Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Курстық жұмыс

Ағылшын тілі және оны оқыту әдістемесі кафедрасы

Пән: Шет тілін оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі
Мамандық 050119
Тақырып: Шет тілін үйретудегі мотивацияның атқаратын ролі

Орындаған: Сырымбетов Д.М.
группа: 31АНБК
Қабылдаған: Бабченко М.А.

Көкшетау 2007 жыл

Жоспар

Кіріспе.
Бөлім І Мотивацияның теориясы
1.1. Мотивация дегеніміз не?

1.2. Мотивациялық процесс.

1.3. Мотивация теориялары.

1.3.1. А. Маслоудың мотивация теориясы.

1.3.2. Д. Мак Клеландтың мотивация теориясы.

1.3.3. В. Врумның мотивация теориясы.

1.3.4. Л.Портер – Э. Лоулердің мотивация

теориясы.

Бөлім ІІ Мотивацияның шет тілін үйренyдегі атқаратын
рөлі

2.1.1.Шет тілін үйренудегі лексикалық жаттығулардың мотивацияны
арттыруы

2.2.1. Шет тілін үйренудегі грамматикалық жаттығулардың
мотивацияны арттыруы

Қорытынды.

Әдебиеттер тізімі.

Сабақтан көрініс.

Кіріспе.

Мотивация деген түсінік дербестікті басқару мәселесімен тығыз
байланысты. Өтпелі кезеңнен туған жаңа экономикалық қатынастар дербестікке
деген жаңа талаптарды да алға қояды. Бұл - кадрларды тек сұрыптау, үйрету
және қайта қою ғана емес, сонымен қатар жаңа мойынұсынуды, ділді, яғни
мотивация әдістерін түрлендіру. Қазіргі уақытта, әсіресе мектепте шет тілін
үйрету кезінде, оқушылардың негізгі мотивациялық факторы болып болашақта
пайдасы бар білім табылады. Бұл жерде не сабақтағы белсенділік, не мәдени
іс – шараларға қатысу есепке алынбайды, сапалы білім болса екен деген тілек
пайда болады.
Сонымен бірге, мектепте ой - санасы бар, яғни жақсы ізгілікті негізі
бар және шет тілін үйренудың әдіс – тәсілдерін түсіне алатын оқушылар пайда
болады. Дегенмен, кейбіреулерінде шет тілін үйренуге мүмкіндіктері аз.
Осыдан барып көпшілік оқушылардың шет тілін үйренудің әдістемесі де,
мотивациясы да болашақта зерттеуді және жүйелеуді қажет етеді. Сонымен,
мотивация дегеніміз не?
Мотивация – бұл сыныптың әрбір оқушысын және олардың барлығын өз
білім алуын қанағаттандыруы үшін және мұғалімнің бір мақсатқа жетуі үшін
белсенді қызметке ояту процесі.
Мотивацияның негізгі міндеттері:
- оқу процесінде әрбір оқушының мотивацияның мәні мен мағынасы жайындағы
түсінігінің қалыптасуы;
- оқушылар мен оқытушы құрамын сыныпішілік қатынастың психологиялық
негіздеріне үйрету;
- мотивацияның қазіргі уақыттағы әдістерін пайдалану арқылы әрбір
мұғалімнің оқушыларды оқытудағы оқуға деген көзқарасын қалыптастыруға.
Бұл тапсырмаларды шешу үшін қажетті талдау:
- сыныптардағы мотивация процесіне;
- егер жеке және топтық деген бар болса, онда сондай мотивацияларға;
- жаңа бір тақырып өткен кездегі оқушы әрекеті мотивациясында өтетін
өзгерістерге.
Көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін мотивацияның түрлі әдістері
қолданылады, олардың мән – мағынасын төменде қарастырамыз.
Ең бірінші және ең көп таралған әдіс болып қамшы және тоқаш саясаты деп
аталатын жазалау және көтермелеу әдісі болған. Бұл әдіс қалаған нәтижелерге
жету үшін қолданылды және айтарлықтай көп өмір сүрді.
Мұндай әдіс қайталанатын кертартпа оқушыларда, сабақтың болмашы
мазмұнды бөлігінде, тақырыпты толық меңгеру (түрлі себептерге байланысты)
мүмкіндігі жоқ кезде нәтижелі болды.
Оқушының шет тілін үйренуге деген құштарлығын жоғарылатумен қатар
мотивацияның психологиялық әдістері пайда болды. Бұл әдістердің негізінде
мұғалімнің тек баға қойып жоғарылатуы ғана емес, сонымен бірге өзін өзі
сыйлаушылық, сыныптастары жағынан мойындау, оқудан моральдік ләззат алу
және өз сыныбыңды мақтаныш тұту сияқты материалдық емес түрткілер де
негізгі түрленген фактор бола алады деген бекіту жатыр. Мотивацияның мұндай
әдістері оқушының білімін зерттеуге негізделеді.
Оқушының білімін зерттеу мотивацияның жаһандық екі теориясын дүниеге
әкелді: мазмұнды және үрдісті теория, олар туралы төменде айтылады. (6б.-
26т.)

Зерттеу барысы:

1. Зерттеу тақырыбы: Мектепте шет тілін оқытудағы мотивацияның ролі және
оны жоғарылату.
2. Зерттеу объектісі: Мұғалімнің оқушыларға тілді үйретудің (оқытудың) әдіс
– тәсілдері, олармен қарым – қатынасы, оларға деген көзқарасы, сапалы
білім беруі және оқушылардың мұғаліммен қарым – қатынасы, мұғалімге деген
көзқарасы, одан тілді үйрену дәрежесі.
3. Зерттеу проблемасы: Шет тілін оқытуда мотивация қандай роль ойнайды және
оны мұғалім қалай қолдана алады.
4. Зерттеу мақсаты:
- ғалымдардың теориясын қолдана отырып, оқушылардың шет тіліне
деген қызығушылығын арттыру;
- оқушыларға шет тілін тек жай ғана оқытып қоймай, алған
білімдерін тест, бақылау жұмысы арқылы тексеріп отыру;
- оқушылар шет тілін жақсы меңгеруі үшін, қажеттіліктерін
қамтамасыздандырып отыру.
Зерттеу болжамы: Егер шет тілін оқытуда мотивация көмек көрсететін болса,
онда осы мотивацияны жиі қолдану

Бөлім І Мотивацияның теориясы

Мотивация дегеніміз не?

Жалпы түрінде, адамның бір нәрсені үйренуге деген мотивациясын адамды
белгілі әрекеттерді іске асыруға итермелейтін қозғалмалы күштердің жиынтығы
ретінде түсінуге болады. Бұл күштер адамның сыртында және ішінде болады
және оны саналы немесе санасыз түрде кейбір қылықтар
жасауға итермелейді. Осының өзінде бөлек күштер мен адам әрекетінің
арасындағы байланыс нәтижесінде әр түрлі адам бірдей күштерден болатын
бірдей ықпалға әр түрлі әсер ететін өте күрделі арақатынас жүйесімен
қамтылған. Адамның мінез - құлқы, жасайтын әрекеттері, өз кезегінде,
нәтижесінде әрекет ету ықпалының дәрежесі қалай өзгерсе, тәртіп бағыты да
солай өзгере алатын реакцияға әсер ете алады.
Айтылғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда мотивацияның
бөлшектене келген анықтамасын беруге болады. Мотивация – бұл адамды әрекет
етуге қозғайтын, әрекет етудің шекарасы мен формасын белгілейтін және бұл
әрекетке белгілі мақсаттарға жету үшін қажетті бағдарлы бағыт беретін ішкі
және сыртқы қозғалып жүрген күштердің жиынтығы.
Мотивацияның адамның мінез – құлқына әсері көпшілік факторға,
көбінесе жеке түрде тәуелді болады және адам әрекеті жағынан кері байланыс
әсерінен ауыса алады.
Мотивация түсінігін жан – жақты ашу үшін бұл құбылыстың үш аспектісін
қарау керек:
- адам әрекетінде мотивациялық ықпалға тәуелді түрде болу;
- ішкі және сыртқы күштердің арақатынасы қаншалықты;
- мотивация адам әрекетінің нәтижелерімен қалай арақатынасады.
Бұл мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, әлі алда қолданылатын
негізгі түсініктердің мағынасын ұғып алуға тоқталайық.
Қажеттілік – бұл әр түрлі адамдар үшін жалпы, бірақ сол уақытта әр адам
үшін анықталған жеке көрінісі бар пайда болатын және адамның ішінде болатын
құбылыс. Сонымен, бұл - адам одан құтылғысы келетін нәрсе, яғни қажеттілік
өмір сүрген уақытта өзі туралы хабар беріп отырады және өзін жоюды талап
етеді. Адамдар қажеттілікті түрлі жолдармен жояды,
қанағаттандыра алады, баса алады және оларға назар аудармай жүреалады.
Қажеттілік ұғынымды түрде қалай, ұғынымсыз түрде солай пайда болады. Осыдан
барып барлық қажеттілік ұғынылмайды және ұғынымды түрде жойылмайды. Егер
қажеттілік жойылса, онда оны мәңгіге жойылды деп ойламау керек.
Қажеттіліктің көбі өз формасының нақты көрінісін, сонымен қатар қайсарлық
деңгейін және адамға деген әсерін өзгерте алса да, дүркін - дүркін жаңарып
отырады. (154 бет- 7 тарау)
Түрткі (мотив) – бұл адамды белгілі бір әрекетке итермелейтін
күш.
Түрткі – адамның ішінде болып, дербес мінезге ие болады,
адамға қатысты көптеген сыртқы және ішкі факторларға, сонымен қатар оған
параллель туындаған түрткілерге тәуелді. Түрткі адамды әрекетке итермелеп
қана қоймайды, ол тағы бұл әрекеттің қалай жүзеге асуы мен ол үшін не істеу
керектігін анықтайды. Жиісінде егер Түрткі қажеттіліктің жойылуымен
байланысты әрекет тудырса, әр түрлі адамдарға бұл әрекеттер, олардың бірдей
қажеттілікті сезінуіне қарамастан,әр түрлі болып келуі мүмкін. Түрткілер
ұғынушылыққа тәуелді - адам өзінің мотивтеріне әсер ете алады, олардың
әрекетін сездірмей немесе оларды өзінің мотивациялық жиынтығынан жоя алады.

Адамның мінез – құлқы, әдетте, бір ғана түрткімен емес, адамның
мінез – құлқына сатылап әсер етуінің бір – біріне деген белгілі қатынастағы
түрткілер жиынтығында анықталады. Сондықтан адамның мотивациялық құрылымы
онымен анықталған әрекеттердің жүзеге асу негізі болып қарастырылады.
Адамның мотивациялық құрылымы белгілі тұрақтылыққа ие.
Мотивациялаудың қандай мәселені шешетіндігіне қарай оның екі
негізгі типін белгілеуге болады.
Бірінші тип – адамға сырттан әсер ету жолымен әрекет етуге
белгілі түрткілер шақырылады, олар мотивацияланған субъектіге қажетті
қорытындыға жеткізетін белгілі әрекетті жүзеге асыру үшін адамды итермелеу.
Бірінші тип, мотивацияланған субъектіні қажетті нәтижеге жеткізетін, адамды
белгілі әрекеттерді жүзеге асыруға итермелейтін, сырттан әсер ету жолымен
шақырылатын түрткілерден құралады. Мотивациялаудың берілген типінде адамды
қажетті әрекеттерге итермелейтін қандай түрткілер бар, сол түрткілерді
қалай шақыруға болатынын жақсы білуі керек. Мотивациялаудың бұл типі
көбінде саудалық келісім нұсқасын еске түсіреді: мен саған қалауыңды
беремін, ал сен мен не қалайтынымды бересің. Егер екі жақтың өзара іс -
әрекеттесу нүктесі болмаса, онда мотивациялау процесі де орындала алмайды.

Мотивациялаудың екінші типі өзінің негізгі міндетімен адамның
белгілі мотивациялық құрылымына ие болып келеді. Бұл жағдайда басты назарды
мотивациялау субъектісіне қажетті әрекетінің түрткілерін дамыту және
күшейту үшін, және керісінше, адамды тиімді басқаруға кері әсер ететін
түрткілерді әлсірету әрекетіне аударады. Мотивациялаудың бұл типі тәрбиелік
және білім берушілік мінездемеге ие және ол адам әрекетінің нәтижесінде
алынатын қандай да бір нақты әрекет пен нәтижелермен байланысты емес.
Мотивациялаудың екінші типі оның іске асуына одан да көп күш, білім
мен қабілеттілікті талап етеді. Бірақ оның нәтижесі мотивациялаудың бірінші
типінің нәтижесінен толығымен асып түседі. Оны меңгерген және өзінің
тәжірибесінде қолданатын ұйымдар, өзінің мүшелерімен тиімдірек және
нәтижелі басқара алады. Мотивациялаудың бірінші мен екінші типін қарама –
қарсы қоюға болмайды, өйткені қазіргі заманғы басқару тәжірибеде озық
басқаратын ұйымдар бұл мотивациялаудың екі типін сәйкестендіруге ұмтылады.
Адам бір жұмысты әр түрлі күш жұмсап істей бере алады. Ол бар күшін
салып істей де, орташа күш жұмсап істей де алады. Сонымен қатар ол жұмыстың
жеңілдеуін немесе күрделі, ауыр жұмысты істеуі мүмкін, жеңіл немесе күрделі
шешімді іздеуі мүмкін. Бұның бәрі адамның қандай күш жұмсауына байланысты
және ол өзінің жұмысына қанша күш жұмсауына тәуелді болып келеді.
Адам ұйымда түрлі рөлдерді орындай отырып түрліше ынталана алады.
Біреу өзінің жұмысының сапасына немқұрайлылық танытса, екіншісін барлығын
жоғары дәрежеде істеуге, толығымен жұмысқа берілуге, жұмыстан қашпауға,
жоғары мамандандырылу дәрежесіне көтерілуге, ұйымдық ортамен өзара іс -
әрекеттесу мен жұмыс жасау қабілетінің жоғарылуына ұмтылады.
Мотивация әсер ететін әрекеттің үшінші мінездемесі басталған
жұмыстың дамуы мен ары қарайжылжуына қайсарлық танытудан құралады. Бұл
әрекеттің өте маңызды мінездемесі, өйткені басталған жұмысқа қызығушылығын
тез жоятын адамдар жиі кездеседі және олар қызметтің басында өте жақсы
нәтижеге ие болса да, қызығушылықтың жойылуы мен қайсарлық танытудың
болмауы, олардың өздерінің мүмкіндіктерінің төмен дәрежелігін сезіну арқылы
өзінің рөлін орындауда ұмтылушылықты да жойып алуы мүмкін.
Қайсарлықтың болмауы істі аяғына дейін жеткізбеуге де әкеп
соқтырады. Оқушы ғажап ойларды келтіруі мүмкін, бірақ оның орындалуына
әрекет жасамау ұйым үшін уақытында қолданыла алмаған мүмкіндіктер болып
айналуы мүмкін. Барлық қажетті талаптар мен реттеуші нормаларды есептеумен
қоса жұмыстың жауапты түрде іске асуын білдіретін жұмыс орындау кезіндегі
адалдық көптеген жұмыстардың сәтті орындалуларына негізгі шарттардың бірі
болып табылады. Адам жақсы біліктілікке және білімге ие болып, қабілетті,
ұшқыр ойлы және көп жұмыс істей алады. Осылай дей тұра ол өзінің
міндеттеріне еш қызығушылықсыз, жауапсыз да қарай алады. (45б.-19т.)
1.2.Мотивациялық процесс.
Процесс ретінде қарастырылып жүрген мотивация ұғымы теориялық түрде
бірінен соң бірі келетін алты кезеңнен тұра алады.
Әрине, бұлай деп бөлу шартты түрдегі нәрсе, өйткені шын өмірде
кезеңдерді дәл бұлай деп бөлу және оқшауланған мотивациялық процестер жоқ.
Бірақ мотивация процесі қалай ашылатынын, оның логикасы неде және құрамды
бөліктері қандай екенін төменде келтірілген үлгі көрсетеді.
Бірінші кезең – қажеттіліктің туындауы.
Адам бірдеңенің жетіспейтінін сезе бастайды, қажеттілік осындай
түрде пайда болады. Ол нақты бір уақытта пайда болады да адамнан ол бір
мүмкіндік тапсын және өзін жою үшін бірдеңе жасасын деп талап ете
бастайды. Қажеттілік алуан түрлі бола алады. Шартты түрде үш топқа бөлуге
болады:
- Физиологиялық
- Психологиялық
- Әлеуметтік
Екінші кезең – қажеттілікті жою жолдарын іздеу.
Қажеттілік пайда болып, қиындықтар тудырғаннан кейін, адам оны
жою үшін түрлі жолдар іздей бастайды: қанағаттандырады, ысырып тастайды,
байқамайды, яғни қайткенде де бірдеңе істеу керек.
Үшінші кезең - әрекеттің мақсатын (бағытын) анықтау.
Адам қажеттілікті жою үшін не істеу керектігін, қандай әдіс –
тәсілдерді қолдану керектігін ойлана бастайды. Берілген кезеңде төрт сәттің
үйлесімділігі өтеді:
- қажеттілікті жою үшін мен не алуым керек;
- қалағанымды алу үшін мен не істеуім керек;
- қалағаныма қандай дәрежеде жете аламын;
- ала алатыным қажеттілікті қаншалықты көлемде жоя алады.
Төртінші кезең - әрекеттің жүзеге асуы.
Бұл кезеңде адам қажеттілікті жоюға мүмкіндік бере алатын әрекеттерді
жүзеге асыру үшін күш жұмсайды. Жұмыс процесі мотивацияға кері әсер
еткендіктен, бұл кезеңде мақсаттарды өзгерту бола алады.
Бесінші кезең - әрекеттерді жүзеге асыру үшін берілген марапаттауды
алу. Белгілі бір жұмысты істеп болғаннан соң, адам не қажеттілікті жою үшін
пайдалана алатын нәрсені ала алады, не қалағанына айырбастай алатын нәрсені
ала алады. Берілген кезеңде әрекеттерді орындау қаншалықты қалаған нәтиже
бергендігі анық болды. Бұның әсерінен мотивацияның әрекетке деген не
әлсізденуі, не сақталуы, немесе ұлғаюы.
Алтыншы кезең – қажеттілікті жою.
Қажеттіліктен туындайтын қауырттылықты басу үшін, адам жаңа
қажеттілік пайда болғанша дейін іс - әрекетін тоқтатады немесе қажеттілікті
жою үшін әр түрлі мүмкіндіктер іздеп, әрекеттерді жүзеге асыру үшін тырыса
бастайды. Мотивация процесінің логикасын білуден осы процеспен басқарудың
ешқандай артықшылығы жоқ. Мотивацияның практикалық ашылу процесін
түсініксіз қылатын және қиындататын бірнеше факторды көрсетуге болады.
Маңызды фактор болып түрткілердің айқынсыздығы табылады.
Қандай түрткілер әрекет ететіндігін жорамалдауға болады, бірақ,
шынына келгенде, оларды бөлшектеу мүмкін емес. Келесі маңызды фактор
болып мотивациялық процестің өзгерімділігі табылады. Мотивациялық процестің
мінезі оны қандай қажеттіліктер бастайтынына тәуелді. Дегенмен,
қажеттіліктердің өздері де күрделі серпінді қарым – қатынаста, бір – біріне
қарама – қарсы түрде болады.
Әрбір адамның мотивациялық процесін теңдесі жоқ қылатын
факторлардың бірі жеке-жеке адамдардың инновациялық құрылымдарының
айырмашылығы, әр түрлі адамдарға бірдей түрткілердің әр түрлі дәрежеде әсер
ететді. (245б.–20 т.)

1.3.Мотивация теориялары.
Мотивация теориясын зерттеудің екі жолы бар. Бірінші жолы
мотивация теориясының мазмұнды жағын зерттеуге негізделеді. Мұндай
теориялар мұғалімнің және оқушының қажеттіліктерін зерттеуде негізделеді.
Мұндай жолды жақтайтындарға Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг және Дэвид
Мак Клелланд сияқты америкалық психологтарды жатқызуға болады. Бұл
теорияларды жеке – жеке қарастырып көрейік.

1.3.1. А. Маслоудың мотивация теориясы.

Қарастырылатын теориялардың біріншісі Маслоудың
қажеттіліктерінің сатылы лауазымы деп аталады. Бұл ертеректеу болған
теория. Мұны жақтаушылар, оның ішінде Абрахам Маслоу, психология құралы
болып адамның санасы емес, мінез – құлқы табылады деп санайды. Мінез –
құлықтың негізінде адамның қажеттіліктері жатыр, оларды бес топқа бөлуге
болады:
- Мұғалімге оқушыға үйрету үшін маңызды қажеттіліктер: көңіл аударту, жақсы
қарым – қатынас жасау, тиімді әдіс – тәсілдерді қолдану және т.б.;
- болашақ мамандар болады деген сенімділіктегі қажеттілік – оқушылар
тарапынан болатын ұсыныстарды дамыту;
- сыныпішілік қажеттіліктер - сыныптық ортаға, оқушылармен қарым – қатынас
жасауға, олардың жәрдемдеріне деген қажеттілік;
- жетістікке жетуге деген қажеттіліктер;
- мұғалімнің өзінің және өз мүмкіндіктерін іске асырудағы қажеттілік.
Қажеттіліктің алғашқы екі тобы бастапқы, ал келесі үшеуі кейінгі.
Бұл қажеттіліктердің барлығын Маслоу теориясына сәйкес табанында -
бастапқы қажеттіліктер, ал шыңында - кейінгілер болатын пирамида түрінде
қатаң сатылы лауазымды тәртіпте орналастыруға болады.
Қажеттіліктер.
1. Шет тілін оқыту барысында өз - өзін көрсетуде
2. Сыйластықта
3.3. Оқушылармен қарым – қатынаста
4. Оқушыларды қызықтыра алуында
5. Сапалы білім беруде
6. Моральдік
Мұндай сатылы лауазымды құрылыстың мағынасына мұғалімге төмен
дәрежедегі қажеттіліктер басымдырақ келеді деген қорытынды шығаруға болады.
Басқаша айтқанда, адамның мінез – құлқында ең бірінші төмен
деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру, ал содан кейін жоғары деңгейдегі
қажеттіліктер анықталады.
Ең үлкен қажеттілік – мұғалімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рецептивті лексикалық дағдылар
Сөйлеу дағдысының оқытудағы коммуникативті әдіс
Шет тілін үйренудің тиімді әдістері
Ағылшын тілін оқытуда сөйлеу әдістері арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру
Шет тілі сабағында шетел мәдениетіне үйретудің әдістемесі
Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың маңызы
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Мәдениетаралық қатысымның жазбаша түріне үйретуде студенттердің ізденушілік - ақпараттық біліктілігін қалыптастыру
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Пәндер