Өсімдіктер тіршілігіне негізгі жағдайлардың әсер етуін тәжірибелер жолымен анықтау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Негізгі бөлім . . . Мектеп-оқу тәжірибе участогінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары . . . Участогта өткізілетін жұмыстар . . . Оқушыларға берілетін тапсырмалар . . . Оқу-тәжірибе участогіндегі сабақтар . . .

2 6-сынып «биология » пәні бойынша оқу-тәжірибе участогінде практикалық жұмыстардың түрлері

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Оқушылар нақты, логикалық құрылған жоспар бойынша жұмыс істеуді үйрету керек. Ол үшін мектеп оқу-тәжірибе участогінде кең педагогикалық мүмкіндік бар.

Оқушылардың оқу-тәжірибе участогінде жұмыс істегінде, тірі өсімдіктер мен жануарлар биологиясынан өздерінің білімдерін тереңдетеді. Участогте жұмыс істеу оқушыларды топпен жұмыс атқаруға, еңбек мәдениетіне, эстетикалық сезімге тәрбиеледі.

Оқу-тәжіриби участогінде көктемде көктемде және күзде ботаникадан, зоологиядан, жалпы биологиядан сабақтар өткізіледі. 6 сыныптарда бағдарлама бойынша мемлекеттік стандартқа сай практикалық сабақтар өтеді. Сонымен қатар жазда, күзде, көктемде тәжірибе және бақылаулар жасау үшін тыс жұмыстар болады. [1]

Мақсаты

1Негізгі бөлім

  1. Участогте оқушылардың жұмысын ұйымдастыру

Оқу-тәжірибе участогі мен ондағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің кең мүмкіндіктерін ашады. Сабақты алған биологиялық түсініктердің дамуы келесі маңызды сатыға өтеді: оның тәжірибесі, практикалық мәселелерді шешудегі қолданылуы - осының бәрі білімнің деңгейін жоғарылатады. Осы оқу-тәжірибе участогінде оқушылар тек қана табиғатты қорғауға ғана емес, сонымен қатар өсімдіктерді өсуріді де үйренеді.

Мектеп учатогі дегеніміз - ашық аспан астындағы практикалық сабақтар, тәжірибе және бақылау үшін арналған биологияның лабораториясы, алуан түрлі табиғи көрнекіліктер мен демонстрациялық заттардың қайнар көзі. Мектеп участогін оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің бірінші сатысы деп қарастыруға болады. Биологияны оқытуда мектеп участогінің кең педагогикалық оқу-тәрбиелік мәні бар / /.

Оқушылардың айдағыдай нақты ұйымдастылуы кезенде ғана мектеп участогінде жұмыс істеудің оқу-тәрбиелік мәні зор. Мектеп тәжірибесінде участогте жұмыс істегінде, екі түрлі жүйе қолданылады: операциялық және пәндік жүйелер. Операциялық жүйе кезінде сынып оқушылары мұғаліснің түсіндіруі мен көрсетуі, кейде нұсқауы бойынша участогта жұмыс жасайды. әрбір сабақта оқушылар қандай да бір операциямен (топырақты қазу немесе тыңайытқыштарды қосу, ағаштарды отырғызуға шүңқырлар дайындау және тағы басқа) танысады, көбінесе басқа операциялармен байланысы жоқ.

Пәндік жүйе бойынша оқушылардың топтары және оның әрқайсысы таңдаған тақырып бойынша жұмыс жасайды, топырақты өндеуден бастап, өнімін жинаумен аяқталады.

Оқушылар жас ерекшеліктеріне және физикалық даму деңгейіне байланысты өздігінен жұмыс істейді және бұтын операциялар жүйесін меңгеред. Осындай ұйымдастыру кезенде оқушылардың әрқайсысы участогта жұмыс істеу барысында келесі дағдылар мен біліктер жинақталады:

  1. Жоспар бойынша жұмыс. Жоспарды құру және оның масштабын жерге келтіру.
  2. Анықтау. Тыңайытқыштар мен тұқымдардың берілген ауданға мөлшерін анықтау.
  3. Тану және айыру. Тыңайытқыштар, тұқымдар, жабайы өсетін және мәдени өсімдектердің кейбір сорттарын элементарлы айыру.
  4. Өсімдіктер тіршілігінің құбылыстарын бақылау. Өсімдіктің дамуын бақылау, өнімнің санын және тәжірибенің нәтижелерін нақты тіркеу.
  5. Өсімдіктер тіршілігіне негізгі жағдайлардың әсер етуін тәжірибелер жолымен анықтау. Өсімдіктердің тіршілігі үшін қажет жағдайларды басқару. Топырақтың өнделуі, тұқым себу, өскіндер отырғызу. Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін есекере отырып, жоғары өнім алу үшін әсер ету жүйесін пайдалану.
  6. Өсімдіктердің көбеюі. Қолдан тазаңдандыру және тұқымға ең жақсы жемістер таңдау.
  7. Жұмыс сапасын бағалау. Топырақ құрылымы мен өнделуін, себуді, өсімдіктердің жағдайын, өнімін элементарлы бағалау. Жұмыс нәтижелерін суреттеу. Тәжірибе және бақылауды тіркеу. Таблицадағы мәліметтерді салыстыру. Графиктер, гербарийлердің кесетсін, қорытындысын құру.

Жұмысты ұйымдастыру кезінде оқушының жеке жұмысы топтың жұмысымен сәйкес болуы өте маңызды. Оқушыларға берілген жұмыстың жауапкершілігі оның қажетті білім алуын қамтамасыз етеді.

Участогта жұмысқа оқушыларды ұйымдастыру, ақырын, оқу жылы бойы жүреді. Күзде оқушылар биология сабағында оқу-тәжірибеде участогімен және класста ілінген оның территориальды жоспарымен танысады. Сосын әрбір тақырыпты өту барысында 2-4 оқушыға, олардың қалауын бойынша, оқу-тәжірибе участогінде тәжірибе жасау тапсырмаға беріледі: бидайды себудің ең жақсы тәсілілін анықтау, бидай тұқымдарының көп мөлшерін алуды тездету; «Тамыр» тақырыбын оқу барысында: топырақ өнімділігін, тамыр дамуын анықтау; «Жапырақ» тақырыбында - күн сәулесінің, күн ұзақтығының өсімдік дамуына әсері; «Сабақ» тақырыбында - картоптың көбею тәсілдері т. б. Мынадан тәжірибелер өикізуге болады: гүлдеу уақытын ұзарту, жабайы өсетін өсімдіктерді өсіру т. б.

Тапсырмалар берілген оқушылар қыс бойы таңдалған өсімдік туралы мағлумат жинайды және тәжірибе жоспарын құрады; көктемде мұғалімнен тұқым алып, оның өнгіштігін анықтайды, тұқымдар мен минеральды салады, оларға этикеткалар дайындайды.

Мұғалімге оқу жылы барысында оқушылардың шағын топтарына тәжірибе қою туралы кеңес беру ыңғайлы. Оқушылар бақылауларының нәтижелерін, керекті өлшеулерді жазып отыруы керек. Бұл оларды бақылауға, дәлдікке, нақтылыққа, шыдамдылыққа үйретеді, соның бәрінің тәрбиелік маңызы зор. [1, 3, 4]

  1. Участогта өткізілетін жұмыстар

Политехникалық мағынасы бар участогтегі жұмыстың ең басты бөлігі-жоспар құру және оны жерге түсіру. Қандай да болмасын жұмыста бір бұйым жасау үшін оның кескені, эскезі керек. Участогке шықпай тұрып, жоспар құрылады.

Оқушылар тәжірибеге арналған ауданы мен мектеп участогіндегі орнын біліп, мұғалімнен тапсырма плғандар өзінің жоспарын құрып, ауданға қажет тұқымдар мен тыңайытқыштар мөлшерін анықтап дайындайды.

Бірінші сабақта әрбір топ жоспарды жерге түсіреді, ол үшін ауданды өлшеп белгілейді. Осы және келесі сабақтарда муғалімнің жалпы түсіндірулерінен кейін оқушылар топтары топырақты өндейді және тәжірибеге қажетті тыңайытқыштарды енгізеді. Келесі сабақтарда тұқым себіледі немесе өскіндер отырғызылады. Осындай жұмысты ұйымдастыру тәсімі участогте практикалық сабақтар өтуін жеңілдетеді.

Тәжірибе нәтижелері, гербарий кестелері мектеп көрмесінде, сосын сабақтарда көрнекілік материалдар түрінде қолданы. [1, 5]

  1. Оқушыларға беретін тапсырмалар

Ботаникадан тәжірибе - даражарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің дамуын саластыру. Участог екі бөлікке бөленеді, олардың аудандары 1 немесе 2 см 2 болуы керек. Бір бөлікке астық тұқымдасының тұқымдарын себсе, екінші бөлікке тараңдар тұқымдасының тұқымдарын немесе басқа қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдарын себеді.

Өсімдіктерді бақылап, даму фазаларының басталуын белгілеу. Дамудың әр түрлі фазаларындағы өсімдіктерден гербарий жасау керек.

Мынаған көңіл бөлу керек: оқушылардың алған білік пен дағдылары (анатомиядан, морфологиядан, физиологиядан және агротехникадан) биология курсын оқыту барысында және оқу-тәжірибе участогінде тәжірибе қойғанда, практикалық жұмыс жасағанда, біріккен болуы керек. Оқушыларға әр-түрлі дағдылар қолданатын және көп жақты құбылыстарды құрастыратын жұмыстар берілуі тиіс. Мысалы, участогте тәжірибе жасағанда, оқушылар бүкіл дағды жүйесін қолданады. Оқушы жоспар сызады, жоспар бойынша участогті бөліктерге бөледі, берілген участогқа қажет тұқымдар мен тыңайытқыштардың мөлшерін аңықтайды, топырақтың өнделуі және себу бойынша қажетті жұмыстар атқарады. Ол өсімдік дамуын бақылайды, оған морфологиялық сипаттама жасайды. Оның түрін аңықтайды, кескенін микроскоптан қарайды, тәжірибе нәтижесін және өнімін ескереді, бақылау және тәжірибе бөліктерді салыстырып, кң жақсы өсімдіктерді тұқымға алып, өсімдіктердің гербариін жасайды және тәжірибе нәтижесін оқу кестесін жасау керек. [1, 5]

6 сынып оқушыларына бкрілетін жазғы тапсырмалар:

Өсімдік бөлімі бойынша:

  1. Өсімдіктердің өсуі мен дамуын бақылау:
  • Өсімдіктердің өсуін бақылау;
  • Өсімдіктердің даму фазаларын аңықтау.
  1. Бақылау жүргізу және тәжірибе жасау:
  • Картоп түйнектерін көзшелері арқылы көбейту;
  • Өсімдіктерді қалемшелеу;
  • Өсімдіктердің өсуі мен дамуына тыңайыиқышиардың әсері.
  1. Өсімдіктерді қорғау іс-шараларына қатысу: көшет отырғызу, өсіру, оларды күту.
  • Жануарларға
  • Ылғалды топырақтағы жауын құрттарына;
  • Қоңыздардың жергілікті түрлеріне (май қоңызы, қоқыс қоңызды, қанқыз) ;
  • Құмырсқа илеуіне;
  • Жергілікті жыл құстарына;
  • Үй жануарларына және тағы басқаларға бақылау жасау.
  • Жануарларды қорғау іс-шараларына, тірі табиғат бұрышындағы жануарлаоды күту жұмыстарына қатысу.

«Жануарлар» бөлімі бойынша:

  1. Жылдың әр түрлі мезгіліндегі құмырсқа илеуіндегі тіршілікті бақылау (орналасқан жері, ұзындығы, биіктігі, кіруі, шығуы) . Құмырсқа түрлері: жұмысшы, күзетші, т. б. құмырсқа илеуінде кездесетін басқа жәндіктер.
  2. Аралардың тіршілік әрекетін (көктемде, жазда, күзде) бақылау.
  3. Жыл құстарын бақылау (құстардың үйірге жиналуы, ұшуға дайындық), олардың топтасып ұшуын бақылау.
  4. Үй жануарларын бақылау (үйірдегі мінез-құлық, топты «басқару», топтық мінез-құлық) . [2] Оқу-тәжірибе участогіндегі сабақтар.

Көктемде және күзде мұғалім VI класстарға оқу-тәжірибе участогінде ботаникадан сабақтар өткізеді. Участогте сабақтар мына тақырыптар бойынша болуы мүмкін: «Тұқым» (тұқым себу және тәжірибе нәтижесі), «Тамыр» (тыңайытқыштар әсері, топырақ құрылымы, тамыр жүйесінің өсуі), «Гүл» (көктемгі өсімдіктердің гүлдеуі) .

Мектептегі оқу-тәжірибе участогіндегі сабақ

Сабақ «Орамжапырақ» - VI сынып

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның зерттеу әдістері
Ауыл шаруашылық дақылдары
Ауыл шаруашылығында жүргізілетін тәжірибелік жұмыстар
Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
Егістік тәжірибелер жүргізу
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
Өсімдік клеткасының дидиалогиясы
Эволюциялық генетика
Жүгері дақылының тіршілігіне қажетті факторлар
Топырақтың физикалық құрамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz