Жалпы заңды тұлға жайлы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   


Азаматтық құқық пәнінен

Тақырыбы: Жалпы заңды тұлға жайлы.

Ж о с п а р:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
І. Тарау. Заңды тұлғалар туралы ұғым.
1.1. Заңды тұлға белгілері.
1.2. Дербес мүліктік жауапкершілік.
1.3. Мүліктік оқшаулық.

ІІ. Тарау. Заңды тұлға туралы негізгі ілімдер.
2.1. Ғалымдар ілімі.
2.2. Жасалған теориялар.

ІІІ. Тарау. Заңды тұлға түрлері.
3.1. Комерциялық және комерциялық емес ұйымдар.
3.2. Құрылтайшылардың құрған мүлік туралы құқықтары.

ІҮ. Тарау. Заңды тұлғаны құру.
4.1. Комерциялық емес ұйым құжаттары.
4.2. Құрылтай құжаттары және шарттары.

Ү. Тарау. Тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу.
5.1. Заңды тұлғалады мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу
5.2. Заңды тұлға қайта тіркеу негіздері.

ҮІ. Тарау. Заңды тұлғадың құқық және әрекет қаблеттігі.
6.1. Заңды және жеке тұлғалардың қабілеттілігінің
айырмашылығы.
6.2. Заңды тұлғалардың атауы.
6.3. Заңды тұлғаның фирмалары мен өкілдіктері.
6.4. Заңды тұлғады қайта құру және тарату.
6.5. Тарату тәсілі және банкроттық.
6.6. Оңалту рәсімдері.

ҮІІ. Тарау. Заңды тұлғадың негізгі түрлері.
7.1. Акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер
туралы жалпы ережелер.
7.2. Сенім серіктестігі, өндірістік коопераив және мемлекеттік
кәсіпорындар.
7.3.Коммерциялық емес ұйысдар, мемлекеттік мекеме және жеке
меншік мекеме.
7.4. Қоғамдық, діни бірлестіктер.
7.5. Қор және тұтыну кооперативі.
7.6. Заңды тұлғалардың лауымдастық нысандағы бірлестігі.
7.7. Коммерциялық емес акционерлік қоғам.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Еліміз тәуелсіз, демократиялық, құқытық мемлекет болып жарияланғанына
он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны бәрімізге
мәлім.
1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан республикасының жаңа Азаматтық
кодексі қабылданған, және де 2001-жылы қазақ мемлекеттік заң академиясының
профессоры Ғазиз Ибрагимұлы Төлеуғалиевтың екі томды Қазақстан
Республикасының Азаматтық құқығы атты кітабы жарық көрді.
Азаматтық құқықтың шығу тарихына тоқталар болсақ Азаматтық құқық
атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының
құқығы – цивильді (j us civin) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіндердің құқығы осы атаумен белгіленеді (ксириттр
құқығы).
Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның
мазмұны барынша өзгерді.
Дейтұрғаммен соған қарамастан civiе атауы гурапалық құқықтануға еніп
қана қоймай, заң терминологиясына кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты
цивилистік деп атайды. Ал бұл саладағы мамандарды – цивилист деп жүр.
Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінде өзінің азаматтық
құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары жақында орныққан
өзінің көз қарасы, өз ілімнің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт
бағдарда болуы тиіс..
Ендігі біздің басты мақсатымыз заңды тұлға туралы, ол туралы негізгі
теориялар жайлы, заңды тлғаларды құру, тіркеу және қайта тіркеу олардың
құқық және әрекет қабілеттілігін түсініп, негізгі түрлерімен танысу.
Бірінші тарауда заңды тұлға туралы жалпы мәлімет бере кетеміз. Ал
үшінші тарауда заңды тұлғаның түрлерімен танысамыс.
І. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда
құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емесе, заңды
тұлғаға да тән.
Азаматтық құқық заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:
1) ұйымдасқан бірлігі;
2) мүлік ақшаулығы;
3) дербес мүлік жауапкершілігі;
4) азаматтық айналымға өз атынан қатысуы.
Мүліктік оқшаулық дегеніміз заңды тұлғадың экономикалық белгісі болып
табылауды және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Коммерциялық
ұйымдағы, дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңда тұлғаның
оқшаулық мүмкін айқындайтын құжат.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз – ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беру. Бұл
жалпы ереже. Азаматтық кодекстің 44-бабы, 1-тармағы, 2-бөлігіне сай өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндігі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Заңды тұлғадың дербес мүліктік жауапкершілігі заң акілерімен
тағайындалуы мүмкін.
Заңды тұлғалар азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық
– құқық белгісі. Ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан
шарт жасауға, бір жақты мәлміле жасасуына мүмкіндік береді.
Дербес мүліктік жауапкершілік азаматтық кодексте былайша қаралған.
1. Толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті
серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілік (АҚ-тің 63-
бабының 1-тармаға, 72-бабының 1-тармағы);
2. кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив
мүшелерінің жауапкершілігі (АҚ-тің 96-бабының 3-тармағы);
3. егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтай шылардың әрекеті
туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша
құрылтайшының жауапкершілігі (АҚ-тің 44-бабының 3-тармағы);
4. енийлес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұғымның (АК-тың 94-
бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық
серіктестігінің кінәсінен енийлес шаруашылық серіктестігі
банкротқа ұшыраған кезеңдегі жауапкершілігі (АК-тің 94-бабының 2-
бөлігінің 3-тармағы);
5. серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген
жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі
(АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа
жағдайлардағы жауапкершілік.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті
болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды
тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы құрылымынан көрінеді, сол
арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесі, жарғы не құрылтай шарты арқылы не тек
құрылтай шарты негізінде жүзеге асырылады.
ІІ. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның оның ішінде әсіресе
мемлекеттік заңды тұлғадың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше
ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық
қатынастарды білдіреді, оны қандай адамдардың мүдделері қаралмақ,
мемлекеттегі оның орны қандай және заңда тұлғаның мағынасы неде деген
сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясында
көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.И. Аскназий мемлекеттік
ілімнің авторы.
Академик А.В. Венедиктов Ұжым ілімін алға тартты.
Ал, ғалым Д.М. Генкин Әлеуметтік ақиқат теориясын ұсынады.
Профессор Ю.К. Толстой директор ілімін алға тартты, оның
пікірінеше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші – директоры болып
табылады.
Азаматтық құқықтануда О.А. Красовчиковтың әлеуметтік байланыстар
ілімі, А.С. Пушкиннің Ұйымдастыру ілімі, Е.А. Сухановтың Мақсатты
мүлік тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған.
Сөйтіп заңды тұлғаға адамдардың қатысы жөнінде әртүрлі тікірлер
айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерін жүргізеді.
Заңды тұлға туралы ілімде осындай әр қилы пікірлер кездесуінің өзі
оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
Бұл мәселе туралы батыс еурапа әдебиетінде де әртүрлі теориялық
көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиный Фикция теориясының негізгі
қалады. К.Ф. Савины көзқарасы бойынша, шын жәнінде құқық субъектісінің
қасиетін тек адам болса, заңды тұлғанын сыртында оны әйгілейтін адамдық
тұлғаның қасиеті тұрғаның мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы фикцияға
жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған
субъектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гирке болса, органикалық
теорияның тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, бұл
орайда оны дербес құрам деп қарайды.
ІІІ. Азаматтық кодекс заңды тұлғады төммендей түрлерге бөледі:
коммерциялық және коммерциялық емес.
Коммерциялық заңды тұлғаны пайда табуды көздейтін ұйым десек
қателеспейміз.
Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті
қатысушылар арсында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұстым болып
танылады. (Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасы
заңының 2-бабы).
Азамттық кодекстің 34-бабының 2-тармағына сай коммерциялық ұйым болып
серктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, нысандарында, құрыла
алады.
Коммерциялық емес ұйым заңды тұлға ретінде мекеме, қоғамдық бірлестік,
акционерлік қоғам, тұтыну кооператив; қор, діние бірлестік қауымдастың
нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі нысанындағы және заң құжаттарында
көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң бойынша:
1) коммерциялық емес ұйым өзінің жарғылық мақсаттарына сай
келетіндей ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады;
2) жекелеген ұйымдық құқықтық нысанындағы коммерциялық емес
ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне Қазақстан Республикасының заң
актілерінде шектеулер қойылуы мүмкін;
3) коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметі бойынша кірістер мен
шығыстардың есебін жүргізеді;
4) Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне салық салу
қазақстан Республикасының салық салу заңдарына сай жүзеге
асырсылады;
5) Коммерциялық емес ұйымдастырдың кәсіптік қызметінен алынатын
кірістерді коммерциялық алынатын кірістерді коммерциялық емес
ұйымдардың мүшелері арасында бөлісуге болмайды. Ол жарғылық
мақсаттарға жұмсалады. Қоғамдық және діни бірлестіктердің
қорлардың өз қаражаттарын қайырымдылық мақсаттына пайдалануға жол
беріледі.
Мүліктік өз құрылыстайшылары мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды
тұлға қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар және діни бірсестіктер жатады.
(АК-тің 36-бабының, 4-тармағың жоғарыда айтқандай, Азаматтық кодекс
коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын мекеме, қоғамдық, діни
бірлестіктер, тұтынушылар кооперативті, қоғамдық қорда құруға жасалады.
Бірақ бұл тізімнен шектелуге болмайды, себебі коммерциялық емес ұйым заң
құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін (АК-тің 34-бабы,
3-тармағы).
ІҮ. Азаматтық кодекске заңды тұлғады құру жөнінде жалпы ережелер
енгізген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады.
Коддексте заңды тұлғаның құрылтайшысы жақында арнайы бап енгізілген.
Азаматтық кодекстің 40-бабына сай заңды тұлғаны бір немесе бірнеше
құрылтайшы құруы мүмкін.
Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрінде және міндетті
реквизиттері мен басқа да қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сай зңды тұлға өз қызметін жарғысы
немесе құрылтайшы шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге
асырады. Заңды құжаттарына сай заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары
болуы мүмкін.
Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек
жарғы негізінде ғана жұмыс істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3
тармағына сай шаруашылық серіктестік пен өндірістік кооперативтік құрылтай
құжаттарында олардың қызметтінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.
Құрылтай құжаттарынаң қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтық коддекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен қатар
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындағы да ескеріледі.
Заңды тұлға жарғысына қоятын талаптар осы баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтымған, атап айтқанда, ол жұмыс тәртібі туралы, әкімшілік пен еңбек
ұйымы арасындағы өзара қарым-қатынастарды және т.б. енгізу қажеттігіл
міндеттейді.
Ү. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеу тәртібі: Азаматтық кодекстен басқа,
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 17-сәуірде шығарған Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заң күші бар. Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің заңды тұлғалады мемлекеттік
тіркеу туралы ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызына келетін болсақ тұлға
мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды тұлға болып саналады. Заңды
тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлға заң талабын сақтауды және өзінің
құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту
тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін жемеу етіп
тіркеуден бас тартуға жол берілемейді.
Заңды тұлғады қайта тіркеу негіздері Азаматтық кодекстің 42-бабының 6-
тармағынада келтірілген. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:
1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған
жарғылық капиталының мөлшері азайғанда;
2) атауы өзгергенде;
3) шаруашылық серіктестіктеріндігі және жабық акционерлік қоғамдағы
қатысушылардың құрамы өзгергенде қайта тіркеледі. Құрылтай
құжаттарына басқа өзгерістер мен толықтырулар енгізген ретте заңды
тұлға бұл туралы тіркеуші органды бір айлық мерзімде хабардар
етеді.
ҮІ. Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы
болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматтың құқықтары мен міндеттерін
тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды. Оған
отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқытар мен міндеттерге заңды
тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады. Заңды тұлғалардың қатынасқа
қатысу аясы олардың қандай мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын
әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді, қатысуға тиісті қатынасына қарай
заңды тұлға қайсібір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды
тұлғаның құқықтық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны
тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі
белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен алады. Яғни, белгілі бір
қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғанынң құқық
қабілеттігі сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық
кодекстің 35-бабысың 1-тармағына сай заңды тұлға азаматтық құқыққа ие
болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік
кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай
құжаттары арқылы тиым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру
үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндеттерді де
атқарады.
Заң құжаттарына сай заңды тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге
асыра алмауы мүмкін немесе басқа қызметпен айналысуы шектелінеді.
Азаматтық кодекстің арнайы құқық қабілеттілік мәселесі де
ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына
енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттер
алады.
Ал, коммерциялық ұйымдар болса, керісінен арнайы құқық қабілеттілігіне
жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігін не болады. Мұндай ұйымдар заң
актілерінде тиым салынбаған қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра
алады. Демек, коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен
айналыса береді, ең бастысы заң оған тиым салмайтындай болу керек. Жалпы
құқық қабілеттілігі принциппінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік
ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық
қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуы мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы
құқық қабілеттілігіне банкілер мемлекеттік кәсіпорындар ие.
Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың құқық қабілеттілігі құрылтай
құжаттарында корсетілетіндіктен ол құрылтайшылар арқылы шектелуі мүмкін.
Мұндай шектеулер заңды тұлғаның айналысатын қызметті түрлері енгізілген
тізбе арқылы айқындалады немесе оның қандай да бір түрлерін жүзеге асыруға
тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай
шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.
Азаматтық кодекстің 37-бабында айтылғандай, заңды тұлға мен құрылтай
құжаттарына сай жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие
болып, өзіне міндеттер алады.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны
жүзеге асырады және оның өз өкілеттігі шегіндегі әрекетті заңды тұлғалардың
алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз
өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелер бойынша жауап
береді. (АК-тің 44-бабының 4-тармағы). Бірақ заңды тұлға органының
жоғардағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер
мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге
тиісті болса және оны дәленбесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына
болады.
Заңды тұлға органдарының түрі, олардың тағайындау тәртібі немесе
таңдау және олардың өкілептілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы
айқындалады.
Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы ережесі заңды тұлғалардың нақты
түрлері туралы нормалармен тәртіптеледі.
Заңды тұлғаның органдары алқылы немесе жеке дара болуы мүмкін.
Заңды тұлға атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сай
занды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік оның құқық
субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым
болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның
фирмалық атауына айналады. Заңды тұлғаға өзінің фирмалық атауымен заңды
тұлғадың біріңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық
ұйымның тіркелуімен бір мерзімде тіркелуге жатады және интеллектуалдық
мерзімге қатысты құқықтың ерекше объектісі болып табылады (АК-тің 125-
бабы).
Бөтен фирмаллық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға ол атауды
меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және
келтірілген залалдың орын толтыруға міндетті.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынына және ұйымдық – құқықтық
нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлуматты қамтуы
мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын
талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық заңды
тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы
келетін аттар болса, егер жеке адамдарды есімдері қатысушылардың есімімен
сай келмесе ие қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға руқсат
алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.
Заңды тұлғаның турған жері. Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде өте
маңызды. Азаматтық кодекстің 39-бабында заңды тұлғаның тұрақты жұмыс
істейтін органы тұрған жер оның турған жері болып табылатынын және заңды
тұлға тұрған жері оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекенжайы
жазылып көрсетілетіндігі қарастырылады.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Азаматтық кодекстің 43-
бабында сай заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның
міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін
жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал жерінен тыс орналасқан және оның
мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын оның атынан мәселелер мен
өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады.
Фирмалар мен өкілдіктер заңды тұлғаға болмайды. Бұларға өздерін құрған
заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде,
жұмыс істейді.
Сөйтіп филиалдар мен өкілдіктер басшылары заңды тұлғаның өкім ретінде
әрекет етеді. Филиал немесе өкілдік басшысының өкілдіг филиалды немесе
өкілдік ережесімен емес оған берілген сенімхат ретінде айқындалады.
Филиалдар мен өкілдіктер басшыларының мәлімдемелері заңды тұлға атынан
жасалады және ондай мәмілелерден туындаған міндеттемелік жауап кершілікті
мүліктің бәрін өзіне енгиілейтін заңды тұлға көтереді. Азаматтық кодекстің
42-бабының 4-тармағына сай филиалдар мен өкілдіктер заң құжаттарында
белгіленген тәртіппен тіркеледе және оларды құрған заңды тұлғаның
жарғысында көрсетілуге тиіс.
Филиалдар мен өкілдіктердің құқықтық ережесінде айтарлықтай
айырмашылық жоқ. Бірақ егер филиал заңды тұлғаның міндетін жүзеге асыратын
болса, онда өкілдік өзін құрған заңды тұлғаның мүдделерін қорғауға тиісті
және оның атынан мәмілелер мен басқа да құқықтық әрекеттер жасай алады.
Заңды тұлғады қайта құру және тарату. Қайта құру дегеніміз заңды
тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің мирасқорлыққа өтуіне байланысты
тоқтатылу тәсілі болып табылады. Қайта құрудың бес түрі бар. (АК-тің 45-
бабы): қосу, бөлу, біріктіріу, бөліп шығару, өзгерту заңдарда қайта құрудың
басқа да нысандары көзделу мүмкін. Қайта құруды заңды тұлғаның мүлік меншік
иесінің немесе құрылтай құжаттары бойынша қайта құруға өкілеттігі бар заңды
тұлғаның органынын шешімі бойынша жүзеге асыралады. Бірақ мындай жәйтті
ескеру керек, яғни заңды тұлғаның жекелеген түрлері үшін құжаттарының
имперакративті нормасы заңды тұлғаның нақты органдарының құзыретіне қатысты
келіп оны қайта құруға байланысты қабылдаған шешімге сай болады. Азаматтық
кодекстің 79-бабына сәйкес қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша
құзіретіне жауапкершілігі шектеулі серіктестікті қайта құру немесе тарату
туралы мәселені шешу жатады. Тиісіпше заңды тұлғаны қайта құру оның
мүлкінің меншік есінің немесе заң құжаттарымен уәкілдік ететін органның
шешімімен немесе құрылтай құжаттарымен немесе заңда қаралған жағдайларда
сот органдарының шешімімен жүзеге асырылады. Заңды тұлғаны қайта құру
жөніндегі шешім әдетте оның жоғары органымен қабылданады. Мысалы, Ресейдің
Азаматтық кодексінде заңда қаралған ретте, заңды тұлғаны қайта құру
құзыреті мемлекеттік органның келісімімен жүргізіледі. Аталған норма
бәрінен бұрын монополяиға қарсы заңның ережелерін басшылыққа алады.
Ықтиярсыз қайта құру заң құжаттарында көздделген реттерде сот
органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін (АК-тің 45-бабының 3-
тармағы). Сойтіп, Азаматтық кодекс заңды тұлғады ықтиярсыз таратуды сот
тәртібімен ғана реттейді.
Ықтиярсыз тарату тәртібі Азаматтық кодекстің 45-бабының 3-тармағында
айқындалған, енді оны сөзбе-сөз келтіре кетсек: Егер заңды тұлғаның мүлкін
меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның
құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны
қайта құруды, сот оранының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге
асырамаса, сот заңды тұлғаның басқарушысысын тағайындайды және оған осы
заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы
тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі
өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның астынан әрекет
етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлған қайта құру нәтижесінде
туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған
құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу үшін негіз болады.
Заңды тұлға біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда,
жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған
деп есептеледі.
Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта
құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік бастап олардың біріншісі қайта
құрылған деп есептеледі. Ригистрінде біріктірелген заңды қызметінің
тоқтатылғандығы туралы жазба жасалған кезден.
Азаматтық кодекс (46-бап) заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі
құқықты мирасқорлықты да қарастырады.
Заңды тұлғаларды қосқан кезеде олардың әрқайсысының құқықтары мен
міндеттерін өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға
ауысады.
Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу
балансына сәйес жаңадан пайда болған заңды тұлға ауысады.
Заңды тұлғаның құрамына бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп
шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды
тұлғаның құқықтары мен бөлу балансына қойылатын талаптар АК-тің 47-бабында
қаралған. Оның 1-тармағындағы ереженің маңызы зор, яғни өткізу актісі мен
айыру балансында қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен
борышқорларына қатысты барлық міндеттемелері бойынша міндеттемелер бойныша
да құқықты мирасқорлығы туралы ережелер болуға тиіс.
Қайта құрылған заңды тұлғаның мүлкі жаңадан құрылған заңды тұлға
тіркелген немесе құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізген тұста, егер заң
құжаттарында немесе қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе,
мирасқарына өтеді. АК-тің 47- бабында заңды тұлғаларды қайта құру
нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартуда екі
негіз қаралады, олар атап айтқанда:
1) құрылтай құжаттарымен бірге тиісті өткізу актісінің немесе
бөлу балансының тапсырылмауы;
2) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделді қорғаудың жалпы сипаттамасы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ИЕЛЕНУ ЖӘНЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Азаматтық құқық қатынасына нысаныны ретіндегі жеке тұлғалар және заңды тұлғалар
Халықтың статистикалық тіркелімін жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Шетелдегі негізгі құқықтық жүйелер
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ ТӘРТІБІ. ПРОКУРОРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУДЫҢ ЗАҢДЫ БОЛУЫН ҚАДАҒАЛАУЫ
Тергеушінің қылмыстық сот ісін жүргізудегі дербестігі және жауапкершілігі
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Кәсіпкерлік саласындағы қылмыстардың қылмыстық құқықтық және криминологиялық сипаты
Пәндер