Дебиторлық берешек түрлері


Мазмұны
Кіріспе
I Бөлім . Дебиторлық берешек есебін ұйымдастырудың теориялық
негіздері.
1. 1 Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу.
1. 2 Алынуға тиісті шоттар. Саудалық және ақшалай жеңілдіктер.
II Бөлім. Дебиторлық берешекті құжаттармен ресімдеу тәртібі.
2. 1 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды
тұлғалардың дебиторлық берешегі
2. 2 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау.
2. 3 Вексельдер есебі.
2. 4 Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп
айырысу.
2. 5 Бюджетке аударылған артық сомалардың есебі.
III Бөлім. Дебиторлық берешектің практика жүзіндегі бухгалтерлік есебі
3. 1 Дебиторлық берешек есебінде кездесетін тәжірибелік жағдайлар
3. 2 Дебиторлық берешектің негізгі кореспонденциялық шоттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымшалар
Кіріспе
Дебиторлық борыш деп- белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары, субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады. Осы субъектіге берешек борышы бар кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі.
Дебиторлық берешектің мақсаты-белгілі бір шаруашылық субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың орындаған жұмыс, көрсетілген қызмет барысындағы айқындалатын және де қарыздарды өтеу, не төлеу кезіндегі қызметті жүзеге асыру мақсатындағы сатып алушылар мен тапсырыс берушілерідің қызметі.
Дебиторлық берешектің міндеттеріне мыналар жатады:
- дебиторлық берешек есебін ұйымдастырудың теориялық негіздері;
- дебиторлық берешекті құжаттармен ресімдеу тәртібі.
- дебиторлық берешектің практика жүзіндегі бухгалтерлік есебі.
Осы міндеттерді орындай отырып кәсіпорын өзінің алдына қойған мақсатына жетеді. Бұл мақсаттарды жүзеге асыру ол берілген міндеттерді жүзеге асыруы қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты дебиторлық берешектің ұйымдастырылуы, дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу, күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау, еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі, вексельдер есебі , есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу, бюджетке аударылған артық сомалардың есебі туралы мәліметтерді толығымен жеткізу.
1. 1 . Дебиторлық берешекті мойындау мен өлшеу.
Дебиторлық берешек- сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауарлар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы (өтеу мерзімі бір жыл бойы) немесе операциялық циклды және ағымдағы емес болып бөлінеді. Есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешегі- негізгі іс- әрекет нәтижиесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек- іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (субъект қызметкерлеріне немесе филиалдарына аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер, алуға арналған девиденттер мен проценттер, үкімет органдарына салықтарды қайтару жөніндегі тілек-талап және басқалар) пайда болады.
Халықаралық практикада дебиторлық берешектің жалпы классификациясы
↓ ↓
Саудалық дебиторлық
берешек:
-Шот алуға
- Вексель алуға
- Дивидендтер алуға
Саудалық емес дебиторлық берешек:
-саудалық емес вексельдерді алуға
-Пайыздар алуға
-Компания жұмысшыларына берілген аванстар және т. б.
Компаниядағы дебиторлық берешектің жалпы классификациясы
↓ ↓
↓ ↓ ↓ ↓
↓
Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек- талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күтілетін күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді болады. Әдетте дебиторлық берешек шот фактуралармен расталады. «Алынған вексельдер» бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады.
Қолма- қол ақшасыз есеп айырысулар жүйесінде дебиторлық берешектің пайда болуы субъектінің шаруашылық іс- әрекетіндегі объективті процесс болып саналады. Дебиторлық берешек пайда болу сипатына қарай қалыпты және ақталмайтын деленіп бөлінеді. Субъектінің өндірістік шаруашылық іс- әрекетінің барысында, сондай-ақ есеп айырысудың қолданыста жүрген нысандарымен пайда болғандары қалыптыға жатады. Мерзімінде төленбеген дебиторлық берешек ақталмайтын болып саналады. Ол есеп және қаржы тәртібін бұрмалаушылықтар, ұйымдағы және бухгалтерлік есеп жүргізудегі кемшіліктер, тауарлық- материалдық қорларды жіберуді бақылаудағы босаңсулар салдарынан пайда болады.
Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілеріндегі табысты есептеу тәсілімен айқындайтындықтан, күдікті борыштар бойынша резерв құру қажеттілігі туады. Олар тәуекел қоры болып табылады, сол немесе басқа борыштың өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі.
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек есебі «Қысқа мерзімді активтер» деп аталатын бірінші бөлімнің 1200- ші «Қысқа мерзімді дебиторлық берешек » деп аталатын бөлімшенің келесі топтарында жүргізіледі:
1210- «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар сатылған өнім және көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар және сатып алушылар мен тапсырысшылардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1220- «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі », онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар- жоғымен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230- «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1240- «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар шоттарына ақша қаражатының түсуі және есептен шығуы жөніндегі операциялар және филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1250- «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі », онда қызметкерлердің:
активтерді сатып алуға есеппен берілген ақша қаражаты, қызметтерге ақы төлеу, қызметтік іссапарлар мен басқалар, қызметкерлерге берілген қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғаласына байланысты операциялар, сондай-ақ ұйымға қызметкер келтірген материалдық шығынды өтеу жөніндегі есеп айырысу және
қызметкерлердің өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1260- «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда ағымдағы кезеңде операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру
жөніндегі шығыстар есепке алынады;
1270- «Алынуға қысқа мерзімді сыйақылар», онда мыналар:
акциялар бойынша есептелген дивидендтер;
қаржылық жалдау бойынша есептелген сыйақылар, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару және өзге есептелген сыйақылар жөніндегі дебиторлық берешектің қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі;
1280- «Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, бір жылға дейін мерзімі бар өзге дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек,
1290- «Күмәнді талаптар бойынша резерв», онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
2100- «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» кіші бөлімі ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті есепке алуға арналған және мынадай шоттардың топтарын қамтиды:
2110- «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін сатып алушылармен және тапсырысшылармен есеп айырысу бойынша операциялар көрсетіледі;
2120- «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі », онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
2130- «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
2140- «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі есепке алынады;
2150- «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі », онда қызметкерлерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар бойынша қызметкерлердің дебиторлық берешегінің қозғаласымен байланысты операциялар, сондай-ақ қызметкердің ұйымға бір жылдан асатын мерзімде келтірген материалдық зиянды (кемшін шығу, ұрлау, бүлдіру және басқалар) өтеу жөніндегі есеп айырысу көрсетіледі;
2160- «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдағы кезеңдер үшін операциялық және қаржылық жалдау бойынша ағымдағы жалдау төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі шығыстар және жалдау бойынша өзге де ұзақ мерзімді дебиторлық берешек;
2170- «Алынуға ұзақ мерзімді сыйақылар», онда қаржылық жалдау, берілген қарыздар, сатып алынған қаржы инвестициялары, сенімді басқару бойынша есептелген сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің қозғалысымен байланысты операциялар және өзге де алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар көрсетіледі;
2180- «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек», онда алдыңғы топтарда көрсетілмеген, өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек бойынша операциялар көрсетіледі, мысалы, алынған вексельдер бойынша, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру бойынша берешек.
1. 2. Алынуға тиісті шоттар. Саудалық және ақшалай жеңілдіктер.
Алынуға тиісті шоттар - компанияның қалыпты өндірістік қызмет ішінде клиенттерге сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер бойынша берешек сомалары. Бұл шоттар сонымен қатар саудалық дебиторлық берешектер деп аталады, шот фактуралармен немесе басқа да құжаттармен расталынады. Ал жазбаша берешек міндеттеме құжаты сирек расталынады. Алынуға тиісті шоттарға компанияның операциялық цикл ішіндегі немесе жыл ішіндегі келесі баланстық күйіндегі алынуға тиісті шоттар сомасынан тұрады. Әдетте өтеу мерзімі 30 күннен 60 күнге дейін есептеледі. Ал алынуға тиісті шоттардың мерзімі өтіп кетсе, онда оны мерзімі өткен деп санайды.
Дебиторлық берешек тек қана табыспен байланысты танылады. Дебиторлық берешек бастапқы бағасынан күмәнді берешектердің түзетілген сомасын қайтарылған тауарлардың ақшалай жеңілдіктерін алып тастағаннан кейін бағаланады. Нәтижесінде алынуға тиісті шоттардың таза құны анықталады. Пайыздар дебиторлық борыштарды өтеу және сату арасындағы мерзімнің қысқалығына көңілге алынбайды.
Саудалық жеңілдіктер (баға жеңілдіктері) - әдетте көтерме сауда каталогтарында жалғыз шот фактуралық баға басылады. Клиенттермен тапсырылған өнім көлеміне байланысты әр түрлі жеңілдіктер жариялануы мүмкін. Мұндай саудалық жеңілдіктері сатудың соңғы бағасын қысқартады. Мысалы, 50 долларлық өнімге 1000 данадан көп өнім сатып алғанда 40%- қ жеңілдік жарияланған. Соның есебінен 1 данаға шаққандағы өнім бағасы 30 долларды құрайды. Жеңілдік проценті тапсырыс беру көлеміне байланысты 50 долларлық базалық құны өзгеріссіз өзгеруі мүмкін. Ақшалай жеңілдікте қолданылатын жалпы баға-бұл саудалық жеңілдікті алып тастағаннан кейінгі шот фактуралық баға.
Ақшалай жеңілдіктер(сатудан болған жеңілдіктер) - компаниялар жиі ақшалай жеңілдікті ұсынады. Егерде белгілі мерзім ішінде төлем төленетін болса, онда жалпы шот фактуралық баға сомасы төмендейді. Ақшалай жеңілдіктер клиенттің төлемді ерте төлеуі үшін ынталандыру және сату көлемін арттыру үшін қолданылады. Сонымен қатар күдікті берешектерді қысқартуға көмектеседі.
Тауарларды сатуға ұсынылған жеңілдіктер классификациясы
↓ ↓
Мерзімге дейін төленетін жеңілдік
(тауардың бағасына көбейтіліп, анықталған процент, мерзімде төлеуге байланысты)
А компаниясы өзінің клиенті Б компаниясына келесі ақшалай жеңілдікті 5% көлемінде, егер Б компаниясы 10 күн ішінде тауар құнын төлейтін болса, максималды төлем мерзімі 30 күн. Бастапқы шот сомасы 1$ құрады. Тауар 1- шілдеде тиеліп жіберілді. А компаниясының бухгалтерлік жазулары келесі түрде көрсетіледі:
Дт-1210 Кт- 6010 1тг
Дт-7010 Кт-1330
II Бөлім. Дебиторлық берешекті құжаттармен ресімдеу тәртібі.
2. 1Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық берешегі
Егер субъект басқа субъектің 50%- тен асатын дауыс беруші акцияларына тікелей немесе жанама ие болса, инвестор бұл субъектіге бақылау қояды және негізгі шаруашылық серіктестігі болып танылады. Аналитикалық есеп әрбір еншілес серіктестік бойынша жүргізіледі. Егер инвестор басқа субъекттің 50-нен кем дауыс беруші акциясына ие болса, мұндай жағдай да инвестелетін объект тәуелді субъектке айналады.
Еншілес (тәуелді) ұйымдардың дебиторлық борыштарын есепке алу үшін 1220 «Еншілес (тәуелді) ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 2120 «Еншілес (тәуелді) ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» және 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» шоттарында жүргізіледі.
1220- «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі », онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдарға ұсынылған құжаттар бойынша есептеулердің бар- жоғымен қозғалысына байланысты операциялар және еншілес ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
1230- «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», онда бір жылға дейін мерзімі бар іске асырылған активтер мен көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
2120- «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі », онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар және еншілес ұйымдардың өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
2130- «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі», онда сатылған активтер мен бір жылдан асатын мерзімде көрсетілген қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу бойынша операциялар қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі көрсетіледі;
Қысқа мерзімді еншілес (тәуелді) және бірлескен ұйымдардың дебиторлық борыштарының есебі бухгалтерлік есепте келесі түрде жазылып көрсетіледі:
- келісім құны бойынша Дт-1220, 1230 Кт-6010
- ҚҚС сомасына Дт-1220, 1230 Кт-3130
- еншілес (тәуелді) және бірлесіп ұйымдасқан заңды тұлғалардың валюта айырбастау кезінде нарықтық курстың өзгеруі нәтижесінде қысқа мерзімді дебиторлық берешектерінің көбеюі
Дт-1220, 1230 Кт- 6250
- еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар үшін есеп айырысу шотына және басқа субъектілердің шоттарынан төлем жүргізілді.
Дт- 1220, 1230 Кт-1010, 1020, 1040, 1050, 1070
- еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын ұйымдардан төлемдер келіп түсті
Дт- 1010, 1020, 1040, 1050, 1070 Кт-1220, 1230
- еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің берешектерін аударды, бірақ та ақша ай соңында ағымдық шотқа түскен жоқ
Дт- 1030 Кт-1220, 1230
- еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар сатып алушылар мен тапсырыс берушілерге сату бағасынан жеңілдік ұсынды Дт- 6030 Кт-1220, 1230
- ҚҚС сомасына Дт- 3130 Кт- 1220, 1230
2120 «Еншілес (тәуелді) ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» және 2130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек есебі бухгалтерлік есепте келесі түрде жазылып көрсетіледі:
Еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар дайын өнімді босатты:
-келісім бағасы бойынша Дт- 2120, 2130 Кт 6010
-ққс сомасына Дт-2120, 2130 Кт- 3130
Еншілес (тәуелді) және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды және материалдарды босатты:
-келісім бағасы бойынша Дт- 2120, 2130 Кт- 6210
-ққс сомасына Дт- 2120, 2130 Кт- 3130
Берешектерді өтеу бойынша ақшалар ағымдық шотқа келіп түсті
Дт- 1040, 1050 Кт- 2120, 2130
2. 2 Күмәнді дебиторлық берешек пен оны бағалау
Салық кодексіне сәйкес күмәнді талаптар- Қазақстан Республикасының заңды және жеке кәсіпкерлері- резиденттеріне, сондай- ақ Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс- әрекет жасайтын заңды тұлғалар- резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен бірге өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек болуы ықтимал және бағалануы мүмкін болса, оны шотта көрсету қажет. Салыстыру принципі бойынша дебиторлық берешектің есепті кезеңде күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық берешек операциялық іс- әрекеттен болған шығыс- күмәнді борыштар шығыстары ретінде көрсетіледі.
Егер күмәнді дебиторлық берешек күтілмесе, онда кірістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді, ал дебиторлық берешек үмітсіз деп мойындау кезеңіне есептен шығарылады. Мұндай амал тікелей есептен шығару тәсілі деп аталады.
Егер күмәнді дебиторлық берешек ықтимал және есеп алынуы мүмкін болса, есепті кезең соңында түзету жазбасын жасау талап етіледі. Мысалы, егер субъект 15000 теңге сомасына күмәнді дебиторлық берешекті күтсе, күмәнді борыш бойынша шығынды көрсететін мынадай проводка енгізіледі:
7440 «Резервті құру және үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар» шот дебеті
1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шот кредиті 15000
Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі «Табыс» 5 бухгалтерлік есеп стандарттарымен және оған «күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі» атты әдістемелік ұсыныстармен реттеледі. Күмәнді борыштар бойынша резерв есепті кезең соңында өткізілген дебиторлық берешекті түгендеу қорытындылары негізінде құрылады.
Күмәнді борыштар бағалау жөнінде екі тәсіл бар : өткізу, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет көлемінің проценті тәсілі, төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі.
Өкізу көлеміне байланысты процент тәсілі- үмітсіз борыштардың проценті жалпы өткізу көлемінде анықталады. Бұл үшін бірнеше есепті кезең ішінде(ең азы үш жыл) тауар өткізу (жұмыс, қызмет) көлемін және күмәнді борыштар бойынша резерв пайда болуы үшін процентті белгілеуге арналған төленбеген шоттар сомасын талдау қажет.
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу тәсілі - берешекті төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптар проценті анықталады. Бұл үшін алынуға тиісті барлық шоттарды мынадай категориялар бойынша жіктеу қажет:
- өтеу мерзімі әлі болмаған шоттар;
- 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімі бар шоттар;
- 90 және одан көп күндерде төлеу мерзімі бар шоттар;
Күмәнді дебиторлық берешек есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі. Онда күмәнді талаптар бойынша резервтерді құруға және оның қозғалысына байланысты операциялар көрсетіледі.
«Күмәнді талаптар бойынша резерв» шоты бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылып көрсетіледі:
- Күмәнді талаптар бойынша резервтер құрылды.
Дт -7440 Кт -1290
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің еншілес қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың филиалдар мен құқықтық бөлімшелердің үмітсіз борыштарын күдікті талаптар бойынша резервтер есебінен шығару.
Дт -1290 Кт- 1210, 1220, 1230, 1240
- Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің еншілес қауымдасқан және бірлескен ұйымдардың филиалдар мен құқықтық бөлімшелердің дебиторлық борыштарын күдікті талаптар бойынша резервтер есебінен шығару.
Дт- 1210, 1220, 1230, 1240 Кт- 1290
- Күдікті талаптар бойынша қалыптасқан резервтер мөлшерін оның азаюы нәтижесі бойынша түзету. (Есепті кезеңде қалыптасқан күдікті талаптар бойынша қалыптасқан резервтер)
Дт -1290 Кт -7440
2. 3. Вексельдер есебі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz