Балалардың таным қабілеттерін дамыту


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні: «Мамандандыру»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Ақыл ой тәрбиесі»

Орындаған: Альмуханова О. А.

Тексерген:Абилова А. Ә.

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

2. Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол салуда.

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары - талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т. б. ), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т. б. ) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады.

Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т. б. ) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.

Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным - бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Негізгі бөлім

1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары - талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т. б. ), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т. б. ) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т. б. ) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты - балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

2. Ақыл - ой тәрбиесінің міндеттері

  1. Оқушыларды қазіргі заман талаптарына сай ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру.
  2. Білім беру негізінде оқушыларда ғылыми - материалистік көзқарастары қалыптастыру.
  3. Балалардың таным қабілеттерін дамыту.
  4. Оқушыларды ғылымның кейбір қарапайым әдістерімен таныстырып, өздігінен оқудың тиімді амалдарын меңгеруге үйрету.
  5. Балалардың білімге қызығуын арттырып, олардың бойында өздігінен білім алуды қажетсінуді қалыптастыру.
  6. Ақыл-ой еңбегінің жалпы мәдениетіне арттыру.

Ақыл - ой тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі құралы - мектептегі оқыту, ғылымға негізделген оқу пәндері. Өйткені ақыл-ой тәрбиесі көздеген мақсат - міндеттер оқыту процесінде іске асады.

Қазақ халқы өзінің өмір тіршілігі, күнкөріс кәсібімен байланысты жыл мезгілі құбылыстарының ерекшеліктерін бақылау, табиғатқа және жұлдыздарға қарап ауа - райын алдын - ала болжау қасиеттерінің арқасында дараланған. Осының бәрі ұрпақтың ақыл - ой тәрбиесін қалыптастыруда ерекше орын алған. әр адамда оның ақыл-қабілетіне орай өзіндік ойлау ерекшелігі болады. Осы ерекшеліктен әр тұлғаның ақыл сапасы көрінеді. «Ақыл» түсінігінің ауқымы «ойлау» түсінігінен кеңірек келеді. Кей адамдар ойлауда көрнекі - бейнелерді көбірек пайдаланса, басқалар теориялық тұжырымдарды негізіне алып, ой жүгіртеді. Ой әрекетінің ерекшелігі сондай - ақ адам көңіл-күйімен де, оның топтаған білімдері мен еңбек, тұрмыс тәжірибесін де, өзінде қалыптастырған ойлау әдістеріне де тәуелді келеді. Ойлаудың мұндай ерекшелігі, әсіресе мектеп алды жастағы балаларда көп байқалады, қызығушылығы басым болған 3-4 жастағы сәбилер үлендерге «неге олай?», «неге бұлай?» деген сұрақтарды жиі қояды.

Ақыл - ой тәрбиесі дегеніміз мақсат көздей отырып, баланың айналадағы дүниені материалистік тұрғыда танып білуін, табиғатқа, қоғамға, адамдарға дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Бала ақыл ой әрекетінің қарапайым әдістерін меігертеді. Баланың ақыл - ойы дамуымен қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс - әрекеті үшін зор маңызы бар. Ақыл - ойды дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым - қатынас құралы ретінде бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл - ой тәбиесі міндеттерін шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуіміз керек.

Ақыл-ой тәрбиесінің басты құралы - айналадағы адамдарға заттар, табиғат, қоғамдық құбылыстары. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды. Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі - ойын. Ол баланың ерекше әрекеті. Әр ойын баланың дамуына әр қилы әсер етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

- танымдық қызығушьшықты дамьпу;

- танымдық белсенділікті қалыптастыру;

- белгілі білім көлемін меңгеру;

- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі - басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

Ақыл-ой тәрбиесін беру үшін мұғалімдер, ғалымдар ғылыми тақырыпта лекциялар оңиды, ғылыми кинолар көрсетеді, оқырмандар конференциясын өткізеді, кітап көрмесін ұйымдастырады, физика, химия, математика, т. б. пәндерден апталықтар, байқаулар, олимпиадалар өткізеді. Топтар шеберханаларда көрнекі құралдар жасайды. Үйірмеде қиын есептерді шығарып, оқушылар сөзжұмбақ, ребус, сөзөрім, сөзтуымдар шешеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу - танымдық әрекетін қалыптастыру жүйесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту
Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі бала дүниетанымын дамытатын танымдық-шығармашылық ойындар жүйесі
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық тұрғыдан дамуына ойын арқылы ықпал жасау
5-6 жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz