Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар)


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ӘӨЖ
АТОШЕВА ЖАЗИРА БЕИБИТОВНА
Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар)
6М011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
Педагогикалық ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін
алу үшін жазылған диссертация
Ғылыми жетекшісі:
п. ғ. к., доц. Қабатай Б. Т.
Қорғауға жіберілді: Филолгия институтының
директоры
Б. Әбдіғазиұлы
«___» 20__ ж.
Кафедра меңгерушісі, фил. ғ. д., профессор Т. С. Тебегенов Ғылыми семинар төрағасы, п. ғ. к., доцент Б. Т. Қабатай
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . .
1ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде «өзіндік жұмыс» ұғымының анықталуы
1. 2 Білім алушылардың өз бетінше жұмыс жасауын ұйымдастыру шарттары мен мүмкіндіктері
2ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДІҢ 5-6 СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗДІГІНЕН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
2. 1 «Әдебиет» пәнінің жаңа мазмұнының оқушының өз бетінше жұмыс жасауына ықпалы
- Әдебиет сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
Нормативті сілтемелер:
Бұл диссертацияда келесі құжаттардың сілтемелері қолданылған:
1. ҚР Жалпы орта мектептерде білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. - Алматы, 2003.
2. Орыс мектептеріндегі «Қазақ әдебиеті» пәніне арналған оқу бағдарламалары. - Алматы, 2003.
3. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 1998 жылғы 18 тамыздағы № 460 бұйрығымен қолданылып жүрген базистік оқу жоспары
4. 1997 жылғы ҚР Тіл туралы Заңы
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы бесінші қазандағы жарлығымен бекітліген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»
Анықтамалық әдебиеттер:
- Әдебиеттану терминдер сөздігі. Құраст: Ахметов З., Шаңдыбаев Т. - Алматы, 1998.
- Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтама. Бас сарапшы: Б. Әбдіғазиев. - Алматы: «Аруана ltd», 2005 - 576 б.
- Қазақ Совет энциклопедиясы. 1-12 тг. - Алматы: Қазақ ССР ҒА ҚСЭ Бас редакциясы, 1972-1988 жж.
- Қазақстан: Ұлттық энциклопедиясы. 1-6 тг. - Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы, 1998-2005.
- Қазақ тілі. Энциклопедия. - Алматы, 1998.
- Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана, 2000.
- Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. - Алматы, 2001.
- Қазақ тілінің орфоэпиялық анықтағышы. - Астана, 2004.
- Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 2006.
Анықтамалар:
Бұл магистрлік диссертацияда келесі терминдер анықтамаларымен бірге қолданылды:
Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қыатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.
«Әрекет» түсінігі өзін және өзінің өмір сүру жағдайларын қоса есептегендегі адамның қоршаған әлемді шығармашылықпен қайта түзуге және тануға бағытталған арнайы белсенділік түрі ретінде анықталады[3] . Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз - тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөндеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты - оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату. Оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі - белсенділікті арттырып оқыту.
«Дербестік» ұғымы кең, ол адам қызметінің барлық саласын қамтиды. Танымдық дербестік - дербестіктің қызмет ететін бір саласы, оның ішінде білімді игерудің жаңа және субъективті дербес саласы[3] . Оқушы үшін өзіндік оқу дербестігі оқу-танымдық іс-әрекет жағдайында көрінеді.
Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып қарастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу.
Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Тіл тазалығы дейтініміз - дейді А. Байтұрсынов - ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау, ескі сөздерге жоламау, жаңа сөздерден қашу.
Тіл мәдениеті - әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы - оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз - коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Б ілімдік қызметте оқыту процесі негізінен білімді, білікті, дағдыны, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыруға бағытталады. Білім педагогикада түсіну, есте сақтау және ғылым, ұғым, ереже, заң, теория фактілерін жаңғыртумен анықталады. Ғалымдардың қорытындыларына сәйкес, меңгерілген интериозациялық білім толықтығымен және нақтылығымен сипатталады.
Оқытудың дамытушы қызметі оқу процесінде оқушының дамуымен анықталады. Бұл даму барлық бағыттар бойынша өтеді: жеке тұлға тілінің, ойлауының сенсорикалық және қимылдық саласының сезімдік-еріктік және қажетті-мотивациялық салссының дамуы. Оқытудың дамыту қызметі негізінен психология мен қазіргі дидактиканың өзекті мәселесі- оқыту мен дамытудың өзара қатынасы проблемаларын құрайды.
Анықтаманы диссертацияның негізгі ұғымдарының анықтамаларымен толықтырарсың. Оларды диссертациядан аласың Авторы болса қоса жазасың Бір термин екінші рет қайталанбауы керек.
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Әлемдік білім кеңістігінде демократияландыру, гуманитарландыру, ізгілендіру үрдістері кең өріс алып отырған бүгінгі таңда, жаhандану дәуіріне, жалпы қоғам ақпараттандыру ғасырына аяқ басқан кезеңде, еліміздің білім беру жүйесін де өзгермелі дүние жағдайына бейім жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеуге жаңаша көзқарас тұрғысынан дамыту талап етілуде. Бұл әрбір пәннің жалпы білім саласындағы орны мен рөлін нақтылап, оны оқытудың бүкіл әдістемелік жүйесін жаңа уақыт сұранымына сай жетілдіріп отырудың қажеттігін айғақтайды. Соның ішінде оқушылар дербестігін қалыптастыру- бүгінгі білім саласында күн тәртібінде тұрған мәселе. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық бiлiм беру академиясының дайындаған Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдістемелік нұсқау хатында[1] :
«Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ - оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Әр оқушының болмысы арқылы дамытушылық, шығармашылық ойлау, өзбетінше шешім қабылдау қабілеттері қалыптасуы тиіс» деп атап көрсетілген. Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандардың шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлғаны қалыптастырудағы жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады.
Жалпы орта бiлiм беретiн мектептердiң 5-6 сыныптарында
● оқытудың келесi деңгейіндегі оқу бағдарламаларын игерту мақсатында оқушылардың танымдық қабiлеттіліктерін және бiлiктіліктерін дамытуды қамтамасыз ететiн қарапайым бiлiм негiздерiн меңгерту;
● негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру;
● ұлттық дiлдi, елiміздiң мәдени-тарихи ерекшелiктерi мен дәстүрлерiн ескере отырып, отандық және әлемдiк мәдениеттi таныту негізгі міндеттер ретінде белгіленген.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда және жоғарыда атап өтілгендей оқушы белсенділігін арттыруда қазақ әдебиеті сабақтарының алатын орны ерекше. Үкімет құжаттарында аталып отырған негiзгi оқу iс-әрекетi дағдыларын қалыптастыру мақсатын жүзеге асыру біздің «Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары» (5-6 сыныптар) деп аталатын зерттеу жұмысымыздың тақырыбы өзекті мәселені шешуге арналғанын және магистрлік диссертацияның қоғамдық сұранысты қанағаттандыруға бағытталғандығын көрсетеді.
Оқушылардың дербестігін ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстың мәні зор. Педагогикалық және әдістемелік әдебиетте өзіндік жұмыстың маңызы, оның түрлері, оқу үрдісіндегі алатын орны біршама қамтылған. К. Д. Ушинский, Е. Я. Голант, Т. И. Шамова, П. Я. Гальперин, Р. М. Микельсон, Б. П. Есипов, Н. Г. Дайри, Р. Г. Лемберг, И. А. Половникова, Ю. К. Бабанский, Б. А. Лернер, О. А. Нильсон, М. Н. Скаткин, И. Т. Огородников өзіндік жұмыстың қырларын нақтылауда көп еңбектенді.
Дербестіктің психологиялық құрылымын, оқушыларды өзіндік жұмыстың біліктері мен дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, Е. Н. Кабанова-Меллер, А. М. Матюшкин, Н. А. Менчинская, Ю. А. Самарина, Н. Ф. Талызина зерттеген.
Бұл еңбектерде өзіндік жұмыстың оқушылардың дербестік қасиетін мейлінше арттыруға, олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз етуге, оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға, таным, ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың оқуға ынтасын арттыру бағытында қызмет ететіндігі қарастырылады. Алайда бүгінгі жаңа талап тұрғысынан қазақ әдебиеті сабақтарында өзіндік жұмысты ұйымдастыруға, оны іріктеп, жүйеге біріктіруге өзгеше көзқарастар пайда болды. Бұл жаңа көзқарастар білім саласындағы жаңа ұстанымдармен, оның сапасына қойылған талаптармен байланысты.
Өз бетінше жұмыс істеу әрекетіне тікелей байланысты мәселелердің бірі - біліктілік (компетенция) . Соңғы бес жылда біздің елде біліктілік педагогикалық мәселе ретінде зерттеле бастады. Біліктілік жалпы білім беру жүйесінің мақсаты мен мазмұндық компоненті ретінде (М. Ж. Жадрина) ; жеке пәндер мүмкіндіктері арқылы қалыптасатын өмірлік дағдылар ретінде (Ғ. С. Байжасарова) ; мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің құрамдас бөлігі ретінде (А. Ә. Жайтапова) ; қарым-қатынас құралы ретінде (Б. О. Салыхова) зерттеліп, мектептің оқу үрдісін ұйымдастыруға бағытталған ұсыныстар берілуде.
Зерттеу барысында келесі қайшылықтың орын алғаны байқалды: оқушыны тұлға ретінде дамытуға қажетті шарттың бірі - өз бетінше жұмыс істеуді ұйымдастыру мен оны іс жүзінде асыруға қажетті жағдайдың толық болмауы. Оқушының шығармашылық деңгейде жұмыс істеуінің құралы болып табылатын өзіндік жұмыстың дидактикалық шарттары толық мағынада анықталған жоқ. Осы қайшылықтан оқушылардың дербестік әрекетін ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстың дидактикалық щарттарын анықтау қажеттігі туып отыр. Бұл мәселенің өзектілігі біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Қазақ әдебиетінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді жолдары (5-6 сыныптар) » деп алуымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: 5-6 сыныптардағы «Қазақ әдебиеті» пәнінде өзіндік жұмыстың мүмкіндіктерін айқындау және ұйымдастырудың дидактикалық шарттарын негіздеу.
Зерттеу міндеттері:
- «өз бетінше орындайтын жұмыс» ұғымының мән-жайын зерттеу;
- өзіндік жұмыстың ғылыми-педагогикалық мәселе ретінде зерттелу деңгейін айқындау;
- 5-6 сыныптардың әдебиет сабақтарында оқушылардың танымдық әрекетін дамытуға бағытталған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны: «Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту үрдісі
Зерттеу пәні: қазақ әдебиеті сабақтарында өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер өзіндік жұмыстың мүмкіндіктерін және дидактикалық шарттарын айқындай отырып, оны ұйымдастырудың жаңа қырлары ретінде:
- оқу үрдісіне қатысушылардың қарым-қатынасында оқушы белсенділігіне өзіндік жұмыс арқылы басымдық сипат берсе;
- өзіндік жұмысты ұйымдастыруда пәндік білім, білік, дағдыны өмірлік тәжірибемен, ақыл-ой тәсілдерімен ұштастыруға бағытталған тапсырмалар арқылы ұйымдастырылса, онда жалпы білім беретін мектепте жеке пәндерді оқыту барысында оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға болады, өйткені оқушылардың танымдық белсенділігі артып, біліктіліктің элементтерін меңгереді.
Жетекші идея : Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әрекеті олардың алған білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда қолдануға болатындай дағдыларын меңгеруге және дербестікке, белсенділікке бағыттайды.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: көрнекті философтар мен психологтардың, әдебиетші ғалымдардың оқу-тәрбие туралы, көркем туындының, тұлға қалыптастырушылық мәні туралы қағидалары, халық педагогикасындағы дара тұлға қалыптастырудың жетекші ұстанымдары, дамыта оқыту идеясы.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасы білім саласына қатысты ресми материалдары (заңдар, қаулылар т. б. ), ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының нормативтік құжаттары, отандық және алыс, жақын шетелдік философтардың, психологтардың, әдіскер-ғалымдардың, әдіскер-мұғалімдердің еңбектеріндегі тұғырнамалық тұжырымдар.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемаларына қатысты ғылыми-теориялық, әдістемелік еңбектерді талдау, зерделеу, сараптау, эксперименттік тәжірибе нәтижелерін талдап қорыту әдістерімен қатар қазақ әдебиеті сабақтарына қатысып, бақылау жүргізілді, зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдер тәжірибелік байқаулар өткізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
- жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың теориялық негіздері сипатталып, осы үдеріске берілген анықтамалар бір жүйеге келтірілді;
- оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастырудың шарттары мен мүмкіндіктері анықталды;
- 5-6 сыныптардың әдебиет сабақтарында жүргізілетін оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері сараланды;
- оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстар бойынша мұғалімдер тәжірибесі талданып, тиімді жолдары анықталды;
- өзіндік іс-әрекеттің оқушының танымдық белсенділігін, дербестігін арттырудағы маңызы мен мәні айқындалды.
Зерттеудің теориялық маңызы
Диссертацияда отандық, шетелдік ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары талданып, «өз бетінше орындайтын жұмыс», «өздігінен орындайтын жұмыс», «өздік жұмыс» т. б. ұғымдардың мағынасы өзіндік іс-әрекеттің мағынасын анықтайтыны сараланды.
Зерттеудің практикалық маңызы
Зерттеу еңбегіндегі әдістемелік тұрғыдағы ұсыныстар мен оқытудың жаңа бағыттағы жүйелерін, сабақ үлгілерін әдебиетті оқыту үдерісінде пайдалануға болады. Әдістемелік нұсқауларды қазақ әдебиеті пәні мұғалімдері өз жұмыс тәжірибесіндегі шығармашылық ізденістерінде басшылыққа алуына болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар
- Өзіндік іс-әрекет оқушының танымдық белсенділігін арттырады;
- Оқушының дербестігін арттыратын өзіндік жұмысты ұйымдастырудың дидактикалық шарттары;
- Әдебиет сабақтарында оқушыларды өздігінен жұмыс жасауға баулу - олардың тілдік талғамын қалыптастырудың, сөздік қорын байытудың және сапалы білім алуының басты шарты.
- Әдебиет сабақтарында өзіндік жұмыстарды жаңа әдістемелік жүйе негізінде тиімді ұйымдастыру - нәтижеге бағдарланған білім моделін жүзеге асырудың кепілі.
Диссертацияның құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі мен ғылыми апараты ұсынылып, бірінші тарауда зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері тұжырымдалады, ал екінші тарауда жалпы білім беретін мектептердің әдебиет сабақтарында өз бетінше жұмыс жасау әрекетінің әдістемелік жүйесі ұсынылды. Соңынан пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді.
Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны төмендегі жарияланымдарда мақұлданды:
- Қазақ шешендік өнерімен билер шығармашылығы. «Ахмет Байтұрсынұлы қазақ руханиятының көсемі» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция ─ Алматы, 2013. -340 б.
- Көпшілік алдында сөйлеу ерекшеліктері. Хабаршы «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы №2. - 2013. - 83 б.
- Шешеннің сөйлеу мәдениеті. Хабаршы «Филология ғылымдары» сериясы №1(47), 2014. - 189 б.
- Мына жерге п3к3рден -з макаларымды жазу керек
1ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде «өзіндік жұмыс» ұғымының анықталуы
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезде дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Республикамызда білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы педагогика теориясымен оқу-тәрбие процесіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парагдигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаң көзқарас, басқаша қарым-қатынас өзгеше менталитет пайда болуда.
-білім мазмұны жаңа процестік білімдермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шщығармашылық және нарық жағдайынағы білім беру бағдарламаларының нықтылануымен байи түсуде;
-ақпараттық дәстүрлі әдістері - ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс - қазіргі заманғы комьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы және қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуды;
-қоғамдық білімнен бара - бара педагогикалық технолдогияның кеңінен қолдануына және ғылымның роліне мән берілуде. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, білік, дағдыларды тексеруге әдістемелік нұсқау, әр пән бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бұрынғы бағдарламаларда да болды Бірақ ол талаптар білім мазмұнының жалпыға бірдей бір деңгейімен ғана анықталғандықтан оқу үрдісін оқушылардың жекебас ерекшеліктері (қабілетіндегі, икемділігіндегі, жалпы дамуындағы т. б. ) ескере отырып ұйымдастыруға мүмкіндік бермеді. Жаңа оқу бағдарламалары жобасында білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі[2] :
- Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе (мүмкін деңгейі) ;
- Оқушылар дайындығының ең өз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті деңгейі) .
Бағарламада бұл екеуінің аралығында бірнеше деңгейлер болуы тиіс екендігі атап көрсетілген. Бірақ мектептің орта сатысын бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Оқушылардың меңгерген білімі мен біліктерінің міндетті деңгейдегі талаптарға қаншалықты сай екендігін арнайы тапсырмалар арқылы бақылап, тексеруге болады.
Тапсырмалар міндетті деңгейдегі талаптардың мазмұнын толық қамтитындықтан олардың орындалу нәтижесі пәннен алған оқушы білімі мен біліктерінің обьективті жағдайын көрсетеді. Сондықтан мұндай тапсырмаларды пайдаланып оқушы білімі мен біліктерінің, тәрбиелігінің сапасын, деңгейін бақылауға министрлік, отбасы, мектеп, мұғалім, ата-ана, оқушының өзі және әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік топтар мүдделі.
Бұл тапсырмалар нәтижесінде мұғалім өзін бақылауды жүзеге асыра алады: Оқушы білімі мен біліктеріндегі жетістіктерді, кемшіліктерді, олардың себептерін анықтап, өз жұмысына талдау жасайды, оны жетілдірудің жолдарын белгілейді.
Оқушы да өзінің оқу жұмысындағы табыстар, кеткен қателіктер туралы ақпарат алып, нәтижесін этолонмен салыстыруға, сөйтіп өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік алады.
«Әрекет» түсінігі өзін және өзінің өмір сүру жағдайларын қоса есептегендегі адамның қоршаған әлемді шығармашылықпен қайта түзуге және тануға бағытталған арнайы белсенділік түрі ретінде анықталады[3] .
Адам іс-әрекеті материалдық заттар мен рухани мәдениетті жасайды, өзінің мүмкіндіктерін қайта құрады, табиғатты сақтайды, жетілдіреді, қоғам құрады. Адамзат іс-әрекетінің шығармашылық сипаты адамның табиғи шектеулі қабілеттерінің шегінен шығуға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Яғни, адамзат өзінің генотиптік мүмкіндік шартын арттырады. Адам өз іс-әрекетінің шығармашылық сипатының арқасында, өнімділігінің нәтижесінде таңбалық жүйе жасап шығарды, ол өзіне және табиғатқа әсер ететін құралға айналды. Осы құралдарды пайдалану арқылы ол қазіргі заманға лайық қоғам, қала, машина құрып, солардың көмегімен тұтынуға қажетті заттар, материалдық және рухани мәдениет, ең соңында, өзін-өзі қайта құрды. Соңғы оң жылдықта әлемдегі орын алған тарихи прогресс тіпті де адамның табиғи (биологиялық) жетілуінің нәтижесі емес, оның іс-әрекетінің арқасында жүзеге асты.
Адам іс-әрекеті түрткімен (мотив), мақсатымен, пәнімен, құрылымымен сипатталады. Адамзат іс-әрекетінің түрлеріне мыналар жатады: қарым-қатынасқа түсу (әңгімелесу), ойын, оқу, еңбек.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру теориясының негізін Я. А. Коменский, И. Г. Песталоции, А. Дистервег, И. Гербарт, К. Д. Ушинский, П. Ф. Каптерев, С. Т. Шацкий, Л. С. Выготский, Д. Локк және басқа шетелдік және кеңестік педагогикалық психологияның ірі өкілдері қалады.
ХХ ғасырдың ортасына таман өзіндік оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясы қалыптасты. Оны негіздеушілер - Д. Б. Эльконин[4], В. В. Давыдов, А. К. Маркова, П. Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина, т. б. - оқу теориясында жаңа проблема көтерді. Ол - оқу міндеттерін жалпы іс-әрекет жолымен шешуде заттың танылған объективтік қасиетін қайта шығару процесінде іс-әрекет субъектісінің өзінің өзгеруі. Бұл теорияның серіппелі өзегі - «оқу іс-әрекеті» түсінігі. Осы теорияның негізін қалаушылардың бірі В. В. Давыдовтың анықтауынша бұл:» . . . теориялық білім формасында жалпыланған, заттық және танымдық әрекет жолымен игеруге арнайы бағытталған адам іс-әрекетінің негізгі түрлерінің бірі».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz