Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Жоспар
Кіріспе.
І-тарау. Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда.
1.1. Халықаралық сауда тұжырымдамалары.
1.2. Халықаралық сауда мәселеллерін зерттеген ғалымдардың теориялары.
ІІ-тарау. Осы заманғы халықарлық сауда.
2.1. Халықаралық сауданың ерекшеліктері, серпіні және тауарлық құрылымы.
2.2.Осы заманғы халықаралық сауданың қайшылықтары. Дүниежүзілік сауда
ұйымының рольі.
2.3. Қазақстанның халықарлық саудадағы орны мен ролі.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Қосымша материялдар.
Кіріспе.
Қазақста Республикасының халықаралық саудасында, соңғы жылдары
еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты сауда
тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Халықаралық саудада шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің
дәстүрлі қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ
тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті.
Халықаралық саудада іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі
түрде өзгерілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда халықаралық саудада
нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, халықаралық саудада
қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз ететін
есеп саясаын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек. Халықаралық саудада
қай уақытта болмасын өте маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілік
жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде халықаралық саудада
мәнділігі одан әрі арта түседі. Халықаралық саудаға қатысушылардың
барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Халықаралық
саудаға салынған әрбір тенге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды
қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу
келмеске кетеді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық өзгерістер халықаралық саудада
шаруашылық жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып ,
олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне
мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті
серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің
тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай
жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, халықаралық саудада өз қалауы бойынша
сауда жасауда алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және
қатесіз таңдаумен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және
дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі
болады. Басқаша сөзбен айтқанда, халықаралық саудада шаруашылықты жүргізуші
субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару денгейіне , қабылданған
шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне
тікелей тәуелді. Халықаралық саудада үйлесімді шешімдердің қабылдануы ,
материалдық еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып , еліміздің
экономикалық өсуіне бағытталғаны белгілі.
Халықаралық сауда жағдайында кәсіпорынның өміршенділігінің кепілі
мен жай-күйінің орнықтылығының негізі, оның қаржы тұрақтылығы болып
табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып халықаралық саудада
тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін
қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Халықаралық сауда тұрақтылығын бағалау , объективті , ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер
қабылдау үшін халықаралық сауда жағдайын талдау қажет. Тек терең және
ұқыпты талдау негізінде ғана халықаралық сауда оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және
оны іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін
қабылдау үшін , басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Халықаралық сауданы талдау әдебиеттерінде мәселесі аз зерттелген ,
сондықтан оның прогресивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба
алмай отыр. Ал бұл халықаралық сауда қызметің қаржылық нәтижесімен
экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін
тигізеді.
Ұсынылып отырған осы курстық жұмыс мақсаты – халықаралық сауда
жағдайын талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат
беру, оны ұғыну, оларға талдау зерттеуіндегі дағдыларын менгеруге
көмектесу.

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең дамыған түрі
халықаралық сауда. Сауданың үлесіне халықаралық экономикалық қатынастар
көлемінен 80 пайызы тиеді.
Әрбір ел үшін сыртқы сауданың ролі жоғары. Ол жөнінде Дж. Сакс
былай деген: әлемдегі әрбір елдің экономикалық табыстылығы сыртқы саудаға
байланысты. Қандай да болмасын бір ел әлемдік экономикалық жүйеден
бөлектеніп күшті экономика құра алмайды (7,б.61).
Халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болатын халықаралық сауда
әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасындағы байланыстарының түрі болып
табылады және олардың өзара экономикалық тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми-техникалық революция әсерімен болатын елдер экономикасындағы
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіптік өндірістің мамандануы мен
кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың өзара әрекетін күшейтеді. Ол
халықаралық сауданың белсенділігінің артуына әсер етеді. Халықаралық сауда
өндіріске қарағанда жылдам өседі. Сыртқы сауда айналымының зерттеулеріне
қарағанда әлемдік өндірістің 10 % өсіміне 16% әлемдіксауданың артуы сәйкес
келеді. Сонымен өндірістің дамуына қолайлы жағдай туады. Саудада
кемшіліктер, кідірістер болса, онда өндірістің дамуында да төмендеу үдірісі
болады.
Сыртқы сауда деп төленетін әкелу (импорт) мен төленетін әкетуден
(экспорт) тұратын бір елдің екінші бір елмен саудасы түсініледі. Көп түрлі
сыртқы сауда қызметі тауарлық мамандану бойынша дайын өнімдер, машина және
құрал- жабдықтар, шикізат пен қызмет саудасынан тұрады.
Халықаралық сауда деп әлемнің барлық елдері арасындағы төленетін
жиынтық сауда айналымы аталады. Сонымен бірге халықаралық сауда түсінігі
өте тар шеңберде де қолданылады: мысалы, өндірісі дамыған елдердің жиынтық
тауар айналымы, қандай да болмасын құрлықтың, аймақтың жиынтық тауар
айналымы және т.б.
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: Көптеген ірі рыноктар
арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика
мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау
әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам
жағдайды,- деп атап көрсетті (82,б.15).
Барлық мемлекеттер де ұлттық сыртқы сауда саясатын таңдайды. Соңғы
екі жүз жыл ішінде бұл тақырыпқа қызу пікір таластар жүріп келеді. Өткен
жүз жылдықта фритредерлік (еркін сауда) және протекционистік (қолдампаздық)
саясаттар сыртқы саудаға өзінің ымырасыз түрінде тән болды. Қазіргі кезеңде
бұл екі бағыт бір-бірімен өзара байланысты және қабысып жатады. Бірақ бұл
қарама қайшылшықты бірлікте еркін сауда принципінің жетекші ролі көрінеді.

Алғашқы рет еркін сауда саясатын А.Смит Халықтардың байлығының
табиғаты мен себептерін зерттеу (1776 ж.) деген еңбегінде, өзінің
халықаралық сауда теориясын негіздегенде анықтама берді. А. Смит: айырбас
әрбір елге тиімді, әрбір ел одан абсолютті артықшылыққа ие болады- деп
дәлелдеді (7,б.64).
А. Смиттің талдауы классикалық теорияның бастаушы нүктесі болып
табылады, және ол еркін сауданың барлық түрлері үшіннегіз болып саналады.
А. Смиттің пікірі бойынша еркін сауда принципі әрбір елге өзінің күшін
басқаларға қарағанда арзан және жақсы жасай алатын өнімдерге жұмсауға
мүмкіндік береді. Ол еңбек бөлінісінің негізінде пайда бола отырып,
айырбастың, халықаралық сауданың артуына әсер етеді, және қатысушыларға
пайда алып келеді. Бұндай артықшылықтар әрбір елдегі өндірістегі абсолюттік
шығындардың айырмашылығын табу жолымен анықталады (тауар бірлігін шығаруға
жұмсалған адам күшінің саны).
Бірақ бұл пікірді әрі қарай дамытсақ мынадай қорытындыға келуге
болады, егер бір ел шетелден барлық затты арзан бағамен, шектеусіз сатып
алатын болса, онда ол барлық тауарды шетелден алуға мүдделі болуға тиісті.
Ал өзі сату үшін бір нәрсе өндіре ме? Оған ешқандай кепілдік жоқ. Бірақ бұл
жағдайда сатып алынатын заттарға қалай ақы төлейді? Ақырында абсолюттік
артықшылықтар теориясы тығырыққа алып келеді . Давид Рекардо өзінің Саяси
экономиканың басталуы және салық салу деген еңбегінде классикалық теорияны
тығырықтан шығарды. Ол халықаралық мамандану өлшемін таба отырып, екі ел
арасында қандай мөлшерде айырбас жасау тиімді және қажет екендігін
көрсетті. Әрбір ел өте көп артықшылығы немесе өте аз әлсіз және
салыстырмалы пайда өте жоғары болатын өндіріске мамандануға мүдделі, -
деді. Оның пікірлері салыстырмалы артықшылықтар теориясы деп аталды. Давит
Рекардо халықаралық айырбас барлық барлық елдер мүддесі үшін мүмкін және
қажет екендігін көрсетті. Ол әр тарап үшін оның ішінде тиімді айырбас
жасауға барлық зонаны белгіледі. Мысалы, Франция мен ПАртугалияда
Шотландияға қарағанда вино өндіру арзан. Ал Шотландияда қолдан жүзім
өсіретін бақ өсіріп,вино өндіру ақылсыздық болар еді. Мысалы өндіру үшін
қажетті еңбек көлемі:
Мауыты ( 1 дана )
Шарап ( 1 бөшке)
Партугалияға 90
80
Англия 100
120
Бұл мысалдан екі түрлі тауар өндіруден де Партугалия абсолюттік
артықшылыққа ие екендігін көреміз. Бірақ Давид Рекардо айтарлықтай
Партугалия үшін шарап сатқан тиімді, оның артықшылығы мауытыға қарағанда
анағұрлым көп. Салыстырмалы артықшылықтардағы айырмашылық әр ұлтқа
айырбастан ұтуға мүмкіндік береді. 1 бөшке шарапты ( 80 бірлік ) 120
бірлікке Англияға сатып , одан Партугалия 1 , 2 дана мауыты ала алады. Егер
сондай еңбек ( 80 бірлік ) Партугалияда мауыты өндіруге жұмсалса , онда ол
89 бірлік мауыты алуға мүмкіндік берер еді. Басқаша айтқанда , шарап
өндіріп мауыты сатып алу жөніндегі Партугалияның ұтысы:
Джон Стюарт Милль Саяси экономия егіздері ( 1848ж.) деген еңбегінде,
қандай бағамен айырбас жасауға болатынын көрсетті. Милль бойынша , айырбас
бағасы сұраныс және ұсыныс заңына сәйкес , әрбір елдің экспортының жиынтығы
импортының жиынтығын төлейтіндей денгейде белгіленеді. Бұл халықаралық құн
заңы немесе халықаралық құн теориясы, - Милльдің басты еңбегі.
Халықаралық құн теориясы елдер арасындағы тауар айырбасын оңтайландыратын
бағаның болатынын көрсетті. Ол сұраныс пен ұсыныс тәуелді нарық бағасы.
Халықаралық тауар ағындарының бағыттары құрылымы немен анықталғандығы
туралы , осы заманғы көзқарастар негізін, шветтік экономист ғалымдар Эли
Хекшер және Бертиль Олин қалады.
А. Смит пен Д. Рекардо тауар өндіруге әсер ететін басты фактор еңбек,
баға еңбек шығындарына байланысты қалыптасады деп санады, яғни олар
еңбектің құн теориясын жақтады.
Кейінгі зерттеулер өндірістің жер және капитал сияқты басты
факторларын қолдануға мүмкіндік берді. Егер еңбектің нарықтық бағасы
жұмысшылар алатын еңбекақы болса, капитал бағасы пайыздық мөлшерлемемен ,
жер құны – жер рентасы мөлшерімен анықталады. Осы ғасырдың 30- жылдары швед
ғалымдары Э.Хекшер мен Б:Олин, Д. Рекардо доктринасын дамытты.
Олардың теориясының негізгі бағыттары мыналар:
1. елдерде өндіру үшін артық өндірістік факторлары бар тауарларды
экспортқа шығару және керісінше , өндіру үшін аз, жетімсіз
факторлары бар тауарларды импорттау үрдісі байқалады;
2. халықаралық саудада , белгілі бір жағдайда факторлық бағалардың
теңесуі үрдісі көрінеді;
3. тауар экспорт өндіріс факторларының орын ауыстырылуымен алмасуы
мүмкін;
Э.Хишер және Б.Олин , Д.Рекардоның ізбасарлары бола тұрып, еларалық
тауар және капиталдың орын ауыстыруына қиындық келтіретін әр түрлі
шектеулерге қарсы болды.
1948 жылы американ экономисі П.Самуельсон және В.Столпер Хекшер-Олин
теоремасының дәлелдемелерін жақсартты. Олар өз теоремаларын ұсынды: өндіріс
факторлары біріңғай, техника біркелкі, жетілген бәсекелестік және тауарлар
сатуға қолайлы болғанда , халықаралық айырбас елдер арасындағы өндіріс
факторларының бағасын теңгереді.
Д.Рикардоның үлгісіне негізделіп , Э. Хекшер , Б. Олин және
П.Самуельсон толықтырған сауда тұжырымдамасында сауда өзара жай айырбас
түрінде ғана емес, сонымен қатар елдердің даму денгейі арасындағы
айырмашылықты азайтатын құрал есебінде қарастырылады.
Сыртқы сауда теориясы американ экономисі В.Леонтьев тарапынан
Леонтьев парадоксы деген атпен әрі қарай дамытылды. Парадокстың мәні
мынада , В.Леонтьев Хекшер-Олин теоремасын қолдана отырып, американың
экономикасы соғыстан кейінгі кезеңде капиталға қарағанда еңбекті
қажетсінетін салаларға маманданғандығын көрсетті. Басқаша айтқанда
американың экспорты импортқа қарағанда еңбекті көп, ал капиталды аз қажет
етеді. Бұл қорытынды оған дейінгі АҚШ өте жоғары капитал қажетсінетін
тауарларды импорт жасамай экспортқа шығаруы тиіс болатын.
Одан кейінгі жылдары В. Леонтьевтің жаңалығы өте кең тарады. Әр елден
көптеген экономистер Леонтьев парадоксасын түсіндіру мақсатында пікір
таластырды. Нәтижесінде салыстырмалы артықшылықтар теориясы әрі қарай
дамыды. Ол өзіне техникалық прогрес с және оны таралуының тең еместігі ,
қаржылардың фирма сыртындағы экономикасы , елдер арасындағы еңбек ақы
айырмашылығы және т.б. түсініктерді кіргізе бастады.
Халықаралық сауда мәселелерін зерттеген батыс елдері ғалымдарының
еңбектерінде сыртқы сауда мультипликаторы теориясы кең тарай бастады. Бұл
теорияға сәйкес, сыртқы сауданың (оның ішінде экспроттың) ұлттық табыстың
өсу қарқынына , еңбекпен қамтылу денгейіне , тұтыну мен инвестициялық
белсенділікке тигізетін әсері, әрбір ел үшін белгілі бір өзара
байланыстармен сипатталады және ол есептеліп белгілі бір коэффицент –
мультипликатор түрінде көрсетіледі.
Экспорттық тапсырыстар алғашқа кезде өнім өндіру көлемін ұлғайтады, өз
кезегінде ол сол салаларда еңбек ақының өсуіне әсер етеді. Одан кейін
екінші кезекте тұтыну шығындары қозғалысқа келеді. Бұдан шығатын қорытынды
, Қазақстан үшін экспортқа өнім шығаруды арттыру өте тиімді.

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен дами бастады. 1950-1994 жылдар арасында әлемдік сауда айналымы 14
есе өсті. Батыс мамандарының баға беруі бойынша , 1950-1970 жылдар
арасындағы кезеңді халықаралық сауданың дамуындағы алтын ғасыр деп
сипаттауға болады. Атап айтқанда осы кезеңде әлемдік экспорт жыл сайынғы 7
пайыздық өсімге жетті. 70 жылдары ол біршама төмендеді. (5%). 80- жылдардың
соңында әлемдік экспорт біраз жанданды (1998 жылы 8,5 пайызға жетті). 90
жылдардың басында уақытша аздап төмендеп , 90 жылдардың екінші жартысынан
бастап халықаралық сауда қайтадан тұрақты жоғары өсім көрсетті.(7-9 пайыз)
Халықаралық сауданың айтарлықтай тұрақты орнықты өсуіне келесі
факторлар әсер етеді:
• Бейбітшілік жағдайында маллекетаралық қатынастарды тұрақтандыру;
• Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, өндірістің және капиталдың
инвестициялануы;
• Негізгі капиталдың жаңартылуына, экономиканың жаңа салаларын құруға ,
ескі салаларын қайта жаңғыртуға әсер ететін ғылыми-техникалық
ревалюция;Әлемдік нарықта халықаралық корпарациялардың белсенді
қызметі;
• Жаңа коммерциялық ақиқаттың , стандартталған тауар үшін жалпы әлемдік
нарықтың пайда болуы;
• Халықаралық сауда ұйымының іс шаралары арқылы халықаралық сауданы
реттеу (ырықтандыру);
• Көптеген елдердің негізгі әлемдік валютаның сауда және төлем
балансының салыстырмалы тұрақтылығын қолдайтын халықаралық қаржы –
экономикалық ұйымдардың , мысалы халықаралық валюта қорының қызметі;
• Әлемдік банктің әлемдік экономиканы тұрақтандыруға бағытталған қызметі
келесі сыртқы сауданы ырықтандыру , көптеген елдердің импортқа шек
қойылуын жюуы және кеденді к баждың әжептәуір төмендетуі, еркін
экономикалық аймақ құруы;
• Сауда экономикалық интеграция үдерісін дамыту: аймақтық кедергілерді
жою, ортақ нарық, еркін сауда аймағын қалыптастыру;
• Бұрынғы колониялды елдердің саяси бостандық алуы. Олардың ішінен
экономикасының үлгісі сыртқы нарыққа бейімделген елдердің бөлініп
шығуы.
Әлемдік сауданың 90 жылдардың ортасында жылдам өсуі негізінен АҚШ
,Италия,Канада,Испанияда импорттың шұғыл артуы экономикалық ынтымақтастық
және даму елдері тобының ішіндегі сауданың кеңуі, сонымен бірге Қыйыр
Шығыстағы (Жапониядан басқа) және Латын Америкасындағы дамыған елдердегі
шаруашылықтың конюктураның жақсаруымен байланысты.
Егер сауда кедергілерін жою табысты жалғасын тапса, онда жақын арадағы
10 жыл бойы (2000 жвылдан бастап) тауарлар нарығының сыйымдылығы жыл сайын
орташа 6 пайызға өседі. Бұл 60 жылдардан бері өте жоғары көрсеткіш болады.
Қызмет саласындағы сауда бұдан да жоғарғы қарқынмен артады, оған ақпарат
пен байланыс саласындағы табыстар біраз әсер етеді.
Сонғы 15 жыл ішіндегі әлемдегі тауар айналымының тұрақты өсуі, оның
жалпы ішкі өнімінің өсу қарқынынан жоғарлығы , барлық елдердің халықаралық
еңбек бөлінісіне күштірек тартылып жатқанын куәландырады. Әлемдік экспорт 2
еседен артық өсті, яғни 1980 жылдан 1997 жылға дейін 2 триллион доллардан
5,5 триллион долларға жетті. Бұл 80 жылдары экспорт көлемінің 70 пайыздан
және 90 жылдардың бірінші жартысында 30 пайыздан артық өскенін көрсетеді.
Импорт көрсеткіштері де бұл сандарға жақын.
Жобалы бағалау бойынша 2002 жылы әлемдік сауда айналымы 11,9 триллион
долларға жетті.
Көрсеткіштер 2000 2001 2002 2003 2004
Тауар айналымы 7656 10116 10359 11309 11812
Экспорт
(млрд.долл) 3809 5033 5100 5574 5824
Импорт
(млрд.долл) 3847 5083 5259 5735 6018
Халықаралық сауданың өзгерістерін талдау, оны екі аспектіде
қарастыруды қажет етеді: Біріншіден, оның толық өсу қарқыны (экспорттық,
импорттық) және өндірістің өсуімен салыстырғанда; Екіншіден құрылымдағы
өзгерістер: тауарлық (негізгі тауарлар мен қызмет топтарының қарым
қатынасы) және географиялық ( аймақтар , елдер топтпры және жеке елдердің
үлесі).
Біріншісіне байланысты мыналарды айтуға болады: әлемдік сауда
айналымының әлемдік нарықтың сыйымдылығының артуымен байланысты тұрақты
басым қарқынымен өсуі, халықаралық сауданың жаңа сапалық көрсеткіштерінің
сипаты болып саналады.
Әлемдік сауданың қарқынды дамушы секторы қайта өңдеу өндірісі
өнімдерін , ерекше ғылымды қажетсінетін тауарларды сату болып отыр. Мысалы
ғылымды қажетсінетін өнімдер экспортты көлемі бір жылда 500 миллиард
доллар, өндірісі дамыған елдердің жоғарғы техналогиялық өнімінің үлесі 40
пайызға жақындайды.
Машина және құрал жабдықтармен сауданың маңызы да әжептеуір артты.
Бұнда басты үрдіс дамыған елдер арасындағы осы тауар тобымен сауда болып
табылады. Осындай сауданың өсуі қызмет айырбасы көлемінің артуына әсер
етеді. Ол ғылыми-техникалық, өндірістік, коммерциялық , қаржылық-несиелік
сипаттағы қызметтер.
Машина мен құрал жабдықтармен белсенді сауда қызметтің жаңа түрлерінің
пайда болуына алып келді: инжиниринг, лизинг , консалтинг, ақпараттық
есептеу қызметтері. 1980 – 1992 жылдар арасында өндірісі дамыған елдерден
машина және құрал жабдықтардың экспортты үш есе артты. Өте жылдам қарқында
электро техникалық және электрондық құрал жабдықтардың экспорты артып
келеді, машина техникалық өнімдер экспортындағы олардың үлесі 25 пайыздан
асады.
Халықаралық сауданың жылдам дамып келе жатқан саласының бірі
химия өнімдері мен сауда. Шикізат пен энергия ресурстардың пайдаланудың өсу
үрдісін атап айтуға болады. Бірақ шикізат пен сауданың өсу қарқыны әлемдік
сауданың артуының жалпы қарқынынан төмен. Ол шикізатты айырбастайтын
өнымдердің шығарылуына , олардың үнемді пайдаланылуына , қайта өнделіуінің
жақсаруына байланысты болды.
Азық түлікпен әлемдік саудада оларға сұраныстың азайғандығы байқалады.
Оның себебі азық түлік өнімдері өндірісінің өнеркәсібі дамыған елдерде
кеңейуі болып табылады.
Бұның бәрі әлемдік сыртқы сауда айналымының тауардық және геогрфиялық
құрылымының түбегейлі өзгеруіне әсер етеді. Соңғы 15 -20 жыл ішінде негізгі
дамыған , дамушы және бұрынғы социалистік елдер тобының үлесі өзгеріссіз
сақталып келеді. Бірінші ел тобының үлесі 70 – 76 процент, екіншілерінікі
20-24 процент , ал сонғы елдер тобының үлесі 6-8 пайыздан аспайды.
Әлемдік сауданың ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (екінші дүниежүзілік
соғысқа дейінгі) және одан кейінгі жылдардағы құрылымын қарасақ өте үлкен
өзгерістерді байқаймыз. Егер осы ғасырдың бірінші жартысында әлемдік
сауданың 23-сі азық түлік және шикізаттар үлесіне тисе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz