Экономика ілімі классиктерінің еңбегіндегі ұдайы өндіріс теориясы
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Ұдайы өндіріс теориясы
1.1 Экономика ілімі классиктерінің еңбегіндегі ұдайы өндіріс
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы және
пропорциясы ... ... ...10
II. Қазақстанның қоғамдық өндірістегі қызметі
2.1 Қоғамдық өндіріс жүйесіндегі мемлекеттің орны және
ролі ... ... .16
2.2 Қазақстан бүкіл әлемде өндірістегі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытындылар мен ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27
Қосымшалар
Кіріспе
Адамдар қоғамының тіршілік ету үшін өндіріс процесі қажет.
Өндіріс – адамдардың өмір сүру үшін қажетті материалдық игіліктер мен
қызметті жасау мақсатында табиғат заттарына әсер ету процесі.
Материалдық игіліктерді өндіру тәсілі - өндірістік күштер мен
өндірістік қатынастардың диалектикалық бірлігі болып табылады. Мұндай
өндірістік күштер өндіріс тәсілінің материалдық заттық мазмұнын, ал
өндірістік қатынастар олардың өмір сүруі мен дамуының әлеуметтік
экономикалық нысанын құрайды. Мұндай өзара байланыс болады, ал екінші
жағынан – экономикалық қатынастар субъектісі болып табылады. Адамзат
қоғам дамуы тарихының формациялық тәсілі түсінігі жатыр. Өз өмірінің
қоғамдық өндірісінде адамдар белгілі қажетті, олардың материалдық
өндірістік күштерінің дамуының белгілі бір дәрежесіне сай келетін,
бірақ олардың еркінен тыс қатынастар - өндірістік қатынастар жиынтығы
заңдық және саяси орналасатын және саяси орналасатын және қоғамдық
танымның белгілі бір нысандары болып табылады. Материалдық өмірді
өндіру тәсілі жалпы әлеуметтік саяси және рухани процестерді
көрсетеді. Тұрмысты адамдардың сапасы емес, керісінше олардың қоғамдық
тұрмысы сапасын анықтайды.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі қоғамдық ұдайы өндіріс қоғамдық
өндірістің өзінің қайта жаңаруының үздіксіз ағымындағы процесі
болып табылады, оның нәтижесі – қоғамдық өнім Кеңес елінің саяси
экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық
өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндіріспен тысқары
қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын
құрайды. Демек, бұрынғы Қазақ АКСР – інде жиынтық өнім материалдық
өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды. Айналыс
саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудада анықтау практикалық
тұрғыдан мүмкін болмағандықтан Қазақ АКСР статистикасында сауда
толығымен өндірістік салаға жатқызылған болатын, сөйтіп жалпы өнім
мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.
Осы курстық жұмыстың мақсаты:
Қоғамдағы өндіріспен Қазақстанды өндірісті зерттеу.
Міндеттері:
• Ұдайы өндіріс теорияларын, мемлекеттік кірістердің сыныптамасының
мәнін ашу.
• Қазақстан Республикасында Қоғамдағы өндірісті көрсету және
Қазақстан халқына түсіндіру.
• Қазақстан Республикасында өндірістің мәнін зерттеу.
Курстық жұмыстың объектісі:
Қазақстан Республикасының ұдайы өндіріс және қоғамдық өндіріс болып
келеді.
Зерттелуі:
Қазақстандық ғылыми еңбектерде зерттелген.
Солардың ішінде:
О.Ж. Әлиев - Әл – Фараби атындағы ұлттық мемлекеттік университеті
жанындағы қоғамдық ғылымдар оқутышыларының білімін жетілдіру
институты экономика кафедрасының, меңгерушісі, экономика ғылымының
кандидаты, доцент; Я. Әубәкіров – Қ.Р – ның ұлттық ғылым академиясының
академигі; Е. Байжұмаев – доцент; С. Досқалиев – доцент; Ж. Жәйшібеков –
Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық институтының экономикалық пәндер
кафедрасының меңгерушісі, доцент; Б. Жүнісов, Ұ. Мәмбетов, Ү. Байжомартов;
К. Нәрібаев – Қ.Р – ның ұлттық ғылым академиясының корреспондент –
мүшесі профессор; С.С. Сахариев, А.С. Сахариева.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды мен
ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады. Негізгі
бөлім және екінші бөлім екі тараудан тұрады:
Бірінші тарау: Ұдайы өндіріс теориясы.
Екінші тарау: Қазақстанның қоғамдық өндірістегі қызметі.
I. Ұдайы өндіріс теориясы
1. Экономика ілімі классиктерінің еңбегіндегі ұдайы өндіріс теориясы.
Алғашқы рет қоғамдық ұдайы өндірісті талдау негізінен 18 – ші
ғасырдың ортасында физиократтар мектебі ( физио - табиғат, кратос -
өкімет деген грек сөздерінен тұрады ) жүзеге асырды. Оның басты өкілі
француз экономисі Франсуа Кенэ ( 1694-1774 ) болды және осы туралы ол
өзінің белгілі Экономикалық кесте (1758 ж.) еңбегінде баяндады. Мұндай
жай қоғамдық ұдайы өндірістің жиынтық өнімі белгілі құнмен қоғамда қалай
бөлінетіндегі көрсетілген. Франсуа Кенэ қоғамдағы ұдайы өндіріс
байланысының түп тұлғасын жасады. Ол ұдайы өндіріс терминін дүниеге әкелді.
Қоғамдық ұдайы өндірісті барынша терең әрі жан – жақты талдауды
К.Маркс жүзеге асырып және оны Капиталдың екінші томында баяндады.
К.Маркс қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің арасындағы пропорционалдықты
қамтамасыз ететін жәй және ұлғаймалы өндіріс мәселесін шешетін механизмді
ашты.
Қоғамдық ұдайы өндіріс мәселесіне ағылшын экономисі Джон Мейнрад
Кейнс белгілі дәрежеде мән берді. Өзінің тереңдігімен, ауқымдылығын
дараланған. 1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстан соң,
Дж.Кейнс ұлғаймалы өндіріс процесінің бұзылу себептерін ашуға талпынды. Ол
экономикалық дағдарыстың басты себебі тұрғындардың төлем қабілетіне
сұранымның төмендеуі деп есептеді.
Кейнстік теорияны жалғастырушылардың бірі – ағылшын экономисі Джон
Робинсон болып табылады. Оның есептеуінше, ұдайы өндіріс процесінің бұзылуы
сұранымның артта қалуымен болады, ал қоғамдағы табыстың дұрыс бөлінбеуінен
туындайды.
Өндіріс әрдайым тоқтамауы керек. Өндірілген материалдық және рухани
игіліктер тұтынылады. Адамдар өмір сүруі үшін, еңбек істеуі үшін тағам
өнімдеріне, киімге, тұрғын-үйге және тағы басқаларға ие болу қажет. Қоғам
өндірісті бір жылға ғана емес, бір айға тоқтатса, онда оның жойылуы әбден
мүмкін. Өндірістің ең басты міндетіне айқындылығына, оның үздіксіздігі және
тұрақты түрде түрленуінде. Өндіріс процесінің қоғамдық түрі қандай болмасын
ол алдымен үзіліссіз болуы керек, яғни белгілі бір сатылары кезеңмен
қайталанып және қайта қайталанып жүріп отыруы қажет. Өндіріс процесінің
тұрақты қайталануы және үзіліссіз жанғыруы ұдайы өндіріс деп аталады.
Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды: жай және ұлғаймалы.
Өндіріс процессінің көлемі мен ауқымының үзіліссіз өзгермеген күйде
жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен
масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы
өндіріс дейміз.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс нәтижесінде алынған қосымша құн
өндірушінің өзіндік тұтынуына жұмсалады.Егер қоғам және ұдайы өндіріс
шеңберінен шыға алмайтын күйде болса, онда ол өзінің болашағын жеп қояды.
Демек, оның заттық негізі – алдынғы циклде жиналған ұлттық байлықты жояды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірісте қосымша құнның бір бөлшегі тағы да қажет
өндіріс құрал-жабдығы мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалады.
Жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қарастыра отырып мынаны байқаймыз:
экономиканың кез-келген түрінде ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесі артығырақ
кездеседі. Мұнда өндіріс үлкен ауқымды және сапалық жаңа түрде тұрақты
жаңара түседі. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс екі типте болады: экстенсивті және
интенсивті. Экстенсивті ұлғаймалы ұдайы өндіріс бұрынғы техниқалық
негіздегі өндіріске қосымша еңбек пен материалдық – заттай ресурстарды қосу
арқылы жүзеге асады, бірақ жұмыскерлердің біліктілік деңгейі бұрынғыша
қалады.
Өндіріс ауқымын қарқындату жұмыс істейтіндер санының өсу, жұмыс күшін
ұлғайту, жаңа жерді игеру есебінен жүзеге асады және қосымша шикізат пен
материалды қолдануды қажет етеді. Бұл ұдайы өндірістің қорды сыйымдау және
ресурсты сыйымдау түрі болып табылады. Ол қоғамдағы ресурстардың
шектеулігін үнемі алдына тартады, сондықтан оны қолданудың келешегі жоқ
десе болады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интесивті түрі принципті тұрғыдан мүлде
өзгеше болмақ. Экстенсивтіге қарағанда, интенсивті түрінде өндіріс өте
тиімдірек, техникалық жағынан жетілген өндіріс құрал-жабдығымен және
кәдімгідей білікті кадрларды қолдану арқасында жүзеге асады. Бұл кезде
өндіріс көлемінің өсуі ресурстың ұлғайуын талап етпейді. Нақты өмірде
интенсивті және экстенсивті факторлар бірін-бірі толықтыра отырып үнемі
белгілі үйлестікте болады.
Интенсивті ұлғаймалы ұдайы өндірісте өте өнімді техника мен технология
қолданылады, сондықтан жұмыс күшіне деген тұтыныс қысқарады, бірақ оның
біліктілік деңгейі мен сапасына талап күшейеді.
АҚШ-да жеке кәсіпорындарын жұмыскерлер біліктілігін көтеру мен оқытуға
жыл сайынғы шығыны 30 млрд. доллардан асады және бұл жоғарғы білімге
кететін барлық федералдық шығындармен парапар. Нәтижесінде аз-ақ
жұмысшылармен өскен өнімді артығырақ өндіру жүзеге асады.
Ұдайы өндірістің интенсивті жолы жұмыс күшінің бір бөлігінен босатады,
сөйтіп олар халық шаруашылығының басқа саласында қолданыс табады.
Сондықтан да ұдайы өндірістің интенсивті жолы тауар мен қызмет көрсету
өндірісі саласының және материалдық емес игіліктер (білім, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.б.) саласының ашылуына кең мүмкіндіктер жасайды.
Қоғамдық өндірісті интенсификациялау материалдық өндіріс пен қызмет көрсету
саласымен шектелмей, сонымен қатар материалдық емес игіліктер мен қызмет
көрсету саласын да қамтиды. Бір сөзбен айтар болсақ, интенсификация кең
мағынада кешенді сипатқа ие болады және қоғамдық ұдайы өндірістің барлық
фазаларына: өндіріс, бөліс, айырбас, тұтынысқа таратылады.
Интенсификацияның ірі резервтері - өндірістік тұтыну және өндірістік
емес сала мен тұрмыста ресурстарды үнемдеу болмақ. Ұдайы өндірістің
интенсивті типі көптеген түрлер мен бағыттарда жүзеге асады. Оларды
қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
- техниканы жаңалау мен өндірісті модернизациялау;
- ресурстарды дұрыс қолдану және үнемдеу;
- өндірістің салалық құрылымындағы прогрессивтік қозғалыстар;
- кадр біліктілігін көтеру және оны үнемдеу;
- еңбек тәртіптілігін күшейту, еңбекке мотивацияны күшейту;
- табиғатты қорғау шаралары;
- басқаруды жетілдіру;
- сыртқы экономикалық байланыстарды рационализациялау.
Өндірісті гуманизациялау – бұл адамның қоғамдық табиғатына сай,
материалды-заттық және ұйымдық-экономикалық жағдайын жасау, яғни өндірісте
адамға жағдайды жасау:
- ауыр қол еңбегі мен біліксіз еңбекті ауыстыру үшін жағдай жасау;
- еңбектің бірыңғайлығын жойып, оны ауыстыру үшін жағдай жасау;
- тау-кен, металлургия, химия өндірістерінде еңбек жағдайын жақсарту;
- адам игілігі және оның денсаулығын сақтау үшін прогрессивті техника
мен технологияны жасау;
- тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен өзін-өзі бекіту үшін өндірісте жағдай
жасау.
Интенсификацияның төмендегідей түрлері бар:
1. Ресурсты сыйымдылау, мұнда бір өнім бірлігіне шығынды арттыру
байқалады.
2. Бейтарап түрде, мұнда шығынның өсуі өнімнің өсу қарқынымен бірдей
болады.
2. Қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы және пропорциясы.
Қоғамдағы ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы
элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік
процестің жеке фазаларының, факторларының, салаларының т.б. арасындағы
өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды. Қоғамдық ұдайы өндіріс
пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен
қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық прогресс. Оны
орнату,ұстау,өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал
етеді және өз кезегінде сол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына,
өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне, ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен
ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгілі бір сандық
пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
1. Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің макро құрылымның
элементтерінің арасындағы сандық арақатынас ( мысалы, тұтыну мен қор
жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтар
өндіріс пен тұтыну заттары, өндіріс т.б. арасындағы )
2. Салааралыққа – қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық
арақатынасы ( мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен
материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы)
3. Ішкі салааралыққа – сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (
мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б. )
4. Мемлекетаралыққа – ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекелеген
өндіріс салаларының сандық арақатынасы.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы
арқылы көрініс алады. АҚШ экономикасының салылық құрылымын мысалға
келтірейік.
I. Соғыстан кейінгі жылдардағы маңызды өзгеріс, өнеркәсіп пен ауыл
шаруашылығының арақатынасының өзгеруі нәтижесінде сонғысының жалпы ұлттық
өнімдегі үлес салмағы 3 еседей азайды. Бұл ауыл шаруашылығында еңбек
өнімділігінің өнеркәсіппен салыстырғанда қарқынды дамуымен байланысты
мүмкін болды.
Болжамдарға қарағанда, таяудағы 10-12 жыл ауыл шаруашылығында еңбек
өнімділігінің қарқынды өсу тенденциясы сақталады.
Ғылым мен техниканы ауыл шаруашылығына кеңінен енгізу, осының
негізінде еңбектің қоғамдасуының өсуі ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп
арасындағы өндірістік байланысты ұлғайтты, сайып келгенде, аграрлық-
өнеркәсіп кешенінің құрылуын тездетті. Сонғысы экономиканың үш саласының
өндірістік-техникалық және ұйымдық шаруашылық бірлігін көрсетеді: ауыл
шаруашылығы үшін өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласы, ауыл шаруашылығы
өндірісінің өзі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оны түпкі
тұтынушыларға сату саласы. Аграрлы өнеркәсіптің индустриалды өндірісінің
бір саласына айналдыру деген сөз.
II. Салалық өзгерістерді сипаттайтын бір ерекше жағдай өндіруші
өнеркәсіп үлесінің азаюы. Оны былайша түсіндіруге болады.
Біріншіден, өндіру жағдайының нашарлауы; екіншіден, шикі затты
өңдеу дәрежесінің өсуі; үшіншіден композициялық жаңа материалдарды
игеру; төртіншіден, табиғат шикізаттарының баламасын өндіретін
салалардың дамуы; бесіншіден, өндіріс процесінде энергияны,
шикізатты, материалдарды тұтынудың төмендеуі.
III. 60-шы жылдардан бері өнеркәсіптің үлес салмағының біртіндеп азаюы.
Бұл, бір жағынан, өнеркәсіп салаларының экономикалық өсуімен,
әсіресе, ғылыми сыйымды, ал екінші жағынан, өнеркәсіп өндірісінің
базалық дәстүрлі салаларының экономикалық маңыздылығының
төмендеуімен байланысты.
IV. Материалдық өндірістің тиімділігінің өсуі негізінде өндірістік емес
саланың рөлі артты. Мысалы, соғыстан кейінгі жылдарда АҚШ-тың
ұлттық өнімінде оның үлесі 1,3 есе артты. Өндірістік емес салада
негізгі капиталды жинақтау процесі активті сипат алуда. Өндірістік
емес сала қоғамдық өндірістің жеке дара саласына айналды.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымы негізгі салалар арасында еңбекті
бөлудің сандық пропорциялармен сипатталады. Жалпы ұлттық өнімнің салалық
құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар
байқалады, ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да,
өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады ( бұл үстіміздегі 100
жылдықтың 60-жылдарына дейін орын алды, кейіннен төмендеді ). Еңбекті
бөлудегі сандық пропорциялардың елеулісі, қызмет көрсету саласындағы жұмыс
істеушілердің үлесінің артуымен байланысты 80-жылдардың орта шенінде
дамыған елдердің көпшілігінде бұл көрсеткіш дәрежесі 60 процентке жетті
және одан да асып түсті.
Сонымен, макроэкономикалық дәрежеде құрылымдық өзгерістерді
қарастырудан мынадай заңдылықтар туындайды: екінші дүниежүзілік соғысқа
дейін еңбек өнімділігі өңдеуші өнеркәсіп саласында жоғары қарқынмен өсті.
Бұл болса, ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің басқа материалдық
салалармен салыстырғанда жоғары қарқынмен дамуына негіз қалады. Қазіргі
жағдайда, материалдық өндіріс салаларының интенсивті даму жолына көшуімен
байланысты, өндірістік емес салада еңбек өнімділігінің қарқындырақ өсуіне
жол ашылды, яғни өндірістік емес саланың ұлғаюы, тек материалдық саладағы
еңбек өнімділігінің өсуі есебімен емес, сол саланың жанды және затқа
айналған еңбегін үнемдеу есебінен де мүмкін болады. Осының бәрі ұлттық
экономиканың тиімділігін көтерудің қажетті шарты. Қоғамдық өндіріс дәстүрлі
түрде тек қана материалдық ұдайы өндіріс саласын және оның екі бөлімшесін
қамтиды:
1. Өндіріс құрал-жабдығының өндірісі;
2. Тұтыну заттарының өндірісі.
Бірінші бөлімше өндіргіш күштердің заттық факторын ұдайы өндірсе,
екіншісі – адам үшін тұтыну заттарын ұдайы өндіреді.
Адам – қоғамның басты өндіргіш күші. Жалпы алғанда жиынтық қоғамдық
өнім ұдайы өндіріледі, себебі ол айналым саласында өткеріледі. Жоғарыда
атап өткеніміздей, ұдайы өндіріс жәй және ұлғаймалы болады. Жәй ұдайы
өндірісте өндіріс процесі бұрынғы өзгермеген ауқымды қайталанады және
жаңғырады. Бұл жағдайда барлық қосымша өнім өзіндік тұтынуға жұмсалады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірісте өндіріс процесі көбейген мөлшерде қайталанады
және жаңғырады. Бұл жағдайда қосымша өнімнің бір бөлігі өндірісті ұлғайтуға
жұмсалса, келесі бөлігі – тұтынуға жұмсалады. Қоғамдық өнімді ұлғаймалы
ауқымды еселеп өндіруді қамтамасыз ету үшін, өндіріс құралдарын өндірудің
ауқымды қарқыны өндіріс құралдарының және де сондай-ақ тұтыну заттарын
ұдайы өндіру үшін де қажет. Тұтыну заттарын ұдайы өндіру тұрғындар санының
өсу қарқынынан қалмағаны дұрыс. Ол үшін жыл сайын қосымша мөлшерде өндіріс
құралдары талап етіледі. Сөйтіп ол тек ескірген, тозған өндіріс құралдарын
ауыстыру үшін ғана емес, оның бір бөлшегі өндіріс ауқымын ұлғайтуға
жұмсалады.
Өндіріс процесі тұрақты түрде жаңғыруы үшін, ондағы қоғамлық өнімнің
өткерілуін қамтамасыз ету керек, яғни оның құндық және натуралды түрлерінің
жеке бөлшектерін орнына келтіру қажет. Жәй ұдайы өндірісте осы бөлшектер
сол өз мөлшерінде қалпына келтірілуі керек, ұлғаймалы ұдайы өндірісте –
еселенген түрде болады. Ол үшін екі бөлімшелердің арасындағы белгілі
пропорцияны сақтап қана қоймай, сонымен бірге олардың ішкі пропорциясының
сақталуы талап етіледі.
Жәй ұдайы өндіріс кезіндегі өткерілу шарттары.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістегі бастаудың негізі жәй ұдайы өндіріс болып
табылады. Біріншіден, жәй ұдайы өндіріс мынаны байқатады: бірінші
бөлімшедегі өндірілген өнім екі бөлімшедегі өндіріс құралдарына кеткен
шығындарды қалпына келтіруі керек: І (c+v+m)= Ic+IIc.
Екіншіден, екінші бөлімшенің өнімі екі бөлімшедегі жаңадан құрылған құнға
тең: II (c+v+m)=I (v+m) + II (v+c)
Үшіншіден, бірінші бөлімшенің жаңадан құрылған құны екінші бөлімшенің
қалпына келтіру қорына тең болуы керек: I (v+m) = IIc.
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезіндегі өткерілу шарттары.
Біріншіден, бірінші бөлімшенің өнісі екі бөлімшедегі өндіріс құралына
кеткен шығындардан көп болуы керек: І (c+v+m) Ic+IIc.
Екіншіден, екінші бөлімшенің өнімі екі бөлімшедегі жаңадан құрылған құннан
аз болуы керек: І (c+v+m) I (v+m) + II.

қалпына келтіру қорынан көп болуы керек: I (v+m) IIc.
Тек осы шарттарды жүзеге асырғанда ғана ұлғаймалы ұдайы өндіріс болуы
мүмкін. Осыдан байқалатыны: ұлғаймалы ұдайы өндірісті жүзеге асыру үшін
белгілі арақатынас пен пропорцияны сақтау талап етіледі.
Осыдан мынадай қорытынды жасаймыз:
А) екінші бөлімшенің ұлғая дамуы бірінші бөлімшеге байланысты;
В) қоғамдық өнімнің өткерілуі тек өзара бөлімшелердің және олардың өз
ішіндегі белгілі пропорциялардың болуымен ғана мүмкін;
С) пропорциялардың бұзылуы қоғамдық өнімнің өткерілуін қиындата түседі және
артық өндіру экономикалық дағдарысқа соқтырады. Қоғамдық ұдайы өндірістің
бірінші және екінші бөлімшелері арасындағы пропорциялар экономиканың дамуы
үшін аса маңызды орын алады.
Бірінші бөлімшенің – артығымен өсу экономикалық заңы – бар екендігін
айтқанымыз жөн. Өндіріс құрал-жабдығын өзара өндірудің икемді оптималды
сипатта болуы тұтыну заттарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz