Заттардың ұғымы және оны саралау
Тақырып: Заттардың ұғымы және оны саралау.
Жоспар.
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
II.1 Азаматтық құқықтар объектілерінің ұғымы мен түрлері
II.2 Заттардың ұғымы және оны саралау
II.3 Бағалы қағаздар
II.4 Заттық құқықтың ұғымы және белгілері
II.5 Меншік иесі болып табылмайтын тұлғалардың заттық құқықтары
II.6 Қазақтардың әдет-ғұрып құқығындағы заттық құқық
III Қортынды
IV Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген білімді адамның, әсіресе ана тілінді өзінің азаматтық
құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық қағидалары хақында орныққан
өзінің көз қарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық құқығы туралы жақсы бағыт
– бағдары болуы тиіс.
Оқырманға ұсынылып отырған оқу құралы – Қазақстан тарихында азаматтық
құқықтың Жалпы бөлімінің негізгі ұғымдары тұнғыш рет қазақ тілінде жүйелі
түрде мазмұндалып, Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық нормаларына
сүйеніп жазылған еңбек. Азаматтық құқық Жалпы бөлімінің Академиялық курсы,
ең алдымен заң оқу орындарының студенттеріне арналған. Сондықтан мұнда
қамтылған материалдық мазмұны жоғары оқу орындарының азаматтық құқық курсы
бағдарламасына лайықтаған.
II.Негізгі бөлім.
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІ
II.1. АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
Азаматтық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтық
құқық объектісі деп аталады. Мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер,
сондай-ақ құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.
Азаматтық кодекстің 115-бабында азаматтық құқық объектілеріне кеңінен
тізбе келтірілген: а) мүліктік игіліктер мен құқықтарға (мүлікке)
жататындар: заттар, акша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар,
жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтердің объектіге айналған
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың
өзге де қүралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады; ә) жеке
мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға мыналар жатады: жеке адамның өмірі,
денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге
қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу
құқығы, шьғармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес
игіліктер мен құқықтар.
Құқық объектісі ретінде заттардың экономикалық (шаруашылық) және
физикалық қасиеттерінің азаматтық құқықта үлкен маңызы бар. Затқа қатысты
туыңдайтын зандылық қатынастардың сипаты күні бұрын белгіленеді. Сондықтан
азаматтық құқықтың ғылыми негізі заттарды тиісті физикалық немесе
экономикалық қасиеттеріне қарай саралап береді.
II.2. ЗАТТАРДЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ САРАЛАУ (ЖІКТЕУ)
Заттың ұғымы туралы қазіргі қолданып жүрген заңда айтылмаған, оның
ұғымы азаматтық зерттеулерде берілген. Зат дегеніміз, азаматтық құқық
тұрғысынан алыпқарағанда физикалық дене ретінде және оның адам еңбегімен
жасалған, сол сияқты табиғи күйінде де кездесетін (болатын) сыртқы
материалдық дүниенің бір бөлігі болып табылады.
Затты зандық жағынан саралау (жіктеу) көбіне көп оның табиғи қасиетіне
(физикалық немесе экономикалық) немесе қоғамдық маңызына негізделеді және
әр құқық субъектілерінің белгілі бір заттың түріне қатысты әрекет етуін
айқындайды.
Азаматтық кодекстің 117-бабына сәйкес заттардың өзі қозғалатын және
қозғалмайтын болып екіге белінеді. Затты қозғалмайтындар қатарына жатқызу
екі жағдайға байланысты: яғни материалдық жағынан затты жерден айыруға
болмайтындығына және оны орнынан қозғау үшін шығындану қажеттігіне
байланысты. Кейбір жағдайларда, заң қозғалатын мүліктерді, атап айтқанда
әуе және теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, "өзен-теңіз" жүзу
кемелерін, ғарыш объектілерін қозғалмайтын түрге жатқызады. Қозғалмайтын
мүлікке теңестірілетін объектілер тізімі толық еместігін еске сала кеткен
жән. Азаматтық кодексте заң актілері бойынша қозғалмайтын заттарға өзге
мүліктер де жатқызылуы мүмкін.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы мен басқа да құқықтар, бұл
құқықтарға шек қою, олардың пайда болуы, ауысуы және тоқтатылуы мемлекеттік
тіркелуге тиіс (АК-тің 118 -бабының 1 -тармағы).
Қозғалмайтын мүліктің ерекшё түрінің бірі кәсіпорын бо-лып табылады.
Заң бойынша "кәсіпорын" термині екі мағына-да кәсіпорын деп аталады (АК-тің
102-104 баптары). Азамат-тық құқықтың субъектісі ретінде мүндай кәсіпорын
мемле-кетгік тіркеуден өтеді. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп
танылады (АК-тің 119-бабының 1-тармағы). Яғни ондай кәсіпорын құқық
объектісі болып табылады, кәсіпорын тұтасымен немесе оның бір бөлігі сатып
алу-сату, кепілге, жалға беру шарттарының және басқа да мәмілелердің
объектісі болуы мүмкін, ол әкімшілік тәртіппен өзге субъектіге берілуі
ықтимал.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорын құрамына оның қызметіне қажетті деген
барлық мүлік түрлері енеді. Соның ішінде үйлер, ғимараттар, қүрылыстар,
құрал-жабдықтар, шикізаттар, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқығы, борыштар, сондай-ақ атауын белгілейтін белгілер (фирманың атауы,
тауар белгілері), егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе,
және тағы басқа айрықша құқықтар болады. Мүліктік кешеннен қандай да бір
объектіні алу занда немесе шартта көрсетілуі тиіс. Кәсіпорьшның меншік
құқығы мен басқа да құқықтары басқа тұлғаға өткенде, сол тұлға жоғарыда
аталған құқықтардың бәрінің бірдей өзіне берілуін талап ете алады.
Азаматтық кодекстің 116-бабының талаптарына сәйкес заттар айналымнан
еркін берілетін немесе ауысатын, айналымнан алынып тасталатын және
айналымда шек қойылатын түрлерге бөлінеді.
Азаматтық кодексте айналымнан алынып тасталатын (шығарылған) зат деп
азаматтық құкыққа объект бола алмайтын заттарды айтады. Бұл ретте осы
заттар адамдардың меншігінде болмайды деген тұжырым жасалады.
Заң "айналымнан алынып тасталған" деген сөзді басқа да мағынада
қолданады — мемлекеттік тәртіптің және қоғамдық қауіпсіздіктің қамын ойлап
иелік ету жолы айрықша жағдайға қойылған заттарға да қолданады. Мәселен,
айналымнан шығарылған жеке заттарға мыналарды жатқызуға болады: қару,
радий, гелий және т.т. Алайда, бұл заттардың көпшілігі мемлекеттің дара
меншіктік объектісі болып табылады. Азаматтар тиісті өкімет орнының рұқсаты
бойынша бұл заттарды алып, оған иелік ете алады (АК-тің 116-бабы, 3-
тармағы). Берілуге рүқсат етілмейтін заттардың түрлері (айналымнан алынып
тасталған заттар) заң құжаттарында тікелей көрсетілуге тиіс.
Азаматтық құқықтың объектілерінің кебі айналым қабілетті болып
келетіндігінен өзгеге еркін түрде беріліп, бір тұлғадан екіншісіне ауыса
береді. Азаматтық кодексте басқа біреуге беруге болмайтын материалдық емес
игіліктер женінде арнаріы талап бар. Мүндай игіліктер тізімі Азаматтық
кодекстің 115-бабының 3-тармағында көрсетілген: олар — емір, денсаулық,
тұлғаның ар-намысы және т.б.
Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп белу оның табиғатына тән нәрсе
(АК-тің 120-бабы). Белінетін зат бөлген кезде езінің бастапқы қасиетінен
айрылмайды. Белінбейтін зат бөлінгенде мәнін (өзінің шаруашылық мақсатын)
жоғалтып алады, совдай-ақ құжаттарында көрсетілгеніндей, бөлуге жатпайтын
заттар кездеседі (мәселен, ескерткіш).
Енді күрделі заттар деген ұғымға тоқтала кетейік. Егер әр текті заттар
бірігіп бір мақсатқа пайдаланылса әрі бүтін бір затты құрайтын болса, олар
бір зат деп қаралады. Оған мысал ретінде кітапхананы,пошта маркаларының
коллекциясын және т.б. айтуға болады. Күрделі заттарды бөлу мақсаты
Азаматтық кодекстің 121-бабында айтылған: күрделі зат женінде жасалған
мәміленің күші, егер шартта өзгеше белгіленбесе, оның барлық құрамдас
беліктеріне қолданылады.
Азаматтық кодексте затты басты және керек-жарақ (қосалқы) деп бөледі
(АК-тің 122-бабы). Басты зат деп дербес бола алатын және азаматтық құқықтық
қатынастың тікелей пәні болып табылатын затты айтады. Керек-жарақ (қосалқы)
зат басты затқа қызмет етеді, өйткені, олардың шаруашылық мақсаты бір
болады, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, басты затқа ілесіп
жүреді (мәселен, құлыптың кілті, скрипканың қыл керілген шыбығы, т.б.).
Азаматтық кодексте жемістер, азық-түлік және табыстар деген заттар да
қаралған. Бұл — затты пайдалану нәтижесінде алынған түсім. Жемістер деп
отырғанымыз малдың төлі, жеміс ағаштарының жемісі және т.б., ал табыстар
азаматтық айналымда пайда түсіреді, оған жалдамалы ақы, пайыздар және т.б.,
азық-тұлік (өнім) дегеніміз өндірістік мақсатқа орай затты пайдаланудан
түскен өніңдер болып табылады.
Затты пайдаланудан түскен нәтижені оның заңды меншік иесі еншілейді.
Егер занда немесе шартта өзгеше кезделмесе, Азаматтық кодекс түскен өнімді,
жемісті және табысты заң бойынша оның меншік иесінің пайдалануына басым
құқығы берілуін қамтамасыз етеді.
Азаматтық кодекс жануарларды да объект ретінде қарастырады. Азаматтық
кодекстің 124-бабына сәйкес жануарларға қатысты қатынастарға егер зандарда
өзгеше көзделмесе, жалпы ережелер қолданылады.
Азаматтық кодексте ерекше объектілердің бірі ретінде азаматтық немесе
заңды тұлғаның интеллектуалдық меншігін қарастырады, оған интеллектуалдық
шығармашылық қызметтің нәтижелері және оларға теңестірілген заңды тұлғаны
дараландыру құралдары жеке немесе заңды тұлғаның езі орындайтын жұмысының
немесе қызметінің енімдері (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет керсету
белгілері және т.б.) жатады. Шығармашылық интеллектуалдық қызметінің
нәтижелері мен ерекше құқықтардың объектісі болуы мүмкін даралану
құралдарын пайдалануды үшінші жақтар құқық иеленушінің келісімімен ғана
жүзеге асырады.
Азаматтық кодексте ақпарат жөнінде арнайы бап бар, онда қызмет және
коммерциялық қүлиялардың мән-жайы айқындалған, былайша айтқанда,
коммерциялық және басқалай қүндылығы бар ақпараттарға қатысты мәселелерге
мән берілген. Үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты
немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін
танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның қүпиялылығын сақтауға шара
қолданатын ретте, қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын
ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен
алған адамдар, сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшілер немесе
азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтік немесе
коммерциялық құпияны жария етсе, келтірілген залалдың орнын толтыруға
міндетті (АК-тің 126-бабы).
Азаматтық құқық объектісі ретінде ақшаның бір сыпыра өзгешеліктері бар.
Ақша төлемнің заңды құралы болып табылады: ақшаға шағылып жасалған
міндеттемелердің қандайын болсын ақша төлемі етуге болады. Тектес
қасиеттері бар заттардьщ ішінде ең өтімдісі (ауыстыруға қолайлысы) ақша.
Ақшалай сома төленгенде ақшаның саны есепке алынады, ал оның іріұсақты
білдіретін белгісіне мән берілмейді. Мысалы, 100 теңге қарызды жиырма
теңгемен немесе екі елу теңгемен және т. с. беріп өтеуге де болады.
Теңге Қазақстан Республикасының бүкіл аумағывда өз қүны бойынша
қабылдануға міндетті занды төлем құралы болып табылады (АК-тің 127-бабы).
Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың
реттері, тәртібі мен шарттары заңдарда белгіленеді. Валюталық қазыналар деп
танылатын мүлік түрлері және олар арқылы мәмілелер жасау тәртібі заң
құжаттарында белгіленеді. Валюталыққазыналарға меншік құқығы Қазақстан
Республикасында жалпы негіздерде қорғалады (АК-тің 128-бабы).
II.3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады.
Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны
көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат
бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше
сипаты шығады, ол атап айтқанда:
а) бағалы қағаз — түрі және мазмүнымен заң талаптарына қатаң бағынатын
құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері,
бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар
және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген
тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе
бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз
болуына әкеліп соқтырады;
ә) бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;
б) бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не
бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталык, бағалы қағазда жасалған
индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз
бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына
ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам
көрсетілмейді).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды
индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) ивдоссамекгке тапсырумен ғана
шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды (АК-тің
132-бабы).
Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжат деумен бірге оны зат деп те
көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге
қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары,
тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат
береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы
бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз
құқығын алады.
Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық
құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау
мерзімі, субъектінің қағаз бойынша көрсетілген міндеті, номиналдық құны,
кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және
баска шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей
сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе

болуына әкеліп соқтырады (АК-тің 131-бабының 2-тармағы).
Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің
талап-мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы
қағаздың қүны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді.
Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына
қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде
немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған
басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-
тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік
болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың түпнүсқасы болады, ал
түпнүсқаны Ұсынушы келесі тұлғаға көрсеткен сәтте өзінін өкілеттілігін
жүзеге асырады. Демек Ұсынбалы бағалы қағаздар овда керсетілген мерзімде
нақты қүнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың
мәтінінде оны Ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл
құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқывдалады (мысалы, облигация).
Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті
субъект құжат мәтінінде керсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды
Ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде
көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын
белгілі бір тұлғаға беріледі.
Сонымен бір мезгілде мүліктік құқықтың айналым қабілеттілігін жақсарту
мақсатың да ордерлік қағаздар үшін оны тапсырудың ерекше механизмі
жасалған. Ордерлік бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағаз берілген жазу —
индоссамент арқылы беріледі. Борышқор бұл талапты міндетті түрде сақтауы
тиіс. Ордерлік бағалықағаз бойынша құқық берілетін адам (индоссант)
құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін дежауапты болады.
Индоссамент құжатта (әдетте сыртқы бетінде) жазылады және оның екі түрі
болады, яғни бірінде иесі аталып, құқық мирасқорының аты жазылады, ал
екіншісі әлгі айтқандай, бланктік болады, овда бағалы қағаздың тапсырылғаны
туралы жазылады, бірақ құжаттың жаңа иесінің аты көрсетілмейді.
Бағалы қағаздың ордерлік түрін иеленуші индоссамент бланкісімен қоса
құжатты берерде бағалы қағазды Ұсынушыға тапсыру тәсілін тандап, бағалы
қағазды табыстауға, бағалы қағазды басқа адамға атаулы индоссамент бойынша
тапсыруға және индоссаментке өзінің атьш жазуға құқылы болады.
Бланктік индоссаментке қандай да бір атауды енгізумен бағалы қағаздарды
Ұсынушыға беру тәсілі құжатты тапсырғанға дейін жүзеге асырылады.
Бағалы қағазды тапсыру кезінде жазылатын жазулар ретімен жазылады. Ал
мүліктік құқықты тапсыруда ордерлік бағалы қағаз қолданылады. Құжаттың иесі
құжаттың түпнүсқасындағы міндеттерді орындау үшін Ұсынарда
индоссаменттердің реті бұзылыпкетсе, одан бастартуға құқылы. Бұл реттердің
үзілмеуі таза формальдық белгілермен айқындалады, аталған индоссамент
бойынша берілетін құжаттың атымен қатар бағалы қағазда қабылдаушының да аты
жазылады.
Ордерлік бағалы қағаз жоғалып кетсе, оған оны ұстаушының өзі жауап
береді ("Қазақстан Республикасындағы вексельдік қатынастар туралы" Заңның
96-бабын қараңыз). Ордерлік қағаздың иесі айрылып қалған құжаты кімнің
қолында екенін білсе, құжатты қайтаруға виндикациялық талап қоюға құқылы.
Егер кейінгі индоссамент бланктік болса, жоғалған құжатқа құқық меншігін
дәлелдеу іс жүзінде мүмкін болмайды. Мұвдай қағазды жоғалтқанда оның
орындалуына да үміт аз. Ал ордер қағазы жойылып кетсе, онда құжаттың балама
данасын беруге болмайды.
Атаулы бағалы қағаз — бұл мүліктік сипаты бар құжат, оның иесі кім
екендігі құжаттың мәтінінде көрсетіледі. Яғни атаулы бағалы қағаз бойынша
құқықты талап ету сонда көрсетілген адамға ғана тиесілі болады.
Азаматтық кодекстің 130-бабында бағалы қағаздардың әр түрінің
белгілерін қамтитын бағалы қағазды шығару көзделген. Оған мысал ретінде
атаулы түрін ұстаушының жүргізуін талап ететін "Бағалы қағаздар нарығы
туралы" Заңның 34-бабының нормасын келтіруге болады.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды топтастыру мемлекеттік және мемлекеттік
емес деп бөлінетін болғандықтан оның заңдық маңызы болады. "Бюджет жүйесі
туралы" және "Мемлекеттің кепілімен қарыз алу және мемлекеттік борыш
туралы" зандарға сәйкес мемлекеттік бағалы қағаздар мемлекеттің шеттен
алуына орай ішкі және сыртқы инвесторларда шығарылады (олар шет мемлекеттер
мен халықаралық үйымдардың заңды және жеке тұлғалары болып табылады). Оны
шеттен алу Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Ұлттық банк арқылы
жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағалықағаздарды шығару негізінен алғаңда
республикалық бюджеттің жетіспеуіне байланысты. Қазақстан Республикасы
бағалы қағаздарды әлемдік нарықтарға шығарады (евро облигациялар), сондай-
ақ Қазақстан аумағывда қазыналық міндеттемеде және қазыналық облигацияда
жүреді. "Бағалы қағаздар нарығы туралы" Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттік
бағалы қағаздар эмиссиясын жүзеге асыру тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы
заңмен реттеледі. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар эмитентінің
жарғылық кагшталын қалыптастыру үшін шығарылады немесе заемдық қаржыны
тарту мақсатында да қолданылады, ал олардың эмиссияларының тәртібі "Бағалы
қағаздар нарығы туралы" Заңмен реттеледі.
Бағалы қағаздар жөніндегі қазіргі қолданылып жүрген заңдар
құжатталмаған бағалы қағаздар ұғымына сәйкестендірілген. Азаматтық
кодекстің 135-бабында құжатталмаған бағалы қағаздардың мүліктік
құқықтарының бірнеше түрі келтірілген.
Құжатталмаған қүнды қағаздар шын мәнінде бағалы кағаздың мазмұнын
куәландыратын мүліктік құқық болып есептеледі. Ондай бағалы қағаздармен
құқықтық қатынасқа түскен кезде оның тізілімдегі жазбаға енгізілуі жарамды
бола береді.
II.4. ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
1. Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға
үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі
болады, біріншіден, ол сол заттың
меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын
меншіктену құқығын еншілей алады.
Олардың ара жігі занда өзіне тән ерекшеліктерімен айқындалады.
Азаматтық кодекс жүйесінде құқықтың өзі меншік құқығы және басқалай
заттық құқық болып бөлінеді. Оның соңғысына жерді пайдалану құқығы,
шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және басқа да заттық
құқықтар (мысалы, сервитуттар) жатады.
1963 жылы қабылданған Азаматтық кодексте заттық құқық деген түсінік
болған жоқ. Әрине, оның мәнісін де түсіну қиын емес, ейткені кеңестік
Азаматтық кодекс тұлға мен затты, меншік иесі мен меншік объектісін
байланыстыратын құқықты елемеді.
Азаматтық кодексте меншік құқығы заттық құқықтың жалпы жүйесіндегі
негізгі құқық институты бола тұрса да, түптеп келгенде ол заттық құқықтың
бірі болып саналады. Заң шығарушы затқа ауыртпалық түсірумен қатар оған
екілеттілікті жүктейді. Мысалы, өзге заттық құқықтың субъектілері сол
заттьщ меншіктен туатын ауыртпалығын кетерді немесе белгілі бір адамға
меншік иесінің құқығын жүзеге асыру екілеттігі беріледі. Барлық заттық
құқықтарға — меншік құқығына, сондай-ақ басқа да заттық құқықтардың
табиғатына тән нәрсе, олардың шексіз (абсолютті) құқықтар қатарына
жататындығын айгу керек. Ал құқықпен қоғам мүшелерінің бәрі бірдей шексіз
(абсолютті) қорғалады. Мысалы, азаматтың меншігіндегі машинаға ешкімнің
тиісуге құқығы жоқ.
Цивилистика ғылымьшда зат адам еңбегімен жасалған, сондай-ақ табиғи
күйінде кездесетін физикалық дене және адамның пайдалануына болатын сыртқы
материалдық дүниенің нәрсесі деп түсіндіреді.
Сонымен, заттық құқық дегеніміз - өкілетті жақтың немесе езге жақтардың
заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын белгілі бір жаққа немесе
(жақтардың жиынтығына) тиесілі әртүрлі заттарға өз қалауы бойынша тікелей
үстемдік (қожалық) ету құқығы болып табылады.
2. Кеңес зандарында заттық құқық ережелері әрқилы болды. РСФСР-дің 1922
ж. қабылданып, Қазақстан Республикасы аумағында 1964-жылға дейін қолданылып
келген Азаматтық кодексінде Заттық құқықтың бөлімдері болған еді. Ол меншік
құқығы, құрылыс салу құқығы және кепіл құқығы деп бөлінді. Мұндай бөлудің
езі иелену құқығының, меншік құқығы мен басқа біреудің заттарын иелену
құқығының классикалық түрінен біршама ерекшеленді. Алайда, бұдан былай
заттық құқықты дамыту шектеліп қалды. Оған РСФСР-дің 1922 ж. қабылданған
Азаматтық кодексінен затты нақтылы иеленуді альш тастауы (меншік құқығымен
әркез сәйкес келмеуіне бай-ланысты) оның дамуына кері әсерін тигізді.
Екіншіден, бірқатар объектілердің айрықша мемлекет меншігіне айналуы да
(жер және басқа табиғи ресурстар) оған себепкер болды. Заң заттарды
қозғалатын және қозғалмайтын деп бөлуді қабылдамай тастады. Демек, заттар
өндіріс құрал-жабдығы және тұтыну заттары деп бөлінетін жағдайға жетті де,
ал жердің тек мемлекет меншігіне ауысуымен түсіндірілді. Міне, сондықтан да
1964 жылғы Азаматтық кодексте заттық құқық арнайы бекітілмей қалды, оған
тек "Меншік құқығы" деген бөлім енгізілді, бұл, сайып келгенде, социалистік
меншікке қолайлы жағдай туғызу үшін жасалған болатьш.
Жаңа Азаматтық кодексте заттық құқық меншік құқығы нормалары ретінде
көрініс тапты, мұның өзі оның бұл құқықтармен заңдық табиғаты жағынан
біртұтас екендігін дәледдейді. Әрі бұл нормаларға тек аталған құқық еніп
қана қоймай, сондай-ақ өзге де меншік түрлері, мысалы, меншік иесі больш
табылмайтын адамдардың заттық құқықтары бекітілді (АК-тің 194 және 195-
баптары).
Азаматтық кодекстің "Иелену мерзімі" деп аталып 240-бабы
негізіндеиелену мен пайдаланудың жаңа заттық құқығы пайда болды. Біздің
ойымызша, енді иелену құқығының екі түрін бөліп қарауымыз керек: а) АК-тің
188 және 194-баптарына сәйкес меншік иесінің өзіне берілетін мүлікті иелену
құқығы және меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары (АК-
тің 195-бабы); ә) мерзімдік иелену құқығы, яғни мүліктің меншік иесі болып
табылмайтын мүлікті АК-тің 240-бабының шарттары сақталса, бірақ өзінің жеке
қозғалмайтын мүжіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал,
ашық және үдайы иеленген азамат немесе занды тұлға мүлікке меншік құқығын
(иелену мерзімін) алады.
3. Заттық құқықтар жөніндегі тиісті нормаларды екшей отырып, оның
бірқатар белгілерін атап өтелік: заңда бекітілген заттық құқықтың шектелген
шеңбері; заттық құқықтардың шексіздігі (абсолюттік құқық): затқа тікелей
үстемдік ету; затпен үздіксіз байланыс жасау; осыдан келіп "құқық жалғасуы"
өкілетгігі шығады; затты алудың занды тәсілдерінің нақтылы және қорғау
нысанының ерекшелігі.
Заттық құқықтың тізбе шеңбері заңның өзімен айқындалған (АК-тің 188,
194, 195-баптары), яғни тұлғалардьщ өз беттерімен заттық құқықтың жаңа
түрлерін жасауға хақысы жоқ. Айта кететін жайт, заттық құқықтың аясы тек
Азаматтық кодекспен шектеліп қалмай, бұл кодекске енгізілмеген кейбір
заттық құқықтар басқа зандарда көрініс табуы мүмкін.
Заттық қуқық шексіз (абсалюттік) қуқық түрінде сипатталады. Демек, бұл
барлық басқа субъектілердің аталған құқық өкілетгілігін жүзеге асыруына
бөгет жасамау міндетін алға тартады. Шексіз (абсолюттік) құқыққа мазмүны
жағынан қарама-қарсы тұрған міндетгемелік құқық. Бұл құқық бойынша міндетті
болатын бір ғана жақ немесе бірнеше жақтар. Бұл құқықтың сол міндетгі
болған субъектіге не міндетті субъектілерге ғана күші бар, совдықтан бұл
міңдеттемелік құқықты бұзатын тек солар ғана. Мысалы, мәмілеген егізделген
құқықтардың бәрі де міндеттемелік құқық болып табыллады. Бұл құқықтарды
орындауды мәміле бойынша сол міндеттерді мойнына алушылардан ғана талап
етуге болады. Мысалы, Затты беру, белгілі бір жүмысты орыңдау, т.т.
міңдеггер. Заттық құқық басқа құқықтардан өзінің объектісімен ерекшеленеді.
Заттық құқықтың объектісіне жеке дара белгілі бір мүліктер жатады. Бір-
біріне тектес заттар, соңдай-ақ материалдық емес өзіндік игіліктер заттық
құқықтың объектісі бола алмайды. Өйткені, заттық құқықтың өзіне тән қасиеті
басқа біреудің иелігінен затты қайтару болып табыллады әрі бұл затты сыйға
беруге болмайды, заттай жүзеге асады.
Екінші жағынан алғавда, Заттық құқықтың шексіз (абсолютті) сипаты басқа
адаңдармен қатынасқа түскенде айқын
көрінеді. Мәселен, олар меншік иесінің құқығына қол сүқпауға міндетті.
Демек, заң меншік құқығын қорғай отырып, азаматтарға өз құқығын жүзеге
асыруға бөгет жасамауына жағдай жасайды. Мысалы, меншік иесінің затты
иелену немесе пайда-лану құқығына заңсыз түрде бөгет жасау әрекеттерінің
бәрі де жоғарыда айтылған міндетті бұзушылық болып табыллады.
Заттық құқықтың маңызды белгісі оның затқа тікелей үстемдік етуі болып
табыллады. Мұның өзі құқық объектісі араға үшінші бір адамды салып үстемдік
етпейді дегенді білдіреді. Бұл арада затқа үстемдік толық күйінде болуы
мүмкін, ал кейде заттық құқықтың шектелуіне орай шектелген түрінде де
кездеседі.
Заттық құқықтың тағы бір ерекшелігі заттың иесі мүлкін басқа біреуге
берген кезде өзінің қщыгы иеленушіретінде са-талып қалатындыгы деуге
болады. Азаматтық кодекстің 188-бабына сәйкес меншік иесі өзіне таесілі
мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауына, соның
ішінде мүлкін басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, бірақ
өзі меншік иесі болып қала беруіне құқылы. Басқаша айтқанда, мүлікке меншік
құқығы сақталады. Егер зат заңсыз иеленген болса, онда ол виндикацияланады,
яғни меншік иесі өзінің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы.
Мысалы, кепілге салынған мүліккеқұқық басқа тұлғаға құқықты ми-
расқорлықтәртібіменкөшірілгеңдекепі лсақгалады (АК-тің 323-бабы). Заттық
құқық мекемені меншіктену құқығы басқа адамға ауысқан кезде бұл мекеме
өзіне таесілі мүлікке оралымды билік жүргізу құқығының сақталып қалуына
байланысты заттық құқық та сақталады (АК-тің 208-бабы).
Занда заттық құқықтьщ затты алудың занды тәсілдерінің нақтылығы (АК-тің
7-бабы 4-тармақшасы, 198-203-баптары) мен қорғау нысанының ерекшелігі (АК-
тің 260-261-баптары) көрсетілген.
4. Заттық құқықтың түрлері. Заттық құқық екі үлкен топқа бөлінеді:
меншік құқығы және меншік иесі болып табыллмайтын тұлғаның заттық құқығы.
Азаматтық кодекстің 195-бабында заттық құқықтың үлгі тізімі келтірілген,
бірақ онда бәрі бірдей қамтылмаған. Заттық құқыққа меншік құқығымен қоса
жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы,
басқа да заттық құқықтар жатады.
Өзге заттық құқыққа мекеме және қазыналық кәсіпорынның мүлікке билік
етуде қатысты болуы мүмкін (АК-тің 206-бабы). Сондай-ақ отбасы мүшелерінің
тұрғын үйді пайдалану құқығы ("Тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 22-
бабы) және жер қойнауын пайдалану құқығы ("Жер туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы, 2-бөлім), тағы басқалар заттық құқыққа қатысты бола
алады.
Олардың субъектілеріне тән нәрсе, оны иеленіп, пайдаланып, билік
еткенімен, мүліктің меншік иесі бола алмайды. Шаруашылық жүргізуге құқығы
бар мемлекеттік кәсіпорындар, егер заң актілерінде өзгеше көрсетілмеген
болса, кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген мемлекеттік
органның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz