Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық көзқарастар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті
Экономикалық факультет
Менеджмент және маркетинг кафедрасы.

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі

Орындаған: І курс студенті
Магзумова Т.
050509 Қаржы күндізгі бөлім.

Тексерген: Менеджмент және
маркетинг
кафедрасының
аға оытушысы
Азмаганова Қ.Ж.

Көкшетау-2007

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
формалары және теориялары.

1. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
теориялық көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің түрі
мен тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

ІІ. Қ.Р-сы жағдайындағы нарықтық экономиканың дамуы
және мемлекеттік реттеу.

2.1 Қ.Р-сындағы нарықтың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2. Қ.Р-дағы нарықтық экономиканы мемлекет
тарапынан реттеу жолдары мен басқару әдістері ... ... ... ... ... ...18

Қорытындылар мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қолдалынған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

Қосымшалар

Кіріспе.

Әлемдік деңгейдегі экономика ғылымының әр түрлі мектеп өкілдерінің

еңбектерін басшылыққа ала отырып, Біз нарықтық экономикадағы мемлекеттің
экономикалық қызметін қарастырамыз. Соңғы жылдары экономика ілімінде
түбірлі өзгерістер орын алуда. Ол кездейсоқ емес. Мұның өзі қоғамдық және
өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа процестер мен нарықтық
экономикаға тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының нарықтық
экономикадағы қатынастарға өтуі жаңа қоғамдық экономикалық жүйені және
соған сай сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтитын, шектелген
материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін
экономикада мемлекеттің қызметі жоғары. Мемлекет өзі нарықтық экономиканың
кепілі болуы керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгіеу, бұл жағдайда
әділ әрі байыпты іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Презденті Назарбаев Нұрсұтан Әбішұлының
Қазақстан-2030 стратегиясындағы бір сөзінде былай деген: Мемлекет жекеше
сектор, басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып,
нарықтық экономикада маңызды шектеулі рөл атқарылуы тиіс. Сондықтан да біз
нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметін өзекті деп
санаймыз.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметінің мақсаты:
мемлекеттің нарықтық ережелерді бекітіп, олардың халық игілігі үшін қызмет
етуі. Ал мемлекет нарықтық экономикада белсенді рөл атқарады.
Курстық жұмыстың міндеті мынадай мәселелерді шешу болып табылады:
- Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне теориялық анықтамалар беру;
- Экономиканы мемлекеттік реттеудің түрі мен тәсілдерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасы жағдайындағы нарықтық экономиканы мемлекеттік
реттеу әдістерін қарастыру.
Осы жұмыстың объектісі нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттің іс-
шаралары болып табылады.
Бұл жұмысты көптеген ғалымдар зерттеген. Олар: Шеденов Ө.Қ- экономика
ғылымының дкторы; Сағындықов Е.Н.- экономика ғылымының докторы, профессор;
Байжомартов Ү.С.- экономика ғылымының кандидаты, профессор және тағы
басқалары.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, әр бөлім екі
тараудан, қорытынды және қосымшалардан тұрады.

І.Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
теориялары мен формалары.
1. Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне
теориялық көзқарастар.
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне мынадай көзқарастар мен
теорияларды көрсете аламыз. Біріншіден Классикалық үлгі. Бұл үлгі сәйкес
өндірушілер де тұтыушылар да нарықтың ережелеріне сай қызмет атқарады.
Белгілі бір себептермен осы қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет
тарапынан жалпы мүддеге түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттілігі
туындайды. Мұндай үлгіні тұңғыш рет бұдан 225 жыл бұрын 1776 жылы Адам
Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу деген әйгілі
кітабында ұсынған болатын. Автордың өзін-өзі реттеу позициясының жанашыры
екені көрініп тұр. Оның пікірінше, жеке тауар өндірушілер нарығы
мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек. Міне осы жағдайда
тұтынушылар нарықтын өзіне не қажет соны сатып алады. А.Смит сөзімен
дәлірек айтқанда нарықты өздігінен реттейтін көрінбейтін қол ешбір
сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүкіл қоғам
мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. Ол нарықтық экономикаға мемлекеттік
араласпау идеясын дәріптеді. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі жайлы
аралас экономиканы жақтайтындар басқа көзқараста болды. Классикалық үлгі
мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе, экономикалық міндеттердің
басым көпшілігі нарықтық механизм талабына сай шешілуі тиіс деп көрсетті.
Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекеттік араласуды жақтаушылар өз
көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы керек. Мемлекеттің
атқаратын қызметі, оның рөлі нарық жағдайында істейтін жеке фирмалар үшін
қосымша, жанама. Классикаық мектептің экономистері әр түрлі тарифтер
жасауды баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жабдықтары енгізуді үкімет
тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен классикалық
мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің
нарықтық механизміне араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау
мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда, адамзаттың көп жылғы даму
тарихы көрсеткендей, жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым
сай келе бермейді. Мысалы, жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар
сатып алушылар нарықта жоғары сұраныс туғызатын наркотиктер, арақ-шарап,
темекі, қару-жарақ тағы басқа ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез
көңіл аударады. Әрине әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан
бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ, мемлекет мұндай
жағдайда нарықты қадағалап реттеу жұмысына араласуы керек. Сонымен қатар
өндірістік емес салалар бойынша атап айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық
тәртіп, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтк қамсыздандыру мәселелерін
реттеуге мемлекет араласуы керек. Бұлардан басқа да нарықтық механизм
әрекеттерінен туындайтын қоғамға жаымсыз сыртқы эффектілерді азайтуда да
мемлекеттің рөлі зор.
Жаңа классикалық үлгі үстіміздегі ғасырдың соңғы 60-70 жылдары ішінде
қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет
рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдары
АҚШ – та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Оған дейін жаңа
классиктер экономикалық жүйені өздігінен реттелетін, дәлірек айтқанда өзіне
өзі түзету енгізетін жүйе ретінде қарастырды. Әрине шаруашылық жүргізу
процесінің уақытша бұзылуы мүмкін, алайда жүйенің негізгі тенденциясы
қолда бар қорларды және ерікті еңбек ететін қызметкерлерді дұрыс
пайдаланып, өндірістің қажетті көлемін қамтамасыз ету болады. Соның
нәтижесінде түскен табыс бүкіл жаңа жасалған құнды сатып алуға жұмсалады.
Мемлекет пен нарық өз мәнінде экономиканың екі қолы іспеттес, осы
мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның оң қолы мен сол қолы
өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны сияқты, мемлекет пен нарық та
салыстырмалы бір бірінен тәуелсіз, бірақ та ортақ мақсаттар үшін қызмет
атқарады.
Американ экономисі Дж. Гэлбрейт салмақтылық күш теориясын ұсынды.
Оның айтуынша еркін нарықтық экономикада реттеу механизмі жоқ. Ал оның
орнын салмақтылық күш ауыстырып, монополияға қарсылық білдіреді және
олардың қысымын басып отырады. Дж. Гэлбрейт салмақтылық күшке алдыменен
мемлекетті жатқызады. Мемлекеттің араласуының басты сақсаты – экономиканың
дұрыс қызмет атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік
инвестициялау: мектеп, аурухана, тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен
аудандарға көмек жасау болмақ. Басқа да американ экономисі аралас
экоеномика теориясының өкілі Пол Самуэльсон былай деген:Біздің
экономикалық жүйе – еркін кәсіпкерлердің аралас жүйесі болып табылады,
себебі экономикалық бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады.
Әр түрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық рөлі жайлы
теория К.Маркс пен В.И.Лениннің еңбектерінде терең қаралған. Айтпағымыз,
Лениннің жаңа экономикалық саясат негізінде 1921-ші жылы Ресей
экономикасында нарықтық қатынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің рөлі
жайлы ойлары өте құнды. В.И.Ленин былай деп жазды: Мемлекеттің бақылауынан
қашпайтын дұрыс саудадан біз қашпауымыз қажет, оны дамыту бізге ыңғайлы.
Нарықтық экономиканы өте терең зерттеген ағылшын экономистері Дж.
Кейнс, Рой Харрод, Джоан Роббинсон және американ экономисі Элвин Хансен
болды.

1.2 Экономиканы мемлекеттік реттеудің түрлері мен әдістері.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметін қарастырсақ
мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда маңызды мәселелердің
бірі, себебі бұл экономиклық жүйеде мемлекет ерекше қызметтерді
атқарады.Шаруашылық байланыстарын интернационализациялау мемлекеттің
экономиканы реттеуіндегі рөлін күшейтуге объективті жағдайлар жасайды.
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның
жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері
өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін
жасауда жүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933 жылғы ұлы
депрессия аталған әлемдік экономикалық дағдарыс ерекше роль атқарды. Бұл
жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп
нарықтық экономикаға мемлекетің арласуының оңтайланған шекараларын іздеді.
Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі оның қызметтері
арқылы байқалады. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің қызметтері өте көп,
сонықтан да оны топтап, негізгі блоктарға біріктіріп жазайық:
- нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойнына алады:
стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік,
демографиялық болжау және жоспарлауды. Экономиканы реттеудің тікелей
және жанама қызметін де атқарады. Осы аталған мәселелердің барлығының
қызметін тек қана мемлекет атқарады;
- Мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол қоғамға
қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік жіне әлеуметтік
инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен жалпы ұлттық шоссе
жолдары, көпір, каналдар, газ бен мұнай құбырлары, байланыс, аурухана,
мектеп, тағы басқа объектілер;
- Нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. Сатып алушы мен
кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен
салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып, нарытық экономикада
монополизмніңболуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық
база жасалады. Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін
алғаны жөн;
- Мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атаруды
бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді.
Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы
тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
- Мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне алады. Оларға
– оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы
отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де мемлекет өз қызметі
санайды.
Нарықты реттеу тәсідері – бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өндіріс
процесіндегі мақсаты - бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм
қызметіне қалыпты жағдайды қамтамасыз етуге әсер етеді. Реттеудің мұндай
элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек
екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу өнеркәсібі
дамыған елдерде жалпы құбылысқа айналды.
Нарық мемлекетпен, кәсіпорын, тауар өндірушітермен де реттелуі әбден
мүмкін. Демек, реттеуі субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты
түрде былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол
нарықтық тепе-теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей әдісі экономикалық процестің өзіне және оның
параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте олар белгілі
объектіге бағытталып адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей реттеу
тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы үшін және халық
шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін орталықтан қолдалынатын
әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің қызметі жайлы емес,
мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану тәсілі жайлы болып
отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал жасайды. Бұл жағынан
бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау шараларына қатысты болса,
екінші жағынан – төлем қабілеттілігі жағдайын сақтау үшін тұрғындарды
әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық
шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалық қызметтің
жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама
тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып
кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген
күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады. (1-қосымша).
Нарық жағдайында барлық кәсіпкерлер одағының алдында тұрған басты
мәселе – мемлекет пен кәсіпкердің өзара іс-әрекетінің ымыраласуымен жалпы
әлеуметтік-экономикалық саясатты жасау. Мұндай іс-әрекет нарықтық
экономикасы дамыған барлық елдерде кеңінен қолдалынады. Нарықтық экономика
жағдайында мемлекет пен тауар өрдірушілер тең құқықты партнер ретінде іс
атқарады.Мемлекет өзінің қатынастарын кәсіпорын, фирма, компания,
концерннің барлық типтерімен шарт жасау негізінде немесе келісімге келеді.
Олай жасау нарықты реттеудің маңызды қызметі болып табылады. Нарық
жағдайында мемлекет экономиканы басқарудың салалық принціпінен бас
тартпайды. Мемлекеттік қызмет елдерге тез тарайды, ал салалық басқару еш
жерде толық жойылған емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық
қатынастар жағдайында мемлекеттің маңызды қызметі нарықтық экономиканы
реттеу болып қала береді. Жекелеген дамыған мемлекеттер реттеуші нарықтық
қатынастар жүйесіне ХХ-ғасырдың бас кезінде көше бастады. Қазіргі уақытта
бұл елдерде реттелмейтін нарық жоқ. Нарықтық экономикасы дамыған елдер
біздің жоспарлы реттеу тәжірибемізді қолданып, нарықты реттеудің тиімді
жүйесін жасап, өз бойына нарықтық жетістіктерін сіңіре білді.
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің ең маңызды инструменттеріне
мыналар жатады:
- Фискалдық саясат;
- Несие-ақша саясаты;
- Баға мен табысты реттеу саясаты;
- Әлеуметтік саясат;
- Сыртқы экономикалық саясат;
- Әкімшілік реттеу;
- Қысқа мерзімді реттеу;
- Ұзақ мерзімді реттеу;
- Аймақтық реттеу.
1.Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты қаржыны
реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен
қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, бюджеттен
жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен субсидиялар, салық шаралары
жатады. Фискалдық саясаттың ең маңызды бөлігі – салықты реттеу болып
табылады. Ежелден салыққа қатысты белгі нәрсе, ол экономикада екі жақты
роль атқарады. Бір жағынан мемлекеттің табысын қалыптастырса, екінші
жағынан тұтынушы мен өндірушіге ынталандырушылық әсер етеді.
2.Несие-ақша саясаты.Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін шешуде
ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық
мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық
жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.
3.Баға мен табыстарды реттеу саясаты. Фискалды және несие саясаты
тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып қалады.
Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді.
4.Әлеуметтік саясат. Ол өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір сүру
деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек көрсету
бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. Оларды қарқынды инфляция
салдарынан қорғауға көмектеседі. Әлеуметтік саясат мынандай салаларды
қамтиды: білім, медицина, мәдениет, көп балалыларға көмектесу, тұрғындардың
жұмыспен қамтылуы.
5.Сыртқы экономикалық реттеу. Оған мыналар енеді: мемлекеттің сауда
саясаты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Қазакстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясындағы мемлекеттің рөлі
Саясаттанудың түсініктері мен категориялары
Көрінбейтін қолдын рыноктағы рөлі
Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар
Саяси ғылымның зерттеу объектілері
Мемлекеттің экономикалық қызметінің маңыздылығы мен өзектілігі
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Иүгінеки Ахмед
Пәндер