - тық ерекшеліктеріміздің, басқа да толып жатқан құндылықтарымыздың жойылып бара жатқанын біреу сезсе, біреу сезбеді. Өкінішке орай, түйсіктеріміз көпшілікті құрады. Осындай жағдайда тәуелсіздік туралы қиялға берілудің өзі мүмкін еместі. Ал қазіргі,, аңсадық, ”,, арманда дық ” дегеніміз жәй көпірме сөздер. Тіпті, осы он екі жылдың ішінде, еліміздің еркіндігін түсініп жатқандар да некен-саяқ десем мүлдем қателеспейтініме сенімді мін. Аға ұрпақ әлі оянған жоқ. Сол баяғы үстем идеологияның жетегінен шыға алмай, шырмауында жүріп жатыр. Рас, коммунистік өктемдіктен құтылдық, ол енді жоқ, келмеске кеткен. Бірақ көпшіліктің сана-сезіміндегі удың уыты әлі сол қалпында сақталған. Олар,, ұлы ағасының ” үстемдігін аңсайды, қайырадан бодан болуды армандайды. Қарт коммунистердің жүрегіне,, тәуелсіздік ” деген жалғыз ауыз сөз түрпідей тиеді, қанайды, жан азабына салады. Мұны біздер күнделікті өмірімізде көріп, біліп жүрміз.

Жаңа кезеңді, тәуелсіздіктің мәнін түсінген зиялы қауымның алдыңғы саптағы өкілдері еліміздегі бұл құбылыстың жаршыларына айналып, жас ұрпақты жарқын болашаққа бастауға күш-жігерлерін сала белсене іске кірісті. Консерватизммен (керітартпалықпен) күресте жаңашыл топтар күн сайын жеңіске жетуде. Уақытты бағалайтын жанға әр күн алтыннан қымбат. Ал тәуелсіздік алған он екі жылдың ішінде көптеген игіліктерге қол жеткіздік.

Дипломанттың негізгі мақсаты- ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың,, Ғасырлар тоғысында” атты кітабының саяси мәнін ашу. Осы еңбекте еліміздің өткен тарихына да қысқаша шолу жасалынып, тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы қалыптасу жылдарындағы оқиғалар кеңінен баяндалады. Автор еңбегін естелікке жатқызбайды. Нұрсұлтан Әбішұлы былай дейді: ” Біздің көздегеніміз - кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу “.

Демек, бұл туынды саяси мәселелерді қамтиды. Сондықтан жаңадан қалыптасқан, жас саясаттану ғылымымызды дамытуға септігін тигізеді десек артық айтқандық емес.

Ел басының еңбегінде Қазақстан тәуелсіздігіне байланысты әркімнің көкейінде жүрген сұрақтарға жан - жақты, тиянақты, зерделі жауаптар беріледі. Халқымыз бостандыққа ғайыптан, аяқ астынан ие бола қалған жоқ. Оның алғы шарттары толып жатыр. Президент Назарбаев солардың көпшілігіне жеке - жеке тоқталып, мәнін ашады. Үлкен, жер шарының алтыдан бірін алып жатқан империя күйрегеннен кейін дүниежүзілік экономикаға, саясатқа, басқа да құндылықтарға кері өзгерістер кіретінін алдын ала болжау қиын.

Дегенмен, жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің басшылары тығырықтан шығудың жолдарын іздестіріп, таба білді. Рас, адамдар жоқшылықтың, кедейшіліктің ауыр зардаптарын бастарынан кешіріп, бұрын - соңды кездеспеген қиыншылықтарға душар болды. Олардан әлі күнге түбегейлі құтыла қойған жоқпыз. Әйтсе де сең сөгілген тәрізді. Бірте - бірте халықтың тұрмыс - жағдайы түзеліп келеді.

Президент Назарбаев мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде сыр шертеді. Шығарманың құндылығы - оның саяси мәнінде. Дипломант өз жұмысында осы жағына көп көңіл бөледі. Кітап үш тараудан тұрады. Диплом жұмысының авторы соларды жеке-жеке бөліп алып, әрқайсысына талдау жасайды. Әр тараудың мазмұнына сәйкес жеке тақырыпшалар құрастырылды. Осылар арқылы диплом жұмысының жоспары пайда болды.

Әрине, көлемді, мазмұны кең, негізінен ғылыми тіл - мен жазылған саяси кітапқа талдау жасап, баға беру қиынның қиыны. Авторының да лауазымы тым үлкен, есімі әлемге әйгілі саяси және мемлекет қайраткері. Дипломант өзінің шағын еңбегін рецензия деуден мүлде аулақ. Белгілі саясатшылардың еңбектері жайында талай ғылыми жұмыстар туындағаны баршаға мәлім. Демек, диплом жұмысын орындаудың да ешбір оғаштығы жоқ деп түсінеміз. Қазақ елінің басшысы жазған кітаптың пайда болып, жарық көруінің өзін тәуелсіздігіміздің нәтижесі деп түсінген жөн. Иә, кеңес жүйесі кезінде де Қазақ Кеңестік Социалис Республикасының басшылары өз шығармаларын жарыққа шығарғанды. Бірақ ешбір империяға тәуелді емес қазақ мемлекеті атынан сөз қозғаудың шоқтығы тым биік. Дипломант өз жұмысында осы жәйтке ерекше мән беріп, оны тікелей басшылыққа алады.

1. Өткенге қысқаша шолу

А) Кеңестік Социалистік Республикалар одағының (КСРО) құлау себептері жайында.

Құрлықтың алтыға бөлгендегі бір үлесін иемденген алып империяның, Кеңес одағының, күйреуі жөнінде әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Алып -қашпа сөздер мүлде көп. Мұны тіпті американдықтардың стратегиялық және тактикалық әдістерінің нәтижесіне балайтындар жеткілікті. Бұл мәселеге Нұрсұлтан Назарбаев объективті фактілерге сүйеніп, нақтылы дәлелдеп, тура бағасын береді.

Ел басы өз кітабында социалистік идеяға қисынсыз сын тағушылармен келіспейтінін ашық айтады. Социалистік мұраттарды оғаш, ретсіз әрі әділетсіз сынаудың кезеңі өткенін, социализмнің кеңестік нұсқасында халыққа не бергенін және оның біз мүлде кабылдамайтын жақтарына елеулі талдау жасау керектігіне көңіл аударады автор.

Кеңес өкіметі жылдарында жасалған қуатты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы, бірегей технологиялық кешендер, жаппай сауаттылық, абаттандыру және басқалары. Қазақстанды индустрия жолына көшірмеуі мүмкін еместі. Біздің бүгінгі күш - қуатымыз - белгілі дәрежеде кешегі құрылыстың нәтижесі. Мұны жоққа шығаруға болмайды.

Алайда, шынайы тұрғыдан қарайтын болсақ, социализм әлеуметтік - экономикалық және саяси қарым - қатынастар жүйесі ретінде түпсіз дағдарысқа тап болғаны айдан анық. Олар қандай еді?

Бұл - экономикалық дағдарыс. Қоғамдық жүйелер тиімділігінің түйінді өлшемі - бұл экономикалық тиімділік. Осы өлшем бойынша орталықтандырылған жоспарлы экономика, сайып келгенде, нарықты экономиканың алдында жеңіліс тапты.

Бұл - саяси дағдарыс. Боямаланған халық билігі мен ішкі партиялық бюрократияның төбе тобының қолына шоғырланған билік арасындағы қарама -қайшылық қисынды шегіне жетті. Сырт көзге қарағанда саяси құрылымдар демократияны сөз жүзінде ғана көрсетіп, шын мәнінде барлық шешімдер жергілікті және орталық деңгейде партия көш басшыларының айтуымен қабылданды.

Бұл - ұлттық дағдарыс. Интернационализмді жариялағанына қарамастан, социалистік жүйе ондаған жылдар бойына халықтардың еркін дамуын қатаң түрде бұғаулап келді. Атап айтқанда, сарапшылардың бағалауы бойынша күштеп ұйымдастыру жылдарында бүкіл қазақ ұлтының жартысынан астамы қаза тапқан және шетелдерге кеткен. Елді мекендеген барлық халықтар орасан зор зардап шекті.

Ұлттық дағдарыс - көп жағдайда экономикалық дағдарыстың салдары. Орталық пен аймақтар арасындағы қарым -қатынас жартылай отарлық сипатта болды. Республикамыздың экономикасына шикізаттық бағыт саналы түрде тағылды. Тап осындай жағдайда Қазақстан сыртқы рынокқа өз еркімен шықпауы үшін көліктік жүйе бойынша орталықпен және басқа аймақтармен қатаң байланысқан еді. Ішкі ұлтаралық шиеленіс тек күштеп -

Зорлаудың арқасында ғана тежеліп отырды. Жүйе күйрегеннен кейін бұрынғы КСРО аумағында ұлтаралық жанжалдар мен соқтығыстар өрті басталды. Мұның өзі халықтық емес, өткендегі және қазіргі саясаткерлердің кінәсінен болған. Тұтас халықтарды тікелей құртудан бастап ұлт тілдерінің қолдану аясын тарылтуға дейінгі зорлық-зомбылық қарама-қарсылықты күшейтті, бір бұрышқа қуып тықты.

Интернационализм туралы барлық мәселелерге қарамас тан ресми идеологияның тасасында белгілі бір халықтарға басқа халықтар туралы берік жаттанды теріс пікірлер қалыптасып жатты, мұның өзі тұрмыс - тық деңгейде күні бүгінге дейін жаны сірі күйінде қалып келеді. Барлық ұлттарды біртұтас әсіре этникалық қауымдастыққа - кеңес халқы аталатын бір қалыпқа салу әрекеті айқын сәтсіздікке ұшырады.

Одан әрі - экологиялық дағдарыс. Социалистік экономикалық жүйенің абстрактілі - жалпы халықтық тұрғыдағы, ал іс жүзінде ведомстволық меншік тұрғыдағы ерекшеліктері министрліктер мен ведомстволардың шектен шыққан экологиялық қиянаттарына душар етті. Проблеманың мәні мынада болатын : жер мен табиғи ресурстарға бақылаусыз қожалық еткен ведомстволар, сонымен қатар, экологиялық тұрғыдан таза өндірістерге мүдделі болған жоқ және сөзсіз қасіреттер үшін нақты жауапкершілік арқалаған емес., , Ешкімнің де иелігінде болмаудың осынау өлшемі өткен тарих естіп - білмеген ғаламдық апаттарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл ретте аса қиын жағдайда қалды.

Семей ядролық полигоны қазақ халқына аса ірі қасірет әкелді. Қазақстанда ядролық қаруды, соның ішінде жер бетінде, сынауды жургізе отырып жүйе өз мемлекетінің азаматтарына қарсы азамат тарихындағы ең қайғылы қылмыстардың бірін жасады. Тек біздің республикада ғана жарты миллионнан астам адам радиациядан зардап шекті. Олардың көпшілігі бойындағы күш - жігері толысқан кезінде өмірден өтті, жүздеген мыңы денсаулығынан біржола айырылды. Балалардың бірнеше ұрпағы туғанынан өір бойы мүгедек болып қалды. Сөйтіп, қазір де мүгедектер туып жатқан көптеген отбасыларында бұл қасірет әлі де жалғасуда.

Қазақстанға келген апаттың бірі - жер бетінен құрып бара жатқан Арал теңізі. Бұл қырсық кең байтақ Орталық Азия аймағының халықтарын шексіз азапқа салып отыр. Және оларда ғана емес : ғалымдар Аралдағы апаттың планетаның орасан зор аумағына ғалам дық бүлдіруші ықпалы бар екені туралы негізделген қорытындылар жаса ды.

Коммунистік жүйе,, жарқын болашақ үшін “ күрес ретінде көрсетіп келген осы эксперименттерден ең алдымен Қазақстан халқы бәрінен де көп зардап шекті. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің,, Ғасырлар тоғысында “ атты кітабында кеңес империясының күйрету себептерін осылайша топшылай келіп, сол уақыттағы имандылық дағдарыстың мәнін ашады. Идеологиялық рәміздер мен адамдардың нақты құндылықтары арасында шыңырау пайда болғанын нақты фактілермен дәлелдейді. Мәселен, басқарушы топтың қосарланған моралі сан түрлі саяси шараларға - жиналыстарға, митингтерге, шерулерге, тағы басқа формальді түрде қатысушы, жарияланған ұрандарға мүлде иланбаған адамдарды осындай кері моральға душар етпей қоймайды. Бүгінгі таңда кеңес жүйесінің оп - оңай ыдырай салғанына таң - тамаша қалушылар аталған жүйенің баяғы да - ақ халықтың барған сайын кейін қалып отырғанымызды және кеңестік экономиканың дағдарысқа қарай зымырап құлап бара жатқанын көріп, түсінгенін қазір ұмытып отыр. Социалистік мұраттар оның соңғы жылдарында тек мысқыл ғана туғызатын. Мұны жұрттың бәрі білетін, алайда, идеология билік басындағы іріктелген қалаулы топтың шамшылдығына одан әрі қызмет етуін табандылықпен жалғастыра түсіп, олардың мүдделерін жалпы мемлекеттік мүдделер ретінде ұсынумен болды. Болмыстан алшақ жатқан кеңестік қолтума идеологияның аңызы - ұлттардың ұласуы теориясы, мемлекет пен адамның өзара қатынасы практикасын еске түсіріп көрейік. Мұнда адамға “бұранда “ ) винтик) ролі ғана берілген еді. Ал ғылымға, әдебиетке, өнерге таңылған партиялық ше ? Тіпті отанға сүйіспеншілік, жақыныңа, туысқаныңа деген қамқорлық, ата - баба дәстүрлеріне адалдық сияқты таза сезімдердің, өзі “коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексінің “ тар аясына сыйғызылатын еді. Ал түптеп келгенде, бұл идеология емес, адамның имандылық ұстандарымен жалдаптық жасау болатын.

Міне, президент Назарбаев кеңес империясының күйреу себептерін жоғарыда келтірілген фактілермен дәлелдейді. Шын мәнінде КСРО тарих сахнасынан кетуге өзін өзі әзірлегенді. Оның мерт болуына ешқандай сыртқы күштің әрекеті болмай әсер етпегенді. 1991 жылдың тамыз оқиғасына кеңінен тоқтала келіп, автор былай дейді : “Қазір
КСРО-ның жетпіс төрт жылдық тарихындағы ең бір жұмбақ беттер болып қалған сол бір оқиғаның жәй-жапсарын сөз еткенде, кейбіреулер бәрін де сыртқы дұшпандардың тіміскі әрекеттерінен көреді. Ал мен өз өмірлік тәжірибемнен, сол кездегі жағдайдан жеткілікті хабардарлығымнан шыға отырып, келген қорытындым: бәрі де М. Горбачев пен айналысының билік тізгінін қолдарынан шығарып алып, бейбастықтарға жол беріпқойғандықтанан болды. Билік, бейнелеп айтқанда, Мәскеу көшесінде аяқ асты болып, жерде жатты. ”

Б. Тәуелсіздік жолындағы алғашқы саяси қадамдар.

1991 жылдың 19 - тамызында басталған әйгілі ГКЧП төтеше жағдай мемлекеттік комитеті - ТЖМК оқиғасы қабырғасы шайқалуға жақын қалған кеңес империясынының күнін қарық қылғандай әсер етті. Мұны жер сілкінісімен пара - пар десе де болады. Бүлікшілдер кеңес үкіметінің нашар хал-ахуалын түзетпек ниетте еді. Олар Михаил Горбачевтың сөзі көп, ісі жоқ екеніне көзі жеткенді. Кейбіреулері оны көп жылдардан жақсы білетін кешегі достары да. Бас хатшының

лауазымды қызмет орындарында көтерген өз адамдары болатын. 1. Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. Алматы, , Өнер” 1996, 92 - бет. ТЖМК - ны ұйымдастырушылар тоталитарлық жүйеден айырылып қалмаудың қамын ойластырды. Әсіресесе, ұлы орыстық шовинизмнің түп тамырын балта соғылуынан қорықты. Кеңес Одағының қарамағына енген ұлттар бірінен соң бірі ояна бастады. Мұндай серпілісті алғаш рет 1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастары аспанға көтерді. Одан соң Баку, Тибилиси, Вильнюс болып әрі қарай жалғаса түсті.

Сол бір кездердегі жағдайды Нұрсұлтан Әбішұлы былай суреттейді: “Менінше, М. Горбачев“ адамдық сипаты бар социализация” жақтағанымен, нақты байыптамасы, демек, даму страткгиясы жоқ болғандықтан, оның не екеніне өзі де түсіне алмай, әншейін құрғақ уағызға ұрынды. Бір мысал келтірейін. Халық депутаттары сөзінің 1990 жылғы шілдедегі бір мәжілісінде одан дағдарыстан шығудың жолын айтып беру талап етілді. Ол сол кезде тым жиі сөйлейтін еді, айтарын әбден айтып бітсе керек. Қай бағытқа тоқтарын білмей, басы қатып, айтар сөз таба алмай әбден дағдарды. Мен де сөзге әзірленіп, қысқаша тұжырымдарымды қағазға түсіріп отырғанмын. Үзіліс кезінде төралқа бөлмесіне шақырып алып, бізбен ақылдасты. Ешкім мәрдімді ештеңе айта алмады. Мен өз тұжырымдарымды ортаға салдым.

М. Горбачевқа олар ұнап кетті. Қолжазбаны сұрап алды. Ертеңіне таң ертеңгі мәжілісте мен өз пікірлерімді оның аузынан естідім. Ең жаманы, менің қолжазбамды үстінен қараған, қысқаша айтылған тұжырымдарды дамытып, мағынасын аша түсуге тырысқан ешкім болмапты. Содан -ақ М. Гаорбачевтың басындағы дағдарыстың бастысры - мақалында топырлап жүрген көп көмекшілерін ел үшін маңызды мәселелер төңірегінде болыпты тұжырымдама жасауға жұмылдыра алмай жүргенін байқадым. ”

Міне, КСРО президентің осындай басбелбеулігі, осалдығы үлкен империялық азғана уақыттың ішінде күйреуіне әкеліп соқты. Мемлекеттік төңкеріс жасамақ ниттегілер де кілең орашалақтар болатын. Олардың “қаһармандығы “ үш-ақ тәулікке жетті. Қантөгістен жүректері шайлықты. Шетінеген үш адамның құнын даулаған мәскеуліктер дүрліге көтерілді. Дегенмен, бүлікшілер ақылға келіп, тізе бүкті. Әрине, олардың халықты түгелдей қанға бояуға мұршасы келетінді. Қорғаныс министрі, мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің төрағасы, вице- президент, ішкі істер министрі, тағы басқалар қарулы күштерге бұйрық бере алатынды. Бірақ жүректері дауламады. Кейін шегінді.

Рас, ТЖМК ешкім күтпеген жағдай болатын. Билік басындағылардың көпшілігі есеңгіреп қалды. Бүлікшілдерді қолдағандары да болды. Ондайлар ел-жұртың емес, жеке басының қамын ойлады. Әрі-беріден соң үрейленіп, қорқыныш сезіміне бөленді.

Осы бір қиын-қыстауы мол кезеңді президент Назарбаев былайша еске алады: “Жағдайдың ол кезде ауыр екені рас еді. Ал шын оқиғалардың қалай өрбіп жатқанынан біз арымен хабарсыз едік. Кез келген нәрсе есте қала бермейді. Ал мына бір жәйіт жадымда қалыпты. 19 тамыз күні таңертең үйден шықтым… машинам көзіме түспеді. Сол арада, біреу келіп, тұтқынға алса, таң қалмаған болар едім. Сөйтсем, жүргізуші көлікті көлеңкеге қойыпты да, менің шыққанымды байқамай қалыпты.

М. С. Горбачевпен хабарласуға талаптанып көріп ем, ештеңе өнбеді. Республикалық органдардың басшыларын жинадым. Кездесу үстінде байқағаным: бәрінде де өң жоқ, түс жоқ. Республиканың сол кездегі басшыларының көбі ТЖМК өге қолдау көрсетуді қажет деп тапты. Қазақстан КП Орталық Комитетінің, облыстық комитеттерінің хатшылары, парламенттің кейбір басшылары ТЖМК өні айыптап сөйлемеуге азғыыырыыып бақты. Кейбір чиновникте кабинеттерінен М. Горбачевтің суретін алып тастап жатты. Әлдекімдер бүгінде басқаша сөйлегенмен, шын жағдайдың сол кезде атп осылай болғаны рас.

Дегенмен 1991 жылдың тамызындағы бүлікшілдік кеңес одағының ыдырауын жылдамдатты. Империяны күшейтін, бұрыңғы қалпына келтіру мақсатында жасамақ болған шаралар іске аспады. М. Горбачев әрі қарай білік жүргізуге қабілетсіздік таныпты. Осындай аумалы - төкпелі жағдайдың нәтижесінде КСРО күйреуге тиісті екнін есі дұрыс саясатшылар түсініп үлгерді. Кеңес одағы құрамына енген республикалар бірінен кейін бірі тәуелсіздіктерін жариялай бастады.

Әйтсе де орыс әскерлері жайлап алған Қазақстан үшін әліптің ақырын күтуге тура келді. Біздің еліміздің дереу тәуелсіздігін жарияламағандығын осы күндері пәлен - түген дер, сан- саққа жүргізіп, теріс пікірлер тарататын, , білімпаздар,, бар. 1991 жылдың желтоқсаныныың алғашқы жартысында еліміздің тағдыры қыл үстінде тұрғандай еді. Орыстар, украиндықтар, беларустар өзара бірікпек ниетте болды. Олардың басшылары Беловежьеде бас қосты. Оған Нұрсұлтан Назарбаевты да шақырады. Бірақ біздің президент онда барудан бас тартады. Ол Орта Азиядағы туысқан елдердің мүддесін аттап кетпейді. Осыған орай Нұрсұлтан Әбішұлы өткенді былайша еске алады:, , Жұрт қазір көп нәрсені ұмытып қалды. Ол күндерде словяндардың және Тәжікстанмен бірге түркілердің екі одағын құру табалдырығында тұрдық.

Мен бұрынғы КСРО аумағында түркілер және славяндар одақтарын құру сценарийіне жол бермеуге бар күшімді салдым. Егер ол кезде Мұндаиға жол берсек, арада арада көп жыл өткен соң, біздің қандай кепке тап болатынымызды кім білген ?!

Сол екі ортада, 13 желтоқсанда Түркімен астанасында Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары - С Ниязов, И. Кәрімов, А. Ақаев, Р. Нәбиев және мен бас қостық. Келіссөз столына отырысымен, түркімен жағы Беловежье шешіміне жауап ретінде, Орта Азия мемлекеттері конфедерациясын құру туралы дайындалған жобаны құруды ұсынды. Славян басшыларының әрекетін айыптау ұсынылыпты. Арада бес күн өтті. 8 желтоқсаннан бері М. Гарбачев те, Жоғары Кеңес те тым - тырыс. Соған қарап, бәрі де болған ісіне риза екен деп қалатындайсың. Ашгабад кездесуінің ахуалы қандай болғанын осыдан- ақ аңғара баеруге болатын еді. Бірақ

,, Славандар” да абыржулы еді. Сағат сайын маған Ашгабадқа Б. Кравчук, М. Горбачевтың өкілдері телефон соғып тұрды. ТМД жобасын қолдаудан бас тартсақ, оқиғаның қайда бұрылып кетуінің неғайбыл екенін олар да жақсы түснген еді. Біздің сарапшылар таңғы сағат беске дейін жұмыс жасап, шешімнің бір нұсқасынан соң бір нұсқасын әзірлеумен блоды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пассионар
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Уақыт және тарих
Әлеуметтік процесс туралы ақпарат
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Қазақстан мемлекетінің саяси дамуы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Қазақтың тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев
Елбасы қызметі
Тұңғыш президент образын қалыптастырудағы PR рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz