Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы
Жоспар
І. Кіріспе бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
1.1. Балалар мен жастардың жан-жақты дамуындағы
эстетикалық тәрбиенің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қазақ ағартушылары халықтық педагогиканың балалар
мен жастардың эстетикалық тәрбиесіндегі маңызы туралы ... ...
2.2. Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының
эстетикалық тәрбиедегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Халықтың музыкалық шығармашылығының
эстетикалық тәрбиедегі
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің эстетикалық
тәрбиедегі
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
2.5. Қазақтың халықтық педагогикасы негізінде эстетикалық
тәрбиені дамыту
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІІ. Қортынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе бөлім
1. Эстетикалық тәрбиенің мәні мен мағынасы.
Эстетика – грек тілінен аударғанда сезімдік қабылдауға қатынасы бар
деген мағынаны білдіреді.
Эстетикалық сезім – бұл адамның өнерге немесе әлемдегі эстетикалық
құбылысқа деген бағалау қатынасымен туатын субъективті эмоционалдық күш.
Эстетикалық сезім эстетикалық күйзелуді бастан кешуді туғызады. Эстетикалық
күйзелу рухани – эстетикалқ қажеттіліктің туып, дамуына әсер етеді.
Эстетикалық қажеттілік көркемдік-эстетикалық құндылықпен қарым-қатынас
жасауды, рухани-эстетикалық күйді бастан кешуді тұрақты қажетсіну ретінде
көрініс береді. Эстетикалық сезім мен эстетикалық сана бірлігі адамның
көркемідк эстетикалық талғамын тудырады.
Көркемдік-эстетикалық талғам – бұл нағыз кереметті немесе сұрықсыздыты
трагедияны немесе комедияны сезіну, түсіну, көре білу және дұрыс бағалай
білу сияқты нәзік және күрделі білік. Осының негізінде эстетикалық пайымдау
қабілеті дамиды.
Эстетика – бұл өмірдегі сұлулық және өнер туралы, таным ерекшеліктері
және өнердің жалпы заңдылықтары туралы философиялық ғылым. Ал эстетикалық
қысқаша сөздікте оған: эстетика-табиғатты, дамудың негізгі заңдылықтарын,
табиғаттағы, қоғамдағы материалдық және рухани өндірістегі, адамдардың
қарым-қатынасындағы эстетикалық заңдылықтардың қызметін зерттейтін ғылым
саласы деген анықатма берілген жеке бас эстетикасы оның эстетикалық
талғамымен, санасымен, мәдениетімен және тәрбиелілігімен тығыз байланысты.
Эстетикалық сана педагогикалық үрдісте тәрбиелік, дамытушылық,
ұйымдастырушылық – педагогикалық қызметтерді атқарады.
Адамның эстетикалық санасының маңызды элементі – оның көркемдік-
эстетикалық қабылдауы болып табылады. Қабылдау - өнермен және қоршаған отра
әдемілігімен қарым-қатынастың бастапқы кезеңі және әлемге деген эстетикалық
қатынасытың психологиялық негізі. Оның толықтығы мен анықтығына эстетикалық
сезіну күші мен тереңдігі, көркемдік-эстетикалық мұрат пен талғамның
қалыптасуы тікелей тәуелді. Эстетикалық қабылдау мәдениеті оқушының
эстетикалық сезімінің дамуына ықпал етеді.
Эстетикалық саны – адамның эстетикалық идея, теория, өлшемдер,
көзқарастар жиынтығында көрініс беретін өнерге, әлемдегі әдемілікке деген
саналы қатынасын білімдерді эстетикалық тәрбиесіз адамның эстетикалық
санасын, талғамын дамыту, жетілдіру мүмкін емес.
Эстетикалық тәрбие – тәрбие мақсаты мен тәрбиелік жүйенің негізгі
құрауыштарының бірі, ол эстетикалық идеяларды, тәрбиеленушілердің талғамы
мен қажеттіліктерін қамтиды.
Эстетикалық тәрбие міндеттерін шартты түрде: теориялық білімді игеру
және практикалық біліктерді меңгеру деп екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топтағы міндеттер – эстетикалық құндылықтарға баулуды, ал 2
шісі – эстетикалық әрекетке белсенді араласуды білдіреді. Оның міндеттері:
- эстетикалық білімдер қалыптастыру;
- эстетикалық мәдениет тәрбиелеу;
- ежелгі мәдени және эстетикалық мұраларды игеру;
- өмірге эстетикалық сезімді дамыту;
- оқушыларды өмірдегі, табиғаттағы, еңбектегі әдемілікті ұғуға
түсінуге тәрбиелеу;
- өмір мен әрекетін сұлулық заңына сәйкес құруға қажеттілігін дамыту
- эстетикалық мұраттар қалыптасу
- сырт көрінісінің, ойының, ісінің, қылықтарының әдемі болуына
ұмтылуын қалыптастыру.
Әрбір оқушыны эстетикалық әрекетке тарту дегеніміз олардың әрқайсысын
өз қолдарымен әдемілікті жасауға үйрету, соған қажеттілігін ояту деп түсіну
қажет. Мәселен, хореограяи, музыка, көркемсурет, шығармашылық істерімен
шұғылдануына жағдай туғызу және баулу.
Эстетикалық тәрбие - өмірдегі, өнердегі сұлулық пен сұрықсыздықты
сезіне, көре, түсіне, әділетті бағалай білетін әдемілік заңы бойынша
өмір сүретін, шығармашыл белсенді тұлғаны қалыптастыруға мақсатты
бағытталған үрдіс.
Қазіргі мектептегі эстетикалық тәрбие әлі де болса тұлғаның
эмоционалдық аясы мен эстетикалық сананың дамуына өз деңгейінде сәйкес
келмей отырғаны анық. Сол себептен де мектепте эстетикалық тәрбие беру
мәселесі өзекті деп есептейміз. Жалпы білім беретін мектептің
тұжырымдамасында, оқу жоспарында көркемдік циклдағы пәндерге жете мән
берілмейінше, эстетикалық тәрбие, мәдениет мәселесі өз мәнінде шешімін
таппайтыны кімге болса да түсінікті.
Эстетикалық тәрбие тәрбиенің басқа түрлерімен тығыз байланысты екені
даусыз және эстетикалық тәрбиені көпшілік көбіне гуманитарлық бағыттағы
пәндер арқылы жүзеге асырады және солай болуы тиіс деген сыңаржақ пікі де
келеді. Эстетика адам өмірінің бар қырын қамтитын болғандықтан,
жаратылыстану циклындағы пәндердің де эстетикалық тәрбиені жүзеге асырудағы
еншіснен кенже қалдырмауымыз тиіс.
Физика, химия, математика, технология, сызу, информатика пәндерінде де
эстетикалық тәрбиені өз мәнінде жүзеге асыруға болады. Ол үшін тек
мұғалімнің ізденіс, шығармашылығы мен өзінің эстетикалық тәрбие туралы
білімі қажет мәселен, сызу, информатика пәндерінде біз оқушының графикалық
мәдениетін қалыптастырамыз, ал ол эстетикалық талғаммен тікелей
байланысты. Ал физика пәні үйірмелерінде физика және кино, қозғалыс және
жылу, физика және музыка, физика және сәулет өнері деген тақырыптар
арқылы эстетикалық талғамды күшейту жолымен тәрбиелеуге болады.
Сонымен қатар физика сабағында құбылыстардың пайда болу заңдылықтарын
ғана емес, олардың әдемілігін де сипаттап отыру қажет. Ал кез келген әдеби
шығармалардың ішінде сұлулықты сипаттаған тұстарды, физика заңдылықтарын
еске түсірген жөн және математика пәнінде қазақ халқының қара есептерін
талдағанда, сәулет өнеріндегі математикалық дәлдіктерді айтқанда
эстетикалық, тәрбие беруде мұғалімнің тұлғасы мен сөйлеу мәдениетінің де
рөлі зор. Әрбір кабинеттің жабдықталу әсемдігінің де эстетикалық тәрбиені
жүзеге асыруда алатын орны олқы емес. жалпы мектепті безендіргенде, біз
оның мазмұндылығына ғана емес, эстетикасына да үлкен мәне беруіміз тиіс. Әр
сабақтағы эмоционалдық ахуалдың да ықпалы зор сабақ барысындағы оқушылардың
жағымды эмоциалары: қуаныштары, қанағаттану сезімдері, яғни мұғалім мен
оқушының эстетикалық сезімдері үйлесімділік тапқанда нәтиже табысты бола
түседі жәен оқушының эстетикалық тәрбиелілігі қалыптасады.
Адамдардың эстетикалық тәрбиелілігі табиғи күштер дамуы, қабылдау
қабілеті, эмоционалдық күйзеліс, ойлау және көркемдік эстетикалық
білімділігі бірлігіне негізделеді. Адамның эстетикалық тәрбиелілігін
дамыған көркемдік талғамынсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес.
эстетикалық тәрбиеліліктің әдемілкке, сұлулыққа, өмірдегі және өнердегі
жетілген құбылыстарға сүйсіну болып табылады. Эстетикалық тәрбиелілік терең
эстетикалық күйзелу қабілеттілігімен сипатталады. (қуану, жиіркену, әзіл-
қалжың сезімі, қорқыныш, сарказм, ирония, күйзелісіне ортақтасу және т.б.).
олардың белгісі ретінде эстетикалық пайымдауға қабілеттілік есептеледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында "жоғары білім берудің мақсаты - ...жеке тұлғаның сапалы
жоғары білім алуга деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың
мазмұнын, ...таңдауға кеңінен мүмкіндік беру" делінген. Осыған орай болашақ
маманға кәсіби білім беру арқылы рухани-эстетикалық дамуындағы рөлін терең
зерттеуді қажет етеді. Сондай қажеттіліктердің бірі - қазақ қолданбалы
өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде эстетикалық тәрбие беру
мүмкіндіктерін болашақ маманның игеруі.
Ұрпақтан-ұрпаққа дәстүрлі жалғасын тапқан бабалар мұрасы тек шеберлік
пен іскерлікті игеру ғана емес, адамзаттың әлемді рухани-эстетикалық
тануының "заттанған" көрінісі. Халықтың рухани бәйтерегі - қазақ қолданбалы
өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарында эстетикалық тәлім-тәрбие
жатқанына көз жеткіземіз. Біріншіден, қазақ қолданбалы өнерінің ішкі тылсым
сыры ұғылады (қабылданады). Екіншіден, уақыт арқылы өткенді зерделеп,
бүгінгіні анықтап, болашақты бағдарлайды. Үшіншіден, кеңістік көріністері
бүгінгі ұрпаққа "ата жұрт", "атамекен", "елім-жерім", "туған өлке"
ұғымдарын қалыптастырады. Сондай-ақ жеке тұлғаның дүние, өмір, қоғам, тіл
медениеті жөніндегі түсініктері ұлғаяды, ақыл-ойы, танымдық қабілеті,
эстетикалық сана-сезімі, түйсіктері, адамгершілік қасиеттері, туған еліне,
жеріне, табиғатқа, халық өнеріне аялы көзқарастары қалыптасады.
Халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, Әл-Фараби, Ахмет
Иассауи, Ж.Баласағұни, т.б.), қазақ ағартушылары, қоғам қайраткерлері
(М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, т.б.), шетел психолог-
педагогтері (Н.Крупская, А.Луначарский, П.Блонский, Д.Лихачев,
С.Шацкий, Л.Выготский, С.Рубинштейн, А.Бакушинский, т.б.), еңбектерінде
табиғат, қоршаған орта, өмірдегі және өнердегі сұлулықты түсініп,
қабылдау болашақ ұрпақтың жан-жақты дамуының басты құралы екендігі
қарастырылған.
Бүгінгі таңда педагог ғалымдардың қазақ қолданбалы өнері және
эстетикалық тәрбие теориясы мен тәжірибесінің зерттеліп отырған кезеңдегі
жәй-күйін, өзіне тән ерекшеліктері ғалымдар: А.Жүнісбаева, Б.Әлмұхамбетов,
Ө.Қамақов, Ж.Балкенов, Е.Асылханов, Қ.Ералин, Қ.Ижанов, Ү.Ибрагимов,
З.Ахметова, Қ.Болатбаев, С.Ұзақбаева еңбектерінде арнайы зерттелген.
Ғалымдар еңбектерінің негізгі идеяларына сүйене отырып, қазақ
қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі
көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктеріне
мазмұнды сипаттама беруге болады. Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері
адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру,
белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді.
Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық
саласынан (әсіресе өнерге көзқарасынан) көрінеді. Эстетикалық талғамы биік,
сезімтал адам еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі
әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский
былай деп жазған: "Әсемдікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы
сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін ..., тек осы сезіммен ғана
азамат өзінің жеке басының мүдделерін де, өзінің жеке көзқарасын да Отан
үшін құрбан ете алады, тек осы сезіммен ғана адам өмірде ерлік істей алады,
...эстетикалық сезім —жақсылықтың негізі, адамгершіліктің негізі". Яғни,
эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап
етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық сезім - адамның еңбек үстінде тарихи қалыптасып дамыған
рухани қасиеттерінің бірі. Ұлы ақын М.Жұмабаев "Жаратылыстың, һәм
искусствоның сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Үлбіреген
гүл, ...сұлу ай, жұлдызды таң, міне осылар сықылды жаратылыстың сұлу
заттары, көріністері ... адам жанына бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятып
туғызбай қоймайды. ... Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сау ләззат
ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа
ұмтылып, жамандықтан тиылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың
сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылуына тиісті..." деп, адамдардың,
өмірдегі, өнердегі сұлулық пен ұсқынсыздықты дұрыс қабылдауы, түсінуі мен
сезінуі эстетикалық тәрбиенің басты міндеті екендігін ескертеді. Демек,
қазақ қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдары негізінде
әстетикалық тәрбие беру табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі ең жақсыны
қабылдау, одан ләззат алу, дүниедегі әдемілік атаулыны бағалауға және өнер
шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа
жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таным ынтымақтыққа, бірлікке,
еркіндікке, адалдыққа, шыншылдыққа, патриоттылыққа, мейірімділікке,
кішіпейілділікке тәрбиелейді. Эстетикалық сезім мен қабылдауда қазақ
қолданбалы өнеріндегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының мазмұндық
ерекшеліктері туған ел, туған жер, атамекен, атақоныс, жер-су, мәңгілік пен
бүгінгілік, тағдыр, т.б. ұғымдарды қалыптастыратынын ұғып-түсінеді.
Эстетикалық баға беру мен пайымдау қолданбалы өнерінің тарихи даму
ерекшеліктерінен білімін меңгертуде жас жеткіншектердің ақыл-ойын, рухани
дүниетанымын, бабалар мұрасына деген қызығуын арттырады. Эстетикалық
белсенділік өздігінен ізденуге жол ашады, қолданбалы өнері бұйымдарын жасай
білуге, олар қоршаған орта табиғат құбылыстарын абстрактілі бейнелей
білуге, бабалар мұрасын ұрпақтар мұратына айналдыруға өз үлесін қосуға
талпындырады.
Демек, эстетикалық тәрбие үрдісінде қазақ қолданбалы өнеріндегі
кеңістік пен уақыт ұғымдарын пайдалану ақыл-парасаттылық (рационалды) және
сезім (эмоциалды) элементтерінің өзара байланысын қалыптастырады.
Педагогикада бүл мәселені шешуде адам ақыл-ойы мен адамгершілігінің
әсемдікке бой ұруы және эстетикалық сезімдерінің өзара байланыста екендігін
негізге алады.
Бүгінде жоғары оқу орындарында жеке тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімін
жетілдіруде қазақ қолданбалы өнері негізінде әстетикалық тәрбие берудің
мүмкіндігі ерекше. Бұл болашақ ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше
талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді
алға қояды.
1. Өнер арқылы қоршаған орта, табиғат сұлулығынан ләззат алу, оны
сезінуге, шын көркемдіктен жалған көркемдікті ажырата білуге, яғни
сұлулықты қабылдауға, түсінуге талпындырады, жеке тұлғаның дүниетанымын
қалыптастырады.
2. Эстетикалық тәрбие беруде ұлттық өнердің кеңістік пен уақыт
тұрғысынан танымдық-тәрбиелік маңызын және болашақ мұғалімдерді осы игі
істерге баулу, сөз жоқ, бүгінгі педагогикалық білімді ізгілендіріп, жаңа
сапаға көтереді.
Негізгі бөлім
2.1. Қазақ ағартушылары халықтық педагогиканың балалар мен жастардың
эстетикалық тәрбиесіндегі маңызы туралы.
Қазақ ағартушылары Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтинсариннің, А.Құнанбаетвың
эстетикалық тәрбие саласында арнай еңбектер жазып қалдырмағаны белгілі.
Алайда, олар өздерінің саяси-қоғамдық ғылыми және әдеби еңбектерінде қазақ
халқының эстетикалық мәдениетінің, өнерінің даму барысына аса көңіл бөлді.
Халық шығармашылығын жинап зерттеу арққылы қазақтардың эстетикалық талғам
деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық
тәрбиеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты.
Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлері
халықтың дүниетанымдық көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір
сүрген дәуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол – заңды құбылыс. Бұл
жердегі басты мәселе ағартушылардың эстетикалық тәрбиені жан-жақты, жүйелі
талдап зерттеуінде емес, керісінше, мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз
қозғап, өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр.
Қазақтың ұлы ғұлама ғалымы Ш.Уәлиханов өзінің аз ғұмырында көптеген
баға жетпес құнды еңбектер қалдырды.
Оның ағартушы ретінде айтқан ой-пікірлері, кейбір ескертпелері мен
болжамдары қазақ халық шығармашылығына байланысты. Мысалы, халықтың
поэтикалық өнерінің адамгершілік тәрбиесіне ықпалы туралы пікірін өлең,
мақал-мәтелдер, эпостар жинағынан кездестірсек, өнердің эстетикалық
тәрбиедегі рөлі жайлы пікірін ән-күйлер мен арихитектуралық құрылыстар
суреттемелерінен көреміз. Сондай-ақ табиғаттың да адамгершілік эстетикалық
тәрбиесіне деген пайдасы оның күнделіктерінде, сапарнама тұрғысынан жазған
еңбектерінде тұжырымды берілген.
Шоқанның халық шығармашылығына деген сүйіспеншілігінің қалыптасуына,
көркемдік талғамның жетілуіне, ой-өрісінің, рухани әлемнің кеңи түсуіне
бірнеше факторлар әсер етті. (Өскен ортасы: табиғат, туыс, жолдас, өнер
адамдары, отбасы, әке-шешесі, әжесі, орыс достары т.б.)
Бала жасынан әжесі Айғанымнан ертегі, аңыз-әңгімелерді, тарихи
оқиғалар мен ХVIII ғ. Жоңғар көтерілісіне қатысқан батырлар туралы
естеліктерді естіп өсуі Шоқанның туған жер, ел, Отан алдында
жауапкершілігін арттырды, халық мұрасын бағалап, сүйе білуге үйретті. Оның
ой-өрісінің кеңеюіне, көркемдік талғамының жетілуіне орақ ауыз, от тілді
ақын-жыршылар (Жұмағұл, Жанақ, Арыстанбай, Шөже, бал таңдай әншілер,
саусағынан өнер тамған күйшілерден естіген қазақ халқының тарихи шындығын
бейнелейтін әндер мен лирикалық әуендері, эпикалық жырлары мен толғаулары,
тарихи күйлері де өте зор әсер етті.
Ата көрген оқ жонар дегендей, Шоқанның көркемідік танымының
қалыптасуына әкесі Шыңғыстың ықпалы айрықша болды. Шыңғыс – қырғыз-
қайсақтардың салт-дәстүрін, жұмыс-тіршілігін мәдениетін, өнерін зерттеген
орыс ғалымдарымен, жазушыларымен байланыста болды.
Ш.Уәлихановтың орыс мәдениеті мен ғылымның атақты қайраткерлерімен
достығы және олармен жақын араласуы оның ағартушылық қызметі мен қоғамдық,
эстетикалық көзқарасына дұрыс бағыт берді.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы Ш.Уәлихановтың дүниетанымдық,
эстетикалық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткенін, оның ауызекі
шығармашылықтың тәрбиелік мәнін кезінде дұрыс түсінгенін оған тәрбие құралы
ретінде қарағанын көрсетеді.
Шоқан Уәлиханов ауызекі шығармашылық арқылы халықтың болмысқа деген
эстетикалық көзқарасын, талғамын, эстетикалық сезімін көрсете білді. Ол
әсіресе 1856 жылы атақты Жалақ ақыннан естіп, жазып алған Қозы Көрпеш –
Баян сұлу эпосының поэтикалық көркемдік ерекшелігін жоғары бағалады.
Эпостың нұсқасында болмасын, халықтың өткендегі әдеп-ғұрып, тұрмыс-салты,
адамдардың өзара қарым-қатынастары, қайырымдылық пен жауыздық, екі жастың
бір-біріне деген таза сүйіспеншілігі жырға қосылады.
Шоқан ауыз әдебиеті үлгілерінің ішінде эстетикалық тәрбиенің таптырмас
құралы-ертегілер жайлы құнды пікірлер айтады. Ертегілердің мазмұнының бай
екенін ескертеді, ондағы батыр, жезтырнақ, алып секілді көптеген
кейіпкерлерді көрсету арқылы адам баласының жағымды-жағымсыз моральдық
қасиеттерін (кішіпейілділік, әділеттілік, шыншылдық, ізеттілік,
инабаттылық, қайырымдылық-қайырымсыздық, зұлымдық т.б.) ажырата білуге,
әдемілікті сезіне, қабылдап-тани білуге шақырады. Мақал-мәтелдерді жинақтау
арқылы халықтың балалар мен жастар тәрбиесінің әлеуметтік тарихи,
тәжірибесін әсерлі көрсете білді. Шоқанның мақсаты болашақ ұрпаққа халықтың
өткендегі өмірінің ақиқатын толығырақ, тереңірек түсіндіруге көмектесу,
көрнекті адамдардың іс-әрекетімен таныстыру, мәдени мәнін ашып көрсету.
Эстетикалық тәрбиеге тікелей қатысы бар халықтың сөз өнері, ақындық,
жыршылық, әншілік, күйшілік, өнерлері де Шоқан зерттеуінен тыс қалмаған.
Музыкалық аспаптардың түрлеріне де тоқталып өткен.
Халық арасынан шыққан сыбызғышылар мен қобызшыларды, жыр-дастанды
орындаушы жырауларды тыңдап түсіне білуге шақырды. Дала жыршыларының бәрі
әдетте қобыздың сүйемелдеуімен ән салады деп бұрын қобыз аспабына назар
аударылғаны туралы жазады.
Шоқан жастардың рухани қорын, мәдени –эстетикалық деңгейін кеңейту
мақсатымен көршілес халықтардың музыксы мен аспаптары туралы да бағалы
деректер қалдырды. Өзінің Қашқарияға барған сапарында ұйғыр, қалмақ, кібе
халықтарының музыкасы жайлы мәліметтер алып қайтады. Саяхат барысында үш
шекті лютня мен сүйемелденген әнді естігеннен, ән салып жүрген қытай
монахтарын кездестіргенін, ұйғыр музыканттарының күйін тыңдағанын, керней
сияқты ұзын мыс түтікпен флейтасы қосылып музыка тартылғанын және дап,
нағра, думбақ, сияқты ұрып ойналатын аспаптарды көргенін жазады.
Бұдан Шоқанның ұлттық музыка өнерін жоғары бағалағанын, адам баласының
рухани мәдениеті үшін оның маңызының зор екендігін түсінгендігін, өнер
көзі халықта дегенді ескеріп, өнердің болашағы тек қана ұлттық өнердің
негізінде ғана өсіп-өркендейтіні кәміл сенгендігін байқаймыз.
Шоқан халықтың ежелгі архитекторлық құрылыстарын эстетикалық тұрғыда
қабылдай білуге байланысты құнды пікірлер айтты. Қазақ моласы мен ның
төңірегінен қазақтың бар мәнер талғамы, архитектурадағы өнері, оның ою мен
бейнелеу салты байқалады – деп халықтың мәдени деңгейінің жоғары Орта
Азиядағы сәулет үлгілері – үргенштегі Палуанахмед Жәмшидің, Ташкенттегі
Зеңгі баба мен Ахпар Уәли қожаның, Түркістандағы Ахмет Иассауи зираттарына
тоқталады. Сөйтіп қазақ халқының эстетикалық мақсаты көздеген өзіндік
сәулетшілік шығармалары болғанын баяндайды. Осы көне заманның көзі болып
келген мәдени мұраларды әсемдіктің үлгісі деп қабылдай білуге үйретеді.
Демек, Шоқан өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған ауызекі шығармашылығы
арқылы халықтың арман-тілегін, тұрмыс-қарекетін, көз-қарасын баяндады,
ұмытылып бара жатқан мәдени дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық сәндік-
қолданбалы өнер т.б.) көңіл аударып, оны халық эстетикалық тәрбиенің құралы
ретінде пайдаланғанын көрсетті. Олардың қай дәуірде болмасын құндылығы
жойылмайтынын, әрқашан халық үлесін жеткіншектер тәрбиесінің игілігі үшін
қызмет ететінін өзінің көзқарасы, ой-пікірі, қатынасы арқылы дәлелдеді.
2.2. Халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының эстетикалық
тәрбиедегі көрінісі.
Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі – ойындар,
ойын өлеңдері. Оларда азамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс тіршілігі, еңбегі,
дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен
жігерлілікке құлшынысы және т.б. ойын арқылы көрсетіледі.
Қазақ балаларының ойын-сауықтары күнделікті көшпенді – машлы отбасының
еңбек, тіршілігімен байланысты болады. Мұның бәрі халық өлеңдерінде,
аңыздарында, би мен ойын қимылдарында өз көрінісін тапқан. Оның үстіне
балалар ойындарының көпшілігі олардың жсына сәйкес, қара өлең түрінде ғана
емес, музыка мен әннің сүймелдеуімен өткізілген. Мысалы, Асау мәстек атты
балалар ойынында жүргізуші балаларды ойынға тақпақ айтып шақырады.
Аңдардың айтысы атты ойында қатысушылар жүргізушінің талабына сай
(белгілі бір сарынға) әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын
бейнелеп, олардың өзіне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі
хайуанаттар әлемі жөнінде нақты ұғымды, музыкалық және әртістік қабілетті,
жеке және топтасып ән айта білу дағдысын жетілдіреді. Ойын ережелерінің
үлкен тәрбиелік маңызы бар. Олар ойынның барысын белгілейді, балалардың
тәтібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-
жігерінің қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы, қоғикөк ойынында қаздар тек
кемпірдің олай болса, сендердің біріңді алып қаламын деген сөзінен соң ақ
тізбегін жазбай кемпірден қаша жөнелуі керек. Ойын шапшаңдықты, ептілікті,
тиянақтылықты, тез бағдар табуды, ұжымдық ұйымшылдық көрсетуді, бір-біріне
көмектесуді жауапкершілікті, батыл қимылды талап етеді. Бұл ойындағы
ерекшелік билеп жүріп хормен өлең айтуда өзара үйлесімділік байқалады. Қай
ойынды алмайық, бәрінде де би элементтері кездеседі, ән, күй, тақпақ,
мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер т.б. бір-бірімен алмасып
жатады. Бұлардың бәрі нақтылы белгіленген жағдайға қарай актерлік үлгіде,
сахналық үзінді түрінде орындалады. Ойын барысында қатысушылар өздерін
күнделікті тіршілік жағдайында сезінбейді, керісінше, мүлде бөлек ортада
сезім, поэзия, өнер әлемінде сезінеді. Олар ойлаған рөлдерінен эстетикалық
ләззат алуға талпынады.
Халық балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда ауыз
әдебиетінің елеулі туындысының бірі жұмбаққа мән берген. Жұмбақ қара сөз
түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен
айтылады. Мысалы, жабың астында жарты күлше (ай), отқа жанбас, суға
батпас (мұз) т.б. жұмбақтар шешендік сөздермен де, мақал-мәтелдермен де
жанасымды.
... кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан
атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын,
жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған - деп М.Әуезов бекер айтпаған.
Бұл пікірдің тарихи ақиқаттың қортындысынан туындағаны белгілі мысалы, ерте
заманда күйеу таңдаған қыздар жігіттің ақыл-ойын, өнерін, адамгерішілік
қасиеттерін байқау үшін, оларға жұмбқтар шештірген. Жұмбақтар ақындар
айтысында да кең қолданылған. Сөйтіп, айтыста ақындар бір-бірінің ақындық,
әншілік, домбырашылық өнерін ғана байқап қоймай, білім саласында (жұмбақ
арқылы) сынасқан.
Қазақ жұмбақтарындағы суреттеулер бейнелеу тәсілінің молдығын
көрсетеді. Жұмбақтардың әсемдік дүниесі көзге бірден шалынады. Олардың
сыртқы құрылысы ойнақы, тілге жеңіл, оңтайлы рухани қабілеттерін, бәрінен
бұрын эстетикалық сезімін дамытады. Сөйтіп адамдарда эстетикалық қажеттілк,
яғни шындыққа, жақсылыққа және әділеттілікке ұмтылу сияқты ең биік рухани
қажеттілік пайда болды. Мысалы, Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды
(күннің көзі) деген жұмбақтағы басты мағына күн шапағын жұқ жібек матамен
теңестіру, өрнектелген сандықтың әшекейлілігін насихаттау ғана емес,
олардың адам өміріне қажеттілігін түсіндіру болса, қап астында қысатды,
жасылмен бөркін тыстады (Бәйшешек) деген жұмбақтардың мақсаты балаларды
табиғат маусымдарында кездесетін құбылыстармен таныстыру, олардың әсем,
әдемілігін, түр-түсін тап басып тани білуге, сезімталдықпен қабылдауға
баулу. Жұмбақтардың қайсібір түрі болмасын үлкеннің де, кішінің де, жас пен
кәрінің де қиялына қанат бітіріп, әсемдік дүниесіне жетелейді, күнделікті
тұрмыс-қарекетімен табиғатта кездесетін әдемілікті сүреңсіздіктен айыра
білуге, оны эстетикалық талғаммен қабылдауға үйретеді.
Балаларға эстетикалық тәрбие беруде аңыз ертегілердің де өзіндік орны
бар. (Алдар көсе, Жиренше шешен, Қорқыт, Асан қайғы т.б.). Оған дәлел –
Қорқыт аңызы. Қорқыт жиырма жасқа толғанда түс көріп, түсінде оған құдірет
қырық жыл ғана өмір сүретін туралы аян береді. Ол адам баласы мәңгі өмір
сүретін жерді іздеп, дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Қайда барса да алдынан
өзіне арналып қазылған көр кездеседі. Ажал тарихынан құтылмасын білген
Қорқыт өзінің туған жері Сырдарияға қайтып оралады. Ағашты жонып қобыз
жасап, астындағы Желмаясын сойып, оның терісінен қобыздың сыртын қаптайды
(Шанақ жасайды). Жерде жүрсе ажал алып кетер деген хауіппен Сырдарияға
кілем төсеп, соның үстінде отырып қобызын күндіз-түні ұйқы көрмей ойнай
береді. Оның сұлу күйлерінде жақсылық пен жамандықтың бітіспес күресі,
адамзаттың арман-тілегі баяндалады. Ол әуендерді адамзат баласы, табиғат,
жер-су, тау- тас, жердегі жан-жануарлар, аспандағы ұшқан құс, балық
тіршілік иесі тыңдайды. Тіпті, күңіренген күйлерді тыңдаған ажал да
Қорқытқа батып жақын келе алмаған көрінеді. Мұндай музыкалық аңыздарды
ертекшілер балаларға түсінікті болу үшін музыкалық аспаптарда ойнар алдында
әңгімелеп отырған. Күйдің құдіретті күшін, әуезді, сазды, мұңды әуенін
баланың жан дүниесіне жеткізе білді. Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
өлмейтұғын артында сөз қалдырған - деп ұлы Абай айтқандай, ертекшілер де
Қорқыт күйлерінің өміршеңдігін, оның күй тілімен толғаған даналық ақыл
өсиетін бала зердесіне құя білді.
Қорыта айтқанда, ертегінің қай түрін алсақ та, Ол – еріккеннің ермегі
емес, зор қоғамдық, тарихтың сыры, тәрбиелік мәні бар әңгімелер ...
ертегінің әрбір сөзі мәңгілік фресканың өте нәзік нақышы секілді, әрбір
сөзде, әрбір бейнеде халық рухы шығармашылық күшінің ойыны бар. Ертегі
халық мәдениетінің рухани байлығы, оны тану арқылы бала туған халқын
жүрегімен танып біледі – деп А.В.Сухомлинский өте орынды айтқан.
Халық мақал-мәтелдерін зерттей отырып, қазақтардың мінез-құлық, тіл
мәдениетіне, өнерге, ән-күйге, әдебиетке, қолданбалы өнерге деген
талаптарын да тұжырымдауға болады. Мәселен, Ағаш көркі жапырақ, адам көркі
– шүберек, Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді деген мақал-
мәтелдер адамның сырт келбетіне, киім киісі мен жүріс-тұрысына ішкі жан
сұлулығының сай келуін меңзейді. Сөйтіп, Көркіне ақылы сай екен деп
тамсанып адамның сыртқы сұлулығы ішкі ақыл-ой, мінез-құлықпен жарасымдықта
болуын құптаған. Оны мына мақал-мәтелдерден де аңғаруға болады: Адам
мінезімен көрікті, Жаны сұлудың – тәні сұлу, Қыз қылығымен сүйкімді,
Көңілі сұлудың - өңі сұлу т.б.
Қазақ халқының эстетикалық көз қарастары көп жағдайда оның этикалық
түсініктерімен астасып жатады. Өзінің эстетикалық сезімдерін білдіре
отырып, халық көбіне оларды еңбекке, азаматтық міндеттерді адал атқаруға,
азаматтық ерлік көрсетуге шақыру түрінде берген.
Қазақ эпостарында еңбек сүйгіштік отан сүйгіштік рулар мен тайпаладың
өзара ізгілік қатынастары, әйелдерге, ақсақалдарға құрметпен қарау,
адамгершілік, батылдық, балаларға қамқорлық, мейірбандық, туған жерге,
табиғатқа деген сүйіспеншілік т.б. жырланады.
Эпостарда халық өмірі тарихындағы шын мәнінде болған оқиғалар: жат
жерлік басқыншылармен күрес, күнделікті өмірдің қуаныш-қайғысы, биік
адамгершілік сезімдер, өмір салты, эстетикалық көзқарастары, туған жер
табиғатының әсем көрінісі, басты кейіпкерлердің суреттемесі (сұлу мүсіні,
киген киімі, жүріс-тұрысы т.б.) өз бейнесін тауып жатады міне, сондықтан да
қазақ халық үшін эпос, басқа да халықтардағы сияқты, эстетикалық
көзқарастардың негізгі қайнар көздерінің бірі болып табылады. Ал халықтың
көркемөнер шығармашылығының осындай терең мазмұнды аса көрнекті туындылары
балалар мен жастардың эстетикалық талғамының қалыптасуына әсер етпей қалуы
мүмкін емес еді. Мәселен, Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырында табиғаттың
таңғажайып көріністері асқан шеберлікпен суреттелсе, халық үшін әдеміліктің
шынайы болған Қыз Жібектің бейнесі дүниедегі ең әдемі көріністермен
салыстыра отырып шебер сипатталады:
Кебісінің өкшесі
Бұхарадың гауһар тасындай...
Алтын шашбау шашында
Қыз Жібектің шаштары
Қоғалы көлдің құрағы.
Дүрі гауһар сырғасын
Көтере алмай тұр құлағы.
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай.
Бұл сияқты үзінділерден қазақтардың өткен заманда әдемілікке,
сұлулыққа деген көзқарасын айқын аңғаруға болады. Эпостарда сол сияқты
батырдың атының сұлу кескін сымбаты, шабыс –жемісі, естілігі, төзімділігі
әсерлі, мазмұнды бейнеленеді. Мысалы, Қобыланды Тайбурылының шабысы:
Құбылып Бурыл гуледі,
Табаны жерге тимеді,
Тау менен тасты өрледі,
Төрт аяқты сермеді,
Құлақтың түбі терледі,
Тер шыққан соң өрледі,
Адырды көзі көрмеді,
Көлденең жатқан көк тасты
Тіктеп тиген тұяғы
деп суреттеледі. Өлең жолындағы әсерлі де салыстырмалы теңеу сөздер
бала түйсігіне, сезіміне әсер етіп, қиялына қанат бітіреді.
Қазақтың батырлар жыры, - деп көрсетеді. Өзінің қазақ эпосына
арналған зерттеу жұмысында А.С.Орлов, - көркем әңгіме іспеттес болып
келеді, оның сөз тіркесінде қабылдауға ықпал ететін әр түрлі әдіс-тәсілдер
қолданылған. Батырлар жыры тек әңгіменің өзіндік сарынымен ғана
шектелмейді, олар әдемі де әсерлі, кейіпкерлерінің қарым-қатынасы
психологиялық тұрғыда күрделі.
Оның үстіне эпос мазмұнын тыңдаушыларға тартымды беру жыршының орындау
шеберлігіне – шешендік қабілетіне, дауыс ырғағына, бейнелі сөйлей білуіне,
музыкалық аспапты меңгеруіне, дауыс екпінінің, ым-ишара қимылының байлығына
байланысты екені даусыз.
Балалар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін дамытып жетілдіруде қазақ
халқының айтыс өнерінің орны ерекше. Айтыс - қазақтың төл сөзі, ежелден
айстысу, сөз жарысы, пікір таласы деген ұғымда қолданылып келген. Әдетте
айтыс шешендік сөзбен де, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz