Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының ауқымын азайту
Жоспар
Кіріспе
І бөлім Қаржы мен инфляцияның жалпы ұғымдары
1.1. Қаржының мәні мен қажеттілігі
1.2. Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысы
1.3. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы
ІІ бөлім Қаржы сферасындағы инфляция
2.1. Инфляцияның мәні және оның себептері
2.2. Инфляцияға қарсы саясат шаралары
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
1950 жылдардың соңынан 1970 жылдардың ақырына дейін АҚШ-та инфляция
деңгейі әрбір цикл сайын өсіп отырады. Тоқырау тұсында инфляцияның бастапқы
деңгейі төмендеп, келесі қалпына келтіру кезінде ол қайтадан арта түсіп,
тіпті бұрыңғы деңгейінен де асып түсті.
Курстық жұмысымда инфляция мен қаржының арасындағы барлық байланыстарды
көруге болады. Инфляция қаржы қатынастарын да өзгертуге ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі салдарынан
мемлекет шығыстарының өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын құнсыздандырады және салық
түсімдерін арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің берешегі проблемаларын
шиеленістіреді.
Сөйтіп қаржы мен инфляция өзара тәуелді болып келеді. Қаржы инфляциялық
процестердің тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция да қаржы
қатынастарына әсер етеді. Ақшаның құнсыздануы және бағаның көтерілуі
мемлекеттің шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің шығыстарын көбейтудің
қажеттігіне, салық ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік бюджет тапшылығынан
болатын мемлекеттің борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны
мемлекеттің қаржы ресурстарын құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін уақыттың бір межелдемелері арқылы
түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде олар құнсызданады. Осыған ұқсас
мемлекеттік берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені қарыздарды тарту
үшін мемлекет өзінің бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік пайыз
деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр болады. Бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағытты келеңсіз
сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз
нәтижелерге апрады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың құнсыздануы, ұзақ мерзімді
инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай жинақтардың
құнсыздануы, нақтылы пайыздың төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі
деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда
қаржы қатынастарының оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді енгізуге дайындық шеңберінде
мынадай шаралар қабылданды. Ұлттық банк 2000 жылдан бастап ақша-кредит
саясатын жоспарлаудың үш жылдық деңгейін беелгіледі. 2004 жылдан бастап
инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер – базалық инфляция индексі
қолданыла отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық емес факторлар
бағаларының деңгейіне дағдарыстық ықпалын жояды және инфляциялық
процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдың қаңтарынан бастап
Ұлттық банктің мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру және мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен бекітілді, бұл
инфляциялық таргеттеу енгізудің қажетті шарттарының бірі болып табылады.
Еліміздің орталық банкі ретінді Ұлттық банктің тәуелсіздігін күшейтетін
нормативтік-құқықтық актілер әзәрленіп жатыр. Тұрақты негізде қайта
қаржыландыру мөлшерлемесін, белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда. 2002 жылдың
қазан айынан бастап Халқаралық валюта қоры Ұлттық банкке инфляциялық
таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне қатысты ақпараттық және
консультациялық көмек көрсетіп келеді.
І БӨЛІМ ҚАРЖЫ МЕН ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМДАРЫ
1. Қаржының мәні мен қажеттілігі
Қаржы (қолма-қол ақша, табыс ұғымды білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айырықша қоғамдық
арналымы бар өндірістік қатынастарды бідіретін ақшалай қаржы ресурстары мен
қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып
көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі
болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтың жүйелі тауар-ақша айырбасына
көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға
қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты болды.
Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау
қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы кітап деген
жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.
Қаржы туралы жұмыстың (Афин республикасының кірістері туралы) алғашқы
авторы Ксенофонт (б.э.д. 430-365 жж.) болды.
Аристотельдің (б.э.д. 384-322 жж.) қаржы саласындағы көзқарасы оның
Афиннің мемлекеттік құрылысы атты жұмысында баяндалған.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және
функцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формацияның қаржысының айырмашылығы
негізінен мына себептерге байланысты:
- әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық
құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты
мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны
бөлудің қатынастарын есепке алады;
- кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші
таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен
міндеттеріне бағынады;
- өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін
тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға
натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының
қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік
шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше
мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;
- егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік
қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне
қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да әсер етеді;
құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің
ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік ролімен
айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа
экономикалық категориялардан – кредиттен, жалақыдан және бағадан
айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша щатынастарымен
ортақтастырылған тауар өндірісі болып есептеледі.
Тауар өндірісінің негізгі тауар өндірушілердің экономикалық
оқшауланушылығын шарттастыратын қоғамдық еңбек бөлінісі болып табылады.
Олардың әрқайсысы өндірістің материалдық-заттай факторларының айырмашылығы,
олардың әртүрлі деңгейі жағдайында өнім жасайды, ал сол себепті тіпті ұқсас
тауарлар нақтылы және затталынған еңбектің әртүрлі шығындарымен өндіріледі.
Бұл теңсіздіктің салдарынан шығындар мен еңбек нәтижелерін өлшеудің қаржылы
еңбектің және жұмсалынған күш-жігерге баламалы тұтынудың өлшемін ескере
алатын айырықша механизімнің объективті қажеттігі туады.
Ұдайы өндіріс процесінің үздіксіз жалғасып жататын белгілі өндіру,
бөлу, айырбастау және тұтыну стадиялары оның қатысушылары арасында тауар
қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-
сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау
және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс
қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының
қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс. Осыған орай олар
мамандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі
өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы
тиіс. Тек өндірілген еңбек өнімдері айырбасталғанда, оларды белгілі бір
ақша баламамен өткізгенде өндірушілердің ақшалай түсімі (табысы) жасалады.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ
балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және
материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы – қоғамдық
өнімнің – натуралдық-заттай көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де
болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің
қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша
айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау,
бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша,
экономикалық қатынастар қаржының ұғымы құрады. Қаржы тауар қатынастарынан
тыс өмір сүре алмайды.
Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық
өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оның түпкілікті
тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша,
баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда
бболатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша
қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі
әртүрлі қатысушылар қаражаттарның қозғалысы түрінде болып жатады.
Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырусылары;
негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты
(пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымның
қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін
аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үші
кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар қолма-қол ақшасыз немес
қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге
беруі болып табылады. Осының барлығында және осыған ұқсас қаржы
операцияларында ақша қатынастарының қозғалысы болып жатады.
Қаржы ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша
қатынастарының жалпы қамтудағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика
жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша
ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың жұмыс істеуінің нарық жағдайында мемлекет тауар-ақша
қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейді, негізгі реттеуіш тауарлардың,
жұмыстардың және қызметтер көрсетудің сұранымы мен ұсынымы болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның ролі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып
табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны
және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының пайда болуы өзі
жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
2. Қаржының басқа экономикалық категориялармен байланысы
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс
болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша
қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап
айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша
қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен асып
кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық
түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша
нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау,
ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары
кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті
мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдай да) кезінде пайда
болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет
бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша
қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен
міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады.
Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес
өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы қатынастарын білдіре
бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияландырылған
өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы –
жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық
тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол
өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта
болады.
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық
категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.
Ақшаның нақтылы қозғалысы ұдайы өндіріс процесінің екінші және үшінші
стадияларында – бөлуде және айырбастауда болады.
Екінші стадияда ақша нысанындағы құнның қозғалысы тауарлардың
қозғалысынан оқшауланады және оның шеттелуімен (бір иеленушілерден басқа
иеленушілерге өтуімен) немесе құнның әр бөлігінің мақсатты оқшаулануымен
(бір иеленушінің шеңберінде) сипатталады. Үшінші стадияда бөлінген құн
(ақша нысанындағы) тауар нысанына айырбасталады. Бұл жерде құнның өзінің
шеттетілуі болмайды. Сөйтіп, ұдайы өндірістің екінші стадиясында құнның
ақша нысанының бір жақты қозғалысының орны болады, ал үшінші стадияда
құндардың екі жақты қозғалысы болады, оның бірі ақша нысанында, ал басқасы
тауар нысанында болады.
Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай
қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін
дәлелдейді. Бөлінген құн (ақша нысанында) тауар нысанымен айырбасталатын,
яғни сатып алу – сату актілері жасалатын айырбастауда да қаржыға орын жоқ.
Ұдайы өндіріс процесінің құн стадиясында тек баға құралын қажет ететін
өнбойы жасалатын айырбас операциялары болып жататындықтан, мұнда басқа
экономикалық категорияның механизмі – баға жұмыс істейді.
Қаржының іс-әрекет етуінің жиынтық қоғамдық өнімді бөлу стадиясында
асқан дәрежеде көрінетіндігі қаржы үшін көпшілікке танылған болып саналады.
Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны
ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы
болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі
– ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен
субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын
микроэлементтерге – c, v, және m-ге ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс
құралдары құнының (с) роны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v)
төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Қаржы қатынастарының қаржы талшығы
мен басы өндіріс сферасында қосымша өнімді жасау мен оны кейінгі бөлу болып
табылады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды,
қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің
бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын
құрайды. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын
өнімді с, vжәне m-ге сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері
қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай табыстар мен ақша қорланымдары
жасалынады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан әрі бөлу
және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге
асырылады.
Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір
бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар
мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі
өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке
бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану
арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын,
олардың басқа экономикалық қатынастарымен өзара іс-әрекетін шарттастырады
және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық-
әлеуметтік процестерге әсерін зерделуге ғылыми көзқарасты талап етеді.
Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан, қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі, яғни олар
базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады деуге болады.
Экономикалық заңдармен анықталатын қоғамдағы өндірістік қатынастар
категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар – бұл біркелкі
экономикалық қатынастардың көрінісі, бұл қатынастар экономикалық өмірдің
бір жағын сипаттайды және абстрактты, қорытынды түрінде көрінеді; оларға
баға, қаржы, сақтандыру, кредит, табыс (пайда) және т.б. жатады.
Қаржы, экономикалық категория ретінде, экономикалық заңдардың (құн
заңының, сұраным мен ұсыным заңының, қажеттіліктердің жоғарлау заңының,
өндірістік қатынастардың өндіргіштік күштердің сипаты мен даму деңгейіне
сәйкестік заңының, уақытты үнемдеу заңының) іс-әрекетіне негізделеді.
Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, жалпыдан –
жекеге қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады:
жалпы қоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және
қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік кредит, сыртқы экономикалық
қатынастар және т.б.).
Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы замаңғы мемлекеттерде қаржымен
қатар басқа экономикалық категориялар да – ақша, табыс (пайда), өзіндік құн
және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын
(тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен
тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің
нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуыныңдағы бұл
категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан
өзінің айырықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.
Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан
ажыратып алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп
алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен,
тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық
категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады.
Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының
өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық
экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен
өзгешеліктерін ашып бере алады.
Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілер арасындағы ақша және ақша тек қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оның жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиістілігін (жататынын) басқа
көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал,
яғни үдемелі құн немес табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол
ақшаның дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде
қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық
өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі
деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге
асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да - өндіріс құралдары мен
тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да –
еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы
арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық
категория ретінде олардың айырықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса
маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені
бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының
қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша
қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып
табылады.
Ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс қатысушыларының барлығында,
өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің көмегімен жасалады. Әдістер,
қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары ретінде директивалық, яғни
қажетті, сөзсіз болатын, міндетті сипатты игеріп алады, мұның өзі
экономиканы реттеудіғ қажеттігімен және қоғамдық дамудың мақсаттарныа ақша
ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала қарастыру қажеттігімен
байланысты болады.
Ақша экономикалық өмірде, әдеттегідей, баламалы, яғни тауар және ақша
нысандарындағы құнның тең (бірдей) қозғалысы не гізінде пайдаланылады.
Баламалық белгісі басқа экономикалық категориялардың – бағаның,
еңбекақының, кредиттің іс-әрекетіне тән. Ақша қорларының бүкіл ақша
қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігісол, олар экономиканы барлық
деңгейлерінде ақша нысанындағы құнның бір жақты қозғалысының негізінде
жасалады. Кез келген қаржы операциясы осындай ерекшелікпен (салықтар,
табыстан аударылатын аударыммдар, шығыстарды қаржыландыру. Субвенциялар
және т.б.), яғни баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы
ақшаның ішкішаруашылықтық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты
қолданылады.
Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері бұл экономикалық категорияны
ақша қатынастарының бүкіл жиынтығынан мүлтіксіз бөліп алуға мүмкіндік
береді, әрі қаржының өзгешелігін, ерекшелігін атап көрсетеді. Басқа бірде –
бір құндық экономикалық категория белгілердің жоғарыда аталған жиынтығын
иемдене алмайды. Егер белгілердің алғашқы екеуі – қаржы қатынастарының
ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржы қатынастарының өрісін тежеп
отыратын болса, қаржыға тән қор нысаны, міндетті сипаты, біржақты
тәртіптегі құн қозғалысының баламасыздық сипаты экономикалық категория
ретіндегі қаржының айырықша ерекшеліктерін баса көрсетеді.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша
тұжырымдауға болады: қаржы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде және
мемлекетте ақшалай табыстар мен қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлғаймалы өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты жалпы қоғамдық
өнімнің құнын және қайта бөлу процесінде пайда болатын ақша қатынастары.
3. Инфляцияның табиғаты және оның қаржымен өзара байланысы.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді.
Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақщаның қызметімен тығыз
байланысты деп саналады.
Инфляция термині (латынның inflatioсөзіннен шыққан – кебіну, үсіну)
ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың
Азамат соғысы жылдары (1867-1865 ж.ж.) қағаз долларының (гринбектердің)
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-
ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал
бұрыңғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде ол 20-шы жылдары жазыла
басталды.
Инфляцияның дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының
қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен
лықа толып кетуі, оның құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар
мен қызметтер көрсетуге бағаның өсуі; ақшаның сатып алуға жарамдылығының
төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтықтарына
және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы
бұзылады.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
- айналысқа артық ақшаның шығарылуы;
- қолайсыз төлем балансы;
- үкіметке сенімнің жоғалуы;
Ұзақ уақыт бойы инфляцияны монетарлық құбылыс деп санай отырып, ол
ақшаның құнсыздануы мен тауар бағаларының өсуі тұрғысында түсіндіріліп
келді. әлі де бірқатар шетелдік авторлар инфляцияны экономикада бағаның
жалпы деңгейінің артуы ретінді анықтайды. Алайда инфляцияның тауар
бағасының өсуінде көрінгенмен оны тек таза ақша феноменіне жатқыза салуға
болмайды. Бұл нарықтық шаруашылықтың түрлі сфераларындағы ұдайы өндірістің
сәйкессіздігінен туатын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Инфляция
әлемнің көптеген елдеріндегі экономиканың қазіргі дамуының ең өткір
проблемаларының бірі болып есептеледі.
Бүгінде инфляция бағаның өсуі нәтижесінде ақшаның сатып алу
жарамдылығының құлдырауымен ғана емес, сонымен бірге елдің экономикалық
дамуының жалпы қолайсыз ахуалымен де байланысты. Инфляцияға өндіріс пен
өткізу сферасындағы әртүрлі факторлар тудырған өндіріс процесінің қарама-
қайшылықтары себепші болады. Инфляцияның әуел бастағы себебі – ұлттық
шаруашылықтың түрлі сфереларындағы жинақтау мен тұтыну, сұраным мен ұсыным,
мемлекеттің кірістері мен шығыстары, айналыстағы ақша массасы мен
шаруашылықтың ақшаға қажеттілігі арасындағы алшақтықтар.
Түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында
болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар – ақшаға
сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы
талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шамадан тыс
ақша шығаруға байланысты айналыстағы ақша массасының көбеюі; халық
шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютаның курсын
бірқалыпты ұстау үшін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттық валютаның
қозғалысын шектеу және т.б. фактолар.
Екінші топқа тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін ақшалы емес
факторлар жатады. Олар: қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі,
шаруашылық механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның
ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с.
факторлар.
Шын мәнінде екі топтағы факторлар бірімен-бірі тығыз байланысып,
тауарлар мен көрсетілетін қызметтің бағасын өсіріп, инфляцияға соқтырады.
Инфляцияның өмірдегі көрінісі – тауар бағаларының күрт өсуі. Осы
көріністі американдық ғалым және публицист Дж. Гелбрейт ақшаның тауарды
қууы деп сипаттады. Инфляцияның алғашқы себебі – айналымдағы ақша
массасымен сатылуға тиіс тауарлар массасы теңдігінің бұзылуы. Бұндай
диспропорция, біріншіден, өндірістің кенет қысқаруынан, екіншіден,
айналымдағы тауарлар массасының аздығына қарамастан, мемлекет өз шығындарын
өтеу мақсатында қағаз ақшаны көп шығаруынан болады.
Алайда, айналамдағы ақша массасы тұрақты болған кей жағдайларда да
инфляция болуы мүмкін. Мысалы, 40-70 жылдарда АҚШ-та айналымдағы ақша
массасы бір қалыпта болса да, айналымдағы тауарлар мен көрсетілетін
қызметтің көлемі қысқарып, инфляциялық процестер туындады. Бұл ақша
айналымының шапшандығын арттырудың нәтижесінен болған инфляция еді. Ақша
айналымының шапшандығын арттыру өзінің экономикалық тиімділігі жөнінен,
басқа жағдайлар өзгермесе, айналымға қосымша ақша массасын шығарғанға тең.
Инфляция кезінде капитал өндіріс аясынан айналысқа құйылады, себебі
айналым аясының жылдамдығы көптеген пайда түсіреді. Бірақ ол инфляция
әсерін күшейтеді: несиені, өндіріске салынатын инвестицияны және тауарлар
ұсынысын қысқартады. Сөйтіп, инфляция факторлары екі жақты – тауарларды
шығаруға және сатуға; ақша массасын және айналам жылдамдығын өзгертуге -
әсер етеді.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет.
Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай – монетарлық
факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындары – бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің
монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік – саяси
сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы у бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша
эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының
артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта
дағдарыстары), басқа елдерге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz