Кілемді тоқу
Жоспар
Кіріспе
І. Қазақтың дәстүрлі өнері
1.1 Қазақ қолөнерінің түрлері- кілем бұйымдары ... ... ... ... ... ... ..
5 бет
1.2 Кілемнің тарихы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8 бет
1.3 Қазақ халқының күнделікті тұрмыс тіршілігінде кілемді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 14 бет
1.4 Кілемнің алатын орны және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .. 16 бет
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Кілем қалай
жасалынады ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
бет
2.2 Кілемді өңдеу және бояу
техникасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 21 бет
2.3 Инемен кілем тоқудың
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24 бет
2.4 Шығармашылық
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
бет
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 29 бет
1 Қолданылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
бет
Қосымша әдебиеттер
Кіріспе.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді
әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді.Өйткені, адамның қоғамда алатын
орны, қазіргісі, болашағы үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта
білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты:
дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда
орындаушы адамнан гөрі шығармашыл адамға деген сұраныстың көп екендігін
қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр. Курстық жұмысымның тақырыбы ретінде
инемен кілем тоқу түрін таңдап алдым.
Зерттеу мақсаты: Дәстүрлі кілем тоқу өнерінде, өнердегі жаңа
кезеңдегі бағыттар бойынша жастардың шығармашылық көзқарастарын, мінез
–сезімін қолдана отырып, өнердің жаңа бұтақ-тамырларын меңгеру.
Зерттеу пәні: Кілем тоқу, жастардың шығармашылықтары және
креативті шығармашылық.
Қойылған мәселе: Шебердің өзі-көненің көзі – ертеден келе
жатқан ата- бабамыздың дәстүрін жалғастыру, осы шеберлікке баулу.
Гипотеза:Креативті көзқарасты дәстүрлі кілем тоқу өнерінде
қолдануға болады.
Үй жасауы – кілем - дейді халық. Кілем – жайсаң төсеніш, ілсең
– сән, ел аузына ілінген асыл қасиетін әлі де сақтап келе жатқан бағалы
зат. Шығыс еліндегі оны тоқып, тұтынбаған халық жоқ. Кілем бетіндегі сан
қилы, сәнді өрнектерге қарап отырсаңыз тұнып тұрған халық өмірінің
шежіресін көргендей боласыз. Бір кезде өмір сүрген халықтардың тұрмысы,
көшпелі елдің ағаш үйі, мал қорасы, ескі қорғандар, жүзім баулары – осының
бәрі кілем бетінде бейнеленген. Қазақ халқының бұл түрінде өсу жолына тән
даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне заманнан басталды. Оған Қазақстан
жерінде бұрын – соңды жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде
анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ
өнерінің Республика жерінде мекендеген соң үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ, тағы
басқа көне түркі тайпаларының мәдениеті мен төркендестігінің айғағы.
Революцияға дейін қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі,
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші елдермен
әсіресе, Ресеймен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени байланысының
арта түсуі, тағы басқа көптеген ішкі факторлардың әсері айтарлықтай ықпал
жасады. Соның өзінде қолөнер шеберлерінің өнерлі еңбегі, тіпті, ғажап
туындыларының өзі де жете бағаланбады. Сондықтан, қолөнерде кәсіп етуші
шебер жандардың өзі жоқшылық зардабынан қол үзе алмады. Кейде өнер иесі
еңбегін алдын ала сатып, ауқатты адамдардан айтайық: Балаңа ер қосып бер
немесе Сықырлауық жасап берем, - деп қарызға мал алып, қажетіне жұмсады.
Нәтижесінде айтулы шеберлердің өзі малды адамдарға қарыздар болып соны өтеу
жолында өмірлері өтетін – ді.
Негізінде қолөнері көне заманнан бері халық тұтанып жатқан ұлттық
мүліктермен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым әшекейлеумен
бастап, қазіргі дәуірдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын ағашқа,
сүйек, керамика мен түсті металға жасау – жиһаздарға бейнелейтін сюжетті
өрнектермен әшекейлеуге дейінгі жоғарғы дамыған кезіне келіп жетті.
Қолөнердің халық қажетін өтейтін тамаша үлгілері көп. Солардың
табылмай жатқан түрлері де баршылық. Айталық, қазақ халқына өрмек тоқу,
алуан түрлі кілем, бау, басқұр, алаша, сырмақ сыру, тұс киіз жасау сияқты
өнері кең тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп бағалап халқымыздың
тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз қажет.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып
есептелсе, қазірдің өзінде де маңызын жойған жоқ. Кілем арнаулы қарапайым
өрнек арқылы ерекше түр саналып, әрбір шаршы метріне шамамен 230 – 400-ге
дейін, ал өңбойына бір миллионға жуық жіп түйіндерін келтіріп өте тығыз
тоқылатын аса бағалы бұйым. Міне, осындай мәдени мұраны көне деп бағалап
халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымызға қажет.
I.Қазақтың дәстүрлі өнері
1.1 Қазақ қолөнерінің түрлері- кілем бұйымдары.
Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған Қазақстан жерінде
бұрын-соңда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған
ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі қазақ өнерінің
республика жерінде мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ және тағы
басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен төркіндестігінің айғағы.
Қазақ халқы- кең-байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне
мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан жеріне жан-жақтан келген
көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ, Оңтүстік-Сібір, Орта Азия мен
орыс халқының да мәдениеті әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне
мәдениет сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқынын бойына
сіңіріп, үнемі жақсару, жаңғыру үстінде болды. Осындай толассыз, дамудың
нәтижесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ
халқының дәстүрлі қолөнері өз дамуына айтарлықтай жоғары деңгейге жетті.
Революцияға дейінге қолөнердің дамуына қазақ қауымының әлеуметтік
экономикалық жағдайы, көшпелі өмір, біртіндеп отырықшылыққа көшу процесі
бұрын үстем болып келген тұйық шаруашылықтың ыдырай бастауы, көрші
елдермен, әсіресе Россиямен сауда қатынасының шаруашылық және мәдени
байланыстың арта түсуі, тағы да басқа көптеген ішкі-сыртқы факторлардың
әсері айтарлықтай ықпал жасады. Ол кездегі қазақ ауылдарының көпшілігінің
қаламен байланысы болмады. Сондықтан, олардың өзіне қажетті үй бұйымдарының
басым көпшілігін қалалардан сатып аларлықтай мүмкіндігі болмағандықтан,
негізінен, халық шеберлігінің қолына қарады.
Қазіргі уақытта революцияға дейінгі қазақ халқының қолөнер табиғатын
жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе
үшін де маңызы өте зор. Өйткені, қазақтың қолөнері жалпы халық мәдениетінің
ішіндегі негізгі салаларының бірі.
Октябрь революциясының жеңісінен кейін әсіресе ауыл шаруашылығын
коллективтендіруге байланысты, қазақ жұртшылығы түгелге жуық қоғамдық
еңбекке белсене араласты да, қолөнер кәсібі, әсіресе, оның ер адамдар
айналысатын түрлері күрт төмендеді, тіпті, олар өндіретін бұйымдар жаңа
жағдайға байланысты өзінің қажеттілігін жойды. Өйткені, оларды күнделікті
халық тұрмысынан өндірістік товарлар оңай ығыстырды. Нәтижесінде ел
арасында ер адамдар қолөнеріне байланысты қарекеттер үй кәсібі болу мәнін
жойды деуге әбден болады. Ал, киіз басу, тоқымашылық, тігіншілік, кесте
тігу сияқты әйелдер үлесіне тиген қолөнер түрлері, керісінше жаңа жағдайға
байланысты жаңғыра даму үстінде.
Көп облыстарда үй шаруашылығындағы әйелдер қой яки түйе жүнінен иіріп,
бояп киіп үйдің ішін жабдықтауға бау, басқұр, алаша, тақыр кілем (терме
алаша), қоржын, жабу тоқыған. Қазақстанның онтүстік батыс аудандарында,
сондай-ақ Қызылорда облысының бәріне дерлік қазірде түкті кілем тоқу
дәстүрлі кең тараған. Басқұр, алаша, тақыр, түкті кілем.т.б. бәрінің де
негізгі бір-бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал оны көркемдік жағынан
байыту, мәнерлеп өрнектеу, әр түрлі айшықты бояу қолдану әр заттың
сипатына, тоқушының өр қиялына, іскерлігіне байланысты, әр жерде әр түрлі.
Ғылым мен білім әлі өркен жая қоймаған қазақ жерінде сонау ХVIII-ХІХ
ғасырларда-ақ қол өнері ұлттық дәстүр ала бастағаны халқымыздың өнер
тарихынан аян. Ашық түсті айшықты текеметтер, қара ала сырмақтар, қызылды-
жасыл түскиіздер, алқызыл гүлдері құлпырған түкті кілемдер, қошқармүйіз,
самаурынша, құстаңдай, жапырақша өрнекті терме алашалар мен тоқылған
сандыққап, асадал, аяққап, кесеқап немесе шекпен шапан сияқты киім-кешектер
о баста сөз жоқ, тұрмыстық қажеттеліктен туған. Айталық жүннен иірілген жіп-
жылу ұстағыштығымен, күннің көзін өткізбейтіндігімен, бояу алғыштығымен
жоғары бағаланған. Жүннен тоқылған киім қыртыстанбайды әрі жеңіл келеді.
Сондай-ақ киіз үйдің жабдықтары, ішкі әшекейлері түгелдей дерлік жүннен
жасалған ғой.
Киіз үйдің ішкі қабырғаларына жылу ұстау үшін іргелей алаша немесе
кілем тұтқан. Ал керегенің бастары мен шаңыраққа ою-өрнектер салып,
безендіріп тоқыған түкті басқұр, желбаулар өзіндік сән берген. Жерге киіз
алаша төселген. Күнделікті тұтыну бұйымдары – аяққап, қоржын, дорба,
кесеқап, тұтқыш т.б. толып жатқан дүниелер қолдан тоқылған.
Ел ішінде әр істің қас шебері болған. Аты шыққан қолөнер шебері-
кілемшілер және киіз басушылар, текеметке түрлі ою ойыстыратындар өз
өнерлерін ұрпақтан –ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған. Сөйтіп өнердің
осынау бір мәңгі өшпейтін түрі тұрмысымызда күні бүгінге дейін өз орнын
алып келеді. Жасыратыны не, жеңіл өнеркәсібіміздің өркендеп дамыған
қазіргідей кезеңнің өзінде қолөнерінің туындыларына деген сұраныс аспаса
азайған жоқ. Фабрикалық кілім, алаша, синтетикалық төсеніш түрлерін кеңінен
қолдана отырып, жұрт киіз, текемет, сырмақ, алашаны да аластаған емес.
Халық арасындағы кілім атаулары. Республика облыстарында кездесетін
кілем түрлері де атаулары да көп. Деректі материалдарға қарағанда олардың
атаулары әр түрлі болғанымен тоқылу технологияларының айырмашылығы жоқ.
Қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, түркімен, орыс, украин, молдаван,
азербайжан арасындағы қолымен өрмек тоқу өнері бір-біріне ұқсас болып
келеді.
Төменде кілемдердің халыққа кең тараған атауларын келтіріп отырмыз.
Олар: Алматы кілемі, Ашхабат кілем, азербайжан кілемі, адай кілемі, бұқар
кілемі, қыпшақ кілем, самарқан кілемі, парсы кілемі, түркмен кілемі, орыс
кілемі, жолақ кілем, барқыт кілем, жібек кілем, мақпал кілем, мақта кілем,
құлпырма кілем, қоржын кілем, төр кілем, қабырға кілем, намаз кілем, түкті
кілем, ою кілем, тақыр кілем, жол кілем, т.б.
1.2 Кілемнің тарихы.
Қазақ халқының өнері, жүз жылдар арасында аз өзгеріске ұшырағаны
табиғи қолөнерге байланысты. Бірақ оның да өз ерекшелктері бар. революцияға
дейінгі қазақ халқының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты өнердің
стационарлық базаны талап ететін түрлері дами алмады. Мүмкін, қазақ
өнерінде соңғы ғасырларда керамика, әйнек, фарфор, жұқа мата өңдеу өнер
болмауымен түсіндіріледі. Бір жағынан, XVII ғасырда дәстүрлі тауар
айналымды Орта Азия, Иран, Түркия, Ресей дәстүрлі тауар айналым жасауға
рұқсат етілді.
Ертеде жүн өңдеу қазақ өнерінде бірінші орын алды. Киізден оюланған
төсеніштер, қабырғаға ілінетін кілемдер, дорбалар, аяққап, әбдіре қап,
қоржын, шабадан тағы басқа бұйымдарды жасаған.
Инемен тоқылатын кілемдер өте маңызды роль атқарған. Оларды жерге
төсеп, қабырғаны әшекейлейтін. Көшіп – қонып жүрген кездерде түйенің үстіне
кілем жабатын. Кілемді жүннен тоқитын.
Кілем тоқу – тұрмыс қажетіне байланысты халық қолөнеріне ертеректен
белгілі, ел арасында кеңінен тараған, дамыған өнер. Қай уақытта да
шебердің қолы ортақ деген емес пе? Кілем тоқу да киіз басу сияқты
көршілер арасындағы ұйымшылдық пен өзара көмекпен, қолқабыс көрсетуінің
арқасында тындырылған іс. Өйткені, кілем тоқуға бастан – аяқ 3 -4 адам,
құруға одан да көбірек адамды қажет ететін жұмыс.
Кілем күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылатын жүннен жасалған
бұйымдардың ішінде басты орын алып, әлі күнге өз маңызын жоғалтпай келеді.
Еліміздің түкпір – түкпірінде кең таралған осы бір өнер түрінің өріс алып,
бай мазмұнға ие болып, одан әрі дамып отырған жері, әсіресе
республикамыздың оңтүстік аудандары.
Тұрмыста қолдану сипатына, әркімнің қолда бар шикізат мөлшеріне қарай
кілем тоқудың түрлері де сан алуан. Әркім өз қалауынша көлемін таңдап алған
қалыпқа лайықтап, қазіргі тұрмыста кеңінен қолданып жүргені – түкті кілем
және тақыр кілем.
Түкті кілем ою - өрнегіне, тоқылыс сапасына, бояуының түріне, тұрмыста
қолданылуына қарай әр алуан атауларға ие болған. Тек қана қазақ жерінде
оның сан түрлі атаулары бар. Сонымен қатар өзге елдерден әкелінген кілем
түрлеріне еліктеп тоқылғандарына да лайықтап атау берген. Әндіжан кілем,
бұқар кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, арабы кілем деген атаулар соның
айғағы болса керек.
Өнерлі өрге жүзер дейді халық. Кілем тоқуды қолөнердің өзіндік қыр-
сыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десек те, осы өнерді үйренгісі
келген әр адамның тұрмыс қажетін өтеу мақсатымен бірге оның сан түрлі
бояуларынан туындайтын өрнектер мен бояу үндестігі қиялына қанат бітіріп,
сұлулық әлеміне жол таппысына кім епіл? Оның айғағы – тарихта қалыптасып
келген, сан ғасырлар бойы тұрмысқа байланысты, табиғи құбылыстарын
суреттеуге лайықталып келген ою - өрнек түрлерінің, оның мазмұнының жаңара
түсіп, бет – бедерінде тұмыс – тіршілікке байланысты тың мағына беретін
туындылардың пайда болуы. Олардың авторлары да өз замандастарымыз. Бүгінгі
кілем тоқу өнері – біржақты, тұрмыс қажетін өтеу аясынан гөрі – қолдағы
барды ұқсата білу, әсемдік пен талғампаздықтың туындысына айналуда.
Сондықтан оның еңбекке, өнерге, ойлау қабілетін арттыруға, нәзіктік пен
сұлулықты сезіне білуге, табандылық пен ұқсатымдылыққа тәрбиелеу маңызы
басымырақ тұр.
Қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, орыс, украин халықтарының арасындағы
қолмен тоқу өнерінің көптеген түрлері бір – біріне ұқсас болып келеді.
Бұған қарағанда осы елдер арасындағы көршілік қарым – қатынастың ертеден –
ақ қалыптаса басталғандығы байқалады. Халықтар қолөнеріндегі мұндай
жақындық, бір ғана қолмен тоқу өнерінде емес, тіпті ағаш өнеріде, тастан
ойып қашау, былғары илеу ісінде де байқалады.
Жүн, түбіт, майда торқа, жібек жіптерінен үй тұрмысына аса қажетті
және көп қолданатын шұлық, шарф, шәлі сияқты бұйымдар тоқылады.
Ал мұндай әрі жылы, әрі жұмсақ, жеңіл де икемді тоқыма заттары,
әсіресе бақтышылар үшін өте қажет – ақ. Бұларды тоқу құрал – жабдықты,
жұмыс істейтін орынды онша талғамайды. Мұндағы пайдаланылатын құрал өте
қарапайым. Мысалы, бұранғы кездегі шұлық тоқу үшін ағаштан және сүйектен 12
– 15 сантиметрлік, сымнан 18 – 20 сантиметрлік қармақты біз жасайтын.
Қазақтың халық өнерінде қармақ біз кәрі жіліктің шыбық сүйегінен, жарып
алған жіліктің қыр сүйегінен егеліп істелетін. Тобылғының, аршаның,
тасжарғанның шыбықтарынан жонып та жасаған. Ал сым иілмейтін болаттан
болса, оның ұшы дағаланып, қыры жұмырлана тұжырылып келсе тіпті жақсы.
Шұлық, қолғап, ұйық, шарф, кеуде көйлек, басқа киетін кепеш және тағы
басқа заттарды тоқу үшін екі түрлі жіп қолданылады. Олар фабрикаларда
иірілген мақта – мата жіптердің түсі, жуан – жіңішкелігі, сапасы әртүрлі
екені белгілі. Сондықтан шебер бұлардың ішінен өзіне керегін таңдап алады
да, содан соң барып іске кіріседі.
Қазақ қолөнершілері, жоғарыда айтылғандай, тоқу ісіне көбінесе, жүннен
иірілген жіптерді пайдаланады. Ондай жіптер түйе мен қой жүнінен, ешкінің
түбітінен иірілген. Мұндай жіптер таза, әрі жұмсақ, төзімді, созылмалы,
әдемі. Иіруге арналған жүнді әбден тазартып жуады, кепкен соң майдалап
түтеді. Түтілген жүн қыл – қыбыр, шөп – шаламынан тазартып, ұйысқаны
жазылып, жұп – жұмсақ үзіліп тұрады. Мұндай жүн созып иіруге, иненің
жұмсауынан өткізуге, сымның, иненің, біздің ізімен іркілмей жүргізіп
отыруға ыңғайлы.
Түтілген үлпілдек жүнді бір шетінен суыра шүйеркелей отырып жеңіл –
желпі домалаққа төгеді. Домалықтың ортасына әдейі ызған баудан немесе кез –
келген матадан екі қабаттап істелген бүлдіргесі сыртқа шығып тұрады. Жіп
иіруге кіріскенде, бүлдіргені солақай қолдың ортаңғы саусағына іліп алады.
Бұл ілмек шүйкені қыл – қоқыстан сақтап, оны биік жерге (қадаға, керегенің
басына) іліп қою үшін өте қажет.
Жіп иірудің екі құралы бар. Оның біріншісі – ұршық. Екіншісі – аяқпен
айналдыратын жіп иіруіш. Ұршық пен жіп иірудің де екі әдісі бар. Бірі –
шүйкені сол қолдың сыртына іліп қойып иіру, екіншісі – шүйкені жоғары
(үйдің қабырғасына, сәкіге, керегеге және тағы сол сияқты) іліп қойып иіру.
Екуінде де иіруші шебердің созу, оны мұрындыққа іліп, иіріліп келе жатқан
жіпті буылдықсыз біркелкі етіп сыпырғылай отыруын, саусақтарының шебер,
ширақ қимылдауын керек етеді.
Иіріліп келе жатқан жіп үзіліп кетсе, оны шүйкенің үлпілдек ұшымен
жалғастырады.
Ауылды жерлерде кездесе бермейтін, енді сол ауылды жерлерде
атазаманнан бері пайдаланып, бірақ, соңғы кезде қарапайым станоктың кейбір
атауларына түсінік.
Төсек кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің
ұзындығы: 5 м; ені: 2,5 м шамасында. Кергі ағаш кілем тоқылатын желінің
басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жерлеген жіпті керіп тұратын
ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына
қарай немесе оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген
жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек – желінің жалпы саны орта
есеппен еркегі 600 жіп, ұрғашысы 500 жіптей болуы керек. Үй иесінің
тоқытатын кілем мөлшеріне қарай желі – төсек мөлшерінің бұдан аз да, көп те
болуы мүмкін.
Белағаш – кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы
байланыстырып тұратын көлденеңінен ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы- керілген жіп желісінің шатысын немесе күзугісін бетіне шығарып
былайша айтқанда еркек жіптен ұрғашы жіпті ерсілі – қарсылы, жоғары –
төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ-белағашты көтеріп тұратын алма басты тіреу ағаш техникалық
кілем, - дейді халық.
Қазақтың терме өрнегінің тәсілімен тоқылатын заттар қатарына кілем,
тақыр кілем, құр, таңғыш, желбау, басбау, есіктің тастамасы, қоржын,
сандыққап сияқты бұйымдар жатады. Ботаның, түйенің ноқталарын, тоқыма
белдеу мен тең жапқыштарды ауыл шеберлері жай өрнекпен де, аспалы өрнекпен
де тоқи берді.
Алаша, бау, құр, жіп – шулардың да түрлері де көп – ақ. Алаша – бояулы
алаша, бояусыз алаша, жүн алаша, жол алаша, жалаң қабат алаша, екі қабат
алааша, терме алаша, өрнекті алаша, шашақты алааша, көмкерулі алаша, жиекті
алаша деп бөлінеді. Шекпеннің түйе жүн шекпен, биязы шекпен, ақ шекпен, қой
жүнді шекпен, бояулы шекпен, шым шекпен, ширақы шекпен, ақ шекпен, ала
шекпен, әр шекпен, қара шекпен, түбіт шекпен сияқты түрлері бар.
Енді терме, құрларды атап, олардың кейбіреулеріне түсінік берейік.
Басқұр – керегенің басы мен уықтың бауылығымен оралып тұрады.
Дөдеге құр – үзіктің сыртынан дөдегеден оралады.
Басқұр – керегенің басын сыртынан шымқай орап тұрады.
Басқұр – туырлықтың басбаулары, үйдің ішінен уықтың үстін шырмай
орайды.
Басқұр – киіз есіктің басбауы (тастама).
Құр таңғыш – керегелердің, қоспалардың таңғышы.
Құр бау – киіз есіктің екі иін бауы.
Аяққұр – туырлықтың етегін бастырып белдеуге байлап тұратын және
жинағанда ерегелердің аяғын орайтын аяқбаулар.
Құр – жел бау, киізді үйдің екі таянышына керегелерді қосып байлайтын
құр бау.
Құраяқ жіп – түйге мінгенде аяқ салып отыратын үзеңгі. Сонымен бірге
құр белбау, құр дорба, құр қоржын, құр алаша тағы басқа түрлері бар.
Қазір күнделікті тұрмысқа керекті жеңіл – желпі заттарды өрмек
станоксыз – ақ қолмен тоқи береді. Қолмен тоқу ерекше жабдықты, арнаулы
орынды, белгілі мезгілді керек етпейтін әрі қарапайым, әрі тиімді өнер. Бұл
өнер мен қазіргі кездің өзінде республикамызда 300 – ден астам оқушылар мен
оқытушылар, ғылым және өнер саласындағы қызметкерлер айналысып жүр. Қолмен
тоқу өнерінің түрлері өте көп және жан – жақты дамыған өнер. Олардың басты
– басты түрлері мынадай:
1. Шәлі, шарф, шұлық, қолғап сияқты трикотаж заттары;
2. Шілтер, перде, төсек жапқыш, жастықтың беті, стол жапқыш және тағы
басқалар;
3. Әртүрлі жіптерден, талшықтардын, кендірден, өсімдіктердің
сабағынан, сірнеден (казеин) тоқылған сөмке, тор қалта және басқа да
көптеген затар;
4. Шиден, қамыстан, шіліктен, жөкеден жасалған заттар;
5. Шыбықтан, қамыстан тоқылған қораптар, шарбақтар, ыдыстар,
орындықтар, ықтырмалар.
Бұл өнерді игерудің негізгі әдістерін қолданатын құралдарына қарай
топтастырылған дұрыс сияқты. Мысалы, аталған 1 және 2 – топтағы тоқымалар
қармақты бізбен, сымман тоқылады. Мұндай тоқыманың негізгі әдісі – тоқылып
отырған жіптің ілмегін санап, үлгіге қарап отыру. Бізбен шалып, яки сыммен
тізіп тоқығанда, жіпті шалудың өзі біршһнеше түрлі болады. Ілу, шалып ілу,
торлап ілу, өткерлеп ілу және осы сияқты олардың басқа да әлденеше түрлеі
болады. Қолмен тоқуда да бірнеше түрлі өрнек, әсем әшекей жасалады. Өрнек
түстері әр түрлі жіптерді кездестіріп қолданумен қатар, жіптің шалымын,
ілмегін санай отырып, әр алуан өрнек жасап тоқу арқылы орындалады.
3, 4 және 5 топтағы тоқудың әдісі көбінесе өткермелеу, орай бұрып
өткермелеу, кенерелерге, аралық шыбықтарға, қадаларға бекіте тоқу арқылы,
кейде өрнек әдістерін пайдалана тоқу арқылы жүзеге асырылады. Өрнектеп
тоқу, мәнерлеп бояу - әртүрлі белдеу мен шашақ, түйін, бұрай шығарып тоқу
жолымен де іске асады.
1.3 Қазақ халқы күнделікті тұрмыс тіршілігінде кілемді қолдануы.
Кілемнің үй тұрмысында тұтынуы оның өте беріктігі мен төзімділігіне
байланысты болса керек. Сонау көне заманнан келе жатқан қазақ халқының
дәстүрлі үй мүліктерінің бірі – кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол
өзіндік қолдану жағынан көптеген материалдардан, тіпті, металдан да асып
түседі десек артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді,
оңайшылықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң – тозаңнан тез тазартылатын,
ылғалдылық пен құрғақшылықты елең қылмайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын,
күмістен жасалған қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі
деп білген.
Кілемнің осындай асыл қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда
болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен
тоқыған, әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған
кілемдердің сапасы мен түрі – түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем
тоқуға пайдаланатын қой жүнінің сапалылығы жоғарыда айтылған аймақтардың
шөбі мен суына, табиғатына, климатына бұл жерді жайлаған түркі халықтарының
ішіндегі әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты
екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқуға жұмсалатын қой жүнінің ең
сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын орталығы – Қазақстанның
оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл
аймақта кілемнің сапалы түрі көп көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей
жіңішке мамық жүні ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған.
Осыған орай, бұл жерде қой жүнін өңдейді де көне дәуірден – ақ білген.
Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Көбінесе, қой жүні
негізгі роль атқарған. Мысалы, Робилсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының
кілемді арқар жүнінен тоқығаны сөз болады. Кейбір түрікмен кілемдерінде
мақта өрнек салуға пайдаланумен бірге, кілемді жібектен де тоқыған.
Ал, кілемнің қазақ арасына көп тараған түрлеріне келетін болсақ, олар:
масаты кілем, қалың кілем, жібек кілем.
Осыған орай енді біз өрмекпен тоқылатын үй жиһаздарының, яғни кілем
түрлерінің бірқатарын атап өткенді жөн көрдік. Олар: адай кілем, ақ кілем,
ақсирақ кілем, Алматы кілемі, Әндіжап кілемі, Ашхабад кілемі, бас кілем,
бөртпе кілем, бұқар кілем, бөстек кілем, барқыт кілем, ноғайлы кілем, нар
кілем және тағы басқа. Әрине, кілемдер істелу мәнерлеріне, ұлттық
түрлеріне, ою - өрнектеріне қарай түрлі – түрліше атала береді. Мысалы,
кейінгі кезде жас шеберлер өздерінің кілемдерін Бақыт кілемі, Қыз қуу,
Некеге бару, Космос деп атап жүр.
1.4 Кілемнің алатын орны және дамуы.
Азғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері толығынан игерілді.
Жұмыс өнімділігін айтарлықтай нәтижеге жеткізді. Жиырмаға жуық кілемдеріміз
еліміздің әр түкпірінде мұражайларда сақтаулы.
Қазақстан облысында кездесетін кілем түрлері де, атаулары да көп. Көне
заман ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz