Қазақ әдеби тіл нұсқаларын зерттеуші ғалымдар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.Орта түркілік дәуірдегі ресми-іс қағаздары.
2. Жаңа түркі дәуіріндегі ресми-іс қағаздар.
ІІІ Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы қазақ даласында XX ғасырдан бұрын
қазақша жазылған іс қағаздары болған ба, олардың тілдік ерекшелігі, жазылу
мақсаты, стилі қандай болған деген мәселелерге тереңірек үңілу үшін бірінші
бөлімде XІ ғасырдан бастап XVIII ғасырға дейінгі іс қағаздарына тоқталамыз.
Қазақ даласындағы қоғамдық, саяси - әлеуметтік жағдайларға, сол кездегі
қазақ тілін, қазақ ресми іс қағаздар тілін сипаттайтын нұсқаларға, ресми іс
қағаздар стилінің ерекшеліктеріне байланысты, тақырыптарды кезең-кезеңге
бөліп қарастырамыз.
Ресми іс қағаздарының қолданылуы, түрлері, мазмұны, мән-мақсаты қоғамдағы
саяси - әлеуметтік жағдаымен тікелей байланысты болғандықтан қай кезеңнің
болмасын іс қағаздарын қарастырғанда сол кезеңдегі қазақ даласының ішкі,
сыртқы саяси экономикалық, әлеуметтік жай – күйіне шолу жасап отырмыз.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының
бірі- оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай
іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі
бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай, мемлекеттік ресми
құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай, барлық құрырылымдағы
іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің қолданыс аясы, қызмет
қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының саяси,
тарихи, құқықтық,экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала,
кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың табылмас
қайнар көзі бола алады. Құжатар фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірінің
құбылыстарын дәлеледейтін айғақ қызметінде атқарады.
Іс қағаздары – басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдармен мен
мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі
шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді.
Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін
көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізділігініне
тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу – басқару процесінің ажырамас
бөлігінің бірі болып табылады.
Үкіметтің басқару істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты
құжаттар арқылы жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу – мекеме жұмысының нақты
құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі. Мекемелер
арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы
іске асады.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын
толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістер, жазылу стилі,
қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің
қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігін тигізуін қамтамасыз
ету.

1.Орта түркілік дәуірдегі ресми –іс қағаздар

Орта түркі жазба әдеби тілі бұрынғы қарлұқ, оғыз, қыпшақ тілі топтарының
құрамындағы түркі тілдерінің бәріне ортақ болған. Бұл ортақ жазба әдеби тіл
XI ғасырдан бастап XV-XVI ғасырларға дейін, яғни олардың әрқайсысының жігі
ажырап ұлттық тіл дәрежесіне жеткенге дейінгі уақытты қамтыған. Орта түркі
әдеби тілінде жазылған мұралар қарлұқ, оғыз, қыпшақ тілі тобының құрамында
болған қазіргі қазақ әдеби тіліне әрине тікелей қатысы бар. XVI ғасырда
жазылған хан жарлықтарын да қазіргі қазақ іс қағаздар тілімен тікелей
тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастыруымыз керек. Бұл жөнінде
А.Ибатов: Жарлықтар тексі болса, сол орта ғасыр жазба әдеби тілінің
стильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұралар
қатарында танылуы қажет - деп жазады.
XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.
Бұлардың үшеуі XIV ғасырдың аяқ шенінде жазылған Тоқтамастың екі жарлығы
мен Темір Құтлұғтың жарлығы орта түркі жазба әдеби тілінде жазылса, жетеуі
– Ману –Темір (1342), Өзбек, Бердібек (1357), Атулақ (1379) Жарлықтары және
Тайдулы ханшаның (1357) үш жарлығы орыс тілінде жазылған. Тоқтамыстың
бірінші жарлығы поляк Князі Ягайлаға жолдаған. Бұл жарлық 1393 жылы Орданың
Дон бойында тұрған кезінде жазылған. Жарлық тілін зерттеушілердің көпшілігі
бұл жарлықты жергілікті қыпшақ тілінде жазылған деп көрсетеді. Түп нұсқасы
орта түркі жазуымен жазылған жарлықты Қазем- Бек араб әрпімен
транскрипциялайды. Жарлық мазмұнында Тоқтамыс хан Ақсақ Темірдің Ордаға
шабуыл жасамақ ниеті бар екенін мәлімдей келіп, өзінің Ягайламен қарым-
қатынас жасап тұру ниетін білдіреді. Жарлықтың В.В.Радлов, И.Н.Березин
транскрипцияланған нұсқалары да бар. И.Березин жарлық мәтінін Ш.Уәлихановқа
жіберіп түсініксіз сөздердің мағынасын ашып беруді өтінеді. Ш.уәлихановтың
Письмо к профессору И.Н.Березину деген хатында және Заметкасында ол
сөздерге түсінік беріледі.
Тоқтамыстың екінші жарлығы 1392 жылы араб әрпімен жазылған. Жарлықтың
араб әрпімен жазылғанына қарағанда, Ордада екі түрлі жазу әдеті болғаны
аңғарылады. Оның негізгі себебі қағаздың халық арасына қаншалық таралу
қажеттілігінен туған сияқты. Яғни, егер қағаз тек Орда маңында ғана қажетті
болатын болса, моңғол (ұйғыр) жазуымен жазылып, егер жалпы халыққа қатысты
болатын болса, көпке белгілі араб әрпімен жазылып отырылған - деп жазады
А.Ибатов. Тоқтамыстың екінші жарлығы уақыты бойынша бірінші жарлықтан бұрын
жазылғанмен, табылған уақытына қарай ғылыми еңбектерде екінші жарлық деп
аталады. Жарлық мәтінін транскрипциялап, орысшаға аударып түсініктемесін
жазған, тілін зерттеген ғалымдар Я.О.Ярцев, В.Григорьев, И.Березин оның
тілін Орта Азиялық түркі әдеби тіліне жатқызады.
Темір-Құтлұғтың жарлығы 1397 жылы Орданың Днепр жағасында тұрған
кезінде, орта түркі жазуымен жазылған. Жарлықтың транскрипциясын жасап,
тілін зерттеген ғалымдар Г.Гаммер, И.Н.Березин,Г.Вамбери, В.В.Радлов, Т.Б.
Темір-Құтлұғ жарлығының тілін зерттеушілердің көпшілігі жарлықты қыпшақ
тілінің элементтері көбірек сақталған ескерткіш ретінде таниды.
Құжаттың үшеуі де жарлық деп аталғанмен олардың мазмұн-мақсаты әр
түрлі. Жарлық сөзінің мағынасы әмір беру, бұрыу, бұйрық беру сөздерінің
мағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргі
үкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғана
емес, көпшілік халыққа берілітін, жалпыхалықтық сипаттағы әмір, бұйрық.
Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі оның барлығына
жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиісті құжат
екендігінде. Ал Тоқтамыстың бірінші жарлығы қазіргі халықаралық қатынасты
реттеу, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында бір елдің екінші елге
делегация жіберу, ресми хат жіберу процесінде ұқсас жағдай. Тоқтамыс бұл
жарлықты XIV ғасыр тілімен айтқанда елшілер арқылы, қазіргі қалыптасқан
норма бойынша айтсақ делегация арқылы жіберіп отыр.Бұл жарлық мәтінінде
былай берілген: емді бу йарганы аңлату Асн Тулу Хоже башлы елчілерні ійттүк
–неді осының жөнін білдіріп Асан, Тұлы-Қожа бастаған елшілерді жібердік.
Жарлық мазмұнында жоғарыда айтылғандай жалпы халыққа қатысты, орындалуға
тиіс мәселе жайы емес, поляк князі Ягайламен жақсы қарым-қатынас жасап тұру
ниеті жайында жазылған. Жарлық мазмұнында Темірдің ( Ақсақ Темір) Тоқтамыс
Ордасында шабуыл жасамақ ниеті бар екендігі айтылады, яғни, Тоқтамыс бұл
жарлықты жазу арқылы арқылы Ягайланы өзіне жақтас санайтындығын, егер Темір
тарапынан жаугершілік бола қалса өзінің Ягайла көмегімен бас тартпайтынын,
оған сенетіндігін білдіргісі келген. Яғни, бұл құжат мазмұны, стилі,
құрылымы, жазылу мақсаты жағынан жарлықтын гөрі ресми хатқа көбірек
ұқсайды.
Ал екінші құжат – Темір Құтлұғтың жарлығы. Жарлық ата-бабасынан бері
тархан болып саналатын Мұхамедке берілген. Онда Мұхамедтің де балалры
Тархан Дәрежесінде саналу қажет екендігі және олардан ешқандай алым-салық
алуға болмайтыны жайында айтылған. Құжат бойынан қазіргі анықтама, куәлік,
рұқсат қағаз, қызметтік хат, жарлық, қаулы сияқты ісқағаздарына тән
элементтер кездеседі. Жарлықтағы : Оң қол сол қолның оғланларыға түман едгу
башлық мың йүз он бекларіге ічкі кептларнің қази муфтиларыға йортыр ішланчі
йолаучыларға букааул туткаулларға йорчылар кучы барсчыларға кемачі
көбрукчіларға базарда турғанларға.(Оң жақ, сол жақтың ұландарына өлкенің
игі басшылары мың (басы) жүз (басы), он (басы ) бектеріне, ішкі қалалрдың
қазы, муфтыларына, машайық, сопыларына, мекеме хатшыларына, баж алымын
жинаушыларына, таразышыларына, жортуылдаушы жолаушыларға, әскери төрелер,
алым-салық жинаушыларға, почта бастықтары, аспазшылар, құсшы, аңшыларға,
кемеші, көпіршілерге, базарда тұратындарға) деген құрылым біріншіден,
құжаттың кімге арналғандығын, яғни, қазіргі іс қағаздар тілімен айтқанда
адресатын көрсете, екіншіден, бұл жарлықты кімдердің рындау керектігін
немесе Мұхамадтің мұны қай жерлерге көрсете алатындығын, Мұхамедтің құқын
көрсетеді, яғни, қазіргі іс қағаздар тілімен айтқанда құжаттың заңдық күші
менжарамдық радиусын көрсетіп тұр. Қазіргі іс қағаздардың рәсімдеуі,
жазылуы, заңдық күшінің , жарамдылық радиусының көрсетілуі әрне, XIV
ғасырда құжаттармен салыстырғанда әлдеқайда жетілген. Қазір жоғарыда
құжаттан келтірген үзіндіде көрсетілгендей бәрін санамалап отырмайды, егер
белгілі бір ведомстволық мекеме берсе сол облыс көлемінде, республикалық
деңгейдегі мекемеден берілсе республика көлемінде заңдық күші бар екендігі
өзінен-өзі белгілі болып тұрады. Бұл XX, XXI ғасыр адамының санасындағы,
оның ішінде құқықтық санасындағы қалыптасқан ақпараттық мәліметке
байланысты.
Қазір жүргізілетін іс қағаздар ішінде жетекшінің мекемені басқару
барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті кадрлық мәселелерді
шешу мақсатында беретін, қарамағындағыларға орындауға тиісті нормалардан
тұратын өкілеттік құжаттың бір түрі- бұйрық. Бұйрық мәтіні әдетте екі
бөліктен тұрады: констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші
бөлігі) бөлік және өкімдік бөлік. Констатациялық бөлікте, бұйрықтың
мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған факті көрсетіледі. Егер берілетін
бұйрық түсіндіруді қажет етпесе констатациялық бөлік жазылмайды. Өкімдік
бөлікте берілетін бұйрықтың негізгі мәтіні жазылады. Таңдалып отырған Темір-
Құтұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа да жақын.
Себебі, жарлықтың негізгі, өкімдік бөлігі жазылмас бұрын жарлықтың
берілуіне, жазылуына себеп болып отырған мәселе сөз болады. Яғни қазіргі іс
қағаздары тілімен айтқанда констатациялық фактілер келтіріледі. Мысалы, бу
йарлығны тута турған Макмудның өбага аталарыны бурунгы кечкан сайн хан
чағыдын бірі біра йарлығ раст тарханлық йосуныча йүрүб атасы Хажы Байрам
Хожаны біздің хан ағаларымыз сийуб көрүб Махмуд бізің сиурғал болуб тархан
болуб турсун тедіміз (бұл жарлықты көрсетуші – Махмудтың баба аталарын
бұрынғы өткен Сайын –хан уақытынан бір-бірнен шын тархандық жарлықтың жөн-
жосығы бойынша жүріп, атасы Қажы-Байрам-Қожаны біздің хан ағаларымыз сый
көрсетіп жарылқап тархан қылған жөнін ескертіп өтінсе, өтінішін мақұл
көріп, Махмуд біздің сый көрсетіп жарылқаған адамымызблып тархан болып
тұрсын дедік)
Қазіргі іс қағаздар тілінде өкімдік құжаттардың негізгі, өкімдік
бөлігінде баяндауыш бұрық рай формасында тұратынболса, Темір-Құтлұғ
жарлығында да негізгі, өкімдік бөлігіндегі баяндауыш етістіктің бұйрық рай
формасында берілген. Жарлық мәтінінен мысалдар келтірейік:
азад тархан болсун – азат тархан болсын
күч оға текүрмасүн -күш көрсетіп, зорлық жасамасын
салық борч хач алмасунлар –салық,ақшалай қаржы салығын алмасын.
тартнақ алмасун – таразы ақы алмасын
қонақ түшүл түшүрмансүнлар – қонақ ақы сұрамасын
қараууллуқ тіламасүнлар – қарауылдық ақы тілемесін
сусун ғулуфа тіламансүнлар – тамақ ақы, жем-шөп ақы телемесін
масун уа махрус болсунлар – қорғалып, сааақталатын болсын
ұлақ тұтмасун – ылауға алмасын
Мысалдардан көріп отырғанымыздай бұйрықтық реңк негізінен етістікке
сун,-сүн қосымшарының қосылуы арқылы ьерілген. Қазіргі қазақ тіліндегі
бұйрық райдың ІІІ жақ жекеше түрі де, көпше түрі де етістік негізіне –сын,
-сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі. Түркі тілдерінің
түбір құрамында да, аффикстер құрамында а ы у дыбыс сәйкестігі кездеседі.
Темір-құтлұғ жарлығының өкімдік бөлігінде жарлықтың қай жерлерде
жеңілдік беретіні, салық түрлерібас-басына санамалап көрсетіледі. Бұдан сол
кезде салық түрлерінің және сол салықты жинаушылардың қызметтері мен
атауларының әлі де топтастырып, жүйелне қоймағандығын байқауға юолады. Мұны
жарлықтың біз өкімдік деп қарастырып отырған бөлігін оқи отырып көз
жеткізуге болады :
...бу күндін ілгарү Қырым
біла Қырқ йернің туманында Судақ атлық
кентнің жуарында бурунғы замандын
берү муттааддід тархан болған Індірчі саласы
біла машһүр болған саласыдын шариғи қабала
йосуныча йер суулары біла Махмммммммудның
оғланлары ілкі Хажі Муқаммад уа Мақмуд
азад тархан болсун буларның йер сууларынға
бағ бағчаларыға хаммам тікірманларіге
тасарруф қыла тұрған йерларіға
бурундын қалағн азадларыға баса салаларыға
сабанчы ортақчыларға кім кім
ерса күч оға теккүрмасүн йолсуз
борла тамғасы ен кінчі өскү
булкуртыамбар малы ендір хақы
табанлық қысмат убур йасағы мусамма
Қазіргі қазақ тілінде :
...бүгінне бастап Қырым
Мен Қырық Ердің өлкесінде Судақ деп аталатын
Қаланың маңында бұрынғы заманнан
Бері тархан болып бекітілген Індірші селосы
Мен аты тараған селосынан заңды міндеттеменің
Жол-жосығы бойынша жер-суларымен Махмуттың
Ұлдары алдыңғы үлкен Қажы- Мұхамемет пен Маааааахмут
Бостандық тиген тархан болсын.Бұлардың жер-суларына
Бау-бақшаларына, монша диірмендеріне
Иелік ететін жерлеріне,
Бұрыннан қалған бостандық берілген адамдарына және селоларына,
Заттарын тартып алмасын
Мақан ақы, егін өсімі,
Бастырылған астық салығы, қамба үлесі, қырман ақы
Тәуелділерге арналған жеке салық құбыр қалау ақысы (су ақысы), жер
өңдеу алымы, жанға түсетін
Салық, ақшалай қаржы салығын алмасын. Барарында келерінде,
Кірер шығарында, Қырымда, Феодосияда неше
Түрлі зат аларында, сатарында баж алымы
Таразы ақы алмасын. Тархандық тәуелділерге арналған жол ақы,
Қарауылдық ақы тілемісін. Тауар, қараларын
Ылауға алмасын. Қонақ ақы сұрамасын,
Тамақ ақы, жем-шөп ақы тілемісін,неше
Түрлі әбігерлік пен қауіп –қатер және ренішті жағдалардан
Қорғалып, сақталатын болсын
Үшінші құжат – Тоқтамыстың екінші жарлығы. Бұл құжат жарлықтан гөрі
белгілі бір жеңілдіктері бар екендігін растайтын куәлікке көбірек ұқсайды.
Яғни, қазір біз анытамалық-ақпараттық деп бөліп жүрген құжаттар тобына
жатқызуға болады. Себебі жарлық Қырым өлкесінің ел билеуші бектеріне, қазы,
муфтилеріне, баж алымын жинаушыларға Сүткүл елінен жыл сайын түрлі алым-
салық жинамасын, егер күш көрсететін болссаңдар сендерге де жақсылық
болмайды деген мазмұнда жазылған. Құжаттағы Қырым Туманының Қутлу Бұға
ьашлық даруға бекларінга қазы муфтиларынга шаих машаиларінга диуан
бітікчіларінга тамғачы тартлақчыларынга букаул тутқауулларынға ни кім
хурфат ағаларынга барчаға (Қырым өлкесінің Қутлу-Бұға басшылық ететін ел
билеуші бектеріне, қазы, муфтилеріна, әмірші, машйықтарына, неше алуан
тамаша құрметті адамдарына, баршаға) деген құрылым біріншіден, бұл құжаттың
заңдық күшінің қай жерлерде жүретіндігін, жарамдылығын көрсетсе, қазіргі
құжаттарда көрсетілітін жеңілдіктердің облыс көлемінде немесе республика
көлемінде күші бар дегені сияқты, екіншіден , жарлықтың кімге арнап
жазылғандығын, қазіргі іс қағаздар тілімен айтқанда адресатты көрсетіп тұр.
Жарлықтағы анықтамалық-ақпараттық құжатқа тән тағы бір белгі – құжат
мәтінінде қазіргі анықтамаларда жазылатын дайын тілдік бірлікке ұқсас
құрылымның болуы.Қазіргі іс қағаздар тілінде : "Анықтама Алматы қаласы
Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету үшін берілді", "Анықтама тем3ржол
және аэропорт кассаларына көрсету үшін берілд","Анықтама диссертациялық
кеңеске тапсыру үшін берілді" деген дайын тілдік бірлік қалыптасқан. Яғни,
кімге, неге, деген дайын сұраққа жауап беретін бөлігі ғана өзгереді де,
жалпы құрылым дайын, стандарт форма ретінде қолданылады.Жарлыықтағы құрылым
да осы іспеттес: Бу йарлықны тутуб тұрған Бек хажыға бінаһлық елі жүмласі
бізнің сиурғал болуб Суткул елдін йыл сайын ни кім чықар чықысын мафуғлар
бірла бачасын алмасынға берілді (Бұл жарлықты ұстаушы Бек-Қажыға қарасты
елінің бәрі біздің сый көрсетіп жарылқаған адамдарымыз болып, Суткул елінен
жыл сайын неше түрлі шығар шығасысын салығын үстеме өсімімен бәрін алмауға
берілді). Немесе, қазіргі іс қағаздар тілінде, дәлірек айтсақ анықтамалық-
ақпараттық құжаттың бір түрі ретінде саналатын анықтама мәтінінде мына
формадағы дайын тілдік бірлік қолданылады: Осы анықтама Бердібаева Айгүл
Оралбекқызына, оның абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті қазақ
филологиясы факультеті күндізгі бөлімінің ІІІ курсында оқитынын растау үшін
берілді, ал жарлық мәтініндегі құрылым :барчалары бір йерга жамығ болуб
чықар чықышларын сол қылмадын хамаит ғанаит болмадын пайза йарлығлығ тархан
бітмадін (Баршасы бір жерге бірлесіп шығар шығындарын (алым-салықтарын )
ұқыпсыздық қылмай, қамқолық көрсетіп жәрдем ету үшін пайдалы тархан жарлығы
жазылды) немесе, басапіс Бек Хажы сиурғалдым тіб іш болмаға йтіб тұта
турғуға ал тамғалығ йарлығ берілді (Бірақ Бек-Қажы сый көрсетіп жарылқаған
адаммын деп аянышты жарлыларға күш көрсететін болсаң, саған да игі іс
болмайды деп, ұстай тұру үшін ал қызыл таңбалы жарлық берілді)
Бұл құжат мазмұны, кейбір құрылымдылық ерекшелігі жағынан жеңілдік
беретін, алым-салықтан босататын куәлікке, яғни, қазіргі анықтамалық-
ақпараттық деп бөліп жүрген құжатқа көбірек ұқсағанымен, грамматикалық
құрылысы, стилі жағынан өкілеттік құжатқа келеді. Себебі жарлық тәтініндегі
негізгі мәселе қазіргі өкілеттік құжаттардың басты белгілерінің бірі болып
табылатын бұйрық рай формасында берілген. Мысалы, бу күндін ілгарі Суткулға
салығ мусамма салмасунлар олағ сусун тіламасүнлар амбар хақы екін харч
тіламасунлар тумандын еріктін болуб Қырым ічінда тышында (Бүгіннен бастап
Суткулге жан салығын салмасын, ылау, ас-су тілемесін, қамба ақы, егін ақы,
ақшалай қаржы тілемесін, өлкеден еркін болып (бағынышты болмай), Қырымның
ішінде, сыртында, қонымдарда Суткулге бағынышты кісілерін кім болса да
тимесін)
Қазіргі іс қағаздарына қойылатын талаптың негізгілері немесе міндетті
реквизиттер: құжаттың жазылған немесе берілген орны мен датасының
көрсетілуі болса, бұлардың екеуі де Тоқтамыстың 1392 жылы жазылған
жарлығында бар. Оған дәлел жарлық соңында Орда Тын Ортөбеде Қырда табылады
туғрарру аррбға уа алхишрина шаһра зилқағда саната арбағи уа тисхуна бічін
йыл бітілді (Орда Дон Ортөбеде қырда тұрған-ды.Тоқсан төртінші жылы, мешін
жылы, зульхад айының жиырма төртінде жазылды) деп көрсетілген. Хиджраның
794 жылы – жаңаша 1392 жыл.
XIV ғасыр іс қағаздарының тілдік сипаты мен лексикалық ерекшелігіне
келетін болсақ, талданып отырған жарлықтар мәтіні жағынан шағын, шамамен
бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікіріне сүйенсек,
жарлық мәтіндерінде шамамен 350-дей бүбір және туынды сөз қолданылған. Ол
сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тән сөздер болғандықтан түркі тілдес
ұлт өкілдері немесе түркі тілдерінің бірін білетін адам жарлық мазмұнын көп
қиындықсыз-ақ түсініп, мәселенің не жайлы екендігін аңғара алады. Жарлық
мәтіндерінде өз заманына сай қолданылған түсініксіз сөздер де жоқ емес.
Олардың біразы моңғол тілімен байланысты болса, біразы мұсылман дінімен
бірге келген араб сөздері. А.Ибатовтың жіктеп көрсетуінше жарлық
мәтіндерінде қолданылған барлық сөздердің 5 пайызы (15 сөз)-моңғол сөздері,
15 пайызы (44 сөз) – араб сөздері, 80 пайызы (240 сөз)- түркі сөздері,орыс
сөзінің саны біреу ғана. Жарлық мәтінінде қолданылған сөздердің негізі
түркі сөздері болғанымен олардың бәрі бірдей дәл бүгінгідей формада емес.
Мәселен, едгу – ізгі жақсы мағынасындағы сөз. Бұның ізгі, игі формалары
қазіргі қазақ тілінде сақталған. Аға – сыйлы, құрметті деген мағынада
қолданылған. Енч – жеке , өз бетінше, еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мұхтар Әуезов – фольклор зерттеушісі
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі қазақ әдебиетінің тарихы, журналистика бойынша монографиялар және оқулықтар
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Сәрсен аманжолов өмірі
Көне түркілер
Ысқақ Дүйсенбаев - фольклортанушы
Қазақ тілінде тарихи хикая
Пәндер