Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Ресми іс қағаздары мәтіндерінің коммуникативтік – прагматикалық
функциясы
2. Ресми іс қағаз мәтіндерінде коммуникация принциптерінің сақталуы
III. Қорытынды

Лингвистикалық прагматика шеңберінде қарастырылатын, Дж. Остин,
Дж. Серль, П.Ф. Стросон т.б. ғалымдар негізін салған актісі теориясының
маңызы ерекше. Дж. Остин сөйлеу актісінің белгілі бір әсер етуші күшке ие
болуын құрамына прагматикалық көрсеткіштер, этикет нормалары т.б. енетін
ережелер арқылы анықталатын әрекет ретінде қарастырады П.Ф. Стросон сөйлеу
актісінің белгілі бір әсер етуші күшке ие болуы заңдылығының атап
көрсетпейді. Сөйлеу актісі теориясы бойынша тіл адамның белгілі бір
мақсатқа жетуі үшін әлеуметтік ықпал етуінің күрделі құрылымын жасаушы
құрал ретінде қызмет етеді.
Коммуникативті акт процесінің өзі сөйлеушінің белгілі бір мақсатқа жетуін
көздейді. Мәселен, белгілі бір мәліметті жеткізу, ақпарат алу, келісімін,
қарсылығын білдіру, өтініш айту т.б. Бұл мақсатқа жету, оның жүзеге асуы
сөйлеу актісінде “ табысты иллокутивті акт ” ұғымы арқылы анықталады.
Іс қағаздарындағы локутивті акт ең алдымен іс қағаздарының атауы арқылы
жүзеге асады. Мәселен, бұйрық деп аталатын іс қағаздарының атауында белгілі
бір әрекетті жасау, жасамау, жүзеге асыру, асырмау, белгілі бір істі
жасауға, жүргізуге, атқаруға қозғау салу, түрткі болу туралы ақпарат жатыр.
Іс қағазының ішінде жазылған мәселе сөз болмастан – ақ құжат атауы
адресантқа жеткізе алады. Төмендегі іс қағаздарының атаулары да басқа
тілдік бірліктердің көмегінсіз – ақ белгілі бір ұғымды хабарлау, мәліметті
жеткізу функциясын ( пропозиционалды және референциалды акт )
атқара алады. Анықтама – белгілі бір фактіні, оқиғаны дәлелдеу, растау
ұғымын; өтініш - белгілі бір мақсаттың орындалуын сұрау ұғымын; арыз –
қойылған мәселені шешуді сұрау, шара қолдануды сұрау ұғымын; мінездеме -
белгілі бір адамды өмірбаяндық, кәсіптік, біліктік, адамшылық тұрғыда
сипаттау ұғымын; сенімхат – екінші бір тұлғаға өкілеттік пен құқық беру
ұғымын; түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірі, білімі, қызметі, кәсіптік
шеберлігі, икемділігі жайлы қысқаша мәлімет ұғымын; телефонхат – жедел
жеткізетін мәлімет ұғымын; келісімшарт – белгілі бір мәселеге байланысты
екі жақтың келісімі ұғымын; визит карточкасы – жеке адамның аты – жөні,
қызметі, мекенжайы туралы мәлімет ұғымын бере алады.
Мәлімет беруге бағытталған сөйлеу актісі тілдік бірліктердің көмегімен
жүзеге асырылады. Лингвистикалық прагматикадағы сөйлеу актісі теориясының
бірінші деңгейі іс қағаздар тілінде белгілі бір қалыпқа түскен тілдік
бірліктер арқылы көрініс табады. Жоғарыда келтірілген іс қағаздар
атауларының жүйесімен беретін болсақ, бұйрық іс қағазында мәлімет
констатациялық (айқындаушы, анықтаушы фактіні көрсетуші ) бөліктегі тілдік
бірліктер арқылы беріледі. Мысалы, бұйрықта: штаттық кестеге өзгеріс енгізу
туралы, үстемақы белгілеу туралы т.б.
Өмірбаянда : 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келдім. Ұлтым қазақ.
Өтініш белгілі бір себеппен ғана жазылатындықтан онда әдетте бір ғана
мәселе немесе бір – біріне байланысты бірнеше мәселе көтеріледі. Өтініштің
тілдік бірліктерді пайдалана отырып мәлімет беруші белгілі бөлігі
төмендегідей болып келеді: Алматы қаласында үй – жайым болмағандықтан
жатаханадан орын беруіңізді сұраймын; Отбасы жағдайына байланысты кезектен
тыс демалыс беруіңізді сұраймын т.б.
Мінездеме мәтініндегі негізгі мәліметті жеткізуші бөлікті атқарып жүрген
қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгергендігі, кәсіптік білім деңгейі,
біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады да,
қысқаша әлеуметтік психологиялық портреті беріледі. Онда әріптестерімен
қарым – қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, қабілеті
т.б. көрсетіледі. Оқуға, іссапарға жіберілетін болса денсаулық жағдай да
айтылады. Мұндай мәліметтердің берілу формасы төмендегідей келеді. Олар
берілетін мәлімет түріне қарай өзгеріп отырғанымен негізгі құрылым, жазылу
мәнері сақталады. Мысалы:
Аспирантурада оқып жүрген уақытында Оспанова Гүлсім Нұрлыбекқызы өзінің
терең білімін, ғылыми жұмысқа деген қабілетін көрсете білді.
Сенімхат негізінен кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы,
жәрдемақы, зейнетақы, степендия алу үшін мүлікті ортақ пайдалану, транспорт
құралдарын иемдену т.б. тұрмыста кездесетін түрлі жағдайларға байланысты
берілетіндіктен ондағы негізгі мәліметте осы жағдайларға байланысты болады.
Бұл мәліметтер құжат мәтінінде төмендегідей үлгіде беріледі:
Оспанов Әділхан Негізұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасын аталған
пәтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, ауыстыруға, сыйға тартуға,
мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан толтыруға, қол
қоюға және аталған істердің барлығын менсіз – осы сенімхат арқылы жүзеге
асыруға құқы бар.
Тілдік прагматикаға тән сөйлеу актісі теориясы тұрғысынан құрастырғанда
жоғарыда келтірілген мысалдардың барлығы үш деңгейлі құрылымның бірінші
деңгейін яғни. Локутивті актіні көрсететін тілдік бірліктер. Яғни, іс
қағаздарында адам санасына бірден ақпар бере алатын, екінші жаққа мәлеметті
бірден жеткізетін, сол арқылы белгілі дәрежеде әсер етіп, реакция туғызатын
негізгі тілдік элементтер құжат атаулары және құжаттың негізгі идеясын
көрсететін бөлігі болып табылады. Құжат атауы екінші жаққа мәселенің не
туралы екендігінен негізгі мәлеметті ашып, нақтылап отырады. Мысалы,
анықтама атауын оқыған адам белгілі бір фактіні, оқиғаны растау, дәлелдеу
ұғымын қабылдаса, оны негізгі бөлігіндегі кіші мәтін мысалы, анықтама
Аханова Айгүлдің Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті тарих
факультеті күндізгі бөлімінің 3-курс студенті екендігін растайды
анықталатын мәселенің нақты не жайлы екендігін хабар беріп тұр. Бұл хабар
белгілі бір тілдік бірліктердің мағыналық, құрылымдық, коммуникативтік
қызметі негізінде жүзеге асырылған. Мұндағы құжат атауы мен кіші мәтін
белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған тілдік әрекеттің бірінші деңгейінің
көрінісі. Бір деңгейдің екі элементі.
Лингвистикалық прагматика белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған тілдік
әрекеттің екінші деңгейі ретінде айтушының ниетін білдіру үшін жұмсалатын
тілдік бірліктердің реакциясын, нәтижеге мақсатын көрсетіп сөйлеу актісін
қарастырады. Бұл тіл білімінде иллокуция немесе иллокутивті акт деп
аталады. Мысалы, локутивті актіде студенттің жоғарғы оқу орнының белгілі
факультеті, курсы мен бөлімінде оқитының растаса (мысалы, анықтама
мәтінде) иллокутивті акт анықтаманың не үшін, не мақсатпен жазылғандығын
көрсететін элементтер нәтижесінде жүзеге асырылатын тілдік әрекеттерден
тұрады. Іс қағаздарында жазылатын нақты мысалдар арқылы көз жеткізіп
көрейік. Мысалы, жоғарыдан келтірілген анықтаманың негізгі мәтінінен
кейін, азат жолдан басталаып: Анықтама теміржол және аэрофлот кассаларына
көрсету үшін берілді деп жазылады. Яғни, бірінші деңгейдегі тілдік әрекет
Аханова Айгүлдің жоғары оқу орны күндізгі бөлімінің студенті екендігін
растап, сол жайлы екінші жаққа мәлімет жеткізсе, екінші деңгей Аханова
Айгүлге ол мәліметтің кассадан жеңілдікпен билет алу үшін керек екендігін
білдіріп тұр. Яғни, бұл тілдік бірліктер немесе абзац айтушының нәтижеге
жету мақсатын көрсетіп тұр. Мұндағы айтушыны бірінші жақ, құжатты жазушы,
құжат иесі, құжатты беруші ұғымдарының шартты атауы ретінде қолданып
отырмыз. Бұл бөлікте сондай – ақ Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық
паспорт бөліміне көрсету үшін берілді деп жазылуы мүмкін. Мұндағы
айтушының мақсаты – паспорт бөлімінен виза алу, құжат рәсімдеу, жоғалған
куәлігін қалпына келтіру т.б. болуы мүмкін. Яғни, айтушының нәтижеге жету
мақсатын көрсететін тілдік әрекет аталған тілдік бірліктер арқылы көрініс
тапқан. Мұны үлгі ретінде алып отырғандықтан бұл құрылым айтушының
мақсатына қарай өзгеріп отыратын кез келген нұсқада болуы мүмкін.
Мінездеме мәтініндегі иллокутивті акт көрінісі қалай берілетіндігін
талдап көрейік. Жоғарыда локутивті акт деңгейіндегі көрсетілген мінездеме
үзіндісінде аспирант Оспанова Гүлсім Нұрлыбекқызының терең білімі, ғылыми
жұмысқа қабілеттілігі, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындығы, оқушылар
мен аспиранттар арасындағы беделі туралы айтылды. Яғни, атушы жоғарыдағы
мәліметтерді жеткізу арқылы Оспанованы тек жағымды жақтан ғана сипаттап
отыр, оның ең жақсы деген іскерлік, адамшылдық қабілеттері атап
көрсетілген. Айтушы, яғни құжатты берушінің мақсаты тындаушыға Оспанова
туралы жағымды әсер беру, жағымды реакция тудыру, оның білікті маман, жақсы
азамат екендігін таныту. Иллокуция құжат мәтінінің соңында яғни мінездеме
қорытындысына жазылатын түйінді сөздерден көрінеді.
Мысалы, талданып отырған мінездеме үлгісінде: Мінездеме Абай атындағы
Алматы мемлекеттік университетіндегі филасофия ғылымының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын ДР 14.05.04 диссертациялық кенеске
тапсыру үшін берілді - деп жазылған. Бұл тілдік әрекет арқылы айтушы
диссертациялық кеңес мүшелеріне Оспанованың жағымды бейнесін көрсету, оның
қорғау процесіне оң ықпал ету мақсатын көздеп отыр.
Иллокуция іс қағазының түріне байланысты түрлі формада, түрлі әдіспен
берілуі мүмкін. Кей жағдайда іс қағазының жалпы мәтінің мазбұны жинақтала
келе айтушының ниетін, яғни белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы тілдік
әрекетті көрсетсе, кейбір іс қағаздарында оны білдіретін арнайы құрылымдар
қолданылады. Іс қағазының ерекшелігіне байланысты иллокуция түрліше
келтірілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі замандағы жеделхат, телефонхат сияқты
жедел сипаттағы құжаттардың өзі – ақ оның ішкі мазмұнымен таныспастан бұрын
тыңдаушыға жедел орындалуға тиісті іс - әрекет деген ұғымды білдіреді.
Бұл аталған құжаттардың тыңдаушыға берер ең бірінші әсері. Одан кейінгі
реакциялар құжат мәтінімен танысу барысында туындайды.
Сөйлесу актісінің үшінші деңгейі перлокуция (перлокутивті акт) адресатқа
әсер етуші тілдік әрекет. Яғни мұндағы тілдік әрекет – практикалық нәтиже
ретінде көрініс беруге тиіс. Бұл практикалық нәтиже әрине, сөйлеу актісінен
тыс, сөйлеу актісінен кейін болатын әрекет. Мысалы, жоғарыда мысалға
келтірілген анықтамада тілдік бірліктер арқылы студенттің жоғары оқу орының
күндізгі бөлімінің белгілі бір курсында оқитыны, ол анықтаманың теміржол,
аэрофлот кассаларына берілетіндігі, яғни, негізгі мәлімет пен ондағы
мақсат, сөйлеу актісінде екі деңгейі көрсетілетін болатын, ендігі үшінші
деңгей көрінісі – нақты практикалық нәтиже. Ол студенттің жеңілдікпен билет
алуы. Бұл әрине сөйлеу актісінен тыс жүзеге асырылады. Сол сияқты осы
анықтамаға мысал ретінде алынған екінші құрылым-студенттің анықтаманы
аудандық паспорт бөліміне көрсету үшін алуы. Яғни, мұндағы сөйлеу актісінің
екінші деңгейі арқылы көрсетілген виза алу, құжат рәсімдеу немесе жоғалған
куәлігін қалпына келтіру мақсаты да сөйлеу актісінен кейін жүзеге асатын
әрекет. Мінездеме мәтінінің келтірілген мысалдағы диссертациялық кеңес
мүшелеріне жағымды, оң көзқараста болуына әсер ету мақсатының нәтижесі осы
сияқты т.б. сөйлеу әрекетінің нәтижесі сөйлеу актісінен кейін берілетіні
белгілі. Тілдік коммуникация процесінің өзі айтушының белгілі бір мақсатын
жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Мақсатқа жету, мақсаттың жүзеге асырылуы “
нәтижелі иллокутивті акт ” ұғымы арқылы анықталады. Себебеі перлокутивті
акт сөйлеу актісінен тыс, сөйлеу актісінен кейін болатын болғандықтан
ленгвистикалық прагматика үшін иллокуция ұғымының мәні зор. Сондықтан да
иллокутивті акт сөйлеу актісінің ішіндегі белгілі бір мақсатқа
жұмылдырылған, әлеуметтік шартты акт ретінде қарастырылады.
Сөйлеу актісінің нәтижесіне, яғни, нәтижелі иллокутивті актіге қол
жеткізу үшін коммуникацияны негізгі принциптерін берік ұстау қажет.
Коммуникация принциптері негізінде коммуникация кодексінің ережелері мен
нормалары қалыптасады. Осыған байланысты П. Грайс құрамына 4 максима
кіретін кооперация принципін ұсынады. Мұндағы максима – норма, ереже
мағынасында қолданылып тұр. Яғни, нәтижелі иллокутивті актіге қол жеткізу
үшін:
( 1) көлем ережесі ( максима количества );
( 2 ) сапа ережесі ( максима качества );
( 3 ) қажеттілік ережесі ( максима релевантности );
( 4 ) тіл мәдениет ережесі ( максима манер речи ) ; сақталуы тиіс. Бұл
ереженің әрқайсысының өз нысаны, өз қолданыс аясы, өз мақсаты бар.
Лингвистикалық прагматика мәселелері тілдік процестер мен құбылыстар
шеңберінде ғана қалып қоймайды, құқық, заң, мәдениет, этикет, тарих,
география, статистика, экономика, техника, психология, педогогика,
әлеуметтану салаларымен байланыста қарастырылады. Себебі жоғарыда
көрсетілген негізгі 4 қағидаға сүйенсек іс қағаздарының көлемі, іс
қағаздарында берілетін мәлімет көлемі, іс қағаздарында берілетін мәліметтің
заңдық күші, оның құпиялық, жариялылық деңгейі, статистикалық мәліметтердің
дәлдігі, іс қағаздарында өлшем бірліктерінің әсіресе уақыт пен датаның
көрсетілу ережесі, мекенжайдың жазылуы, құжат мазмұнының құқықтық
нормаларға сәйкестігі, жалпы іс қағаздарын толтыру, дайындау, жазу
мәдениеті, іс қағаздарында қолданылатын этикет формалар т.б. мәселелердің
барлығы стихиялы түрде емес белгілі бір ереже мен норма негізінде жүзеге
асырылуы тиіс. Ал бұл аталған мәселелер оларға қатысты қағидалар тек тіл
білімі ғылымының шеңбері еместігі белгілі.
Сөйлеу актісінің нәтижесін қамтамасыз ететін коммуникациялық прициптерге
тоқталатын болсақ оның негізгі қағидаларының бірі – жоғарыда
көрсетілгендей көлем ережесі. Көлем ережесі бұл зерттеу жұмысында
қалыптасқан тілдік термин ретінде емес, тіл біліміндегі прагматикалық
зерттеулерде қолданылып жүрген максима количества, полнота информации
ұғымдарын беру үшін қолданылып отыр. Бұл ереже бойынша іс қағаздарында
берілетін ақпарат көлемі реттеліп отыратын, белгілі бір қағидаға
негізделген болуы керек. Яғни, іс қағаздарының көлемі мен құрамы стихиялы,
әр құжат дайындаушының, әр мекеменің құзырындағы нәрсе емес. Ол белгілі бір
принциптерге негізделген, қалыптасқан тәртібі бар негізгі мақсаты –
коммуникация арқылы белгілі бір нәтижеге жету. Іс қағаздарындағы
мәліметтердің, ақпараттардың тыңдаушыға әсер етуін, иллокутивті акт
нәтижесін қамтамасыз ету үшін жұмсалуын реттеу. Қысқаша айтқанда іс
қағаздарындағы мәліметтердің көлемі, іс қағаздарының негізгі бөліктері,
онда берілетін мәліметтердің мақсатқа жетуге қажетті болуы, яғни, Ч. Моррис
теориясы бойынша таңбаның қолданушыға қатынасын көрсету мақсатында
жұмсалуы.
Іс қағаздарының біріне ортақ сипат, олардың мәтініндегі қажетті,
міндетті мәлімет – реквизиттер.
Іс қағаздарын жүргізуге байланысты ереже нұсқаулықтар мен ғылыми –
теориялық, практикалық әдебиеттерде іс қағаздарында қолданылатын
реквизиттер дәл саны көрсетілмейді. Олар іс қағаздарының түріне, мақсатына,
қайда жіберетілетіндігіне байланысты өзгеріп отырады. Іс қағаздарында
қолданылатын реквизиттер саны 31- ге дейін барады. Бірақ бұл 31 реквизиттің
бәрі көрсетілетін бірде бір құжат жоқ деуге болады. Себебі әр құжат өзінің
жасалу, жазылу мақсатына қарай реквизиттің қажетті мөлшерін ғана керек
етеді. Іс қағаздарын жүргізуде қолданылатын негізгі реквизиттер:
1) мемлекеттік елтаңба;
2) мекеменің эмблемасы (белгісі);
3) кәсіпорынның коды;
4) құжаттың коды;
5) мекеменің аты;
6) мекеменің мекенжайы;
7) телефон нөмірі;
8) факс нөмірі;
9) банктегі шот нөмірі;
10) дата;
11) құжат индексі;
12) кіріс құжатының индекс пен датасына сілтеме;
13) мәтін атауы;
14) мәтін;
15) адресат;
16) адресант;
17) қосымша туралы белгі, мәлімет;
18) қол;
19) құжат көшірмесінің басқа мекенжайға жіберілгені туралы белгі;
20) орындаушының аты – жөні мен телефоны;
Қызметтік құжаттағы реквизиттер жиынтығы формуляр деп аталады. Жоғарыда
келтірілген реквизиттердің алғашқы тоғызы типографиялық әдіспен басылады.
Қалған реквизиттер құжатты дайындау барысында жазылады. Реквизиттер іс
қағаздарының құрамдас бөлігі, олардың қажетті элементтері болып табылады.
Енді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анықтама іс-қағазы — мазмұны
Анықтама. Қызметіне қатысты құжаттарды қолдану. Хаттама
Мемлекеттік тілде іс қағадарын жүргізу
Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Мемлекеттік тілде іс - қағаздар жүргізу ережелері
Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану туралы ақпарат
Құжаттарды рәсімдеу – іс жүргізудің негізі
Туристік формальділік
Кеңселік іс қағаздары тілінің даму, қалыптасу үдерісі
Пәндер