Дауыстылар жүйесі
Жоспар
Дауыстылар жүйесі дамуының ерекшеліктері.
1. Кіріспе
Дауысты дыбыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі
2. Негізгі бөлім
Дауыстылар жүйесі
2.1 Жуан жіңішке дауыстылар
2.2 Ашық қысаң дауыстылар
2.3 Еріндік, езулік дауыстылар
2.4 Жеке дауыстылардың сипаты
3. Қорытынды
Дауысты дыбыстар туралы ғалымдардың көзқарастары
Дауысты дыбыстар туралы түсінік және олардың жіктелуі.
Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың функциялық мәнге ие болу процесі
жөніндегі мәселе көптеген ғалымдардың арасында әртүрлі тұжырымдар
тудыпды. Дауысты дыбыстардың даму жолдары кезеңдерге бөліп қарастырды.
Кейбір ғалымдар түркі тіліндегі дауыстылырдың пайда болу тарихын алтай
дәуірімен байланыстырса, ал кейбірі түркі дәкірінен бастау алады деген
пікірді ұстанған. Көне ескерткіштер тілін зертеушілер Ғ.Айдаров,
Ә.Құрышжанов еңбектерінде тілдің даму жүйесі 6 дәуірге бөліп
өарастырылды. Олар: алтай дәуірі, хұн дәуірі, көне түркі дәуірі, түркі
тілдерінің орта дәуірі, түркі тілдерінің жаңа даму дәуірі және қазан
революциясынан кейінгі дәуір. Ғалымдар түркі тіліндегі дауысты
дыбыстардың даму эволюциясын көне түркі дәуіріне жататын ескерткіштер
тілімен байланыстырады. Орхон жазуының сол кездегі түркі тілдерінің
дыбыстарын белгілеуге қолайлы жазу болғаны күнәнсіз деп келтіреді.
И.Крамский руникалық ескерткіштерде дауыссыз дыбыстар дауысты дыбыспен
қатар я болмаса дауыссыз дыбыссыз ақ келе беретіндігі, яғни дауыссыз екі
мәнде жұмсалып, түрлі темберде көрінетіндігін айтады.
Дауысты дыбыстар мына төмендегідей принциптер бойынша жіктеледі:
1) ашық және қысаң болып бөлінеді: а, е, о, ө - ашық дауыстылар, ү, ұ,
ы, і - қысаң дауыстылар. Осы топтар қазіргі түркі тілдерінің бәріне дерлік
тән.
2) Жуан, жіңішке айтылу принципі бойынша дауысты дыбыстар бір - біріне
жұп екі топқа бөлінеді: а, о, ұ, ю, ы, я – жуан, е, ә, ө, ү, і - жіңішке
фонемалар. Алайда, казіргі түркі тілдерінің барлығында осы принцип
сақталмайды. Бірсыпыра тілдерде жуан дауысты а - ға екі түрлі жіңішке
дауысты е, ә сай келеді. Бұл ерекшелік қазіргі қазақ, әзербайжан т.б.
тілдерге тән. Жасалу орны жағынан а мен е, ә аралығында белгіібір жақындық
бары айқын. Қазақ тідінде бұл дыбыс сөздің бірінші буынында айтылады,
екінші буынында сирек кездеседі.
3) Дауыстылар еріндік және езулік болып бөлінеді. Еріндік дауыстылар
түркі тілдерінің барлығында кездескенмен, көбінде сөз ішінде бірінші,
екінші буындардан аспайды.Қазіргі түркі тілдерінің ішінде тува, түркмен,
якут, қырғыз тілдерінде дауыстылардың созылыңқы айтылу фактісі бар. Бұл
ретте ескі мұралар мәліметтерін ескеру керек. Қашқари сөздігінде
дауыстылардың созылыңқы айтылуы арнайы белгіленіп отырған. Мысалы: аат,
ааз т.б.осы сияқты фактілер ұйғыр жазбаларында кездеседі.
Түркі тілдеріндегі дауыстыларды салыстырғанда олардың созылыңқы және
қысыңқы айтылуы жалпы құбылыс емес, белгілі бір тілдер ерекшекшелігі
екендігі байқалады. Бұл факт А.М. Щербактың созылыңқы дауыстылар түркі
негіз тілінің жеке тілдерге ыдырауы дәуірінде пайда болды дейтін пікірін
дәлелдейді. Дауысылардың ашық - қысаң болып жіктелуі түркі ілдерінің
барлыына тән, олай болса бұлар сонау түркі негіз тілінен орнығып қалңан
құбылыс. Дауыстылардың ерінді - езулік топтары да солай.
Дауыстылардың жіктелуінін осы принциптері бойынша қазіргі қазақ әдеби
тілінде 12 дауысты фонема бар деп қаралып жүр. Олар: а, ә, е, ы, і, ө, о,
ү, ұ, у, и, э. Олардың сегізі жалпытүркілік дауысты фонемалардың баламасы
болып табылады. Ал ә, э, ұ, и дауыстылары тілдің ұзақ уақыт ішкі
заңдылықтарға сай дамуының, басқа тілдерімен ұзақ байланысының нәтижесі.
В.В. Радлов төлеуіт тілінің вокализмін еске алып, түркі ата тілінде сегіз
дауысты бар деп қараған еді. Кейін әзербайжан тілінің ерекшелігін ескеріп,
олардың санын тоғызға жеткізді (э). Кейінгі зерттеулер көбіне Радлов
ұсынған осы жүйеге сүйенеді.
Дауыстылар сан жағынан қазіргі түркі тілдерінде бірдей емес. Екінші
сөзбен айтқанда, бір тілдегі дауысты дыбыстар екінші бір түркі тіліндегі
дауыстылармен сан жағынан сәйкес келмейді. Мұндай әрқилылық, бір жағынан,
сол түркі тілінін негізін салған ру - тайпа тілдерімен ұштасып жатса,
екінші жағынан, олардын әр қайсысынын тарихи дамуының да жемісі.Түркі
тілдерінің негізгі топтарында дауысты дыбыстардың бөлінісі мына тәрізді
болып келеді: әзербайжан тілінде - тоғыз, башқұрт - он бір, қарақалпақ -
сегіз, қырғыз - сегіз, татар - он бір, түрік - сегіз, түркмен - тоғыз,
өзбек - алты, ұйыр - сегіз, чуваш - тоғыз, якут - сегіз, алтай - сегіз,
ноғай - он бір, тува - сегіз, шор - сегіз т.б. Қазақ тіліндегі дауыстылар
саны әртүрлі көрсетіліп жүр. Бірсыпыра оқулықтар мен зерттеулерде тоғыз
дауысты фонема бар дейтін тұжырым айтылады.
Дауысты дыбыстардың фонемалық мәнде тұрақты қолданылатын орны - түбір,
бір буынды түбір. Өйткені бір буынды түбір құрамындағы дауысты ғана басқа
дыбыстын ықпалына ұшырамайды. Дауыстыларды талдау да осы бір буынды
түбірлерге негізделеді. Кейде екі буынды түбір қарастырылғанда басқы буын
құрамындағы еске алынады.
Басқы буындағы дыбыс сөз мағынасын айқындайды. Мысалы: ал - әл, сал -
сел, нақ - нық, қара - көре, ана - ене т.б. Нақ осындай жағдай екі буынды
сөздер құрамынан да байқалады. Алғашқы буындағы дауыстынын ықпалымен
соңғы буындағы дыбыс соның сапалық қалпына ыңғайласады. Айталық, ерен
сөзінің екінші буынындағы е алғашқы буындағы осындай дыбыстың аллофоны.
Басқы буындағы дауыстының тұрақтылығы мен сөз мағынасын айыруы мына
мысалдардан айқын көрінеді: жарық - жырық, таным - тыным, қатық - қытық.
Екінші буындағы дауыстылар ешбір өзгеріске түспеген. Дегенмен, қазақ
тілінде басқы буындағы дауысты дыбыстың ауысуымен сөз мағынасы өзгеріссіз
қала беруі де ұшырасады. Ондай сөздердің бір сыңары әдеби норма да, бір
сыңары диалектілік тұлға болып отырады. Мысалы: пісу - пысу, тастау -
тыстау, қолдану - құлдану т.б. Бұл сырттан енген сөздерді қолдануда да
байқалады: әйел - айал, Ғали - Қали, Әли, Абдрахан - Әбдрахман т. б.
Дауыстылардың мұндай ауысуы түркі тілдері, әсіресе Орта Азиядағы тілдер
арасындағы дауыстылардың сәйкестігін қайталап отырады.
Қазіргі қазақ тілінде сөздің басқы буынында айтылмайтын дауысты фонема
жоқ деуге болады. Дауыстылардың екі тобы да - еріндіктер де, езуліктер де
басқы буында қолдана алады. Айырмашылық - сөздің қалған буындарында
дауыстылардын қай тобының қолдануында ғана. Езу дауыстылары барлық
буындарда, ал ерін дауыстылары көбінесе басқы буындарда айтылады. Мұндай
жағдайда басқы буындағы еріндіктің келесі буындағы көрінісі езуліктер
болады. Мысалы: үлкендерге тәрізді сөздерді айтқанда, алдынғы еріндіктің
әсері кейінгі буындарда байқалады, бірақ олар өте әлсіз. Сондықтан ол
жазуда еленбейді. Бірсыпыра сөздер құрамында (қолтума,құстұмсық) еріндік
екінші буын құрамында да ұшырасады. Алайда, олар о баста екі түбірден
құралғандар, ерін дауыстысымен кеген екінші буын - бір кездегі түбір.
Жуан – жіңішке дауысты дыбыстар.
Бірінші принцип бойынша дауыстылар жуан - жіңішке топтарға бөлінеді.
Жіңішке дауыстылар ауыз қуысының алдыңғы бөлігінде, жуан дауыстылар ауыз
қуысының артқы бөлігінде жасалады. Осыған сәйкес түркі тілдеріне ортақ
дауыстылардың мынадай екі тобы жіктеліп шығады: жуан дауыстылар - а, о,
з, у, і, ә. Бұл жүйе тек өзбек тілінде түгел емес. А, ә, о, у, ү, і өзбек
тілінде дауыстылардың жуан - жіңішкелік жүйесі сақталмайды, яғни
дауыстылар ондай топтарға жіктелмейді. Өзбек тілінің бұл ерекшелігі иран
тілінің әсерімен байланыстырылып жүр. Соның салдарынан қазіргі өзбек
әдеби тілінің құрамында басқа түркі тілдеріндегі ы - і, у - ү, о - ө
дауысты жұптарының орнына үш дауысты и, у, ү ғана айтылады.
Дауыстылардың жуан - жіңішке түрлері барлық түркі тілдерінде бірдей
болып келмейді. І дауыстысы қазақ, татар, башқұрт, чуваш, ноғай, хақас
тілдерінде ғана фонемалық мәнде қолданылады да, басқа тілдерде фонемалық
мәні жоқ. Ә дауыстысы тек қана татар, башқұрт, әзербайжан, түрікмен,
ұйғыр, қазақ тілдерінде, өзбек тілінің сингормониялық говорларында
айтылып, фонемалық мән береді. Дегенмен, осы аталған тілдерде де бұл
дауыстының айтылуы әртүрлі болып келеді. Айталық татар, башқұрт,
тілдерінде ә ауыз қуысының ашылуымен дыбысталады да,сапалық жағынан орыс
тіліндегі а - ға сәйкес келеді. Әзербайжан, ұйғыр, татар, башқұрт
тілдерінде ә түбі ішінде де, қосымшалар құрамында да айтылады, ал қазақ
тілінде тек қана бірінші буында айтылады. Қолданылу жиілігі тұрғысынан
әзербайжан,ұғыр тілдері алдыңғы орында, одан кейін татар, башқұрт тілдері
тұрады.
Әзербайжан, ұйғыр тілдеіндегі ә көбінее көне түркілік е дыбысының
орнына айтылады: көне түркі мен, сен, кес, кел, тер, әзербайжан, ұйғыр:
мән, сән, кәл, тәр т.б.
Татар, башқұрт тілдеріндегі ә дауыстысы: 1. Басқа тілдердегі а
дыбысының орнына айтылады - бәйлә (бағла), әйлән (айлан, айнал), әйт
(айт), жәй(жай). 2. Орыс тілінен енген және сол арқылы келге байырғы
сөздер құрамында а, о дыбысарының орнына кәрзенке, шәл, биварә (ведро)
т.б. 3. Араб, парсы тілдерінен ауысқан сөздер құрамында (әзербайжан,
ұйғыр тілдеріндегі тәрізді) айтылады, сәлам, сәләм, қәләм, әгәр (егер)
т.б.
Дауыстылалардың жуан - жіңішке болып жіктелуі, көне ескерткіштер
фактілеріне қарағанда, көне тұркі тіліне де жат болмаған. Алайда, ол
тілдерде жуан - жіңішке нұсқаларға жіктелу дәрежесі барлық дауысты
фонемаларда бір дәрежеде болмаса керек. Көне түрік ескерткіштерінің
фактілеріне жүгінсек, а - а, о - о, у - ұ жіктелуі фонологиялық жағынан
тұрақты болып келеді де, і - і жіктелуі қатаң сақтала бермеген.
Тәуелдіктің үшінші жағының жалғауы мен тәуелдеулі табыс септік жалғауы
сөз негізінің сапасы қандай болса да жіңішке жалғанған. В.В. Радов осы
ерекшелік жайлы айта келіп мына мысалдарды келтірді: қағані, қызі, сачі,
субі, қызін, сачін, субін. Осы сияқты ауытқулар басқа формалардың
жалғануынан байқалады.
Қазіргі түркі тілдерінде дауыстылардың жуан - жіңішкелігіне негізделген
сөздер бар. Дауыстылардың жуан - жіңішкелігіне негізделген вариантты
сөздердің пайда болуы әсте жаңа дәуірлер жемісі болмас керек. Ондай
вариантты сөздер бір тілдің құрамында да, сондай-ақ біреше тілдер
құрамында да кездесуі аталмыш құбылыстың түркі тілдерінің фонологиялық
тұрғыдан, әсіресе дауысты фоне маладың жуан - жіңішке варианттарға
жіктеліп тұрақталмаған кезінің көрінісі болуы әбден ықтимал. Қазақ
тіліндегі шай - шәй, тыйын - тиын сөздері жуан - жіңішкелікке негізделге
варианттар. Жуан - жіңішкелікке негізделген вариантты сөздер бірнеше
тілдерді салыстыра қарағанда аса көп екендігі анықталады: тува - дыл,
якут - тыл, қырғыз, ноғай, құмық,өзбек - тил, қазақ - тіл, татар, башқұрт
- тел. Мұндай сөздердің қалыптасуы түркі тідерінің көне дәуірде дауысты
дыбыстардың осындай топтарының фонемалық мәнге ие болғандығын әсте
дәлелдемейді. Фонемалық мәні жоқ, сөз мағынасын ажыратуға бейтарап
дыбыстар ғана сапалық жағынан тұрақсыз болып келеді. Қазіргі түркі
тілдеріндегі жуан - жіңішкелікке негізделген вариантта сөздердің
көпшілігінің жеке тілдер құрамында дербес мағынаға ие болуы соны
дәлелдейді.
Жуан - жіңішкелікке негізделген вариантты сөздердің генезисі жайлы
түркологияда әртүрлі көзқарастар айтылып келеді. Бір кезде В.В.Радлов
вариантты сөздерде жуан дауыстылардың жіңішке дауыстыларға ауысуы өте жиі
болатынын көрсете келіп, оны неміс тіліндегі умлаут құбылысымен
салыстырған еді. Оның ойынша, вариант сөздер құрамындағы мұндай құбылыс
соңғы буындағы жіңішке дауыстының алдыңғы буынға әсерінен туса керек.
Ашық - қысаң дауысты дыбыстар
Барлық түркі тілдерінде дауыстылардың ашық, қысаң топтары қолданылады.
Дауыстылардың ашық, қысаң топтарыға жіктелуі ауыз қуысының ашылу
дәрежесіне немесе дыбысталу процесіне тілдің көтерілу дәрежесіне
байланысты. Ашық дауыстылар ауыз қуысының барынша ашылуы арқылы, қысаң
дауыстылар сәл ғана ашылуымен дыбысталады. Дегенмен ауыз қуысының ашылу
дәрежесі барлық ашық дауыстылардың дыбысталуында бірдей емес. Фонетика
мамандары ауыз қуысының барынша ашылуы арқылы пайда болатын мен бір
қалыпты ашылуынан пайда болатын ашық дауыстыларды ажыратады. Түркі
тілдеріндегі дауыстыларды бұл принцип бойынша топтастырғанда, бір жағынан
сапалық тұрғыдан олардың біркелкі еместігін, екінші жағынан, сан жағынан
әртүрлілігін көруге болады. Дауыстылардың ашық, қысаң сапалық топтарының
әр қилылығын түркі тілдерінің жеке топтардың әр түрлі генезистің
қалыптасып, дамуымен байланыстыруға келе бермейді. Айталық, қыпшақ тобына
жататын тілдер құрамындағы дауыстылардың сапалық топтары бірдей емес.
Әзербайжан тілінде ашық дауыстылардың саны бесеу, қысаң дауыстылардың
саны төртеу болса, хақас тілінде төрт ашық дауысты, бес қысаң дауысты
айтылады. Башқұрт пен татар тілдерінде екі ашық дауысты, сегіз түрлі
жартылай қысаң, қысаң дауыстылар айтылатын көрінеді. Бізбен көршілес
қырғыз тілінде төрт ашық дауысты, төрт қысаң дауысты болса, өзбек тілінде
екі ашық дауысты, төрт қысаң және жартылай қысаң дауысты бар. Түркі
тілінің қиыр шығысында жатқан якут ( саха) тілінде төрт ашық, төрт қысаң
дауысты бар. Сонымен түркі тілдер арасында ашық - қысаң дауыстылардың
саны бірдей болып келетін тілдер аз. Қазақ тіліндегі ашық, қысаң
дауыстылардың саны жоғарыда көрсетілгендердің ішінде тек әзербайжан
тілінде қайталанады.
Жеке түркі тілдерінде ашық, қысаң дауыстылар сапалық жағынан бірдей
емес. Бір тілде айқын, ашық айтылатын дауысты екінші тілде сәл бәсең
немесе керісінше болып отырады. Барлық тілдерде сапалық жағынан ұқсас
дыбысталатын тіл арты жуан дауысты а. Ал басқа дауыстылар туралы мұндай
тұжырым жасауға болмайды. Жеке тілдерге тән осындай ерекшеліктеді ескере
келгенде, түркі тілдерінің бір тобында дауыстылар ашық және қысаң болып
екі топқа бөлінсе, екінші бір тілінде үш сапалық топқа: ашық, жартылай
ашық, қысаң топтарға ажырайды. Кейбір түркі тілдерінде қысаң
дауыстылардың өзі сапалық жағынан екі түрлі болып келеді: жартылай қысаң
және айқын қысаң. Осы ерекшеліктердің барлығын ескере келгенде түркі
тілдерін дауыстылардың сапалық түрлері ығайына қарай мынадай шағын
топтарға шартты түрде жіктеуге болады:
1. Дауыстылар екі топқа: ашық және қысаң болып жіктелетін тілдер:
якут, алтай, тува, қырғыз, балқар тілдері. Бұл тілдерде
дауыстылар ашық, қысаң болып екі топқа жіктеледі: а,э, о, ө -
ашық дауыстылар, е, і, у, ү - қысаң дауыстылар. Бұл тілдерде
дауысты фонмала саны - сегіз.
2. Дауыстылар үш топқа: ашық, жартылай ашық және қысаң немесе ашық,
жартылай қысаң, қысаң болып жіктелетін тілдер: әзербайжан,
қарақалпақ, башқұрт, татар, чуваш, қазақ, хақас т.б. Бұл
тілдерегі дауыстылардың саны тоғыз, кейде он бірге дейін барады.
Дауыстылардың ашық, қысаң топтарға жіктелуі түркі тілінің
генезистік ерекшеліктерінің қатарына жата ма,әлде тілдерің тарихи даму
барысында пайда болған ерекшелік пе. Бұл сұраққа жауап беру үшін қазіргі
түркі тілдерінде, соның бірі қазақ тілінде кездесетін екі түрлі
құбылыстарды еске алу керек: біріншіден, қазіргі түркі тіллерінің
қайсысында дауысты фонемалардың ашық, қысаң варианттары фонемалық қызмет
атқарады. Бұл ерекшелік дауыстылардың ашық не қысаң айтылуы сөз
мағынасына бейтарап еместігін көрсетумен бірге, оның жаңа, кейінгі даму
барысында қалыптасқан құбылыс екендігін дәлелдейді. Екіншіден, қазіргі
түркі тілдерінің қайсысында да айырмашылғы ашық, қысаң дауыстыларға
негізделген вариант сөздердің тобы қолданылады. Олады вариантты сөздер
деп ата басқа сөздердн ерекшелеу мақсатынан туған. Мағыналық дербестік
тұрғысынан оларды вариантты деп қарауға болмайды. Қазақ тілінде бұл топқа
мына сөздерді жатқызуға болады: арсыда - ырсылда, жалтыл - жылтыл, тақыл
- тықыл. Бұл келтірілген сөздердің қайсысы да бір - біріне мағынасы
жағынан жіктелгендер.
Дауыстылардың жіктелуінің ашық және қысаң топтарға жіктелуі байырғы да,
аралық топтардың - жартылай ашық, жартылай қысаң топтардың кейбір
ілдерде қалыптасуы жеке тілдердің тарихи дамуының арысында орныққан.
Тілдердің біразында, әсіресе оңтүсік - батыста орналасқан оғыз тобында
жартылай ашық айтылатын э дыбысы орныққан. Бұл дыбыс, бір жағынан, ашық
дауыстыға сәйкес те, екінші жағынан аса қысаң і дыбысына сәйкес келеді.
Дауыстыларды жіктеудің үшінші принципі - ерін қатысына қарай жіктеу.
Дауыстыларды жіктеудің бұл принципі түркі тілдерінің барлығына тән
құбылыс. Алайда, дауыстылардың еріндік пен езулікке жіктеу дәрежесі
барлық түркі тілдерінде бірдей емес. Жалпы түркі тілдерін шолғанда,
олардың кейбіріне ортақ болатын жіктелу мына құрамда келеді: езуліктер а,
ә, ы, і, еріндіктер о, ө, у, ү. Барлық түркі тілдерінде ортақ деп
қаралатын бұл жүйе бойынша әрбір езулік дауыстыға бір еріндік дауысты
сәйкес келеді. Алайда, түркі тілдерінде негіз болған осы жүйеден
ауытқулардың негізгі түрлері мына тәріздес: өзбек, белгілі дәрежеде
татар, башқұрт тілдерінде езулік жуан а дауыстысы біршама айқын білінетін
еріндік мәндермен айтылады. Өзбек тілінде еріндік мәнермен айтылудың
күштілігі сондай, ол тілде айқын езулік болып айтылмайтын а және еріндік
мәнермен айтылатын а сөз мағынасын ажыратады, яғни олар фонемалық мәнге
ие. Ал чуваш тілінде езулік жуан а дыбысының еріндік мәнермен айтылуы
тілдің даму барысында оның жеке диалектілік топтарында еріндік о, у
дыбыстарына айналуына жағдай жасаған. Мысалы: қора (сын есім), қара
(етістік), таниш (таныс), тонмақ (тану), аччақ (ашыған), очиқ (ашық).
Бұлар өзбек тілінің өз құрамына а дыбысының еріндік мәнермен айтылуының
фонемалық дәрежеге жеткендігін дәлелдейді. Басқа көптеген түркі
тілдерінде айтылатын жуан езу дауысты өзбек тілінде жабық а немесе о
түрінде айтылуы, жоғарғы фактіледі еске алмағанда, мыналардан көрінеді:
қазақ, басқа тілдер - ат, өзбек - от.
Басқа тілдермен салыстрғанда татар, башқұрт тілдерінде а жуанырақ,
қатаңдау естіледі. Өйткені ол тілдің артқы жағынан, көмейден шығады.
Сондықтан басқа буын құрамындағы а татар, башқұрт тілдерінде дифтонг
тәріздес оа түрінде естіледі. Тек соңғы буындар құрамында ғана а
дыбысының еріндік мәнермен айтылуы фонемалық мән алмаған. Ал басқа түркі
тілдерінде бірінші буында айтылатын о татар, башқұрт тілдерінде у түрінде
естіледі: ул (ол), йуқ (жоқ), уқ ( оқ). Сонымен бірге чуваш тілінің басқа
диалектісінде о түрінде де айтылады. Чуваш тіліндегі бірспыра сөздер
құрамында тува, якут тілдеріндегі сияқты жалпы түркілік а орнына қысаң ы
айтылады: сыхла (сақта), хыта (қатты), пыл (бал).
Алайда а жуан дыбысының еріндік мәнер алуы, жоғарғы фактіледен
байқалатындай, жалпы түркілік құбылыс емес, сондықтан түркі негіз тілінде
ондай ерекшелік болған немесе а (о) у тәрізді еріндік дыбысардың
сәйкестігі болған деп қарауға негіз жоқ. Зерттеушілердің біразы бұл
құбылысты субстрат теориясымен, яғни белгілі бір тіл құрамындағы
жеңілген тілдің қалдығы деп қарайды. Ал енді бір топ зерттеушілер оның
ішкі даму заңдылығының ерекшелігі деп қарайды. Қазіргі түркі тілдерінен
осы екі көзқарастың екеуін де дәлелдейтін фактілер табуға болады. Өзбек
тіліндегі а дыбысының о дыбысына айналуын, сол сияқты чуваш тілінде а
дыбысының у мен о еріндіктеріне айналу құбылысын ішкі заңдылықтың
ерекшелігі деп қарауға жеткілікті дәлел жоқ. Бұл тілдердегі а езулігінің
еріндік дыбыстарға айналуын олардың құрамына енген тайпа тілдерінің
немесе тілдердің әсері деп қарауға негіз бар. Өзбек халқының құрамына тек
қана түркі тайпалары емес, иран тектес халықтардың да орта
ғасырлардасіңісіп кеткені тарихи шындық. Көшпелі түркілер Орта Азияның
егін жайы мен қалаларын жаулап алумен қатар олардың тұрғындарын да
ассимиляцияға ұшыратты. Қандай тіл болмасын, қолданудан шыққан уақытта да
ол өз ізін қалдырады. Өзбек тілі құрамындағы әңгіме болған құбылыста да
солай деп қарауға негіз бар сияқты. Чуваш тілідегі құбылысты да осыған
ұқсас деп қарау қолайлы. Сонымен қатар езуліктің еріндікке айналуы кейде
фонетикалық қоршаудың нәтижесі, екінші сөзбен айтқанда, комбинаторлық
өзгерістің бір түрі. Езулік дауыстымен көрші не бір тіркесте айтылатын
дауыссыздардың әсерінен алғашқының (езулік а дыбысының) еріндікке айналуы
әзірбайжан, татар, башқұрт, ұйғыр, эпизодтық ыңғайда хакас, якут т.б.
тілдерде кездеседі. Мысалы, татар зерттеушісі Л.Заляй Қазан татарлары
қьора қара деп атайды, ал мишарлар мишар диалектісінің өкілдері қара
деп таза езулік а арқылы сөйлейді деп жазады. Сол сияқты, әзірбайжан
диалектілерінде - бош, боба, бормасдован, това, попағ, ұйғыр тілінде -
бовай, момай, хаас тілінде - обом, побом, якут тілінде - хотун,
хомус,ордух. Бұларды қазақ тілінде (сондай-ақ көпшілік түркі тілдерінде)
бас, баба, бармақ, табан, таба,тапа, папақ, бабай, мама, аң (басқа
тілдерде ав, ауағам, папам, қатын, қамыс, артық) кейбір тілдерде артуқ)
деп, езулік айқын а дыбысымен айтылатыны белгілі. Дауысты дыбыс еріндік
немесе еріннің қатысуы арқылы жасалатын дауыссыздармен немесе кішкентай
тіл қатысуымен жасалатын қатаң дауыссыздармен бір тіркесте келген. Сондай
фонетикалық қоршаудың комбинаторлық өзгеріске себеп болуы әбден ықтимал.
Оның үстіне түркі тілдерінің бірсыпырасында көрші еріндік дауыссыздың
әсері мен қысаң езуліктер қысаң еріндіктерге айналу құбылысы кездеседі:
қазақ: мін, тува: мун, түрікмен: мүн, ұйғыр: мінмүн, қазақ: шірі,
әзірбайжан: чүрү, түрікмен: чүйре, ұйғыр: чірік (чүрүк), қазақ: жіп,
түрікмен: йүй,қазақ: жібек, түрікмен: йүпәк т.б.
Түркі тілдерінің біразында жорғарыда айтылғанға кері құбылыс
(еріндіктердің езуліктерге айналуы) ұшырасады. Чуваш тілінде бұл, басқа
тілдермен салыстырғанда, әлдеқайда жиі ұшырасады: мый (мойын), пелет
(бұлт), петем (бүгін), кемел (күміс,күміш), тиле (түлкі, түлкү), тегі
(түп), тетем (бүтін,бүтүн), сер (жүз), кел (күл), телек (түс көру), сет
(сүт), қан тырла (күндіз), виссо (үш, үч) т.б. Осындай құбылыс хакас,
алтай, якут т.б. тілдерде де ұшырасады: алтай - дымыртқа (жұмыртқа)
мына (мүны), аны (оны), тонақ (түмсық,мұрын); хакас- пызо (бұзау), якут
- чылты (жұлдыз), былыт (бұлт), сымыт (жұмыртқа), сырыт (жүру) т.б.
Жеке дауыстылардың сипаты.
А дауысты фонемасы түркі тілдерінің басым көпшілігінде айтылады. А
дыбысын айтқанда тілдің кейін қарай жиырылатыны белгілі. Бірақ тілдің
кейін қарай жиырылу дәрежесі тіл атаулының барлығында бірдей емес. Соған
орай, оның дыбысталуында айырмашылықтар болып отырады. Дыбысталу мен
сапасы жағынан а фонемасы қазіргі қазақ, алтай, әзірбайжан, балқар,
қарайым, қырғыз, қарақалпақ, құмық, түрік, түрікмен, ұйғыр, хакас, шор
тілдерінде бірыңғай бір- біріне жақын дәрежеде. Айырмашылық башқұрт,
татар және өзбек тілдерінде кездеседі. Башқұрт пен татар тілдеріндегі а
фонемасы, басқа тілдермен салыстырғанда, біршама жасық яғни о дыбысына
жақын естіледі. Мұндай мәнер татар тілінде айқынырақ та, башқұрт тілінде
ондай дәрежеде емес. Ж.Киекбаевтың айтуы бойынша, а фонемасының о
дыбысына ұқсас естілуі көбіне татарлармен шектес, аралас территориядағы
башқұрттар тілінде кездеседі. Онда да бірінші буыннан екпін түспейтін көп
буынды сөздерде ғана. Егер башқұрт тілінің көрнекті маманының осы
тұжырымын ескерсек, бұны татар тілінің ықпалы деп те қарауға болар еді. А
дауыстысының еріндік мәнер алуының нағыз жетілген түрі өзбек тілінде бар.
Өзбек тілінде, басқа тілдердегі а дыбысымен салыстырғанда, әлдеқайда ашық
айтылатын а (айрам, қара, сайла) дыбысымен қатар, басқа тілдерге а орнына
айтылатын о дыбысы бар. Сондықтан жалпы түркілік (тіпті, көнетүркілік) а
дыбысының өзбек тіліндегі үш түрлі баламасы : ашық, езулік а (аздаған
сөздер құрамындағы) дыбысы мен тіл алды ә, жабық а немесе о дыбысы
туралы айту керек болды. Мысалы, қазақ таныс, өзбек: таниша а; қазақ:
мен, кел, өзбек: мән, кәл - а ә; қазақ бар, сал, өзбек: бор, сол т.б.
Қазіргі тува, тофалар тілдерінде а сонорлардан басқа дауыссыз дыбыстардың
алдында айтылғанда ғ, һ дыбыстарындағыдай қырылмен айтылады. Түркологияда
фарингализациялау (фарингализация, форинкс - тамақтың тесігі) деп
аталатын бұл ерекшелік тек қана аталған тілдерде кездеседі. Тува, якут
тілдерінің көп сөздерінде жалпы түркілік а орнына қысаң ы дыбысы сәйкес
айтылады: қазақ: жат, якут: сыт, тува: чыт, қазақ: қарын, тува: хырын,
қазақ: жарық, тува: чырық, якут: сырдық, қазақ: ай, якут: ыл, қазақ:
қалың, тува: қылын, қазақ: ат, якут: ыт т.б. Ескерте кететін бір
ерекшелік - кейде тува, якут тілдеріндегі сөздер бірдей болып келе
бермейді. Өзара сай түсіп жатса да (бір сөз екі тілде де ы дыбысымен
айтылады), кейде екі түрлі дыбысталады: якут тілінде ы дыбысымен айтылған
өз тува тілінде а дыбысымен айтылады, якут: ыл (ал), тува: ал.
Чуваш тілінде жалпы түркілік а дауыстысына ы, у, а (редукцияланатын,
қысаң а), а дыбыстары сәйкес айтылады: хыт(қат), пыр (бару), сыхла
(сақта), хыта (қатты), пыл (бал), тамар (тамыр), ылдан (алтын), ыйт
(айт), пылджак (балшық), субах (шабақ), хуйға (қайғы), ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz