Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І Кіріспе бөлімі

ІІ Негізгі бөлім

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешімдік тұрғысындағы үндестік.

2. 1 Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық үндестік.

  1. Табиғатты сүюге байланысты туған өлеңдері.
  2. Көркемдік шешімдік тұрғысындағы үндестік.
  3. Ыбырай Алтынсарин ұлы ағартушы.

ІІІ Қорытынды бөлім.

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Қазақ халқының ұлы педагогі Ыбырай Алтынсариннің шығармалары біздің өркені өскен, бай әдебиетімізден кең орын алды, өз орнын тапты Ыбырай Алтынсарин түрлі салада еңбек етіп, бағалы шығармалар қалдырған кемеңгер жазушы. Қазақ мәдениетінің ұлы өкілдерінің бірі Ыбырай Алтынсарин ілгершіл ой сананы ғана емес, эстетикалық талап талғамды да қалыптастыруға зор үлесін қосқан дарын. /4. 43 /

Мазмұн жағынан Ыбырай Алтынсарин әңгімелері өз кезінің келесі мәселелерін қамтиды, әділдікке, ізгілікке, адамгершілікке, талаптылыққа, өнерпаздыққа, тапқырлыққа, еңбекке, тазалыққа, ақылды іске, білімділікке, жомарттыққа, кәсіпқорлыққа, шынайы достыққа шақырады. Тәкәпар, еріншек, ұқыпсыз болмауға, жақсылыққа әуестеніп, жамандықтан аулақ болуға баулиды. Балаларға ақыл айтып, ой салмайтын оның бірде бір әңгімесі жоқ жалпы алғанда Ыбырай Алтынсарин әңгімелері-негізінен дидактикалы прозаның жақсы үлгілері болып табылады. Жазушының түсінігі бойынша әр адам өз еңбегімен күн көріп, кәсібін, өнерін жетілдіруге тиіс және ол міндетті деп санайды. Малын бағып, жерін өңдеп, саудасын жасап, бейбіт еңбек етсе ғана адам мұратына жетеді. Ал барымта, зорлық, ұрлық адал адам түсер жол емес. Ондайдан аулақболуы керек деп жастарды осындай жақсы қасиеттерді бойына сіңіруді ал жаман қасиеттерден аулақ болуды талап етеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері де, өлеңдері де осы тақырыпқа жазылған. Ыбырай Алтынсарин терең ойлы ағартушы, ол өмірдегі ең негізгі нәрсе тұрмыс қажеті екенін түсінеді. Адам баласы өзінің тұрмысына қажетті мәселені шешуге бірден шұғылданатынын айтып, қазақта өз өміріне керекті нәрселермен шұғылданатын ел деп ескертеді. Ыбырай дүниені тануға, өмірді өзгертуге адамның күші арқылы жетеді деген зор үмітпен өмір сүрді. оның дамылсыз өзгеріп отыратындығына да шек келтірген емес. Бұл ретте ақын көп жүкті өнер-білімге артты. Халқының қолын өнерге жеткізіп, көңіліне медет беріп, көзін ашса өмірдегі көп қайшылықтың кілті табылғандай көрінді. /3. 851/

Ыбырай ғылымға жетілуде тәжірибенің ролі ерекше деп таныды. Тәжірибе барлық ғылымның бастамасы ғой кем- кемдеп өзіміз де үйреніп, балалардыда оқыта берейік мүмкін сүйте келе мақсатымызға да жетерміз деп, ол тәжірибе туралы пікірін ашық айтады. 9/. 312/

Бірақ Ыбырай тәжірибеге біріңғай қарап, соған соншалық сүйенген адам деп түсінбеу керек. Ол тәжірибенің өлшнмді мүмкіншілігін ескерте біледі. Тәжірибе жұмысында тәжірибенің де тәжірибесі бар екенін лайықты ортаның да керектігін үлкен ойшылдықпен болжайды. Ыбырай Алтынсарин өзі жасап жатқан істтің маңызы мен мақсатын тереңнен түсінген, нысанасы айқын, жаңшыл адам Ағарту саласындағы істерінің қазақ үшін үлкен жаңалық екенін, бұл ретте өзі ауыр кезеңде жасап отырғанын айқын танимыз. Ыбырайдың әлеуметтік беті оның көркем шығармаларынан көрінеді. /3. 851-852/

Ыбырай көрнекті ақын талантты жазушы. Оның қаламынан бойындағы тамаша талабын танытқандай маңызы зор көркем шығармалар туды ол өзінің бар күш қуатын халықты ағарту, жастарды тәрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің түпкі қазығы да сол оқу-өнер, білім мәселесімен сабақтас оның ақындық шабытына ден беріп, жазушылық қиялына қанат бітіретін зор нысанасы қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту, оны озық мәдениетті елдердің қатарына қосу. /10. 445/

Совет дәуірінде де Ыбырай Алтынсариннің өмірбаяны, оның ағартушылық жолындағы жұмыстары, жазушылық, педагогтық еңбектері, әр мәселеге көзқарастары жайлы жазылған мақала, таныстыру, зерттеулер көп: М. Әуезов, С. Мұқанов, М. Жолдыбаев, Ғ. Тоғжанов, Ә. Қоңыратбаев, Т. Тәжібаев, Б. Сүлейменов, Қ. Жармағанбетов тағы басқалардың еңбектері бар. Алтынсаринға әр жағынан келіп, көптеген пікірлер айтқан - профессор А. Ф. Эфиров. Алтынсариннің өмірбаянын, ағартушылық, педагогтік ой-пікір көз қарастарын молыра қамтып, тереңірек зерттеген педагогикалық ғылымдардың кандидаты Ә. Сыдықов. Оның « Педогогическая идея и просветительство Ибрая Алтынсарина » (1949) атты еңбегі Алтынсаринді тануда құнды еңбектердің сапына жатады. Бұл авторлардың екеуі де педагогика ғылымдарының мамандары. Сондықтан Алтынсариннің педагогтік және ағартушылық қызметтерін терең толғап, кеңінен шешуге мүмкіншіліктері мол ғалымдар еді. Шынында да, олардың зерттеулері оқырмандардың көңілін аударарлық жақсы еңбектер болып шықты. Соңғы жылдардағы зерттеушілерден тағы да екі адамның зерттеулерін айырықша атауымыз қажет. Б. Сүлейменов Алтынсариннің өмірі мен қызметін арнайы зерттеп, талай архивтарды көтеру нәтижесінде 4-5 томдық қолжазбалар жинастырып отыр. Олардың ішінде Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметін, творчествосын білуімізді толықтыра түсетін мәліметтер аз емес. Әсіресе күні бүгінге дейін Алтынсариннің өз кезінің әдебиетіне мәлімсіз болып келген көзқарастарының біздер үшін мәні зор. XIX ғасыр қазақ әдебиетімен байланысты әлі күнге дейін шешімін таппай келген мәселелерді айқындауда Алтынсаринның бұл мақаласынның үлкен көмегі тимек. «Ыбырай Алтынсарин» атты филология ғылымдарының кандидаты Ә. Дербісалин 1965 жылы шықан кітабының көмегі бар. Бұл жас ғалымның көп жылдар бойы өте бір табандылықпен мұқият зертеп, әр мәселеге ой көзімен қарап жазған еңбегі. Автор өзіне дейінгі осы тақырыппен шұғылданушы, зертеушілердің қайсысына болсын әдебиеттік сын тұрғысынан қарап дұрыс бағалар берумен қатар, көптеген жаңа мәліметтер тауып, оларды өз еңбегінде шебер пайдалана білген. Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған мақала, еңбектер, әрине бұл аталғандармен шектелмейді. Тарихшы философ, педагог тіл білімі мамандардың жазғандары да баршылық. Біз тек негізгі зерттеушілерді ғана атап өттік. Алтынсариннің өмірін, творчествосын мұқият зерттеп, тереңірек түсінгісі келетіндерге жоғарғы көрсетілген автордың жазғандарының бәрі қажет. /2. 219 /.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі-Ыбырай Алтынсарин. Ол-заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педогог жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы. Болыстық бастауыш мектептер мен училищелерді ұйымдастырушы. Қазақ елін қараңғылық бұғауынан алып шығып, көзін ашып, көкірегін оятуды көздеген халық қамқоршысы. Жастарға өмірлік оқудың есігін айқара ашып, болашағын меңзеген өнер-білімнің жалынды жаршысы. Бұқарашыл көзқарастағы оқу жүйесін негіздеуші. Озық ойлы, ұшқыр қиялды, шешен тілді өнерпаз. Өз өмірін халқы үшін еңбек етуге түгел жұмсаған адал жанды, зор жүректі шын мәніндегі адам. Тереңнен толғап, жүрек тебіренте жыр шерткне кемеңгер ақын. Қазақтың реалистік жаңа әдебиетін негіздеушінің бірі. Жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші ғалым.

Ыбырай Алтынсарин қазақ қоғамының тым мешеу кезеңінде қазақ ауылының үстіне төнген қара түнектің жиегі көтерілмей тұрған кезде өмір сүрді. Ел үстемдерінің халықты езіп жаншуына патша өкіметінің қанауы қосылып, қайғысы арта түсті. Патшаның қарулы күшіне сүйенген жергілікті әкімдер халық қанын сүліктей сорып, буынын босатып, діңкесін құртып жатқан кез болды. Осындай қайғысы мен қасіреті мол кезеңде өмірге келген азаматтың мақсаты мен міндеті қандай? Ол міндетті түсіп, қолынан келген септігін тигізуге талаптанбаған адам қандай адам? Міне, осындай заманы ұсынған талаптардан тартынбай, күрес майданына аттанып, өмір тауқіметін тартқан халық ұлының бірі- Ыбырай Алтынсарин еді. Ақынның осынау бір ауыр кезеңде өмір сүріп, жасымай, талмай елі үшін еңбек еткені келешек үшін қымбат, ең ардақты іс. "Ірі ағартушы, озық саналы әлеумет қайраткері, өнерлі ақынның артында қалдырған ізіне, қадірлі жолына қарап отырсақ, заманына бақсақ", -дейдіМұхтар Әуезов- көңілге үлкен-үлкен алғысқа толы ойлар келеді. Сонда өз өмірінің, еңбегінің барлық қисынсыз қиын шалғайлықтарының бәрін елеместен, жасымастан батыл басып, ұдайы ұзап бара жатқан шын зор қайратты танисың. Мұндай іс пен тұрақты айнымас мінез тек қана халықшыл, азаматтық санасы айқын жаннан шығады. Ыбырайда сол күш терең еді, мол еді. Ол сананың үлкен аты мұның ізгі жүрегінде мол уақыт берік орнаған. Төңкеріске дейін - ақ белгілі ғалымдар Ыбырайға назараударып, оның ағартушылық қызметіне тілектестік білдірді. Әсіресе, Қазан университетінің профессорлары мен Орынбор оқымыстылары, қала интелегенциясының көрнекті өкілдері оған ақылшы болып сарқылмас таланты мен қажырлы жігеріне назар салды. Ыбырай тұстарының бірі Ф. Д. Соклов 1889 жылы ақын өліміне қайғырып жазған хатында былай деген болатын «Қазақ халқы оны құрметтейтін орыс поселендері де оны қайырымды және әділ адам танитын. Қостанай интелегенциясын олжоқ жерде көңілсіздік басатын, сол қоғамға жан беретін адамдай және көңілді, сүйкімді кеңесші ретінде барлық жерде де оны өзгеше бір қуанышпен қарсы алатын деген пікірін Н. И. Ильминский «Воспоминания об И. Алтынсарине» деген кітабында жазылған.

Ыбырайдың қоғамдық рөлін сол кездің баспа сөзі де жоғары бағалады. «Оренбургский листок » газетінде жарияланған қаралы хабарда Алтынсарин

қазақ арасына әуелі Еуропаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы жан

болды », - деген ді /3. 836-838 /. Осы ғалымдардың пікірін қортындылай келе ойымызға түйетін нәрсе Ыбырай өзінің саяси, әлуметтік көзқарасы жағынан да прогрестік бағыт ұстады, жаңалықтың жаршысы болды. Өз шығармалары арқылы қазақ әдебиетінің жанр, түр жағынан да, мазмұн- идея жағынан да ілгері бастырды. Бұл жағынан да кезіндегі бұқарашыл ойдың әсерлері байқалды. Ыбырай өз елін, халқын шын сүйген адам. Өз халқының ауыр халін шын сүйген адам. Өз халқының ауыр халін көріп, қайғырған шын жәніндегі патриот.

Негізгі бөлім.

Ы. Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық, көркемдік шешімдік тұрғысындағы үндестік.

2. 1 Ыбырай Алтынсарин өлеңдері мен әңгімелеріндегі тақырыптық үндестік

Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін мәдениетке жетелеуге, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа белшесінен батқан елді оқуға, мәдениеттілікке шақыру тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор, үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.

Ыбырай өзінің көптеген бір алуан өлең, әңгімелерін жастарды оқуға шақыруға арнады. Осы тақырыпқа арналған өлеңдерінің бірі Қазақ хрестоматиясының алғашқы бетіндегі "Кел балалар оқылық" өлеңі.

Кел балалар оқылық

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар

Тілегенің алдыңнан

Іздемей- ақ табылар

Кел балалар оқылық

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық

Кезінде бұл өлеңнің тарихи мәні айырықша зор болды. Ақын бір жағынан жастарды оқуға білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек байлықта деп ұғатын оқу - өнер, ғылым - білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Ұлы педагог ақын өзінің өлеңдері арқылы оқудың өнер - білімнің маңызын түсіндіріп, надандыққа қарсы шықты. Ол қазақ балаларын білімге баулып, олардан болашақтың иелерін даяарлауды бірінші мақсатымдеп санады.

Өнер - білім бәрі де,

Оқуменен табылған.

Кел, балалар, оқылық -деп жар салады. Қзақ балаларына оқыған адамның қараңғылықтан құтылып, дүниенің ырағын жағып, ілгері нық басатынын ескертті.

Оқымаған жүреді,

Қараңғыны қармалап.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар - дейді.

Адамды қор етіп, әбден аздыратын, ақылын тұсап топастандыратын ең бір ауыр індет надандық деп білген ақын елдегі небір алуан дөрекілік пен опасыздық осы надандықтың салдары деп бағалады.

Надандықтың белгісі,

Еш, ақылға жарымас,

Жайылып жүрген айуандай

Ақ қараны танымас.

Өнерлі білімді адамды надандарға қарама - қарсы қойып, ақын олардың біріне бірінің айырмашылықтарын тайға таңба басқандай бейнелейді. Өнерді ел бақыт, халықты мұратқа жеткізетін сенімді құрал шын мәніндегі адамгершіліктің, дүние танудың бірден бір анық жолы деп бағалады. Оқу мен ғылымның материалдық мүмкіншіліктерін де ақын терең түсінді. Адам бойындағы ең жақсы қасиет ақыл, мінез, дәулет тұрмысқа керектібұйым - бәрі де оқумен, білумен, ізденумен табылатын адам ақылының жемісі. Дүниедегі ең ескірмейтін мұрат, өмірлік сенімді деп, ақын қазақтың мол байлығына өнер - білім байлғын жарстырады. Білім еш арымайды, жұтқа ұшырамайды ол мәңгі бақыт кілті деп танытады.

Сиса көйлек үстінеде,

Тоқуменен табылған

Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған.

Ыбырай Алтынсариннің ұғындыруынша оқу, өнер қиындықсыз, оп - оңай түсер тегін нәрсе емес, оған адам төзімді күреспен қажырлы еңбек арқылы ғана жетеді. Сауысқан екеш сауысқан да өз тамағын еңбектеніп, шоқуменен табады. Үстіне киер киім де еңбек жемісі, ол да тоқуменен табылған. Жалықпай ізденіп, ерінбей еңбек ету арқылы ғана өнерлі бақытты болмақшы. Адамға еңбек ету парыз. Еңбексіз еш нәрсе өнбейді, еңбек өміркілті, оқуға өнерге жеткізетін де осы еңбек. / 3. 852 -853 /.

Бүкіл ісін ағарту ісіне арнаған Ыбырай Қазақ хрестоматиясына кірген өлеңдерінде халық ағату идеясын кең көтеру менқатар сөйтіп, ел арасына кең жайылып жатталып кететін шығарма арқылы әсер етуді көздеді. Осындай мақсатта туған келесі өлеңнің бірі « Өнер білім бар жұрттар » атты өлеңі. Баланы жан - жақты түсінігі бар, айтқанды түсінтен, тез ұғатын, қабілеті күшті азамат етіп шығару үшін, алдымен оқыту керек. Ол сонда ғана тәртіпке түсінетін, оған мойынсұнатын саналы азамат болып қалыптасады. Оқудың пайдасы, оқу арқылы баланың көп нәрсеге жетілетіні жайында Ыбырай шығараларында аз айтылмаған. Оқыған мәдениетті азаматтың өмір сүруі де, еңбектенуі де анағұрлым жеңіл және көңілді болатынын ескертеді. Бұл өлеңінде де өнер, білім техниканың пайдасын айта келіп, балаларды жас өспірімдерді мәдениетті ұлы орыс халқыныңқатарына қосылуға, соған жетуге, солардан үлгі - өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.

«Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып - жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. » - деп, радио, телефон, телеграфты айтса,

Мың шақырым жерлерге

Аты жоқ құр арбаны

Күн жарымда барғызды, - деп, поезд бен автомашинаны үлгі етіп көрсетті. Мұнда бұрын естімген, білмеген ұғымдар өмірге келді. Бұдан біз Ыбырай Алтынсарин қазақ баллар әдебиетіне көркем творчествосының жаңа түрін енгізгенін байқаймыз. Бұл өлеңінен адамды таң - тамаша ететін, кісі қызығарлық, соған құштарлығыңды арттыра түсетін техниканың болу дәрежесін оқу және үздіксіз оқу арқылы ғана жетуге болатынын оқымаған қараңғы халықтың жастарына дәлел етіп, үлгі етіп көрсетті. Ғылым адамды әр түрлі апаттан алып шығады, құтқарады. Сауатсыз, қараңғы адам жаратылыстың тілсіз сұрапылының құрбаны бола бермек, оған дәрменсіз. Мұндай дәрменсіздіктн арылу үшін ғылым, тағылым табыстарын тез игеріп, орыс халқының ілімінен, мәдениетінен үздіксіз үйрене беру керек деп жар елды. Өзінің жас шәкірттеріне ғылым табыстарын мақтан ете жырлады. Білім мен техниканың өз шығармаларының арқауы етіп, әр түрлі жолдармен әрқашанұқтырып отырды. Ғылым, өнер, техника жайларын сөз еткенде Ыбырай балалар ұғымындағы түсініктерден алыс кетпейтін, өздерінің күнделікті естіп, біліп айтып жүрген сөздері арқылы беруге ұмтылды Ыбырай ғылы, өнер, техника, мәдениет жақтарын балаларға оңай түсіндіру халықтық стильден алыс кетпеген. Ақын « Өнер білім бар жұрттар » атты өлеңінде оқу білім алудағы мақсатты аша түсті. Балқожа сықылдылардың бала оқытқандағы мақсаты мен міндеттері өз халқының бір керегіне асу, оның прогрестік жолымен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәденит жағынан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін « Тастан сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып жұмғанша жылдам хабар алдыратын» елдердің қатарына жеткізу деп білді.

Ыбырай Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді талай беттерге кездесті. Өтірік арыз « Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне кездесті. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Себебі оның келешекке деген сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса да болашақ жастар орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық надандықтарды шеней келіп;

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды,

«Өнер жігіт көркі» деп

Ескердіік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды, -дейді.

Қазақтың алдына өнері ілгері елдердің мәдени табыстарының көлденең тартып ол елдердің техникалық жетістіктері оқудың жемісі, оқыған адамға дүние кең, өмір сүру жеңіл, өйткені білімді адам отпен суды өзіне қызмет еткізеді, дүниенің рақаты мәдениетті өмір, жақсы тұрмыс, салтанат бәрі де өнер ақылы қол жеткен табыс. Біз де қарап жатпалық, басқа елдер жеткен өнерге ұмтылып, соған қол созайық деп жастарды өнерге үндейді.

Желкілдеп шыққан көк шөптей,

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті ау алысқа -ай,

Ұмтылыңыз қалыспай.

Ол кезде мектеп, оқу оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Қазақ ішінде мектептің, онда бала оқытудың пайдасын тез ұққандар да, баласын орысша оқытатын мектепке беруден тартынатындар да болды. Тіпті үстем тап өкілдерінің өздері де біріңғай болған жоқ. Ислам дініне берілушілер және ескілікті берік сақтағысы келгендер қадем оқуын қолдады. Кейбіреулері жаңаға қарай бейімделіп ел билеу үшін де патша өкіметінің ұлықтарын жаңа мектептерге беруді мақұл көрді. Мұндайлар қазақтың әр губерния, әр уездерінен де табылды. Бұлардың жері басқа болса да, аңсаған арман, көздеген мақсаттары бір болтын.

Үміт еткен көзімнің нұры балам,

Жаныңа жәрдем берсін хақтағалам.

Атаң мұнда енеңмен есен - аман,

Сүйіп сәлем жазады бүгін саған

Атаңды сағындым деп асығарсың,

Оқуға көңіл берсең басыларсың,

Ата - анаңды өнер білсең асырарсың,

Надан боп білмей қалсаң аһ ұрарсың

Шырағым, мұнда жүрсең не етер едің

Тентіреп екі ауылдың арасында

Жүргенмен не мұратқа жетер едің? - деп Балқожаның Ыбырайға жазған хаты, тек Балқожа ғана емес сол сықылдылардың бәрінің көздеген мақсатынан бәрі бір екендігін аңғартады. Балқожа мен Балқожа сияқтылардың баласын оқуға бергенде, оқы білім ал, өнер үйрен соған қолың жетсе ғана ата - анаңды асырай аласың деп оқудағы мақсатты қара бастың қамына әкеліп тірейді. Бірақ сол 1850 жылы орыс қазақ мектебіне түскендердің бәрі бірдей «әкесінің баласы», халықтың баласы болып шыққандары да балды. Екінші жағынан олар патша өкіметінің қазақ балалары оқитын мектептер ашқандағы алдарына қойған мақсат - міндеттерін бас тартты. Ата - аналары, оқуың мен тек біз үшін қызмет ет десе миссионерлер біліміңді тек патша өкіметінің ықпалын қазақ даласында жүргізу үшін күш сал деді. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға, білім алуға, мәдениетілікке шақыру тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды. / 2. 228 - 229 /.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таңдамалы шығармалар
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ыбырай негізін салған қазақ мектептерінен білім алып шыққан белгілі ағартушы қайраткерлер
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ - ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Ыбырай бастаған баспа
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат
Ыбырай шығармаларын тәрбие мақсаттарына пайдалану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz