Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып: Қылмыстық объективтік жағы.

Жоспар.
Кіріспе
I. Негізгі бөлім
I.1 Қылмыстың объективтік жағының түсінігі мен маңызы
І.2 Қоғамға қауіпті іс - әрекеттің түсінігі
I.3 Қылмыстық зардаптың түсінігі және оның түрлері
I.4 Себепті байланыс және оның қылмыстың - құқылық маңызы
I.5 Қылмыстың обьективтік жағының факультативтік белгілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланған
он төрт жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тыңдырылғаны мәлім. 1997
жылы шілденін 16-сында Қазақстан Республикасының жана Қылмыстық кодексі
қабылданып, ол 1998 жылдың 1-ші қантарынан бастап занды күшіне енеді.
Қазақ ССР-інің 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік, экономикалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, жаңа кодекстің қабылдануына байланысты өз күшін жойып, 1998
жылдың 1-ші қантарынан әрі қарай қолданылмайды. 1959 жылғы Қылмыстық кодекс
кенестік таптық идеология тұрғысында, әкімшілдік- әміршілдік жүйе мен
орталықтандырылған жоспарлы экономика принциптеріне негізделген еді.
Сондықтан өмірдің өзі ескі идеологиядан арылған, нарықтық қатыныстар
жағдайына үйлесетін, адам құқықтары мен бостандықтарын Қылмыстық–Құқықтық
қорғауды барынша қамтамасыз ететін жаңа қылмыстық занның болуын қажет етті.

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы
Конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері
мен нормаларына негізделген.
Қылмыстық құқық пәннің Жалпы бөлімін терен оқып менгеру болашақ
зангерлік үшін зандылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың
кепілі болары сөзсіз.
Еңбек 2001 жылдың 1-ші қантарына дейінгі зандарға негізделіп жазылды.
Қылмыстық құқық пәннін Жалпы бөлімін терен оқып менгеру болашақ
заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың
кепілі болары сөзсіз.
Жалпыға мәлім, Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп жариялаған. Осыған орай қалың оқырманның тілегіне
сәйкес 1998 жылы қылмыстық құқық пәннің жалпы бөлімі мемлекеттік тілде
жарық көрген еді.

1. ҚЫЛМЫСТЫҢ ОБЬЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
Қылмыстық объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының-сыртқы
көрінісін білдіреді.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес (9-бап) ондай мінез-құлық
біріншіден қоғамға қаупті, екіншіден қылмыстық заңға қайшы болу керек.
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белілерінің жиынтығынан
тұрады. Ең батысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын қоғамдық
қатыныстарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын
қоғамға қауіпті әс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып
табылатын қоғамға қауіпті зардап деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын
байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды. Сонымен, қоғамға
қауіпті әс-әрекет, қылмыстық зардап, себепті байланыс қылмыстың объективті
жағының белгілері болып табылады. Адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісі
болып табылатын қаіпті іс-әрекет белгілері бір кеңістікте және уақытта орын
алатын нақты көрініс болып табылады. Қылмыстық құқықта кеңістік деген ұғым
нақты іс-әрекет істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстық
объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға
қаіпті іс-әрекет, істелген орын және уақыта та қосылады. Кейбір реттерде
заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қаіпті
іс-әрекеттің бедгілері бір жағдайда істелетіні туралы да еске салады. Дмек,
мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады. Кез
келген қоғамға қаіпті іс-әрекетбелгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты
құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылу мүмкін. Мысалы,
кіс өлтіруде бірнеше тәсіл қолдануы мүмкін: кісіні өлтіру үшін мылтық
немесе пышақ, у дәрі пайдалану , адамды тұншықтыру, қылқындыру немесе
автокөлікпен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді. Қылмыс жасаудың тәсіліне
алдау немесе сенімге қиянат жасау (мысалы, алайяқтықта немесе салық
қылмыстарында) болуы мүмкін. Осы айтылғандарға байланысты қылмыстың
объективтік жағынын мазмұның ашатын белгілер қатарына жатады. Сонымен,
жоғары да айтылған белгілердің барлығы да қылмыстың объективтік жағынын
белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтын
мазмұны айқындалады. Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол
нақты құрамның төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық нормамен
белгіленген қылмыс құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстын
объективтік жағы нақты қандай белгілерден тұратының аңықтау өте қажет.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімнің нақты нормаларын талдағанда, жоғарыда
көрсетілген қылмыстың объективтік жағынын барлық белгілері түгелдей дерлік,
нақты нормалардың әрқайсысында кездесе бермейді.
Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс- әрекеттен міндетті түрде
туындайтың зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты)
болуын занның өзінде атап көрсетеді. Мұндай ретте заң шығаушы объективтік
жақтын – уақыт, орын, жағдай, тәсіл немесе басқада белгілерін заңда
көрсетпейді.
Біршеме қылмыстық – құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс - әрекетті атап
өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (312-бап), қызметтік жалғандық
жасау (314-бап).
Кейбір жекелеген қылмыстық – құқылық нормаларда қылмыстың істелген
орыны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі. Яғни, қылмыстың объективтік
жағынын мазмұнына тән бір топ белгілердін ішінен тек біреуі ғана қоғамға
қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез келген қылмыс құрамының объективтік
жағынын міндетті, қажетті белгісі, ал қалған белгілерінің барлығы да
факультативтік белгілер болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағынын маңызы біріншіден, оның белгілерінің
дәлме - дәл аңықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс- әрекетті дұрыс
саралаудың негізі болып табылады. Екіншіден, объективтік жағынын белгілері
арқылы өз ара жақын, ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік
туады ( мысалы, ұрлықты тонаудан, алаяқтықты ұрлықтан т.б.). Осыған
байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі ең маңызды
элементтері қатарына жатады.

2. ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ .
Іс-әрекет кез келген қылмыстың объективтік жағының қажетті белгісі болып
табылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет бұл адамның құқыққа қайшы, саналы, белсенді
немесе енжар түрде қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін мінез-құлқының
сыртқы көрінісі болып табылады.
Кез келген қылмысты іс-әрекет объективтік тұрғыдан алғанда қоғамға
қауіпті. Оның қауіптілігі құқық қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен
қол сұғу арқылы немесе қол сұғу қауіпін тұғызу арқылы көрінеді. Іс-әрекетің
қоғамға қауіптілігінің дәрежесін ең алдымен келтірілген зиянның мөлшері,
қол сұғылатың объектінің құныдылғы арқылы аңықталады.
Іс- әрекеттің қоғамға қауіптілігін міндетті белгілерінің бірі оның
құқыққа қайшылығы болып табылады. Мұндай белгінің болуы азаматтарды заңсіз
қылмыстық жауапқа тартуға жол бермеуінің кепілі болады және заңдылықтың
қатаң сақталуын қамтамасіз етеді.
Іс-әрекет – адам мінез құлқының сыртқа шыққан шынайы көрінісі болып
табылады. Сондықтан да адамның ниеті, пікірі, ой қаншалықты зиянды
болғанымен, ол белгілі бір іс- әрекетпен ұштаспаса, ол қылмыстық жауапқа
тартылмайды. Іс-әрекет – адамның саналы мінез құлқының көрінісі. Соныдықтан
да адамның санасынан тысқары болған кез келген дене қозғалысы, ол
қаншалықты қоғамға зиянды залал келтіргені не зиян келтіру қауіпін
төндіргеніне қарамастан, қылмыстық құқылық тәртіппен жазаланатың іс-
әрекетке жатпайды.
Адамның өзінің еркіне байланысты емес, одан тыс жағдайда тойтарылмайтың
күштер (күш қолдану мен қорқыту) арқылы қоғамға зиянды залал келтірілсе,
онда қылмыстық құқылық іс-әрекет туралы сөз болуы мүмкін емес.
Тойтарылмайтың күш, күш қолдану және қорқытып зорлаудың түсінігі
қылмыстық заңда көрсетілмеген.
Тойтарылмайтың күшке – табиғат апатының, хайуанаттар, есі ауысқан
адамдар мен дүлей күштің әсерінен адамның өз ойы, еркі арқылы белгілі бір
іс-әрекетті істеу мүмкіндігінен айырылуы жатады. Сондай-ақ, ормандағы өртті
сөндіру мақсатымен орман ағашын кесу арқылы өрттін жолын бөгеу де қылмыс
болып саналмайды. Бір адамның екінші бір адамға күш қолдану нәтижесінде
оның мүлдем өз еркінен тыс жағдайда қоғамға қауіпті іс -әрекетті істеуі
қылмыс болып табылмайды. Мысалы, таяқ жеп, жан тәсілім алдында аман қалған,
қол аяғы байланған күзетшіні қылмыскерге қарсыласпадың деп кінәлаудің реті
жоқ. Аталған жағдайлардағы тойтарылмайтын күш немесе күш қолдану арқылы
мәжбір ету. Қылмыстық Жауаптылықты жоятың жағдайлар деп есептеленеді.
Белгілі бір іс -әрекетті істеу немесе істемеу күш қоладанамын, материалдық
немесе моральдық зиян келтіремін деп қорқытып мәжбүрлеу арқылы да жүзеге
асырылады. Кейбір реттерде қорқыту арқылы мәжбүрлеу адамның еркін бірден
тойтарып, жоққа шығармайды. Мұндай күйге ұшыраған адам өз қалауы, еркі
бойынша әрекет істеу мүмкіндігіне бір шама ие болады. Сондықтан да мұндай
күйге душар болғандар шын мәніндегі аса қажеттілік жағдайында бомаса,
әдетте қылмыстық жауапқа тартылады. Мысалы, кассир сейфтегі ақшаны өзіне
тікелей мылтық көздеп тұрған бандитке беруге мәжбүр болады. Бұл жерде адам
өмірі ақшадан қымбат. Кассир аса қажеттілік жағдайында яғни, нақты қорқыту
салдарынан өз еркіне байланысты емес іс -әрекетті істеуге мәжбүр болып
отыр. Кейбір жағдайларда басқа адамның гипнозы арқылы адам өз еркінен тыс
іс - әрекеттерге жол беруі мүмкін. Сондықтан да мұндай да адам еркінен тыс
істелген іс -әрекеттін қылмыстық құқылық мәні болмайды. Өйткерні, гипноз
қорқытып. Мәжбірлеудің ерекше нысаны бұған дұшар болғандар өзінің қоғамға
қауіпті, заңға қайшы іс -әрекеттің өз еркінен, сана сезімнен тысқары
жағдайда істейді. Қоғамға қауіпті іс -әрекет екі түрлі нысанда жүзеге
асырылады. Оның біріншісі, әрекет- мінез- құлықтың белсенді нысаны,
екіншісі, әрекетсіздік – міңез –құлықтың ең жарлық нысаны.
Қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың басын көпшілігі әрекет
нысанында істеледі. Аздаған қылмыстар ғана әрекетсіздік нысанда жүзеге
асырылады. Ал кейбір жекеленген қылмыстар белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік (ең жарлық) күйде де істелуі мүмкін. Қылмыстық құқылық әрекет
көп жағдайларда адамдарға, жануарлар немесе әсер ету арқылы жүз еге
асырылады. Мысалы, жеке адамдарға қарсы қылмыстарды (кісі өлтіру, денеге
жарақат салу, жыныстық қылмыстар, бас бостандығынан айыру ) т.б. меншікке
қарсы қылмыстар (ұрлық, тонау, қарақшылық ) террорлық акт, бандитизм, тағы
басқалар. Қылмыстық – құқылық әрекет жазбаша түрде де істеледі. Мысалы,
қызметтік жалғандық жасауды алайық. Бұл қылмыстың объективтік жағы
лауазымды адамның мемлекеттік қызметшінің пайдақорлық немесе өзге жеке
мүдделілікпен ресми құжаттарға біле тұра өтірік мәлеметтер еңгізу, жалған
құжат жасауды, құжатты өзгеріп қолдан жасаған құжаттар беруі болып табылады
(314- бап) немесе құқықтар беретін немесе міндеттерден босататың куәлікті
немесе өзге де ресми құжатты қолдану жасау, дайындау немесе сату (325-бап).
Кейде қылмыстық құқылық әрекет сөз жүзінде де көрініс алады. Мысалы,
жала жабу, яғни басқа адамның ар намысымен қадір қассиетіне нұқсан
келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәлеметтер тарату
(129-бап, 1-бөлігі) немесе конституциялық тұтастығын құрлыстық күшпен
өзгертуге немесе оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақырулар (170-бап)
т.б.
Қылмыстық құқылық әрекет өте сирек жғдайда ым көрсету нысанында істелуі
мүмкін. Әрекетсіздік мінез-құлықтың енжарлық нысаны болып табылады.
Әрекетсіздік қылмыстық-құқылық мағынаға ие болуы үшін мынадай бірнеше
белгілердің жиынтығына сәйкес келуі тиіс:
1.Әрекетсіздіктің нақты көрінісі неде, яғни айыпкер адам өзіне
жүктелген нақты қандай міндеттерді істемеді ?
2.Әрекетсіздік жасаған адам осы нақты әрекеттерді істеуге міндетті ме?
3.Осы әрекеттерді ондай адамның істеуге нақты мүмкіндіктер болады ма?
Мысалы, Қылмыстық кодекстің 148-бабында жұмысқа қайтадан алу туралы соттың
шешімін лауазымда адамның орындағаны үшін қылмыстық жауапкершілік
белгіленген. Заң бұл жерде лауазымды адамның әрекетсіздік мінез-құлық
көрсетіп тұр. Бірақ та оны осы баппен қылмыстық жауапқа тарту үшін оның
әрекетсіздігін немен байланысты? Жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықты
неге бермеді? Еңбек кітапшасын қайтадан қабылдаудан бас тартты ма? Жұмысқа
қайта алу туралы соттың шешімімен келген адамды жұмыс орнына жіберуден
шындығында бас тартты ма деген мәселелерді анықтау қажет. Бұдан кейін бұл
лауазымды адамның нақты құзіретін анықтап, жұмысқа алу туралы бұйрықты осы
лауазымды адамның шығаруға құқығы бар ма еді деген мәселелерден кейін, осы
жағарыда айтылған міндеттерді дәл осы адамның нақты жүзеге асыруға
мүмкіндік болады ма деген жағдайды анықтаған соң ғана осы белгілердің
жиынтығы негізінде ол лауазымды адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы
мәселе қойылады.
Әрекетсіздік үшін қылмыстық жауапқа тартатын кезде осы жоғарыда
көрсетілгендердің барлығын анықтау қажет.
Әтекетсіздік үшін қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі- ол қылмыстық-
құқылық нормаларменбелгіленген қандай міндеттерді, талаптарды орындауға
тиіс болады және оны орындауға нақты мүмкіндік болады ма, осы мәселені
анықтау керек.
Адамдардың өзіне жүктелген белгілі бір міндеттерді, талаптарды әр түрлі
жолдармен белгіленеді:
1. Заң талабынан (мысалы, заң азаматтарға ауыр қылымыстардың шынайы
әзірленіп жатқанда немесе істелгені аян екені жайында хабарлауды
міндеттейді-364-бар).
2. Кәсіптік немесе қызмет талаптарынан (заң немесе арнаулы ереже
бойынша жәрдем көрсетуге міндетті медицина қызметкерінің науқас
адамға дәлелді себепсіз жәрдем көрсетпеуге- 118-бап ),
санитарлық- эпидемиологиялық ережелерді тиісті адамдардың бұзуы
(217-бап) т.б.
3. Келісім шарттан, контрактіден, келісім шартта көрсеткен
құқықтарды пайдаланып біреудің баласына оны күтіп-бағыдуң орнына
зиян келтіру немесе альпинистер тобының жетекшісі жәрдемге
мұқтаж адамға асудан асуға көмек беруге міндетті болса, бірақ
сол адамды қиын жағдайда қалдырып, жәрдем көрсетпеуі.
4. Отбасылық, туыстық қатынастарда (кәмілетке толмаған баланы
тәрбиелеу жөнінде міндеттерді орындамау-137-бап), қамқоршы
немесе қорғаншы құқығын теріс пайдалану-130-бап, балаларын
немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражаттан
әдейі жалтару-136-бап, еңбекке жарамсыз жұбайын асыраудан әдейі
жалтару-140-бап т.б.
5. Адамгершілік нормасы мен мінез- құлық ережелерінен. Мысалы
өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайға және сәбилігіне,
қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің
салдарынан өзін - өзі сақтап қалу шараларын қабылдау
мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру, кінәлі
кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкіндігі болған және ол адамға
қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе
денсаулығына қауіпті күйде өзі қалдырған жағдайларда (119- бап)
немесе жүргізушінің автокөлікпен беруді қағып кетіп, оны қауіпті
жағдайда қалдырып қашып кетуі т.б.

3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАРДАП ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮСІНІГІ.
Адамның істеген кез келген іс -әрекет сыртқы дүниеде белгілі бір
өзгеріс туғызады. Қоғамға қауіпті іс -әрекеттер де қоғамға зиянды
өзгерістер туғызуға немесе соны болдыру қаупін туғызуы мүмкін. Іс -әрекет
арқылы келтірілген нақты зиянды анықтау арқылы материалдық өмірге нақты
қандай өзгерітер келтірілгенін білеміз.
Қылмыстық зардап – бұл қылмыстық заңда көрсетілген қоғамдық
қатынастарға әрекет немесе әрекетсіздік арқылы келтірілген зиян болып
табылады.
Жаңа қылмыстық заңның Ерекше бөлімде көрсетілген нормаларға талдау
жасап, іс -әрекетті істеу арқылы заң қорғаған, Қылмыстық кодекстің тиісті
бабаның диспозициясында бейнеленген қоғамдық қатынастарға қандай өзгерістер
келтірілетінін аңықтаймыз. Мысалы, мемлекетік қылмыстарды (5-тарау)
істегенде мемлекеттің конституциялық құрлысын, егемендігін және мемлекеттің
қауіпсіздігін реттейтін қоғамдық қатынастарға теріс өзгерістер келтіріледі.
Меншіке қарсы қылмыстарды ( 6-тарау) істегенде меншік иесіне тікелей
материалдық залал келтіріледі. Жеке адамға қарсы қылмыстардан (1-тарау )әр
түрлі зардаптар- адамның өмірін жою, әр түрлі дәрежеде жарақат келтіру,
жыныстық немесе адамгершілік қатынастарды бұзу зардаптары келтіреді.
Қылмыстық кодекстің нақты баптарының диспозицияларындағы қоғамға зиянды
зардаптарды анықтау үшін заң шығарушы әр түрлі теминдерді, түсініктерді
қолданады.
Көп жағдайларда заң шығарушы қоғамға зиянды нақты іс -әрекеттен
туындайтын зартаптардың біріне балама түрлерін көрсетіп береді. Мысалы,
Қылмыстық кодекстің 256- бабының 1-бөлігінде өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтауға жауапты адамның қауіпсіздік ережелерін бұзуы абайсызда адамның
денсаулығына ауыр, орташа зиян келтірсе, ұйымғм, мемлекетке ірі зиян
келтірсе, 103-баптың 1- бөлігінде: адамның өмірінде қауіпті немесе көруден,
тілден, естуден қандайда болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін
жоғалауға немесе бет- әлпетінің қалпына келтіргісіз бұзылуына әкеп соққан
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе
еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан
немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға,
психикасын бұзуға, есірткі мен немесе уытты умен ауыруға душар ерткен
денсаулықтын бұзылуын тұдырған, денсаулықққа өзге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс объектісі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативтік белгілері
Қылмыстың обьективтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың объевтивтік жағының түсінігі мен маңызы
Қылмыстың объективтік жағының ұғымы
Қылмыстың объективтік жағы
Қылмыс құрамы белгісі тұлғаның әрекет немесе әрекетсіздігі қылмыстық жауаптылықтың нақты мән-жайы ретінде
Қылмыс және қылмыстың құрамы
ҚЫЛМЫСТЫҢ ТІКЕЛЕЙ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ЗАРДАПТАРЫ
Пәндер