Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Қазақстанда кәсіпкерлік жөнінде 90-жылдардың басында, қайта құрудың
басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, комсомолдық
кәсіпкерлік басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол
жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылыми-техникалық орталықтары негізінде
кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның
үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны
төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқанда, бастапқы
капитал жинай алды, себебі несие ақша қымбат алынып, арзан қайтарылды.
Кәсіпкерлік қызметін бұрынғы Кеңес Одағы кезінде 1987 жылы қабылданған
СССР азаматтарының жеке еңбек қызметі туралы заңы алғаш рет
ресмилендірді. 1988 жылы Кооперация туралы заң қабылданды. Кооперативтер
мен серіктестіктердің жаппай құрылуы басталды. Дегенмен нарықтық
инфрақұрылымның болмауына байланысты кооперативтердің аз бөлігі ғана
аяғынан тұрып кете алды. Кейінірек 1988-1991 жылдары жалға беру, бірлескен
кәсіпорындар мен банк қызметі туралы заңдар экономикалық жағдайды біршама
ырықтандырды. Тұтастай алғанда, негізгі меншік мемлекеттікі болып қала
бергенімен, жалға беру түріндегі аздаған босаңсулар біршама дәрежеде
кәсіпкерлік белсенділікке жағдай жасады.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін
кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға байланысты бірқатар заңдар қабылданды.
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуына Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы мен
шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы (1991), Жеке кәсіпкерлікті қолдау
және қорғау туралы (1992) заңы сияқты заңдар түрткі болды. 1994 жылдың
басында-ақ жеке кәсіпорындар саны 15,7 мыңды құрады және жалпы жұмыспен
қамтылғандар саны 164 мыңға жетті. 01.10.1998 ж. Шағын кәсіпкерліктің
субьектілер саны 307 мыңды құрады, оларда 1,2 миллион адам жұмыспен
қамтылды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі үш саласының ішінен бірінші орынға
өндіріс те емес, тұтынушылар мен тауар өндірушілер арасындағы делдалдық та
емес, сауда шықты.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 –
наурыздағы №3398 Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік
қолдауды күшейту шаралары туралы және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 Жеке
және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау
туралы жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа
орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган
ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті
қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
Экономиканы тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын қалыптастырудың
басты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып табылады. Жалпы
кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы қажет:
➢ Кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен
құқығы болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау,
өндірістік, сауда бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау,
өнімдерді тасымалдау, өнімге баға белгілеу, табысты өз мұқтажына
жұмсау;
➢ Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге
деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерліктің де
болмағаны;
➢ Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге
бағдар ұстауы, экономикада қажетті нарықтық құрылым орнатумен
байланысты. Яғни кәсіпкерлік дамуы үшін оның құқықтық базасы,
әлеуметтік-экономикалық шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін кәсіпкерлік
меншіктің әр түрлі формада, түрде, типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік – қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағы да белгілі
стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ: үлкен бастама, дәстүрден тыс
шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, іскерлік қызметтің орын алар жері, ең
алдымен кәсіпорын.

Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол
кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған
болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың
бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы
арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып
кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен
айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы
Екісекторлық құқық теориясын шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға
әкімшілік – шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын
ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория
қате болып саналды.
ХХ ғ –ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық
тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың
пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық
құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық
жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды
көздейді.
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір –
сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік
құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары
шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды.
Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің
саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын
норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және
азаматтық.
Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды
реттейді.Сондықтан мұндай қатынас тігінен тұрғызылады. Ал азаматтық құқық
мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды көлденен тұрғызады. Осы
салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз :
Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда
азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен
қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ 23,51 статьясында жеке
кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады.
Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану
арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын
кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші
арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен
реттеледі.
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік – құқықтық әдісімен
реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады,
тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік
келісім-шарт арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру,
кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.
Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов,
И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және
шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы
салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас
коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын
бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет пен
нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін
емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің Дуалистік
тұжырымдамасын шығарды. Дуализм сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар
өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы
мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.
ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі Р.Ф. Шерменевич “тауар құқығы”
пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар
құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық
айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп
таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп
қарастырды.
Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы
тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің,
қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.
Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты
реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде
қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып
анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа
қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік
құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды.
Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды да жатқызуға
болады; олар : экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық
–эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып,
қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек
бөлімшелерден тұрады. Олар : қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.
Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады,
ол бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол өз ішінде бір сала болып
табылады. Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін
қарастырады.Оған көрсітілген қызмет қаржылық қорытынды шығару.
Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер
қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ – ғы кәсіпкерлік құқық
бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік
құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.
1. Нарықтық шаруашылық жүйесі.
2. Осы жүйені объективті түрде реттеу.
Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми –
теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз
бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.
1. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қордын даму кезеңдері мен қызметтері
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті дамытудың жолдары
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Кәсіпкерліктің маңызы және қызметтері
Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті басқару және дамыту
Қазақстандағы шағын бизнес Бағдарламасы шеңберінде серіктес банктерде
Шағын кәсіпкерлікті басқару
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Пәндер