Құқықтық мемлекет белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І.І. ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ИДЕЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ...6
І.2. ЖАҢА ЗАМАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

... ... ...10
2-бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ.
2.1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ ... ... ... ... ... ... ...17
2.2. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..31
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... .. 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет идеясы қазіргі өркениеттің дамуының ерте кезеңінен
бастап-ақ талқыланып қарастырылған. Бас бұзарлыққа қарсы тұру, күштеуді
шектеу, қоғамдық өмірді барынша тиімді ұйымдастыру құралдарын іздестіру,
құқықты биліктік қатынастар нысаны ретінде бекіту барысында ежелгі дәуірден
бастап жаңа заман ойшылдары құқықтық мемлекет, конституционализм, құқық
жоғарылығы, азаматтар теңдігі, адам құқықтары мен бостандықтары,
демократия, азаматтық қоғам, билікті жіктеу туралы көзқарастар жүйесін
қалыптастырады. Құқыққа негізделген, әділдікті жақтайтын мемлекет мәселесі
адамзатқауымының саяси қауымдасуы кезеңінен бастап, қазіргі кезеңге дейін
алдыңғы қатарлы ойшылардың, қоғам қайраткерлерінің көкейтесті ойының
өзегіне айналды. Құқықтық мемлекет теориясының даму кезеңін үшке бөліп
қарастыруға болады: заң үстемдігі мемлекеті, әділ мемлкет туралы
ойдың,идеялардың қалыптасуы; құқықтық мемлекет теориясының тұжырымдалуы;
оның мемлекеттік-құқықтық құрылымдарда іске асырылуы.
Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін жариялауы
оның конституциялық құрылысының жаңа даму кезеңіне жол ашты. Қазақстан
Республикасының Конституциясының 1 бабында өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік ретінде орнықтыратындығы бекітілген.1 Бұдан
мемлекетіміздің жалпыға ортақ өркениеті даму жолын таңдағанын көруге
болады. Құқықтық мемлекеттің бір белгісі – мемлекеттік билікті
ұйымдастыруда тармақтарға жіктеу қағидасын жүзеге асырылып болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам, оның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары ең қымбат қазына деп мойындай отырып, адамның құқықтары мен
бостандықтары ар-ожданы мен қадір-қасиетін сақтау мен қорғау мемлекеттік
биліктің басты міндеті болып табылады деген тұжырымды алға тартады. Осы
мақсатты _
____________________
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы:Қазақстан, 1998. 1-бап
жүзеге асырушы Республикадаға мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституциямен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі
және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл
жасайды. Бұл бөлініс бөлшекті бүтіннен ажыратпайды, бірақ жаңа тәуелсіз
мемлекеттің саяси және заңдық тұрғыдан икемді болуына мүмкіндік береді.
Құқықтық мемлекетте билік тармақтары жоғары дәрежеге ие болып,
мемлекетте өз қызметтерін дербес түрде жүргізеді. Билік тармақтары бірін-
бірі толықтырып, өзара байланысты болғанымен, бірі екіншісінің қызметіне,
міндетіне кедергі келтіріп, бірін-бірі ауыстырмауы қаже. Тек осындай
жағдайда ғана олар жеке бостандық пен қоғамның жүйелі дамуына қызмет етеді.
Республиканың мемлекеттік өмірінде билікті жіктеу қағидасын ұстану
демократиялық қоғамда әлеуметтік қатынастарды реттеудің объективті түрде
қалыптасқан шартты әдісі болып табылады.
Дипломдық зерттеу еңбегінде құқықтық мемлекет теориясының маңызды
мәселелері: теорияның қалыптасуы мен дамуы, оның дүниежүзілік саяси-
құқықтық ойлар жүйесіндегі қарастырылу мен Қазақстандағы қалыптасу
ерекшеліктері, әрекеттегі Конституция бойынша Қазақстан Республикасындағы
билік тармақтары қарастырылады.
Еңбектің мақсаты - құқықтық мемлекет туралы саяси- құқықтықойлар
тарихындағы бастауларды негізге ала отырып, оның қазіргі таңда танылған
түсінігі мен мәнін, атқаратын қызметтерінің негізгі бағыттарын және
белгілерін зерттеп пайымдау. Сонымен бірге, мемлекеттік биліктің
жіктелуінің ғаламдық тәжірибесін қарастыру, оған өркениеттік сипат бере
отырып, Қазақстан Республикасындағы билік тармақтарының жіктелуі тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара ықпалдаса байланас жасауы
қажеттігін негіздеу. Қазақстан үшін бұл бөліністің мақсаты билік
тармақтарының қоғамның нақты тарихи өтпелі кезеңінде мемлекеттің бүкіл
әлеуметтік қызметін жан-жақты қамтуы қажеттілігімен ерекшеленеді.
Аталған мәселелерді зерттеу барысында қазақстандық авторлардың
еңбегімен қатар, шет елдік әдебиеттер де қолданылды. Дипломдық жұмыстың
теориялық алғы шарттарын жазу барысында осы мәселені ой-тұжырым ретінде
қарастырып, қалыптастырған тарихи-философиялық еңбектердің маңызы зор
болды. Құқықтық мемлекеттің тарихи аспетілері ежелгі философ-ойшылдар
Аристотель, Платон, Полибий , Цицерон еңбектерін негізінде қарастырылды. Ал
теориялық пайымдаулар Д. Локк, Ш.Л. құқықтықонтескье, Ж.Ж. Руссо
еңбектеріне сүйене отырылып берілді.
Ұсынылып отырған дипломдық жұмыста құқық үстемдігі мемлекеті
теориясының пайда болуы мен дамуы ғана емес, сонымен қатар оның тәжірибеде
жүзеге асырылуы, құқықтық мемлекеттің тиімділігі айқындалады.
Еңбектің бір бөлігі мемлекеттік билікті тармақтарды жіктеудің
Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған қазіргі механизміне, оның Ата
заңда негізделуіне, билік тармақтарының өзара бір-біріне әсер ету жүйесі-
тежемелікжәне тепе-теңдік жүйесіне аударылған. Осы арада Қазақстан
Респуликасының тәжірибесіне тоқталу мақсатында көптеген нормативтік-
құқықтық актілер қолданылғанын баса көрсету қажет.
Біртұтас мемлекеттік билікті дербес тармақтарға қазіргі кезеңдегі
өркениетті мемлекеттердің құқықтық ұйымдасуының кепілі. Оның мемлекеттік
биліктің мәні туралы ілімдерге, биліктің ұйымдасу нысанына, мемлекеттік
оргадардың озара әрекеттесу механизміне, саяси жүйеге, егемендікке
тигізетін ықпалы мол.
І-бөлім. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ГЕНЕЗИСІ.
І.І. ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ ИДЕЯЛАРЫ.
Құқықтық мемлекет проблемасы әрқашан барлық адамдарды, ежелгі,
ортағасыр және қазіргі кездегі прогрессивті ойшылдарды толғандырады.
Мәселен, құқықтық мемлекет деген не, оның идеясы қашан пайда болды және ол
қалай дамыды, оның негізгі белгілері қандай, құқықтық мемлекеттің мақсаты
және тағайындалуы қандай – деген сұрақтар әрқашан көптеген философтар,
заңгерлер, тарихшылардың, олардың әртүрлі көзқарастарына, пікірлеріне
қарамастан қарауларында болады, сонымен қатар бұл мемлекеттің қалай аталып
және біліктіліктелуі – яғни, заңның, әділеттіліктің мемлекеті ме,
көпшілікке жақсылық жасау мемлекеті ме, әлдезаңдылықтың мемлекеті ме деген
пікірлері де. Әрине әр ойшыларда құқықтық мемлекет жеке меншікпен,
анықталған тап және топтардың байлықтарымен теңделсе, екіншілерінде теріс
идеялары болады.
Ежелгі уақыттардан бастап ойшылдар құқықтық мемлекеттің қағидаларын,
нысандарын, бар болған құқықтарды бекітуге және құқық пен биліктің
келісілген және өзара тәуелді қарым-қатынастарға деген ізденістер болған.
Осының нәтижесінде осындай адамдардың қоғамдық өмірдің саясинысанының
әділеттілік және дұрыстық пікірлері мемлекет және құқық туралы
көріністердің құрастырылады.Осындай ұйғарылулардың көрінісі болып,
Әділеттілік кезде арнаулы орган ретінде, соттың әділеттілігін ғана емес,
сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.
Гуманизм, демократизм қағидалары, бостандықты, құқық пен заңды бекіту
және сақтау түріндегі құқықтық мемлекеттеориясының бастаулары Ежелгі
Греция, Рим, Үндістан , Қытай мемлекеттері ойшылдары, құқық танушылардың
еңбектерінде орын алған. Ежелгі грек ойшылы Сократ әділеттілік әрекеттігі
заңдарға бағынудан көрінеді деп санаған. Әділеттіліпен заңдылықтың егіз
ұғымдар екенін дәлелдейді. Қандай да болмасын
заң қанша жерде кемшілігі болса да, заңсыздық пен бассыздыққа қарағанда
жақсы. Егер азаматтар заңдарды сақтайтын болса олар өмір сүретін мемлекет
күшті де жасампаз болатындығын жариялайдя.
Өз кезінде Платон Мемлекет және Заңдар еңбектерінде
мемлекет заңды түрде құрылған кезде ғана мемлекет болып саналады деп атап
өткен. Сократ, Аристотель, Цицерондар саяси - әділетті өмір заң азаматтарға
және мемлекетке бірдей болған кезде болады деп есептеген.
Платонның Мемлекет, Заңдар диалогтарында заңдардың күші
болмайтын және біреудің билігінің астында болатын жерлерде мемлекеттің
жойылуы қаіпті болатындығы көрсетіледі. Оның ойынша заңдар – билешілердің
билеушісі, ал олар – оның құлы болғада, мемлекет пен оған құдай сыйлайтын
барлық құндылықтар құтақарлыдаы.1
Платон мемелекетті біртұтас құбылыс ретінде қарастырады, ол
философтар мен билеушілерден, әскерилер мен жұмыскерелрден құралады деп
санайды. Олардың әрқайсысы өзіне берілген салада полистің қажеттігін
қамтамасыз ету үшін бір-біріне кедергі келтірмей қызмет етуі қажет, яғни
еңбек бөліініс танылады. Қоғамның осындай дәрежесі мемлекеттегі
үйлесімдікке әкеледі, қоғамдағы еңбектің бөлінуі идеалды мемлекет
қалыптастырудың негізі болады деп санайды.
Ұлы ойшылдың негізгі көзқарастарына тоқталсақ: олар басым түрде
мемлекеттің біртұтастығын негіздеуге арналады. Заң міндеті бір әлеуметтік
топқа емес, тұтас мемлекеттің игілігіне қызмет ету. Бостандық жеке
адамдарға емес, қоғамға қажет, сондықтан жаппай бостандықты негіздеу керек.
Қоғам топқа бөлінуінің себебі – адамдардың табиғи теңсіздігі. Идеалды
мемлекеттерде топтар арасында еңбектің бөлінуі олардың арасында биліктің
бөлінуін білдірмейді. Мемлекеттік билік арнайы дайындалған, мемлекетті
басқаруда даналыққа қол жеткізген, аристократия табынан шыққан бір қолда
болуы қажет. Мемлекеттілік әділ заңдар үстемдік еткен
____________________
1Платон. Законы. Москва: Мысль. 1998. С. 12.
жерде ғана болуы мүмкін. Заң қорғаушысы – соттар. Кез келгенммемлекетте
соттар тиісті орында болмаса, ондай мемлекетбилігін жоғалтады.
Құқықтық мемлекет теориясының негізін қалаған ойлар Аристотель
еңбектерінде де дамытылады. Аристотель мемлекет діни емес, өзінің өмір
сүруінің табиғи негіздеріне сүйенейді деп санайды. Ол жеке тұлғаны, жеке
меншікті қорғаушы ретінде танылған. Мемлекетті табиғи дамудың жемісі,
адамзатқауымдастығының жоғарғы нысаны третінде қатыстырады. Мемлекеттік
билікке, құқыққа және заңға өз көзқарасын білдіре отырып, Аристотель заң
билігі жоқ жерде қандайда болмасын мемлекеттік құрылым нысанының
болмайтындығын таниды. Құқық әділеттілікке сай деп таниды, заңды мен
әділдіктің сәйкестігін уағыздайды. Құқық пен заңның бір еместігін, әділ
заңның ғанақұқыққа сәйкес келетіндігін бекітеді. Заң шығару саясаттың
бөлігі ретінде қарастырылады, заң шығарушы мемлекетке қажетті заңдарды
қалыптастыруға тиісті деп санайды. Мемлекетке адамдар емес құқық үстем
тұруға тиісті.
Заңның билігі жоқ жерде мемлекеттік биліктің құрылуына да жол жоқ1
– деп жазған Аристотель. Сократ әділ билік түрі – ол патшалық билік, ал
әділетсіз билік – тирандық және жариялық деп ойлаған. Осыған
орай жариялықтың ең бір кемшілігі, билік басына келуші адамдардың жребии
бойынша, яғни кезейсоқ келуі деп атайды.
Аристотель ойы бойынша, саяси құрылымының алунадылығы мемлекеттің
ерекшеленген бөліктерден тұратын күрделі организм екендігін көрсетеді.
Аристотель мемлекет құрылымының үш элементін жіктейді: ерікті азаматтардың
барлығы қатсыға тиісті заңдық кеңесу билігі, үкімет билігі және сот
билігі. Заңдық кеңесу билігі әрекетінің бір саласы жалпыға міндетті акт
ретіндегі заңдарды қабылдау деп санады. әрбір заң өз негізінде құқықты
қарастырады, әрі жүйелі құрылған мемлекетте құқық басымдылығы болуы қажет.
Заң қабылдаудан басқа биліктің бұл тармағы соғыс жариялау, бітім жасау,
өлім жазасын беру, мүлікті тәркілеу, қуып жіберу туралы
____________________
1Парламент и законодателная власть Казахстана. Алматы:Жеті Жарғы,1995.С.13.
мәселелерді шешеді. Мемлекетті ұйымдастыруда заң қабылдайтын ерекше
элеметті ажырату билік көріністерін әрі қарай жіктеуге негіз болады.
Аристотель кеңесу билігі ретінде ежелгі грек халқының жиналысын
қарстырады, бұл қазіргі мемлекеттердің заң шығару органдарының
демократиялық дәстүрлерді жалғастырушы ретінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Заңның барлық билікте үстем болуы мемлекетің құқықтық жомен дамунынң
кепілі. Аристотель мемлекеттік билік тармақтары арасында заңдық кеңесу
органына басымдық береді. Үкіметтік басқару органдары заңға бағынышты,
екіншілік сипатта, олардың шығарған декреттерінің заңдық күші
болмайтындығын көрсетеді. Сот органдарын тек сайлау жолымен ұйымдастыру
қажеттігін айтады.
Римнің қоғамдық қайраткері Цицерон мемлекет құқық мәселесінде өзара
келісім мен мүдде бірлігімен байланысқан көптеген адамдардың жиынтығы- деп
қарастырған. Мемлекет құқықпен өзара қатынаста жалпы құқық тәртіп ретінде
көрінеді. Құқық негізінде сана мен әділеттілік болады, ол адамдарға
табиғатынан тән. Цицерон кейіннен құқықтық мемлекет теориясының негізін
қалаға заң әрекет кейбі таңдаулы азаматтарға ғана емес, барлық адамдарға
қаралуы қажет- деген ойдың негізін қалаған.
Осы саяси биліктің даму және құрылу формасын жете түсіну үшін
құқықтық мемлекеттің тарихына үңілуіміз қажет. Осының нәтижесінде осындай
адамдардың қоғамдық өмірдің саяси нысанын әділеттілік және дұрыстық
пікірлері мемлеект және құқық туралы көріністерден құрастырылда. Осындай
ұйғарылулардың көрінісі болып, Әділеттілік құдайы (көзі байлауышпен
байланған және қолдарында қылыш пен әділеттілік таразысы бар) образы болып
табылады. Ол құдайды күзетіп, қорғайтын тәртібінің тең түрде барлығына
бірдей міндетті, құқық пен күштің бірлесін білдіреді. Бұл образ ежелгі
уақытта қазщіргі кезде де арнаулы орган ретінде, соттың әділеееілігін ғана
емес, сонымен қатар жалпы мемлекеттің әділеттілік идеясын білдіреді.
І.2. ЖАҢА ЗАМАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚМЕМЛЕКЕТ ТЕОРИЯ СЫНЫҢ ДАМУУ БАҒЫТТАРЫ.
Италиандық мемлекеттанушы Марсилий Падуанский (ХІҮ ғ.) заң шығару
билігін құрамында сот билігі де болатын үкіметтік немесе атқару билігінен
ажыратып қарастырылады. Бұндай көзқарасқа билікті дуалистік түсіну, билік
субъектілері ретінде халық пен монархты тану негіз болады. Халық жоғары
билікке заң шығарушы билігіне,монарх, -атқару билігіне ие деп санайды.
Теріс әрекеті үшін монарх жазаланып биліктен айырылуы мүмкіндігін
қарастырылады. М. Падуанский алғышқылардың бірі болып заң шығару және
атқару билігін бөліп қарайды.
Құқықтық мемлекет теориясының дамуына ХҮІІ-ХХ ғ. Ойшылдары қомақта
үлес қосты. Оның кейбір бөлітері Г. Гроций, Спиноза,Дж. Локк,Ш.Л.
Монтескье. Д. Дидро,Ж.Ж.Руссо, Т.Гобсс, И.Кант, Г. Гегель және т.б.
ойшылардың еңбектерінде қарастырылып тожырымдалды.
Құқықтық мемлекеттің теориялық өсуі феодалдық және абсолюттік
деспотизмге қарсы күрес кезінде дамыған. Осы кездегі құқықтық мемлекеттің
өсуі мен дамуы туралы Г.Гроция, Б.Спиноза, Т. Гоббс,Дж. Локк,Ш.Монтескье
т.б. еңбектер жазған.
Локк адамның жеке құқығы мемлекеттік билікті бөлу идеасының өте
керектігін айтқан. Адами жеке құқыққа ол жеке меншік құқығы мен өз іс-
әрекеті мен еңбек құқығын жатқызған.Ең бастысы – қоғамдық ұйымдар заңға
қайшы келмей, бостандықты қамтамасызетуі керек. Осы үшін мемлекеттік
биліктің заңды, орындаушы, федеративтік деп үшке бөлінуі керек.
Буржуазия өкілдері монарх билігін шектеу мақсатында мемлекеттік
билікті заң шығару – парламент, атқару – монарх және сот тармақтарына бөлу
қажеттігі туралы пікірді негіздейді. ХҮІІ ғасырдағы ағылшын ойшылы Джон
Локктың көзқарасы бойынша құқықтың басымдығы идеясы табиғи құқыққа сәйкес
келетін және индивидтің ажырағысыз табиғи
құқықтар мен бостандықтарын танитын заң жоғарылығы болатын, әрі билік
бөлінісі жүзеге асырылған мемлекет түрінде көрінеді. Құқық жоғарылығы
танылған осындай мемлекеттің ол басқа басқару түрлеріне қарсы қояды, оларды
деспоттық мемлекеттер ретінде таниды. Локк танымы бойынша деспотизмге қарсы
тұратын арнаулы конституциялық механизм болуы шарт, оның маңызды
компоненттері ретінде биліктің жіктелу қағидасы мен заңдылық қарастырылады.
Билікті бір қолға шоғырландыруды болдырмау мақсатында Локк заң шығару және
атқару биліктерін біріктірмеуді және заңгерлерді өздері қабылдаған, атқару
билігімен жүзеге асырылатын заңдарда әрекетіне бағындыруды ұсынады1.
аталған ой кейінгі кезеңдері саяси ойлар жүйесі мен практикаға барынша
ықпал етіп, құқықтық мемлекеттіліктің негізгі қағидаларының біріне айналды.
Джон Локк билікті бөлісу ілімінде мелекеттік билік қызметтерін жіктеу таза
ұйымдастырушылық- техникалық сипатта емес, ол азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау үшін қажет екендігін баса көрсетеді. Заң шығару
билігі заңдарды белгілі бір мезгілде қабылдайды, бірақ заңдар тұрақты,
үздіксіз әрекет етеді. Атқару билігі үкімет актілерін қабылдайды, үнемі,
тұрақты әрекет етеді. Заңдар азаматтармен жиындарда қабылданады. Атқару
билігі тиісті органдар арқылы әрекет етеді. Атқару бмлігін жүзеге асыоатын
орган соғыс жариялау, бітім жасау, басқа мемлекеттермен шарттарға отыру
құқығына ие. өз әрекетінде күшке сүйенеді. Атқару билігінің тағы бір
басмыдылығы – ол қоғамды және азаматтарды тек заңда көрсетілген жағдайларда
ғана емес, сондай- ақ онда көрсетілмеген төтенше оқиғалар барысында да,
кейде тіпті заңға қарамастан қорғау шараларын қабылдауға тиісті. Атқарушы
орган заңдық жиынды шақырады және таратады. Заң шығару билігі дербес те,
қалғандары бір рганмен жүзеге асырылады деп санайды Джон Локк.2
_____________________
1Локк Д. Избранные философ. Произведения в 2-х т.,Т.1.М.,1960,С.86.
2Локк Д. Избранные философ. Произведения в 2-х т.,Т.1.М.,1960,С.72.
Биліктің жіктелуі туралы жаңа көзқарастар ХҮІІІ ғасырдағы француз
құқықтанушысы Ш. Л. Монтескьенің еңбектерінде жүйелі түрде орын алды.
Оның көзқарасы бойынша саяси бостандық барлық қатынастар құқықпен
реттелетін және заңдар билеушілердің еркінен үстем тұратын мемлекетте ғана
мүмкін болмақ. Монтескье тұжырымдамасында бостандықтың өлшемі ретінде
тұрақты түрде құқық танылады да, ал құқықтың үстемдігі биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктелуі арқылы қамтамасыз
етілетіндігі айтылады, нәтижесінде әр түрлі билік тармақтары бірін- бірі
өзара тежеп отырады.1 биліктің бөлінуі және өзара тежеу саяси
бостандықтарды қамтамасыз етудің басты шарты болып табылады.
Заң шығару билігі жалпы тәртіп бойынша барлық халыққа берілуі
қажет: бірақ оны үлкен мемлекеттерде жүзеге асыру мүмкін емес, ал кіші
мемлекеттерде қиын, сондықтан өкілдік жүйесі енгізілуі керек. Халық
өкілдері жалпыға бірдей дауыс беру негізінде округтерден сайланады да, өз
жерінің қажеттілігн ескере отырып, бірлескен шешім шығарады. Заң шығару
билігі басқа билік тармақтарына кедергі келтірмеу үшін атқару билігінің
басшысы вето қою құқығына ие болады. Нәтижесінде биліктер бір- біріне
бағынбайтын, бірақ өзара тығыз байланыста және келісімде болатын жағдай
қалыптасады.2
Үш билік тармақтары арасынды басымдылығымен сипатталатын
біреунің болуын жоққа шығаратын Монтескье схемасы биліктің бөлінуіне
алдымен ұйымдастырушылық- құқықтық көзқарасты бейнеледі, сөйтіп мемлекет
пен мемлекеттік биліктің әлеуметтік табиғаты туралы мәселені көтермеген
тәріізді болып көрінеді. Шын мәнінде Монтескье қоғамда әр түрлі әлеуметтік
топтар арасында билік үшін күрестің үнемі жүретіндігін, оның азаматтардың
бостандығы мен қауіпсіздігінің бұзылыуына, мемлекет нысанының өзгеруіне,
кейде тіпті мемлекеттің жойылуына әкеліп
_____________________
1Монтескье Ш. Л. Избранные произведения. М.,1955.С.290-291.
2Монтескье Ш. Л. О духе законов. Избранные произведения. М.,1955.С.298.
соғатындығын білді. Осындай жағымсыз нәтижелерді болдырмау мақсатында ол әр
түрлі әлеуметтік күштер арасында билікті бөлуді ұсынды.
Монтескьенің билікті жіктеу теориясы – мемелекеттегі еңбекті саяси
бөлу ғана емес, сондай- ақ қоғамдағы әлеуметтік күштердің арақатынасын
реттеу құралы. Оның басты сіңірген еңбегі – билікті бөлуді алғаш рет
мемлекет Конституциясымен байланыстырады.
Жан- Жак Руссо көзқарастарына байланысты заң шығару билігі барлық
азаматтар қатысатын халық жиынына беріледі, бұл кезде басқа билікке орын
жоқ. Заңдарды орындау жалпы ережелерді нақты жағдайларда қолдану ретінде
үкіметке – атқару билігіне тапсырады. Үкімет халыққа бағынышты, бірақ оның
жеке мүшелеріне билік етеді.
Руссо идеалы он мыңға тарта халқы бар мемлекетпен байланысты.
Өкілдікті ол жоққа шығарған. Атқару билінгі тек заң шығарушының құралы деп
санаған.
Құқықтық мемлекет теорияның философиялық негізін И. Кант
қалыптастырып дамытты. Ол мемлекеттің құқыққа сүйенуі қажеттігін негіздеді.
Мемлекет құқықтың заңдарға бағынатын көптеген адамдардың бірлігі, онда
халық өзі үшін шеше алмаған мәселені заң шығарушының шешуі мүмкін еместігі
қағидасы әрекет етеді. Егер мемлекет осы қағидадан, адам құқықтары мен
бостандықтарын сақтаудан бас тартатын болса, заңдарды қорғауды қамтамасыз
етпесе өз азаматтарының құрметі мен сенімінен айырылады. Иммануиль Кант
билікті жіктеуді мемлекеттік билік идеясынан логикалық қажеттілікпен
шығатын сананың қатаң талабы ретінде қарастырған. Заң шығару, атқару және
сот биліктері дербес субъект болса да, жиынтығында бір тұлға – мемлекет
құрады. Құқықтық мемлекет қағидасы ретіндегі билікті жіктеу сананың талабы
және өмірдің практикалық ұйымдастыру мақсаты.1
Г. В. Гегель бостандық идеясы билікті тиісті бөлу (заң шығарушы,
үкімет, мемлекет басшысы) жағдайында ғана жүзеге асады деп есептеді.
____________________
1Кант И. К вечному миру. Сочинения в 6- ти томах. Т.6.М.:Мысль, 1966. С.72.
Билікті жіктеу көпшілік бостандығының кепілі қызметін атқарды, бассыздыққа,
құқықсыздыққа, құқықтае тыс күш қолдануға қарсы тұрады.1
Құқықтық мемлекет ілімінің философиялық мағынасын И. Кант енгізген.
Құқықтық мемлекет деген термин, ілім 19- ғасырдың басында пайда болған.
Канттың түсінігінде құқықтық азаматтық қоғамда құқықтық заң жоғары
дәрежеде болуы керек.
Кант құқықты- табиғи идеологияны мазмұндаған кезде 4 жағдайға бөлген:
а) әрбір адамның, жеке тұлғаның өз құқығы, оның қызметі есептелмейді.
ә) келісім – мемлекеттік құрылымның негізі. Келісім бойынша барлық
заңдар бағынбайды.
б) нақты құқықтың тәуелділігі (норма, адамдардың өздерінің
шығарғандары)
в) табиғи құқықтың нормаларының тұрақтылығы.
Жоғары құқықтық тәртіп құрылымында халық қатысады. Кант Руссодан кейін
халықтың егемендік идеясының өсуін көтерген.
Ресей ғалымдарының айтуы бойынша, құқықтық мемлекет – басты міндеті,
сол мемлекеттік құқықты қорғау және жеке тұлғаның ерекшелігі, сол себептен
олармынадай қағидалардан тұрады:
а) азаматтық қоғамның бар болуы (жекешеленуі);
ә) заң жоғарылығы;
б) мемлекеттік биліктің жіктелуі;
в) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы;
г) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі;
е) қоғамның құқықтық санасы мен мәдениеті және оның жоғары дәрежесі;
ж) соттың тәуелсіздігі;
з) антимонополистік құрылымның бар болуы.
_____________________
1Гегель Г. В. Ф. Философия права. М.,1956. С.187.
Құқықтық мемлекеттің іскерлігі барлық субъекті үшін өзара
жауапкершілік байланыста және құқықтық теңдікте қажет. Сондықтан құқықтық
мемлекетте субъектінің әрекеттері қағидалары мыналар болдады:
а) тек заңда көрсетілгенге рұқсат қағидасы – мемлекеттік органдар
мен лауазымды тұлғаларға;
ә) заңмен шектелмегендердің барлығына рұқсат қағидасы -
құқықтың басқа қалған субъектілеріне, жалпы азаматтарға, заңды тұлғалар
және басқа да шаруашылық субъектілері үшін.
Құқықтық мемлекеттің мақсаты – адам мен азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын толық қамтамасыз ету, сонымен қатар билікті теріс
пайдалануға, диктатура мен деспотияның қайта тууына қарсы әрекеттер жасауға
және ондай жағдайларды туғызбау үшін мемлекеттік биліктің құқығы арқылы
көмегімен байланысты.1
Осыған орай, В. С. Нерсесянцтың пікірімен санасуымызға болады:
Құқықтық ұйымның мемлекеттік билігі құқықтық статуспен құқықтық жағдай,
саяси қоғамның жүйесіне байланысты дейді.
19- ғасырдың екінші жартысында құқықтық мемлекет идеясын либералдық
орган құрған. Олардың ойынша жеке тұлғаның бостандығы мен құқық бостандығы,
шыдамдылығы, конституциялық саяси билік, билік бөлінуі, жеке меншіктің
дамуы қолға алынуы керек.
Құқықтық мемлекет идеясы заңнама ілімінде көрініс береді, әсіресе осы
ХХ ғасырдың басында дамып отыр. Құқықтық мемлекет идеясы іс жүзінде әр
түрлі саяси режимдерде сыйынды. Бұған дәлел 19- 20 ғ.ғ. Германия да өзіне
құқықтық мемлекет статусын меншіктемеген бір де бір саяси құрылым қалмады.
Бисмарк заманындағы неміс мемлекеттері де Вейма республикасы да, Гитлердің
фашистік режимі де өздерін осындай деп жариялады. Қазіргі Германияның
Негізгі заңында (28- бап, 1- бөлім) негізгі
___________________
1Венгеров А. Г. Теория государтсва и права – Москва: Новый юрист, 1998,
С.328.
принципі әлеуметті – құқықтық мемлекеттің жолын ұстаушылық нақтыланды
(растанды).
Құқықтық мемлекеттің теориялық ілімдерін М. А. Рейснер және В. М. Гессен
зерттеген. М. А. Рейснер құқықтық мемлекет заң – норма, биліктің өзіне
міндеті болған кезде пайда болады, деп жазған. В.М. Гессен үшін құқықтық
мемлекет құқығына тармдарына байлансыты. ХХ ғасырдың екінші жартысында
құқықтық мемлекеттің жалпы түсінігі қалыптасты. Құқықтық мемлекетте
экономикалық тұрақтылық, әділеттік және бостандық іске асырылуы керек. Осы
идея арқылы біз халықтың қоладуына ие боламыз, яғни осыдан келе халық
егемендігі шығады. Осы игі мұратты ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
дамуды қолға алуға міндеттіміз.2
Биліктің жіктелу теорясын тұжырымдаған аталған ғалымдардың
көқарастары кейінгі кезеңдегі құқықтық мемлекеттілік туралы теориялық
бастауларға ғана ықпал етіп қана қойған жоқ, сонымен бірге ерте
буржуазиялық конституциялық заңдар жүйесінің қалыптасуына және мемлекеттік-
құқықтық практикаға да үлкен әсерін тигізді. Алғаш рет теориялық
тұжырымдамалар заңда 1787 жылғы АҚШ Конституцясында көрініс тапты. Бұнда
халықтың егемендігін жариялаумен қатар, мемлекеттік органдардың өкілеттігін
бөлу жолымен билікті ұйымдастырушылық- құқықтық жіктеу енгізілді, әрі ол
тежеу және қарсы салмақ көрсету жүйесімен толықтырылды. Бұның ықпалы
француздық 1789 жылғы адам және азамат құқықтары декларациясында да анық
көрінді. Құқықтарды пайдалану қамтамасыз етілмеген және билік жіктеу
жүргізілмеген қоғамның Конституциясы болмайды.- деп жазылады Декларацияның
16- бабында.3 Билікті жіктеу концепциясы батыс демократиясы
конституцияларын қалыптастыру және мемлекеттік аппаратты құрылымдық бекіту
барысында басқарушы бастау қызметін атқарды.
_____________________
1Козлов В.А., Ливанцев К.Е., Теория государства и права. Москва, 2000.
С.124.
2Четвернин В.А. Понятие и термин правового государстваГосударство и
право,1996.№8.С.73.
3Декларация прав человека и гражланина Источники по Истории политических
правовых учений.М.,1987.С.25.
2-бөлім. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ,
МӘНІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ.
2.1. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ.
Құқықтық мемлекет – адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын
барынша толық қамтамасыз етуге жағдай жасайтын, мемлекттік билікті құқық
көмегімен шектейтін саяси билікті ұйымдастыру. Құқықтық мемлекет идеясы
бассыздыққы қарсы құрал ретінде, деспотизм мен тиранияға қарсы реакция
ретінде қалыптасқан. Ол гуманистік бастауларды, әділеттілікті бекітуге
арналған әлеуметтік құндылықтардың біреуі ғана емес, сонымен бірге жеке
тұлға бостандығын, ар- ожданы мен намысын қамтамасыз етудің құралы,
халықтық биліктің өмір сүруінің нысаны. Құқықтық мемлекетке сипаттама
барысында оның өзіндік ерекешелігіне қарамастан мемлекет ретінде
қалатындығын естен шығармау қажет. Құқықтық мемлекет көпшілік (жария)
билігіне ие, оның арнаулы басқару және мәжбүр ету аппараты болады, оларды
ұстап тұру үшін халықтан салық жиналады, бюджет қалыптастырылады.
Мемлекеттің негізгі белгісі ретіндегі егемендікке ие болады. Құқықтық
мемлекеттегі мемлекеттік биліктің егемендігі ел ішінде барлық азаматтарға
және олардың құратын мемлекеттік емес ұйымдарына қатысты жоғарылықпен,
сыртқы саясатты жүргізудегі өзге мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан
тәуелсіздікпен сипатталады. Осы тәріздес белгілері ұқсас болғанымен де,
құқықтық мемлекеттің жай мемлекетке қарағанда айырамшылықтары болады: 1.
Мемлекетте билік шексіздігімен сипатталса, құқықтық мемлекетте құқық
үстемдігі танылады, 2. Мемлекет қоғамнан алшақ кетсе, құқықтық мемлекетте
азаматтық қоғам мемлекет әрекетін бақылап отырады, 3. Мемлекет өз тарапынан
азаматтарға бассыздық пен күштеуден қорғауға толық кепілдік бермесе,
құқықтық мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары шынайы қорғалады.
Құқықтық мемлекеттің этаистік мемлекеттен принципті айырмашылығын
көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады:
1.Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір
лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда құқықтық прициптер және
нұсқаулармен байланысты, өздерінің барлық шараларын солармен
сәйкестендіреді. Құқықтық нлрмалар жұртшылыққа ғана емес, сондай- ақ
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық
шегінен кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер этаистік
мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі
және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көзқарасқа құқықтық
мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та келеді.1
2.Құқықтық мемлекет құқық пен заңның арасындағы этаистік мемлекетке
тән мұндай үлкен қарама- қарсылықты білмейді. Онда мемелекеттік органдардың
барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және
рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекешеліктері, қолдану сипаты, тәртіп
бұзушылықтың жүзеге асуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлерніе
сай келеді. Заң құқықтық прициптердің жүйелілігіне негізделеді, одан
қалмайды. Мемлекеттік ограндардың құқыққа қарсы нормативтік актілер
қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялаумен
ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті
түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және
қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне
айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты
жүзеге асыру бағытындағы қызметі приоритеттіктің қатарына жатады, қағаз
жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал
этаистік мемлекетте оның
_____________________
1Козлихин Ю.И. Идея правового государства. История и современность. С.-
Петербург,1993.
қоқыстарын ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатынастың
әрбір субъектісі мемлекеттің органдардың қлоданылып жүрген нормативтік
актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен (басқаша
болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын
жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың
құқыққа деген менсінбеушілік қатынасының таруына кедергі жасайды.
4.Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің
нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясын сақтау болып
табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады,
әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне
байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық
бастауларының пирамидасын жоғары заң күші бар конституция құрайды. Басқа
ешқандай құқық бастаулары тура немесе жанама мағынасында конституцияның
принциптері мен нормаларына қарама- қайшы келе алмайды. Керісінше,
мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да
бастаулары конституцияны еске алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және
дамытуы тиіс. Конституциялық және кәдімгі заңдар соған байланысты түзіледі,
ал заң пирамидасының келесі қабатарын мемлекет басшысының актілері,
үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министрліктер мен ведомстволардың
бұйрықтары мен нұсқаулары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың
актілері, құқықтық әдет- ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатынастардың басқа
субъектілерінің мәртебесі былайша реттеледі, біріншіден, олардың қалыпты
тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді
қамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін
қалыптастырады; екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас
болуды және міндеттер жүйесінің теңбе- тең
болуын міндеттейді; үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң
кепілдіктерімен бекітілген. Қоғамдық қатынас субъектілерінң теңдігін
олардың бір түрі шегінде, таптық ұлттық, рулық- топтық және басқа
жеңілдіктер және олардың біреуінің басқалардың мұндай жеіңлдіктер мен
артықшылықтан айырлып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге тырысуы
көрініп тұр.
6.Барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар мен құрылымдарды заңды
деп тану – құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда
жергілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымдар аз
кездеседі. Егер алда- жалда ондай болатын болса, онда ұзақ уақыттіршілік
етуге, және жұмысынтабысты жүргізуге перспеткивасы болмайды және, жеңуге
болмайтын қиындықтарға кездескен соң өзі де сахнадан тез-ақ кетеді.
Инстиуттар мен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелер мен
процедураларды сақтаған заңның неізінде құрылады, және олардың мақсаты,
міндеті, қызмет етуінің нысаны мен әдісі ресми түрде тәптіштеліп,
регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп танудың тіркеу, рұқсат ету
немесе лицензиялық тәсілін үйлесумен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік
органдардың бақылау-ревизиялық өкілеттігін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz