ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университеті

Экология және химия кафедрасы

Техн. ғ. к., доцент м. а. Ибрагимова Э. К.

Магистр оқытушы Мейірбекова Г. П.

B. 013 «ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ»

пәні бойынша дәрістер жинағы

Түркістан - 2018

Дәрістер жинағы Ахмет Ясауи униыверситетінің білім беру үдерісін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар жинағы -1 негізінде дайындалды.

Дәрістік сабақтардың жинағын дайындағандар: 1. техн. ғ. к., доцент м. а. Ибрагимова Э. К.

2. магистр оқытушы Мейірбекова Г. П.

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары кафедраның № 1 хаттамасы,

« » « » 2018ж. мәжілісінде қаралды.

Кафедра меңгерушісі х. ғ. к., профессор м. а. Р. Н. Нұрділлаева

Дәрістік сабақтардың әдістемелік нұсқаулары Жаратылыстану факультетінің №1 хаттамасы, « » « » 2018ж. оқу-әдістемелік Кеңесінде мақұлданды.

Оқу- әдістемелік кеңес төрайымы: техн. ғ. к. Ибрагимова Э.

Дәріс № 1

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер

Дәріс жоспары:

1. Курстың мазмұны.

2. «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасының заңы.

3 Ұйымдардың табиғи және техногенді сипатты төтенше жағдайлар саласындағы міндеттері.

Дәріс мақсаты мен міндеттері: Студенттерге «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсының теориялық негіздерін, мақсатын, міндеттерін түсіндіру. «Адам - мекендеген орта» жүйесіндегі қауіп-қатерді топтастыру жайында түсінік қалыптастыру.

Дәріс мазмұны . «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» - адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық обьектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені. Сонымен қатар, тіршілік қауіпсіздігінің негіздері - төтенше жағдай кезінде шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін, адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қатынысы әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы және табиғи, техногенді ТЖ салдарын жою және ескерту сұрақтарын оқытатын жоғары мектеп курсы.

Пәнді оқыту барысында келесі сұрақтар қарастырылады: Өмір сүру ортасының жағдайы және жағымсыз факторлары; адамның өмір сүру ортасымен қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету принцптері; техникалық ортамен процестердің қауіпсіздігін жоғарлату, зиянды және зақымдаушы факторлармен зақымдалған адамның анатомиялық-физиологиялық салдары, оларды идентификациялау принцптері; ТЖ кезіндегі шаруашылық нысандарының тұрақты жұмыс істеуін зерттеу әдістері; ТЖ және олардың салдарын болжау; ТЖ кезінде шаруашылық нысандарының өндірістік қызметкерлерін және халықты қорғау шараларын жасау; ТЖ салдарын жою; тіршілік қауіпсіздігінің нормативті техникалық және ұйымдастыру негіздері.

«Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» курсының мақсаты: болашақ мамандарды өмір сүрудің қауіпсіз және зиянсыз жағдайын құру үшін қажетті теориялық біліммен және тәжірибелік дағдылармен қаруландыру; төтенше жағдай кезінде мүмкін болатын апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында халықты, өндіріс мамандарын және ауылшаруашылық объектілерін қорғау жөнінде бағдар алу және сауатты шешім қабылдап, қорғаныс құралдарын пайдалана білуге үйрету.
Курс бойынша шешілетін міндеттер мынадай талаптармен анықталады: студенттер бейбітшілік және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру және авария, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптарын жою барысында алғашқы көмек көрсетуге арналған құрал жабдықтарды дұрыс қолдана білу.

Студент курстың соңында төтенше жағдайларда құтқару жұмыстарын өткізу тәртібін дұрыс меңгеру керек; тері қабатын, тыныс алу жүйелерін қорғауға арналған құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалана білу. Төтенше жағдайларда, апаттар, табиғи қасіреттердің зардаптары кезінде сауатты шешім қабылдауы қажет.

Курстың негізгі себептері, маман дайындаудағы ролі.

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.

Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет. Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек; Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

Заңды және нормативтік - құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.

Заңнамалық актілер мен ережелер. Түсініктер және анықтамалар

«АҚ және ТЖ саласындағы Заңдар». Осы Заң Қазақстан Республикасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша қоғамдық қатынастарды реттейді (қазақ және орыс тілдерінде, көлемі - 176 бет) . Мазмұны: Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылар мәртебесі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Өндірістік қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Терроризммен күрес туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Әскери жағдайлар туралы» Заңы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен қорғаныс туралы» Заңы

Түсініктер және анықтамаларға тоқталсақ, Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді. Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар. Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ. Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.

Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне » сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.

Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.

Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді .

Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.

Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

Дүлей зілзала - ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.

Апат - аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

ТЖ-дың алдын алу - алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

Тірішілік қауіпсіздігінің негіздері адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Бұл курс нақты машиналардың, құрал жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, себебі олармен арнайы мамандандырылған орталықтар айналысады. Мысалы, атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жарылыс пен өрт қауіпсіздігі және тағы сол сияқтылар. Қарастырып отырған курстың мақсаты қауіпсіздік саласындағы жалпы біліктілікті көтеруді және адамның өзі өмір сүріп отырған ортасындағы қауіпті, сондай-ақ адамдарға зиянын тигізетін құбылыстарды тануға және оған қарсы білікті әрекет жасай алу мүмкіншіліктерін арттыруды қарастырады.

Адам өмірінің немесе өмір тіршілік қауіпсіздігі негіздері курсының негізгі мақсаттарына төмендегілер жатады:

  • қауіп-қатерді тани білу. Атап айтқанда оның түрін, болып жатқан жерін, қатер болу мүмкүншілігін, зардаптың және оның әсерінен болатын зиян шамасын және т. б. ;
  • болғалы тұрған қауіп қатердің алдын алу;
  • қауіп-қатер болғанда, төтенше жағдай кезінде білікті іс-әрекет жасай білу.

Қауіпсіздік адамды, табиғатты және материалдық құндылықтарды қорғау жағдайы.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 негізгі міндеттерді орындау керек.

  1. Нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация) . Талдау өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау, қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу үшін жүргізіледі.
  2. Адамды және өмір сүру ортасын қауіп-қатерден қорғаудың тиімді және сенімді шараларын әзірлеу.
  1. Қауіп-қатердің қорғау іс- әрекеттерінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнатылуы мүмкін емес.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба - кестелер

Оқытудың әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ - жауап, түсіндіру, кіріспе лекция

Деңгейлік тапсырмалар:

1. Тіршілік қауіпсіздігі курсының теориялық негіздері.

  1. ҚР негізгі заңдары, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдар
  2. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы қорғану шаралары

4. Қауіпсіздік деген не?

5. Антропогендік орта дегенді түсіндіріңіз?

6. Қауіпсіздікке байланысты қандай заңнамалар пайдаланылады?

7. Қауіп-қатер деген не?

8. Қауіптіліктің белгілер бойынша жіктелуі.

ОБСӨЖ тапсырмалары: Мемлекеттің тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ролі

СӨЖ тапсырмалары: Қазақстан Республикасының Заңнамалық актілер мен ережелері. Түсініктер және анықтамалар.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

  1. Қ. С. Қалжігітов, А. М. Төлемісова, Н. Г. Приходько, К. Ш. Исаев. «Өмір тіршілік қауіпсіздігі». Оқулық. Алматы 2004 ж. -256 бет.
  2. С. Тайжанов. “өмір қауіпсіздігі негіздері”. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы. Дәнекер. -2004 ж. -254 бет.
  3. «Тіршілік қауіпсіздігі» курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. I-II кітап. Алматы. 2004 ж.

Дәріс № 2

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныстың міндеттері, құру және жұмыс істеу принциптері

Дәріс жоспары:

1. Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі

2. Азаматтық қорғаныс қурсының мақсаттары мен міндеттері

3. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Азаматтық қорғаныстың міндеттері

Дәріс мақсаты мен міндеттері: Азаматтық қорғаныс жүйесінің теориялық негіздерін, оның мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. Халықты психологиялық дайындыққа әзірлеу.

Дәріс мазмұны . 2. 1 Азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы мен рөлі.

  1. АҚ ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.
  2. ҚР ТЖ министрлігінің ролі, негізгі міндеттері мен ұйымдастырушы құрылымы.

АҚ ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің маңызды қызметтерінің бірі, қорғаныс құрылысының құрама бөлігі, ел қауіпсіздігінің элементі.

Халықтың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлардағы іс-қимылы жөніндегі міндеттемелері. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы халық пен республика экономикасын зілзаладан, ірі авариялардан, апаттардан, осы заманғы зақымдау құралдарының қолдануынан қорғау және төтенше жағдайлардың пайда болу аудандары мен зақымдау ошақтарындағы басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар жөніндегі мемлекеттік шаралардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу - мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі, оның қорғаныс шараларын қамтамасыз ету құрылымдарының құрамдас бөлігі.

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі « Азаматтық қорғаныс туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР заңымен белгіленген.

Азаматтық қорғаныс - бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты, ұйымдар мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларының ықпалынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық қорғаныста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы үшін іс-жүзінде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың көпшілі тән.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан жер сілкінісі, селді, сырғымаларды, тасқынды, боранды, қума желді, қатты аязды, орман және дала өртін, құрғақшылықты және басқаларды атап өтуге болады.

Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар арасынан халықтың тығыздығы жоғары қалаларда, , көлік коммуникацияларында, газ және мұнай құбырларында, тіршілік және коммуналдық объектілерінде, радиациялық қауіпті объектілерде (республикада 100-ден астам радиациалық қауіпті объекті және 100 мыңға жуық бета, гамма, рентгендік жіне нейтрондық сәулеге ұшырататын радиоактивті көздер бар) өндіріс пен тұрғын үй секторында болатын өрттер ерекше қауіпті.

Халық пен ұйымдарды қорғау Азаматтық қорғаныстың басты міндеті және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылған кезде және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда залалды азайту үшін аумақтар мен ұйымдарды дер кезінде әзірлеу арқылы әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері болып мыналар табылады :

  1. Ұйымдастыру, даму және басқару, байланыс, хабарлау жүйелерін ұдайы дайын болуын қамтамасыздандыру;
  2. Азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдай кезінде сақадай сай болуын қамтамасыздандыру;
  3. Орталық және жергілікті атқарушы органдарды, ұйымдарды дайындау және халықты оқыту немесе үйрету;
  4. Радиациялық, химиялық, бактериологиялық жағдайларды лабораториялық бақылау және қадағалау;
  5. Азаматтық қорғаныстың әскери қалыптасуының мобилизациялық дайындығын қамтамасыздандыру;
  6. Шаруашылық жүргізу және қызмет көрсету саласының тұрақтылығын көтеру мақсатында комплексті іс-шаралар жүргізу;
  7. Қажетті қорғаныс ғимараттар қорын толықтырып, Азаматтық жеке қорғаныс заттарын, құрылғыларын түрлі жағдайларға дайын болуын қамтамасыздандыру;
  8. Жағдайға қарай, жергілікті халыққа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға адам өміріне, денсаулығына қауіп төніп тұрғандығы туралы хабарлап, мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін жеткізу;
  9. Іздеу, құтқару жұмыстарын, қалдыруға болмайтын қауырт істерді жүргізу, жапа шеккен халықтың тіршілігінің қауіпсіздігін ұйымдастыру, қауіпті зонадан эвакуациялау (көшіру) жұмыстарын жүргізу;
  10. Радиоактивті, химиялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымданудан азық-түлікті, тағам өнімдерін, су көздерін қорғау және мал мен өсімдіктерді эпизоотий және эпифитотийден қорғау;

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынандай органдар құрылады:

  • ҚР ТЖ жөніндегі Агенттігі және олардың құрылымдық аумақтық органдары;
  • Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ басқармалары, бөлімдері;

АҚ күші құрау және құралдарымен қамтамасыздандыру аумақтық-өндірістік тұрғызу принциптеріне сәйкес келесі деңгейлер бойынша жүзеге асырылады :

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бесінші бағытымыз - қолданбалы экология
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Тағам биотехнологиясы пәнінің жұмыс бағдарламасы
Еңбекті қорғау туралы
МАЙЛАР ЖӘНЕ ӨСІМДІК МАЙЛАРЫНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәнінің оқу бағдарламасы
Экологияның абиотикалық факторлары
Өрт сөндіру жүйелері
Электрондық оқу-әдістемелік кешендері
Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz