Қос сөз



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе: Күрделі сөздер жайында жалпы түсінік.

2. Негізгі бөлім

2.1 Біріккен, қосарланған, тіркескен, қысқарған сөздер.

2.2 Күрделі зат есім.

2.3 Күрделі сын есім.

2.4 Күрделі сан есім.

2.5 Күрделі етістік.

2.6 Күрделі үстеу.

2.7 Күрделі сөздердің семантикалық сипаты.

3. Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Күрделі сөздер жайында жалпы түсінік.

1. Екі я одан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер
күрделі сөздер деп аталады. Мысалы, бойжеткен, елтаңба, әнұран, әнтаспа,
әуежай, жазбапікір, жылыжай, қонақүй, ауыз ашар, шағын кәсіп, аш-жалаңаш,
бау-бақша, бизнес-жоспар, бизнес-орталық, ғалым-хатшы, Қазақтелеком, АҚ
т.б.Күрделі сөздер қанша сөзден құралса да, бір сөз болып саналады, бір
сөздің қызметін атқарады. Көпшілік жағдайда олар екі сөзден тұрады, яғни
күрделі сөздің құрамында екі сыңар болады. Алайда, екіден көп сөзден құрала
береді. Мысалы, Екібастұз, Кемпірөлген Ащысай сияқты мысалдар – оның құрамы
үш, төрт сөзден құралуы мүмкін.Қазақ тілінде күрделі сөздер кең орын алады.
Күрделі сөздер барлық сөз таптарында бар. Мысалы, Ақ орда, ас үй, әуе
серігі, жол сілтеуші, құрбан айт, нағашы жұрт деген күрделі сөздер – зат
есім. Түлкі тымақ, қызыл шырайлы, орта бойлы, қыр мұрынды, қара мұртты, ащы
судай- сын есімдер. Жеті-сегіз, жүз алпыс жеті – сан есім. Кейбір, бірнеше,
әлдебір, әлдекім – есімдік. Алып кел, барып көр, кіріп шық- етістік.
Таңертең, жаздыгүні, зорға-зорға- үстеу. Жалт-жұлт, қылтың-сылтың, т.б-
еліктеуіш. Күрделі сөздердің барлық сөз таптарынан орын алуы оның тілге кең
таралғанының көрсеткіші ретінде қаралу керек, яғни тіліміз күрделі сөздерге
бай. Бұл жалғыз қазақ тілінің көрсеткіші емес, дүние жүзі тілдеріне тән
құбылыс. Ол туралы ғалым А.А Пашковский былай дейді: Күрделі сөздер түрлі
тілдердің лексикалық системасынан орын алады. Кейбір тілдерде сөздерді
біріктіру қосымша тәсіл болып, оның нәтижесі елеусіз болады да, сөздіктің
периферия бөлімінен орын алады. Келесі бір тілдерде ол өте кең тараған,
негізгі тақырыпқа жатады. Соңғы топтағы тілдерге жапон тілі жатады.
Лексикадан алатын сөздің типіне қарап, оны күрделі сөздің тілі деуге
болады.

Ф.А Ганиев күрделі сөз неміс, ағылшын, жапон, хинди, славян
тілдерде көп қолданылады деп санайды. Түркі тілдердің ғалымдары, оның
ішінде қазақ тілінің ғалымдары да, түркі тілдерін де күрделі сөзге бай деп
таниды. Түркі тілдердің ең көне жазба ескерткіштері саналатын орхон
жазбаларында кісі аттары мен жер-су атауларында күрделі сөздер жиі
кездеседі, ол дәстүр қазір де сақталған. Мысалы, Әубакір, Бөкейхан,
Жантөре, Қызылорда Талдықорған, Ақмола, Ақтөбе, Ащысай т.б. Қазақ тілінде
күрделі сөздердің сыңарларын байланыстыратын басқа тілдердегідей (орыс
тілі)арнайы қосымша жоқ. Күрделі сөздердің ішкі сыңарлары бір-бірімен орын,
мағына арқылы байланысады. Мысалы, алпыс бес, жүз елу екі, қызыл ала,
Алатау, Қаратау деген күрделі сөздердің құрамындағы сыңарларды
байланыстырған қосымша жоқ.

Күрделі сөзге әр ғалым әртүрлі анықтама береді, бірақ солардың бәрінде
күрделі сөздердің екі не онан да көп сыңарлардан жасалатынын бәрі де
дәлелдейді. Бұл- ғалымдардың бәріне ортақ пікір. Оны қазақ тілі деректері
де растайды. Сондықтан күрделі сөздердің негізгі белгісінің біріне оның
күрделі құрылымы жатады, сол арқылы ол дара сөздерден ерекшеленеді.
Мысалы, қара торы, отыз екі, келіп кет, елбасы, қоян жүрек, аққу(құс),
темір жол, жер серігі, тау жуа, ұшан теңіз, түн- тотысы, таң намаз,күні
кеше, ой-пікір, ата-ана,оқ жылан, май шабақ, қожа- молда т.б. Күрделі
сөздердің құрамы оны ажырататын негізгі белгі болып саналады.

Қазақ тіл білімінде болсын, басқа тіл білімдерінде болсын күрделі сөзге
берілген анықтамаларында күрделі сөздің құрамындағы сыңарларды сол сөзді
құраушы, жасаушы бірліктер деп атай отырып, ол сыңарлардың мағыналары
кірігіп, біртұтас мағынаға көшетінін ерекше атап отырады. Атап айтқанда,
күрделі сөздің негізгі белгілерінің біріне оның құрамындағы сөздердің
мағына бірлігі, тұтастығы жатады. Күрделі сөз бен дара сөздің екеуіне де
ортақ қасиет, белгі бар. Бұлардың екеуі де лексикалық мағына береді. Дара
сөз қандай лексикалық мағыналы бірлік болса, күрделі сөз де сондай
лексикалық бірлік тобына жатады, өйткені олардың әрқайсысының лексикалық
мағынасы бар. Осы мәселеде күрделі сөз дара сөздің әр түрімен тең бола
алады. Қазақ тілінде дара сөзге негізгі түбір, туынды түбір сөздер қандай
лексикалық мағыналы сөздер болса, күрделі сөздер де сондай лексикалық
мағыналы сөздер болып саналады. Тек дара сөздер мен күрделі сөздер құрамы
жағынан ғана бір-бірінен ажыратылады. Сөз ретінде дара сөздің де, күрделі
сөздің де тілде атқаратын қызметі бірдей, өйткені олардың қайсысы болса да,
дербес сөздерге жатады, тілде лексикалық бірлік тобын құрайды. Сондықтан
күрделі сөздің лексикалық мағынаны білдіруі оның екінші белгісі болып
табылады. Күрделі сөздердің сыңарлары қалай болса солай, кез келген сөзден
жасала бермейді, оның өзіндік заңдылықтары бар. Біріншіден, күрделі сөздің
құрамындағы сыңарлар мағыналық қатысы бар сөздерден құралады. Екіншіден,
күрделі сөздердің сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Күрделі сөздің
мағынасын жасайтын оның сыңары толық мағыналы дербес сөздер болуы керек.
Бұл мәселе дүниежүзі тілдерінің басым көпшілігінде танылған, тек түркі
тілдерінің кейбірінде ғана бірлі-жарым жеке пікірлер кездеседі. Бірақ жалпы
тіл білімі көлемінде күрделі сөздер толық лексикалық дербес сөзден жасалады
деп саналады. Осы пікірдің дұрыс екендігін қазақ тілінің деректері де
растайды. Мысалы, сан есім, негізінен күрделі сандардан тұратыны белгілі.
Қазақ тілінің байырғы сандары жиырма дара негізгі саннан тұрады. Ал оған
миллион, миллиард деген 2 кірме сөзді қоссақ, небәрі 22 дара сан бар,
осылар арқылы қазір миллиардқа дейінгі сан атаулары жасалған, олардың бәрі
күрделі сандар, осыншама күрделі сандардын бәрінің сыңарлары дербес
мағыналы сан атауларынан жасалған. Бұл барлық басқа сөз таптарына да
қатысты. Мысалы, алтыбақан, қайнаға, белбеу, қарлығаш (қара ала құс),
бозторғай , ақсақал, жүзбасы, Ақтөбе, Жезқазған, Ақылбай т.б.-ерте заманнан
келе жатқан күрделі атауыш сөздер. Олардың әрқайсысының құрамы дербес
сөздерден жасалғаны ешбір талас туғызбайды. Сол сияқты күрделі сындар мен
етістіктердің құрамындағы сыңарлар да дербес мағыналы сөздер екенін көру
қиын емес. Мысалы қара ала, күлгін сары, қызыл күрең, ақ боз, қара көк,
алып кет, барып кел, көріп бер, алып қайт, көріп кет, т.б. осы сияқты
мысалдардың бәрі де толық мағыналы дербес сөздерден жасалған, сондықтан да
күрделі сөздердің мағыналары оның құрамындағы сыңарлардың мағынасымен
байланысты. Мысалға, жоғарыда келтірілген сөздердің қайсысын алсақ та,
олардың сыңарларының ізі күрделі сөзден көрініп тұрады. Мәселен, алтыбақан
ойынының аты оның құрамындағы алты бақанға байланысты шыққаны, аталғаны
белгілі, белбеу алғаш белді буған баудың атынан, қызыл күрең түс қызыл,
күрең қосындысынан түған түстің аты, алып кет алу және кету қимылдарынан
тұратын күрделі қимылдың атауы екені анық. Күрделі сөздің мағынасы оны
жасаушы сөзжасамдық бірліктердің, яғни сыңарлардың мағынасынан жасалатын
болғандықтан, олармен байланысты болуы занды құбылыс, сондықтан мағына бере
алатын дербес сөздер күрделі сөздерге сыңар бола ала алады. Сондықтан бұл
күрделі сөздердің бір белгісі саналады. Күрделі сөздердің мағына тұтастығы
олардың құрамындағы сыңарларға, олардың орналасу тәртібіне байланысты. Әр
күрделі сөз тілде белгілі құрамда, олар белгілі тәртіпте тұрғанда, бір
мағына беретін болып қалыптасқан. Сондықтан күрделі сөздің құрамы мен оның
білдіретін мағынасы байлаулы деп санау қажет. Мысалы, ақ құба деген күрделі
сөздің құрамын өзгертсек, бұл мағына берілмейді: құба ақ, сары ақ, боз ақ
түрінде олар ақ құба күрделі сын есімнің мағынасын бере алмайды. Бұл-жалғыз
күрделі сөз емес, сөз атаулыға тән қасиет. Дара сөздердің мағынасы оның
дыбыстық құрамына байланысты. Мысалы, адам деген сөз тек осы дыбыстық
құрамда тұрғанда ғана, өз мағынасын білдіреді, осы дыбыстық құрамда, не
оның орналасу тәртібін (адам-атам, мада т.б.) өзгертсек, адам сөзінің
мағынасы берілмейді. Күрделі сөздер де белгілі құрамда, құрамындағы
сыңарлар белгілі тәртіпте тұрғанда, бір мағына беретін болып қалыптасқан,
сондықтан ол мағына берілу үшін, күрделі сөздің құрамы да, құрамындағы
сыңарлардың орналасу тәртібі де сақталуы қажет. Басқаша айтқанда, бұл
күрделі сөздердің құрамы тұрақты екенін дәлелдейді. Тұрақты күрделі сөз
мағынасы қалыптасқан, сондықтан сол құрамда ғана сол мағынаны білдіреді.
Күрделі сөздің құрамы да, олардың сыңарларының орналасу тәртібі де тұрақты,
берік. Ол күрделі сөздердің негізгі белгілерінің біріне жатады.

Тіл білімінде күрделі сөздердiң түп төркінi сөз тipкeci саналады. Тiлде
кейбiр сөз тipкecтepi бiрте-бiрте мағыналық дамyға ұшырап, құрамындағы
сыңарларының мaғынacы жымдасып, кipiгiп бip мағынағa көшкен. Олардың
сыңарлары өзiнiң алғашқы мaғынaсынан алыстап, өзiнiң дербеcтiгiнен
айрылғaн, сьңарлардың мағынаcының бiр-бiрiмен кiрiгуiнiң нәтижесiнде олар
бipтұтaс сөзге айналып, белгілi бiр ұғымды бiлдiретiн күрделi сөз болып
қалыптасқан. Coндықтaн күрделi сөздiң мaғынacы берiлy үшін, күрделi сөздiң
құрамы, құpaмындaғы сыңарлардың орын тәртібi ол қалыптасқан кездегi қалып
сақталуы қажет.
Рас, тiлде қалыптасқан күрделi сөздердiң үлгici кейiн басқа күрделi
сөздер жасалу үшiн қолданылғaн. Ондай үлгiлер аркылы жаңа күрделi сөздер әр
кезеңде жасалып oтыpғaн. Қазiр де күрделi сөздер үлгi арқылы жасалып жатыр.
Мысалы, ән-ұран, елтаңба, жалақы, зейнетақы, елорда, елбасы т.б.
Күрделi сөз өзiнің сьңарларының мaғынacының бiртұтас мағынаға кiрiгiп,
бiр сөзге көшуiнен бастап, бiр сөз болып танылатындықтан ол тiлдегi басқа
сөздер сияқты дайын тұpғaн лексемалар болып саналады да, сөйлемге сол
дайын тұpғaн қалпында кiредi. Демек, күрделi сөздер сөйлемге дайын тұpғaн
қалпында алынатын лексикалық бiрлiктер болғандықтан, ол сөйлемде бiр сөздiң
қызмeтiн атқарады, сөйлемнің бiр мүшесi болады, бiр сұраққа жауап бередi.

Күрделi сөз бiр кездерде жасалғaннан бастап, ол сөйлемге дайын лексема
peтіндe алынатындықтан, ол әр сөйлемде әр түрлi жасалатын, қай тұлғaда
қолданылуы сөйлемге байланысты сөздiң грамматикалық тұлғaларынан да
ерекшеленедi, өйткенi күрделi сөз қандай сөйлемде де бiр құрамда
қолданылaды. Мысалы, кемпiрқосақ өте әдемi. Кемпiрқосақ көрінді сияқты
тағы басқа сөйлемдерде бұл күрделi сөз осы құрамда ғана қоланылады, бiрақ
басқа сөздер сияқты осы құрамда тұрып, түрлi тұлғада тұра бередi. Мысалы,
Кемпірқосақта неше түрлі түс бар. Кемпірқосақты көргенмін.
Күрделi сөз бiртұтас мағыналы болғaндықтан, белгiлi бiр сөз табының
мағынасын берiп, бiр сөз табына қатысты болады. Қай сөз табына қатысты
болса, сол сөз табының грамматикалық мәнiнe, қасиетiне ие болады. Осымен
байланысты күрделi сөздер де басқа сөздер сияқты белгiлі сөз табына жатады.
Мысалы, Ақмола, Нұрлыбек, ине-жiп, бойжеткен, бойтұмар, бал каймақ,
Құдайберген, Талдықорғaн т.б. осы сияқты күрделi сөздер зат eciмгe жатады.
Бұлардың сыңарлары зат eciмнeн, сын eciмнeн, eтicтiктeн жасалғaны оның зат
eciмгe көшуiне кедергi болмaғaн, өйткенi әр күрделi сөздiң сыңарлары қай
сөз табынан болғaнына қарамастан, олар зат мaғынacынa, аталымына көшкен.
Бұл - күрделi сөздiң мaғынa тұтacтығына дәлел.
Сол сияқты қара ала, ал қызыл, ер жүрек, қоян жүрек, ұзын тұра, салпы
етек, ал кара көк, жай оғындай, мақпал қара, су қapaңғы сияқты күрделi
сөздер сын eciмгe жатады. Бұл сөздер осы кұрамда тұpғaндa, сындық мағынағa
көшкен, сын eсім мaғынacынa ие болғaн, күрделi сөздiң қалыптасқаннан
кейiнгi мaғынacы сындық мағына болғандықтан, бұлар сын есімге жатады.
Күрделі етістіктер де осы сияқты белгілі бір құрамда тұрғанда, күрделі
қимыл мәнге ие болған, сондықтан олар күрделі етістікке жатады. Мысалы,
келіп кет, қайтып кел, алып бар, жазып бер, келіп көр, сатып ал, кіріп шық
т.б.
Күрделі сөздердің құрамындағы сыңарлардың орнының тұрақтылығы,
мағынасының тұтастығы арқылы ол еркін сөз тіркестерінен ажыратылады,
өйткені еркін сөз тіркестерінің құрамы тұрақсыз. Күрделі сөзді тану үшін
түрлі белгілер негізге алынады, тілдердің түрлілігіне қарай ол белгілерде
де түрлілік бар. Дүниежүзіндегі бірсыпыра тілдерде күрделі сөздерді
біріктіріп жазу орын алады. Осындай тілдерге жататын француз, испан
тілдеріндегі күрделі сын есімдерді зерттеген ғалым О.В Азарова күрделі
сөздердің белгілерінен үш белгіге ерекше мән береді. Олар: фонетикалық
бірлік, мағыналық тұтастық, синтаксистік қызметі деп атап, емлені белгі деп
алуға қарсы, өйткені ол шартты деп санайды.

Қазақ тілінде күрделі сөздің бірге жазылуы міндетті емес. Күрделі
сөздердің сыңарларының бөлек жазылуы жалғыз қазақ тілінде ғана емес, басқа
түркі тілдерінде де ол күрделі сөздің танылуына кедергі болып саналмайды.
Өзбек тілінің маманы Минира Ганиходжаеваның осы мәселедегі пікірін
келтірейік: Под сложными словами мы понимаем слова состоящие из нескольких
компонентов, объединенных одним понятием, т.е. передающих название одного
предмета, что возможно при лексикализации свободного словосочетания, в
результате которой синтаксические отношения сочетающихся слов отходят на
задний план и словосочетание воспринимаются как обозначение едлиного
понятия. При этом слитное или раздельное написание роли не играет.-дейді.

Сонымен, түркі тілдерінде емле күрделі сөздің танылуына белгі ретінде
қолданылмайды. Бұл түркі тілдерінде күрделі сөздердің түрлілігіне де
байланысты. Бүкіл түркі тілдерінде қос сөздер кең орын алады, ол көне
заманнан келе жатқан тілдік құбылыс. Ал қос сөздер бірге жазылмайды, дефис
арқылы жазылады, бірақ олар күрделі сөзге жатады. Қос сөздер басқа тілдерде
бірлі-жарым кездескені болмаса, түркі тілдердегідей орын алмайды.

Сонымен бірге түркі тілдерінде жазу ерте қолданғанымен, халыққа кең
тарамады. Ал бертін келе кеңес үкіметі кезінде жазу үш рет өзгерді. Осының
бәрі күрделі сөздердің жазылуын бір ретке келтіруге мүмкіндік бермеді. Бұл
жағдайлардың бәрі – емленің үстемдік алуына кедергі. Сондықтан күрделі
сөздердің басым көпшілігі бір мағына беріп, бір сөз қызметін атқарып, бір
ұғымды білдіріп, халық санасында бір ұғымның аты ретінде түсінілсе де,
қолданыста да, күрделі сөз болғанға дейінгі сөз тіркесі кезіндегі қалпынша
бөлек жазылуы сақталып қалды. Бірақ тілде жазылу емлесі бекімей, түрліше
жазылып жүрген күрделі сөздер жеткілікті. Осымен байланысты бір сөздің
түрліше жазылуы тілде өте жиі кездеседі. Мысалы, ақ құба-аққұба, темір жол-
теміржол, көк жал-көкжал, боз торғай- бозторғай т.б.

Осы сияқты сөздіктерде, кітаптарда түрлі жазылып жүрген күрделі сөздер
өте көп. Бұл да күрделі сөздердің қалыптасуына кедергі болды. Осымен
байланысты күрделі сөзге түркі тілдерінде құрамындағы сыңарларының бірге
жазылуы, яғни емлелік белгі шарт бола алмайды деп саналады.

2.1 Біріккен, қосарланған, тіркескен, қысқарған сөздер.

Біріккен, кіріккен сөздер деп -екі, кейде үш сөздің , мағына жағынан
және дыбыстық жағынан біртұтас лексикалық бірлікке көшкен сөздер аталады.
Құрамындағы сыңарлардың бір-бірімен дыбыстық жағынан тұтасуы, бірге жазылуы
арқылы, кіріккен сөздер басқа күрделі сөздерден ерекшеленеді, өйткені
күрделі сөздердің басқа түрлерінің сыңарлары бөлек жазылады.

Индоевропа, орыс тілдерінде тек қана біріккен сөздер күрделі сөз
саналатыны белгілі. Бұл тілдерде сөздің мағына тұтастығымен бірге, тұлға
тұтастығы да күрделі сөздің негізгі белгілеріне жатады. Ал қазақ тілінде ол
заңдылық күрделі сөздердің бір түрі біріккен және кіріккен сөздерге ғана
қатысты. Солай болса да, индоевропа тілдерінде де, қазақ тілінде де бұл
мәселеде алалық күшті. Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер емлесі қалыптаспай
сөздіктің өзінде бірде бірге жазылып, бірде бөлек жазылып жүр және қаншама
сөздер бөлек жазылып біріккен сөз деп танылмай жүргенін Б.Қалиев анық
көрсеткен. Ғалым М.Балақаев біріккен сөздің жазылуындағы алалықтан құтылу
үшін бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген сөздердің бәрін бірге жазуды
ұсынады.

Біріккен сөздер де басқа күрделі сөздер сияқты жай сөз тіркестерінен
бастау алған, сондықтан оның құрамындағы сыңарлары сөз тіркестерінің
құрамындағы сыңарларымен ыңғайлас келеді. Сондықтан біріккен сөз бен
тіркесті күрделі сөз және жай сөз тіркестерінде ұқсастық өте көп, бұл осы
мәселелерді ажыратуда үлкен қиындық туғызады.

Қазіргі сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөз құрамында барын
оны зерттеген Г.Жаркешева дәлелдеген. Қосымшасыз екі түбір сөздің біртұтас
мағынаға көшу үлгісімен жасалған біріккен сөздер тілімізде өте көп:
абжылан, абырой, адамзат, асқабақ, балбөбек, баспана, баспасөз т.б.
Изафеттік тіркестің барлық түрінен біріккен сөздер жасалған. Изафеттің
екінші түрінен жасалған біріккен сөздерге мысал келтіргенде, олар
төмендегідей: отағасы, қолбасы, елубасы, оттегі, құсбегі, өмірбойы. Мұнда
бірінші сыңар қосымшасыз болса, екінші сыңардағы тәуелдік жалғау сақталған.

Біріккен сөздердің бір тобы сыңарлардың өте ықшамдалуы арқылы
жасалған. Мысалы, биыл, бүгін, сексен,сөйтіп т.б.

Кіріккен сөздер – құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық
сақтамай, немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен
мағына жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып,
біртұтас сөзге айналған сөздер. Мысалы, әкел, әпер, әкет, биыл, сексен,
тоқсан, білезік, белбеу, қайтіп, ашудас, сөйтіп, біресе, қолғанат т.б.
Келтірілген кіріккен сөздердің сыңарлары үлкен өзгерістерге ұшыраған,
бұлардың ішінде бір сыңардан бір ғана дыбыс сақталып, сөздің құрамындағы
дыбыстары өте ықшамдалғандары бар. Мысалы, алып кел етістігіндегі алып
сөзінің қысқарғаны сонша, оның алғашқы дауысты дыбысы ғана сақталған.
Сонымен, кіріккен сөз деп құрамындағы сыңарлары дыбыстық өзгерістерге
ұшыраған, қазір біртұтас лексикалық мағынаны білдіретін, сөйлемде бір
сұраққа жауап беретін, бір мүше қызметін атқаратын, бір екпінмен айтылатын
сөзді айтамыз.

Біріккен, кіріккен сөздер түрлі синтаксистік қатыста тұрған бір
кездегі еркін тіркестен қалыптасқандықтан, оларда синтаксистік байланыс ізі
сақталған деп санайды Г.Жаркешева. Ғалым біріккен сөздердің ішінде
анықтауыштық қатыстағы біріккен сөздер көп деп санайды. Мысалы, жаздыгүні,
Ақмола, Талдықорған, бүгін т.б. Толықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінен
жаслған біріккен сөздер азырақ. Олар: қаптесер, Ұлтабар, табиғаттану т.б.
Біріккен сөздердің келесі тобына пысықтауыштық қарым-қатынасындағы сөз
тіркестері негіз болған. Мысалы, айналсоқ, кешқұрым, селқос т.б. Сөйтіп
біріккен сөзге төмендегідей анықтама беруге болады: Біріккен сөз деп -
сыңарлары мағына жағынан да, тұлға жағынан да бірігіп, біртұтас мағынаны
білдіретін, біртұтас дыбыстық құрамдағы, бір екпінмен айтылып, сөйлемнің
бір мүшесі қызметін атқаратын сөздерді айтамыз.

Біріккен, кіріккен сөздердің әрқайсысы да тілдегі бір лексикалық
бірлік болып саналады. Олар сөйлемде дайын қалпында алынады. Мысалы,
Құлагер бәйгеге қосылды (І. Жансүгіров).

Тілдің сөздік қорындағы лексикалық бірліктердің құрамында зат есім+зат
есім, сын есім+зат есім, зат есім+етістік, сан есім+зат есім,
есімдік+есімдік, етістік+етістік т.б. сөз таптары қолданыла береді.

Зат есім+зат есім: қаламсап, оттегі, тайтұяқ, еңбекақы т.б.

Сын есім+зат есім: ақбас, алабұға, сарысу, ақауыз т.б.

Зат есім+етістік; орынбасар, күнбатыс, атқамінер т.б.

Бұл үлгі бойынша кісі аттары да жасалған: Құдайберген, Ұлтуған, Тәңірберген
т.б.

Сан есім+зат есім: бірқатар, Екібастұз, Жетіқарақшы т.б.

Бұл үлгі көбіне кісі аттарында жиі қолданылған. Мысалы, Елубай, Алпысбай,
Тоқсанбай т.б.

Есімдік+есімдік: ешкім, әлдекім, әркім, ешқайда т.б.

Етістік+етістік: өткел, әкел, әпер, әкет, түрегел т.б.

Қосарланған күрделі сөздер

Қос сөз деп - екі сыңардан тұратын, сыңарлары бір сөздің қайталануынан
немесе бір тектес синоним я антоним сөздерден жасалып, бір ырғақпен тұтаса
айтылатын сөздер аталады. Мысалы, ойын-сауық, ине-жіп, ыдыс-аяқ, құрал-
сайман, қыз-келіншек, жақсы-жаман, ата-ана, кеше-бүгін т.б.

Қос сөздер - түркі туыстас тілдердің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос
сөздер ең көне Орхон жазба ескеркіштердің тілінде де болған. Мысалы, арқыш-
тіркіш=іркес-тіркес,ічін-ташын=ішін -тысын, бәгләрі-будуны=бектері-халқы
т.б. Содан бері қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын
алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр.
Сондықтан олар ғылымда әбден танылған, сөздіктерден өзіндік орны бар тілдік
құбылыс.

Тілде қос сөздердің жасалуының өзіндік әбден қалыптасқан заңдылықтары
бар.

1. Қос сөздердің екі сыңары да бір сөз табының сөзінен болады. Мысалы,
қыз-келіншек, жақсы-жаман, тамыр-таныс т.б. деген қос сөздердің екі
сыңары да зат есімдерден жасалған. Сол сияқты бес-алты, жеті-сегіз,
сексен-тоқсан қос сөздері сан есімдерден жасалған. Келіп-кетіп, алып-
беріп, көре-көре, ішіп-жеп қос сөздері етістіктерден жасалған.

2. Қос сөздердің сыңарлары мағыналық жағынан қатысы, байланысы бар, не
синоним, не антоним сөздерден болады. Ешбір мағыналық байланысы бір-
біріне ешбір қатысы жоқ сөздер бір-бірімен қосылып қос сөз жасай
алмайды. Міне, бұл қос сөздердің жасалуында қатты сақталатын заңдылық.
Ал осымен байланысы қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним,
антоним сөздерден болады. Мысалы, ине-жіп, әке-шеше, аға-іні, аяқ-қол
сияқты қос сөздер өмірде бір-бірімен байланысы бір заттардың атынан
яғни мағыналық қатысы бар сөздерден жасалған. Ал жақсы-жаман, ақ-қара,
үлкенді-кішілі сияқты қос сөздер антоним сөздерден жасалған.

3. Қос сөздердің сыңарлары бір сөздің қайталануынан жасалады. Мысалы,
айта-айта, тау-тау, дір-дір, сарт-сарт, қора-қора т.б.

4. Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы сөздерден жасалады. Мысалы, қырық-
елу, әке-шеше, алпыс-жетпіс, ыдыс-аяқ, туған-туысқан т.б.

Қазіргі тілде қос сөздердің кейде бір сыңары, кейде екі сыңары
мағынасыз сөз болып келеді. Мұндай қос сөздерге төмендегі мысалдарды
келтіруге болады: бала-шаға, жора-жолдас, ың-жың, арық-тұрақ, некен-
саяқ т.б.

5. Қос сөздердің жасалуында тағы бір заңдылық бар. Ол - қос сөздердің
сыңарларының буын санының үндесіп келуі. Тілдегі қос сөздердің 80-90
пайызы буын саны жағынан тең буынды сөздерден, сыңарлардан тұрады.
Мысалы, ән-күй, дәм-тұз, көш-қон, аға-іні т.б. Бұл мысалда бір буынды,
екі буынды, үш буынды сөздерден жасалған қос сөздер берілді.

6. Буын саны тең сыңарлардан қос сөздің жасалуы олардың айтылуы
үнемділігін көздеуден туған. Өйткені қос сөздердің басым көпшілігінде
буын үндестігі яғни сингормонизм сақталады. Мысалы, ақыл-айла, ауру-
сырқау, жауын-шашын, азан-қазан т.б.

7. Қос сөздердің екі сыңары да не бірыңғай жуан сөздерден, не бірыңғай
жіңішке сөздерден жасалады. Мысалы, ақыл-ой, өнеге-үлгі, ата-ана,
үлкен-кіші, жаман-жақсы т.б. Осы заңдылықтың біраз жағдайда бұзылатыны
бар құбылыс. Мысалы, іші-сырты, үсті-басы, ойнап-күліп, алты-жеті, дәм-
тұз т.б.

Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жасалады:

1)Екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы.

2)Бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Осымен байланысты қос
сөздерді қазақ тіл білімінде екі түрге бөлу қалыптасқан :

1. Қосарлама қос сөздер

2. Қайталама қос сөздер. Қос сөздерді осылай жіктеу, топтауды ғылымға
кіргізген А.Ысқақов. Қос сөздердің бұл түрлері ғылымда танылған және ол
қалыптасқан.

Қосарлама қос сөздер тілде өте көп, олар мағынасы жақын екі сөзден
жасалып, біртұтас лексикалық мағына береді. Мысалы, аяқ-табақ - ыдыс деген
мағынаны білдірсе, ине-жіп - іс тігуге қажет заттардың жалпы аты, туған-
туысқан деген қос сөз туыс деген мағынаны білдіреді, шай-қант- шай ішуге
керек заттардың аты, қой-ешкі-ұсақ малдың аты, қыз-келіншек- әйел текті
жастардың жалпы аты, өрік-мейіз - шайда қолданылатын жеміс атауының жалпы
аты.

Қосарлама қос сөздердің мағынасында жинақтау, жалпылау мән болады. Мысалы,
апа-қарындас-әйел туыстың жалпы аты, қару-жарақ-қаруға жататын құралдардың
(мылтық, қылыш,найза т.б.)бәрінің ортақ, жиынтық аты, көрпе-жастық-төсекте
қолданылатын заттардың бәрінің аты. Бұл қосарлама қос сөздердің бәріне тән
жалпы қасиет. Қосарлама қос сөздердің сыңарлары екі түрлі сөз болғанымен,
олар міндетті түрде бір сөз табына жататын сөздерден болады. Мысалы, аға-
іні, бас-аяқ, аяқ-қол, ән-күй зат есімдерден жасалған, қызыл-жасыл, ақ-
қара, аумалы-төкпелі сын есімдерден, үш-төрт, бес-алты, елу-алпыс сан
есімдерден, іне-міне, анау-мынау есімдіктерден, келіп-кетіп, көрген-білген,
алу-беру етістіктерден, бүгін-ертең, оқта-текте, ерте-кеш үстеулерден
жасалған.

Қайталама қос сөздер де тілге кең тараған, жиі қолданылатын сөздер
тобына жатады. Қайталама қос сөз бір сөздің екі рет қайталануы арқылы
жасалады. Мысалы, елең-елең, тарс-тарс, бау-бау, келе-келе т.б. Тілде
қайталама қос сөздер түрлі құрамда кездеседі:

1.Түбір қалпында қосымшасыз қайталану: тау-тау, жол-жол, мая-мая, құшақ-
құшақ, өркеш-өркеш т.б.

2. Бір сыңары қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы қайталама қос сөздер: өз-
өзінен, бетпе-бет, кімде-кім, қолма-қол т.б.

3. Екі сыңары да қосымшалы: біріне-бірін, өзінен-өзін, қолдан-қолға, үйден-
үйге т.б.

Түбір сөздің ешбір қосымшасыз қайталануы арқылы жасалған қайталама қос
сөздер тілде көп кездеседі. Мысалы, тау-тау, қора-қора, мая-мая т.б.
Қайталама қос сөздің екінші сыңары дыбыстық өзгеріспен қолдану да тілде жиі
кездеседі. Мысалы, шай-пұй, ет-мет, сүт-мүт, ешкі-мешкі т.б.

Бір сыңары қосымшасыз, бір сыңары қосымшалы қайталама қос сөздер тілде
екі түрлі:

1.Бірінші сыңары қосымшалы, екінші сыңары қосымшасыз қайталама қос
сөздер;

2.Бірінші сыңары қосымшасыз, екінші сыңары қосымшалы қос сөздер;

3.Бірінші сыңары қосымшалы, екінші сыңары қосымшасыз.

Қайталама қос сөздер мыналар: бетпе-бет, қолма-қол, көзбе-көз, жүзбе-жүз
т.б.

Қайталама қос сөздердің бірінші сыңары қосымшасыз, екінші сыңары
қосымшалы түріне бес-бестен, үй-үйге, он-оннан т.б.

Екі сыңары да қосымшалы қайталама қос сөздер тілде көп емес. Олар:
қолды-қолына, өзді-өзіне, баладан-балаға т.б.

Тіркескен күрделі сөздер

Тіркескен күрделі сөздер деп - екі я одан да көп мағыналы сыңарлардан
жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер жатады. Олар сөйлемге
дайын лексема қызметінде алынып, бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір
мүшесі қызметін атқарады. Тіркескен күрделі сөздердің де сыңарлары және
олардың орны тұрақты. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылады.

Тіркескен күрделі сөздер сан алуан. Мысалы, бал қаймақ, ауыз әдебиет,
сегіз мың, күрең қоңыр, алып бар, құрмет ет, жаз бойы т.б. Бұлардың ішінде
біразінің сөз тіркестік қасиеті бар: ауыз әдебиеті, бал қаймақ сияқтыларды
алғаш анықтауыштық қатыстағы сөз тіркесінің біртұтас лексикалық мағынаға
көшкен тіркескен күрделі сөздер екені анық.

Күрделі сын есімдердің жасалуының да өзіндік жолы бар. Мысалы, қара
көк, қызыл күрең, сияқты күрделі сындар құрамындағы сыңарлардың түсінің
қосындысынан шыққан үшінші түсті білдіреді. Күрделі үстеудің жасалуы осыған
ұқсас. Ал күрделі етістіктер алғаш пысықтауыш сөз бен етістіктің
тіркесінен жасалғаны белгілі. Бірақ бұл қазір мүлде байқалмайды, қазір олар
тең етістіктердің тіркесі ретінде тұрып біртұтас күрделі қимыл ұғымын
білдіреді. Сөйтіп күрделі етістіктердің жасалуында өзіндік ерекшелік бар.
Ол күрделі етістіктің сыңарларының көсемше жұрнағы арқылы байланысуына да
қатысты. Қазақ тілінде күрделі сөздерді байланыстырушы қосымшалар жоқ. Тек
күрделі етістіктер құрамында қазір байланыстырушы қызметінде сақталып
қалған көсемше жұрнағы күрделі етістіктерді басқа қосымшасыз байланысқан
күрделі сөздерден ерекшелендіреді.

Құранды етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер есім сөзге қимыл
мағынасын қосып, есімнен етістік жасайтын жұрнақтардың қызметін атқарады.
Мысалы, жәрдем ет- жәрдемдес, көмек ет-көмектес, табыс ет-тапсыр, баян ет-
баянда, еңбек ет- еңбектен, талап ет-талаптан, әнгіме ет-әнгімеле, үміт ет-
үміттен т.б.

Тіркескен күрделі сөздер басқа да туынды сөздер сияқты сөз таптарына
қатысты. Мысалы, май балық, қара торғай, мал қора -зат есім; ақ ала, қара
көк, қызыл күрең-сын есім; елу екі, бес мың, он сегіз -сан есім; көріп кел,
алып кел, біліп кел -етістік; күні кеше, алдын ала, ертеден қара кешке
дейін-үстеу.

Қысқарған сөздер

Сөзді қысқартып, ықшамдап айту, жеңілдетіп қолдану тілде көне
замандардан бар. Бұл тілде кең орын алатын ықшамдау заңдылығымен
байланысты. Ол заңдылық дүниежүзіндегі барлық тілдерде бар. Соның бірі-
қысқарған сөздер.

Қазақ тілінде адам атын қысқартып қолданудың түрлі жолы бар:

1.Үлкен адамды сыйлау, құрметтеу мақсатында кісі атын қысқарту:
Жұмабай-Жұмеке, Бейсен-Бәке, Ақмади-Ақа т.б.

2. Бала атын еркелету ретінде қысқарту. Мысалы, Айнагүл-Айнаш, Қожабек-
Қожаш, Өмірғали-Өміртай т.б.

Қазақ тілінде кісі аттарын қысқартудың өзіндік жолы бар. Кісі атының,
көбіне, бірінші буыны, кейде екі буыны алынып оған -еке, -ақа, -қа, -ке,
-а, -е, -ш, -жан, -тай морфемалары қосылады да, оларға сый-құрмет, еркелету
мәнін үстейді. Мысалы Жұмабай-Жәке, Жұмеке, Асан-Ақа, Жұмажан-Жұмаш т.б.

1. Кеңес үкіметі кезінде бірнеше сөзден тұратын мекемелер, ұйымдар аты
көбейді. Оларды бір мәтінде, сөйлеу кезінде қайталау қажет болғанда, ол көп
орын алады, уақыт кетеді. Сондықтан оны қысқарту қажеттігі туды. Осымен
байланысты оларды қысқартып қолдану пайда болды.

2. Кісі атын, әкесінің атының басқы әрпін алып фамилиясын толық жазу.
Мысалы А.Қ Дәулетбаева, А.Ж Быхылова т.б. Ондай сөздерді қысқартуда орыс
тілінің заңдылығын пайдалану қалыптасты. Олар төмендегідей:

1.Күрделі атаудың әр сөзінің бірінші әрпі алынды. Мысалы, БҰҰ-Біріккен
Ұлттар Ұйымы, ЖАК-Жоғарғы Аттестация Комитеті т.б.

2. Күрделі атаудың басқы буындары алынады. Мысалы, Қармет-Қарағанды
металлургиясы, Санбат-Санитарлық батальон.

3. Күрделі атаудың бірінші сөзінің басқы буыны, келесі сөзі толық.
Мысалы, Қазпочта-Қазақ почтасы.

2.2 Күрделі зат есім.

Біріккен, кіріккен атаулар. Кіріккен атаулар деп-өзінің құрамындағы
сыңарлардың дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен жымдасып, ықшамдалып
кірігуінен жасалған түрі. Мысалы, білезік-білек жүзік, қарлығаш-қара ала
құс, белбеу-бел бау т.б.

А.Ысқақов кіріккен сөздерге мынадай анықтама берген: Кіріккен сөз
деп компоненттердің я біреуі, я екеуі де бірдей әуелгі өз мағыналарынан
айырылып, тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білдіретін және сол
компоненттеріне фонетикалық жағынан әр қилы өзгерістерге ұшырап, бір-
бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді
айтамыз.

Біріккен атаулар деп сыңарлары дыбыстық жағынан өзгеріссіз қалыпта
тұрып, мағына тұтастығына көшкен сөздер аталады. Мысалы, азатжол, айбалта,
қарасөз, пікірталас т.б.

Мағына жағынан біріккен атаулар әртүрлі:

1. Өсімдік атаулары: ақбасшөп, әйгүл, адамшөп т.б.

2. Жан-жануар, жәндік атаулары: айбалық, ақбөкен, ақмарал т.б.

3. Көне атаулар: алдаспан, атшабар, бойтұмар т.б.

4. Туыстық атаулар: ағайын, ақсақал, қайынжұрт, шөпшек т.б.

5. Ауру атаулары: ақбас, алабауыр, ақауыз т.б.

6. Ойын атаулары: әйгөлек, ақсүйек, алтыбақан т.б.

Тіркескен күрделі зат атаулары

Тіркескен күрделі зат атаулары деп - екі я одан да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыңарлары мағынасыз қос сөздер
Қос сөздердің жасалуы
Қос сөздердің қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы
Қос сөздердің түрлері
Тіл білімінде қос сөздерді қарастырған ғалымдар
Қосарлы етістіктердің сөзжасам жүйесіндегі орны
Сөздің құрылысы мен құрылым жүйесі
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Туынды сөздердің зерттелуі, қалыптасу негіздері
Түбір сөз
Пәндер