Жергілікті бюджет. Республикалық бюджет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ

Орындаған:
Қамаева А.Е.
1 курс студенті
050509 Қаржы
күндізгі бөлім

Тексерген: Менеджмент және

маркетинг кафедрасының
аға
оқытушысы, менеджмент

магистрі: Азмағанова Қ.Ж.

Көкшетау -2007

Жоспар
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..5
I. Мемлекеттік бюджеттін экономикалық мәні мен
рөлі ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Бюджет жүйесі және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9
1.2 Бюджет балансы, процессі және
тапшылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ..10-13
1.3 Жанұя бюджеті – нарықтық қатынастарды дамытытын экономикалық
категория ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..14-16
II. Қазақстан Республикасының жүйесі және құрылымы ... ... ... ... ...17
2.1 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының төлемі мен
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-20
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ..21-25
2.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы және оны
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 30-32
Қолданған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .33
Қосымшалар

Кіріспе

Экономикада күрделі мәселелердің бірі мемлекет бюджеті болып
саналады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: Біз
қол жеткіз табыстарға иек арта отырып,алдымызға әлемнің бәсекеге барынша
қабіллетті елу ел қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсат қойдық. Бұл
мақсатқа қол жеткізуде мемлекеттің бюджеті үлкен рөл атқарады деген.Осы
сөздерге сүйене отырып біз бюджетті дамуын оның қандай деңгейде,қалай дамып
жатқандығы туралы осы курстық жұмысқа жазамыз. Елу ел қатарына кіру үшін
еліміздің экономикасы, саяси-әлеуметтік жағдайы дамыған елдер деңгейіне
жетуі тиіс. Ол деңгейге жету үшін еліміздің бюджетіне көп көңіл бөлу
керек.Ал бюджет тапшылығы осы бюджеттің шығыстары,ақшалай
түсімдерін,кірістерін қарастырады.Еліміздің бюджетін одан әрі дамыту
мақсатында біз осы курстық жұмысты өзекті деп санаймыз.
Негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының бюджет тапшылығы туындауы мен
туындауды алу шараларынды зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1) Бюджет тапшылығы жайлы жалпы түсінік беру.
2) Мемлекеттік қарыздың туындайтын жағдайларын анықтау.

Бюджет жайлы экономика ғылымдарының докторы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ
экономикалық Университетінің ізденушісі Л.У.Мырзабай;Қазақстан
Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері,М.Х.Дулати атындағы
ТарМУ Қаржы кафедрасының меңгерушісі С.Әуелбеков; Қ.Қ.Ілиясов; С.Құлпыбаев;
Я.Әубәкіров, Қ.Мамыров және тағы басқалары.
Қурстық жұмыстың құрылымына: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды,
қосымша, қолданылған әдебиеттер жатқыздық. Негізгі бөлім екі тарауға
бөлінеді. Бірінші тарауға – Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен
рөлін жатқызсақ, екінші тарауға – Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
мен құрылымын жатқыздық. Қосымша схемалар мен кестелерден тұрады.

I. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.1 Бюджет жүйесі және құрылысы
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемелкеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек,
мемлектті бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны
ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына
пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде
пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығын ретіндегі мемлекеттік
бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер
тән: бюджет қатынастарының бөлшіктік сипаты бар, әрқашан ақша нысанда
жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен
қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік
ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілерінің щеңберімен
шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлееттік бюджет мына
өзгеше белгілермен сипатталады:
1) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқшауландырумен
байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып
табылады;
2) құнды жасау және оны тұтыну прцессін шарттастыратын материалдық
өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес
сфера қаржысынан емлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық
шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық
қызметтерінің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған;
3) қоғамдық өнімнің оның тауар нысандағы қозғаласымен тікелей байланысты
емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте
жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де,
өндірістік емес сферада да тауар – ақша қатынастарымен тығыз
тоқайласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты,
өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетіе нақты
материалдық – заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорында – бюджеттік қорында затталынады. Мұның
нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер
мемлекеттің жұмылдыратын және пайдалынатын ақшаның ағында өзінің
көрінісін табады. Бюджеттік қор – бұл қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың
құндық бөліністің белгілі стадияларын өткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс,
халыққа әлеуметтік –мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару
жөніндегі қажеттіліктерді қажеттілітерді үшін мемлекетке түсетін бөлігі
қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны.
Мемлекетік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек
экономикалық категория және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры
ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік –
экономикалық процестерді реттеу механизмның жиынтық ұғымы ретінде қарауға
болады.
Мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекеттік заңдарының бірі
болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет
туралы заң).
Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған
жөн (1.1 сызбаны қараңыз).
Нарықтық механизге көшу жағдайында мемлекетттік бюджеттің қаражаттары
ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты
бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылми-техникалық әлуетті
артыруға, әлеуметтік дамыду тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін
(зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ
денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік
қорғауға бағытталуы тиіс.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын үшін басқарудың барлық
деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде
аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік – аумақтық
бірліктерді абатандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды
және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың кқша ресурстарын
жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады.
Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру,
оларды тендестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір
қаржылық өзара қарым –қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы –
бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының
өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының
жиынтығы – бюджет құрылысын құрайды.
Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің
құрылысына, аумақтық - әкімшілік бөлісіне, экономиканың даму деңгейіне
және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байлансты
өзгешіліктерімен ерекшеліктенеді.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық
қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер
бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын
білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы,
бюджеттердің жеелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді,
өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты
болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық – мемлекеттік құрылымымен
анықталады. Мемлекетің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерді екі буынды бюджет және толып жатқан
жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен
дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей,
әлеуметтік – экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне
байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл
реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлысының унитарлық
типімен анықталады, өйткені Қазақстан –федералдық емес, басқарудың
Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасының жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын
бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер
жұмыс істейді (1.2 сызбаны қараңыз).
Республикалық бюджет;
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалаңың, астананың бюджеті;
Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік
бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет - араларындағы өзара
өталетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және
бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

1.2 Бюджет балансы , процессі және тапшылығы
Бюджет – мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі.
Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының
ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпымаңызды міндеттерін
орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі
басқару органдарынң функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін
жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі
шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің
қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.
Республикалық бюджет – бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен
қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен
функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы
республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша
қоры.
Жергілікті бюджет – (әкімшщілік – аймақтық бірліктердің бюджеттері) –
облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті,
аудандарының (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік –
экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі
және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан
халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының
әлеуметтік – экономикалық дамуының индикативтіе жоспарының, аумақтарды
дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне
сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері
көпнұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқаралуына,
ведомстволардың өткен кезендегі қаржы жоспарларына жасалған терең
талдаудың нәтижесі болжамдық бағалау есепке алуы қажет. Дүниежүзілік
практикалық бюджет республикасының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрылым
ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай – ақ оларды нақтылы жағдайлардың
өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.
Бюджет кірістерінің қалыптасуы бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты
шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің
мүддерлінің шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны
қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ
бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабарлар болуы тиіс. Президент қол
қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдады және
оның атқарылуы бюджет заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы
бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезеңдегі
бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша
бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері,
шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудың әдістері
(шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария
етіледі.
Бюджет жүйесін құрудың барлық кағидаттары өзара үйлестірілген және
бірін- бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында
және Бюджет кодексінде, Жергілікті өкілі және атқарушы органдар туралы,
Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы арнайы
заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген. Әр
бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған
дұрыс. Баланс – бұл тепе – теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе
мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету
болып табылады. Кірістердің шығыстарға, Яғни бюджетке түсетін түсімдердің
жалпы сомасының шығыстарының және каәтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын – профицитті құрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдарың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналлымындағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органның мемлекеттік боышын жабуға
пайдаланады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды пайдалану
туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың кірістерден
асып түсуі мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын тудырады. Тапшылықтың
едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттайды.

Бюджеттік процесс – бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту,
атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет
есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге
байланыстырылған гранттарды жоапарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет
заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық
стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық процестерін ғана
емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы, жыл сайынғы
Республикалық бюджет туралы заңға және Қазақстан Республикасының басқа
заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл заңдар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін
қалыптстыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді,
республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару
және бақылау тәртібін белгілейді.
Бюджеттің жобасын уақтылы және апалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау
және атқару жөніндегі ұсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен
Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол
туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықтайды.

1.3 Жанұя бюджеті – нарықтық қатынастарды дамытытын экономикалық категория.
Жанұя бюджеті: Жанұя тобының құрылымы мен пайдалануы. Жанұя бюджеті –
белгілі уақыттағы (бір айда немесе жылда) оның кірістері мен шығыстарының
барлық құрылымдарды. Тұрмысы төмен жанұялар мәселесі – бұл барлық елде де
өкімет алдында тұратын үлкен мәселе. Бір жағынан, тұрмыс деңгейі төмен
халық жағдайымен санасып жәрдем беріп тұратын мемлекет мәдениеті жоғары
мемлекет екенін көрсетеді. Екінші жағынан, тиісті мөлшерден жоғары берілген
жәрдем еңбекке ынтаны төмендетіп, мемлекет экономикасын әлсіретуге әкеліп
соғуы да мүмкін.
Әлеуметтік қамтамасыздандырудың негізгі түрлері:
1.Ақшалай зейнетақы.
2.Жәрдемақы.
Зейнетақы –материалдық қамтамасыздандыру үшін қарттарға, мүгедектерге,
көп жылғы сіңірген еңбек үшін және асыраушысынан айырылған жағдайда әр
азаматқа тағайындалатын ақшалай төлем.
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде әр түрлі жәрдем ақылар маңызды
орын алады. Оларға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мемлекеттік арнайы
жәрдемақы, еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік және босану бойынша және
тағы басқа әлеуметтік жәрдемақылар мен өте мақылар, жеңілдіктер жатады.
Жанұя бюджетінің дамуы халықтың мәдениеттілігі мен менталитеттігі және
демографиялық дамуы мен ғылым және білімнің дамцының тағы басқа
мәселелердің шешімдерінің бастау көзі болатын құдіреті бар. Бірақ қоғамдық
меншіктегі жанұя бюджеті тек материалдық шығындарды қамтамасыз етуімен
шектеледі. Ал, нарықтық экономикадағы жанұя бюджеті материалдық
шығындар, тұрмыстық және рухани шығындарды да қамтамасыз етуге көшті. Осы
тұрғыда жанұя бюджеті нарықтық қатынастарды дамытатын экономикалық
категория екендігіндегі жөнінде жеткілікті дәлелділіктерге толық назар
аударылмайды. Экономиканың дамуы жанұя бюджетінің табыстылығын қамтамасыз
етсе, жанұя бюджетінің шығыстары мен ақша қорлары экономика салаларының
дамуына әсерін тигізетін айналым заңдылығы бар. Әрбір жанұя бюджетінің
мөлшеріне байланысты ондағы жанұя құрылымының өмір сүру шығындарының
(материалдық, тұрмыстық, рухани) өзіндік құндары әртүрлі.
Жанұя бюджеттің өзіндік ерекшелігі, алдымен материалдық және тұрмыстық
шығындарды қамтамасыз етуге мақсаттанады да, осы шығындарды үнемдеуде
рухани шығындарын қамтамасыз етеді.
Жанұя бюджетінің ең негізгі құрылу тапсырмасының өзіндік логикалық
мақсаты тек әлеуметтілікті құқықтық негіздерде дамыту психологиясынан
құрылады. Осы тұста айта кететін орынды нәрсе, қоғамдық меншіктегі
жоспарлы басқару экономикасында жанұя бюджетінің даму логикасы тек тұтыну
тауарларын қамтамасыз етілуі қаралады да, қалған тұрмыстық және рухани
шығындары қоғамдық тұрғыдан болғандықтан масылдық логикасы мен психологиясы
дамыды. Жанұя бюджетінің қаржыгерлік логикасының түрлері: материалдық,
тұрмыстық, рухани шығындарды қамтамасыз ету мақсаттарындағы қаржылану
(қаражаттану), қаржылау (қаражаттау). Жанұя бюджетіндегі қаржылану
(қаражаттану) логикасының мөлшерінде ғана үнемді қаржылау мен өсім құнында
орналастыру (қаражаттау) логикасы туындайды. Сондықтан, жанұя бюджетіндегі
әрбір жүргізілетін экономикалық қатынастрадың өзіндік әлеуметтілікті
сақтайтын басқару психологиясының элементтері болады.
Жанұяның бюджеті – экономикалық қатынастарды жүргізуді реттеушілік
орталығы. Экономикалық қатынастарды логикалық ретсіздік оның психологиялық
түншығуын туғызады. Жанұя бюджетінің реттілік қатынастарды құру түрлері:
материалдық шығындардағы тұтыну тауарларына реттелік, тұрмыстық шығындарды
қамтамасыз етудегі реттілік, рухани шығындарды қамтамасыз етудегі реттілік,
қаражат қорларға орналастырудағы реттілік, жеке кәсіп шаруашылықтарды
қаржыландыру (қаражаттандыру) реттілігі.
Экономикалық операцияларды орындаудағы реттілігідегеніміз - әрбір
шығындар мен кірістеріндегі ақшалай қарыштау (өлшеу) норма мөлшері мен
сапалы жүргізілуі кезектілігін анықтау.
Жанұя бюджетінің өзіне қарасты жеке кәсіп – шаруашылығындары
қаржыгерлікке немесе жеке кәсіп – шаруашылық бірлестігіндегі қаржыгерлік
қосылуы мүмкін. Жеке меншіктегі ұжымдық бірлестік принципі – жеке
мүдделерден гөрі ұжымдық ортақ қоғамдық мүдделермен табуы керек.

II. Қазақстан Республикасының жүйесі және құрылымы
2.1 Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттері шығыстарының төлемі мен
құрылымы.
Жергілікті бюджет – бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге
мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы
базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалыққатынастардың жиынтығы.
Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен
айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет
арасындағы, меншіктің арасындағы, меншіктің барлық нысандарындағы
макроэкономиканың өндірістік және өндірістік емес салаларының
кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің
буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнынын
қозғалысын білдіреді.
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні олардың мынадай арналымында
көрінеді:
- билік пен басқарудың жергілікті органдарының ақша қорларын
қалыптастыру;
- бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен
халықтың арасында қайта бөлу;
Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан
қырлы қызметтерінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық
дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға
қарасты аумақтарда оларға инфрақұрылымды дамытуға, аумақтық экономикалық
әлуетін кеңейтуге, қаржы ресурстарының резервтерін ашып пайдалануға
мүмкіндік жасайды.
Қазақстан Республикасының жергілікті бюджетінің құрамы облыстық
бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және
аудандардың (қалалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін қамтиды.
Казіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер кірістері мен шығыстары
бойынша мемлекеттік бюджеттің қаражаттары көлемінің 50% аралығын құрайды.
Олар мемлекеттік бюджеттердің құрамды бөлігі болып есептелмейді,
республикалық бюджетпен бірге қоғамның мемлекеттік бюджетінің жиынтығын
құрайды.
Қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бюджет түрінде екі тенденция қатар
өмір сүреді:
1) дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы
басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрылым
ортақ процесінің қамтып көрсетілуі ретінде қаржы ресурстары
қозғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін
орталықтандыру;
2) қаржы қорларын қалыптастыру мен пайдалануда билікпен
басқарудың жергілікті органдарының функцияларын күшейте отырып
қаржыны орталықсыздандыру;
Жалпы жеке аумақтар мен аймақтар бюджеттеріне қаражаттардың түсу
көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық ситуация: қаржы-бюджет
саясаты, өндіріс дамуының аймақтық деңгейі, оның құрылымы, инфляция
қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с сан алуан факторлар әсер етеді.
“Қазақсатан Республикасының бюджет кодексіне”, “Қазақстан
Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін
түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас және мыналарды
кіріктіреді:
1) салалардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсімдері (1.3 кестені қараңыз);
2) салықтық емес түсімдер (комуналдық меншіктен түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі туралы
Мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджет жүйесі және оның теориялық негіздері
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Бюджет баланысы. Бюджет тапшылығы
Мақтарал ауданының жергілікті бюджетін пайдалануды жетілдіру жолдары
Біріңғай бюджеттік сыныптама
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Пәндер