Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
Мазмұны
Кіріспе
I. Тауар мен қызмет, өндіріс факторының нарығы
1.1 Тауар биржалары
1.2 Көтерме және бөлшек сауда орындары
1.3 Аукциондар, жәрмеңкелер, делдал фирмалар
ІІ. Қаржы нарығы
2.1 Банктер
2.2 Қор биржалары
2.3 Сақтандыру компаниялары
ІІІ. Еңбек нарығы
3.1 Еңбек биржалары
IV. Ақпараттық нарық
4.1 Ақпараттық орталықтар
4.2 Жарнамалық агентіктер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Нарық дегеніміз – тауарларға сіңген еңбектің қоғамдық сипатын
айқындайтын және тауарларды өткізуді жүзеге асыратын айырбас сферасындағы
қатынастардың жиынтығы, ал нарықтық инфрақұрылым - бұлерекше нарықтар
негізінде әрекет етіп, олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
институттардың өзара байланысының жиынтығы, нарықтық экономика
объектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен олардың белгілі бір нақты нарықтық
кеңістіктегі бірілігін қамтамасыз ететін қызметтер бірлігінің жиынтығы.
Нарықтың дамыған инфрақұрылымы дамыған үрдіс. Оның қалыптасуы нарық
экономикасына қатысушылардың бірнеше буындарының қажырлы еңбегінің
нәтижесі.
Нарық – сұраныс пен ұсыныстың баға арқылы өзара қарым-қатынасы.
Экономикалық теория сұраныс, баға және ұсыныс арасындағы байланысты
білдіретін түрлі жобалар жасап, оларға жеке факторлардың ықпалын зерттейді.
Онымен бірге нарықты ұйымдастырудың нақтылы формаларын зерттеу
қажет.Нарықтың нақты формалары төмендегі элементтерден тұрады:
1.Нарықтар. Қазіргі уақытта рыноктар жүйесі қалыптасты.Олар аумақтық
(территориялық) белгісі бойынша жергілікті, аумақтық, салалық, ұлттық және
халықаралық түрлері бойынша капитал, ресурстар,еңбек және валюта нарықтары
болып бөлінеді.Сонымен қатар “мемлекеттік”, “монополиялық” және “еркін”
нарықтар бар.Мемлекетік нарықтың басқа рыноктар үшін маңызы зор, себебі
онда күні бұрын тағайындалған баға, Нарық процесіне бірнеше факторлар
әсерін тигізеді.Қысқа мерзімде әсер ететін факторлар:баға дәрежесінің
өзгеруі, тауар запастарын ауыстыра білу, тұтынушылардың ақшалай табысын
реттеу.
Ұзақ мерзімде осы аталған факторлардың өзі қоғамдық еңбек өнімділігі
динамикасына, қоғамдық өндірістің тиімділігіне, экономиканың жалпы алғанда
пропорционалдық дәрежесіне, жеке тұтыну құрамындағы өзгерістерге
байланысты.
2. Рынок инфрақұрылымына халық шаруашылығының ерекше саласы сауда
(көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукциондар,
жәрмеңкелер, тауар биржалары) жатады.
3. Рынок институттары – коммерциялық банктер, қор биржалары, сақтандыру
компаниялары, аудиторлық фирмалар, еңбек биржалары, заң кеңселері,
информациялық орталықтар, жарнама бюросы.Рыноктың дамыған
инфрақұрылымы экономикалық үрдіс.Оның қалыптасуы нарық экономикасына
қатысушылардың бірнеше буындарының қажырлы еңбегінің нәтижесі.
І. Тауар мен қызмет, өндіріс факторының нарығы
Нарықтың инфрақұрылымының үш түрін бөлу қабылданған: тауар және қаржы
мен еңбек нарығы.
1.1.Тауар биржалары
Елдің экономикасында тауар нарығы үлкен үлеске ие, себебі экономиканың
басты мақсаты – адам қажеттілігін қанағаттандыру, ал бұл мақсатты тікелей
жүзеге асыратын – тауар нарығы.
Тауарларды сатудың мәні, егер оны екі аспектіде қарасақ, толық ашылады:
• біріншіден, тауар айырбасының нысаны ретінде;
• екіншіден, инфрақұрылымдық кешені санасы ретінде.
Мұндай әдіс – амал әрбір экономикалық категория, процесс, құбылыс үшін
олардың қоғамдық ұдайы өндіріс жүйесіндегі орны мен рөлі көзқарасына, сол
сияқты экономика салаларының жүйесінде шаруашылық бәсекелестік іс - әрекет
көзқарасына да негізделген.1
Енді схема түрінде тауар нарығының орналасуын, оның жүзеге асуына
қажет қызмет көрсетуші элементтердің және реттеу органдарын қарастырайық.
1 - схема.Тауар нарығының инфрақұрылымын орналастыру.
Өркениетті нарықтық экономикада өндірістік құралдардың көп бөлігін
өндірушілер тікелей тұтынушыларға сатады.Бірақ біздің экономикада көп
жылдар бойы қалыптасқан тапшылық жағдайында өндірушілер мен тұтынушылардың
шаруашылық байланыстарына сүйену, серктерді еркін таңдау, келісілген еркін
баға қолдану – осы барлық факторлар бартердің пайда болуына әкелді, соның
салдарынан ақша бірлігіне деген сенімді және оған деген қызығушылықты
жоғалтты.Сонымен қоса, саяси ойындар, кеден кедергілерін қолданып, аймақтар
және бұрынғы Одақтың мемлекеттерінің арасындағы күрес, әлі сақталған
өндіріс монополизмі, ақша айналымы.2
Жасалған мәміле айналымы Тауар
биржасының саны
Тауар нарығының инфрақұрылымы тауар биржаларымен, бөлшек және көтерме
сауда кәсіпорындарымен, жәрмеңкелермен, биржалық емес сипаттағы делдал
фирмалармен көрсетілген. Осыдан көрініп тұрғандай классикалық нарықтық
инфрақұрылымының негізгі элементтері болып сауда торы, биржалар, банктер
енеді.
Сонымен қатар нарықтың табысты қызмет етуі – жарнамасыз, ақпаратсыз
және консультативтік қызметсіз, бақылау және ревизия мекемелерінсіз мүмкін
емес. Енді соларға тоқталайық:
Жарнама – бұл тауар мен қызметтер туралы ақпараттарды оларға
сұранысты көбейту мақсатымен тарату (латын тілінен – reclamo –
айқайлаймын).
Ол тауар өндірісі дамуының алғашқы кезеңінде – ақ пайда болған.Ежелгі
Греция мен Римде коммерциялық сипаттағы хабарлар ағаш, мыс және сүйек
тақталарға жазылып, қалалық жаршылармен қатты дауыстап оқылған.ХХ ғасырдың
басында жарнама бәсекелестік күрестің негізгі құралдарының бірі болып
табылады.70-шы жылдардың ортасынан бастап жарнама агенттерінің кең торымен
жарнамалық бизнестің индустриясы бекітілді, ал жарнаманың өзі басқарудың
жаңа жүйесінің элементі мен маркетингтің негізгі бөлігі ретінде
қарастырылады.
Консалтинг (ағылшын тілінен consultino – кеңес) – коммерциялық
бастауларда маманданған фирмалармен іске асырылатын бақылаушылық кеңес
беру.Тауарлар мен қызметтер, лицензиялар, ноу-хау нарықтарын зерттеу мен
болжау бойынша қызмет етеді.Сонымен қатар заңға байланысты қызметтерде
ұсынылады.Фирмалар өздерінің мамандарын ұстауға қарағанда бұндай кеңестерді
төлеу арзан болғандықтан консалтингті кеңінен қолданылады.
Аудиторлық компаниялар (ағылшын тілінен auditor – ревизор) – бұл
фирманың бизнес аясындағы мүмкіндіктерін бағалау мақсатымен оның қаржы –
шаруашылық қызметінің комплекстік ревизиясын іске асыратын ұйым.Әдетте
аудиторлық компаниялар акционерлік компаниялардың қызметтерін бақылауға
мемлекет органдардан арнайы уәкілдік алады.
ІІ. Қаржы нарығы
Қаржы нарығының инфрақұрылымының құрамына қор және валюта биржалары,
банктер, сақтандыру компаниялары мен қорлар жатады.
2.1. Банктер
Банктер немесе сондай институттар өте ертеректе пайда болған. Египетте
банктік операциялар біздің заманымыздан бұрын 2700 ж.жүзеге асырылған.
Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған.Осындай
делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын ақша әкелетін қызмет етуші
капиталдарға айналдырады.
Қазіргі банк ісінің қайнар көзін ең алдымен Италиядағы орта
ғасырлық айырбаспен айналысушылар қызметінен іздестірген жөн.
Банк ұғымы Италияның “banco”(“айырбас орын”,”ақша үстелі”) деген
сөзінен шыққан.Қазіргі түсініктегі алғашқы банк Италияда 1407 ж.Генуеде
пайда болған. ХII ғ. Италияда алғашқы вексель пайда блоды.ХV ғ. Ең ірі
танымал болған банк Флоренциядағы Медичи банкі болды.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.Өз
қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен
міндеттемелерді жасады, клиенттердің саылмдарын қабылдау банк депозит деген
жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап
қояды.
Банктер атқаратын қызметіне байланысты екіге
бөлінеді:эмиссиялық және эмиссиялық емес.
Эмиссиялық дегеніміз – айналысқа ақша белгілерін эмиссиялау
(шығару) құқығы берілген орталық банктер.Кейбір елдерде оларды ұлттық,
халықтық, резервтік деп атайды.Қазақстанда ондай банк Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі деп аталады.Орталық банктің басты міндеті –
айналысқа ақша шығару, банктер арасында ақша тауарларын сату, банк
жүйесінің эмиссиялық несиелік және есеп айырысу қызметтерін басқару болып
келеді.Ол екі деңгейлі банк жүйесінің ең жоғарғы буыны болып
табылады.Мемлекет эмиссиялау құқығын тек бір ғана банкке (Орталық) береді,
себебі ақшаны эмиссиялау құқығын бірнеше банкке беруден елдегі ақша
айналымын реттеу мүмкін емес.Эмиссиялық банк басқа банктер иелене алмайтын,
ірі қаражатты иеленеді.Оның пассиві айналыстағы нақты ақшадан, бюджеттік
қаражаттардан тұрады.Бұл жағдайда оған барлық банктерге көмек көрсетуге
және олардың қызметтеріне жетекшілік етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда
эмиссиялық банк Ұлттық банк болып табылады, ал қалған банктер, оның ішінде
коммерциялық банктер – эмиссиялық еместерге жатады. Оардың айналысқа ақша
шығаруға құқығы жоқ, бірақ өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет
көрсетуге байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың
барлық түрлерімен айналысады.Олардың ішінде ең маңыздысы:уақытша бос
ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту несиелеу қолма-қол
ақшасыз есеп айырысулар бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және
т.б. жатады.
Орталық банк – бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез
келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына
тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк –
бұл “банктердің банкі”. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар
жүргізбейді, оның клиенттеріне – коммерциялы банктер және басқадай
мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және
реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған
буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әртүрлі
секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын
жанама әрекет етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Сонымен, Орталық банктің негізгі міндеті – ұлттық ақша өлшемінің
төлем қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрлаулығын қамтамасыз ету, банк
жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен
сенімділігін қамтамасыз ету.Осы міндеттерді атқару үшін Орталық банк
мынадай негізгі қызметтерді атқарады:банкноттарды монополиялы түрде
эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономикалық
қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі.
Осы аталған қызметтер Орталық банкінің балансында көрініс табады.
Орталық банктің ең алғашқы қызметі – ежелден қалыптасқан
мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде - банкноттар шығару. Ол – елде төлем
міндеттемелерін өтейтін, халық қабылдаған жалпы ұлттық төлем құралы. Көп
елдерде монетаны қаржы министірлігі соғып, Орталық банк оларды номиналымен
сатып алады.Бұл жағдайда монетаның өзіндік құнымен номинал құнының айырмасы
мемлекеттік бюджеттің табысы болып саналады. Сөйтіп Орталық банк сатып
алған монеталарды өзі шығарған банкноттармен қосып айналымға түсіріді.
Орталық банктің ақша-несиелік реттеу қызметі.Экономиканы ақша және
несие әсер ету жолымен реттеу – үкіметтің экономикалық саясатының құрамдас
элементі. Оның негізгі мақсаты экономикалық өсудің тұрақтылығына, инфляция
мен жұмыссыздықтың төменгі деңгйіне және төлем балансының тепе-теңдігіне
қол жеткізу болып табылады.Оның несиені арзандату мен өндірісті ынталандыру
әрекеті, әдетте, шаруашылықтың бірқалыптылығын бұзып, инфляцияны күшейтеді.
Ақша массасын қатаң реттеу саясаты ойдағыдай нәтижеге жеткізбейді, себебі
инфляция тек ақша қатынастарымен тежеуге мүмкіндік бермейтін көп факторлы
процесс болып табылады.Валюта дағдарысы және валюта курсының төмендеуі
кезінде орталық банк төлем балансын пайызды жоғарылату мен елге капитал
тарту жолымен жақсартуға ұмтылады. Бірақ несиені қымбаттату өндірісті
өрістетуге кері әсерін тигізеді.
Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі – ол орталық банктің
мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және бақылау органы болуы. Ол –
ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми
алтын валюта резервін басқару жөнінде операциялар жүргізу; халық аралық
есеп айырысу, төлем балансын реттеу; елдегі және одан тыс жерлердегі
валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу
және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы бойынша Қазақстан
Республикасының Ұллтық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және
республикамыздың банк жүйесінің жоғарғы деңгйі болып табылады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен,
басқа да құндылық материалдардақ құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар
заңды тұлға.мүліктің қүұралу көздеріне – банк ісінен түскен табыстар,
бағалы қағаздардан түскен табсытар және сәйкес бюджеттерден түскен
дотайиялар жатады.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық
банкінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемелекетке тиесілі (немесе мемелекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет –
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге
тиесілі басқа қаражаттардан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар
құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы солжылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады.Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
құндарының бір бөлігі жатады.Пайданың жарғылық, резервтік және басқа
қорларды құрғаннан ақалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық
банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті –
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге
көмектесу;
- банктік және басқа несилік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік
инструқциялауды нормативтік актілерді шығару (барлық банкілерге
міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау,ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғыл операцияларды жүргізу ережеле ыми-зерттеу және аналитикалық
жұмыстар жүргізу;
- валюталық рін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу
және т.б.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі
секторларында қызме ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Оар
кәсіпкерлік тәжірібиесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды
орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде
әдеттегідей негізгі базалық буын рөлін атқарады.
Комерциялық банк термині банк ісінің ертеректегі даму
кезеңінде,банктердің сауда,тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне
қызмет қызмет көрсетуі барысындапайда болды.Негізгі клиенттері саудагерлер
болғандықтан, коммерциялық банк деген атуға ие болды.Коммерциялық банктер
нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекемелердің тобын білдіреді.Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне
200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір.
Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдалы рөлін атқарады.Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда
әкеледі.Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналым құралы қызметі мен
өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз
әкеледі.Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады.Бұл кейде
ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның
өзінде де мүмкін болады.Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік
операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін
емес.Коммерциялық банктер өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе,
екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады.Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға
жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банктік несие – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны
ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде, ол нақты қарыз
алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне
мүмкіндік береді.Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғалғанда,
несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын
айта кету керек,яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және
басқару жйелері өзгеруде.Коммерциялық банктердің мындай бастапқы қызметтері
бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге
асыру, несие беру.Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан
айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып
табылады.Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ
талап етуге дейінгі салымдар түсіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі
экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып,
экономиканяң өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің
жетіспеушілігі және өте жоғарғы пайыз мөлшерлемесінің тұсында өндірісті
кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер
тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа
қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті
емес.Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды рөл атқарады.
Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша
бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несеи түрінде оларды бере отырып,
халық шаруашылғының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем
құралдарын жасайды.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың
салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Комерциялық банктер қарыздық және инвестициялы операциялар арқылы өздерінің
әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Соңғы уақыттарда коммерциялық банктер белсенді түрде өзеріне дүстүрлі
емес операцияларды жүзеге асыра отырып, үнемі қызмет аумағын кеңейтеді және
клиенттерге көрсетілтін қызмет түрлерінің свапасын арттырады. Бұл - әмбебап
несиелік мекемелер. Сондай-ақ жоғарыда айтып өткендей өз клиенттеріне бір-
екі қызмет түрін көрсетуге бағытталған маманданған банктер бар.Банктердің
мамндануының басқа типі белгілі бір клиенттер категорияларына ғана қызмет
етуге, яғни, салалық тұрғыдан мамандануы тиіс. Банктердің функционалдық
мамандануы біршама анық бейнеленеді, себебі ол міндетті түрде банк
қызметінің сипатына ықпал ете отырып, активтері мен пассивтерінің қалыптасу
ерекшеліктерін, клиенттерімен жұмыс жасауды ұйымдастыру ерекшеліктерін
анықтайы. Ондай типтерге инвестициялық және инновациялық, ипотекалық жинақ
банктері және т.б. жатады.
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай
қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа
да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге
маманданған.Ивестициялық басынан кешкен кәсіпкерлер мен ұзақ мерзімге
қаражат салушылар арсындағы делдал болып келді. Инновациялық банктер де
инвестециялық болып табылаы, бірақ олар технологиялық жаңалықтарды жасау
және игеру үшін ғана несие береді.
Ипотекалық банктер жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала
отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер
пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да
бағалы қағаздарды құрайды.
2.2. Қор биржалары. Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық
жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің
формаларын қолдануды міндеттейді.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін
қажетті жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні,
оның экономикадағы мынадай атқаратын қызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды щоғырландыру, сұраныс пен
ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған капиталды
қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта
бөлу процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.
Ол қаржы және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып,
экономикалық дамудың қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын
инвестициялық процеске ықпал етеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды түрде
құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арсындағы жеке сенімнің
болуы;
- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарынң қор
биржасының әкімшілігі және аудиторлармен қатаң түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесіндеқор биржасында бағалы
қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады.Ондай
артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген
мүмкнідік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол
немесе басқа қағаздардың мүмкіндіктерінтура бағалау және т.б.Сөйтіп бағалы
қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен бағыттағыш рөлін
атқарады.Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы бар акционерлік
қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: біріншіден, болашақ
клиенттер және ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет,
яғни қор биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды
қалай құру және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешушу керек;
екіншіден, қор операцияларын жүргізудегі делдалдар (брокерлер мен дилерлер)
жүйесін қалыптастыру қажет; үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын
биржалық механизмнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz