Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы


ЖОСПАР
Кіріспе3бет
I - бөлім Ақшалай қаражаттардың мәні мен мазмұны
1. 1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні4-5бет
1. 2 Ақша-төлем құралы ретінде5-7бет
1. 3 Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі--7-8бет
II - бөлім Аудит әдістемесі
2. 1 Аудиторлық тексеріс бағдарламасы9-10бет
2. 2 Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті10-18бет
2. 3 Кассалық операциялардың және банк операцияларының аудиті18-30бет
Қорытынды30-31бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі32бет
Кіріспе
Ақшалай және кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік ведомстовалық және басқа нормативтік актілерімен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудитін жүргізу.
- Кассалық операциялардың және банк операцияларының аудиті Курстық жұмыстың міндеттері :
- Аудит әдістемесін жетілдіру
- Аудиторлық тексеріс бағдарламасын толық жасау.
Касса мен кассалық операциялар аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу; оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру; ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.
I - бөлім Ақшалай қаражаттардың мәні мен мазмұны
1. 1 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысынан болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жойылар еді. Ол аздай Томас Моор тағы былай деді: “Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекетік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес. ” Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс қозғалыста болады. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. С. Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері- тредаларды, ал ағылшын экономиксі Смит Фальтер энергетикалық бірліктерді-энедаларды пайдалануды ұсынды.
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді. Тауар ерекше жалпылама эквивалент. Ақша - жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет қоғамен берілген. ” Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар болып қалыптасып отыр.
Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды.
Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады-электроникадан бастап, зергерлік істерге дейін кездеседі.
“Ақша-зат емес, ол-қоғамдық қатынас. ” Олар шынды- дығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Р. Крузоға олар керек болмаған. Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттың өлшемі;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынады. Қазіргі кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңілді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістік емес шығындары қарқындандыру, ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б. Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің өзі де ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
1. 2 Ақша-төлем құралы ретінде.
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақшаның құнын еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процессін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған несие керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бірге қаржы -несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік-сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары;
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтар бар. Бұл қызметте ақшалар бел болып табылмайды, ол тек қана сату, сатып алуды аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені анық. Ақшаның төлем құралы қызметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қома-қол ақшаға деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша аналымының қажеттілігін артады. Өзара өтелетін төлемдер соммасы айналыс үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойыншы және т. б. ) .
1. 3 Есепте кассалық операцияларды жүргізу мен көрсету тәртібі
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 4 бухгалтерлік есеп стандартында ақшалай қаражат кассадағы және банктегі шоттардағы қолма-қол ақша ретінде белгіленген. Ақшалай қаражат қозғалысы- олардың операциялық, инвестиялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
«Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп» 7 қаржылық есеп беру станндарттарына сәйкес ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша мен талап етілгенге дейін салымдар кіреді.
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Кәсіпорындар өздерінің есеп шоттарынан қолма-қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын(еңбекақы төлеуге, жәрдемақыға және шаруашылық шығындарына және т. б) көрсетуге міндетті. Қолма-қол ақша алу үшін субъект банкке алдын-ала талап етілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операцияларды құжаттық ресімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақша қабылдаған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен ресімделеді. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі жәнеақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
II - бөлім Аудит әдістемесі
2. 1 Аудиторлық тексеріс бағдарламасы
Кез келген қаржылық есептің және оның элементіне аудиторлық тексеруді
жақсы және мақсатты жүргізу үшін бұл объектіге аудит бағдарламасын жасау қажет . Ақша қаражаттары кәсіпорынның ағымдық активі ретінде өзінің аудиторлық бағдарламасы бар және де келесі процедуралардан тұрады.
Ақша қаражатына аудиторлық тексеруді кассалық операциларды шаруашылық субъектілердің кассадағы қолма-қол қаражаттарын беру және сақтау, қабылдау бойынша операциялар жүзеге асыру тәртібін реттеуші негізгі нормативті құжат бойынша 23- шілде 1993 ж №21 хаттамада қабылданған ҚР- ң Халықтық Банк басқармасының мәжілісінде бекітілген. Қазақстанның халақ шаруашылығында кассалық операцияларды жүргізудің уақытша тәртібі табылады. Бұл құжат кассалық құжаттарды толтыру және лоарды қабылдау қолма қол ақшаларды сақтаудың біріңғай тәртібін қарастырады. Кассалық құжаттарды жалпы тексеруге кіріспес бұрын бұл тексеруді жоспарлау қажет. Бұл құжаттар бірнеше рет қаралады, бірақ аудитор әрбір қараған сайын өзінің қызметі мен мақсатын қарастыратын белгілі процедураларды орындайды, аудиторлық тексеру бағдарламасын құрады.
Аудит процедурасының негізінде бұл бағдарламаның қарқынды жүргізу үшін кассалық тәртіпті сақтау жне кассадағы ақша қозғалысына ішкі бақылау жағдайын бағалау үшін анкеталық тестрді жасауды қажет етеді. Анкеталық тестерге алынған жауаптарды талдау негізінде ұйымның ішкі бақлау жағдайы мен кассалық операцияларда бухгалтерлік есеп жүргізуді жөнге қою туралы қортынды жасауға болады .
Касса және кассалық операциялардың аудиты негізінен 3 бағытта жүргізіледі:
- Қолма қол ақшаны түгендеу;
- Кассаны түскен ақшаларды толық және уақытында кіріске алуды тексеру;
- Шығысқа жазылған ақшалардың дұрыстығын зерттеу
2. 2Төлеу циклінің және ақша қозғалысының аудиті
Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әртүрлі бұрмалаулар жасырынған.
Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл оперцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.
Ақшалай ағымның төлем мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т. б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын (Миллер-Орра үлгісі) және т. б ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
- касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
- касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін(нормативті) қамтамасыз етудің бар-жоғы;
- бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
- кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
- Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
- Аналитикалық және синтетикалықесеп, шаруашылықішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?
Осыларға сүйене келіп, 1-кестеде ақша мен олардың баламаларының төлемі мен қозғалыс циклі функционалды аудитін өткізу бағдарламасының ықтимал нұсқаларының бірі келтірілген.
1. Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы.
... жалғасыАқшалай қаражатпен, әсіресе оның жылжымалы бөлігі - қолма-қол (еңбекақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалануда және т. б. ) жасалатын операциялар-міндетті тұтастай тексеруді талап етеді. Ықтимал бұрмалаулар мен қызмет бабын теріс пайдалану - касса-банк операцияларын бақылаудың маңызды міндеті.
Іс-тәжірбиеде кездесетін, жасалу тәсілдері бойынша касса-банк операцияларының атқарылуы мен шот төлемдері процесіндегі қызмет бабын теріс пайдалану мен бұрмалаулар былайша жіктеледі:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz