Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

3 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК
ОӘК
042-14-5-02.10.20.4303-
2009
Еуропа және Америка №1 басылым
елдерінің жаңа және __________
қазіргі заман тарихы
пәнінен оқу-әдістемелік
кешені

Еуропа және Америка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
пәнінен оқу-әдістемелік кешені

тарих 050203 мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей
2009.

1.Әзірлеген:

Құрастырушы: Бақытжанова Анар Бақытжановна Тарих және құқық
кафедрасының аға оқытушысы.

Құрастырған:_________ Бақытжанова А.Б.

2.Талқылаған:

2.1.Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Тарих және құқық
кафедрасының отырысында

______________2009 жыл. №__хаттама

Кафедра меңгерушісі____________ Атантаева Б.Ж.

2.2.Гуманитарлық факультеттің оқу -әдістемелік кеңесінде

______________2009 жыл. №__хаттама

Төрайымы_______ Колмогорова Б.Г.

3.Бекітілді

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында шығаруға мақұлданған
және ұсынылған

_______________2009 ж. №____хаттама

ОӘК төрағасы, бірінші проректор _____________ Молдажанова А.А.

Мазмұны

1. Глоссарий
2. Дәрістер
ГЛОССАРИЙ:
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін
ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған
ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-
саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін
жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға
жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген
әдістемелік бағыт.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік
Америкада бір кезде пайда болды.
Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды
түрде атқаратын қызмет адамы.
Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз
бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты
әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін
саясат.
Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған
ғылыми бағыт.
Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік
қозғалыс.
Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси
қызметтің көп түрлілігі.
Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік
билік.
Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси
мекеме.
Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б.
мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық
қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін
тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін
немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға
мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация-жаңалық енгізу
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік
мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр
билігі.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы
қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру
үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын,
принциптерін білдіретін негізгі заң.
Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси
партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару
түрі
Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік
дауыс алуы.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі
әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату,
үзіліс жариялау.
Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік
заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-
идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша
түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу
тәсілдері
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық
берілген саяси-ұлттық құрылым
Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік
және саяси жүйелік түзілім.
Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және
саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-
М.Вебер.
Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында
тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани
адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау
негізінде құралатын қоғам.
Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін
және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың,
құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен
біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.
Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және
жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму
бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің
арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік
саяси түзілім.
Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен
әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен
процесі.
Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси
жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау
мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан
әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың,
қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің
себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Әлеуметтік-саяси тәрбие - тұлғаға ықпал жасаудың мақсатты
бағытталған және жүйелі процесі, сол қоғамдағы өмірге дайындау мақсатында
оның санасы мен мінез-құлқына әсер ету процесі.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы
негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып,
жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал
жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының
біркелкі еместігі.
Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы
әрекеті.
Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы
ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.

Дәрістер. 9. Қысқаша дәрістер мәтіні:
1.Кіріспе
Жаңа заман әлемдік тарихтың біршама күрделі кезеңі болып табылады.
Ол еуропалық дәстүрлі қоғамның дағдарысты дамуы және құлдырау жәйттерін,
сондай-ақ буржуазиялық қоғамдық жүйенің революциялық келбеті мен
индустриалды қоғам негізінің мезгілдік қалыптасуын желістеумен байланысты.
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын
буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл,
біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың
ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық
ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен
сипатталады.ХІХғ. басындағы капитализм генезисінің ерте кезеңі ерекшелігін
бейнелейтін тарихи оқиға ретінде алынады.
Буржуазияның қалыптасуы, өнеркәсіптің дамуы, жаңа қатынастарды
тудырады. Осы кезең жаңа кезең деп аталады. Бұл кезеңнің өзіне тән
ерекшеліктері жеткілікті.
Қазіргі заман тарихы да айтулы оқиғаларға байланысты шеңберлері
анықталған. Қазіргі заман тарихы өз ішінде екіге бөлініп қарастырылады. І-
дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің даму желісіне байланысты жеке
қарастырады. Екі соғыс аралығындағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси,
экономикалық даму ерекшеліктері және экономиканы дамыту мақсатнда жер, отар
үшін күрестерге толы тарихи кезең болып табылады. Сондай ақ ІІ-дүние
жүзілік соғыс, фашизм, тоталитаризм сынды терминдерге толы кезең болып
табылады.
Қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың құрылуы, қазіргі дипломатиялық
қатынастардың баспалдақтарының қалыптасу тарихын оқытады.
2.ХҮІІ-ғ.ІІ-артысы ХІХ-ғ. басындағы Еуропа елдері
Европадағы ағартушылықта Англияның алатын орны ерекше.Себебі
ағартушылықтың отаны Англиядан бастау алған еді.Ағылшын ағартушылығының
саяси негізін салушы Джон Локк болып есептеледі.Ол мемлекетті ымыралы
келіскен қоғам өнімі ретінде қабылдаған болатын.Ол басқы тетік ретінде
қоғамдағы адам моралін қарастырады. Азаматтық құқықтар емес, адам ішінде
жасырынған үнсіз, келісімшілік пен сыйласылымдылық басты роль атқаруы тиіс
деп есептеген тұғын.Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін басты
фактор болуы тиіс дейді.Локктің конституциялық идеялары негізінен Англияның
саяси құрылымына негізделген ,яғни буржуазия мен дворян арасындағы ымыраға
бағытталған болатын.
18ғ.Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті.1701-
жылы парламент екі заң қабылдайды.Онда Стюарттар династиясының
мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын.Бірінші документ –Тақты бекіту Биллі
болып саналды.Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында
еді.Екінші документ- Корольдіктің стакусы және парламентаризм
енгізілді.Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған.Королева
Анна(1665-1714жж.) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді.Тіпті
Георг ІІ(1638-1760жж.) кезінде вето құқығынан айрылады.Парламен отырысына
қатынасу құқығынан да айрылған болатын.Парламент екі палатадан
тұрды.Лордтар және общинадан.Парламент пен король арсындағы күресте
17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп
күш салады.1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан
буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды.1760-жылдан бастап
ГеоргІІІ(1738-1820жж.) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары
тюри партиясы билікке келген еді.
Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса
бастады.Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі
қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады.18ғ.Англияда мануфактура ұлттық
деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына
сәйкес келе бастаған болатын.Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп
төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады.Негізгі төңкеріс тоқыма
өндірісінде етек алды.Дж.Кей (1704-1764жж.)тоқыма самалеті, Дж.Харгривстің
тоқыма машинасы және т.б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл
салада үлен өзгерістер болды.Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне
бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды.Джейммс Уатт(1736-1819жж.) ойлап
тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді.Бұрынғы ағаштың
орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады.Бұндай жағдайлар жол
қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты.
Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған
болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен
еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып
Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа
ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес
болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық
болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.
1799ж 9-қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін билік үш консулдың
қолына өтті, Бірақ іс жүзінде Бонапарттың яғни І консулдың колында болды.
Ол кейін жеке өзі билік жүргізгісі келіп өзінің билігін заңдастыруға
асықты. Жаңа конститутция қабылданды. Конституция бойынша Франция
республика болып қалды. Конст-ға сәйкес І консул бас әскер қолбасшысы
болды, заң шығаратын өкімет органының барлық мүшелерін тағайындады.
Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-шенеуніктерін тағайындады.
Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме
полиция болды. Оны Жозеф Фуше басқарды. Қатаң цензура орнады. 1801 жылы
котолик шіркеуінің дінбасы Рим папасымен конкордантқа қол қойды. 1804 ж Рим
папасы салтанатты түрде Напалеонға тәж кигізді. Наполеон ұсынысымен Француз
эпископтарын Рим папасы тағайындады.
Франциядағы 18 брюлер төңкерісінен кейін қала буржузиясына сүйенген
Напалеон Бонопарт диктатурасы орнады. 1804 жылға дейін бұл режим Консулдық
түрде Франция республика болса 1804 жылдан бері Н. Бонапарт Францияның
императоры атанды. Мемлекеттік төңкерістен кейін өз билігін заңды түрде
бекітті. Жаңа конститутция бойынша билік І Консулдың қолына шоғырланды.
Төрт заң шығарушы орган- сенат, мемлекеттік кеңес, трибунат, заң шығаушы
корпус тек атауы ғана болды. Наполеон парламенттік режимді жойды. Оның
орнына полицейлік-чиновниктік жүйе орнады. Демократтар қуғындалып,
репрессияға ұшырады. Наполеон Яксбиншілерді құртуға тырысты.
Папа УІІ Пиемен 1804ж келісім жасалып (Конкордат), 1802ж күшіне енді.
Келісім бойынша католицизм басым көпшілік азаматтардың дініне айналды.
Напалеон өндірісшілер, кәсіпкерлер, банкирлер мен саудагерлер әрекеттерін
қолдап отырды. 1800жылы Франция банкінің негізі қаланды.
Революция жылдарындағы заңдардың көпшілігі жойылып, Ле-Шапелье заңы
қалдырылды. Мұнда: жұмысшылардың өз мүдделерін қорғау ұйымына құқық бермеу
және өндірісшілердің оларды эксплуатациялаудың шектелмеген мүмкіндігіне жол
берілді.
1804-1808жж Азаматтық, Комерциялық және Қылмыстық кодестер шығарылып
олар Наполеон кодексі деген атаққа ие болды.
Кодекстер Францияның дамуына мүмкіншіліктер туғызды. Ауыл шаруашылығы
ойдағыдай дамыды. Бюджеттегі тапшылықты жою және де Француз ақшасы-Франктің
тұрақтылығы сұрау арқасында экономикасының жақсаруына қол жетті. Қағаз ақша
шығару есебімен бюджет тапшылығы жабылды. 1804 жылға қарай Наполеон
мемлекеттің шығынымен кірісін теңестіруге қол жеткізді. Ақшаның айналымын
реттеу үшін Француз банкі құрылды.
Жеке меншік сауда жөніндегі заңдар жинағы құрастырылды.
10 жылдың ішінде Франция мықты әлем державасына айналды. Францияның
бұл жетістіктері Наполеонның атымен байланысты болды. 1802 жылы оны өмір
бойына консул етіп жариялады. 1804 жылы 18 мамырда сенаттың указымен
Наполеон Францияның императоры атанды. Бұдан кейін Наполеон Италия
республикасын корелевствоға айналдырып, Италия королі титулын қабылдады.
Франция империяға айналды. Наполеон Францияда дворяндықты қалпына
келтірді. Напоеон өз генералдарын маршал жоғары шен тұлғаларды марапаттап
қамалдармен жер силады, князь, герцог, граф, барон титулдарын берді.
Парижге қайта оралған Наполеон Ресей мен оның одақтасы Прусияға қарсы
жаңа соғыс үшін әскер құра бастады.
1813ж 15 апрелде Наполеон өз әскерімен Эрфурттан орыс және прус
әскерлеріне қарсы соғысқа аттанды. 1813 жылы көктемде Францияға қарсы Ресей
мен Англия сонымен қатар Пруссия, Швеция, Испания мен Португалиядан
құрылған 6-шы коалиция құрылды. Австриямен, Лейпциг (1813ж 16-19 қазан)
түбінде Франция 65 мың адамнан айырылды. 1814ж 31 наурызда коалиция әскері
Парижге кіріп 6-шы апрелде Наполеон тақтан мәжбүрлі түрде түсті. Оған Эльба
аралы беріліп, Франциядан сонда жер аударылды.
Елдегі жағдай ХҮІІ-ғ.терең саяси –экономикалық құлдыраумен ұласып,
ХҮІІІғ. Дейін жалғасады. Елдегі жағдай ХҮІІІ-ғ. Апенин жарты аралының
бірінен соң бірі орын алған еуропалық соғыстар сахнасына айналуы тұсында
тіптен шиеленісе түседі.Испан және Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және
Жеті жылдық соғыс белгілі белгілі бір мөлшерлерде барлық мемлекеттердің
жағдайын күйретіп, билік еткен әулеттер мен олардың шекаралық бөліктерінде
төтенше тұрақсыздыққа жол ашты. 1714-ж. Рештат бейбіт келісіміне сәйкес,
Милан герцогіндегі (Ломбардия) испан билігі австриялық иелікпен алмасты.
Орталық Италияда да билік жаңадан Габсбургтер әулетіне ағайын, бір жағынан
тәуелді де Лотарингская және дЭсте әулеттерінің бағыныштылығына өтеді.
ХҮІІІ-ғ. ортасындағы италиандық мемлекеттердің бірқатарындағы біршама
мөлшердегі экономикалық жанданулар ғана Ағартушылық идеяларының таралуына
жол ашты. ХҮІІІ-ғ.ІІ-жартысында біршама нәтижелі реформалар Мария
Терезияның кіші ұлы, атақты герцог Петр Леопольд тұсында дүниеге келді.
Мұнда салық реформалары мен жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алудағы
шектеулерден басқа, цех жүйесі, инквизиция, өлі қолдар құқығы таратылады.
1786-жылы Еуропада өз уақытына сай ілгерлі болып саналған қылмыстық заң
қабылданып, қорлау мен өлім жасасын жойды.

3.ХҮІІ-ғ.ІІ-жартысы –ХІХ-ғ. басындағы Америка
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Үндістанды ашуды мақсат тұтқан
Колумб Американы ашқаннан кейін, оны Үндістан деп атады. Кейіннен ол жер
Америго Веспуччидің есімімен Америка деп атап кетті.
1607 жылы Солтүстік Америкада Джеймстаун фортының негізін салған Лондон
компаниясы мен Плимут акционерлік компаниясы пайда болды. Бұл жерде
орныққан алғашқы колония – Виргиния.
Виргинияның жері тың, ну күйде болғандықтан, оны тазартуға көп күш
қажет болды. Үндістерді құлдыққа айналдыру дұрыс нәтиже бермегендіктен,
қара еріксіздер, яғни негрлер әкеліне бастады. 1619 жылы Виргинияға тұңғыш
рет құлдар әкелініп сатылды. 1630 жылы Виргиниядағы құлдар саны 50 болса,
1660 жылы олар 950-ге жетіп, 1780 жылы 220582-ден асты. XVII-XVIII
ғасырларда Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жаңа
Англияда қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Оңтүстік Каролина, Джорджияда
құл еңбегі көбіне плантациялық шаруашылықта қалдырылды.
Американдық буржуазиялық тарихнамада Жаңа англияның негізін қалаған
Ағылшындық пуритандар Америкаға таза діни идеалдар соңынан, діни және
азаматтық еркіндік қоғам құру мақсатымен келіп, қазіргі Американың негізін
қалады деген аңыз көп кездеседі.
1776 жылы 4 шілдеде халық қысымымен Конгресс Тәуелсіздік
Декларациясын, ягни Англияның бөлектенуі туралы өтініш қабылдайды. Бұл
құжаттың авторы өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылы, атақты саяси қызметкер
Т. Джефферсон еді.
1783 жылы колониялардың тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылады.
Революцияның соғыстағы таптар күресінде АҚШ-тағы билік жер иеленуші-
аристократтардан Солтүстіктегі сауда өндірістік буржуазия қолына өтті.
1787 жылы негізінен бүгінгі күнге дейін сақталған конституция
қабылданды. Ол конституция бойынша атқарушы билік 4 жылға сайланатын
президенттің қолында болды. АҚШ-тың алғашқы президенті Д. Вашингтон болды.
1791 жылы аталған контитуция Құқықтар туралы заңмен толықтырылды.
Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда
капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер
иеленушілерінің үстемдігі жойылды.
Ауыл шаруашылығында капитализмнің дауының американдық немесе фермерлік
жолы қалыптасты. Ол революцияның түпкі мақсаты капитализмді жақсы дамытуға
қажетті ең негізгі фактор еді.
1784-1787 жылдары АҚШ конгресі Батыс жерлерін мемлекеттік жер деп
жариялады. Ал 1784-1785 жылдары жерді 640 акр көлеммен сату туралы шешім
қабылданды. Сауда-өнеркәсіптік дамуға кедергі болған ескі тәртіптер
жойылып, капиталистік даму тездей түсті.
Құлдықты жою мәселесі толығымен шешілмеді. Ол тек 2-ші азамат соғысы
кезінде ғана жүзеге асырылды.
Американ революциясы жайлы К. Маркс: Еуропа буржуазиясы үшін соғылған
дабыл қоңырауы, - деп жазады. Жалпы алғанда, бұл соғыс Американы езген
және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы Американ халқының
соғысы болды.
ХҮІІІғасырдың соңы ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында АҚШ-тың экономикалық
даму деңгейі Батыс Европадан әсіресе Англиядан артта қалып отырған
болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады. Бірақ та
капиталдың шоғарырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның
техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХҮІІІ
ғасырдың 90 жылдарында АҚШ та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда
болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйеге енгізіле бастады.
АҚШтың тұңғыш призеденті Джордж Вашингтон (1789-1797жж) кезінде елдің қаржы
жүйесі нығайтылып ұлттық банк Құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.

ХІХ ғасырдың І ширегінде құбырлар салына бастады. 30 жылдардың
басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 млн. жеткен
теміржолдардың ұзындығы бойынша дүниежүзінде АҚШ 1 орынға шықты. 1869 жылы
континент аралық жолдар жұмыс жасай бастады.

АҚШ жалпы Батыстық бағытта дами бастады еркін жатқан аумақтар бірінен
соң бірі қоныстанып кейін олар тең құқылы штаттар ретінде Одаққа
қабылданды. 1861 жылыдың өзінде АҚШ аумағында 40 штат болды.

АҚШта өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар ғана емес,
сондай-ақ көптеген американдықтар да еңбек ақысын ақш түрінде алуды бағалай
бастады. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда
жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермер шаруашылықтар отбасының үлкен
балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып өз бетінше еңбек етіп, ақша
таба бастады.

Сословаиліқ ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбек ақы табуға көптеген
жағдайлар болғандықтан, баю мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан
асып түсуге ұмтылды. Бұған иммеграция қолайлы жағдай туғызды: АҚШ
азаматтарының жоғары өрлеуіне мүмкіндік жасады. Ірі америкалық
алпауыттардың бәрі осындай төменнен шыққандар еді.

Техникаларды жетілдіру арқылы және жалдамалы жұмысшылардың көбеюі
есебінен дамитын өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы плантациялық құлдық,
экстенцивті (сапалық емес, сан жағынан көбею), сипатта болып жаңа жерлерді
көп қажет етті. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші
штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар
қоғамның мүддесіне айналдырғанымен, құл иеленушілердің өздерінің
оңтүстіктегі ерекше мүддлерін қатыгездікпен қорғады.

Тәуесіздік үшін соғыс аяқтала салысымен құрамы штаттар жер кеңейту
мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соғы кезде үндістерден
тартып алған кенттуки 1792 , теннеси (1796) және огаио (1803) қосылды.
1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ
конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын
президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекіті.
АҚШтың құрылуының барысында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин,
Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды. АҚШтың тұңғыш
президенті болып 1789 жылы Джордж Вашингтон (1732-1804) сайланды.
Дж.Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшілік
етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамильтон (1757-
1804) жеке өнеркәсіп пен сауданың дамуын жақтады. Ол тек осы жол ғана
елді өркениетке жеткізеді деп дәлелдеді. Гамилтонның пікірінше, федералды
үкімет өнеркәсіптің дамуын жан-жақты қолдауы тиіс. Яғни, оған жеңілдік
түрінде несие беру, бақталастарынан кедендік салық көлемі арқылы қорғау.
А.Гамилдтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ Ұлттық банкін құру
қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жетікізеді. Құрама Штатардың
бірінші Ұлттық банкі 1791 жылы құрылып,1811 жылға дейін жұмыс жасады.

4.1815-1918 ж.ж. Еуропа елдері
Наполеондық Франциямен соғыста жеңіске жеткен Англия 1815 – 1816 жж.
ауыр экономикалық кризисті бастан кешірді. Металлургиялық заводтар мен
шахталар жабылып, мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалды.
Ағылшын жериеленушілері парламентте сырттан келетін нан
өнімдеріне салықтың жоғарылауы туралы заңдардың қабылдануына қол жеткізді.
Бұл заңдар бидай импортын тоқтатып, жериеленушілердің өз ауыл шаруашылық
өнімдерінің бағасын жоғарылатуға мүмкіндік берді. Буржуа тап өкілдері “Нан
заңдарына” қарсы шығып, өз тауарларын экспорттауға мүмкіндік алғысы келді.
ХІХ ғ. ортасында Англияда өндірістік революция аяқталды. Ірі
өндірістік қалалар пайда болды. 2,5 млн.халқы бар Лондон әлемнің банктік
орталығына йналды.
Пролетариат пен буржуазия негізгі таптарға айналды. Өндірістік
қалалардың төрттен үш бөлігін фабрикалық жұмысшылар және қолөнершілер
құрады.
Ағылшын қоғамының ең бай табы – фабрикалық жұмысшылар болды.
Бірақ саяси билік бұрынғыдай ақсүйек – жериеленушілер мен қаржы
басшыларының қолында шоғырланды. 1812 – 1827 жж.аралығында билікті торилер
жүргізді.
Буржуаз интеллигенциясының радикалды элементтері (журналисттер,
жазушылар) және қолөнершілер мен жұмысшылар сайлау реформаларын талап етті.
Митингтерде сайлау жүйесін өзгерту, “нан заңдарын” жою, т.б.мәселелерді
алға қойды.
1819 ж.қарашада өкімет асығыс түрде парламентте алты
репрессивтік заң қабылдады, кейін бұл “ауыз жабуға арналған акттер” атауына
ие болды.
Публицист Коббет өзінің “Саяси бақылаушы” газетінде
реформаларды жақтап, революцияның болу мүмкіндігін жазды.
20 жылдары Лондонда Плейс басқарған “Ұлттық саяси ассоциация”,
Бименгемде Атвудтың “Саяси одағы” құрылды. Олар белгілі – бір меншігі
барларға дауыс беру құқығын талап етті.
1830 ж.Оңтүстік Англияда қаналған батрактар мен барынан
айырылған ауыл қолөнершілерінің көтеріліс толқыны өтті.
Елдегі шиеленіскен жағдай нәтижесінде тори өкіметі отставкаға
кетуге мәжбүр болды. 1831 ж.наурызында билікке премьер – министр Грей
басшылығымен вигилер келді. Грей өкіметі ІY Вильгельмнен лордтар палатасына
60 жаңа пэрлерді тағайындауға келісім алды.1832 ж.7-маусымда билль заңға
айналып, күрес қалың халық қозғалыстарына сүйенген өнеркәсіпшілер жеңісімен
аяқталды.
Елдегі саяси билікке бай өндірістік буржуа келді. Ірі капиталға
ие болған олар, қауым палатасы арқылы елдің ішкі және сыртқы саясатына әсер
ете алды. Өз кезегіне, ториліктер өздерінің позицияларын нығайту мақсатында
бірқатар іс – шаралар жүргізді.
1601 ж.бері әр округтегі халықтан кедейлерді қамтамасыз ету
үшін жиналған салықтардың орнына 1834 ж.бастап жұмысшылар үйлері пайда
болды. Мұнда жұмыссыздар, қарттар, жетімдер мен еңбекке жарамсыздар болды.
Әйелдер – күйеулерінен, ана мен әкелер – балаларынан ажыратылып, барлығын
да ауыр жұмысқа салды.
1824 ж.парламент жұмысшыларға жалақы туралы келісім құру үшін
тред – юниондар ұйымдастыруға рұқсат берді. 1834 ж.екі жыл өмір сүрген, 500
мыңнан астам жұмысшыларды біріктірген жалпыағылшын Ұлы ұлттық
профессионалды одақ пайда болды. Оның құрылуында ағылшын социалист –
утописті Роберт Оуэн үлкен роль атқарды.
1836 ж.жұмысшылар тобы Лондондық жұмысшылар ассоциациясын
құрып, жұмысшылар үшін дауыс беру құқығын талап етті.
1837 ж.пролетариат, кедейлер, т.б.біріктірген Демократиялық
ассоциация құрылды. Оның ұйымдастырушысы талантты журналист, оратор –
Джродж Джулиан Гарни болды.
1838 ж.көктемде Лондондық жұмысшылар ассоциациясы атынан Ловетт
Халықтық хартия (ағ.чартер) атанған, сайлау реформасы туралы жаңа заң
роектын жариялады: 1)21 жасқа толған барлық ер азаматтарға даыс беру
құқығын беру; 2)құпия дауыс беру; 3)бүкіл Англиның тең сайлау округтеріне
бөлінуі және парламентке бір елші жіберу; 4)парламенттегі жыл сайынғы
сайлау; 5)сайлауға жіберілудегі ешбір меншіктік цензтің болмауы;
6)парламент депутаттарын марапаттау.
Чартистік қозғалыстың І – кезеңінің ерекшелігі – бұл
мүшелерінің құрамы: фабрикалық жұмысшылардан – буржуаздық демокаттарға
дейін.
1837 – 1839 жж.экономикалық кризис өндірістің төмендеуіне
әкеліп, нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар чартистердің қатарына қосылды.
1842 ж.Ұлттық чартистік ассоциацияда бүкіл Англия бойынша 400 бөлімшесі
және 40 мың мүшесі болды. Бұл алғашқы пролетариат партиясы еді.
Чартистердің петициясы ағылшын пролетариатының таптық санасының
өскендігін байқатты. Ең алдымен петиция жұмысшыларға саяси құқық пен
әлеуметтік талаптар – жұмысшылар үйлерін жою, шіркеу кірістерін азайту,
ақсүйек монополияларының жер иемденуін тоқтатуды талап етті. Алғашқы рет
жұмысшылар Ирландияның өз алдына бөлектенуіне талап қойды.
1842 ж.2-мамырда петиция парламентке беріліп, қолдау таппады.
Ірі көтерілістер толқыны өтті. Бірақ орталықтанған басқарудың болмауы,
көтерілісшілерді қаржыландырудың болмауы және мақсаттағы бірліктің болмауы
– көтерілістің нәтижесіз болуына әкелді. Көтерілісшілер қуғынға түсіп,
қатаң жазаланды.
1842 ж.аяғында чартистік қозғалыс біртіндеп басылып, Ұлттық
чартистік ассоциацияның саны 5000 адамға жетті. Мұндағы барлық оқиғалардың
зор маңызы болды: олар пролетариаттың буржуазиядан бөлінуіне мүмкіндік
берді және чартистік қозғалыстың прлетариаттық сипатын ерекшеледі.
30 – 60 жж.Англияның ішкі саясаты ХYІІІ ғ.қалыптасқан және өндірістік
буржуазияның мүдделеріне сай құрылған принциптерге негізделді. Бұл саясатты
20 жыл бойы Пальмерстон жүргізді.
1850 жылдары Англия Ресей империясының қарқынды өсуіне үреумен
қарады. Петербургте І Николай ағылшын елшісіне Турцияға қарсы одақ құруды
ұсынды. Бірақ Англия Өз мүдделерін есептеп, 1853 ж.басталған орыс – түрік
соғысында Турция жағында Франциямен одақ құрды.
Крым соғысынан кейін Англияның ең қауіпті жауларының бірі – ІІІ
Наполеонның Франциясы еді.
Англиядағы ішкі қоғамдық күрестерге 1861 – 1865 жж.АҚШ – ғы
Азаматтық соғыс кезеңіндегі ағылшын өкіметінің саясаты көр әсер етті.
ХІХ ғ.ортасында Англия ірі отаршы империя болды. Бұл империяның
маңызды бөлігі – Үндістан еді. 1857 – 1859 жж. халық қозғалысы бұл елдегі
барлық отарлық жүйені дүр еткізді. Көтерілісті басу үшін ағылшындық
отаршылар жергілікті феодалдармен бірлесті. 1859 ж.үнділердің ұлттық
қозғалысы жанышталып, ағылшын өкіметі елдегі өз билік аппаратын күшейтті
және оны ағылшын экспансиясының Азидағы плацдармына айналдырды. 1852 – 1853
жж.отарлаушы соғыстардың нәтижесінде Англияның үнді иеліктеріне Оңтүстік
Бирма, кейін бүкіл Малайя, Сингапур, Пенанг және Малккуда қосылды.
1861ж.Батыс Африкадағы Лагос(Нигерия), 1850 – 60 жж.Австралия,
Жаңа Зеландия бағындырылды.
1865 ж.Дж.Рассел премьер – министр болды. Оның кабинетіндегі ең
көрнекті мүшесі қаржы министрі У.Гладстон еді. Ол Вест – Индиядағы ағылшын
иеліктеріндегі құлдардың асығыс түрде босатылуынан қауіптенді, “нан
заңдарын”, Ирландиядағы репрессия, университетке түсушілердің діни сенімін
тексеруді қолдады. Рассельдің орнына келген граф Дерби өкіметінің қаржы
министрі Дизраэли Гладстон билі проектынан екі есе асып түскен реформа
проектын ұсынды. 1867 ж. 15 тамызда билль заңға айналды.
1868 ж.ақпанда Дерби денсаулығына байланысты отставкаға кетіп,
королева кабинетінің құрылымын Дизраэльге тапсырды.
1868 ж. 13 шілдеде өкімет палатаны таратып, жаңа сайлау
нәтижесінде либералдар басым түсіп, Дизраэль өкіметі Гладстон бастаған
Кабинетке орнын берді.
Гладстон реформаларының бірі – бастауыш білім беру болды. Дамушы ағылшын
өндірісі сауатты жұмысшыларды талап етті. Сөйтіп, жеке меншік мектептер,
мемлекеттік мектептер пайда болды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектеп
ғимараттары салынып, мектептердегі орын саны 3.5 млн. Жетті. 1867 – 1876
жж.кезеңде бастауыш мектептерге өкімет субсидиясының мөлшері үш есе өсті.

Революциялық же ұлт-азаттық қозғалыстар мен күресті күшейту үшін
қалыптасқан тәртіпті сақтау мақсатында 1Александр еуропалық монархтарға
бірігіп ,іс-әрекет ету жөнінде кеісім шарт жасауды ұсынды. 1845ж 26
қыркүйекте 1 Александр құрастырған Қасиетті одақ актісіне Осман
империясының сұлтаны, Ағылшын корольі же Рим папасынан басқа монархтар
қол қойды.
Тұңғыш рет барлық Еуропа мемлекеті 0Еуропаның құрылымы жөнінде мәселені
талқылауға қатысты. Еуропада бейбітшілікті же тәртіпті сақтау үшін жүйелі
түрде конгрестер өткізу тетігі құрылды.
Одақтастардың же Франциядағы бұрынғы француз ақсүйектерінің талабына
орай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып XYIII Людовик
деген атпен 1793ж өлтірілген XYI Людовиктің інісі граф Прованский
отырды.
I Александр же басқа да монархтардың талабы бойынша XVIII
Людовик Францияда конституциялық монархияны бекіткен Хартияны жариялады.
Мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.
1815ж жаңа палата депутаттары сайланып, тендесі жоқ палата деген
атқа ие болды . Оның құрамына ультрароялистер нағыз роялистер кірді
Олардың идеологтары Жозеф де местр жж Веконт де Бональд болды.
Бүкіл Франция бойынша ақ терор толқыны Напалеонды жақтаушыларды
жаппай жазалады, төтенше соттар оларды жер аударуға немесе өлім жазасына
кесуге үкім шығара алды. Билеушілердің қуғындауына қарсы Францияда
италиялық карбонариилер үлгісіндегі құпия ұйымдар пайда бола бастады.
1824ж XVIII Людовик қайтыс болып, таққа Xкарл деген атпен оның
інісі граф д,Артуа келді X Карл өзін эмигранттар корольімін деді. Ол
1825ж өтемақы ретінде ақсүйектерге млрд франк төлеуге шешім қабылдайды.
Ультрароялистер қатары аз парламент құрамы корольдің көңілінен
шықпады да 1830ж монарх парламентті таратты, 1830ж 26 шілдеде Хартияны іс
жүзінде жоятын жарлықтар жариялады. ОЛ елді жеке дара билегісі келді.
1814жылғы Хартияны жойған Ордонанстың жариялануы Парижге үлкен әсер
еттті. 1830ж 29 шілдеде көтерісшілер Тюильри сарайын басып алды. Жеңілген
әскерлер корольдің Сен клудегі кала сырты сарайына шеінді. X Карл
ордонансты жойғандығын хабарлауға мәжбүр болды, бірақ тым кешігіп еді. X
Карл тақтан бас тартып, англияға қашуға мәжбүр болды.
Билік қаржы топтарының банкирлер, көмір орындары, темір кендері же
орман иелерінің қолына өтті. Король болып корольдік әулеттің кіші ұрпағының
өкілі герцог Луи Филипп Орлеанский жарияланды.
1830ж14 тамызда жаңа Хартия қабылданды. Палата депуттатарының құқықтары
кеңейтілді. Пэр атғын мұрагерлікке қалатындығын жойды. Баспасөз цензурасы
жойылды. Тек елдің азғана бөлігі ғана сайлауға қатыса алды, өйткені дауыс
құқығына ие болуы үшін ж оғарғы кірісі болуға тиіс еді.
Сөйтіп, Францияда шілде революциясы басталды. Луи Филиип билігі шілде
монархиясыддеген атқа ие болды.
Шілде революциясының басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі
болды. Бірақ 1830-48жж тек буржуазияның аса бай бөлігі - қаржы
ақсүйектері ғана үстемдік етті. Олар көтеген жеңілдіктерді артықшылықтарды
же жәрдемақыларды пайдаланды.
Король Луи Филипп Франциядағы өте ірі қаржы және орман иесі , сондықтанда
қаржы ақсүйектерінің нығаюына мүдделі болды, осы орайда француз банк
иелерімен және ірі капиталистермен жақындасуға барды.
Кароль Луи Филипп билігі Франциядағы көптеген саяси күштердің көңіліне
жақпады. Карольге бұрынғы құлаған Бурбондар әулетін жақтаушыларменде,
Легитимистер мен де, Бонапарттықтармен де империя құруды жақтаушылармен
және республикашылдармен де күрес жүргізуіне тура келді.
Шілде монархиясы саыртқы және ішкі саясаты- бұл тәртіпке қарсылардың
қатарына қалың бұхара топтарының жұмысшылар , шаруалар Буржуазияның бір
бөлігінің топтасуые-на әкелді. 40 жылдардың ортасынан бастап дағдарысты
жағдай өрби түсті. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды.
Шілде монархиясының қарсыластары сайлау заңдарын өзгерту үшін бірікті.
1847ж жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. Отырыстарда саяси
және әлеуметтік өзгерістер жөніндегі талаптар тілек ретінде айтылып жатты.
1848ж 22-ақпанында сайлау жүйесін жақтаушылардың кезекті отырысы өтуге
тиіс болатын өкіметтің бұл отырсты өткізуге тиым салуы ашу туғызып
наразылық шеруін шығарды. 22-ақпанда мыңдаған париждіктер алаңға шықты.
Алғашқы баррикадалар құрыла бастады. Оқиға барысынан қорыққан Луи
Филипп өкіметті отставкаға жіберседе толқулар толастамады. Парижде бір түні
шінде мың жарымдай баррикада құрылды. 24-ақпанда астанадағы барлық маңызды
орындар көтерілісшілердің қолында болды. Луи Филипп тақтан бас тартты.
1848 жыл 25-ақпанында Францияда екінші республика жарияланып, Уақытша
өкімет құрылды.
Германия 1871 жьшы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші
император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко-
Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі
Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша
Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк
төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ықпал жасады.
Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшьшығы
пайда бодды.

Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның
экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды.
Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге
асты. Германияның бірігуі юнкерлік жолмен жүзеге асты. Германияда
Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя құрылды. Ол үшін 1871
жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның
біріккендігін бекітті. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта
біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдандырды. Конституция
бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын
бюрократиялық құрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге
айналдырды. Германия империясының құрамына 22 монархиялық қалалар кірді.
Олардың ішінде 6 ұлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны
императордың наместнигі басқарды.
Германия империясының мемлекеттері өз монархтарын сақтады. Өздерінің
конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе
қалдырған жоқ. Негізгі империялық мәселелер: сауда, монеттік жүйе, соғыс,
қару-жарақ тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды.
Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде
Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша
заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстатқа берілді.
Мемлекеттік занды Одақтар советі бекітті. Одақ советінің төрағасы
империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция
қалыптастырған Германиядағы мемлекеттік құрылыс полицейлік бюрократиялық
прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл
конституция бойынша Европа елдеріндегі сияқты неміс буржуазиясы үкімет
басында тұрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі
юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр. Германияның империясы
әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің соңында жүрді.
Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия
керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине
Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп
болды. Ол қайшылықтар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия
белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін қорғады. Конституция барысында
жасалған блок мықты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты
юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы
болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ө) империялык консерва
торлар. Империялық консерваторлар негізі өнер кәсіптілер. Олар еркін дамуды
қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: ұлттық либералдық партия. Бұлар ірі
өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде құрылды. Үшінші топ: солшыл либералдьщ
партия — бұл орта және ұсақ қала буржуазиясының мақсатын қолдады. Төртінші
— кaтоликтік, бұл әлеуметтік жағынан алғанда орта және ұсақ шаруалардың
мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекеттердің ("Земли") құқығын кеңейту
үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал-
демократиялықпартия— жұмысшылар партиясы болды.
XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл
жерінде жұмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он
жындың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар
жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX
ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа
салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі
сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда
өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель
бодды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Германияда банкілердің
шоғырлану процесі тез жүрді. Елде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал
салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарған капиталы 15
миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның бұл сияқгы
тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп
төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудаңдары
көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық
дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғыска дайындалды. Ірі
өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтідді. 1871-95
жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900
жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент
өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сақтадды. Граф Арнимдер 71 мың
гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша
реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді.
Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы қылмыстық кодекс
енгізілді. 1874 жылы почта, телеграф катынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз
туралы заң қабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік
партиялар қарсы шықты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы.
Авсрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты, құрақ мемлекет
болды. Оның 34 миллионнан астам халқының тең жартысынан көбі словяндар
(чехтар, словактар, поляктар, хорваттар, сертер, украйындықтар) болатын.
Венгрлер(мадьярлар) 5 миллионға жуық деп саналған, итальяндар жуық деп
валахтар да сол шамалас болған.
Букіл империяда көптеген феодалдық тәртіп сақталды, ал Австрия мен
Чехияда капиталистік өнернәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп
болды. Өнеркәсібәі жағынан Чехия империялық ең алдыңғы қатарлы бөлігінен
орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясын авсриялық ірі капиталистерге
тәуелді болды.
Авсриялық чиновниктер итальян провинцияларының түрғын халықтарына аяусыз
қысым жосады.
Австрия империясының ерекше белгісі- феодалдық және капиталистік езгіні
ұлттық езгімен қатар жүргізу.Халық біқарасының көпшілгін шаруалар еді.
Оларды бас бостандығы бар ерікті адамдар деп санады, бірақ қай жерде болса
да помещиктерге тәуелді болды, олардың пайдасына міндеткерліктерін өтеді,
оброк төледі.
Италиядағы Авсриялық иеліктер сияқты, 1848-1849 ж ж. Реовлюция Италия
мемлекеттерін де қамтыды. Оның себептері көп жағынан Германияны революцияға
жеткізген себептермен ұқсас болды. Италияндық революцияляқ қозгалыстағы
демократиялық оғының тірлігі қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ буржузияшыл
интеллигенция болды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алу, елду саяси біріктіру –
Италия революциясының басты мәселесі болды. Сонымен тығыз байланысты
абсалютизмді және бүкіл феодалдық тәртіпті жою міндеті алда тұрды.
Италияда 1848-1849 жылдарда, басқа елдердегі сияқты, аяқталмаған,
жеңіліп қалған буржуазияның – демократиялық революция болды. Ол халық
бұқарасына өте зор революциялықтәжірибе берді және ұлтты біріктіру, елді
буржаузиялық қайта құру жалындағы революциялық – азат қозғалысты адан әрі
дамытуға серпіліс туғызды.
1848-1849 жылдардағы революциялар жеңіліп қалғанымен, нәтижесіз болған
жоқ. Олар жұмысшы бабына өте зор революциялық тәжірибе берді, үстем
таптарды жейбір реформалар жасауға мәжбүр етті. Революция қоғам дамуын алға
бастыруды тездете түсті.

5.1815-1918 ж.ж. Америка
1817-1819 жылдары құрама штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде
келіссөз бастайды. Келісе алмай генирал Джексон бастаған америкалық әскер
АҚШ-тың Оңтүстік шекарасынан өтіп Филориданы басып алды. 1835 жылы Техаста
көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерер болды. 1836 жылы Техас
тәуелсіз республика болып, 9 жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында
Техас құлиеленуші штат ретінде АҚШ құрамына кірді.
Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846-1848 жылдарындағы Мексика-Америка
соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің
жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың
Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексика және Юта штаттары.
1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартқа қол қойып, Канададағы ағылшын
иеліктері мен АҚШтың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде
Атлантикадын Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын.
Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар
Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай
аралдарын жаулап алды.
ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті
мәселе - құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі:
Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Медисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа
қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған
күнде де, құлдықты жоя алмады. Өйткені көптеген оңтүстіктік штаттар, егер
құлдық жойылатын болса, одақтан шығамыз деген талап қойған еді.
ХІХ ғасырдың басында Америкалық отарлар қоғамы құрылып, олар
негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап
солтүстік шаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды.
1860 жылға президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған
демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей
түсті.Демократиялық пратия жағынан кандидаттыққа құлиеленушілікті
жақтаушы Стефан Дугласты ұсынды. Ал республикалық пратия - адвокат және
публисцист Аврам Линкольнді ұсынады. Ол құлдыққа қарсы болғанымен,
Браунның көтерілісі сияқты қадамдар мәселенің шешілуін қиындата
түсетіндігін түсінді. Линкольн құлдықтың Батсқа жайылуын тоқтату қажет
деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел
өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линколннің мемлекет
басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШтан бөлінуге итермеледі. Ең алғашқы
әскери қақтығыс 1861 жылдың 12 сәуірінде өтті. Оңтүстік әскері
зеңбіректерден оқ жаудырып, федералды әскер тұрған Самтер қамалын басып
алды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихты оқыту әдістемесі
Оқушыларға сабақ беру үрдісінде электрондық оқулықтарды пайдалану арқылы география, экология, экономика білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу
«Этнология» пәнінен дәрістер
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні. Лекция сабақтары
Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясы мүше
Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы
Волейболдың даму тарихы
Қазақстан-Германия қарым-қатынастары
Пәндер