Әмбебап домбыра


Мазмұны
Кіріспе 3
І. 1. Қазақ халқының ұлттық қол өнері 5
Қазақтың ою-өрнектері, ағаш ою 11
Құрал саймандар 13
2. Ұлттық музыкалық аспаптар және дыбыс құдыреті 16
а) Домбыраның пайда болу тарихы, домбыраның түрлері 21
ә) Домбыраның жасалу технологиясы 32
б) Ойып және жинап жасау 33
3. Домбыраға қалданылатын материалдар 36
а) Ішекті жасау және оның технологиясы 37
ә) Сүйекті ұқсату 38
ІІ. 1. Методикалық бөлім 44
а) Еңбек сабағында балаларды домбыра тарихымен
және оның құрлысымен таныстыру. Жеңіл бөлшектері
мен сувенир жасату 44
ә) Бала тәрбиесіндегі музыкалық аспаптардың маңызы 44
Қорытынды 48
Қолданылған әдебиеттер 49
Кіріспе
Қазақ қөлөнерінің жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде бұрын соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы басқа көне түркі тайпаларының мөдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы - кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Оңтүстік - Сібір, Орта Азия мен орыс халқының да мәдениет жер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқының бойына сініріп, үкемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз дамудың нәтіжесінде ХІХ Ғасырдың екінші жартысы мен ХХ Ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қөлөнері өз дамуында ойтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Революцияға дейінгі қөлөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік - экономикалық жағдайы, көпшелі өмір, біртіндеп отырыңшылыққа көшу процесі, бұрын үстелі болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен, әсіресе Россиямен, сада қатынасының шаруашылың және мәдени байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының басым көпшілігін қалалар дан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағвндықтан, негізінен, халық шеберлерінің қолына қарады. Қазақ қөлөнер шеберлері, көбінесе, кедейлер әулетінен шықты. Олардың белгілі бір қөлөнер түріне мамандана кәсіп етуі шеберлердің негізгі күнкөріс көзіне айналатын. Соның өзінде қөлөнер шеберлерінің онерлі еңбегі, тіпті ғажап туындыларының өзі де жете бағаланбайды. Сондықтан, қөлөнерді кәсіп етуші шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Қазақ қөлөнер шеберлерінің күнделікті еңбегінің тым ауырлығының бір себебіолардың басым көпшілігінде жабдықталған арнайы шеберханалардың болмады. Әсіресе, ершілер, зергерлер, етікшілер, тағы да басқа ұсақтүйек бұйымдар жасайтын шеберлер, көбінесе, қысы-жазы тұрғын үйінде жатып істеді.
І. 1. Қазақ халқының ұлттық қол өнері
Қазақ халқының өмірінде ежелден бері ағаштан жасалатын үй бұйымдарының алатын орны ерекше. Көпшелі мал шаруашылығымен немесе жартылай отырықшылыққа ауысып, егіншілікпен айналысқан қазақ қауымының күнделікті тұрмысына қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың түрі сан алуан. Ағаш оңдеуді кәсіп еткен шеберлерді халық олардың өндіретін бұйымдарына қарай «үйші», «ерші», «Арбашы», «ұста» деп даралады. Ал, бұл шеберлердің әрқайсысы өзінің негізгі кәсібінен басқа да ұсақ- түйек бұйымдар түрлерін жасай білді. Әсіресе, «Ұста» атанған шеберлер үй бұйымдарының көптеген түрлерін жасаумен бірге, әр түрлі металл және сүйек өңдеу ісімен де айналысты. Ал, ағаштан - бедерлі, әшекейлі мүсіндер, оюлар жасау, яғни ағаштан «түйін-түю» де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Ағаштан ою оятын шеберлерді халық «ағаш ұстасы» дейді. Сүйек, мүйіздерден ою оятын шеберлердің барлығы да ер адамдар болған. Үй ағаш бұйымдарын айтпай-ақ тек үй ішіндегі жиһаздарының кейбіреуін айтатын болсаң, ағашпен жасылып, сүйек, мүйіз, металл (жұқа қаңылтыр, жұза мыс, жез) күміспен ойыстырған сандық, кебеже, ер-тұрман, ыдыс-аяқ, ағаш төсек, жүл аяқ әшекейлері көз тартады. Тіпті киіз үй есігінің жасалу ерекшелігін көруге болады. Екі жарма болып ашымтын есікті «сықырлауық» деп атайды. Ағаш адамның жасыл досы.
Ата бабаларымыздың бірінші қөлға алған қаруы да, өтыны да, бас панасы да осы ағаш болған. Содан бері ағаштың атқарған міндеті шаруашылықтың барлық самасында үнемі артып келеді.
Ағашты әрлеу (өңдеу)
Ағаш бұйымдарын әрлеу процесі бірнеше сатыдан өтеді. Бірінші сатысы: дайындау операциялары. Бұл ағашты тазалау, ажарлау, кедір-бұдырын тегістеп жөндеу.
Екінші сатысы: бояу, бұйымға қосымша өң беріледі. Әрмудің соңғы сатысы: бұйым айнадай жарқыратымды, әрлеу технологиясы үздіксіз ысқылау, үйкеу арқылы жүргізіледі. Қолмен ағаш әрлеу көп еңбек сіңіруді, үлкен тәжірибе шеберлікті қажет етеді. Сондайақ талғампаздың пен шыдамдылықты шыңдайды. Ағашты әрлеу саймандарына келсек сүргі, шаппа шот, аталғы шот, моғал ыңғыру, қарғыш, имек ыңғыру және ойыс жүзді қашаулар жатады. Демек, ысқылайтын материалдар киіз, мата, ұсақ, кесек, қышырлы қайрақ қағаздарды орнымен пайдалана білген. Жоғарыдағы саймандармен халық шеберлері әртүрлі ағаштан ойып, ыдыстар ) көбінде терек, самырсын, қарағайдың ұрысы, сексуіл, аршаның түбірі, қайың) жасады. Астау, саптыаяқ, тостаған, ожау, қымыз құятын шарааяқ т. б. неме алуан түрлерін жасай білген. Тостағанды қолға ұстауға жеңіл, әрі ыңғайлы етіп қояды. Мейманға қымыз ұсынар тостағанды күміс түйіршігімен және ірі-ірі асыл тастармен нақыштайтын болған. Осы кітапта тостаған, ағаш қасық, табақ, ожау сынды ағаш ыдыстар түрлері туралы көп мәлімет алуға болады. Күнділікті тұрмысқа қолданылатын шарааяқ сияқты ағаш ыдыстарды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі. Сондай-ақ қазақ шеберлері мебель де жасаған. Оның алдыңғы жағына қараған бетін ғана әшекейлеп оюлаған да, екі жаны, үстіңгі беті жай ғана тақтайдан қадалған. Сандық, кебеже, жүкаяқ, ағаш төсек сияқтылар қазақтардың көшпелі өміріне сәйкестірілген. ХІХ - Ғасырдың соңы, ХХ Ғасырдың басында қазақта күнделікті тұрмыстағы ағаш төсектің үш түрі болды. Бірінші түрі. Екі басы жайпақтау келген, сүйеніші тақтайы бар, төрт аяқты (сирақты) етіп неше түрлі оюлармен сәнделіп жасалады. Екіншісінде осы сияқты екі басы жайпақтау, сүйеніші бар алты немесе сегіз аяқты болып келеді. Үшінші түрі бір жақ басы сүйеніші тақтайлы болып, төрт аяқты болады. Бұл аталған төсектер ешбір темір шеге қолданбай-ақ қиюластырылып, жиып алуға, жайып қоюға ыңғайлы жасылған. Орта Азияға белгілі шеберлердің жас нәрестеге арналған әшекейлі бесік түрлері кең тараған. Жеңіл - желпі заттарды сақтайтын кішігірім сандықтар мен кебежелерді де кеңінен жасаған. Сондай-ақ қазақтың күнделікті тұрмысына қолданылатын мебельдің түріне төсек - орындар мен сандықтар, қол диірмен сияқты үй ішінің заттарын жиып қоятын, бет жағы неше түрлі оюлармен әшекейленген жүкаяқ, сабааяқтар да жатады. Ағашқа көркем ою, өрнек салуда қазақтар өсімдік ою - өрнектерінен (ағаш ою, гүл ою) геометриялық және аз да болса зооморфтық ою өрнектерін қолданған. Әсіресе ағашқа көркем сурет салуда зооморфтық элемент кеңінен тараған. Қымыз сабаның піспегінің сабын, ожау сабын әшекейлеуге баса көңіл бөлген. Бұларды оюлап өрнектеумен бірге сүйекпен, күміспен әшекейлеген. Ожау жасауда шеберлер өздерінің тамаша өнертапқыштығы мен асқан шеберлер өздерінің тамаша өнертапқыштығы мен асқан шеберлігін көрсеткен. Біртұтас ағаштан ожаудың жеке де, қос басты да түрін қызық етіп шығыршықты тізбектерден жасаған.
Зергер - алтын, күмістен әртүрлі нәзік, сәндік бұйымдар жасайтын шебер. Алтын мен күмістен созылған жіңішке сымды парсы тілінде «Зәр» дейді. Қазақ тілінде «зер» - ді «оқа» деп те атайды. Байырғы зергерлік өнердің озық үлгілері бізге Керей, Найман руларынан, Жетісу өңірі, Сыр бойы халықтары мен ерте кездегі обалардан табылғаны мәлім. Қазақ шеберлері зергерлік өнерде көркем құйма, бүршік, лаж, ширатпа, бағдар, темірге қақталған күміс жалату, күміске алтын жалату, тағы басқа көптеген тәсілдерді жеттік меңгерген.
Ұста, зергерлердің жұмыс атқаратын орнын дүкен дейді Дүкен үшін көбінде жіңішке жас талдан тоқып, шанала тәрізді іші сыртын лай (сары батпақ) сылап қояды. Немесе қиіз үй тігіп құрал - жабдықтарды сонда орнатады. Қазақ зергерлері, негізінен, түсті металдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасады. Әсіресе, күмістен соғылатын көптеген сәндік бұйымдар - сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өніржиек, қолтықша, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тана, тіс шұқығыш ертеден-ақ пең тараған заттар. Сондай-ақ ерлерге арналған кемер белбеу, кісе, ер - тұрмандарының күмістелген, алтынданған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалды. Ал, жағлан, кебеже, сандық, асадал, төсағаш, адалбақан, піспек, тегене, ожау сияқты үй жиһаздары мен ыдысаяқ бетіне орнатылытын күмістелген әшекейлер мен түрлі түсті шыныдан не болмаса асыл тастардан орнатылған көздері бар заттарды кез келген үйден кездестіруге болатын еді. Қару - жарақ беттерін күмістеу сияқты істермен де айналысты. Жоғарыда көрсетілген сәндік бұйымдар, негізінен, орыс немесе қатай күмісінен жасалды. Шетелдермен сауданың дамуына байланысты қазақ даласына жайылған Россияның күміс және алтын ақшасы, қытайдың қой тұяз, тай тұяқ жамбылары, поляк күмісі іскерлердің қолына түсісімен, олардан сан түрлі сәндік бұйымдар жасалды. Күмісті, әйресе, алтынды, асыл тастарды, көбінесе, сәндік бұйымдар жасатушылардың өздері тауып берді. Кейбір қала мақында мекендейтін зергерлер өз күмісінен де сәндік бұйымдар жасап сататын болған. Халық шеберлері сәндік күміс бұйымдарды жасауда көптеген зергерлік тәсілдерді қолдана білді. Соның ішінде ең кең жайылған тәсілдер: өтқа қыздырып сөғу, балқытыған металды қалыпқа құю, кептеу, тыныкелеу, қаралау, темір бетіне күміс шабу, сымкәптеу, сіркелеу, жұқа күміс әшекейлердің астынан бедерлі қадаубастармен батыра ұрып бедерлеу, алтындау, дәнекерлеу, оймалау, асыл тастардан көздер орнату және тағы басқалар. Зергер теңгелер мен жамбыларды балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектер дайындап алатынды. Оны өтқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әр түрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартқан соң қиып темір әшекейлер бетіне күмістеуге болады. Құйма бұйымдаррды жасау үшін күміс кесектерін шойын ожау да балқытып, арнайы қалыптарға құяды, содан ол суыған соң, өндеуге кіріседі. Қалып, әдетте, иі қанған балшықтан жасалып, алдын аш мұқият кептіріледі. Құю әдісімен тек күміс бұйымдар ғана емес, сонымен бірге мыс, жез, қола, қалайы және қорғасыннан неше түрлі заттар жасалады. Күміс бұйым бетіне түрлі заттар жасалады. Күміс бұйым бетіне түрлі-түсті тыныке жүргізу әдісі Қазақстанның солтүстік және өңтүстік шығыс аудандарында кеқінен тараған. Тыныкені еріту арқылы салады екен оны күміс бұйым бетіндегі бізбен безенген іздерге құйып, суығаннан кейін егеумен оңдейтін болған. Күміс бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері ертеден білген. Әсіресе, Қазақстанның батыс, солтүстік, солтүстік шығыс, және орталық өңірлерінде қаралау тәсіліне көп мән берген. Күміс бұйым бетін қаралауды «қара бағдар», «қара алтын» кейде «қарала кавказ» жүргізу деп атайтын болған. Бұлай деудің мәні, әріне кавказ зергерлерінің әсеріне байланысты бола керек. Жазба деректерге қарағанда, Батыс Қазақстан өңіріне Кавказ зергерлерінің өнері ХІХ Ғасырдың бірінші жартысында келе бастағанға ұқсайды. Бұған қосымша қазақ этнографы Э. А. Масановтың зерттеулері бойынша, күміс бетіне қарала жүргізу әдісі өнері Орта Азия зергерлеріне ХІІІ - ХVІ Ғасырдан бері белгілі екен. Автор содан бері зергерліктің бұл тәсілі қазақ даласына ХІХ Ғасырға дейін беймәлім болып келуі шындыққа үйлеспейтіндігін ескере келіп, қаралау тәсілін зергерлердің кавказдықтар әсерінен, яғни ХІХ Ғасырдан, әлдеқайда бұрын білгендігін дәлелдейді. Оның үстіне, қазақ зергерлерінің айтуынша, олар қараны өздері жасапты. Оның құрамы - күміс, мыс, қорғасын және күкірттен тұратын көрінеді. Бұл құрамдардың арасалмағы әр түрлі болады. Қараланы, көбінесе, әйелдерге арналған күміс білезік, қапсырма, сырға, жүзік, белбеу, еркектердің кісілеріне, кейде ертұрман әбзелдеріне, тағы басқа да үй бұйымдарын көркемдеуге де жиі пайдаланады. Темірден соғылатын әр түрлі әшекейлер бетіне күміс шабу тәсілін, көбінесе, күміс шабылады. Ол үшін темір әшекейлердің беттері өткір шапқымен өте жиі шекіліп, оның бетіне бөлек қақталған жұқа күмісті жеңіл балғамен жайлап, кіріктіре соғу арқылы орындалады. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық аймақтарына кеңінен тараған. Сымкәптеу тәсілімен әйелдерге арналған қапсырма, шолпы, түйеуші, білезік сияқты шағын күміс әшекейлер жасалады. Ол үшін таза ақ күмістен жіңішке арнайы сымдар темір қалып арқылы созылып, сол сымдардан жоғарыда көрсетілген әшекейлер жасалады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында әйелдерге арналып жасалатын алтынданған үлкен білезік, жүзік, сақина, алқа, өніржиек, қалтыңшалар беттеріне сіркелеу тәсілімен геометриялық орнектер жүргізіледі екен. Құйылған күміс бетіне сірке түсіру арнайы қалып арқылы жасылады.
Қазақтың ою-өрнектері, ағаш ою
Қай халықтың да өнеріне, бейнелеу мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғашы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгісі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою - тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан ғасырда, ұрпақтан - ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс-тершілігінен ою -өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементерін біз қазақ халқының үй жиһаздарымен құрал-саймандарынан да, ер-тұрман, әбезелдері мен қару-жарақтарынан да молынан табамыз. Тарихи-Ғылыми деректерге жүгінсек қазақ халқының ою-өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал-зарімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар едік. Бұған дәлел-айғақ ретінде қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілерін андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшырататынымызды айтсақта жеткілікті. Ою-өрнек өнерінің белгісі бір халыққа ғана тән негізгі стильдік ерекшелітері сол халықтың бейнелеу, әсімдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Сондықтан да оқымысты ғалымдар, өнертанушылар қайсы бір халықтың өнерін ден қоя зерттеп, самсқалы баға берген кезде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алып отырады Әрине, қазақ халқының ою-өрнек өнері куні бүгінге дейін жан-жақты толығымен зерттеле қойған жоқ. Дей тұрғанымызбен, бұл өнерсаласының белгілі бір дәрежеде жүйеленізіне бірқатар ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар атсалысқанын да атап өткеніміз орынды болмақ. Осындай игілікті ізденістің нәтижесінде ою-өрнекті өнертану ғылымында көкөніс өрнек (жапырақ, үш жапырақ, шиыршық, гүл, ағаш және т. б. ) зооморфтық өрнек (жан-жандарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері, қошқар мүйіз және оның түрлі нұсқалары: қос мүйіз, қоңыр мүйіз, сының мүйіз, сондай-ақ табан, өркеш, қаз мойын және т. б. ) геометриялық өрнек (сүйір, шаршы, шаршы мен тұмарша, жұлдызшы, көпбұрыш, балдақ, қармаң және т. б. ) космогониялық өрнек (дөңгелек, төрт құлақ, шұғыла, шимай, бітпес және т. б. ) деген топтарға болу қалыптасқан. Сол ескілді кейбір ғалымдар барлық ою-өрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа ғана боліп қарастырады. Жалпы алғанда бүгінгі күнге дейін өнертанушы ғалымдар ою-өрнектің екі жуздей түрін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама берген екен. Әткенмен ою-өрнектің екі жуздей түрін тауып, ғылыми тұрғыдан анықтама берген екен. Әйткенмен ою-өрнектің түрлері осымен ғана шектелмейтіні өзінен-өзі түсінікті. Өмірдің өзінің тынымсыз даму үстінде болатыны секілді, өнер деәр заманның, әр кезеңнің бағыт-бағдарына, сұраныс-қажеттілігіне қарай дамып, жетіліп, өркендеп отырады. Сан ғасырлар бойы халықтың руханида, материалдық та игілігіне айналған осынау ою-өрнек өнері бірінгі күннің талабына орай, халық арасынан шыққан ісмер-шеберлердің шығармашылық ізденістері нәтижесінде одан әрі дамып, жаңа түр, соны мазмұнға ие бола түсуде.
Құрал саймандар
Қазақ халқы ерте заманнан бастап тастан, ағаштан, сүйектен, мүйізден, темірден қарапайым саймандардың түрін жасай білген. Енді ағашты әрмуге арналған саймандардың бір тобымен танысайық.
Имек қашау - ұзыыңдығы 25-30 см, сабынан дүзіне дейін темірден жасалған имектелген жеріне өткір дүз шығарған. Бұйымдардың ішін оюуға арналған сайман.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz