Еңбекақы төлеу. Еңбекақы есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I – бөлім Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есепайырысу: мәні мен
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Қызметкерлер құрамының
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Еңбекақы
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 8
1.3 Еңбекақының аналитикалық және синтетиткалық
есебі ... ... ... ... .10

II – бөлім Аудит
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .13
2.1 Аудиторлық тексеріс
бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Еңбекке ақы төлеу бойынша есепайырысу
аудиті ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдар
аудиті ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе

ҚР-ның Еңбек туралы Заңында: Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті
материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам
қызметі делінген. Егер осы анықтаманы талдай келсек, еңбек – адамның өз
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және
оны өз керегіне бейімдеуге бағытталатын мақсатқа сай істелетін қызметі;
қоғамның өмір сүруінің негізі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты.
Еңбек процесі басталуы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын жұмыс күшімен қосу
керек. Жұмыс күші дегеніміз – адамның еңбекке қабілеті және рухани
күштерінің жиынтығы, адам соның арқасында материалдық және рухани
игіліктерін өндіреді. әр еңбектің қорытынды жиынтығы болуы керек және ол
қоғамға белгілі болып танылуы тиіс.
Адам еңбек етіп, нәтижесінде көздеген мақсатына жетеді. Ал еңбек етуші
адамның, яғни жұмысшы немесе қызметкердің мақсаты болып қоғам қажеттілігін
қамтамасыз ету барысында табыс табу. Әр жұмысшы табысын әр түрлі нысанда
алады, біреуі заттай алса, екіншісі ақшалай нысанда алады. Ақшалай
нысандағы табыс –ол жалақы. Жалақының анықтмасы әр мәлімет көздерінде әр
түрлі берілген, бірақ олардың мағынасы бір. Жалақы – жұмысшының іске
асырылған еңбегі үшін төленетін ақшалай ақы болып табылады. Немесе басқаша
айтсақ, бұл – кәсіпорынның жұмысшыларының еңбегін төлеуге кететін өнімді
өндіру мен сатуға кеткен шығындарының бөлігі болып табылады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы аудитінің негізгі міндеті –
еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілерін сақталуын бақылау,
жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің
дұрыстығын тексеру болып табылады.
Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шоты бойынша аналитикалық
және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеудің
есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі
табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек
демалысына төлемді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейтін
ҚР Еңбек туралы заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелері жөніндегі
әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі
нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады
Аудиторлар ішкі бақылау жүйесін тексеру кезіндегі негізгі мақсаты –
маңызды қателіктердің болмауына көз жеткізу үшін кәсіпорынның оң жақтарын
анықтау. Операциялар тәртібін анықтау және бағалау үшін аудиторлар жалпы
процедуралармен, міндеттемелердің бөлінуімен және ішкі бақылау жүйесімен
таныс болуы керек. Еңбекті төлеу шығындарын құжаттау үшін сұраулар мен блок
схемаларды қолдануға болады.
Сонымен, курстық жұмысты талдау барысында жалпы жалақы түсінігі,
қызметкерлерге жалақыны есептеу және еңбекақы аудиті қарастырылады.
Курстық жұмыс міндеті: жалақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу
аудиті; қызметкерлермен есеп аыйрысу есебін құжаттармен ресімдеу тәртібін
тексеру.

1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі

Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді
жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығаруп отырады, яғни олардың сандары
өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады.
Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол
бүкіл субъектіідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің
саның және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын,
кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын,
білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде (заңды немесе жеке тұлға,
еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады) еңбеккерлермен өзара тікелей
жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
Жеке еңбек келісімшарты- жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы
жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орны, келісім-шарттың мерзімі, еңбек
тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да
мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады.
Әдетте, жалақы деңгейін жұмыс беруші белгілейді және ол жеке еңбек
келісімшартында тіркеледі.
Жеке еңбек келісімшарты бойынша тараптардың жауапкершілігі, міндеті,
құқтары белгіленеді. Жеке еңбек келісімшартында өндіріс саласында
ерекшеліктері, нақты міндеті, жұмыс берушінің қаржылық мүмкіндігі, бір
сөзбен айтқанда, шарттық мазмұны мен сипаты ашылады. Дегенмен де, келісім-
шартқа ҚР-ның еңбек туралы заңының 7,8 және 9 баптары енгізілуі тиіс. Кез
келген 16 жасқа толған азамат, осындай жеке еңбек шартын жасауға құқылы, ал
егерде ата-анасы рұқсат берсе, онда ол 15 жастан және өте сирек 14 жастан
еңбек етуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартында мыналар қарастырылады:
- белгісіз мерзімге
- белгілі мерзімге
- белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа
- еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға
Заңда келісім-шарттық максималды және минималды мерзімі белгіленбеуі
мүмкін. Егер де жеке еңбек келісім-шартында мерзімі айтылмаса, онда ол
белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады. Жеке еңбек келісім-шарты екі
данада жазбаша түрде жазылады және оған екі жақ та қол қояды. Оның бір
данасы жұмысқа тұрушы еңбеккерге беріледі. Еңбеккер өз қызметіне келісім
–шартта көрсетілген күннен бастап кіріседі, онда оның нақты жұмысқа шыққан
күні есептеледі.
Жеке еңбек келісім-шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерден еңбек
кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім
–шартын, білімі туралы құжатын талап етуге құқылы. Жеке еңбек келісім
–шартына қол қойылған соң жұмыс беруші бұйрық шығаруы тиіс.
Жұмысқа жаңадан қабылдағандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен
құжаттайды, кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты
адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасы қажетті жағдайларда келіссөз
жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық
бөлімшелерге жіберетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше
бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатыны туралы тұжырым жасайды: бұйрық
жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны
көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Қызметкердің
жұмыс жағдайларымен келісімі, келіссөз, дәрігерлік тексеріс нәтижелері,
техникалық қауіпсіздік, өрттің алдын алу шараларының минимумы бойынша
нұсқаулар берілгендігі туралы белгілер және басқа да белгілер .лгінің сырт
жағына соғылады не жазылады. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында
кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп, бос тұрған қызмет орны және штат
кестесі бойынша белгіленген айлық ақысы көрсетіледі. Кәсіпорын басшысы қол
қойған бұйрық қызмеркерге хабарланып, одан қолхат алынады. Кадрлар
бөліміжұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточкасын
толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасына белгі соғады, ал
бухгалтерия дербес шот ашады немесе оған сәйкес құжат жасайды.
Еңбек кітапшасы дегеніміз-мамандар бөлімінде сақталанып оған
жұмысшылар мен қызметкелердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен
сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және т.б. деректер жазылады.
Барлық категориядағы қызметкерлерге, соның ішінде жоғары және арнаулы
орта білімі бар мамандарға және училищелерді, кәсіптік –техникалық білім
беретін мектептерді т.б. бітірген жас жұмысшыларға да жеке карточка
толтырады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны,
аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен-
жайы және т.б. деректер толтырылады.
Жұмысқа қабылдануы, басқа бір тұрақты жұмысқа ауысуы және жұмыстан
босатылуы туралы бұйрықтың негізінде еңбек кітапшасына енгізілетін әрбір
жазбаны әкімшілік сол кітапша иесіне таныстырып, карточканың тиісті
жерлеріне қол қойғызып отыруға міндетті.
Еңбек кітапшасы не жұмыс берушіде, не қызметкерлердің өзінде сақталуы
мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартына және демалыстар кестелеріне сәйкес
қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы және басқа түрлердегі демалыстарға
құжаттау үшін Демалыс беру туралы бұйрық қолданылады. Ол екі дана етіп
толтырылады, бірі кадрлар бөлімінде қалады, екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы мен кәсіпорын басшысы қол
қояды. Демалыс беру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі
қызметкерлердің жеке карточкасына белгілер соғады, ал бухгалтерия демалыс
үшін тиесілі жалақысын есептейді.
Жеке еңбек келісім-шартынан басқа жұмыс беруші қызметкерлермен
азаматтық-құқықтық келісім-шарт (мердігерлікті, тапсырысты және қызмет
көрсетуді және т.б)жасауына болады. Олар жеке бір нақты тапсырманы орындау
үшін жасалады. Азаматтық –құқықтық қатынаста бір тапсырманы орындаған кезде
ұйымның ішкі еңбек тәртібіне бағынбайды.
Сонымен қоса, жұмыс берушімен еңбеккерлердің арасындағы қатынастар
ұжымдық келісімшартпен реттеліу мүмкін. Бұндай келісім-шарттарды әзірлеу,
жасау, және орындау 04.07.92 жылғы №1514- желтоқсанда шыққан ҚР-ның
ұжымдық келісімшарт туралы заңымен анықталады. Бұл келісімшарт жұмыс
берушінің экономикалық мүмкіндігіне қарап, заңмен бенлгіленген минималды
еңбек ақымен салыстырғанда одан жоғары деңгейде тіркеліу мүмкін. Одан
басқа, ұжымдық келісімшарт біршама мәселелерді қарастыруы мүмкін, атап
айтқанда, өндіріс тапсырмаларын, еңбек ақы төлеу жағдайын, үй-тұрмыстық
және басқа да.
Олардың қатарына:
- тегін арнайы кесімдер алатын жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
- еңбеккерлер үшін қосымша жеңілдік және компенсация құқын беретін
жұмыстар мен мамандықтардың тізімі;
- жұмыс уақытының жиынтық есебін жүргізетін өндірістер, цехтар,
учаскелердің тізімі.
Қызметкерді бір цехтан екіншісіне ауыстырғанда Басқа жұмысқа ауыстыру
туралы бұйрығы жазылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп
толтырады. Бұйрыққа бұрынғы және жаңа жұмыс кәсіпорын басшысы қол қояды.
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықтың негізінде кадрлар бөлімі жеке
карточкаға, еңбек кітапшасына және басқа құжаттарға белгілерін соғады.
Үлгінің сыртқы жағына қызметкердің бұрынғы жұмыс орны бойынша
жауапкершілігінде тұрған, тапсырылмаған мүлікті – материалдың және басқадай
бағалы заттар туралы белгілер қойылады.
Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда Еңбек шартының тоқтатылуы туралы
бұйрық қолданылады. Оны кадрлар бөлімінің қызметкері бір дана етіп
толтырады. Бірі кадрлар бөлімінде қалдырылады, ал екіншісі бухгалтерияға
беріледі. Оған құрылымдық бөлімшенің бастығы немесе кәсіпорын басшысы қол
қояды. Бұйрықтың негізінде кәсіпорын бухгалтериясы қызметкермен есеп
айырысады. Жұмыстан өз еркімен шыққанда қызметкер үлгінің бет жағына арыз
жазады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін
сақтап жүруін бақылау, жұмыс істелген уақыт туралы деректер алу, еңбек
төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп
беру үшін Жұмыс уақыты есебінің табелінде жұмыс істеп жүргендердің барлық
категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельді
өкілеттігі бар адам бір дана етіп жасайды, олар тиісінше құжатталған соң
бухгалтерияға беріледі. Жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс
күнінің толық істелмегені туралы, мерзімнен артық жұмыс істегені туралы
және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауықушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған
құжаттар (жұмысқа жарамсыздық парағы туралы, мемлекеттік не қоғамдық
міндеттерді орындағаны туралы анықтамалар, т.б.) негізінде ғана табельге
белгі қойылады. Жұмыс уақытын пайдалану есебі табельдерге қызметкерлердің
жұмысқа келген –келмегендерін жаппай тіркеу әдісімен немесе тек ауытқуларын
тіркеу әдісімен жүзеге асырылады.
Жұмыс уақыты есебінің табельдері деректерді автоматты түрде өңдеу
жағдайында қолданады. Ішінара реквизиттермен толтырылған табель бланкілері
компьютерлік техника құралдарының көмегімен жасалуы мүмкін. Мұндай
реквизиттерге жататындар: кәсәпорынның құрылымдық бөлімшелері, цех,
қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, кәсібі, табельдік нөмірі т.б. Мұндай
табель үлгісі деректерді өңдеудің қабылданған технологиясына сәйкес
өзгереді. Бірақ мұндай үлгіде жұмыс уақытын пайдалану есебі көрініс
табатындай етіп жүргізілуі керек. Жұмыс істеген немесе жұмыс істемеген
уақытын белгілеу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады.

1.2 Еңбекақының түрлері

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында
еңбекақы есептеудің және оны төлеудің екі түрі қолданылады. Шаруашылық
субъектілерінде барлық жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және
есептеу үшін еңбекақынгың: мерзімді және кесімді түрлері қолдванылады.
Мерзімді еңбекақы – жұмыс істеген уақытта сағаттық немесе күндік
еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан
жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы инженерлік-техникалық
жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Өндірілген өнім мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған
жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес жұмысшылар мен
қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы төленеді.
Мысалы: автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар
мен қызметкерлерге шаруашылық субъектісінің басшыларына қаржы және есеп
бөлімінің қызметкерлеріне тағы басқаларға. Мерзімдік еңбекақының
төмендегідей түрлері бар:
1. Жай мерзімді
2. Мерзімді сыйлықты
Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері
бойынша төленеді.
Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте
немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірілген
өнімдердің көлеміне, санына, сапасына және т.б. көрсеткіштердің өсуіне
қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесімді еңбекақы – жұмысшы-қызметкерлердің еңбек өнімділігін
өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру
мақсатында қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін
қолданғанда жұмысшы-қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген
өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне
қарастырылған яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады.
Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен
сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға
кеекті, яғғни қажет болатын, адамсағат, адамкүн өлшемінде көрсетілген
уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің
белгілі бір уақыт ішінде жасап шығарылатын, өндірілетін өнімнің саны және
көлемімен анықталады.
Кесімді еңбекақысының мынадай жүйелері бар:
1. Тікелей есімді
2. Кесімді сыйлықты
3. Ұдемелі кесімді
4. Акордтық
5. Жанама кесімді
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелей
кесімді жүйесі бойынша – бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген
өнімнің, істеген жұмысының бәрі тек қана еңбек бағасымен есептелінеді. Бұл
жүйе бойынша еңбекақы мөлшері – бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің
санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған яғни белгіленген еңбек
бағасына көбейту арқылы табады.
Шаруашылық субъектісінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді
сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан артығымен
орвндағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен
энергияны үнемді де ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті
еңбекақысыны қосымшат сыйақы ретінде төленеді. Шаруашылық субъектілерінде
немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу және
сыйақының қандай жағдайда берілу кеектігі жайлы ереже болуы қажет.
Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді
еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге
белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірген өнімдері үшін қосымша сыйақы
ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын да күрделі, ауыр болып
саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек
өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс
орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез-келген шаруашылық
субъектілерінде қолданыла бермейді.
Кесімді еңбекақының акордтық жүйесі – шаруашылық субъектісінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді
еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған
жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді баға қоюды қажет етеді.
Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын
жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының акордтық
жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне
құрылыс салушы шаруашылық субъектілерінде, жөндеу жұмысымен айналысатын
өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу
шаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып, еңбек өнімділігін
арттыруға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылық салаларындағы шаруашылық субъектілерінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақы есептеудің тағы бір жүйесі
жанама кесімді жүйе болып табылады. Бұл жүйе бойынша қосымша еңбекақы
шаруашылықтың негізгі жұмысшылары мен қызметкерлеріне емес, оларға қызметін
көмекші өндірістің жұмысшыларына төленеді, яғни бұл жүйе бойынша еңбекақы
шаруашылық субъектісіндегі станоктардың, жабдықтардың т.б. құралдардың
тоқтамай жұмыс істеп, белгіленген мөлшерден артық өнім өндіргені үшін
слесарьларға, операторларға, жөндейтін және оларды жұмысқа дайындайтын
басқа да жұмысшыларға төленеді.

1.3 Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі.

Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің
бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы
сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен
істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса
төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау
керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан
ұсталынатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын
жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп
атайды. Шаруашылық субъектілерінде бұл ведомості әрбір цехтар, бөлімшелер
бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір
жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем
сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сопаларын жинақтаушы құжат болып
табылады. Бұл ведомоста жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, табельдік номері,
оларға есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен одан ұсталынатын
ұсталымдардың түрлері бойынша сомалары және сол айдың басы мен сонындағы
шаруашылық субъектілерінің жұмысшылар мен қызметкерлерге немесе жұмысшылар
мен қызметкерлердің шаруашылық субъектісіне қарыз сомалары көрсетіледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша
шаруашылық субъектісінің кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол
қояды. Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлерімен еңбекақы
жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша
есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы
ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай
еңбекақыларын төлейді. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен
қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек
демалысына еңбекақы төлеуге, т.б. қосымша еңбекақыларды төлеу үшін, сондай-
ақ орташа еңбекақыны есептеу үшін көптеген шаруашылық субъектілерінде
әрбір жұмысшылар мен қызметкерлерге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл
шотта жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі
демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен
жәрдемақылары және олардан ұсталынатвын ұсталымдар түрлері бойынша
көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы
мен қызметкерге есеп айырысу қағаздары да толтырылуы мүмкін. Есеп айырысу
қағаздарында да жоғарыда аталған ведомостағы барлық мәліметтер көрсетіліп,
әр жұмысшыға бөлек тлтырылып, олардың қолдарына беріледі. Кейбір шаруашылық
субъектілерінде жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырысу-төлеу
ведомосі мен дербес шоттың орнына есеп айырысу ведомосі ғана толтырылып
жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі
және қосымша беттерінен тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен
қызметкерлерге есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен
жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталынатын ұсталымдарды есептеуге
керекті мәліметтерді (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық
дәрежес іне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы,
балаларының және қарауындағы адамдардың саны, ұсталынатын және шегерілетін
слмалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны т.б.) көрсетіледі.
Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге (айға,
тоқсанға, жарты жылға, жылға) ашылғандағына байланысты болады. Бұл
ведомостің титулдық бетінде жұмысшы-қызметкерлерге төленген және
депоненттелген еңбекақы сомалары жазылады. Ведомості толтыру барысында оның
ең соңғы бетіне жиынтық сомалары жазылады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды
толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына
сәйкестігін тексеру қажет. Сонымен қатар ведомостерде, дербес шоттарда және
есеп айырысу қағаздарында көрсетілген адамдардың аты-жөні сол шаруашылық
субъектілерінде қызмет атқарушылардың тізімдері құрамының есебіне
сәйкестігі тексеріледі. Бұл ведомость бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге
есептелінген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және
қолдарына берілуге тиісті сомаларының дұрыстығын анықтау үшін ведомостің
тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен
тексерілуі тиіс. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі 3350- Жұмысшылармен еңбекақы
бойынша есеп айырысу -деп аталатын синтетикалық, пасивті шотында
жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі № 10 және
№10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс
істеген, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептелініп
төленетін еңбекақы өндіріс шығындарының бір элементі ретінде еңбекті
пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгәілі бір шотқа, оның
ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы
еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапоттар
мен өнімдерді өндіру ведомостарі, табельдер және т.б. алғашқы құжаттар
негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелген еңбекақы, олардың түрлері және
қызметкерлердің категориялары бойынша топталынады. Бұл топтау журнал-
ордердің үлгілі түрі №3 және №4 өндеу кестелерінде жүргізіледі, ол кестенің
сол жағында дебеттелінетін шоттар номерлері, ал оң жағында жұмысшы-
қыхметкерлердің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелінген еңбекақы
сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Шаруашылық субъектілерінде
жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы сомасын бөлу, тарату
ведомосінің негізінде шығындар есептелінетін шоттарға былайша жазылады.

II – бөлім Аудит әдістемесі
2.1 Аудиторлық тексеріс бағдарламасы

Еңбекті өтеу бойынша операциялар аздаған сомамен баланс шоттарында
көрініс тапқанымен өте күрделі операциялар болып табылады. Аудиторлық
процедуралардың көп бөлігіін орындау сәтінде бұл шоттар мәліметтері
операциялардың аудиторлық бақылау тесттерінде жүргізу үшін алдын ала
бақылау процестерінде жиналады. Негізінен еңбекақы шоты қалдықтары
анализінің жылдық аудиторлық процедуралар шеңберінде өте шектеулі.
Шаруашылық операциялары есепте нормативтік – құжаттық актілерге,
бухгалтерлік есеп стандарттарына, есептік саясатқа, т.б.сәйкес іске асады
және көрініс табады. Тексерісті осыған сүйеніп бастаған жөн. Оған
мәліметтер ретінде ҚР Азататтық Кодексі; ҚР дағы еңбек заңы; ҚР салықтар
мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер Кодексі;ҚР қылмыстық
кодексі; ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі;ҚР бухгалтерлік есеп және
қаржылық есеп беру туралы заңы, т.б.
Бақылау процедураларын оқып – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытынпайдалану есебі
ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қызметкерлердің еңбекақы есебі
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Фермерлік шаруашылық Дархан шаруашылықтың қаржылық- экономикалық көрсеткіштерінің талдауы
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Еңбек есебі
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
Пәндер