Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар


Жоспар.
Кіріспе
I. Кінәнің түсінігі.
1. Қасақаналық және оның түрлері.
2. Абайсыздық және оның түрлері.
II. Қылмыстық ниет және мақсат.
1. Кінәнің екі түрімен істелетін қылмыстар.
2. Қате және оның маңызы.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады.
Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнін, мазмұнын білдіреді. Бұл жерден шығатын қорытынды қылмыстың объективтік және субъективтік жағының белгілері өзара тығыз байланысты, белгілі бір бірлікте болады. Сондықтан да қылмыстың субъективтік жағына барынша тығыз талдау жасау керек.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
Аталып өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық маңызы біркелкі емес, керісінше әр түрлі. Кінә кез келген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Кінәсіз қылмыстың құрамы болмайды. Мұнын өзі кінәсіз жағдайда қылмыстық жауаптылық туралы сөз сөз болуы мүмкін емес дегенді білдірді. Қылмыстық ниет және мақсат, кінәға қарағанда, кейбір құрамдар үшін заңда көрсетілген реттерде қажетті белгі болады. Ал олай болмаған жағдайларда, ниет және мақсат қылмыс құрамының факультативті белгісі ғана болып саналады.
Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру немесе жазадан қорқу психологиялық әрекеттің элементтері болып табылмайды, сондықтан ол қылмыстың субъективтік белгісіне жатпайды.
қылмыстың субъективтік жағы
кінә ниет мақсат
қасақаналық абайсыздық
Қылмыстың субъективтік жағының белгілері- кінәні, ниет пен мақсатты дұрыс анықтаудың маңызы мынада:
Біріншіден, қылмыстық жауаптылық негізінің құрамдас бөлігі ретінде ол қылмысты қылмыс болып табылмайтын іс-әрекетткен ажыратуға мүмкіндік береді.
Екіншіден, Қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағынан өзара ұқсас құрамдары бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік туғызады.
Үшіншіден, Қылмыстың субъективтік жағының мазмұны істелген қылмыстың, сондай-ақ оны істеген адамның қоғамға қауіптілік дәрежесінің деңгейін анықтауға себеп болады. Мұның өзі жауаптылықтың негізділігін және мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қылмыстың субъективтік жағының қылмыстық жауаптылықтың бар-жоғын анықтау үшін, істелген қылмысты дұрыс саралау үшін және әділ жаза тағайындау үшін маңызы ерекше. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы көптеген қаулыларында қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын, кінәнің нысандарын, қылмыстық қаскүнемдік пен арам ниеттің және оның мақсатының мазмұны мен бағытын терең зерттеуді талап етеді.
1. Кінәнің түсінігі. Қылмыстық құқықтың ең маңызды қағидаларының бірі- қылмыстық жазаға және қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істегенге кінәлі адам ғана тартылатындығы болып табылады. Бұл қағидат Қылмыстық кодекстің арнаулы бабында атап көрсетілген . Онда адам қылмысқа қатысты кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жазаға тартылуы тиіс.
2. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді.
3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады делінген (19-бап ) . Қылмыстық құқықта белгілі бір қоғамға зиянды зардап орын алады немесе қоғмаға зиянды іс - әрекет істеді екен деп кінәсізден - кінәсіз жауапқа тартуға мүлдем жол берілмейді. Бұл - қылмыстық құқықтың табиғатына жат құбылыс.
Сонымен, кінә дегеніміз бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші болып табылады.
Істелген әрбір қылмыс үшін кінәнің болуы - объективті ақиқат. Қылмыстың субъектісінің кінәлігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақталған дәлелдемелер арқылы анықталды. Кінә екі түрлі - қасақаналық және абайсыздық нысандар болады.
Кінә туралы сөз қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді, яғни қылмысты істеген жағдайда ғана долады. Қылмыс құрамы болмаса кінә туралы сөз де болмайды. Кінә психологиялық, сондай-ақ әлеуметтік ұғымдардың жиынтығы, адамның істеген әрекетінің немесе әректсіздігінің қоғамға қауіпті зияндылығын және одан туатын зардапты сезінуі немесе сезінуге мүмкіндік болуы кінәнің психологиялық мазмұнын құрайды. Адамның өзінің істеген іс-әрекетінің және одан туындайтын зардаптың, яғни оның қоғамға қауіпті мәнін сезінуі немесе сезінуге мүмкіндігі болуы кінәнің әлеуметтік мазмұның құрайды. Сезіну және еріктілік - психикалық көзқарастарды құрайтың элементтер болып табылады. Сезіну (интеллектуалды кезең ) және ерік (еріктілік кезең ) өзара жиналып кінәнің мазмұнын құрайды. Сонымен, кінәнің өзі екі түрлі - сезіну және еріктілі кезеңдері арқылы сипатталады.
Интеллектуалдық және еріктілік кезеңдерінің әр түрлі өзара қатынасы кінәнің нысандарының, түрлерін анықтауға мүмкіндік туғызады. Қылмыстық кодексте кінәнің нысандарының екі түрі - қасақаналық және абайсыздық түрі көрсетілген.
Қасақаналық және оның түрлері. Қылмыстық заңда және сот - тергеу практикасында ең көп кездесетін кінәнің нысаны қасақаналық болып табылды. Кінәнің қасақаналық нысанын дәлме - дәл анықтаудың заңдылық маңызы ерекше. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты пленумының 1994 жылғы 23желтоқсанда қабылдаған “Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы “қаулысында басқа да мән - жайларды анықтауымен бірге соттар жаза тағайындағанда қасақаналық түрін, істелген қылмысың ниеті мен мақсатың ескеруге міндетті, деп көрсетілген. Қасақаналықтың мазмұны Қылмыстық кодекстін жиырмасыншы бабының бірінші бөлігінде көрсетілген. Мұнда “тікелей немнсе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады”делінген. Қылмысты қасақана істеу тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Қасақаналықтың ұғымы негізінен екі түрлі элементтен - интеллектуалдық және еріктілік кезеңнен құралады. Өзінің әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті мәнін сезіну және сана - сезім арқылы өтетін оның қоғамға зиянды зардабын болжау қасақаналықтың интеллектуалдық (сезім) кезеңін құрайды. Зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру еріктілік кезеңі деп аталады. Істелетін іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезіну қасақаналықтың қажетті элементі болып табылады, мұндай элементтің болмауының өзі кінәліліктің болмағандығын дәлелдейді.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін сезіну деп сол әрекет немесе әрекетсіздікткен тікелей туындайтын зардаптың мәнісін және мазмұнын түсінуді айтамыз.
Адам өзі белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеу кезінде өзінің қылмыстық заң қорғайтың қандай объектіге қол сұғатынын, одан келтірілетін зиянды, сондай-ақ осы іс-әрекеттң жүзеге асырылу уақыты, орны, тәсілі, жағдайы сияқты мән-жайларды ой елегінен өткізіп, елестетеді. Осы компоненттердің барлығының да кінәлінің санасы арқылы елестетілуі, оның іс-әрекетінің белгілі бір әлеуметтік игілікке қарсы бағытталғанын, нәтижесінде одан қоғамдық қатынастар жүйелеріне зиян келкетінің, яғни оның қоғамға қауіптілігін сезінуге мүмкіндік береді. Әрбір адам өзінің саналы ойына, өмірлік тәжірибесіне, біліміне, құқылық мәдениетіне сәйкес өзінің іс-әрекетінің қоғамға қауіптілігін сезінуге қабілетті болып табылады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін сезінуді қылмыстық заң тыйым салған, оған қайшы іс-әрекеттерді істеуді сезумен теңестіруге болмайды. Қасақана қылмыс істегендердің басым көпшілігі өзінің іс-әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екенін сезеді. Бірақ та қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздікті білмей істейтін жәйттер де кездесіп қалуы мүмкін. Мысалы, түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында, тәрбиелеу және емдеу профилакторийлерінде ұстайтын адамдар ішімдіктерін, дәрілік немесе есірткі заттарды, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да бұымдарды қарап тексеруден жасырып беру немесе кез келген әдіспен беруге әрекеттенудің қылмыстық заң тыйым салған, жазалайтын әрекет екенін әркім біле бермейді. Соған қарамастан адамның мұндай әрекеті қасақана қылмыс істегендік болып есептеледі.
Өйткені іс-әрекеттің қылмыстық заңға қайшылығын сезінуді заң шығарушы қасақаналықтың белгісі ретінде арнайы көрсетпеген. Дегенмен де кейбір реттерде заң шығарушы іс - әрекеттің қасақана қылмыс құрамына жатқызылуы үшін қылмыстық жауаптылықтың шарты ретінде кінәлінің өзінің іс - әрекетінің қылмыстық заңға қайшы екендігінің сезінуін тиісті қылмыстық құқылық нормада тікелей атап көрсетеді. Мысалы, біреуді біле тұра заңсыз тұтқынға немесе қамауға алу, анықтама, тергеу, прокуратура немесе сот органдарының біреуді біле тұра заңсыз қылмыстық жауапқа тартуы, әкімшілік шараларды қолданғаннан кейін тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде тыйым салынған мерзімде заңсыз аң аулау.
Қасақаналықтың интеллектуалдық элементін сипаттайтын бір қажетті белгісі, қылмыс субъектісінің өзінің әректінен немесе әрекетсіздігінен болатын зиянды зардабын болжауы болып табылады. Егер айыпкер мұндай зардаптың болуын болжамаса және болжауға мүмкіндігі болмаса, ол қылмыстық жазалауға тартылмайды. Қоғамға зиянды зардаптың тууын болжау деп кінәлінің өзінің іс - әрекетінен туындайтын, қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға келтірілетін зиянды оймен елестету болып табылады. Тікелей қасақаналықта болжаудың мазмұнын іс - әрекеті арқылы келтірілген зардаптың нақты түрлері, оның қоғамға зияндылығы, сондай-ақ осы іс - әрекетпен келтірілген зардаптың арасындағы себепті байланыстың өрбуі сияқты белгілер құрайды.
Тікелей қасақаналықта қоғамға қауіпті зардаптың тууының болмай қалмайтындығы болжанады. Белгілі бір зардап келтіруге ниет еткен адам өзінің ниетінің сөзсіз іске асатындығына кәміл сенеді және туындайтын зардапты ой - сана арқылы елестетіп, оның сөз жоқ болмай қалмайтындығына көз жеткізеді. Кейбір реттерде ғана тікелей қасақаналықпен қылмыс істегенде қоғамға қауіпті зардап сөзсіз болатын түрде емес, тек қана нақты мүмкін болатын зардап ретінде болжануы мүмкін. Мысалы, жүріп келе жатқан поездан жәбірленушіні лақтырған адам өзінің қылмысының нәтижесі - құрбанының өлуі немесе оның кез келген дәрежедегі дене жарақатын алатындығын сезеді. Мұндай жағдайда істелген әрекеттін нәтижесінен кісі өлімін тілеу заңды құбылыс болғанымен, кісі өлімінің орын алуы сөзсіз түрде емес, бірақ та әйтеуір жүзеге асатындай болып елестейді немесе кінәлі адам өзінен біршама қашықтықта тұрған адамды әдейілеп көздеп атқанда, ол жәбірленушінің өлуінің нақты мүмкін болатынын ғана болжайды.
Қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу немесе оның тууына саналы түрде жол беру тікелей қасақаналықтың еріктілік элементін құрайды.
Тілеу - бұл белгілі бір мақсатқа, нәтижеге жету деген ерік білдірушілік болып табылады. Тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуын тілеу, әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
А) Қоғамға зиянды зардап келтіру кінәлінің түпкі мақсаты немесе қоғамға зиянды зардап түпкі мақсатқа жетудің қажетті құралы болса немесе болмаса,
Б) Қоғамға зиянды зардап кінәлі адам үшін түпкі мақсатқа жетудің белглі бір сатысы болуы мүмкін. Қылмыстық заңда қасақаналықтың анықтамасы материалдық құрамдағы қылмыстарға арналып берілген. Формальдағы құрамдағы қылмыс үшін қасақаналықтың мазмұнын осы тұрғыда қылмыстардың объективтік жағының белгісі болып табылатын істелген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің қоғамға зияндылығының сезу ғана жеткілікті болып табылады. Қылмыстың зардабы формальдық құрамдағы қылмыстардың объективтік жағының міндетті белгісі болмайтындықтан, кінәлі адамнан мұндай жағдайда қоғамға зиянды зардаптың болуын болжауды талап етуге болмайды.
Егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің ) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе осы зардаптардың болуын тілемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-бап ) .
Тікелей және жанама қасақаналықтағы іс - әрекеттің қоғамға қауіпті мәнін білудің айырмашылығы жоқ, екеуінде де бірдей. Жанама қасақаналықтағы қоғамға зиянды зардапты болжаудың тікелей қасақаналықпен болжауға қарағанда айырмашылығы бар.
Егер тікелей қасақаналықта қоғамға зиянды зардаптың болуы мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе, жанама қасақаналықта қоғамға зиянды зардапты болжау сөзсіз болатын түрінде емес, болуы мүмкін зардап ретінде алдын ала болжанады. Сонымен, жанама қасақаналықтың интеллектуалдық белгісі істелетін іс - әрекеттің қоғамға зияндылығын сезу және қоғамға зиянды зардаптың болу мүмкіндігін болжау арқылы сипатталады.
Жанама қасақаналықтың еріктілік белгісі қоғамға зиянды зардаптың болуына немқұрайды қарап саналы түрде жол беру арқылы көрінеді. Жанама қасақаналықтай тікелей қасақаналықтан негізінен осы еріктілік белгі бойынша ерекшеленеді. Тікелей қасақаналықта адам зиянды зардаптың болуын тілейді. Жанама қасақаналықта, тікелей қасақаналыққа қарағанда кінәлі адам зардаптың болуын тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы немесе немқұрайды түрде жол береді.
Қоғамға зиянды зардапқа саналы, немқұрайды түрде жол беру деп кінәлінің сол зардаптың болу мүмкіндігін болжауын және оны тойтаруды ойланбауын, яғни жүзеге асуына немқұрайдылықпен парықсыз қарауды айтамыз. Мәліков облыстық соттың үкімімен кісі өлтіруге (ҚК - 24, 96 - бап, 2 - бөлік, ”б” тармағы ) оқталғандығы үшін төмендегі жағдайда сотталған. Жәбірленуші Шәріпов сотталған Мәліковтен түнде ұрланған екі қап жемді қоймасына әкеліп қоюды ұсынады. Осы үшін кек алуды көздеген Мәліков фермаға келіп, Шәріповтың желке тұсынан пышақ салып, екінші рет пышақ кезеген, бірақ жәбірленушінің қарсылық көрсетуі нәтижесінде соңғы соққы жеңілдеу тиген. Мәліковтың өз әрекетін одан ары жалғастыруына сол жерде тұрған біраз адамдар жол бермеген. Мәліковтың әрекетін Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер қарайтын алқасы 24, 96 - бап ІІ бөлігі “б” тармағынан 103 - баптың 3 - бөлігінде (денеге қасақана ауыр зиян келтіру ) жатқызып, қайта саралаған. Сот үкімінде Мәліков жәбірленушінің желкесіне пышақ салып, екінші мәрте ұруға ұмтыла отырып, өзінің іс - әрекетінің қоғамға зиянды зардабын сезеді, жәбірленушінің өлетінің болжайды және оған саналы түрде жол береді, яғни жанама қасақаналықпен әрекет жасаған деп көрсетілген. Мұндай қорытындымен келіспеген Жоғарғы Соттың Президиумы кассациялық ұйғаруды бұзып, облыстық соттың үкімін күшінде қалдыра отырып өз қаулысында кінәлінің қасақаналығының мазмұның анықтауда сот істелген қылмыстың барлық мән - жайлар жиынтығын, сондай - ақ қылмыстық тәсілін және қолданылған қаруын, дене жарақатының адам өміріне маңызды органына келтірілуі сипатын, санын, кінәлінің қылмыстық әрекетті тоқтату себептерін еске алуы қажет деп көрсетті. Осы іс бойынша қылмыстың нақтылы істелу жағдайлары: пышақпен адамның өміріне қауіпті жері -- желкесіне пышақ салуы, ол әрекетті екінші рет істеуге әрекет жасау, бірақ жәбірленушінің белсенді түрдегі қарсылығына байланысты, сондай - ақ бөтен адамдардың кінәлінің қылмысты әрекетін тыюға байланысты, дер кезінде дәрігерлік көмектің нәтижесінде ауыр зардапты тойтарудың өзі Мәліковтың өз әрекетінен жәбірленушінің өлуін тілегенін және соны тілегенін, яғни тікелей қасақаналықпен әрекет істегенін көрсетеді.
Тағы бір мысал : қатардағы Әбенов мас болып өзі күзетіп тұрған постының жанынан қараңғы кезде өтіп бара жатқан Сәрсенов жаққа қаратып, бұзақылық ниетпен автоматтан оқ жаудырған. Сәрсеновтың қолы және аяғы жарақаттанған. Республика Жоғарғы Сотының әскери коллегиясы Әбеновты жанама қасақаналықпен кісі өлтіруге бұзақылық ниетпен оқталғандығы үшін кінәлі деп тапқан. Себебі, ол Сәрсеновке қаратып оқ атқанымен, оны өлтіруді немесе оған ауыр зардап тілемегенімен, бірақ оның болуына саналы түрде жол берген.
Жанама қасақаналықта қылмыс құрамына тән қоғамға зиянды зардапты болғызу кінәлінің іс - әрекетінің түпкі немесе аралық я болмаса басқа мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұлар кінәлінің іс - әрекетінен туындаған бөгде нәтиже болып табылады. Жанама қасақаналықпен істелген қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ, мұндай жолмен істелген қылмыстар үшін қоғамға зиянды зардаптың қажеті жоқ, мұндай жолмен істелген іс - әрекетте зардап келтіру туралы ниет те болмайды. Бірақ алға қойған мақсатына жету үшін адам осындай зардаптың болу мүмкіндігін теріске шығармайды, оған саналы түрде жол береді. Сөйтіп, жанама қасақаналықпен қылмыс істеу тікелей қасақаналықпен қылмыс істеу арқылы жүзеге асырылатын басқа қылмысты істеуде де кездесіп қалады. Жанама қасақаналықтың ерекшелігі сол, ол формальды қылмыс құрамында болмайды. Өйткені формальды қылмыс құрамының объективтік жағы тек қана қоғамға зиянды іс - әрекеттен (әрекет немесе әрекетсіздік ) ғана құралады. Сол себепті белгілі бір қоғамға зиянды әрекеттін орындалуы мұндай қылмыс құрамының белгісі ретінде көрсетілмейді. Формальды қылмыс құрамындағы қылмыстарды істегенде адамның еркі іс - әрекеттін өзіне ғана бағытталғандықтан тек қана тікелей қасақаналық нысанында жүзеге асады.
Жанама қасақаналықпен қылмысқа даярлану, қылмысқа оқталу, құрамында арнаулы мақсатты көрсеткен қылмыстарды істеу, сондай - ақ қылмысты ұйымдастыруды, азғыруды және көмектесуді жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл тұрғыдағы қылмыстар тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Тікелей және жанама қасақаналықты бір - бірінен жіктеп бөлудің қылмысты дұрыс саралауда маңызы ерекше. Көптеген қылмыстар тек қана тіклей қасақаналықпен істеледі. Жанама қасақаналықты дұрыс анықтау оны менмендікпен істелетін кінәнің абайсыздық нысанынан дұрыс ажыратуға да мүмкіндік береді. Қасақаналықтың осы екі бірінен - бірін ажырата білу қылмыстық - құқылық нормаларды дұрыс қолдану үшін, кінәнің дәрежесін анықтау үшін іс - әрекеттін қоғамға зияндылығының дәрежесін, қылмыскердің жеке басының, қылмыстық жауаптылық пен жазаны саралау үшін өте қажет.
Қылмыстық заң ( 20 - бап ) қасақаналықтың тек қана екі түрінің тікелей және жанама қасақаналықтың ғана анықтамасын береді. Қылмыстық құқық теориясы және сот тәжірибесі қасақаналықтың басқа түрлерін бөліп көрсетеді. Пайда болу мерзіміне қарай қасақаналық алдын ала ойластырылған немесе табан астында пайда болған қасақаналық болып бөлінеді. Алдын ала ( күні бұрын ) ойлаудан туатын қасақаналықта кінәлі адам қылмыс істеуден бұрын, ол туралы күні бұрын ойланып, сол ойын аздаған уақыт өткізіп алып іске асырушылық жатады. . Алдын ала ойлау мен сол ойды жүзеге асыру аралығында кінәлі адам қылмысты істеудің жоспарын ойластырады, қол сұғылатын объектіні, қылмыстың затын таңдайды, ойын жүзеге асырудың тәсілін анықтайды. Көп жағдайларда адамның алдын ала ойлау арқылы істеген қылмысының дәл осындай қылмысты табан асты пайда болған қасақаналықпен істеген адамға қарағанда зияндылық дәрежесі зор болады.
Өйткені, қылмыс істеуді алдын ала, күні бұрын ойлаған адам оны жүзеге асыруға дайындалумен бірге, істеген қылмысы үшін жауаптылықтан қалай құтылудың да амалын қарастырады. Табан асты пайда болған қасақаналықта қылмыс істеу туралы ниет аяқ астынан, кенеттен пайда болып, сол ниет тез арада іске асады. Табан астында пайда болған қасақаналық жай және аффектілік болуы мүмкін.
Табан астында пайда болған жай қасақаналыққа кінәлінің қылмыс істеу туралы ниеті оның, өзінің дені дұрыс күйінде пайда болып, сол ниеттің сол арада тез не болмашы уақыттан соң іске асырылуы болып табылады. Аффектілік қасақаналыққа жәбірленушінің тарапынан кінәліге немесе оның жақындарына заңсыз күш жұмсау немесе тіл тигізіп, қатты қорлау салдарынан табанда болған жан күйзелісі үстінде ашуға байланысты болған қасақаналық жатады. Мысалы, жан күйзелу жағдайында жасаған ашумен болған адам өлтіру немесе жан күйзелу жағдайында денсаулыққа зиян келтіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz