Ұрғашы малдың жыныстық циклы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе

1.1. Жыныстық акт және шағылысу динамикасы

II.Негізгі бөлім

2.1.Ұрғашы малдың жыныстық циклы

2.2.Еркек малдың жыныстық инстинкт сатылары

2.3.Қой малдарын шағылыстыру

2.4.Жылқыны шағылыстыру ерекшеліктері

III.Қорытынды

IV.Пайданылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе
1.1. Жыныстық акт және шағылысу динамикасы

Жыныстық акт (шағылысу)coitus - бұл ұрғашы мал мен еркек мал арасында болатын,негізінен шартсыз жыныстық рефлекстерден тұратын,өте күрделі физиологиялық құбылыс .
Жыныстық акт кезінде шартты және шартты емес рефлекстер еркек және ұрғашы малда білінеді алайда бірдей емес.
Қойлар мен ешкілерде жыныстық акт ұзақтығы 2-5 секундқа дейін созылса,сиырлар мен бұқаларда 2-3 секундқа ұзағырақ өтеді.
Шошқаларда жыныстық акт ұзақтағы 7-12 минутқа созылады.Ал эякуляция жыныстық акттың 8минутын алады.
Жылқыларда жыныстық акт асылу рефлексінің анық көрінуімен байқалады.Еркек мал жақындағанда ұрғашы мал тыныштық күйде тұрумен,ал еркек малда эрекция болады.Жыныстық акт ұзақтығы 5-10 минутқа бірнеше рет итермелеумен созылады.

Малды ұрықтандыру табиғи жолмен (шағылыстыру) және жасанды түрде жүргізіледі(қолдан ұрықтандыру).
Табиғи ұрықтандыру екі тәсілмен жүргізіледі:
1.Еркін шағылыстыру(далада,аулада,арнайы загонда).
2.Қорада қолдан шағылыстыру.
Табиғи ұрықтанудың екі типі болады:
1. Қынап тектес ұрықтану
2.Жатыр тектес ұрықтану
Қынап тектес ұрықтанатын малдарға сиыр,қой,ешкі,түйе және қоян жатады.Бұл малдарда эякуляция кезінде шәует қынапқа бөлінеді, содан жатыр мойнына жылжып барады.Аталған жануарларда байқасаңыздар жыныстық қатынас өте жылдам өтеді 4-5 секунд қана , бұл түрлік ерекшелік және олардың эякулятының көлемі айғыр мен қабанмен салыстырғанда өте аз.
Жатыр тектес ұрықтанатын жануарларға бие,мегежін , қаншық жатады. Эякуляция кезінде олардың шәует тікелей жатырға барып түседі.Жыныстық қатынас кезінде айғырдың жыныстық мүшесінің басы қанға толғанда , саңырау құлақ тәрізді ұлғайып , итергенде бөлінген шәуетті поршень сияқты ашық тұрған жатыр мойнынан асырып жібереді.Қабанның жыныстық мүшесінің басы жатыр мойнына еніп тұрады,ал мегежіннің иректелген жатыр мойны жыныстық мүшенінің басы жан-жағынан тығыз қысып тұрады.Бұл топтағы шағылысу ұзаққа созылады:иттерде 6-5 мин ., шошқада 10-15 мин., айғырда 1-2 мин . Эякулят көлемі мол, шошқада 1 литрге дейін , айғырда 100-150 литрге дейін спермилердің концентрациясы 1 мл шәуетте 100-200 мин ғана.
Ал енді малды еркін қашыру кезінде аталық мал табында , отарда , үйірде үнемі бірге жүреді.Күйлеген малды шет қалдырмай өзі іздеп тауып алады,күйі қайтқанша қашыра береді.Малдың қысыр қалмауына толық мүмкіндік бар.Бірақ қашқан малдың есебін жүргізу , мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жүргізу қиын .Бір аталық малға бекітілген ұрғашы малдың саны әлде қайда аз , 30-40 бастан аспайды.Аталық малға жыныстық жүктеме жоғары болғандықтан ол әбден титықтап болдырады.
Бүгінгі таңда экономикалық жағынан тиімді, болашағы мол деп малды жалпылама қолдан ұрықтандыруға көшкен.Қолдан ұрықтандыру кезінде аталық мал мен күйлеген малдың арасында жыныстық қатынас болмайды,ұрықты ұрғашы малдың жыныс жолдарына арнайы аспаптармен апарып салады.Қолдан ұрықтандыру жұмысын әр түлік малдың табиғи ұрықтану үрдісіне ескере отырып , соған сәйкестендіріп жүргізеді.

2.1.Ұрғашы малдың жыныстық циклы
Жыныстық малдың организмінде , әсіресе ,жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық физиологиялық құбылыстар болады.Осы құбылыстың белгілі бір тәртәппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды.
Жыныстық акт кезінде шартсыз рефлекс жыныстық цикл үш сатыдан жүреді:қозу,тежелу,теңдесу.
Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады,олар:шылым ағу,жалпы реакция,күйлеу,овуляция.
Шылым ағу(oestrus).Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп,бірнеше қабат болады,олар шырыш бөліп шығара бастайды.Жатыр ішіне жиналған шырыш сыртқа шығып,малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып,мөлдір түсті шырыш ағады,қынап және қынап кіреберісінің,жатыр мойнының кілегейлі қабаты домбығып,ісініп,қызарып,қанталап кетеді.Осы процесс 2-3 тәулікке созылады.
Жыныстық қозу.Малдың мінез құлқы өзгереді.Биелерде құлынның іші өтеді,сиырлар бір біріне асылады,бірақ бұқаны жолатпайды.Жыныстық қозу сатысы 15-20 сағаттай созылады,кейде бұл феномен байқалмайды.
Күйлеу(libido sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға,ұрықтануға дайын екенін көрсетеді.Күйлеген мал еркек малды өзі іздейді.Сиырларда 20 сағатқа созылады.Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса,жазғытұрым бір тәулікке созылады.
Овуляция(ovulatio) феномені пісіп жетілген фолликулдың жарылып,оның ішінен фолликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады.
Ірі қара малдың овуляциясы тік ішек арқылы аналық безді ұстап,сипап білуге болады.Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6- 1.0 см сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады.Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді.
Тежелу сатысы шылым ағу мен жыныстық қозу феномені бәсеңдеп,инволюция үрдістері байқалады.
Теңелу сатысы тежелу сатысының жалғасы,жаңа циклдың басталуына дейін созылады.Жатыр мойны жабық,тек сыртқы тыныштық байқалады.
Осы феномендердің нәтижесінде еркек мал ұрғашы малды іздеп тауып, эрекция болып,асылып одан кейін қатынас рефлексі және эякуляция рефлексі жүзеге асады.

2.2.Еркек малдың жыныстық инстинкт сатылары

.Жыныстық қатынас мынадай рефлекстерден құралады: іздеп - тауып жақындау;эрекция;асылу;қатынас рефлексі және эякуляция.
Бұл рефлекстер өзара тығыз байланысты және осындай ретпен өтеді де,эякуляциямен аяқталады.Осы рефлекстердің жиынтығын жыныстық инстинк деп атайды.Жыныстық инстинкт жыныстық жетілумен қатар овогенез , спермиогенез үдерістерінің нәтижесінде қалыптасады.Піштірілген еркек малдың жыныстық инстинкті болмайды.

Іздеп - тауып жақындау рефлексі деп еркек малдың күйлеген ұрғашы малды табуын айтамыз,кейде күйлеген ұрғашы малды табуын айтамыз,кейде күйлеген мал еркек малға өзі жақындайды.Бұл ит - мысықта,жабайы аңдарда өте күшті байқалатын рефлекс.Алғашқы кезде бұл рефлекс , әлі дұрыс қалыптаса қоймайды,еркек мал күйлемеген малға да жақындап барып,иіскелеп сүйкенуі мүмкін,кейін ғана олар шартты рефлекстердің қосылуына қарай тәжірибе жинап,тек күйлеген малды дәл табатын болады.
Эрекция болған кезде жыныстық мүшесі қанға толып,жуандап үлкейіп қатаяды,яғни жыныстық мүшесін ұрғашы малдың жыныс жолдарына апарып салуға ыңғайлы жағдай туады.Эрекция басталуына көз рецепторлары , дыбыс қабылдау,иіс сезу , сыртқы жанасу импульстермен құйымшақтағы эрекция орталығын қоздыру себепкер болады.Бұл орталықтан тиісті импульстер жыныстық мүшеге келіп, оны жоғарыда айтқандай өзгеріске әкеліп соқтырады.Кейбір жануарларда эрекцияны мастурбация жасау арқылы да туғызуға болады.Айғырларда,қошқар мен бұқада күнде ұрық алып жүрген орынға жақындағанда эрекция бастала береді.
Асылу рефлексінде еркек мал күйлеген ұрғашы малдың артқы жағынан келіп , үстіне асылып алдыңғы аяқтарымен оның екі бүйірінен қысып тұрады.Бұл рефлекс айғыр мен қабанда жақсы байқалады,қабандар тіпті тұлыпқа да асыла береді.
Асылу рефлексіне қабаттаса жыныстық қатынас рефлексі басталады.Бұл рефлекстің мәні еркек мал,күйлеген ұрғашы малдың жыныс жолдарына (қынабына) өзінің жыныстық мүшесін енгізген соң , ерсілі - қарсылы ырғақты қозғалыстар жасап , нәтижесінде қозып , өз бойынан шәует (ұрық) бөліп шығарумен аяқтайды.Бұл құбылысты эякуляция рефлексі деп атайды.
Эякуляция бұл дұрыс өткен шағылысудың мәресі ,бұл кезде организмдегі жүйкелік қозу үрдісі ең жоғарғы деңгейіне жетеді.Сөйтіп еркек малдың бойынан шәует бөлініп шығады.Эякуляция үшін ең қолайлы температура 40-50 градус температура арасы.Эякуляция үрдісіне қосымша жыныстық бездер өздерінің секреттерін бөліп шығаруы арқылы қатысады:эрекция басталған соң уретралдық бездердің секреті бөлініп шығып уретраны,яғни несеп жыныс өзегін зәр қалдығынан тазалап өтеді,содан кейін баданалық без бен көпіршік бездерінің секреті араласады,ең соңынан купер бездерінің секреті бөлініп ,шәуетті ұрғашы малдың жыныстық жолдарына тереңірек апарып итеріп тастауға мүмкіндік туғызады.Эякуляция қабанда,айғырда асинхронды, ал сиырда синхронды өтеді.
Ұрғашы малдың жыныстық қатынас кезінде байқалатын рефлекстері де еркек малдың рефлекстеріндей.Мысалға,асылу рефлексі ұрғашы малдың ешқандай қарсылықсыз тыныш тұруымен сипатталады.Эрекция кезінде қынаптың , жатыр мойнының кілегейлі қабығы қызарып ,клитор қатайып ,жыныстық ернеулер ашылып тұрады.Қатынас рефлекстеріне сәйкес бүкіл денесінің ,әсіресе жыныстық органдардың бұлшықеттері жиырылып серпімді қозғалысқа түседі.Ал , эякуляция кезінде жыныстық ернеулерде, қынап кіреберісінде орналасқан бездер көп мөлшерде кілегеілі шырыш бөліп шығарады, ал оргазм кезінде жатыр мойнындағы кілегейлі тығын еріп ағып шығады.
Бұғылардың шағылысуы жүгіріп бара жатып та өтуі мүмкін,қояндарда оргазм кезінде шыңғырып барып шалқасынан құлай кетеді.Иттер 20-40 минутқа дейін бір бірінен ажыраса алмай жабысып қалады.Мұндай құбылыс төбет пен қаншықтың жыныстық органдарының ерекшеліктеріне байланысты .Буралар шағылысу кезінде өте ашулы келеді,бөтен кісіні шайнап тастауы да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
Сиыр мен құнажындардың бедеулігінің түрлері мен себептері
Туғаннан кейінгі қабынусыз және қабынумен өтетін аурулар
Алиментарлық бедеулік
Жасанды бедеулік
Қазақстанда өсірілетін сүтті-етті бағыттағы ірі қара тұқымдары
Ветеренария - емтихан сұрақтары
Токсоплазмозбен ауырған мысықтарына диагностика жасау, емдеу, тиімді алдын алу
Жануарлар биотехнологиясы. Аналық малды ұрықтандыруға дайындау және ұрықтандыру
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСТИТУТЫ
Пәндер