Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Жоспар:
1. Кіріспе:
1. Етістіктің рай категориясының зертелу тарихынан
2. Шартты райдың түркітанда зерттелу жайы
1. Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы:
1. А. Ысқақов пен М. Қараев классификациялары арасындағы ұқсастық пен
айырмашылық
2. Етістің түбір тұлғасы мен екінші жақ бұйрық тұлғасы мәселесі
3. Рай категориясы
3.Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1. Етістіктің рай категориясын зерттелу тарихынан
Қоршаған дүниені танып-білу кезінде адамзаттың айналадағы заттарды тек
материя күйінде ғана қабылдап қоя салуы жеткіліксіз. Адам санасына бұған
қоса ойлау жүйесі тән. Ойлаумен байланысты субъектінің объектив дүниедегі
қимыл-әрекетке деген көзқарасы, өз тарапынан беретін белгілі бір бағасы
болады. Бұл ұғым модальдылық деп аталады. Модальдық реңк тілде 2 түрлі
жолмен жасалады, бірі - модаль сөздер, сөйлем арқылы, екінші - рай
формалары арқылы.
Ең алдымен рай категориясының зерттелу жайына тоқталып өтпекпіз. Кеңес
дәуіріне дейінгі түркітану әдебиеттерінде болсын, Кеңес дәуіріндегі
әдебиеттерде болсын, жалпы түркі тілдеріндегі етістіктің рай категориясы
арнайы зерттеудің нысаны болмаған. Тек белгілі бір тілдің етістік жүйесіне
сипаттама беру барысында, көбінесе орыс грамматикасының ізімен зерттелген.
Оған дәлел ретінде А.Троянскийдің басшылығымен 1824 жылы Қазанда басылып
шыққан Краткая татарская грамматика, 1846 жылы Қазанда басылып шыққан
Қазем-Бектің Общая грамматика турецко-татарского языка , 1869 жылы
Қазанда шыққан Грамматика алтайского языка деген еңбектерді айта аламыз.
Ал қазақ тіліне қатысты зерттеу еңбектерінің қатарында Н.И Ильминскийдің
Материалы к изучению киргизкого наречия, П.М Мелиоранскийдің Краткая
грамматика казак-киргизкого языка, 1897 жылы миссионерлер қоғамы басып
шығарған В.В Катаринскийдің Грамматика киргизского языка деген еңбектері
аталып жүр. М.П.Мелиоранский еңбегінің Н.И Ильминскийден өзгешелігі онда
қалау райдың бесінші түрінде енгізілген.
Н.И Ильминский бұйрық райдың 3 жағы да бар деп көрсетеді. Ал
П.М.Мелиоранский бұйрық райдың бірінші жағын мойындамайды, оны қалау
райға жатқызады. Н.И.Ильминскийде қалау рай мүлдем көрсетілмеген. Ол түркі
тілдеріне тән –ғай, -гей, -қай, -кей аффикстерін келер шақтың ежелгі
формасы деп таныған.
Етістіктің рай категориясы түркі тілдерінде әр түрлі аталады:
Қарақалпақ тілінде - мейил, қырғыз тілінде - майл, ұйғыр тілінде - мәйил,
түрікмен тілінде - форма.
Райдың түрлерінің өзі түркі тілдерінде әрқалай болып келеді. Жалпы саны
4-тен 12-ге дейін жетеді. Бұған байланысты М.Томановтың мына пікірін
келтіру орынды: Бір ғана жүйелік, құрылымдық топқа жататын, материалдық
негіздері бірдей тілдерде немесе бір тілде бір ғана категорияның әр түрлі
топтасуы сол құбылыс жайындағы түсініктің әр түрлі болуына байланысты.
Ғалым қазақ тілінде көсемше деп танылып жүрген -ғалы аффиксінің кей
деректер бойынша қайсыбір түркі тілдерінде дербес райға жататынын мысал
етеді. Рай турасында осындай әрізді пікірдің қалыптасуына байланысты
Н.А.Баскаковтың ойы Б.Ж.Доскееваның кандидаттық диссертациясында жатық
тілмен жақсы жеткізілген: Түркі тілдерінде рай, шақ категориялары әлі жан-
жақты зерттелмеген. Түркі тілдері грамматикаларының көпшілігінде бұл
категориялар қалыптасқан дәстүрлі схема (латын, грек, Батыс Еуропа, орыс
тілдерінің грамматикалары) бойынша берілген, яғни нақты бір тілдегі әрбір
тұлға салыстыру арқылы анықталмай, олардың беретін мағыналары шынайы
зерттелмей, ерекшеліктері мұқият есепке алынбай жазылған. Ол түркі
тілдерінің егжей-тегжейлі дұрыс зерттелмей, орыс, латын т.б. тілдердің
үлгісімен асығыс жазылып жүргенін мойындайды, ғалымдары түбегейлі зерттеу
жүргізуге шақырады.
А.М. Щербактың пікірі де осылармен үндес, бірақ аздаған өзгешелігі де
бар. Ғалымның өз сөзімен берсек: Причина колебаний при установлении
количества наклонений в одном и том же языке и отчасти в разных языках - в
неодинаковом понимании категории наклонения и в объективно существующей
трудности разграничения модальности и модальных оттенков. Причиной
колебания количества выделяемых наклонений может быть также подражания
грамматикам иносистемных языков. Яғни етістіктің рай қосымшалары арқылы
берілетін модальдық реңк пен одан гөрі ауқымдырақ модальдылықтың кей-кейде
талас тудыратын тұстарын да ғалым осы пікір алалығының бір себебі деп
таниды. Рай түрлеріне қатысты әр түрлі деректердің бірі ретінде
У.Б.Алиевтің қарашай-балқар тілінде неопределенное деп көрсеткен рай
түрін айтып өтеді, әрі оның себебін дәстүрлі орыс грамматикасында деп
табады: Решающую роль в этом сыграло влияние старой русской грамматической
традиции. Между тем, как это ни парадоксально, в русской грамматике
инфинитив был единодушно вычеркнут из списка наклонений еще с конца ХІХ
века
Русизмнің осы әсері ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қазақ тілі
грамматикасында да орын алды. А.Байтұрсынұлының 1915 жылы жариялаған Тіл
құралында ол тұйық рай деп көрсеткен. 1963 жылы К.Неталиеваның Қазіргі
қазақ тіліндегі қимыл есімдері атты кандидаттық диссертациясында: -у
тұлғалы етістіктерді рай категориясы ішінде емес, етістіктің есімше,
көсемше формалары сияқты жеке тақырып негізінде қарасақ дейміз деген
кесімді пікірі айтылғаннан бері күні бүгінге дейін қазақ тілі оқулықтарында
райдың бұл түрі тұйық етістік деп оқытылып жүр. Рай түрлері мен саны
төңірегіндегі мәселе қазақ тіл білімінде осымен тұрақталды деуге болады [1;
22-23].
1.2. Шартты райдың түркітануда зерттелу жайы
Шартты рай формасына келер болсақ, бұл - туыстас тілдеріне ортақ рай
түрі. Тек түрікмен тілінде ғана етістіктің шарт формасы және шартты-қалау
формасы деп ажыратылады. Ал морфологиялық формалары туыстас тілдерде көбіне
бірізді болып келеді. Аздаған өзгешелік башқұрт және якут тілдерінде
кездеседі. М.Томановтың еңбегінде: Шартты рай түркі тілдерінде үш түрлі
тұлға арқылы жасалады: -сар, -са, -сан, - деп көрсетілген., - деп
беріледі. Ең көнесі, байырғысы деп - -сар, -сер формасы айтылып жүр. Осы
формада Ү-ҮІІІ ғ.ғ. Орхон-Енисей жазбаларының тілінде ұшырасады: олурсар,
ерсер, паңылсар т.б. Бастапқы формасында шартты рай жақ қосымшаларын
қабылдамаған, жіктелмеген: ол йергеру барсар түрік бодун өлтечісен – ол
жерге барсаң, түрік жұрты өлесің. М.Қашқари сөздігінде де шартты рай
формасы етістік түбіріне –са аффиксінің жалғануы арқылы жасалады. Ол эwга
барса ол үйге барса, Кэlса кіші кісі келсе. Жекеше түрдің І жағында
шартты рай көрсеткішінен кейін жақ аффиксінің ықшамдалған түрі жалғанса, ІІ
жағында толық нұсқасы жалғанады: Абаң қалсам мен өтінсем, Абаң сэн барса
сан егер сен барсаң, Сэн қачан барса сан сен барғанда
Ескі қыпшақ тілінің жазбаларында да шартты бағыныңқылы сабақтас
сөйлемнің ұшырасатыны туралы деректер Е.З.Есбосыновтың кандидаттық
диссертациясында айтылған: Kim tursa turgamen anin bile кім тұрса, мен
сонымен тұрамын
Якут тілінде шартты рай екі түрлі формада беріледі, алғашқысы –
жалпытүркілік –тар формасы болса, екіншісі – жеке бір тілге, якут тіліне
ғана тән жұрнақ -тах формасы. Екі форма да түрлі фонетикалық варианттармен
үш жақта жіктеліп жұмсалады: (-тар, -тор, -дар,-дор, -лар, -лор, -нар,
-нор, -тах, -дах, -лах), бар – дарбын мен барсам, бар –дар-гын, бар-дар,
бар-дар-быт, бар-дар-гыт, бар-дал-лар. Бұл тілдегі қосымшада
– р дыбысының сақталуын ғалымдар Орхон-Енисей жазбаларының тіліндегі –сар
формасының бір варианты деп таниды.
Шартты райдың башқұрт тіліндегі көрінісі Н.К.Дмитриевтің еңбегінде
былай көрсетілген: Условное наклонение имеет два основных времени
(настоящее и прошедшее) и целый ряд производных. Условные формы
характеризуются аффиксом -һа-һә, которому в других тюрских языках
соответствует –са-сә или –зазә. Осы шақтағы формасы ал-һа-м, ал-һа-ң, ал-
һа, ал-һа-к, ал-һа-ғыз, ал-һа-лар түрінде келсе, өткен шақ формасы ине
көмекші етістігінің үш жақта жіктеліп жұмсалуы арқылы жасалады: килһә инем,
килһә инең, килһә ине, килһә инек, килһә инегез, килһә инеләр.
Тува тілінде де алтай, хакас, шор тілдеріндегі сияқты, шартты райдың
формасы сөздің соңғы дыбысының қатаң, ұяң не дауысты болып келуіне
байланысты –са-се, -за-зе түрінде жұмсалады, тут-тутса, кес-кессе, ал-
алза, көр-көрзе, ойна-ойназа.
Ноғай тіліндегі шартты рай формасының жасалуы да қазақ тіліндегідей:
барсам, барсанъ, барса, барсак, барсаньыз, барсалар. Бұл мысалдар ноғай
тіліндегі шартты райда настоящее-будущее время деп есептеледі, ал шартты
райдың өткен шағы аналитикалық жолмен, -са, -се формалы негізгі етістікке е
көмекші етістігінің (екен немесе еді) тіркесуі арқылы жасалады: бар-са-м
эди, бар-са-нь эди, бар-са эди, бер-се-к экен, бер-се-ньиз экен, бер-се-лер
экен.
Шартты рай формасының жасалуы, грамматикалық мағынасындағы реңктері
туыстас тілдерде ұқсас болып келеді екен. Өзбек тілінде –са, -се, түрік
тілінде –sa, -se, әзірбайжан тілінде –са, -сә, башқұрт тілінде –һа, -һә,
татар тілінде –са, -се, қырым татарларының тілінде –са, -че, алтай, хакас,
шор, тува тілдерінде –са, -се, -за, -зе, ноғай тілінде –са, -се, ал қарайым
тілінде –са, -се, қарашай-балқар тілдерінде –са, -се, гагауз тілінде –са,
-са, қарақалпақ тілінде –са, -се, қырғыз тілінде –са формаларында
қолданылатынын байқадық. Ал –сан формасы тек чуваш тілінде ғана
қолданылады.
М.Томановтың түркі тілдерін салыстырып зерттеген еңбегінде –сар
формасына мынадай сипаттама берілген: зерттеушілер –сар тұлғасын құранды
деп қарайды: -са және –р, -са бөлігін санау, есептеу, солай болса деп
есептеуетістігімен бірдей деп қарайды да, -р есімше тұлғасы, яғни алғашқы
етістіктен есімше жасаған тұлға деп қарайды. Дұрысында –сар сол жазбалар
тілінде есімше қызметінде қолданылған: көзүңүз йүзүңге тутсар болса –
көзіңіз жүзіме тоқталар болса.
Сонымен, етістіктің шартты райы түркітануда мойындалған, біршама
зерттелген. Нақты зерттелуі көбіне оның тіл тарихындағы семантикалық даму
жолдарына қатысты болып келеді. Орхон-Енисей жазбаларынан бастап күні
бүгінге дейін бұл тақырып зерттеудің нысанынан қол үзбей келеді [1; 23-24].
2. Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы
2.1. А.Ысқақов пен М.Қараевтың классификациялары арасындағы ұқсастық пен
айырмашылық
А.Ысқақов Қазіргі қазақ тілі (морфология) атты еңбегінде: ...
амалдың (әрекеттің, қимылдың т.б.)ақиқатқа қатысын білдіруіне қарай,
етістік райлары іштей сараланып, ашық ( негізгі) райлар, және неғайбыл
(жәрдемші) райлар деп аталатын екі салаға бөлінеді,- деп жазып, ашық райға
Амал-әрекеттің өткенде, қазірде, және келешекте болу я болмауын білдіретін
негативті грамматикалық категорияны айтамыз деп анықтама береді [6; 323-
326].
Автордың пікірінше, неғайбыл (ирреальды, қосалқы) райларды
білдіретін негізгі мағыналары әмір, бұйрық, тілек, өтініш, жалыныш, шарт,
қажеттілік, тиістілік, ләзімдік, мүмкіндік, күмәнділік... сияқты амал-
әрекеттермен байланысты болады да, тек келешекке ғана мегзейді. Амал-
әрекеттің реальсіз реңктерін білдіретін осындай етістік формалары неғайбыл
(ирреальды, қосалқы, жәрдемші) райлар деп аталады,- деп, А.Ысқақов оларды
өз ішінде үшке бөледі: бұйрық, шартты рай және қалау рай [6; 327] .
М.Ә.Қараев өзінің 1993 жылы шыққан Қазақ тілі а тты еңбегінде : Рай
категориясы – сөйлеуші баяндайтын қимылдың оъективтік шындыққа қарым-
қатынасын білдіреді,- деп сипаттама жасап, А.Ысқақов сияқты райларды төрт
түрге жіктейді. Тек бұл екі топты ешқандай атау арқылы ажыратпай:
Біріншісі – ашық, екіншісі – бұйрық, шартты, қалаурайлар,- деп жазады [5;
123].
Екі ғалым да ашық рай өткен шақ, осы шақ, келер шақ болып үш жақта
айтылады және ашық райда болған іс-қимыл осы шақтың бірінің мәнін береді
деген тұжырымды қостайды. М.Қараев ашық райға мынандай анықтама береді: Іс-
әрекеттің мезгілін үш шақта анық көрсетіп және үш жақта айтылатын
етістіктің түрі ашық рай деп аталады [5; 123]. А.Ысқақовтың шақ
формаларының жүйесі ашық райдың грамматикалық көрсеткіші [6; 325] деген
пікіріне қосылып, М.Қараев өз анықтымасына арқау етеді. Мысалы: Шынымды
айтсам, мен бүгін қатты қуанып отырмын. Қуанып отырмын деген күрделі
етістік осы шақты, І жақты білідіріп тұр [5; 123].
Неғайбыл немесе екінші топтағы райларды салыстырайық: бұйрық райға екі
тілшінің көзқарасы бірдей, жасалу жолында келіспеушілік жоқ. Бірақ
М.Қараевтың анықтамасы бұйрық райдың модальдық реңкін толық сипаттайды: Іс-
қимыл, амалды орындау жұмысы біреуге міндеттей, бұйыра айтылатын теістіктің
түрі – бұйрық рай деп аталады [5; 124].
Шартты рай жайлы пікірлері үндес болғанмен А.Ысқақов шартты райлы
етістік жіктеледі және оның жіктелу үлгісі өткен шақ формасына ұқсас дейді.
Мысалы:
Мен бар-са-м (бар-ды-м)
Сен бар-са-ң (бар-ды-ң)
Сіз бар-са-ңыз ( бар-ды-ңыз)
Ол бар-са ( бар-ды)
Шартты рай формасының дәйім жіктеліп жұмсалатынына мынандай екі себеп
бар: біріншіден, еді көмекшісімен тіркестіріліп қолданылғанда да, шартты
форма жақ қосымшасында тұрып жіктеледі (мен бар-са-м еді-м; сен бар-са-ң
еді-ң; сіз бар-са-ңыз еді-ңіз), екіншіден, сабақтас құрмаластардың
бағыныңқы сөйлемдерінің баяндауыш формаларының ішіндегі үнемі жіктеліп
жұмсалатыны – тек осы шартты форма, өзге формалар жіктелмейді,- деген
пікір жазады [6; 333]. М.Қараев болса шартты рай жіктелмейді, тек жақ
жалғаулары жалғанып, олар жекеше, көпше болып түрленеді дейді. Ал жасалу
жолын былай көрсетсе де болады:
Жекеше: Көпше:
І ж. –м -қ;
-к
ІІ ж. –ң; -ңыз; -ңіз -ң; -ңыз;
-ңіз + көптік жалғау
ІІІ ж. -- --
Үшінші жақ – шартты райдың негізгі формасы болып саналады. Мысалы: оқысам,
оқысаң, оқысаңыз, оқыса, оқысақ, оқысаңыздар, оқыса [5; 125-126].
А.Ысқақов : Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті
жүзеге асыруға бағытталатын ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді.
Бұл райдың көрсеткіштері есбінде -ғы(+м,+ң)-сы кел, -са игі еді, -ғай
еді, -са екен (аналититикалық) форманттары қызмет етеді,- деп анықтама
беріп, жасалу жолын көрсетіп талдайды [6; 331]. М.Қараевтың оқулығы бойынша
қалау рай – іс-әрекет, қимылды істеуге сөйлеушінің, іс-қимыл иесінің қалау,
тілек ниетін білдіретін етістіктер болып табылады. Автор қалау райдың
көрсеткіштері деп -ғы(+м,+ң)-сы кел, -са игі еді, -ғай еді, - са екен
деп А.Ысқақов жіктемесіне қосылады. Бірақ, ол қалау райды екіге бөледі:
1. ерікті қалау рай
2. тілекті қалау рай
Ғалым ерікті қалау рай –ғы(-қы, -кі),-гі жұрнақтары арқылы жасалап,
істеушінің бір істі істеуге ықыласы түскендігін, ынтасы ауғандығын,
ниеттенгендігін білдіреді деп есептейді [5; 127]. Ал тілекті қалау рай
екі жолмен:
А) негізгі етістікке -ғай, -гей, -қай, -кей жұрнағы мен жіктік жалғауы
жалғану арқылы жасалады: алғаймын, алғаймыз.
Ә) негізгі етістікке –са, -се жұрнағы жалғанып, игі сөзі мен еді көмекші
етістігі тіркесуі арқылы жасалады: алса игі еді-м, алса игі ед-ңіздер,
алса игі еді.
Соңғы мысалға назар аударсақграмматикалық тұрғыдан бұл алғаулар
дұрыс жалғанбай тұр. Бұл мәселеге қатысты А.Ысқақов мысалын келтірген
орынды: Күрделі (аналитикалық) - са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші
басқа (ІІ, ІІІ жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде айтады.
Мысалы: сендер бар-са-ң-дар игі еді, олар бар-са игі еді, т.т. [6; 332].
Бұл мысалдан жіктік жалғауы негізгі тірек етістікке жалғанғанын көріп
тұрмыз. Ал Қараевтың еңбегінде жіктік жалғауы көмекші еді етістігіне
жалғанып тұр.
Қазақ СССР-ның Ғылым баспасынан шыққан Қазақ тілінің грамматикасы
(морфология) атты энциклопедияда райға берген анықтама осы ғұлама
ғалымдардың зерттеу жұмыстарының негізінде жасалған: Рай категориясы –
сөйлеуші баяндайтын қимылдың объективтік шындыққа қарым-қатынасын
білідіреді.
Жоғарыда келтірілген салыстырмалы мәлімет бойынша біз екі ғалымның
екі түрлі көзқарасын білдік және дау-дамай туғызатын маңызды мәселелерді
көріп, әлі де зерттеу нысаны болатын жақтары барын да байқадық. Осы екі
тілші–ғалымның қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясының зерттелуіне өз
үлестерін қосқандары және бұл еңбектері өте маңызды екені сөзсіз.
2.2. Етістіктің түбір тұлғасы мен ІІ жақ бұйрық тұлғасы мәселесі
Қазіргі кезде сөздерді топтастырудың лексика-семантикалық,
морфологиялық түрлену жүйесі, синтаксистік қызметі сияқты үш түрлі
ұстанылымның белгілері етістік деп танылып жүрген сөздердің ен бойынан
айқын байқалады да солардың негізінде етістіктің жеке сөз табы болып
бөлінуі ешбір күмән тудырмайды.
Етістіктер басқа да мағыналы сөз таптары сияқты түбір күйінде де, өзіне
тән әр түрлі грамматикалық тұлғаларда да қолданылады деп асығыс айтып
жүрміз. Бірақ, етістіктің осындай түр-тұлғаларының қолданылуында бірден
сырт көзге іліне бермейтін ерекшеліктер бар екенін көрсеткен жөн. Ең
алдымен, ол ерекшелік етістіктің түбір тұлғасының лексика-грамматикалық
сипатымен байланысты. Қазіргі қазақ әдеби тілінде етістіктің түбір тұлғасы
(негізгі түбір болсын, туынды түбір болсын) сырт қарағанда етістіктің
кейбір грамматикалық категорияларының формаларымен, атап айтқанда, бұйрық
райдың 2-жақ анайы тұлғасымен сәйкес келеді. Бірден ескертетін жайт – егер
бұйрық райдың (2-жақ) формасы бірінші және үшінші жақ тұлғаларын жасауға
негіз тұлға болса, онда ол 2-жақ бұл парадигма жүйесіне кірмеуі керек, яғни
бір грамматикалық түрлену жүйесінің түрлері, бір жағынан, бір-бірінен
функциялық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz