Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

I. Кіріспе бөлім

II. Негізгі бөлім

2.1 Сөз
тіркесі жайындағы түсінік

2.2 Сөз
тіркесінің жасалу жолы

2.3 Сөз тіркесінің құрылымы

2.4 Сан есімнің басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшелігі

2.5 Есімдіктің басыңқы
сыңарда жұмсалу ерекшелігі

2.6 Етістіктің басыңқы сыңарда жұмсалу ерекшелігі

III. Қорытынды

Жеке сөз өзінің орны мен сәнін тапқан шақта, жаңаша
жанданып кетеді. Сондай шағына жетіп, жанданған сөздің демі,
лебі білініп, тың тірлік етіп, бұлбұл жанып тұрады. Ол көп
қолданудан өлі сөз боп кеткен сөз емес, қызықты, ыстық лепті
қайнар сөз болады. Міне, осындай боп табыса түйіскен қатар
тұрған сөздер ақындықтың айғағы болады, шеберлік кестесіне
жүреді. Оның көркемдігімен қатар, сөйлем өзінен өзі ұшқын
атып тұрған сипаты болады. Кей сөздердің асылды шақпақ
тасқа шаққандай боп, әсем сөйлем ішінде ұшқындап, от тұратын
шағы бар.

М.Әуезов. (8.59)

К І Р І С П Е

Қазақ тіліндегі синтаксис мәселелері ол баста жалпы құрылысы
орайында қаралып келсе,сол ғылым дами келе сөз тіркесінің
синтаксисі 1950 жылдары бой көрсетіп, оның жеке мәселелері көптеген
ғылыми зерттеудің объектілері болып, қазір солардың жүйелі тармақтары
айқындалып, жасалу, жұмсалу заңдылықтары ашылады. Сөйтіп сөз тіркесі
жай сөйлем синтаксисінен бөлініп, өз алдында, бөлек синтаксис
ғылымының бір саласына айналды. Қазақ тілі синтаксисіне елеулі еңбек
сіңірген ғалым С. Жиенбаев болатын. Оның жай және құрмалас сөйлем
мәселелеріне арналған құнды зерттеулерінің қатарында, сөз тіркесі
бөлек талданбайды.
1954 жылы Қазіргі қазақ тілі деген атпен көлемді кітап шықты.
Ол кітаптың синтаксис саласындағы бір жаңашылығы - сөз тіркесі
синтаксисін жай сөйлем синтаксисінен бөліп алып өзіндік өзгешеліктері
бар мәселелер ретінде қарастырылды. Осыны айтып отырған автордың
сол жұмысында қате тұжырымы да болды. Онда сөз тіркесі әрі сөз
таптарының, әрі сөйлем мүшелерінің тіркесі ретінде саласатын,
сабақтасатын байланыстағы сөздер қаралған. Кейінгі зерттеулер мәселеге
басқаша қарау керек екенін көрсетті. Дұрысында, сөз тіркесі – сөйлем
мүшелерінің тіркесі емес, сөз таптарының тіркесі.
Сөз тіркесіндегі сөздер тек сабақтаса байланысады, салаласа
байланысатын бірыңғай мүшелер сөз тіркесі деп есептелмейді. Олар жай
сөйлем синтаксисінде қаралуға тиіс.

Н. К. Дмитриев сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану екеніне ерекше
көңіл бөледі. Ол бастауыш баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер
тобының бірі сөз тіркесі дегенді дәлелдей түсуді тілеген. Сөйлемді
сөйлемдік қасиеттеріне қарап, сөз тіркесіне де өзіндік қасиеттеріне
қарап қарастыруды жөн көрді. Мысалы :

Жазық дала - сөз тіркесі.

Атқа мінді - әрі сөйлем, әрі сөз
тіркесі ретінде қарастыруды жөн көрді.
Н. К. Дмитриев те Н.А. Баскаков та атрибуттық топтарды ғана сөз
тіркесі деп қарастырады.
Н.А. Баскаков атрибуттық (анықтауыштық) сөз тіркесі дегенді кең
түрде түсінеді. Сонда анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық
қатынастағы сөздер тобы байымдауды білдірмесе, сөз тіркесі деп
таниды да, білдірсе – сөйлем ; сөз тіркесі емес деп таниды. (3.12)
Қазақ тіл білімде сөз тіркесі 1950 жылдарға шейін тек мектеп
грамматикаларының көлемінде айтып келеді.Онда да сөз тіркесіне толық
анықтама беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген
ешкім болған емес.Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі
болып отыр. Алайда арнайы зерттеулер тек қазір пайда бола
бастады. Соның бірі –профессор М.Балақаевтың Основные типы
словосочетаний в казахском языке деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор
сөз тіркесінің құрылымдық түрлері есімді, етістікті сөз тіркестерін,
шылаулы меңгеру мен септікті, сияқты көптеген мәселелерін жақты
көрсетеді.(5.3)
Профессор М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері
туралы-бірінші туынды. Мұнда автор сөз тіркесінің көптеген теориялық
мәселелерін жан-жақты алып береді. Негізінде сөз тіркестері туралы
жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор
М.Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады. М. Балақаев
сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті екіге бөліп, оның
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың басыңқы компоненті мен
бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және
ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды.
Бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын
және олардың синтаксистік қатынастсарын сөз етеді. Сөз тіркестерінің
байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп
төртке бөліп қарастырады.Профессор М. Бақалаев сөзді тілдік единица
ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем
мүшелерінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонымен қорыта келгенде,
сөз тіркесі және сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатынасы бола отырып
әрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Бұл әсіресе қазақ тілі негізінде жазылған профессор М. Бақалаевтың
еңбектерінде дұрыс нақтылы көрсетілген.

Н Е Г І З Г І Б Ө
Л І М

Қазақ тілі синтаксисінің ең басты саласының бірі – сөз
тіркесі. Сондықтан да синтаксис тек қана сөйлем жайындағы ғылым
емес, сонымен бірге сөз тіркесі жайындағы ғылым деп танып жүр.(1.5)
Сөздер бір-бірімен мағыналық және синтаксистік байланысқа түспей
тіркес жасай алмайды. Ал, сөз тіркесінсіз сөйлем жоқ. Жеке сөздер
сөз тіркесінің материалы. Синтаксисті сөз тіркесі толық мағыналы екі
я онан да көп сөзден жасалады. Сөз тіркесін сөйлемнен оқшаулап
бөліп алып, жеке- жеке тіркестің өзін ғана мысалға келтіру арқылы
білдіруге болмайды. Сондықтан мысалға мынадай сөйлем алған едім:
қай? қайда?
неге?
Сіздерді өз Отанымызда көргеніме
кімдерді? қуаныштымын.

(жай сөйлем, жайылма, жақты, толымды, хабарлы)
Осы сөйлемде 5 толық мағыналы сөз, сөйлем мүшесі бар. Осылай бір-
біріне қосақталып, өзара топ жасап айтылған толық мағыналы сөздердің
немесе сөйлем мүшелерінің сөз тіркесі, оның ішінде синтаксистік сөз
тіркесі, деп атаймыз.

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық

мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік
тобын

сөз тіркесі дейміз. (8.10)

Бұл сөз тіркесіне берген анықтамада оған екі шарт қойып
отырмыз.
Біріншіден, сөз тіркесі деп тану үшін сөздер бағыныңқы қатынаста
болуға тиіс.
Екіншіден, сөз тіркесі синтаксистік қызметі жағынан, лексикалық
мағынасы жағынан даралығын жоғалтпаған сөздерден құралады.

2
1

Сыртта ол аспандағы жұлдыздарға
қарап
тұрды.
3
(Т. Ә. Сары сыбызғы)

жұлдыздарға қарап тұрды
сабақтаса
байланысқан
аспандағы жұлдыздарға

Тіл білімінде бірыңғай мүшелердің өзара қатынасын сөз тіркесіне
жатқызбау керек деген де пікір бар. Көпшілік ғалымдар бірыңғай
мүшелерді сөйлемнің өз құрамына байланысты, оның өрбуіне
қатысты компонент деп қарамайды.Оны дара-дара сөйлемдердің
сыйысу амалы деп аталды:

Көкшетау мен Айыртаудың салқындаған бұлағы,
күрсінген көлі, шулаған орманы ақынды ерте
әлдиледі. (Т.Ә.)

Көкшетаудың бұлағы әлдиледі

салаласа
байланысқан
Айыртаудың бұлағы әлдиледі

Бірақ тіл біліміне арналған бірталай еңбектерде сөйлемдегі бірыңғай
мүше болып келген сөздері де сөз тіркесінің қатарына
жатқызады.
Бірыңғай мүшелердің қатысуымен құрылған сөз тіркестері салаласып
байланысқан тіркес деп аталып жүр.

Мысалы, Көкшетау мен Айыртаудың деген сөздер бұлағы бағы-ныңқы мүше
ретінде байланысып тұр: Көкшетаудың бұлағы,
Айыртаудың бұлағы. Ал бұлар өзара тең салалас қатынаста:
Көкшетау мен Айыртау.
Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пай-да
болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды:
қызыл балық, ақ боз, көк ала. Мысал ретінде келтірген сөздер—
күрделі сөздер.
Сөздердің байланысу тәсілдері туралы сөз болғанда, ол сөздердің
қалай, не арқылы байланысатынына назар аударылса, сөздердің
байланысу түрлеріне қатысты әңгіме қозғағанда, синтаксистік бай-
ланыстың түрлері (формалары) еске алынуға тиіс. Сөздердің син-
таксистік байланысының мынадай 5 формалары бар: қиысу, мең-
геру, матасу, қабысу, жанасу. Оған төменгіде бөлек тоқталамын.

Сөз тіркесінің құрамындағы сөздер
бағыныңқылық-басыңқылық қатынаста келіп отырады. Сөз тіркесіне қатысты
негізгі мәселенің бірі – оның басыңқы сыңары. Басыңқы компоненттің
лексикалық мағынасы, грамматикалық бітімі бағыныңқы компонентті
түгелдей өзіне лайықты етіп бағындырып тіркестіреді.

Бағыныңқы компонент басыңқы сөз арқылы айтылған ұғымды
толықтырады, анықтайды: мекенін
мезгілін білдіреді.
объектісін атайды т.б.
Осыған орай сөз тіркесінің құрамындағы басыңқы компонент
пен бағыныңқы компоненттің арасындағы қатынасты негізінен
анықтауыштық
толықтауыштық
пысықтауыштық
деп топтап, жинақтап атауға болады.
Сонымен синтаксистік сөз тіркестерінің басты мағыныларын мы-надай
синтаксистік қатынастар бойынша топтау жөн:
1. Атрибутивтік (анықтауыштық). Мұндай сөз тіркестері зат және
оның белгілерін танытады.
2. Объектілік (толықтауыштық). Мұндай сөз тіркестері қимыл-әре-
кеттің объектісін білдіреді.
3. Пысықтауыштық қатынас. Мұндай сөз тіркестері қимыл және
оның әр алуан сапасы мен амалын
білдіреді.(11.112)
Мысалдарды таблица бойынша көруге болады. (табл.1. табл.2)
Сөз тіркесі құрамына енетін есім басыңқы мүшемен қиысу арқы-
лы емес, қабысу, меңгеру және матасу арқылы байланысады.
Басыңқы сөздің жіктелуі, септелуі бағыныңқы сөзге әсер етпейді.
Олар белгілі сөз тіркесінің сыртқы байланысына қатысты болады.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің морфологиялық құрылысы
әр түрлі болады: бағыныңқы сөз басыңқы сөздің кейде мағынасы-
на үйлесе тұлғаланады, кейде грамматикалық формасына үйлесе
тұлғаланады.
Мысалы, кітап оқып, хат жаздық деген екі сөз тіркесінің бағы-
ныңқы сөздері ( кітап, хат ) жалғаусыз табыс септігінде айтылған.
Солай болуға басыңқы сөздердің қосымшалары –п (оқып), -дық
(жаздық) себепкер болып тұрған жоқ, оқы, жаз етістіктерінің са-
бақтастық мағынасы себепкер болып тұр. Сондай-ақ кітапханадан шықтым,
трамвайға міндік деген сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздер шығыс,
барыс жалғауларында айтылған. Сол жалғауларды
керек етіп тұрған басыңқы сөздердің қосымшалары -тым (шық-
тым), -дік (міндік) емес, шық, мін етістіктерінің лексикалық мағы-
налары.Сонымен қатар жоғары етістіктердің түрлі тұлғада айты-
луына бағыныңқы сөздердің ешқандай әсері жоқ. Сондықтан

кітап оқы басыңқы сөздері
түрлендіргенмен
кітап оқып олардың басыңқылары бұрынғы
кітап оқыған қалпын өзгертпейді.
бағ.с. бас.с.

Қазақ тілінде енді бірқатар сөз тіркестерінің екі сыңары да бел-
гілі морфологиялық тұлғаларда айтылғанда, олар бірімен-бірі бай-
ланысты болады.
Мысалы, күннің сәулесі, менің түсінгенім дегендерде сөз тіркесте-
рінің алдыңғы сыңарларының ( күннің, менің ) ілік септікте айты-
луы басыңқы сөздердің тәуелдік жалғауларда ( сәулесі, түсінгенім)
айтылуымен байланысты және керісінше.
Есімді сөз тіркесінде есім сөздердің бірі басыңқы болады да,
етістікті сөз тіркесінде етістік басыңқы болады. (3.45)

ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС
алтын ол
жаңа кітапты
екі сағат үш рет
оқыды
табылған мәнерлеп
мына кеше

(таблица 1) (таблица 2)

Бірақ кейде осы айтылған түрлері туралы қайшылықтар да кездесіп
отырады.

Қазақ тілінде сөз тіркестерінің байланысу формаларын профессор М.
Балақаев, Сауранбаев сияқты ғалымдар топтауы бойынша 5-ке
бөлінеді.Олар:
1. Қиысу
2. Матасу
3. Меңгеру
4. Жанасу
5. Қабысу
Кейінгі ғалымдардың пікіріне сүйенсек, олар Исаев, Ағыманов, Абылақов
сынды ғалымдар сөз тіркесінің байланысу формасын 3-ке бөледі.
1. Матасу
2. Меңгеру
3. Қабысу
Есімді сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, матаса, меңгеріле
байланысады.
Етістікті тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен қабыса, жанаса, меңгеріле
байланысады.

Менің арнайы тоқталмақ мәселем, олардың басыңқы сыңарларының өзіндік
ерекшеліктері, жасалуы. Профессор М. Балақаев бұл мәселе жөнінде О
комбинированном управлении прямого дополнения в казахском языке
деген мақаласында арнайы сөйлем мүшелері туралы сөз қозғай келіп,
сөз тіркесінің мәселесіне де ауысып отырады. Сөйтіп, автордың ортақ
меңгеру деген термин негізінен 1954 ж. академиянық грамматикаға және
Қазіргі қазақ тілі оқулықтарына енгізді .

Автор
оқулықта:

Меңгеру ----- сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөздің ба-

сыңқымен мағыналық үйлесімді негізінде

септік жалғауларының бірінде тұрып

байланысуы.

Меңгерілетін сөз табыс, барыс, шығыс, көмектес (іліктен басқа)
жалғауларының бірінде тұрады да, меңгерілетін сөз етістік, есім, не
сол екеуінің ортақтастық тобы болады. Осыған қарай меңгеруді үшке
бөледі дейді. Осы пікірді Абылақов та қолдайды.

(7.37)

Сөз тіркестерін енді басыңқы сыңарына қарай:

меңгеру есімді қойдан
жуас
етістікті
терезені ашты
ортақ басыңқы қардай ақ
еді

етіп үшке бөлді.
Мұның өзі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарын-
дағы сөз топтарының жасалуын толық қамтиды. Сонда ортақ басыңқы
енді тек меңгеріле байланысқан сөз тіркесі ғана емес, қабыса
байланысқан -

сөз тіркестерінің сыңарының басыңқымен

жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. (3.43)

ЕСІМДІ ТІРКЕС Темір күрек

ЕТІСТІКТІ ТІРКЕС Желдей еседі, бұлбұлдай сайрайды.

Матасу ----- сөз тіркесінің құрамындағы бағыныңқы

сөздің басыңқыға және басыңқының ба-

ғыныңқыға қарай тұлғаланып байланысуы.

осылайша бірімен-бірі қарама қарсы, матаса

байланысатын сөздердің бірі Ілік жалғау-

да, екіншісі тәуелдік жалғауда айтылады.

Есімді тіркес : ағаштың бұтағы
Қазақ тілдік зерттеулерде матасудың екінші сыңары тек есімдер- ден
ғана болады. Сонда сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары есімдер мен
көмекші етістіктердің тіркесі арқылы жасалады. Кейін бұл етістіктерге
қоса бол етістігін де көрсетеді. (4.3)
Сонымен ортақ басыңқы сыңарлар е,де, қыл, ал, көр, сын, тұт,тап
етістіктер есімдермен бірлікте өткен шақтық формасында жұмсалады.
(Оны төмендегі мысалдардан көреміз)
1. Ортақ қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы
сыңары ретінде : Зат есім + көмекші етістіктер
Сын есім + көмекші етістіктер
Есімдік + көмекші етістіктер
Сан есім + көмекші етістіктер
а) Зат есім ортақ басыңқы.
Менің сатып алғаным темір күрек еді.
ә) Сын есім ортақ басыңқы
Көрікті десең – көрікті, білімді десең – білімді
жігіт еді.
б) Есімдік ортақ басыңқы
Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, келуі
де оңай емес.
в) Үстеу-ортақ басыңқы
Ұлпан бүгін аса көңілді еді.
2. Ортақ матаса байланысқан сөз тіркестері.
Жаманның жақсысы болғанша, жақсының жаманы бол.

Сонымен сөз тіркесін басыңқы сыңарына қарай енді, есімді, етістікті,
ортақ басыңқылы деп топтау дұрыс деп қосыламын. Сөз тіркесінің
бағыныңқылық басыңқы сыңарларының құрамын-
дағы сөздердің қолдануын ескеріп сөз тіркестерін дара және күрделі
сөз тіркестері деп бөлеміз.

Екі жай сөзден құралған дара сөз тіркесі
көлге қонды
бағ.с. бас.с.
Егер тіркестің бір компоненті ретінде күрделі сөздер қатынасса
оны күрделі сөз тіркесі деп атаймыз. (2.10)
Екі не одан да көп сөздер тіркесу арқылы сөздердің бұрынғы
грамматикалық мағыналары түрленуі мүмкін. Ол үшін толық мағыналы
сөздердің шылауында көмекші сөздер айтылады.
оқып кетіп бара жатыр еді.
Бұлар да – сөздердің тіркескен топтары, бірақ сөз тіркестер емес, -
түйдекті тіркестер.
Түйдекті тіркестер синтаксистік қарым-қатынасты білдіре алмай-
тындықтан, сол тіркескен тобымен сөз тіркесінің бір сыңары
(кейде екі сыңарының да) қызметінде айтылады:
кітап оқып кетіп бара жатыр еді.
бағ.с. бас.с.
Осылай, сөз тіркесінің құрамында түйдекті тіркестер болғанда ға-на,
олардың құрамындағы сөздердің саны екеуден артық болады
да, сөз тіркесі күрделі деп есептеледі.
Сөйлем ішінде бір сөз тіркесінің басыңқы сыңары келесі бір сөз
тіркесінде бағыныңқылық қызметте болуы да мүмкін.

Жолаушы үлкен ағаштың көлеңкесінде жатыр екен.

Үлкен ағаш
бағ.с. бас.с. –-- тың көлеңкесі-
--нде жатыр екен.

САТЫЛЫ -- Сөз тіркесінің бір сыңары екінші сөз тіркесінің құра-

мына еніп шиыршықтана береді.
Мұнда бір сөз тіркесінің басыңқысы, екінші сөз тіркесінің құра-
мына еніп, оның бағыныңқысы болған.
Кейде сөз тіркесінің құрамындағы бірнеше бағыныңқылар
бір басыңқыға ортақтасып тұрады.
ОРТАҚ – Бір сөйлемде бірнеше сөз тіркесі болса, солардың
бағыныңқылары бір басыңқыға немесе, керісінше, бірнеше басың-
қы бір бағыныңқыға ортақтасып айтылады:

Қашқынның ер-тоқымы, қамшысы, шапаны жатқан жерінде қалып қойыпты.
ер-тоқымы
Қашқынның қамшысы
бағ.с. шапаны

Кеше театрға апаммен бардық
1. Кеше
2. театрға бардық
3. апаммен бас.с.

Сөз тіркесін құрауда зат есім мен етістіктердің қызметі
ерекше.Олар көбіне сөз тіркестерінің басыңқы сыңары болады да,
сапалық есімдер (сын есім, сан есім, есімше, сілтеу етістіктері)
мен үстеулер, еліктеуіш сөздер мен көсемшелер көбінесе сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалады.Сөз
тіркестерінің бағыныңқы сыңары қара сөзден құралған сөйлемде
де басыңқыдан бұрын тұрады, өлеңді сөйлемдерде керісінше ор-
наласуы да мүмкін. ( 3.37)

Тірілтейін алып атам аруағын
Тазартайын Сарыарқаның топырағын өлең

(Мағжан Жұмабаев)
3 2 1
Атам аруағын алып тірілтейін
2 1
қара сөз
Сарыарқаның топырағын тазартайын
1. алып тірілтейін
бағ.с. бас.с.
2. аруағын алып
бағ.с. бас.с.
3. атам аруағын
бағ.с. бас.с.
Сөз тіркесінің басыңқы сыңарын құрайтып сөз таптарының қата-
рына ерекше етіп сан есімді атауға болады. Ғалым В.В.Виногра-
дов сан есімдер негізінде қалыптасқан сөз тіркестерін ерекше бо-
лып келетіндігін айтады. Тілдің дамуының барысында сан есімдер
тек зат есімдермен ғана емес, етістіктермен де тіркесетін болған.

Мысалы: сан есім етістік
Беске алтыны қосқанда он бір болады.

Профессор М. Балақаев сан есімдер мен зат есімдердің тіркесін екіге
бөліп, сан есімдер нақтылы ұғымдағы зат есімдермен тіркеседі деп
жазады. (4.43) Сан есімдердің есімдермен тіркесу қабілетінің түрліше
екендігін көрсетеді.
Сан есімдер, сөйлем соңында келіп сөйлемді тиянақтау барысы-
нан үлкен екі құбылысты айқындау процесі туындайды.
1. Сөйлемде баяндауыш болуы.
Берер жерім -- он екі ( Х. Есенжанов )
2. Сан есімдердің сөз тіркесінде басыңқы қызметте жұмсалуы.
Семіз, семіздің аяғы сегіз ( М. М. )

Үсен биыл отыз жетіде. ( Қазақ әдебиеті )

1. биыл отыз жетіде
бағ.с. бас.с.
2. Үсен отыз жетіде
Есімдіктің әрбір тобының синтаксистік қызметі әр түрлі. Есімдік-
тердің басыңқы сыңарда жұмсалуы - әзірше сөз болмаған мәселе.
Енді есімдіктер топтарының басыңқы сыңарда жұмсалатын бай-
ланысу формалары бар.
Есімдіктер қай-қайсысы болса да қиыса байланысқан сөз тіркесі-
нің екінші сыңары қызметінде мол жұмсалады. Мысалы:
Халқым кім дейсің ғой! Халықтың бірі сол. (М.Ә)

Мен, мен едім, мен едім,
Қатарға салсақ қайыспас.
Қас қара нар мен едім. (Есет)
Жалпы қиыса байланысқан сөз тіркестерінің екінші сыңары ре-
тінде есімдіктің барлық түрлері де жұмсалады деуге болады.
Ал басқа байланысу формасында да басыңқы сыңарда есімдіктер
жиі жұмсалады.
Қабыса байланысқан сөз тіркесі.
а) Сын есім мен есімдіктердің тіркесі.
Біз көргендерден жөнді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Сөз және күрделі сөз тіркестері
Синтаксис
Етістікті сөз тіркестері
Есімдік пен есімдіктің тіркесі
Сын есімді тіркестер
Сөз тіркесінің түрлері, топтастыруы
Пәндер