Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... . 2 – 5
І. Дарынды балалардың жеке тұлғалық даму жағдайындағы даралық
психологиялық сипаттарының бірі - қабілет
1.1 Әдеби шолу
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 6 – 12
1.2. Дарындылық - тіршілік көзі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 13 – 16
ІІ. Дарында балаларды оқыту ерекшелігі және педагогикалық қолдау
көрсете алу.
2.1. Бала бойындағы дарындылық қасиетін дамыту ұстаз
парызы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 17 - 26
2.3 Бастауыш сынып оқушыларының дарындылық қабілетін деңгейлік
тапсырмалар арқылы дамыту.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27 – 32
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .. 33- 34
Қолданған әдебиетгер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 35 - 36

Кіріспе.
Балалардың дарындылығын, шығармашылық бағытта дамыту және оны
тәрбиелеу бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе. Қоғамдағы, айналамыздағы
ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті
жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаның алдында үлкен
талаптар қойылады. Балалар дарындылығына табиғаты, шығармашылық
мүмкіншіліктерінің психологиялық құрылымға. Мұның барлығы арнайы ізденісті
қажет ететін мәселелер қазіргі психология, педагогика ғылымында осы
мәселеге қатысты біраз деректер жинақталып, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Брушлинский А.В, Матюшкин А.М, Нурахунова А.А, Кравцова Е.Е. Бүгінгі
Қазақстан жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда. Үкіметіміз
білім беру мекемелерінен тәуелсіз мемлекетіміз өркениетке жету жолындағы әр
талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық
өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Бүгінгі күрделі әлеуметтік-
экономикалық жаңарулар тұсындаа шығармашылық қабілеттер басты нысана болып,
керісінше оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып,
ойландыруы тиіс деп ойлаймыз. Бүгінгі заманымызда оқушылардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту олардың бойындағы дарын-таланттарын ұштау мәселесіне
ерекше көңіл бөлінуде. Әрбір халықтың елдігі мен егемендігі, сол халықтың
зиялы қауымына негізделеді және кез келген мемлекеттің күш -қуаты ең
алдымен өз ісіне шығармашылық пен ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің
ойдағыдай дамуының өзінің тікелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті мамандар
санымен анықталады.
Сондықтан да инновациялық ғылыми-техникалық даму дәуірі маманның
тұлғасына, заман мен қоғам қойып отырған талаптарға сәйкес алдына жан-жақты
жетілген үйлесімді шығармашыл адамын тәрбиелеу еліміздің басты міндеті.
Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар
қолынан ғана келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде
болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндігі береді.
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы
сатыларының бірі болып саналатын бастауыш мектептің алар орны ерекше.
Бүгінгі бастауыш мектепте, өкінішке орай, баланың оқу әрекеті басым.
Сабақтарда оқушылар үнемі бір типтес жаттығулар орындау, есептер шығарумен
айналысады. Мұндай жаттығулар, бір ғана шешім іздеу баланы өз күшін байқау
мүмкіндігінен айырады. Бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық
тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа ұйымдастырушылық
қажет. Қазіргі заман талабына сай білім беруді ізгілендіруге үлкен мән
берілуде. Бұрын орта білім беретін мектептің негізгі міндеті білім беру мен
дағды біліктерін қалыптастыру болып келсе, қазіргі міндеті бір шама
күрделі; ой ұшқыр шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу. Баланың әлеуеттік және шығармашылық
қабілеттерін ашу мектептің маңызды жұмыстарының біріне айналуда. Бүгінгі
таңца болашақ жастарға, жеткіншектерге әлемдік ғылым мен прогерсс деңгейі
сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін,
ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру. Сонымен іскерлігін зерттеу, арттыру
әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Міне осы тұрғыдан қоғамға жан-
жақты білімді жоғары мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке
адам қажет. Ондай адамды балбақша, мектеп, орта және жоғары оқу орындары
дайындайды. Жаңалыққа жаны құмар жан тәрбиелеу мектептен басталады.
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі соңғы кезде
қолға алынды деуге болады. Жаңа пәндердің пайда болуы, оқу мазмұнына
шығармашылық тапсырмалардың енуі, арнайы педагогикалық әдістемелер,
технологиялардың қолданыла бастауы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі -
үлкен жетістік. Дегенмен біздің өмірімізде шығармашылықтың алар орны әлі
төмен Неге? деген заңды сұрақ туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін
шығармашылыққа кері әсер ететін факторлар анықталады. Олар:
- біздің шығармашылыққа үрке қарайтын әкімшілік-әміршілдік жүйеден
шыққандығымыз:
- екінші бір себебі бала кезден бастап біз сен мынаны дұрыс жасамадың,
олай емес, бұлай болмайды деген ескертулерді естіп өскендігіміз:
- қызмет жасайтын мекемеде шығармашылық ахуалдың болмауы:
- көп уақытқа дейін шығармашылық әр адам шыға алар биіктік дер
есептелінбеуі:
Біздің қарастырып отырғанымыз жалпы білім беретін мектептерде
дарындылықты байқай алу, қабілеттерді дамыту, оны шығармашылық деңгейге
көтеру мәселесі болғандықтан, жұмысымызда осы күрделі процесте көздеген
мақсатқа жетудің жолдарын, құралдарын, педагогикалық шарттарын қарастыратын
боламыз.
- шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;
- әлеуметтік немесе жеке адамға деген мәнінің болуы;
- шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;
- шығармашыл тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;
- нәтиженің жаңалығы, сонылығы.
Шығармашылық процестің әр кезеңінде бала бойында әртүрлі сапалы
қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезіну,
қайшылықтарға деген күдік, шығармашылық елес орын алады. Белгісіздік
кезеңіндегі "бас қатырулар" табандылық, танымдық белсенділік. Біздің
ойымызша бастауыш сыныпта маңызды рөл атқарады. Бүгінгі бастауыш сынып
оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере
алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.. Оларда
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратын сапалар да бірі анық көрініп, бірі,
керісінше, уақытша көмескіленіп жатуы ықтимал. Дей тұрғанмен, тұтас
алғанда, әр баланың бойындағы табиғи, қайталанбас ерекшеліктермен біріккен
кезде аталған сапалар көп жағдайда шығармашыл тұлғаның таңғажайып үлгісін
құрайды.

I. Дарынды балалардың жеке тұлғалық даму жағдайындағы даралық психологиялық
сипаттарының бірі – қабілет.
1.1. Әдеби шолу. Көтеріліп отырған мәселе туралы жазылған ойлар,
тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы
ойшылдарымыз Жүсіп Баласағүн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған,
сондықтан еңбектерінде-адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі
көтеріп отырған.
Көрнекті педагогтар К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин,
А.С. Макаренконың шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары
қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім
мазмұнына енгізген М. Жұмабаев болатын. (1923 ж.).
Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту мәселесі көрнекті педагогтар
Ш.А. Амонашвили, И.П. Волков, О.С. Газман еңбектерінде қарастырылады.
Өз республикамызда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар
Ә. Қоңыратбаев, С. Тілешева жоғарғы сыныптарда шығарма жазғызу,
В.Д. Чернов факультативтер мен үйірмелер жұмыстары арқылы
қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ.Ә.
Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы — оқушыларды сөз өнеріне
баулу, көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мүхамедин ойын әрекеті
арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды.
Қабілеттер жайлы жазылған ойларды, тұжырымдамаларды, еңбектерді талдай
келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір
әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан
өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытындыға
келеміз.
Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
"қабілет" ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда
"қабілеттерді" тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке
ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде
қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын көрсеткен.
"Қабілет" ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны баршылық.
"Қабілеттер" деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жетгкізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды.
Ең алғаш қабілеттер мәселесін көтерген С.Л.Рубинштейн іс-әрекеттің
қабілет дамытудағы рөлін нақтылады. Осыдан бастап қабілеттердің әрекетте
дамитындығы жалпы теория қалыптасып, бұл екі теория біртұтастықта
қарастырылатын болды.
Қабілеттер жайлы ой-пікірлерді әрі қарай өрбіте отырып, Б.Г.Ананьев
қабілеттер тек білім, білік жиынтығы ғана емес, оларды қолдана білудегі
дербестік, саналылық, шығармашылық деген пікір айтады. Қабілеттердің дамуын
тұлғаның дамуымен байланыстырады. Сондай-ақ, таланттылық жайлы мәселе
көтеріп, таланттылық деп қабілеттердің көпқырлылығын айтады. Б.Г.
Ананьевтің пікірі бойынша, нышан қабілеттердің алғы-шарты және олар тек іс-
әрекетте ғана қабілетке айналады.
Бала бойындағы дарындылық сияқты ерекше қасиетті зерттеген Н.С.Лейтес
қабілетке "іс-әрекеттің белгілі бір түрінде жетістіктерге жеткізетін
психологиялық қасиет", деген анықтама береді. Ақыл-ой қабілетінің алғы
шарты белсенділік және өзін-өзі реттеу деген қорытынды жасайды.
Көптеген зертгеушілер мен психологтар "таланттылық" деп белгілі бір
салада (өнер, музыка т.б) жоғары жетістікке жеткізетін қабілетті атайды.
Олар таланттылықтың тұқым қуалау арқылы берілуі өмірде көп кездесетін
жағдай болғанымен, ол бірден-бір фактор бола алмайтындығын дәлелдейді
(З.Гильбух, В.С.Юркевич).
Францияның ағарту ісінің өкілі К.А. Гельвеций адамдардың барлығының
бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант
дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен. Мысалы, жаңашыл педагог
И.П. Волков "... егер баланың жеке қасиеттерін өте жас кезінен анықтап,
дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау
сияқты қатардағы шара", - дейді.
"Дарындылық" ұғымына берілген анықтамалар оған өз қатарындағы
адамдардан (балалардан) жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам
қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып
жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-
әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы
дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал
дарынды баланың бәрі бірдей талантты болмауы мүмкін. Талантты, дарынды
балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын
тигізе алады.
"Тұлға" немесе "жеке бас" ұғымының мәнін түсініп алу қажеттігі туады.
"Тұлта" (латынша - регзопа) ертеден келе жатқан ұғым. Бұл сөзбен алғаш
актерлер сахнада беттеріне киіп жүрегін масканы атаған. Бүгінгі күні ол
әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
"Тұлға" - қоғамдағы адамның даму дәрежесіне байланысты оның
психикасында болатын жаңа сапа", — деп жазады А.Н. Леонтьев. Ал
Э.В.Ильенковтың айтуынша, "тұлғалар қоршаған ортада да, өздеріне де өзгеріс
енгізе алатын адамдар.
Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең
алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Психологтар қабілеттердің
екі, түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
1) Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай
алу деңгейі.
2) Шығармашылық, жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Енді жұмысымыздағы екінші негізгі категория -"Шығармашылық" ұғымының
мәнін анықтауға келеміз.
"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы "шығару", "ойлап табу"
дегенге келіп саяды. Демек, жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке
қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: "...шығармашылық -
қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-
әрекет", — деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С. Выготский
"шығармашылық" деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең
зерттеген психологтардың бірі Я.А. Пономарев оны "даму" ұғымымен қатар
қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол
баланың психикасын жаңа сапалық деңгейге көтереді деп есептейді. Бүл пікір
бүгінгі күні педагогиканың талаптарына сәйкес келумен көңілге қонымды.
Осы саланы тереңірек зерттеген дәрігер әрі психолог А.Н. Лук әрекет
нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға
байланысты деген пікір айтады. Шығармашылық қабілеттердің белгілері
ретінде:
- мәселені қарастырудағы қырағылық, көрегендікті;
- ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;
- тасымалдай білуді;
- ақылдың икемділігі, ойдың оралымдылығын;
- әрекетті бағалай білуді қарастырады.
Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың
болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау
сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттігіне тоқталады.
В.И. Андреевтің зерттеу жұмысы мектепте, орта және жоғары оқу орнында
шығармашыл тұлға тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің
диалектикасына арналады. Бұл проблеманың зерттелуінің методологиялық
ауқымын, диалектикалық кедергілерді айқындайды. Шығармашылық
педагогикасының заңдылықтары мен принциптеріне тоқталады.
Оқушылардың көркем-шығармашылық кабілеттерінің ерекшеліктері, оларды
дамытудың жолдары мен әдістері А.А. Мелик-Пашаевтың,
В.С. Шубинскийдің, Қ.Ә. Жаманбаеваның зерттеулерінде қарастырылады.
Шығармашылық қабілеттердің жоғары деңгейі дарындылық, таланттылық
мәселесінің теориясына терең бойлаған В.Э. Чудновский, В.С.
Юркевич, И.П. Волков осы феноменнің ерекшеліктері, олармен жұмыс түрлері,
дарынды, таланты балалар экологиясы жайлы ой қозғап, оқу-тәрбие процесін
жетілдіруте байланысты тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстар береді.
Педагогикалық еңбекті шығармашылық процесс ретінде қарастырған В.А.
Кан-Калик, Н.Д. Никандровтың зерттеулерінде ұстаз шығармашылығының
психологиялық негіздері, мұғалімнің жеке шығармашылығын қалыптастыру
жолдарына талдау жасалады. Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық
процесті 4 кезеңге бөледі:
1. Дайындық кезеңі.
2. Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
3. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.
4. Тексеру кезеңі.
А.Н. Лук шығармашылық процесті 5 кезеңге бөледі:
1. Айқын және дұрыс қойылған мақсат.
2. Күшті жұмылдыру, қосымша мәліметтер іздеу.
3. Проблемадан уақытша кету.
4. Интуицияның оянуы, Инсайт.
5. Нәтиженің дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтірілген және басқа да шығармашылық педагогикасына
арналған зерттеулер мен еңбектерді талдай отырып, бастауыш сынып
оқушыларына тән шығармашылық процестің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше
топтастырдық:
1. Жаңалықпен бетпе-бет келу.
2. Шығармашылық белгісіздік, екі ұштылық.
3. Шешімнің жарық көруі.
4. Шығармашылық акт.
5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы
жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең деп санайды, керісінше, оқу мен даму екі бөлек
процесс деген көзқарастарды қатты сынға алады. Ең алғаш рет бала дамуының
екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынады.
1. Бала дамуының жақын аймағы — баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Ғалым психологтар Л.В. Занков, А.А. Люблинская, В.В. Давыдов,
Д.Б. Эльконин зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын,
сипатын өзгертуге арналған зерттеулер жасалды. СЛ.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова-
Меллер және басқалар өз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғы шарты
екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының даму
белгілерін атап көрсетеді. Мысалы: П.П.Блонский бұған индивидтің
абстрактіден нақтыға және, керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс
жасай алу қабілетін жатқызса, Д.Н.Богоявленский және Н.А. Менчинская — оқи
алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов оқу
материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні
және көмекшіні анықтай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға бере білу
дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске
асырады деп есептейді. Олар: байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В. Давыдов жинақтай, қорытындылай алу дағдысын ақыл-ой дамуының
көрсеткіші деп санайды.
Тұтас алғанда барлық авторлардың "даму" туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дарынды адамдардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зертгеу жүмыстары
байқатып жүр. Дарынды балалар мектептің оқу бағдарламасын ерте меңгереді. 5-
6 жаста ондай балалар өзінен екі есе үлкен балалардың білгенінен артық
білетін болады. Кейде дарынды балалардың мектептегі оқуға көңіл бөлмейтін
кездері де кездеседі. Мәселен, Д. Байрон, В. Скотт, Ч. Дарвин бала
күндерінде түк білмейтін кеще саналған. Олардың көпшілігі өз уақыттарын
өлең жазып, сурет салып, көбелек үстап, коллекция жинауға, немесе химиялық
тәжірибе жасауға сарп етеді. Мұндай дарынды адамдардың балалық шақтағы
ерекшеліктері туралы жазылған шығармалар есепсіз. Айталық, Дюрер үіл
жасывда өз портретін салған, жеті жасар Моцарт төрт соната жазып үлгерген.

1.2. Дарындылық - тіршілік көзі.
Қазіргі қоғамдағы өзгерістер дамудың негізгі басымдылығы ретінде
дарындылық мәселесін алдыңғы қатарға шығаруда. XXI ғасыр өркениеттің алға
басуымен сипатталады десек, ол сөз жоқ, адамның жаратушылық болмысымен
тікелей байланысты. Әр адамның табиғатында негізі бар дарындылық көздерін
ашу жаңалыққа деген ұмтылысына дем беріп отыру жаңа сападағы: ойы озық
ақылы алғыр, жаңа жағдайларда іс-қимылды тез өзгерте алатын адамдарды
қалыптастырады. Дәл осындай дарынды адамдар-қоғамның әлеуметтік сұранысы.
Дарындылық-бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен
бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері дарындылықтың нәтижесі.
Бұған бүкіл халықтық, жалпы және жеке адамның дарындылығы арқылы келдік. Әр
жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана
қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей,
жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
Дарындылық педагогикасына байланысты философиялық ойларға, теориялық
еңбектерге, зерттеулерге талдау жасау арқылы нақты жағдайларда шығармашылық
іс-әрекеттің төмендегідей белгілерінің көрінетіндігі айқындалды:
- білім, білікті жаңа жағдайларда өз бетінше қолдана алуда;
- объектінің жаңа қызметін көре білуде;
- таныс әрекет түрлерін өздігінше құрастыру арқылы жаңалық жасауда;
- мәселені шешудің қалыптан тыс жолдарын ашуда.
Бұл шығармашылық күш-қуаты жаңа жағдайға сәйкес әрекет түрлерін
өзгертуге, білім, білікті жаңа жағдайға тасымалдауға көмектесетін, ақылдың
алғырлығы, ойдың оралымдылығы, өнертапқыштық, жаңалыққа ашықтық деп
қорытынды жасауға негіз болды. Жеке тұлғаны адамзат баласының тәжірибесін
өз әрекеті арқылы үйрену жағдайына қою-өзін-өзі тану, өзінің ішкі ақыл-ой,
рухани күштерінің оянуына әкеледі.
Дарындылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы,
ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,
дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін
дамытып, олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз
орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес, жаратушы да. Ол
өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті.
Адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, теренде жатқан талап-
тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін
рухани күш беру - білімнің басты мақсаты. Бұл — үлкен жауапкершілік артатын
күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-
тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін,
қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып
ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе
алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіл
шығады.
Баланың дарындылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау
психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді.
Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн
талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапаны
қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып
табылады. Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға қалыптан
тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің
жолдары ұсынылады, сабақтардың мүмкіндіктерін қарастырады.
Бастауыш мектеп — оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүрегін,
ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім
берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға
белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу,
қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті
түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге,
дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың да басты мақсаты —
баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани
күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Бастауыш сынып
оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі
болады.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды.
Біріншіден - кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған
тәжірибесін меңгеруге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік
дағдыны қабылдайды. Екіншіден - кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер
орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық
әрекетінің айырмашылығы ол баланың өзін-өзі қалыптасуына, өз идеясын жүзеге
асыруға бағытталған жаңа әдіс тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше шешуге
талпыныс жасайды. Екі әрекетте оқушылар екі түрлі мүделер көзделген әртүрлі
мақсатты шешеді. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді рөл атқарушы ғана
емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға., белгісізді анықтауға өзі
жауап іздейді. Ол білімді әртүрлі әдебиеттерден табу мүмкін. Сондықтан ой
қорытуы да әртүрлі болады. Мысалы, оқу әрекетінде белгілі бір дағдыны
қалыптастырады, белгілі бір ережені меңгертетін жаттығулар орындалса ,
шығармашылық әрекеттер баланың іздену жұмысы басты нысанда болады.
Сондықтан оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекеті
нақты жағдай шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерді дамытады. Ол
үшін мына төмендегі шарттарды орындауы тиіс:
Біріншіден -баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан
қолға алу.
Екіншіден - баланың жүйелі тұрақты ұйымдастырылған шығармашылық
әрекеттер , жағдайында болуы, Ерекше ойды талап ететін әлеуметтік қарым-
қатынастар шығармашылық қабілеттер дамытуға тиімді әсер етеді.
Үшіншіден - шығармашылық жұмыстар баланың ойлау мүмкіндігінің ең
жоғары деңгейіне жетуі керек. Күн асқан сайын ол деңгейі биіктей беретіндей
болуы қажет. Осындай тынышсыз ой қызметі ғана бала дамуына үлкен нәтиже
береді.
Төртіншіден - және ең негізгі шарт бала әрекеттің әр түрлерімен
айналысуға, тыңдауына деген еркіндігінің болуы. Баланың жұмыспен айналысуға
деген қызығушылығы, қанша уақыт айналысамын деседе өз еркі болуы керек.
Мұндай қызығушылық, қажеттілік, табысқа жетудің бірден-бір кепілі болып
табылады.
Бесінші-еркіндік ойға не келсе, соны істеуге айналмау керек. Балаға
елеусіз болса да өз күшімен, өз ойымен, қиындықты жеңе отырып жаңалық
ашуға жағдай жасайық. Шығармашылық сөзі-бұл шығару, ойлап табу деген сөз.
Ал шығармашылық қабілетін дамыту деген сөз-бұл баланың бойындағы қабілетін
ізденістер арқылы дамыту, яғни сабақ үстінде, сабақтан тыс түрлі жұмыстар
жүргізу арқылы балаларды ойландыру, тапсырма беру арқылы іздендіру
жұмыстарын жүргізу.
Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік - оянып
келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін
дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

ІІ. Дарында балаларды оқыту ерекшелігі және педагогикалық қолдау
көрсете алу.
2.1. Бала бойындағы дарындылық қасиетін дамыту ұстаз парызы

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі -білімді де білікті, іскер де
белсенді адамдар. Сондықтан қоғам талабына сай ол қоғамды көркейтетін,
дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазақстан
Республикасының Білім туралы" заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш
рет "Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның
дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі.
Адам ұрпағымен мың жасайды-дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғастығымен
адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді және ол сәт сайын
өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік адамзат еншісіне ғана тиісті сол
тірлік дамуының бағбаншысы-тәрбие. Ұрпақ тәрбиесі - қай заманның, қай
қоғамның болмысын көкейкесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет
етпейді. Қазіргі жас ұландар-болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің
болашақ өкілдері болып табылады.
Ел Президенті 2030-жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына
айналады және өзге дамушы елдерге үлгі болады деген асқақ сезімді алға
тарта отырып, Біздің жас мемлекеттіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің
балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының
өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады-дейді. Ендеше, біздер
ұстаздар қауымы 2030 жылдары еңбек етіп, ел басқаратын болашақ
жастарымыздың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етіп,
Президентіміздің үкілі үмітін атқаруға барлық іс-әрекет, күш- жігерімізді
жұмылдырғанымыз жөн. Жолдауда атап көрсетілгендей, өз болашақ ұрпағының
жауапты да жігерлі болып, өресі биік жеткішекті тәрбиелеуде мұғалімнің
жаңаша ойлау түрін педагогикалық іс-әрекеті ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда
ғана қол жетеді. Ол үшін оқу үрдісінің мәні заңдылықтарын жетік білу, жаңа
оқу технологиясын жетік білу және олардың бойындағы ерекше қасиетті
бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.
Тарихта халыққа басшылық етіп, әр салада жаңалықтар ашып, таңдаулы
шығармалар мен қызметтер ұсынған дарынды қабілеттер аса жоғары бағаланған.
Оларға дұрыс тәрбие берудің алғы шарты-дарын иелерін жастайынан таңдай
білу.
Талабы таудай, қабілеті - қарым мол ізденімпаз жастар көбейіп адамзат
игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, іліміз үшін абырой.
Жалпы дарынды баланы таңдап алу ұзақ уақыттың жемісі десек қателеспейсіз.
Мектепке оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде
оқупшлардың сана-сезімі, ақыл-ойын мақсат ететін болғандықтан олардың дара
ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Дарынды балаларға білім беруді
әр ғалымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға
талантты мамандар даярлауда тиімді болса, екінші жағынан ерекше дарынды
балалардың тек өзінің интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз
етеді. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарыңдылықты
тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу — ұстаз
парызы. Ұстаз болу жауапты да қиын мамандық. Баланы заманына қарай икемдеп,
өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық
бағытта жан-жақты дамыту — бүгінгі күіннің басты талабы.
Дарынды оқушымен жұмыс істейтін әрбір мұғалімнің көкейінде мынадай сан
қилы сұрақтар тұрары сөзсіз. "Дарындылық, даныпшандық, қабілеттілік
дегеніміз не?, "Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр:
қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылық па, әлде тәрбие ме?", "Оқушы
дарындылығын, оның әлеуетті қабілетін қалай анықтауға басады?",
"Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің қайсысы
нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?", "Неліктен кейбір адамдардың (Паскаль,
Моцарт, Гаус, Гете, Архимед, т.с.с.) қабілеті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамытуды атқаратын әдістемеліктер
Қабілет – адамға тән даралық психологиялық ерекшеліктің бірі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР, ОЛАРМЕН НЕГІЗГІ ЖАСАЛЫНАТЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮРІ
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту кезеңінде дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мәселелерін жан-жақты анықтау
Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Пәндер