Тері физиологиясы және оның организмде шынықтырудағы орны


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану - педогогикалық факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Тері физиологиясы және оның организмде шынықтырудағы орны»
Тексерген: б. ғ. д. доцент Дүрмекбаева Ш. Н.
Орындаған: БК - 22 тобының студенті
Темірханова Ж. М.
Көкшетау 2007
Мазмұны
Кіріспе3
Негізгі бөлім
2. 1 Терінің физиологиясы, және оның қызметі5
2. 2 Терінің бөлінуі, оның шынықтырудағы орны7
2. 3 Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме9
2. 4 Терідегі ауруларды сезгіш ( ауырсыну) рецепторлары11
2. 5 Ауырсыну рецепторларының жас ерекшеліктері15
2. 6 Терідегі тактильді сезім және оның жас ерекшеліктері-16
2. 7 Температуралық сезімдер және олардың жас ерекшеліктері18
Қорытынды20
Қолданылған әдебиеттер тізімі21
Кіріспе
Терінің негізгі маңызды қорғаныстық қызметіне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. Сонымен қатар тері сыртқы ортадағы әртүрлі зиянды заттарды мысалы ультракүлгін сәулелердің, улы химикаттардың ағзаға өтпеуін қамтамассыз етеді. А. Поликарттың зерттеулері бойынша тері бездерінің жалпы тер бөліндіру көлемі 5м 2 жуық. Олар жылу алмасуды реттеуге қатысады. Тер бездері зат алмасудың соңғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Мұнымен қатар тері мен бірге ағзадағы артық су тұз қышқыл өнімдері сыртқа шығарылады. Осының нәтежиесінде тер бездері сыртқы қышқыл теңдігін, осмостық гамеостазды бір қалыпты сақтайды. Сыртқы ортаның темпиратурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады, бірақ өте жылдам кеуіп кетеді. Сондықтан тердің бөлінуі байқалмайды. Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу және ауырсыну қабылдағыштарынан серпініс гипотоламус, сопақша ми мен жұлындағы тер бөліндіретін жеке орталықтарына беріліп эференттік симпатикалық жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлінуін күшейтеді.
2. 1 Терінің физиологиясы және қызметі.
Тері өте күрделі құрылым адам мен жануарлар организмінің сыртқы жабыны.
Ересек адамда оның көлемі 1, 5-2 м 2 , дене салмағының 4, 5-5%, немесе 4-5%, немесе 4-5 кг. Тері қосалқы құрылымдармен бірге (май, тер бездері, түктер, тырнақ) толып жатқан әртүрлі қызмет атқарады. Ең алдымен тері организмнің ішкі ортасын сыртқы әсерлерден сақтап, қорғаныс қызметін атқарады. Бұл оның өте жоғары механикалық беріктігіне, серпімділігіне байланысты ультракүлгін сәулелер, радиациялық, электрлік т. б. толып жатқан физикалық түрткілерге қарсы тұруы.
Терінің негізгі маңызды қорғаныс қызметіне оның бактерияларға тосқауыл болуы жатады. Тері организмнің иммундық (қорғаныс) жүйе қызметін арттырып, кейбір химиялық заттардың зиянды әсерін әлсіретеді. Ол тыныс алу, сіңіру (абсорбциялық), шығару қызметтерін да атқарады. Терінің қан және лимфа тамырларында қан мен лимфа уақытша іркіліп жиналуы мүмкін, бұл оның деполық қызметі. Тері энергия алмасуының реттелуіне қатысады.
Теріде толып жатқан әртүрлі қызмет атқаратын қабылдағыштар (қысым, жанасу, ауру, суық, жылуды қабылдайтын т. б. ) орналасқан. Тері сезім мүшесінің өте маңызды бөлімі болып есептеледі, олар сырттан келген тітіркендіргіштерге шартсыз және шартты рефлсектік қорғаныс әсерленісін пайда етеді.
Тері өте көлемді рецептивтік алаң болып есептеледі. Одан шыққан серпіністер ішкі ағзалардың қызметіне айарлықтай әсер етеді. Оның осы қызметіне рефлексотерапия (акупунктура - ине шаншу) арқылы емдеу негізделген.
Тері тер бездері арқасында организмдегі шығару мүшесінің бірі болып есептеледі.
Тер бездері. А. Поликардтың зерттеулері бойынша тер бездерінің жалпы тер бөліндіру көлемі 5 м 2 жуық. Олар жылу алмасуды реттеуге қатысады. Тер бездері зат алмасудың соңғы ыдырау өнімдерін шығаратын мүше. Қалыпты физиологиялық жағдайда бұл тер бездерінің сөлініс қызметі. Бүйрек қызметі жеткіліксіз (уремия) болған жағдайда сыртқа шығаруда (экскрециялық) өте маңызды қызмет болып есептеледі. Мұнымен қатар термен бірге артық су, тұз, қышқыл өнімдері шығарылады. Осының нәтижесінде тер бездері сілті-қышқыл теңдігін, осмостық гомеостазды бірқалыпты сақтайды. Сыртқы ортаның температурасы жайлы болғанда (18-20) адамда орта есеппен тәулігіне 500 мл тер бөлінеді. Тер аз мөлшерде үздіксіз бөлініп тұрады, бірақ өте жылдам кеуіп кетеді, сондықтан тердің бөлінуі байқалмайды. Тер - түссіз, сұйық зат, құрамында 98-99%, су, 0, 3% жуық NаС1, 0, 1 мочевина, КС1, несеп қышқылы, креатинин, тез ұшатын май қышқылдары болады. Кейде (диабет ауруында) тер құрамында глюкоза кездеседі, сары ауруда өт қышқылдары, сол сияқты организмге енгізілген әртүрлі дәрілер де болады.
Тердің әсерленісі қышқыл (pH-3, 8-6, 2), м. с. 1, 0001-1, 0006. Бөлінетін тер мөлшері, сыртқы орта температурасына және орагнизмнің жалпы жағдайына байланысты. Ыстық цехтарда, жылы камераларда бөлінетін тер мөлшері 2, 5 л, кейде 1, 5 сағатта 8-12 л жетуі мүмкін. Тер сонымен бірге бұлшықет қызметіне, ішкен тамақ құрамына, оның мөлшеріне, эмоциялық жағдайларға (қорқыныш, ашу, т. б. ) байланысты.
Тердің бөлінуі рефлекс арқылы реттеледі. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан көбіне жылу және ауырсыну қабылдағыштарынан серпініс гипоталамус, сопақша ми және жұлындағы тер бөліндіретін жүйке орталықтарында беріліп, эфференттік, симпатикалық жүйке арқылы тер бездерінің тер бөлуін күшейтеді. Түйіннен кейінгі симпатикалық жүйке талшықтарының ұшынан норадреналин бөлінбей, ацетилхолин бөлінеді. Физиологиялық қалыпты және ауру (патологиялық) жағдайда ангидрозани (тер бөлінудің толық тоқтауы), гипогидрозани (тердің жеткіліксіз бөлінуі) және гипергидрозани (тердің көп бөлінуі) жағдайларын байқауға болады. Кейде жұлын сегмент функциясының бұзылуына байланысты, локалды, регионарлық тер бөліну бұзылады.
Тер бөліну жылдамдығын иод-крахмал мен минор сынамасын қолдану арқылы және адам салмағының белгілі бір уақыт арасында өзгеруіне қарай бақылап анықтайды.
2. 2 Терінің бөлінуі, оның шынықтырудағы орны.
Терінің құрылысы мен маңызы. Адам терісі 3 қабаттан тұрады. Сыртқы қабаты эпидермис, ортаңғысы дерма және ішкісі гиподерма деп аталады. Ең қалың сыртқы қабатының қалыңдығы 1-2, 5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі. Сондықтан терінің түсі өндіретін пигментіне байланысты, егер ол аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса - қоңырлау, ал тым көп болса, қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады. Онда қан тамырларының капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі, ал торлы қабатындағы дәнекер клеткалар теріге беріктік қасиет береді. Терінің гиподерма қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тері бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің сыртына жіңішке саңлау түрінде ашылады. Тер бездеріалақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап терісінде көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері болады. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май бездерінің өзектері тері түгінің қапшығын ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған теріден су, микробтар өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшелігі. Тер бездері арқылы денеден сыртқа шығарылатын судың мөлшері 50%, яғни 500-900 мл болады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, гиппур қышқылы, хлорлы натрий, калий және фосфаттар мен сульфаттар шығарылады. Тердің сыбағалы салмағы 1, 012-1, 010. Терлеу тәулік бойы үнемі үздіксіз жүреді, бірақ сыртқы ортаның температурасы жоғарылағанда және ауыр еңбекпен шұғылданғанда, шынықтыру жаттығулары кезінде тер безінің өзектері кеңейеді де, тер үздіксіщ көп шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярларындағы қысым төмендейді де, несеп өндіру азаяды.
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етеді. Симпатикалық нерв талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе, жылы тер шығады, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын тер адам қатты абыржып, қиналғанда, жағымсыз эмоцияның әсері кезінде байқалады.
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис қабаты өте жұқа, терінің қан тамырлары кең және көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады.
Жаңа туған сәбидің терісі өте жұқа, қалыңдығы 1, 1 мм. 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды. Өсе келе коллагенді талшықтар көбейеді, ал созылғыш талшықтары 6 жастан кейін пайда бола бастайды.
Бала терісінде май көбірек болады. Әсіресе алғашқы 9 айда ол тез көбейеді. Содан кейін 5 жасқа дейін олардың көбеюі бәсеңдейді. Ересек адаммен салыстырғанда майлы клеткалар жаңа туған сәбиде 5% көбірек болады.
Терінің температурасы нәрестелерде жоғарырақ және тұрақсыз келеді. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастады.
Бала 4 жасқа дейін аз терлейді, өйткені тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген. Оның толық жетілуі 5-6 жаста болады.
2. 3 Тері сезімдері туралы жалпы түсініктеме.
Дене сезімі бірнеше сезімнің жиынтығы, оның ішкі және сыртқы мүшелері қабылдаған мәліметтер әртүрлі сезім тудырады, бірақ дененің қалыпты жағдайын немесе оның өзгерісін білдіретін тікелей мәліметтер әуелі терідегі рецепторлар арқылы қабылданады. Бұлар сыртқы ортаның денеге тікелей әсерін білдіреді. Тері рецепторларының жалпы аумағы өте үлкен: 1, 5-2 м 2 . Мұнда жанасу, қысым, ыстық-суықты сезу және ауырсыну рецепторлары бар. Олар терінің әртүрлі қабатында және әр жерінде орналасқан. Көбі саусақтың ұшында, алақанда, табанда, ерінде, бетте, қол-аяқтарда, жыныс мүшелерінің терісінде болады.
Құрамы жағынан рецепторлар әртүрлі: үлкенді-кішілі, жалпақ, сауытша тәрізді, жіпше, түкті болып келеді. Негізгі түрлері - ұсақ жіңішке жүйке талшықтарының жалаңқай ұшы. Бұл нерв ұштары тері түктерінің әсерімен жанасуы сәтінде қозады да, мәліметті қабылдап, орталық жүйке жүйесіне жіберіп тұрады.
Тері рецепторларының сан мөлшері де әртүрлі: жанасу рецепторлары 5, жылуды сезу рецепторлары 3, суықты сезу - 25 шамасында, ауырсыну (ауруду сезу) бәрінен де көп және дененің барлық жерінде болатын әртүрлі рецепторларда тітіркендіргіштің күшті әсерінен ауырсыну сезімі туа береді.
Тері рецепторларының тітіркену сәтінде қабылдағыш потенциалы әрекет потенциалына көшіп, қозуды тудырады. Қозу толқыны жүйке тамырлары арқылы орталық жүйке жүйесіне серпініс ретінде жеткізіледі.
Тері рецепторларынан қозу толқыны жұлын-таламус жолына шығады. Жоғары өрлеу жолы жіңішке Голь мен сына тәрізді Бурдах будаларымен сопақша миға барады. Мұндағы нейрондардың аксондары таламустағы ішкі ілмектің құрамына өтіп, олива тұсында қиылысады да, таламустың арнамалы түйініне өтеді. Ілмектік жолдар миелин қабықшасымен көмкерілген жуан және тез өткізгіш жүйке талшықтары арқылы тарайды. Терінің жанасу, қысым сезу рецепторларынан және буын қимылдарынан туатын серпіністер ми қыртысының соларды қабылдайтын арнайы аймақтарына жеткізіледі.
Бейімделу тәртібі бойынша тері рецепторлары екі топқа бөлінеді. Тез бейімделетіндер , яғни жылдам рецепторлар және баяу бейімделетіндер, яғни баяу рецепторлар.
Терінің түгінің түбіндегі сипап сезу рецепторлары мен қатпарлы денешіктер өте тез бейімделеді. Қатпарлы денешік 40-1000 гЦ аралығындағы тербелісті қабылдай алады. Адамның терісінің бетіндегі қатар жатқан екі нүктеге жанасуды бөлек сезуі әркелкі болады. Мысалы, тілдің шырышты қабығындағы жанасуды бөлек сезуі 0, 5 мм, ал арқа терісінде - 60 мм.
Бұл айырмашылық көбінесе тері рецепторларының аймақтарының әртүрлі көлемді болуынан және олардың бірін-бірі жапсарлау бөлшектерімен байланысты. Демек жылдам бейімделсін, баяу бейімделсін, әйтеуір, рецепторлар бейімделеді. Олардың бейімделу уақыты, бір жағынан, құрылымдық ерекшелігіне, екіншіден, әсер ету уақыты мен күшіне байланысты. Мысалы, таңертең тұрып киінгенде алғаш кезінде адамның терісі киімнің жанаспа әсерін сезеді, бірақ біраздан соң оған үйреніп, ештеңені сезбейді. Бұл үйреншікті киімді күнде киіп жүргенде осылай болады, ал жаңа киімді кигенде оның қатты-жұмсақтығына байланысты, не ыңғайлы-ыңғайсыздығына байланысты дене сезімдері көпке дейін басылмайды. Мысалы, жүннен тоқылған киімді кигенде дененің тітіркенуі күні бойы, тіпті бірнеше күн бойы сезіліп жүруі мүмкін.
Рецепторлардың жаңа тітіркендіргіштерге, сыртқы ортаның жаңа әсеріне организмнің тыныштығын қалпында ұстауы артық беймазалықтан сақтайды, алаңдамай бірқалыпты өмір сүріп, стереотипті жағдайда қызмет атқарып, салауатты өмір тіршілігінде болуды қамтамасыз етеді.
Жаңа туған бала сыртқы ортаның тікелей тітіркендіргіштерінің әсерін қабылдап, олардың тірлігіне қажетті түрлерін талдап, талқылай алады. Бұл қызметке дененің барлық сезімдері, әсіресе тері сезімдері көп қатысады. Себебі олардың сыртқы ортаның әсерін қабылдауы тікелей денеге әсер еткен тітіркендіргіштер арқылы жүреді.
Баланың жасы ұлғайған сайын көру, есту талдағыштарының қызметі жетіліп, денеден қашық орналасқан тітіркендіргіштерді қабылдау қабілеті дамиды. Бірақ тері рецепторларының маңызы сонда да жоғары болады.
2. 4 Терідегі ауруды сезгіш (ауырсыну) рецепторлар. Ауруды сезгіш рецепторлар адекватты, яғни өзіне тән тітіркендіргішті қажет етпейді. Күші шектен асқан қандай да болмасын тітіркендіргіш ауру сезімін тудырады. Ал басқа рецепторлардың адекватты тітіркендіргіші болады: тактильді рецепторлардың жанасуды және қысымды сезетін түрлері болады, ал температуралық рецепторлар суық пен жылудың әсерлерін қабылдайды.
Ауру сезімдерін бос жүйке ұштары қабылдайды. Бұл сезім мүшелердің, ұлпалардың қалпын бұзатын жауапты қажет ететін тітіркендіргіш әсер еткенде пайда болады. Ондай жүйке ұштары бүкіл теріде, ауыз бен мұрын қуыстарының кілегейлі қабатында, яғни дененің барлық жеріне орналасқан. Ауруды сезгіш рецепторларды «қауіпсіздік күзетшісі» деп атайды, олар төнген қауіп туралы ақпаратты миға жеткізеді.
Ауруды сезіну негізінен туғаннан кейін бір аптадан соң пайда болады. 1 жасқа толған бала аурудың пайда болған орынын анықтай алады. Жаңа туған сәбидің ауру сезгіш рецепторларының сезімталдығы ересектердікінен төмен, 5-6 жастан 6-7 жасқа дейін ауру сезгіш рецепторлардың сезімталдығы тез артады. П. К. Анохиннің айтуынша, организмнің нақтылы және деректік ауытқуларды тудыратын әсері күшті, зиянды тітіркендіргіштерге қарсы пайда болатын физиологиялық күйі.
Ауыртатын әсерлер әртүрлі сезім тудырады. Қазіргі кезде ауырсыну сезімдерінің әр алуан реңдері анықталды. Олар ауырсыну сезімінің сапасына қарай әртүрлі болады. Ауырсыну кезінде қозғалыс, эмоциялық және вегетативтік көріністер - үрей, қорқыныш, лоқсу, түшкіру, жүрек қобалжуы, тамыр әсері, терлеу - байқалады.
Дененің ауырсынуын себептеріне қарай 3 топқа бөледі: а) сыртқы әсерлерден туатын ауырсыну; ә) жүйкеде туатын ауырсыну; б) ішкі мүшелерде туатын ауырсыну.
Ауырсынудың физиологиялық тетігін анықтайтын бірнеше қағидалар ұсынылған. Ауырсынудың арнайы қағидасы бойынша оның өзіндік рецепторлары, өткізгіш жолдары, талдау жасайтын орталықтары болатындығы анықталды. Бұл қағида ауырсынуды өзіндік сезім тетігі бар арнайы сезім деп есептейді. Өйткені ол әртүрлі әрекеті бар ауырсыну тітіркендіргіштері қозғанда туады.
Келесі қағидада әр райлы тітіркену қалыптан артық болғанда ауырсыну туады. Өте күшті жоғары қатты дыбыс немесе қысым ауырсыну сезімін тудырады. Күшті тітіркендіргіштер рецепторлардың барлық түрін белсендіреді. Сөйтіп жұлын мен ми бағанасында афференттік тасқын импульстер жинақталады. Алайда бұл қағида маманданған қабылдағыштардың болатынын ескермейді. Ауырсыну тітіркендіргішіне жауап тудыратын рецептор тері мен басқа ұлпаларды шырмайтын жіңішке сезімтал талшықтардан, яғни нервтердің жалаң ұштарынан тұрады.
Орналасуына, тітіркену және сезу нейрондарының түрлеріне қарай: жергілікті, қатты ауырсынатын және сыздайтын, шашыраңқы ауырсыну рецепторларын ажыратуға болады.
Қозу толқыны рецепторлардан екі сезімтал талшықтар арқылы жайылады: A-d және С талшықтары. Бұл талшықтардың жуандығы 1-6 микрометр, өткізу жылдамдығы 5-50 микросекунд, миелинмен қапталған. Олардың қабылдау аумағы терінің 8 мм 2 аумағын алып жататын 3-20 нүктеден тұрады. Бұл талшықтар бір райлы және көп райлы рецепторлармен байланысты. Механикалық қабылдағыш әрбір 1 мм 2 -ге 40 грамнан аса қысым түскенде, температуралық рецептор - 45 0 С-ден жоғары, 15 0 С-ден төмендеген жағдайда қозады.
С рецепторларының жуандығы 2 микрометр, өткізу жылдамдығы 0, 2-2 м/сек, қабылдау аумағы 2-3 мм 2 , миелинсіз талшықтар. Олар салқындатқанда және теріні өткір инемен түйрегенде тітіркенеді. Мұндай рецепторлар ішкі мүшелерде және бұлшық еттерде де болады. Көптеген рецепторларды ұзақ тітіркендіргенде олардың сезімталдығы төмендейді де, ал ауырсыну рецепторларының сезімталдығы, керісінше, күшейеді. Мұны әсіре сезімталдық деп атайды, себебі рецептор тітіркендіргіштің әлсіз күшіне жауап береді. Кей адамдардың туа байқалған сезім жүйесінің кемшілігіне байланысты ауырсыну сезімі болмайды, - деген де зерттеу тұжырымдары бар. Ауырсыну әсерін қабылдайтын құрылымдар орталық жүйке жүйесінің әртүрлі деңгейінде орналасқан. Ол алдымен жұлынның артқы мүйізшесіндегі жалпақ табақшалардың орталық нейрондарына барады және сонда өңделеді, содан соң миға өтеді.
Ауырсынуды сезгіш талдағыштардың өткізгіш жолдарына жұлын-таламус, жұлын-торлы құрылым, жұлын-ортаңғы ми жүйелерінің жолдары жатады және проприорецепторлық жүйе кіреді. Бұл жолдар арқылы үдемелі ауырсыну мәліметтері мидың орталық құрылымдары - жұлын, торлы құрылым, орталық сұр зат, ортаңғы ми, таламус, гипоталамус, лимбика жүйесі және ми қыртысының әртүрлі аймақтарына барып, сол құрылымдарда өңделеді.
Айта кететін жағдай - ортаңғы мидың сұр заты мен сопақша мидың тегіс ядролары тітіркендіргіш әсер еткенде көруді жеңілдетеді де ауырсынуды басатын эндорфин мен серотонин, норадреналин деген химиялық заттар түзіледі.
Ауырсыну сезімі туралы ғалымдардың болжамдары бар: а) ауырсыну жалаңқай нерв ұштарында пайда болады, өйткені олардың сезімталдығы өте жоғары; б) ауырсыну сезімі тітіркендіргіштің әсері мөлшерден тыс артық және ұзақ болса, А және С нерв талшықтары өте жылдам қозып, әсерленуді тым жоғары көтеріп жібереді.
Ауырсыну орталық жүйке жүйесінің бірнеше бөлімдерінде сезіледі. Айталық, жүрек ауырғанда сол қолға, жауырынға беріледі, соқыр ішек қабынғанда - жұлынның 11-12 кеуде сегменттеріне беріледі. Өкпе қабынғанда 2-5 кеуде сегменттеріне беріледі (3-кесте) .
Адам ауырғанда ішкі мүшелерден
берілетін ауырсыну сезімінің аймақтары
Өкпе
Жүрек
Жұтқыншақ
Сүт безі
Ас қазан
Ішек
Бауыр
Өт қабы
Бүйрек
Несеп жолы
Қуық
Жыныс мүшелері
1-7, әсіресе кеуде сегменттері
3-5 мойын, көбінесе 1-8 кеуде сегменттері, сол жағы
5-8 сегменттер,
4-5 сегменттер
7-8 сегменттер, екі жағы да
9-12 сегменттер, екі жағы да немесе сол жағы ғана
8-10 сегменттер, сол жағы
Көбінесе 8-9, кейде 5-7 сегменттер
Көбінесе 10, кейде 11, 12 кеуде, 1 бел сегменттері
11, 12 кеуде, 1 беломыртқа сегменттері
11, 12 кеуде, 1 бел, 3, 4 сегізкөз сегменттері
10-12 кеуде, 1 бел омыртқа, 1-5 сегізкөз сегменттері
2. 5 Ауырсыну рецепторларының жас ерекшеліктері. Ауруды сезіну, негізінен, туғаннан кейін бір аптадан соң пайда болады. 1 жасқа толған бала аурудың пайда болған орнын анықтай алады. Жаңа туған сәбидің ауру сезгіш рецепторларының сезімталдығы ересектердікінен төмен, 5-6 жастан 6-7 жасқа дейін ауру сезгіш рецепторлардың сезімталдығы тез артады. Ауырсыну рецепторларының қызметі бала ойнаған кезде төмендейді де, жоғары жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелудің тарауының индукция заңы бойынша, тыныш, демалып отырған кезінде күшейеді. Ауырсыну рецепторларының сезімталдығы жүйке тамырларының миелинденуімен тығыз байланысты. Сондықтан кішкентай бөбектердің ауру сезімталдығы алғашқы күннен бастап жоғары болады да нерв талшықтарының миелин қабаты қалыңдаған сайын сезімталдығы біртіндеп төмендейді. Мұнымен қатар орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жинақталуына байланысты жас ерекшеліктері байқалады. Балаларда ауруды сезіну қабілетін жаттықтыру арқылы төмендетуге де болады. Мұндайда организмнің жалпы бейімделу заңы орын алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz