Септік жалғаулары
Мазмұны
Кіріспе
І. Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар.
1.Көптік жалғау
2. Тәуелдік жалғау
3. Жіктік жалғау
4. Септік жалғау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да өзіне тән
қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа , халық және ұлт тарихсыз
болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи
кезеңдерді басынан өткізеді.
Түркі тайпалары халық ретінде дүние жүзіне ҮІ ғасырдың орта кезінен-ақ
белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді әсіресе Батыс
Еуропадағы Византия материялдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен
бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі
тайпаларының өшпес мұрасы болып халықтары үшін баға жетпес тарихи және
мәдени ескерткіш болып табылады.
Тіл – қоғамдық құбылыс болғандықтан, ол қоғамның дамуымен бірге дамиды.
Қоғамдағы адамдар тілді бір-бірімен пікір алысатын құрал ретінде
пайдаланады. 1
Тіл бір ғана дәуірдің жемісі емес, талай ғасырдың, талай дәуірдің
жемісі. Тілді және оның даму заңдарын тек қоғамның тарихымен, оны
пайдаланушы халықтың тарихымен тығыз байланысты зерттегенде ғана түсінуге
болады. Қазіргі кезде біз қарым-қатынас жасап, бір-бірімізбен пікір алысып
жүрген тілдердің шығу тегі өте ерте кездерге барып тіреледі. Тілдің негізі
болып есептелетін сөздердің қоры мен олардың бір-бірімен байланысқа түсетін
грамматиқалық құрысысы өте тұрақты болғандықтан, біздің заманымызға дейін
көп өзгеріске ұшырамай келіп жеткен.
Тіл мен қоғамның өзара байланысы туралы мәселе лингвистика саласында
өте жан-жақты, нақты әрі дәлелді зерттеуді қажет ететін дүние. Қоғам мен
тілдің табиғатына терең үңілген сайын, оның ішкі сырын, құпиясын білсем
деген азамат баласының қызығушылығын арта түседі. Қоғамның дамуымен алғашқы
тіршілік иесі тұрғысында сөз қозғағанда алдымен, көне дәуірге, көне тарихқа
көз жібереміз. Алғашқы адамдар, ру-тайпалар, тайпалық одақтар, халық және
ұлт болып адамзат баласының даму кезеңдерін айқындасақ, онымен үнемі
астаса, бірлікте дамып отырған тіл проблемасының да қалыптасу, өсіп-өну
процесін байқауға болады.
Қазіргі күндегі ірі мәселелердің бірі – көне түркі жазба
ескерткіштеріндегі қосымшалар. Соған байланысты көптеген мақалалар жазылды.
Мысалы: Г.К.Түлекованың Қазақ тіліндегі ығысу құбылысы,
С.Қ.Қырғызбаеваның -н тұлғасы грамматикалық септіктердің архаикалық
формасы, А.А. Раманованың Тәуелдік жалғаудың көнеруінің тілдегі алатын
орны т.б
І. Көне түрік жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар
Зат есімге заттың атын білдіретін сөздер жатады. Олар өздерінің
мағыналық тұлғалық жақтарынан біркелкі емес, әр түрлі болып келеді.
Морфологиялық жағынан зат есімдер көптеледі (беглер – бектер, уйалар –
туыстар), септеледі (қапығқа – қақпаға, қапығық – қақпаны), тәуелденеді
(оғлым – балам, башы – басы), кей ретте жіктеледі (оғлы мен – ұлымын).
Бірақ ескерткіштегі зат есімдердің бәрі бірдей жіктеле бермейді.
Сөйтіп, зат есімдердің әрқандай мағыналық (морфологиялық және
синтаксистік) ерекшеліктері – олардың тұлғалық құрамына да, жасалу тәсіліне
де қатысты. 2
1. Көптік жалғаулары
Қазіргі түркі тілдерінде, сондай-ақ көне жазбалар тілінде (көне
тілдерде) бірлікті білдіретін қосымша жоқ, болған да емес. Арнаулы
морфологиялық тәсіл арқылы берілетін сандық ұғым – көптік. Көптік ұғым
чуваш тілінен басқа түркі тілдерінде -лар аффиксі арқылы беріледі. Түркі
тілдерінің көпшілігінде соңғы дыбысының сапасына қарай -лар аффиксінің
басқы дыбысы ассимиляцияланып, әр түрлі варианттар пайда болады. Бұл
аффикстің негізгі екі варианттары -лар, -лер (немесе -дар, -дер). Бір ғана
-лар түрінде айтылу өзбек тілінің сингармонизмді сақтамайтын диалектілеріне
тән. Көптік жалғауын өте көп вариантпен айтатын тіл – якут тілі. Якут
тілінде басқы (-л) дыбысының өзгерісінің нәтижесінде және дауысты
дыбыстардың еркіндік, езулік түрлеріне қарай 16 вариант қалыптасқан:-лар,
-лер,-дар, -дер,-тар, -тер, -лор, -дор, -дер, -тор, -төр, -нар, -нер, -нор,
-нер. 3
Орхон – Енисей жазбаларының тілінде көптік жалғауларының екі түрі
кездеседі: -лар,-т-лар жалғауы көптік мағына тудырудың негізгі тәсілі,
сондықтан ескерткіштер тілінде бұл жалғау бастан аяқ қолданылады. Мысалы,
беглер (бектер), күнчуйлер ( әйелдер, ханымдар) т.б. Жинақтық мән беретін
сөздер көбіне -лар жалғауынсыз қолданылғанға ұқсайды. Мысалы: тоқуз оғуз
беглері будуну бу сабымен егүті есід қатығды тынла деген сөйлем құрамында
бег (бек) сөзі көптік жалғаумен келсе, жинақтық мән беретін будун(халық)
сөзіне жалғанбаған. Кейінгі дәуір жазбаларында да -лар көптік мән берудің
басты тәсілі есебінде қолданылған: Білге кетік кішілер менім сөзүм
ешідіңлер. Қазіргі қазақ тіліндегі -лар жалғауының қолданылуымен
салыстырғанда, көне түрік жазбаларында бұл ретте кейбір ерекшеліктер
кездеседі. Олар мына төмендегідей: сан есіммен бір тіркесте келген зат
есімдер де кейде -лар жалғауын қабылдайды: маңа төрт йеклер йақын келті.
Кейде алдында бірыңғай мүшелердің әр қайсысына -лар жылғанып қолданылады:
төрт агларым, йылқыларым. Әрине, бұл жерде алдыңғы сан есім бірыңғай
мүшелердің әр қайсысына жеке-жеке қатысты деп те ойлауға болар еді. Қос
сөздердің әр сыңарларына жалғанады: куртлар – қоңызлар. Кейде жинақтық мән
беретін сөздерге де -лар жалғанып келеді: Қар, буз қамуқғ ерішді. Тағлар
суғы ақышты. Көкшін бұлт өршүді. Қайғұқ болуб егіршүр. Ал, осы тәрізді
сөздер ыңғайына қарай жекелік тұлғада қолданылады: Құлан түгел құмурты,
арқар, соқақ йумутты (Құландарды түгелімен аударды. Арқар, киіктерді жиды).
Қолданылу мәні тұрғысынан соңғы сөйлем құрамындағы арқар, құлан сөздерінің
алдыңғы тау сөзінен айрмашылығы жоқ. Сірә, бұл ретте – лар аффиксінің
стилдік қолданылуын ғана байқауға болар.
А.М.Шербак -лар аффиксінің Х-ХІІІ ғасырлар жазбаларында былайша
қолданылғанын көрсетеді: -лар изафеттің екі сыңарына ғана жалғанып келеді:
Ашур улу йаздықты турмен менің йаман ішлерімден, йаман сағынчымдан. ( менің
жаман істерімнен, жаман сезімнен аса жазықты болып тұрмын) 4
-лар аффиксі өзінің мәні мен қолданылуы тұрғысынан көне түркі
тіліндегі негізгі ерекшеліктерін сақтаған. -лар аффиксінің этимологиясы
жайлы көп пікірлер айтылды. Поляк ғалымы Т.Ковальский өзінің осы мәселеге
арналған зерттеуінде өзінен бұрынғы пікір – жорамалдардың барлығына талдау
жасай келіп, -лар аффиксінің арғы төркіні болжалды санды (бірнеше, көп
сөздері тәрізді) білдірген сөз болу керек деп есептейді. В.А.Богородский
бұл аффикстің қалыптасуын ІІІ жақ жіктеу есімдігі мен -ар жұрнағының
арасындағы ығысудың нәтижесі деп қарайды. Н.А.Баскаковтың зерттеулерінде
-лар аффиксі құранды қосымша ретінде қаралады. Есім түбірлерден етістік
жасайтын -ла (балта-ла, қылыш-та, тас-та) істің қайталанатындығын,
дүркінділігін білдіреді. Мұның өзі, Баскаковтың ойынша, келер шақ есімшенің
тұлғасы -р -мен бірігіп барып, ішкі семантикалық өзгерістің нәтижесінде
көптік мән берудің қосымшасы есебінде қалыптасуға мүмкіндік береді. 4
-т қосымшасы Орхон – Енисей жазбаларында атақ-дәрежені білдіретін
азын-аулақ сөздердің құрамында кездеседі: тарқан – тарқат, шад – апыт,
тігін – тігіт т.б. Зерттеушілер бұл қосымшаны монғол тілінен ауысқан деп
есептейді. Солай екендігі -т қосымшаның сөзге жалғану тәртібі де
дәлелдейтін сияқты. Бұл қосымша жалғанғанда сөздің жеке түріндегі соңғы
дыбысы мүлдем түсіп қалады: тарқан – тарқат. Бұл қосымша Орхон – Енисей
жазбаларынан кейінгі дәуірден қалған ескерткіштердің ешқайсысында да көптік
мән туғызудың өнімді тәсілі ретінде ұшыраспайды. Х – ХІІІ ғасыр
жазбаларында -т аффиксімен келген бірен – саран сөздер ұшырасқанмен, сол
сөздердің өзі кейде көптік жалғаудың өңімді түрі. -лар -ды қабылдайды.
П.М.Мелиоранский Күлтегін ескерткішінде кейбір сөздер құрамында кездесетін
-т қосымшасын түбірден бөліп алып қарауға болмайды дейтін пікір айтады.
Бірсыпыра зерттеушілер сүт, алпауыт сөздерінің құрамындағы -т -ны да көптік
жалғау деп қарайды. Осы ізбен кете берсек, қазақ тіліндегі сәлем-сауқат
дегендегі -т да осы жалғау деп қарауы қажет. Өйткені, қазақ тілінде оның
сауға дейтін -т -сыз айтылатын да варианты бар.
Қазіргі түрік тілдерінің ішінде бұл қосымша якут тілінде айтылады.
А.Н.Кононов якут тілінде -лар көптік жалғауы есімдерге -т арқылы
жалғанатындығын айтады: уол – аттар. Мұндай ерекше жалғаныс, әрине –т
қосымшаның өзінің бұрынғы мәнінен ажырап қалуының салдары. -т қосымшасының
ескіруі, сөйтіп өз мағынасынан ажырауы орта ғасырлардың соңғы кезеңдеріне
қатысты болса керек. Бабурнама тілінде де жаңағы якут тіліндегідей
ерекшелік ұшырасады: бекетлер: бек есіміне әуелі -т одан соң ғана -лар
жалғанған.
Көне түркі тілін зерттеушілердің біразы( Габен т.б.) ол тілде көптік
жалғаудың тағы бір түрі – (а) н болған деген жорамал айтады. А.Габен ерен
сөзін көптік жалғауда тұрған, көптікті білдіретін сөз деп қарайды.
А.Н.Кононов оғлан сөзінің құрамынан да осы аффиксті көреді. Бұған
сірә, көне түрік тілінде оғлан, қазіргі тілінде ұл тұлғаларының айтылуы
себеп болса керек. Қазақ тілінде ерен сөзі тек жекелік мағынада ғана
айтылады. Алайда, сыртқы ұқсастығын еске алсақ, үшем (кейде үшен) сөзінің
құрамындағы -ем (ен) қосымшасын осыған жатқызуға болар еді. Дегенмен мұнда
жалпылама көптік білдіруден гөрі топтау мәні басым.
С.Е.Малов көне түркі тілінде көптік мағына туғызған қосымшасының бірі
деп біз есімдігінің құрамындағы -з -ны көрсетеді. Бірақ Орхон -Енисей
жазбаларының өзінде -з көптік мән туғызатын еркін аффикс есебіне
қолданылмаған. С.Малов аффиксті тек әлгі айтылған есімдіктер құрамынан ғана
ажыратады. С.Е.Малов мынадай фактілерді келтіреді: меңіз (бет), көкүз
(көкірек), ағуз (ауыз). С.Е. Малов біз, сіз есімдіктерінің құрамын былайша
түсіндіреді: бі-з, сі-з. Монғол тілінде мен есімдігі бі сен есімдігі
сі түрінде айтылады. Сонда түркі тіліндегі біз, сіз сөздері жіктеу
есімдіктерінің жеке түрі мен -з көптік жалғаудың қосындысынан құралған
болады.
2.Тәуелдік жалғаулары
Тәуелдік жалғаулары көне мұралар тілінде мына төмендегідей болып
отырады:
Жекеше: І жақ -ым: (-ым, -им, -ум, -үм) (-ам, -әм); будуным (халқым),
қаң-ым (әкем), қут-ым (құтым,бақытым). ІІ жақ -ң (-ың, -уң, -аң, -әң): (қут-
ың сенің бақытың). ІІІ жақ -ы, -сы. (-ы, -и, -сы, -си), (-зы, -зи); уйасы
(оның ұясы, ұрпағы), қағаны (ханы), айғучысы (уәзірі).
Тәуелдіктің үшінші жағының бастапқы тұлғасы -ын, -сын (-ин, -син)
деген пікір бар. Ал, Орхон – Енисей жазбаларында мынадай сөйлем
бар:...табғач булунка беглік ұры оғылың құл болты, сілік қыз оғлың күң
болты (табғач халқына мықты ұлың құл болды, таза қызың күң болды). Осы
сөйлемдегі оғлың, қыз оғлың сөздері тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұр,
бірақ әдеттегідей -ы емес, -ын.
Көптік: І жақ -мыз, (-міз, -муз, -мүз, -ымыз, -имиз, -умуз, -амыз,
-әміз); Ханымыз, ечимиз, қазғанымыз.
ІІ жақ (-ңыз, -ңиз, -ыңыз, -иңиз) -унуз, -үңүз: адашыңыз (сіздің
жолдастарыңыз), қағаның (сендердің хандарың).
ІІІ жақ -ы, -сы, -си, -зы, -сылар, -силар:
Жазбалар тілінде тәуелдікте тұрған сөз жіктеу есімдіктерімен де
тіркесіп те, жеке де айтыла береді. Яғни қазіргі қазақ тіліндегідей, бірде
менің кітабым түрінде , бірде кітабым түрінде айтылады. Тәуелдік
жалғауларының ашық дауыстылардан басталатын варианттары көне түркі
ескерткіштерінің бәрінде кездесе бермейді. Бұл варианттар көбінесе Шығыс
Түркістаннан табылған жазбалар ескерткіштер тілінде (манихейлік текстер,
сол сияқты кейбір ұйғыр жазбаларында) ғана ұшырасады.
Тәуелдіктің ІІІ жағында сөз өзінің алдындағы сөздің ілік септікте
тұруын бірде керек етсе, бірде керек етпейді. Бұл жағынан да қазіргі қазақ
тілінің заңдылықтарымен астасып жатады (кілттің бауы, мемлекет қаржысы).
Әрине кейбір мағыналық ерекшеліктер және фонетикалық варианттар тілдің
кейінгі дамуының жемісі екені сөзсіз.
Сонымен қатар, қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік тәсіл
арқылы да берілетіні мәлім. Мысалы: біздің үй, сіздің бала т.б. Меншіктілік
мән туғызудың осы тәсілі де кейін пайда болмаса керек. Меншіктілік мән
туғызудың нақ осы тәсілі ежелгі түрік ескерткіштерінің тілінде де
кездеседі: Бегің ат – бектің аты. Мұнда да тіркестің соңғы сыңары тәуелдік
жалғаусыз келген. Алайда, бұларда екі түрлі ерекшелік байқалады: қолдану
қызметі жағынан мұндай конструкциялар қазақ тіліндегі -нікі тұлғалы
конструкцияларға сай келеді. Нақ осындай қолданыс орта ғасырлар
ескерткіштерінде де кездеседі: Бу Меке біздің турур (Бұл Мекке – біздікі).
Бу бәйіт анындүр (Бұл өлең – онікі) Бұлар -нікі тұлғалы конструкциялар
қызметінде жұмсалған және көмекші етістіктермен келген. Сірә, бұл
фактілерге қарағанда, бұл кітап – менікі тәрізді конструкциялар осындай –
тіркестердің негізінде пайда болса керек. -нікі аффиксі құрамы жағынан
күрделі, тарихи жағынан екі бөлікке бөлінеді. -нің – ілік септік қосымшасы,
-кі – сын есім жасайтын жұрнақ. Ілік септік қосымшасының соңғы дыбысы(ң)
элизияға ұшырап, -кі аффиксімен бірігіп кеткен. Қазақ тіліндегі -нікі
аффиксі өзі жалғанатын сөздің соңғы дыбысының ықпалына қарай бірнеше
вариантта айтылады: қаланікі, ауылдікі.
Тәуелдік жалғауларының түркі тілдеріндегі варианттарын және олардың
түбірге жалғану ерекшеліктерін барлағанда, мынадай жайт байқалады:түбірдің
соңғы дыбысы дауыссыз болса тәуелдік жалғау дауыстыдан басталады да,
дауысты болса дауыссыз дыбыстан басталады. Түркологияда В. В. Радловтың
ізімен тәуелдіктің дауысты дыбыстардан басталған варианттары алғашқы болу
керек дейтін пікір айтылып келеді. Бірақ бұл пікірді растайтындай айқын
факт жоқ. 5
Көне түркі ескерткіштерін хронологиялық тұрғыдан салыстырып қарағанда,
тәуелдік жалғауларының көптік тұлғасының ІІІ жағында мынадай ерекшелік бар:
Ү – ҮІІІ ғасырлар ескерткіштерінде тәуелдік жалғауларының ІІІ жағы көптікте
де жекелікте де бірдей бір ғана аффикс арқылы беріледі (-ы, -сы – түбірдің
соңғы дыбысына қарай). Ал, орта ғасырлар ескерткіштерінде екі түрлі: бірде
жекелік тұлғамен бірдей, бірде -ылар, -сылар түрінде, яғни -лар көптік
жалғауымен қосылып келеді. Алғашқы тәсілде бір ғана аффикс контекстегі
мәніне қарай (бірде заттың бір кісіге, бірде көп кісіге тәндігіне қарай) әр
түрлі болып отырады. Хронологиялық тұрғыдан, сөйтіп алғашқы тәсіл ескі де,
соңғы тәсіл жаңа болса керек. Қазіргі қыпшақ тілдерінде, оның бірі қазақ
тілінде алғашқы, ескі тәсіл сақталған да, оңтүстік тілдерінде, татар т.б.
тілдерде соңғы, жаңа тәсіл пайда болған.
Тәуелдіктің жекеше І жағы -м мен жіктеу есімдігінің қысқарған түрі
есебінде танылса (сонда соңғы буын – ен түсіп қалған болады), жекеше ІІ
жағы -ң сен жіктеу есімдігінің қысқарған түрі есебінде (сонда алдыңғы -се
буыны түсіп қалған болады) танылып жүр. Н.К.Дмитриев осы пікірді жақтай
келіп, мен-нің постпозияциялық қолданыста -м-ға айналуында қазір белгісіз
бір звено болса керек деп жорамалдайды.
В.Котвич түркі тілдеріндегі тәуелдік жалғаулардың үш жағын да
(есімдерге жалғанатын) жіктеу есімдіктерінің ілік септік тұлғасы негізінде
пайда болған деп қарайды. Оған себеп: түркі тілдерінің бірсыпырасында
(оңтүстік тілдерінде) І жақ жіктеу есімдігі бен түрінде айтылады да, тек
ілік септікте ғана мен түрінде, м дыбысынан басталады. В.Котвич пікіріне
қоса айтатын факт: Кодекс Куманикусте жіктеу есімдіктерінің ілік тұлғасы
-м (-ым, -ім, -үм) түрінде кездеседі: Білге кетік кішілер менім сөзүм
ешітіңдер...
3. Жіктік жалғаулары
Генезисі жағынан тәуелдік жалғаулар мен ұялас келетін қосымшалар –
жіктік немесе баяндауыштық жалғаулар. Қазіргі түркі тілдеріндегі сияқты,
қазақ тілінде жіктік жалғаулары баяндауыш қызметіндегі сөздердің
грамматикалық көрсеткіші ретінде жұмсалатыны мәлім. Алайда, сол
жалғаулардың пайда болып, осы күнгі тұлғасына келуі түркі тілдерінің
дамуында жиі кездесетін – дербес сөздің қолданылуы барысында энклитикаға
айналу процесінің бір көрінісі іспетті.
Түркологияда тәуелдік жалғаулары сияқты жіктік жалғаулары да жіктеу
есімдіктерінен тараған дейтін көзқарас талас туғызбайды. Алайда, жіктік
жалғаудың қазіргі типі, белгілі мұралар тіліндегі түрі бұларды да тарихи
тұрғыдан тәуелдік жалғаулармен тұлғалас деп қарауға мүмкіндік бермейді.
Ежелгі ескерткіштерден мысал келтірсек: алты чуб Соғдақ тапа сүледіміз,
сүңүсдіміз, бұздумыз. Табғач оң тұтуқ біс түмен сү келті сүңүсдіміз. (Алты
чуб Соғалаққа дейін шабуылдадық, қираттық. Табғачтың оң тұтығының 5 мың
әскері келді, соғыстық) Мен барырман, мен бармасман. (Мен барамын, мен
бармаймын) Сенің йазықыңның алдында мен турурмен. (Сенің күнәңнің алдында
мен тұрмын) Егер қазіргі қазақ тіліндегі жіктік жалғаулары мен ескерткіштер
тіліндегі осындай қосымшаларды салыстырсақ, бар айырмашылық дауысты
дыбыстардыдың алмасуында ғана. Қазіргі тіліміздегі жіктік жалғаулардың
қысаң дауыстылармен -мын, -мін, -сын, -сін пішіндес келуін еске алсақ,
ежелгі жазбалар тілінде бұлар әлі өздерінің түпкі төркінінен онша алыстай
қоймағандығын байқауға болады. Қазіргі тілдегі жіктік жалғаулары
Н.К.Дмитриевтің сөзімен айтқанда, тұрақты дыбыстық құрамын жоғалтып, әр
түрлі дыбыстық варианттарға жіктеудің нәтижесі. Н.К.Дмитриев бұлардың
қазіргі түркі тілдерінде басқы дыбысқа қарай (-мын, -бын, -пын), дауысты
дыбыстың сапасына қарай (-мын, -мун, -мүн, -пән), соңғы -н дыбысының
сақталу, я сақталмауына қарай бірнеше варианттарда кездесетін, олардың әр
дыбысының әр түрлі тарихи фонетикалық заңдылықтардың нәтижесі екенін
көрсетеді.
В.Котвич жіктік жалғауларын байырғы етістік суффикстері деп атайды
да, олардың жіктеу есімдіктерінің постпозициялық тұлғасына (атау тұлғасы)
жақындығын, өзара ұқсас ыңғайлас жақтарының көп екендігін айтады. Оның
айтуынша, мұны монғол тілдерінің фактілері де дәлелдейді.
Жіктік жалғауларының қалыптасуы, яғни жіктеу есімдіктерінің жақты
білдіретін грамматикалық көрсеткіштерге айналуының басты тәсілі –
постпозициялық қолданыс екендігін көне, жаңа түркі тілдерінің материялдары
дәлелдейді. Үчин Күлүг Тіріг бен Қырғыз оғлы мен. Ал орта ғасырлар
жазбаларында: Мен санға ашиқ турур мен. Сен менин анам турур сен.
Бірсыпыра етістіктердің І жақ көпше түрінде кездесетін -қ, -ық аффиксі
тәуелдіктің осы түріне тіпті де ұқсамайтындығы белгілі. І жақ жекеше
көрсеткіші -м (барса-м), ал көптік көрсеткіш -қ болып келеді. Егер
алғашқысын (-м) тәуелдік деп қарасақ (оның көпше түрі -мыз, -ыз көптік
жалғау) , -қ тәуелдік көрсеткіші емес, көптік көрсеткіші деп қарамасқа лаж
жоқ. Осы аффикс қалау райдың І жақ көпше түрінде де кездеседі (бара-ық).
Қалау райдың бұл түрі басқа түркі тілдерінде -лық түрінде айтылады. Қазақ
әдеби тіліндегі -йық – осының (-лық) өзгерген түрі деп қарау қажет. Осы
ыңғайда тағы да В.Котвичтің пікірін еске алу керек. Ол -қ аффиксінің
алғашқы пайда болған орны деп осы қалау рай тұлғасын атайды. Бірақ қалау
рай тұлғасында -қ аффиксін неден шығаруға болар еді, әлде ол Орхон – Енисей
жазбаларындағы жекеше ІІ жақтың қосымшасы -ғ-ның өзгерген түрі деп қарау
керек пе – бұл жағы айқын емес.
4. Септік жалғаулары
Түркі тілдерінің Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тіліндегі септік
жалғаулары кейінгі ХІ-ХҮ ғасырлар ескерткіштер тілінднгі сондай
категориямен грамматикалық қызметтердің жіктелуі жағынан да, қолданылуы
тұрғысынан да өзара тең еместігі байқалады. Ү-ҮІІІ ғасырдағы көне түркі
тіліндегі кейбір септік жалғауларының әлі толық қалыптасқан тұлғасы жоқ.
Кейбір жалғаулар екі не үш түрлі грамматикалық мәнде қолданылған. Онда
сонымен қатар септік жалғаулардың шылаулар жетегінде айтылуы да сирек
ұшырасады. Ал, кейінгі дәуір жазбалары тілінде осы күнгі септік
жалғауларының барлығының дерлік семантикалық та, морфологиялық та ізін
кездестіре аламыз. Оның үстіне септік жалғаулары қолданыс жағынан,
негізінен, бір-бірінен семантикалық жағынан ажырап, дараланғаны байқалады.
Септік жалғауларының өзара семантикалық жіктелуі жайлы айтқанда, мынадай
бір жайды еске алу керек. Қазіргі түркі тілдеріндегі септік жалғаулары
басты екі топқа – грамматикалық мән туғызатын септіктер мен көлемдік мән
туғызатын септіктерге бөлінетіні белгілі. Көне түркі тілінде де нақ осы із
бар. Ал септік жалғауларының семантикалық жіктелуі анығында осы екі топтың
әр қайсысының өз ішінде болған құбылыс. Айталық, ілік септік пен табыс
септік арасындағы мағыналық жіктелу, сол сияқты, жатыс септік пен шығыс
септік арасындағы функциялық жіктеліс осындай құбылыс. Жоғарыда айтылған
септік жалғауларының бір-бірмен алмасып қолданылу құбылысы да көпшілігінде
осы екі топта байқалады. Семантикалық жіктелу, әрине, сол септік жалғауының
алғашқы мағынасы сүйенеді. Ал тілдің бұдан соңғы даму процесінде септік
жалғауының о бастағы мағынасының негізінде жаңа мағыналық мәнер пайда
болады, яғыни бұрынғы бір ғана грамматикалық қызмет қолдану процесінде өз
ішінен жіктеліп, бірнеше мағыналық мәнерлер қалыптасады. Сонымен, мағыналық
жіктелістің нәтижесінде жеке септік жалғауының мағынасы жалпылық мәннен
сараланған күйге ауысады. Қазіргі тіліміздегі септік жалғауларының
қолданылу ауқымының кендігін осылай ғана түсінуге болады.
Септік жалғауларының морфологиялық және семантикалық дамуы екі түрлі
грамматикалық категориямен өте тығыз байланысты болады. Олар: тілдегі
жалғаудың пайда болып, молаюы және етістіктердің меңгеру қабілетінің
өзгеріп, кеңеюі,. Ү-ҮІІІ ғасыр ескерткіштері тілінде шылаулар өте аз.
Сондықтан септік жалғауларының шылаулар жетегінде қолданылуы аса сирек
ұшырайды. Ал кейінгі дәуірде шылаулардың сан жағынан молаюымен бірге,
септік жалғауларының да семантикалы саралануы күшейеді. Нақ осындай
жағдайды етістіктердің меңгеру қабілетінің дамуынан да байқауға болады.
Көне түркі тіліндегі жиі ұшырасатын септік жалғаулардың жүйесіз алмасып
қолданылуының азайып, белгілі бір жүйеге түсуі де етістіктердің меңгеру
қабілетінің сараланып жіктелуімен тығыз байланысты болса керек. Мысалы,
көне түркі тілінде атау мен табыс, жатыс және барыс септіктерінің жүйесіз
алмасып қолданылуы байқалады. Кейінгі даму барысында сол етістіктер әлгі
септіктердің тек біреуімен ғана қолданылатын болған.
Атау септік. Қазіргі түркі тілдерінің қайсысында да атау септікті
сөздің түбір, негіз қалпынан бөлектейтіндей арнаулы аффикс жоқ және тарихта
белгілі ескерткіштер тілдерінде де мұндай тұлға кездеспейді.
Қазіргі қазақ тілі мен басқа да түркі тілдеріндегі атау септіктің
қолданылуы мен көне түркі ескерткіштері тіліндегі қолданысын салыстырып
қарағанда едәуір айырмашылық бар. Атау септік тұлғасы ескі жазбалар тілінде
мынадай қызметтерде жұмсалған:
Атау септік тұлғасы өзінің тура мағынасында қолданылған:Аганияз ер
ағыр бедісміз. Аганияз қою (әдемі) оюлады. Ілік сен барғыл. (Алдымен сен
бар). Атау септіктің бұл қызметі қазіргі қазақ тіліне әсте жат еместігі
айқын. Зат есімдер де, есімдіктер де атау тұлғасында жұмсалып, сөйлем
бастауыш қызметіне келген.
Ілік септік қызметінде жұмсалуы: Білге Тоңықұқ бен өзүм табғач іліңе
қылынтым. (Данышпан Тоңықұқ мен өзім табғачтың еліне қол арттым). Кімі ічре
олдуруп, іле сузын кечтіміз, уйғұр таба башланып, мындақ елін очтымыз.
(Кемеге отырып, Іленің суын кештік, ұйғырға дейін барып, мыңлақ елін
аштық).
Табыс септік орнына жұмсалуы: ічін, ташын адынчығ бедіз уртуртым, таш
тоқтадым.(іші тысын айрықша өрнектеттім, тасты қойғыздым).
Жатыс септік орнында қолданылуы: Өтүкен иір олурып арқыш-тіркіш ысар,
нең бунуғ йоқ. Өтүкен йыш олурсар, беңгі іл тута олуртачы сен, түрк будун,
тоқ. (Өтукен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz