Қаржылық инвестиция түсінігі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..3-4
I-тарау. Қаржылық инвестицияның ерекшелігі, мәні, түрлері.
1.1. Қаржылық инвестиция
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2. Қаржылық инвестиция түрлері, олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ..8-11
ІІ-тарау. Қаржылық инвестиция есебін құжаттармен рәсімдеу.
1. Облигация және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12-
16
2. - Қаржылық инвестициялардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.17-19
ІII-тарау. Кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың инвестиция есебі.
3.1. Еншілес, тәуелді және бірігіп бақыланатын заңды тұлғалардың
инвестиция
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..20-24
3.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық кәсіпорындардың инвестициялық
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25-30
3.3Басқа да құнды қағаздармен инвестиция
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .31-35
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..36-37
Қолдагылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38
Қосымша материалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
Кіріспе.
Қаржылық инвестиция есебі – бұл субъект табыс алу, инвестициялық капитал
өсімін немесе басқадай пайда алу мақсатында иемденетін активтер. Қаржылық
инвестиция есебі 8 Қаржылық инвестиция есебі бухгалтерлік есеп
стандартымен реттемеленеді. Қаржылық инвестицияға, сондай-ақ пайдалануға
(эксплуатацияға) жатпайтын жылжымайтын мүліктің де қатысы бар.
Қаржылық инвестицияны сатып алу барысында (брокерлік сыйақы, банк
қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнның қосып
құралатын сату құны бойынша бағаланады.
Сатып алынған сәтке дейінгі кезең үшін есептелінетін проценті де
қосылатын құн бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте сатыпалушының
сатушыға процентпен төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді.
Құнды қағаздардағы инвестицияны жабу құны арасындағы айырмашылықты(жеңілдік
немесе сатып алу барысында пайда болған сыйақылықақы) инвестор оны иеленген
кезең ішінде өтейді (амотизациялайды).
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
· Қысқа мерзімді - баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін
ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі.
Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасы
бойынша ескерілсе, балланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі
негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция незінде
анықталады.
·Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында бағалау
сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар сомасы (сумма
уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен жүзеге
асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның көміген
сомасы залалға жатады.
Қаржылық инвестицияны босатып алу барысында сатудан түскен табыс пен
балланстық құн арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокерлердің немесе
диллердің қызметі) шегеруде табыс немесе шығын ретінде танылады. Егер
инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, немесе ағымдағы құн бойынша
бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына
сәйкес белгіленген табысқа жатады.

1.1. Қаржылық инвестиция түсінігі.
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде
салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық
қызметгің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе пайыз алу
болып табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны
өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі
капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде
қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны
жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.
Инвестиция өзінің айналымы немесе көзделген мақсатына қарай қаржылық
және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және
материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидеңдтер және жалға
берілген ақы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да
олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық
инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық
инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық
бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі
(капиталды). Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды
алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға:
вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы
бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар
өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен
қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан
аспайтын уакытқа) беріледі.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын)
құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Қаржылық инвестиция - бұл субъект табыс алу, инвестициялық капитал

стандартымен реттеледі. Қаржылық инвестицияға пайдалануға (эксплуатацияға)
жатпайтьн жылжымайтын мүліктің де қатысы бар.

қызметі) сатып алумен байланысты шығындарға инвестиция құнын қосып
құралатын сату кұны бойынша бағаланады.
Сатып алған сәтке дейінгі кезең үшін есептелетін проценті де қосылатын құн
бойынша қаржылық инвестицияны сатып алу есепте алушының сатушыға процентпен
төленген көлемге кемітілген сату құны бойынша көрінеді. Құнды қағаздардағы
инвестицияны жабу құны арасындағы айырмашылықты (жеңілдік немесе сатьп алу
барысында пайда болған сыйақы) инвестор оны иеленген кезең ішінде өтейді
(амортизациялайды).
Инвестиция — экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.
Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге
несие беретін мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік
қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль
атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы салалары мен
кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар
жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн.
Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті
әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валютаның бағамдық
пайыз мөлшерлемесінің өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді
несиелерді тартудың қиындылықтарымен және т.б. осы сияқты мәселелерімен
байланысты болып келеді. Сонымен катар, табиғат зілзалаларымен және саяси
тәуекелділіктерімен байланысты болатынын ескерген абзал. Қаржылық
инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол
инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып,
жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы
тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын
инвестициялық тұрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық
жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен
преференциялар әзірленіп жасалған.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты - жаңа технологияларды, алдыңғы
қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы
тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық тауар
өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған
және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының
шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент
пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті
мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін
көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын
жақсарту болып табылады.
1.2. Қаржылық инвестиция түрлері, олардың жіктелуі.
Қаржылық инвестиция түрлеріне мыналар жатады:
• Қысқа мерзімді - баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін
ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен қысқа
инвестиция негізінде анықталады.
• Ұзақ мерзімді - қаржылық инвестицияны қайта бағалау барысында
бағалау сомасы өзіндік капиталдың өсуіне қатысты болады. Арзандатулар
сомасы (сумма уценки) бір ғана сол инвестицияның бағалау сомасы есебінен
жүзеге асырылады, ал бағалау сомасы болмаған (жеткіліксіз) кезде оның
кеміген сомасы залалға жатады.

баланстық құн арасындағы айырмашылық, шығындарды (брокердің немесе дилердің
кызметі) шегеруде табыс немесе шығын ретінде танылады. Егер инвестиция
бұрын қайта бағаланған болса, немесе ағымдағы құн бойынша бағаланған болса,
онда қайта бағалау сомасы қабылданған есеп саясатына сәйкес бөлінбеген
табысқа жатады.
Қаржылық инвестицияны қысқа мерзімді бағалау категориясына аудару
барысында болатын нәрселер:
* егер қысқа мерзімді инвестициялар ағымдағы сату құнының төмен бағасы
бойынша ескерілетін болса, онда ол сату және баланстық құнның төмен бағасы
бойынша алынады;
* егер қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар ағымдағы құн бойынша
ескерілетін болса, онда ол баланстық құн бойынша болады.
Егер инвестициялар бұрын қайта бағаланған болса, онда оны қайта
бағалаудан түскен соманы аудару барысында есептен шығарып тастау керек. Бұл
инвестиция бойынша бұрын жасалған қайта бағалау табыс ретінде танылады.
Қысқа мерзімді инвестицияны ұзақ мерзімділік категориясына көшіру
мыналармен жүзеге асырылады:
а) ағымдағы сату құнының төмен бағасымен;
ә) егер ол бұрын осы құнмен көрінген болса, ағымдағы құнмен.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу
(шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнын арттыру және осыған орай оны
меншіктеушілердің әл-ауқатьн көтеру) мақсатында әр түрлі экономика саласына
капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция
деп ұғамыз.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ
мерзімді болып бөлінеді.
үлестік - жай және артықшылықты акциялар;
борышкерлік - облигациялар, қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар
және т.б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі);
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді - бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай
қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы
қағаздардағы компанияның инвестициясы);
ұзақ мерзімді— бір жылдан көп иемдену мерзімі;
• мерзімсіз инвестициялар.
¥зақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар - бұл қосымша пайда алу
мақсатьнда немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие
болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен
салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсалымы әлдеқайда пайдалы болғандықтан
қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
каржылық - құнды қағаздарға жұмсау;
нақты (мүліктік жұмсау) - субъектінің негізгі капиталына жұмсау және
материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
Шығу тегі бойынша - бірінші, екінші.
Болу формасы бойынша - құжаттық, кұжатсыз.
Ұлттық тегі бойынша - отандық, шетелдік.
Қолдану түрі бойынша - инвестициялық (капиталдық), инвестициялық емес.
Иемдену қатары бойынша - жеке, жалпы.
Шығарылым формасы бойынша - эмиссиондық, эмиссиондық емес.
Меншік формасы бойынша - мемлекеттік, корпоративтік.
Айналыс сипаты бойынша - нарықтық, нарықтық емес.
Тәуекелдік деңгейі бойынша - аз тәуекелдікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
Тәуекелдік түрлеріне мыналар жатады:
• капиталды тәуекелдік - бұл барлық жұмсалымға арналған жалпы
тәуекелдік, инвестор өзінің инвестициясын ысырапсыз қайтара алмайтын, толық
босатып ала алмайтын тәуекелдік;
уақытша тәуекелдік - міндетті түрде ысырапқа ұшырататын қолайсыз уақыттағы
инвестицияны сату және сатып алуға байланысты тәуекелдік;
заңдық өзгерістер тәуекелділігі - шығын мен ысырапқа ұрындыруы мүмкін
тәуекелдік;
өтімділік тәуекелділігі (риск ликвидности) - инвестицияны өткізу
барысындағы болуы мүмкін ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
нарықтық тәуекелдік - нарықтың жалпы кұлдырауымен байланысты инвестиция
құнының төмендеуінен ысырапқа ұрындыратын тәуекелдік;
кредиттік және іскерлік тәуекелдік - борыштық құнды қағаздар шығарушы
(эмитент) негізгі қарыз сомасын немесе сол бойынша сыйақы төлеуге жағдайын
болдырмайтын тәуекелдік;
проценттік тәуекелдік - нарықтағы проценттік мөлшерлеменің өзгеруіне
байланысты инвесторға ысырап әкелуі мүмкін тәуекелдік;
валюталық тәуекелдік - шетелдік валютадағы инвестициямен байланысты
тәуекелдік.
Қолма-қол табыс бойынша - табыстық, табыссыз.
Қаражатты жұмсау нысаны бойынша:
• борыштық - құнды қағаздардағы немесе міндеттердегі инвестиция;
иелі үлестік (владельческие долевые) - нарықты субъектінің капиталындағы
үлестер немесе уақытша шектеулермен байланысы жоқ (еншілес және тәуелді
компаниялардағы инвестиция) мүліктегі үлес;
жеке жобалар (кенішті игеру - разработка месторождения).
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша - мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық және отандық стандарт бойынша бухгалтерлік есептегі
инвестиция мыналарға бөлінеді:
а) қаржылық (БЕС (СБУ) 8 Қаржылық инвестиция есебі және оған
әдістемелік ұсыныс);
ә) еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық
субъектісіндегі инвестициялар (БЕС 13 Шоғырландырмалы (консолидированная)
қаржылық есеп және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі және
әдістемелік ұсыныс; БЕС 14 Тәуелді шаруашылық серіктестігіндегі инвестиция
есебі және оған әдістемелік ұсыныс; БЕС 15 Біріккен қызметтегі қатысу
үлесінің қаржылық есепте көрініс табуы және оған әдістемелік ұсыныс).
Бұған қоса, инвестиция мыналарға бөлінеді:
тікелей - басқа субъектілердің жарғылық капиталындағы инвестициялар;
портфельдік - субъект иелігіндегі құнды қағаздар жиынтығы;
- венчурлік (тәуекелшіл) - жаңадан пайда болған субъектілердегі (мұнай
және газ компаниялары, ғылыми-техникалық жобалар) тәуекелді және тез
өтелімді инвестициялық салым ақшалар).

2.1 Облигация және оның түрлері.
Облигация дегеніміз – ұстаушыға (иесіне) өз құнынан процент түрінде
тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар
(ұстаушылар) эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды
органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы больп табылады.
Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы:
оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс
беруге де құқысы жоқ.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 1130 "Облигация" шотында
жүреді.
1130 "Облигациялар" шотында мемлекеттік және жергілікті займдардың
проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары
мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді.
Облигация — белгіленген нақты (номиналдық) құны бойынша иесіне процент
төлеу арқылы өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз. Облигациялардын
төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке меншікті (коммерциялық
банктер, акционерлік қоғамдар және басқалар шығарған); атаулы және талап
етушіге арналған; проценттік және проценттік емес, еркін айналымдағы және
айналым шеңбері шектеулі.
Облигациялардың төмеңдегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық
атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет,
кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе
облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны,
қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді)
төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы
мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның
мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның қандай тауар үшін
шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы
шешімін эмитент айқындайды.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының
деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы
бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша
(жеңілдіктерімен). Демек, облигация номиналдық құны бойынша, немесе
облигация сыйлығымен (сыйақысымен), немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы
мүмкін.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша
есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік.
1. Облигация, номиналдық құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1 млн. теңге
тұратын, әр қайсысы мың теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік,
бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден
есептелген 20% төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған
облигациялардың құнына:
1130-ші "Облигациялар" шоты дебеттеледі де, 1040 шоты кредиттеледі -1 000
000 теңге.
Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000 000
теңге х20% : 100% = 200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған.
Есептелген проценттердің сомасына 1270-ші "Есептелген проценттер" шотының
дебеті және 6120-ші "Акциялар бойынша дивиденттер және процент түріндегі
табыстар" шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік
жазбасы жазылып отырады.
Әрбір үш ай сайын облигация эмитентінің шығарылым шарттары бойынша
инвесторға тиесілі проценттер төленіп отырады: ол кезде 1060 шоты
дебеттеліп, 1270 шоты 50 001 (16 667 х 3) сомасына кредиттеледі.
Облигациялардың жабылу (погашение) мерзімі таянған кезде эмитент
инвесторға олардын салған ақшасын номиналдық құны бойынша қайтарады: ол
кезде бухгалтерлік жазудың үш жазбасы жасалады:
Дт 7410, Кт 1130- 1 000 000;
Дт 2810, Кт 6210 - 1 000 000;
Дт 1060, Кт 2810 - 1 000 000.
2. Сыйақысымен (сыйақымен) шығарылған облигация. Эмитент 1 000 000 теңге
сомаға әр қайсысы 1 000 теңге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2
рет жылдық 25%-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1000
данасын басып шығарады. Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны
хабарланған номиналдан 3% артық немесе
1030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен оларды сатып алған
еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка
22%) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі жөнінде хабарлаған
болатын.
Облигациялардың номиналдық құнына қосылған сыйлықты қоса есептегенде,
оның сомасы 1030000 теңге құраған (1 000 000 + 1 000 х 3: 100)х100, ол
кезде 702 шоты дебеттеліп, 1040 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.
Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1 000 000 : 100 х
25 = 250 000 жылына немесе айына 20 833 теңге) 1270 шоты дебеттеледі де,
6120 шоты 20 833 теңгеге кредиттеледі.
Эмитент әрбір жарты жыл сайын облигациялар бойынша түсетін табысты
төлейді (20 833 х 6 = 124 998 теңге), онда, 1040 шоты дебеттеледі де, 1270
шоты 124 998 теңгеге кредиттеледі.
Табысты есептеудің әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдық
құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000 : 24 = 1 250 теңге)
есептен шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30000 теңгеге тең
болған. Ол кезде, 7470 шоты дебеттеліп, 1130 шоты 1 250 теңгеге
кредиттеледі.
Облигацияның жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның
номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 7410 шоты дебеттеліп, 1130 шоты
1000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол сомаға тағы да бухгалтерлік
есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға: Дт 2160, Кт 6210 және Дт1040, Кт
2180.
Сонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған 500 000
теңге табыс алады, мұның ішіндегі 30 000 теңге сомасындағы сыйақы
шегерілімі жасалынады.
3. Жеңілдіктерімен (скидкасымен) шығарылган облигация. Көсіпорын бір
облигацияның номиналдық құны 1000 теңге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған
және жылына екі рет жылдық 25%-тік төлем жасап отыру үшін, 1000 дана
облигациясын сатып алуға шешім қабылдаған. Бір жылда түсетін табыстың жалпы
сомасы 250 000 теңге болғанда, оның жарты жылда 125 000 теңге құраса, ал ай
сайынғысы 20 833 теңгеге тең болған.
Сатып алу кезіндегі оның проценттік ставкасы 29%-і құрады. Эмитент әрбір
130 облигациядан 33 теңге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1 000 - 33 = 967
теңге). Шегерілім сомасы 33 000 теңге (1 000 х 33 = 33 000 теңге) тең
болған жағдайда, онда сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны
967 000 (1 000 000 - 33 000) теңге болады.
Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу құны 1130 шотының дебеті
және 1040 шотының кредиті бойынша 967000 теңге көрініс табады.
Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833 (250
000 : 12) сомасына 2170 шоты дебеттеліп, 6120 шоты кредиттеледі.
Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12500 теңгеге
1040 шоты дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Проценттерден түсетін табыстың әрбір есептелуі кезінде кәсіпорынның табыс
сомасын, яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін (33 000:24 = 1375 теңгені) 1130
шотының дебеті мен 6120 шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі таянған
кезде, жоғарыдағыдай үш бухгалтерлік жазба жазады (1 млн. теңгеге).
Кәсіпорын облигациядан тіркелген пайызды алуды көздейді.
Облигацияны сатып алғанда олар не номиналдық құнынан төмен, не жоғары
бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен
номиналдық құнының арасында айырмасы болады. Облигацияның табысын есептеу
осы айырманың төңірегінде жасалады.
Егер де қаржылық инвестициясы, алатын кезеңі үшін есептелген пайызымен
сатылса, онда олар күніндегі пайызымен сәйкес келмеуі мүмкін, ол кезде
сәйкес келмеген пайызын сатушы мен сатып алушы бөліседі. Төленбеген пайызы
келешек кезеңнің үлесіне біртіндеп таратылады. Мысалға , мамыр айында 1000
дана облигациясы 1000 теңгелік номиналдық құны бойынша сатып алынған , оның
пайызымен жалпы құны 1036667 теңге құраған , оған сәуір мен мамыр айында —
36667 теңге пайыз есептелінген (1000 х 1000 х 22% х 2 : 12) , 2 жылға , әр
үш ай сайын , ол бойынша эмитентке 22% жылдық пайызын төлеп тұруды
міндетіне алған.
Инвестицияны сатып алушылар бухгалтерлік есепте оны номиналдық құны
бойынша көрсетеді (1000000 теңге) , ол кезде 1130 шоты дебеттеліп , 671
шоты кредиттеледі. Ал келесі айда , яғни маусымда, сатып алушы 18333 теңге
(1000000 х 22% х 1 : 12) пайызын есептейді, ал ол 2170 дебеті мен 6120
кредиті бойынша көрініс табады. Шығару шарты бойынша (әр үш ай сайын)
төленуге тиісті пайызының сомасы 55000 теңгені құраған және оған 1040 шоты
дебеттеледі де, 2170 шоты кредиттеледі.
Қалған кезеңдерге ай сайын 18333 теңге сомасында пайыз есептелінеді және
оған жоғарыдағы келтірілген номиналдық құны бойынша жасалатын бухгалтерлік
жазба жасалады:
7410 шоты дебеттеліп, 1130 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;
2160 шоты дебеттеліп, 6210 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі;
1040 шоты дебеттеліп, 2180 шоты - 1000000 теңгеге кредиттеледі.
2.2Қаржылық инвестициялардың есебі
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша
жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттау, банктің көрсеткен қызметі үшін
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Құнды қағаздар инвестициясының өтелу құны мен оның сатып алынған
құнының арасындағы айырмашылықтары (сатып алу кезінде пайда болған жеңілдік
немесе сый ақы) инвестор өзі иеленген уақыт ішінде амортизацияланады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бугалтерлік баланста: не
ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі
бағасымен есептелінеді.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнымен
есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура
келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның катировкасы сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып
танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу
құнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық құнының келесі
негізде анықтайды:
-жалпы қоржындық жиынтығымен;
-инвестицияның түрі бойынша қоржындық жиынтығымен;
-жеке инвестициялары бойынша;
Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары
болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше
жағдайда-табыс ретінде танылады.
Енді мен баланс құнын анықтаудың тәсілдеріне бір мысал келтіріп
көрейік.
Инвест.-ң түрлері Сатып алу Сатып алынған Аутқу-лар
құны кезіндегі ағымдағы ы(+,-)
құны
Акция"А"компаниясы 280,0 300,0 +20,0
"Б"компаниясы 220,0 210,0 -10,0
"С"компаниясы 150,0 150,0 -
"Г"компаниясы 170,0 165,0 -5,0
Акция жиыны облигация 820,0 825,0 +5.0
"К" компаниясы 100.0 130,0 +30,0
"М" компаниясы 150,0 40,0 -110,0
"Н" компаниясы 170,0 180,0 +10,0
"О" компаниясы 200,0 190,0 -10,0
Облигация жиыны 810,0 740,0 -70,0
Қоржынның барлығы 1630,0 1565,0 -65,0
Жоғарыда көрсетілген нұсқаның біріншісі бойынша қысқа мерзімді
қаржылық инвестицияның құның анықтайтын болсақ, онда ағымдағы кезеңдегі
құны сатып алу құнын 65мың теңгеге(1565-1630)терісм айырмасы балғанын
көреміз, демек ол шығыс ретінде танылады.
Ал екінші вариант бойынша акцияның баланстық құны ең кіші баға
ретінде сатып алынады(820 мың теңге 825мың теңгеден аз), ал облигацияның
баланстық құны ең кіші баға ретінде ағымдағы(нарықтық)бағасынан алынады(740
мың теңге 810мың теңгеден аз).
Осы вариантта біріншісі 5мың теңгеге оң айырмашылығын берген; яғни
ол табыс ретінде болады; ал екіншісі 70мың теңге теріс айырмашылығын
берген; яғни ол шығыс ретінде.Нәтижесінде, екінші нұсқаның да бірінші
нұсқаның да айырмашылығы бірдей соманы(65 мың теңгені берген).
Үшінші нұсқа бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестиция мынадай
баланстық құнын құрайды:
"А"компаниясы-280,0 мың теңге сатып алу құны бойынша;
"Б"компаниясы-210,0мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"С"компаниясы-105,0мың теңге сатып алу құнымен ағымдағы құны
бірдей;
"Г"компаниясы-165,0мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"К"компаниясы-100,0мың теңге сатып алу құны бойынша;
"М"компаниясы-40,0мың теңге ағымдағы құны бойынша;
"Н"компаниясы-170,0мың теңге сатып алу құны бойынша;
"П"компаниясы-190,0мың теңге сатып алу құны бойынша;
"О"компаниясы-190,0мың теңге ағымдағы құны бойынша; -1495,0 мың
теңге.
Бұл варианттағы 1350 мың теңге(1630,0-1495,0) теріс айырмашылығы
ретінде, шығыс ретінде танылады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста
төмендегідей жолмен анықталады:
-Сатып алу құнымен;
-Қайта бағалау құны ескерілген құнмен;
-Сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші бағасымен
бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның қайта бағаланған соммасы
меншік капиталаның өсіміне жатқызылады.Инвестициялар құны төмендеген
жағдайда азайту сол инвестицияның үстеме бағасының сомасы есебіне
жүргізіледі. Бір инвестицияның үстеме сомасы жоқ болған жағдайда оның
құнының төмендеуі зиянға есептелінеді. Инвестицияның үстеме бағасының
сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен
кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.
Ұзақ мерзімді қаржылық құны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл
инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді.Құнды тап
осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және
есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес
салмағы және тәуекелдіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар
есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстық құнының
арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін ол не табысқа; не
шығысқа жатқызылады.Егер инвестиция бұрын қайта бағаланған болса, онда
қайта бағалау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz