Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі.

Қазіргі тіл білімінде эмоционалды(эмотив-экспрессив) сөздер сөз мағынасының аспектісі ретінде тіл білімінің өзекті мәселелерінің біріне айналды. Атап айтқанда, эмоционалдылық мәселесі ағылшын, француз, литва, орыс, якут, қазақ, өзбек, жапон, қытай тағы басқа тілдерінің материалдары бойынша зерттелініп, оған арнайы және жанама көптеген еңбектер арналды. Бұлар әртүрлі аспектіде, жеке лингвистикалық, социолингвистикалық, психолингвистикалық негізде зерттелінді. Осылардың негізгілері ретінде шетел ғалымдары К. Эрдманнның, Ш. Баллидің, орыс ғалымдары Б. И. Додонов, П. В. Симонов, П. К. Анохин, В. В. Виноградовтың, Е. М. Галкина-Федоруктың, Н. А. Лукьянованың, А. Н. Леонтьев сондай-ақ қазақ ғалымдары С. К. Кеңесбаевтың, М. Б. Балақаевтың, Ғ. Ғ. Мұсабаевтың, М. Томановтың, Ә. Т. Қайдаровтың, Е. Жанпейісовтың, Ш. Ы. Нұрғожинаның, Ж. М. Баймұрынов, И. К. Сарышова, Х. Нұрмұхановтың, Ф. М. Мұсабекованың, А. А. Қияшеваның, З. Х. Ибадильдинаның, З. К. Ахметжанованың, А. Т. Таткенованың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Тіл білімі тарихында 1970-1980жылдары орыс ғалымдары тілдік қордағы эмоционалды сөздерді "экспрессиология" деген атаумен лексикологиядан бөліп алуға талпынғанын байқауға болады. Бұған жыл сайын Новосибирск университетінен жарық көріп тұрған көпшілік жұмыс "Актуальные проблемы лексикологии и словообразования", "Экспрессивность лексики и фразеологии" атты жинақтар дәлел бола алады.

Қазақ тіл білімінде бұл саламен айналасушы зерттеуші-ғалымдар аталмыш сөздер тобын стилистикалық және лексикалық(семантикалық) деңгейде қарастыруды дәстүрге айналдырған.

Осымен байланысты жағымсыз эмоциялы сөздерді жүйелі түрде қарастыру зерттеудің өзектілік сипатына негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі эмоционалды сөздер.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының мақсаты-қазақ тіліндегі эмоционалды (эмотив-экспрессив) сөздердің пайда болу, жасалу, қолдану шегін айқындау.

Зерттеу мақсатына қарай зерттеу барысында мынандай міндеттерді шешу көзделді:

- қазақ тілінің лексикалық қорындағы эмоционалды сөздерді бөліп көрсету;

  • эмоция және экспрессия сөздердің ортақ және айырым белгілерін айқындау
  • эмоцияның лексикалық бірліктер арқылы, морфологиялық тұлғалар арқылы жасалуы және интонологияның әсері;

1. 1 Эмоционалды бірліктердің тіл білімінде зерттелуіне шолу.

Эмоционалды сөздердің тіл білімінде зерттелуін ХХғасырдың басында жазылған еңбектерден кездестіреміз. Бұл еңбектерде эмоция мен экспрессияны бөлмей, бірге қарау орын алған. Экспрессияны зерттеуде алғашқылардың бірі болып саналатын Ш. Балли тілдегі экспрессивтілікті эмоционалдылықпен тығыз байланысты деп санайды. Эмоционалды бірліктердің орыс тіл білімінде зерттелуіне келсек, орыс тіл білімінде экспрессивтілік пен эмоционалдылық мәселесі зерттеушілердің назарын көптен бері аударып келе жатқаны белгілі. Бұндағы алғашқы зерттеулердің бірі ретінде академик В. Виноградовтың "Русский язык" атты еңбегін атауға болады. Сөздер әлеуметтік ортада қолданыс табуына байланысты олардың экспрессивті бояуы болады. Сөздің көмегімен сөйлеуші қандай да бір затқа, құбылысқа өзінің бағасын береді. Қандай да бір жағдайда сөзбен берілген бағаны В. В. Виноградов экспрессиялық сөздер деп атайды.

Бұл мәселе 1950 жылы жан-жақты зерттеліне бастады. Васильев, Вольф, Голуб эмотивті лексикалық бірліктердің классификациясын ұсынғанғалымдар тобы. Осы кезде Виноградовтың, Звегинцевтің, Ефимованың, Галкина-Федоруктың, Гвоздеваның, Кимнің, Григорьеваның және тағы басқа көптеген ғалымдардың еңбектері жарық көрді. Тілдің экспрессивті-көркем тәсілін жан-жақты түсіндіру, тілдік бірліктерден экспрессивті-эмоционалды бірліктерді табу және олардың өзіндік семантикалық ерекшеліктерін айқындау, "эмоционалдылық", "экспрессивтілік" ұғымдарына анықтама беру мәселелеріне назар аудару ең алғаш рет осы ғалымдардың еңбектерінде орын алды десе де болады. Симоновтың «Что такое эмоция?»(1966), Бахурдың «Эмоция: пайдасы мен зияны»(1975), Рейковскийдің «Экспериментальная психология эмоции»(1979) . Психолог ғалымдарының еңбектерінен Алдамұратовтың «Жалпы психология», Жарықбаевтың «Психология», Итбаевтың «Жалпы психология» еңбектерінде эмоцияның психологиялық тұрғыдан қарастырған. Ал орыс тілшілері Арнольд сөздің эмоционалды бояуы, Шмелев экспрессивті стильдік бояуына, Крушельшицкая тілдік мағынаның экспрессивті -бағалауыштық компоненті, Медникова сөздің негізгі мағынасына семантикалық және стилистикалық реңк үстейтін қосымша мағыналары деп, әр ғалым өзіндік баға беріп, ойларын тұжырымдаған.

1960 жылы эмоционалды, экспрессивті сөздер кең ауқымда зерттеліне бастады. Эмоционалды-бағалы реңктердің мағынасын теориялық тұрғыдан түсіндіріп, жіктеуде В. И. Безруковтың, эмоционалдылықты, экспрессивтілікті және бағалылықты анықтауда, сондай-ақ сөз мағынасынан заттық- ұғым мен эмоционалды-бағалылықтың араларының байланысын анықтауда Л. А. Киселеваның, атауыш сөздердің эмоционалдылығы мен экспрессивтілігіне ең алғаш рет көңіл аударғандарының бірі ретінде Е. Ф. Петрищеваның еңбектерін атауға болады.

1970-1980 жылдары тілдегі экспрессивтілік пен эмоноционалдылықты зерттеу кең өріс ала түсті. Арнайы докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды, осы мәселе бойынша көптеген мақалалар, монографиялар, жинақтар жарық көрді. "Актуальные проблемы лексикологии и словообразования" жинағы эмоционалдылықты негізінен теориялық тұрғыдан зерттейді.

Эмоционалды бірліктердің түркі тіл білімінде зерттелуі де айтарлықтай деуге болады. Түркітануда бұл мәселені негізінен 50-нші жылдардан бастап зерттей бастады. Оларға әзірбайжан тілі бойыншаС. Абдуллаевтың, Т. А. Эфендияваның, Э. А. Багированың, А. Денирчи заденің, А. Охундованың, Ю. Сандованың және т. б. ; өзбек тілі бойынша Ш. Казановтың; якут тілі бойынша В. И. Лихановтың; қазақ тілі бойынша І. К. Кеңесбаевтың, Н. Т. Сауранбаевтың, М. Б. Балақаевтың, Ғ. Ғ. Мұсабаевтың, А. Ысқақовтың, Ә. Т. Қайдаровтың, Ш. Ш. Сарыбаевтың, Е. Жанпейісовтың, Ш. Ы. Нұрғожинаның, Х. Нұрмұхановтың, Ф. М. Мұсабекованың, З. К. Ахметжанова мен А. Т. Таткенованың және тағы басқа ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен бұл көрсетілген еңбектерде біздің қарастырып отырған мәселеміз яғни жағымсыз жағдайда немесе дау- дамай, жанжал, егес кезеңінде эмоцияның тілдік тұрғыдағы көрінісі жан- жақты талданбағандығы байқалды. Сол себепті тілдік тұрғыдан дау- дамай кезеңіндегі эмоцияның берілуін зерттеуді алдымызға мақсат етіп қойдық.

1. 2 Эмоционалды -экспрессивті сөздер

Қазіргі заман лингвистикасында тіл негізінен екі парадигмада зерттеліп жатыр деуге болады. Біріншісі - құрылымдық парадигма (структурацентристік), екіншісі - антропоцентристік парадигма. ХХғасырдың он жылдығында дами бастаған тіл білімнің үштігі негізінде гуманитарлық зерттеулердің пәнаралық салаларының дамуын күшейтті.

«Антропоцентризм - это воззрение, согласно которому человек есть центр вселенной и цель совершающихся в мире событий. Многие философы исходили из данной мировоззренческой установки, полагая что главная проблема философии - человек. Только осозновая природу, сущность, предназночение человека, можно понять все другие философские проблемы, сколько их ни накопилось в течение множества веков». /1, 160/

Жалпы тіл білімінде, жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның себебі мынада: лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтунышы адамды, тілдің шынайы иесі - халықты, ұлтты бірінші кезекке қояды. Ал құрылымдық зерттеулерде сол тілдің шынайы иесі болып табылатын адам, ұлт, халық көбіне тасада қалады. Бұларды біз «субьекті» деп атаймыз.

Тіл - субьектінің ең басты конститутивті белгісі. Адамның ақыл- ойы, танымы тілден тысқары тұрмайды. Сондықтан да әлемдік лингвистикада зерттеушілердің назары субьектіге ойысты.

Адам - табиғаттың жаратқан күрделі де, айырықша феномені. Адам басынан түрлі оқиғаларды өткізеді. Олар тілде мынадай лексемалардан көрініс табады: қуанады, сүйсінеді, күледі, шаттанады, рахаттанады, ренжиді, ашуланады, ашынады, күйінеді, сүйінеді, алданады, алдайды, біреуді немесе бір нәрсені ерекше жақсы көреді, жек көреді, түңіледі, бір нәрсеге қызығады, әуестенеді, құмартады немесе жиіркенеді. Осы қасиеттердің бәрі адам эмоциясына жатады.

Қуаныш, қайғы, қорқыныш деген не? Олар қайдан пайда болады және олар неге соншалықты күшті? Адам бойындағы осындай күрделі психикалық құбылыстардың атауы «эмоция» деп аталады. Ал енді сол эмоцияға қатысты ғалымдардың анықтамаларының кейбіреулеріне тоқталайық.

«Эмоция дегеніміз - адам жанын тереңнен жаралайтын қайғы -қасіреттен бастап қуанудың жоғары формаларына дейінгі адам сезінуі мен толқуының барлық түрлерін қамтыған, субьективті бояуы анық көрінетін адам ағзасының физиологиялық күйі» - дейді П. К. Анохин. /2, 172/

Эмоция- адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы, қоршаған ортамен қарым - қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты эмоция сезім деп аталады. Адам эмоциясы қоғамдық талапқа, қатынасқа сай тарихи - әлеуметтік жағдайға негізделеді. Эмоцияның жоғары түрі адамның іс - әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Жағымсыз эмоция адамның іс- әрекетіне азды- көпті зиян келтіреді. Көңіл - адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай.

«Эмоцияның қажеттілікпен байланысы даусыз, бірақ эмоцияны тек қажеттіліктен туындайды деу шындыққа жуыспайды », - дейді К. С. Сарышова/3, 134/

Психологтар сезім мен эмоцияны екі түрлі ерекшелік ретінде қарастырады. Ал қолданыс ыңғайында бұл екі сөз көбінесе синоним ретінде жүретіні бар. Бірақ ғылыми тұрғыда екеуі екі басқа, әрі бірін- бірі толықтырып отыратын психикалық жайттар. Сезім адамның қажеттеріне сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының сәйкес келу, келмеу нәтижесінде пайда болады дейді психологияда.

Ал эмоция адамның сезімі арқылы түрлі қажеттердің орындалуы, өтуі барысында пайда болатын ұнамды, ұнамсыз жағдайда туатын реңктер. Эмоцияның ең қарапайым түріне - қанағаттану, қанағаттанбау түрлері жатса, ең күрделі түріне - қуаныш, қайғы, қорқу, үрейлену, ашулану, тағы да басқа сезімдер жатады.

Қ. Жарықбаев өзінің «Жантану» оқулығында эмоциялардың жағымды және жағымсыз, қарапайым және күрделі деген түрлеріне тоқтала келіп, әрқайсысына түсініктеме береді. Солардың кейбіреуіне тоқталып өтейік. Күрделі эмоциялардың бірі - көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, ызалы, түсі суық деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған орта, денсаулығы жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Эмоцияның бір түрі - аффектер (қазақша-«жан ұшыру») . Аффектер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Бұл - адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.

Қазіргі заманғы ғылым, мәдениет пен адам факторының тілде ерекше көрініс табатын элементтерінің бірі деп эмоцияны атайды. Психологтар эмоцияны жеке тұлғаның ядросы деп тұжырымдайды. Тілдегі адамдық фактордың эмоционалды аспектілерімен тығыз байланысты эмоционалды семантика проблемасы соңғы он шақты жыл ішіндегі семантикалық зерттеулерде ерекше орын алады. А. Вежбицкая: « . . . глубокое проникновениев структуру эмоций и природы эмоциональной жизни обнаруживают народные представления об эмоциях. Эти представление кристаллизуются в языке, особенно в эмоциональной лексике языка» - дейді . /4, 416/

Тілді жасаушы да, қолданушы да адам. Ол өзін қоршаған ортамен, нәрселермен, басқа адамдармен әртүрлі қарым- қатынаста бола жүріп көптеген эмоцияларды, яғни «ішкі толқулар мен сезімдерді» басынан өткереді. Психологтар адамда 500-ден астам эмоция болады деп есептейді.

Адам және оның эмоциясы, бір жағынан, обьективті болмыстың бір бөлшегі болып табылады, ал екінші жағынан, адам- белсенді бейнелеуші субьект ретінде, тіл - бейнелеудің құралы ретінде, адам эмоциясы -бейнелеуші болмыстың бір формасы ретінде дүниенің тілдік көрінісін қалыптастыруға қатысады.

Адам өмір сүруінің эмоционалды жағы эмоциялық молекулярлық биология, физиология, психология, философия, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика сияқты бір қатар ғылымдардың зерттеу обьектісіне айналады. Бұл ғылым салаларының әрқайсысы эмоцияның іргелі теориясын қалыптастыруға тырысады. Соның ішінде экстралингвистикалық, паралингвистикалық аспектілерге бөлінетін лингвистикалық зерттеулердің орны ерекше. Экстралингвистикалық және паралингвистикалық зерттеулер нәтижесінде алынған деректер эмоционалдылықтың семантикалық интерпретациясын обьективтендіреді.

Эмоция проблемасы құндылық теориясымен тікелей байланысты. Құндылық теориясы- аксиология - жалпы тұрмыс қүрылымында құндылықтың қаншалықты мүмкін және оның ақиқат фактілеріне қатысы қандай екенін көрсетуді басты міндет етіп қояды. Философия, логика, лингвистикадағы бағалау туралы түсінік «жақсы» және «жаман» деген бағалауыштық предикаттармен байланысады. «Жақсы», «жаман» аксиологиялық предикаттары адамның кез келген шындық обьектілеріне қарым- қатынасын білдіреді.

Эмоциялар көптеген грамматикалық бірлікпен синтаксистік конструкцияларға қызмет етеді. Эмоцияны білдіретін фразеологизмдер логика заңдылықтарымен аксиологиялық заңдылықтар және тілде көрініс тапқан бағалау стратегиясы нәтижесін үйрену үшін бай материал болып табылады.

Эмоционалдылықты білдіру формасы, яғни коммуникативті эмоционалдылық екі түрлі әдіспен көрінуі мүмкін: тілдік және тілдік емес. Эмоционалдылықтың тілдік емес әдісі паралингвистикалық құралдар арқылы беріледі де паралингвистикада зерттеледі. Ал эмоционалдылықтың тілдік тәсілі лингвистикалық құралдармен беріледі де лингвистикада оқытылады. Екі тәсілдің және паралингвистикалық құралдары мәнерлегіш құралдарға жатады да, «эмотивті тіл» немесе «эмоция тілі» деген атауларға біріктірілген.

Эмоционалдылықтың білдірудің тілдік тәсілі яғни коммуникативті эмоционалдылық коммуникативті лексика аспектілерін немесе сөз қызметінің теориясын көрсететін лингвистикалық ғылымдар арасында пәнаралық проблема болып табылады. Жалпы коммуникативті және психологиялық аспектілерде сөздің қызметін зерттеумен психолингвистика айналысады. Дүниені бейнелеудің психикалық процестері мен формаларына тілдің әсері қандай, керісінше психикалық факторлар жүйесі тілге қалай әсер етеді деген сұрақтар - тілдің психикамен байланысын зерттейтін проблемалардың ішіндегі маңызды сұрақтардың бірі.

Е. И. Галкина-Федорук өзінің еңбектерінде экспрессивтілік пен эмоционалдылыққа былай деп анықтама береді: «Тілдегі эмоционалды элементтер адам сезімін білдіру үшін қызмет етеді . . . Ал тілдегі экспрессивтік амалдар эмоционалды ерікті білдіруде де, ойды білдіруде де мәнерлілік пен суреттілікті күшейтуге қызмет етеді». /5, 108/

Эмоцияны тіл біліміне телігелі бұл мәселе туралы бір-біріне қарама-қайшы келетін талас пікірлер қатар орын алып келеді. Тілде осы мәселеге байланысты жазылған лексикологиялық еңбектерде "эмоционалды", "экспрессивті" атауларын дәрежесі бір бейнелі сөздердің категориялары ретінде қарау дәстүрге айналған. Алайда, Лукьянова экспрессивті сөздерді атауда экспрессив терминін қолдану сәтті әрі тиімді. Ғалым: "номинатив терминіне құрылымдық жағынан сәйкес келе отырып, қарсы мағынада қолданыла алады. Және экспрессема да сондай мағынада қолданылуға мүмкіндігі бар" деп есептейді. /6, 5/ "Экспрессив" терминін өте кең, ауқымды түрде қарайтын ғалымдар қатарына М. И. Черемисина мен О. А. Рыжкинаны да жатқызамыз. Олар бұл топтағы сөздерді "экспрессивті лексикалық қор" деп қолданады. /7, 3-24/

Экспрессия адамның сөйлеу кезінде ғана емес, сонымен бірге ым, дене, бет қимылдары, жұмыс кезіндегі адамның барлық мінезінде пайда болады. Тілде экспрессивті элементтер мен эмоционалды элементтерді айыру, олардың өзара байланысына қарамай, функционалдылық мақсатының бөлек болуымен түсіндіріледі. Эмоционалдылық ой және ерікпен бір қатарда тұрады және олардың тілде қолданылу тәсілдері бар. Экспрессия, экспрессивтілік ойдың және еріктің пайда болуындағы сияқты эмоционалды болып қабылдануы мүмкін. Сол себептен Е. М. Галкина -Федорук тілде экспрессивтік эмоционалдылыққа қарағанда әлдеқайда кең экспрессиялық бұл айқындылықтың, бейнеліліктің күшейтілуі, айтылған сөздің ықпал етуші күшінің артуы, қолданыстағы барлық күшті әсер етуші, қатты таң қалдырушы сөздер экспрессиялы сөздерге жатады /5, 107/ деп, "эмоционалдылық" пен "эксперессивтілікті" бір деңгейдегі категориялар екендігін және эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің ара жігін шектеп, лингвистикада ең алғаш эмоционалды сөздер әрқашан да экспрессивті болады деген критериді ұсынады. Шынында да жоғарыдағы ғалымдардың дәлелдеулеріндегідей тілде экспрессивтілік эмоционалдылыққа қарағанда бірінші ме? Эмоционалды сөздер экспрессивті сөздердің негізінде пайда болдыма? Деген сұрақтар еріксіз туындайды.

"Тіл білімі сөздігінде" ЭМОЦИОНАЛДЫҚ (лат. Еmоvеге - еліктіру, толқыту) фр. еmаtiоп - қоршаған болмысқа деген адамның әртүрлі көңіл - күйі, сезімі, әсері. Эмоциялық өң берілген лексика ұнату мен ұялту, үрей мен қуаныш, масаттану мен жек көру, қорқыныш пен батылдық, сенім мен сенімсіздік, қайғы, уайым, зарығу тағы да басқа көптеген мағыналардың қолданылуы /8, 432/ деп түсіндірілсе, ЭКСПРЕССИВТІЛІК (лат. ехргеssіо - выражение, мәнерлілік) ағыл. ехргеssiviti (мәнерлілік) - Тіл единицаларының семантикалық - стилистикалық белгілерінің жинақталған түрі. Ол сөйлеп тұрған адамның сөз мазмұнына немесе ол сөз арналған адамға деген өзіндік көзқарасы мен қатынасын көрсететін тілдік құрал ретінде қолданылады. Оның фонетикалық, морфологиялық, лексикалық, синтаксистік құралдары бар. Осы құралдар арқылы сөз сөйлеушінің психикалық, эмоционалдық күйін көрсете алатын қабілетке ие болады. /8, 430-431/

Ш. Ы. Нұрғожина, Х. М. Нұрмұхановтар эмоционалды - экспрессивті лексикалар /9, 145/ деп атаса, ал қазіргі қазақ тілінің лексикологиялық оқулығында мұндай сөздер тобы "экспрессивтік - эмоционалды" /10, 31/ деп аталған. Тілде аталмыш сөздерді атауда "эмоционалды сөздердің орнына" "эмотив" сөзін қолданып, В. И. Шаховскийдің "экспрессив - эмотив" /11, 3-25/ деген терминін көрсетті. Себебі бұл термин "номинатив" терминіне қүрылымдық жағынан ұқсас. Сонымен бірге мағыналық жағынан да сәйкес келеді. Тіл білімі сөздіктерінде эмоционалды сөздер мен эмотив сөздер синоним ретінде қолданылған: "эмотивтік" (лат. етоуеге - еліктіру, толқыту) фр. етоііоп - сезімді, эмоцияны білдіретін тіл элементі /4, 432/. Біз бұлардың категорияларын адамның қоршаған болмысқа деген әртүрлі көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөздерді "эмотив" деп, адамның қоршаған ортаға деген әр түрлі әсерін білдіретін эмоцияның, сезімнің, еріктің қатысуымен тілдің көркемдеуіш құралдары арқылы бейнеленген сөздерді "экспрессив" деп қолдануды орынды деп есептейді.

Қазіргі дәстүрлі тіл білімінде сөздік құрам қабатындағы мұндай сөздердің жасалыну жолының 5 түрі көрсетіліп жүр. Бірақ біз осы зерттеуді 3түрлі жолын көрсетуге тырыстық. Олар эмоция морфологиялық тұлғалар арқылы жасалуы, лексикада - лексикалық бірліктер арқылы, фонетика мен синтаксисте- интонация арқылы көрініс табуы.

  1. Эмоцияның лексикалық тұрғыда көрінуі

Сөздер зат, құбылыс олардың белгілері мен қасиеттерін не болмаса іс- әрекеттерін ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивтік -эмоционалдық лексика деп аталады.

Лексика, лексикология және стилистика бір - бірімен тығыз байланысты құбылыстар. Лексика деп әдетте тілдегі барлық сөз қорын айтады. Лексикология сол сөздік құрамды тексеретін ғылым, яғни тіл білімінің сөз мағынасын, оның шығу тегін зерттейтін саласы. Ал стилистика әртүрлі стильдерді, мысалы, әдеби тілдің стильдерін, сөйлеу және көркем әдебиет стильдерін зерттейді, әр алуан тілдік құралдарын экспрессивтік -эмоционалдық қасиеттерін талдайды. Дегенмен қай тілде де қандай бір сөз болмасын, ол өзінің табиғаты, жалпы қолданылу ерекшелігі жөнінен көбінесе белгілі, бір ғана стильге бейімірек тұрады. Лексикология мен стилистиканың бір - бірімен байланысты, олардың әдетте өзара тығыз қарым - қатынаста болатын міне осыдан. /12, 39/

Тілдегі сөздің көпшілігінен белгілі бір стильдік бояу аңғарылады. Соған байланысты өздерінің қолданылу аясына, ерекшеліктеріне қарай бірнеше лексикалық топқа бөлінеді. Лингвистикалық әдебиеттерді лексикалық топтар саны әртүрлі қаралып жүр. Мысалы, жалпы қолды тұрмыстық лексика, сөйлеу тілі, әскери, кітәби, поэтикалық, диалектілік, ресми - іс қағаздар лексикасы тағы басқа. Сондай - ақ бұдан өзгерек, яғни әлгі аталған салаларды топтап, жинақтап беру әдісі де бар. Бұл әдіс бойынша лексика үш салаға бөлінеді: сөйлеу тілі, бейтарап және кітәби лексика.

Қазақ тіліндегі сөздерді Ә. Болғанбаев пен Т. Қалиев қолданылу өрісі, стильдік қызметі жағынан әртүрге бөліп қарастырған:

1. Сөздердің қолданылу өрісіне байланысты түрлері

2. сөздердің стильдік қызметіне байланысты түрлері

  1. сөздердің актив және пассив қолданылатын түрлері

Осы салалардың ішінен екінші саланы қажетімізге қарай қарастырып, соның ішінде сөйлеу тілінің лексикасына назар аударуды мақсат тұттық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Инверсияны ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару анализі
Болымсыздық мағынаның эмоционалды-экспрессивті реңкін көркем шығарма тіліндегі мысалдар арқылы дәлелдеу
Тілдегі эмоционалдылық пен экспрессивтілік және олардың синтаксистік жүйедегі көрінісі
Шығармада кездесетін синоним сөздер
Туынды эмоционалды сөздер
Сезім мен эмоцияны білдіретін тіл бірлігі
Эмоционалды-экспрессивті құрмалас сөйлемдер
Қазақ тілінің сөздік құрамы
Одағай - сөз табы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz